Дала жарысы. Ойлы-?ырлы жерлермен ж?ру мен ж?гіру. – физкультура, уроки

Дала жарысы.  Ойлы-?ырлы жерлермен  ж?ру мен  ж?гіру. - физкультура, уроки Реферат

Дала жарысы. ойлы-?ырлы жерлермен ж?ру мен ж?гіру. – физкультура, уроки

I.

Дайынды? б?лім.

.Сап?а т?ру. Рапорт. С?лемдесу.

– Т?зел! Тік т?р!

– О??а, сол?а, кері айнал!

– Саба?ты? та?ырыбын айтып ма?сатымен таныстыру

– Ала?ды айналып ж?ру

2мин.

Спортты? кимдеріне к??іл б?лу

Д?рыс б?рылуын ?ада?алау

2. Ж?ру ба?ытында орындалатын жатты?улар:

а)?ол жо?ары,ая?ты? ?шымен ж?ру.

?) ?ол белде,?кшемен ж?ру.

б ?ол белде, ішкі, сырт?ы ?ырымен ж?ру.

в) ?ол желкеде,жартылай отырып ж?ру.

г) Спортты? ж?ріс

3мин

Б?йры?ты?  д?рыс орындалуын ?ада?алау.Сол ая?пен бастау.Ара?ашы?ты?ты са?тау.?олды б?кпеу, денені тік ?стау, басты к?теру.

3.Ж?гіру ба?ытында орындалатын жатты?улар:

Тізені жо?ары к?теріп ж?гіру.

?кшені жамбас?а ла?тыра ж?гіру.

Ая?ты? басын ал?а сілтей ж?гіру.

Артпен ж?гіру.

Жылан т?різді ж?гіру.

Ж?й ж?гіру

Спортты? ж?гіріс.

Тыныс алу жатты?улары

3мин

Ара ?ашы?ты?ты са?тау. Ала?ан?а тізені тигізу, кеудені тік ?стау, ?ол бел т?ста.Ала?ды толы? пайдалану. Еркін ж?гіру.Тынысты ?алып?а келтіру.

4. Жалпы дамытатын жатты?улар.

1.Б.?. ?ол белде, о??а,сол?а басты айналдыру.

2.Б.?. ?ол иы?та,ал?а,арт?а айналдыру.

3.Б.?.о? ?ол жо?ары, сол ?ол т?мен,о? ?олды, сол ?олды керу.

4.Б.?. ?ол б?гулі кеуде т?ста, б?гулі,т?зу  к?йінде арт?а керу.

5.Б.?.?ол алда т?зу, ішке, сырт?а  ?арай шынта?тан айналдыру.

 6.Б.?. ?ол кеуде т?сында ?ылып,?олды? басын ?з бетінше о??а, сол?а айналдыру.

7.Б.?. о? ?ол жо?ары, сол ?ол белде, о??а, сол?а жантаю.

7мин

3-4рет

3-4рет

3-4рет

3-4рет

3-4рет

3-4рет

3-4рет

Ара?ашы?ты?ты са?тау, тепе-те?дік са?тау,к?зді ж?мбау, толы? айналдыру.

?олды б?кпеу, барынша арт?а керу, шынта?ты б?кпеу иы? к?лемінде ?стау. Толы? айналдыру ?олды т?мен т?сірмеу.

О??а,сол?а білезік с?йекті айналдыру.

Денені тік ?стау, барынша денені б?ру.

II.

Негізгі б?лім.

Дала жарысы дегеніміз – таби?и ойлы-?ырлы жерлермен ж?гіру. Ж?гіргенде мыналар есте болу керек: ш?бі жо? тегіс жерлермен(со?па?тармен, жолдармен) ж?гіргенде, ?ткенде аитыл?андай т?сілдермен ж?гіру керек. ?атты жерде, мысалы, асфальт жолда ж?гірумен к?п айналыс?анда, сира? еттеріні? ауыр?аны білінеді. ?атты жолдарда ж?гіру жалпа? табанды балалар ?шін ?иын. Сол себепті ж?гіруді? к?п б?лігін онша ?атты емес жерде ?ткізу керек. Б?лшы? еттер мен буындар?а арты? к?ш т?ссе, м?ны? ?зі елеулі ауыру?а себепші болады. ?ашы?ты?та кездесетін т?рлі таби?и кедергілерден ?терде ерекше м??ияттылы? ?ажет. Ая? жерге с?тсіз тисе, тізе буындарыны?, тобы?ты? за?ымдануы немесе ?зге де жара?аттар алып ?алуы м?мкін.

?алы? ш?п ?скен жермен ж?гіргенде, ая?ты ш???ыр?а, тесікке ты?ып алмас ?шін ал?а м??ият ?арау керек. Денені? т?ра?ты ?алпын са?тау ?шін ая?ты ?кшеден басып ?шына ?арай аудару керек. ?алай бол?анда да ая?ты жерге «тырпылдатып» баспай, ж?мса? басу керек.                                                                      

25мин.

Жатты?уды? д?рыс орындалуын ?ада?алау

Д?рыс ж?гіруін ?ада?алау

III.

?орытынды б?лім.

– Сап?а т?р?ызу.

– Саба?ты ?ортындылау.

– Жа?сы ?атыс?ан о?ушыларды ?те жа?сы деген ба?амен мада?тап  ба?алау.

– О?ушыларды? тыныс алуын ?алпына келтіру

– ?йге тапсырма беру.

5мин

Сап?а д?рыс т?руын, тыныс алу жатты?уларын д?рыс жасауды ?ада?алау

Саба? барысында жіберілген ?ателерді айту,т?зеу.

Спорт негізі және қолданбалы дайындық пәнінің негізгі түсініктері

Дала жарысы.  Ойлы-?ырлы жерлермен  ж?ру мен  ж?гіру. - физкультура, уроки

Спорт – сайыстық, бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет. Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық , ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету кіреді.

Жарыс – адам мүмкіндіктерін және этикалық өзара қарым-қатынастарын білудің қозғаушы күштері, сонымен бірге адамдар арасындағы немесе адамдар топтарымен қарым-қатынас түрі.

Жарыстық қызметтің соңғы нәтижесі спорттағы көрсеткіштердің сапалық деңгейімен немесе сонымен сипатталатын спорттық жетістікке жету болып табылады.

Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.

Спорттық қозғалыс – бұл жалпыкөпшілік, бұқаралық спорт және жоғары нәтижелер спорты аясындағы спорттық тәжірибе, әлеуметтік ағым.

Ойындық әдісіспорттық жаттығу барысында тек алғашқы қозғалысты үйретіп, немесе жекелеген қабілеттерге таңдап әсер етіп қоймай сонымен бірге күрделіленген жағдайда қозғалыси әрекетін кешенді жетілдіру үшін қызмет етеді. Ол әбжілдік, зеректік, шапшаң бағдарлау, дербестік, бастамашылдық сияқты қабілеттерімен дене сапаларын дамытуға көп шамада мүмкіндік туғызады

Жарыстық әдісарнайы ұйымдастырылған жарыстық қызметті мөлшерлейді. Бұл жағдайда жарыстық әдіс жаттығу барысының әсерлігін арттырудың ұтымды әдісі ретінде сипатталады.

Таңдаған жарыстық жаттығулар – бұл таңдап алған спорт түрі бойынша мүмкіндігінше сайыс ережесіне сәйкес орындалатын және спорттық күресті жүргізу құралы болып табылады.

Спорттық бап – жарыстық іс-әрекетте спорттық, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық дайындалғандықты оның бір уақытта іске асыру қабілетін сипаттайтын дайындалғандықтың жоғарғы дәрежесі

Спорттық жаттығу құралдары – белсенді қозғалыс қызметін сипаттайтын спорт түрлеріндегі спорттық жаттығулардың негізгі ерекше құралдары дене жаттығулары болып табылады.

Жаттыққандық жүйелі дене жаттығулары нәтижесінде пайда болатын және адамның дұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын ағзаның талап етілетін жаттығу жүктемелеріне қызметттік бейімделу дәрежесімен сипатталады.

Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.

Спорт дене мәдениетінің құрамдас бөлігінің бірі болғанымен, ол оның аясынан шығып, белгілі дербестікте болады.

Біздің елімізде және бүкіл әлемде спорттық қозғалыс тәртіп бойынша жалпы көпшілік спорт тәжірибесін (практикасын) қамтиды. Балалар, жас жеткеншектер, жасөспірімдер және ересектердің миллиондаған саны спортпен шұғылданып, өзінің денсаулығын нығайтады, адамдармен сұқпаттасып қуанышқа бөленеді, таңдаған спорт мамандығында өзін жетілдіреді, өзінің дененің шарықтаған шегін (кондиция), жалпы төзімділігін арттырады және өз мүмкіндігіне сәйкес спорттық нәтижелерге жетеді.

Рефераты:  Целевое назначение и разрешенное использование земельного участка Акты, образцы, формы, договоры Консультант Плюс

Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорттық қызметке жеке тұлға және қоғамның нақтылы қажеттілігін қанағаттандыру және дамыту, адамға және адамдар арасындағы қатынасқа объективті тән әсер ету қасиеті жатады.

Спорттың қызметін шартты түрде спецификалық (ерекше болмыс құбылысы ретінде тек өзіне тән) және жалпыға бөлеміз. Біріншісіне, жарыстық-мөлшерлік өлшеу (эталондық) және эвристикалық-нәтижелілік қызметі. Екіншісіне, қазіргі уақытта әлеуметтік-қоғамдық мәні бар қызметтерді, яғни жеке тұлғалық бағытты тәрбие, үйрету және дамыту қызметін қосады; сауықтыру-рекрлациялық қызмет; жеке тұлғаның әлеуметтік интеграциясы және социолизациясы; коммуникативтік және экономикалық қызметі.

Дала жарысы.  Ойлы-?ырлы жерлермен  ж?ру мен  ж?гіру. - физкультура, уроки

Жарыстық-әталондық қызметі. Жеңіске спорттың негізгі спецификасын немесе жеке өзіндік жоспарда жоғары спорттық нәтижеге жету немесе жарыста орын алуға бағдарланған сайыстар барысында нақтылы адам мүмкіндіктерін жүйелі салыстыру және әділ бағалаудың максимальды мәнін айқындаумен тұжырымдалатын меншікті жарыстық қызмет құрайды.

Спорттағы есепке алынып, белгіленген рекордтар мен жетістіктер спорттық дәреже талаптарын орындау жалпы адам мүмкіндіктерін және өзіне тән көрсеткіші қызметін атқарады, және кең танылымға ие болады. Техника эталонынан (өлшемінен) айырмасы “спорттық эталон” тарихта өзгеріссіз қалмайды, спортшының өзін жетілдіруіне, күшті жұмылдыруына бағыттап, ынталандырып, барлық уақытта алға озады. Спорттың эталондық қызметі жоғары жетістіктер спортында анық көрінеді, алайда белгілі шамада бүкіл спортқа, оның ішінде арнайы ұйымдастырылған жарыстар жүйесі арқылы жалпы көпшілік бұқаралық спортқа да тән.

Эвристикалық – табысқа жету қызметі. Спорт үшін адамға өз мүмкіндіктерін білуге жұмылдыратын шығармашылық ізденіс қызметі тән, яғни оны максимальды іске асыруда және арттыруда тиімді әдістерін іздеп табу. Бұл қызмет жоғары жетістіктер спортында барынша толық көрініс тапқан, өйткені жетістікке жету жолында дайындық жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа құралдарын жаттығу әдістерін, спорттық күресті жүргізудің жаңа әдістің және тәсілдің күрделі элементтері үлгісін шешімін іздеу қажет. Спортшы барлық уақытта шерберліктің жаңа деңгейіне көтерілу үшін жарыстарда өзінің мүмкіндіктерін толық жұмылдырып және көпжылдық дайындықтың әртүрлі сатыларында олардың барын тиімді пайдаланып, өз қабілеттерін жетілдіруі тиіс. Алып шығармашылық лабораториясы сияқты спорт адам жетістіктерінің шыңына таптаурын жол салады. Нобель силығының лауреаты Арчибальд Хиллдың “Физиологиялық мәліметтердің шоғырландырылған саны физиология кітабында емес, әлемдік спорттық рекордтарда”, – деген сөзі бұған дәлел.

Әлеуметтік – қоғамдық қызметіне бәрінен бұрын жекелік – бағытты тәрбие, оқытып үйрету және дамыту қызметтері жатады. Спорт тек дене және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қомайды, сонымен бірге ол адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық, интеллектуальдық (ақыл-ой) және еңбек тәрбисін береді. Спорттың өзіне тарту күші дене және психикалық күштердің көрінуіне жоғары талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей – бағытты тәрбиелеу үшін кең ауқымдағы мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік мүмкіндіктері өзінен-өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған тәрбиелік-бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады.

Спорт әлеуметтік-педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінің ықпалды құралы болып табылады, ал спорттық кәсіби-қолданбалы түрлерімен шұғылданудың арқасында еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.

Спорттың сауықтыру-рекреациялық қызметі адам ағзасының жағдайына және қызметтік мүмкіндіктеріне оңды әсер етуімен көрінеді. Әсіресе бұл балалар мен жасөспірімдер спортында анық көрінеді, яғни спортпен шұғылданудың дамып және қалыптасып келе жатқан ағзаға пайдалы әсеріне баға жетпейді. Дәл осы жаста денсаулықтың негізі қаланады, дене жаттығуларымен жүйелі шұғылданудың дағдылары үйлестіріледі, жеке және қоғамдық гигиена дағдылары қалыптасады. Спорт сонымен бірге жақсы көңіл күйдің көзі болып табылады, ол балалардың психикалық жағдайын түзейді, ақыл-ой шаршауын басуға мүмкіндік береді, бұлшық ет қуанышын сезіндіреді. Әсіресе балалардың гиподинамиясының кері құбылысын жою ісінде оның рөлі өте зор.

Елдің ересек тұрғындарымен жұмыс істеуде спортқа көп мән беріледі. Ол сауықтыру еңбек қызметіндегі және тұрмыстағы қозғалыс белсенділігінің тез азаюы тән ғылыми – техникалық прогрестің қолайсыз зардаптарынан қорғау құралы болып табылады. Спорт бос уақытын салауатты демалыспен және көңіл көтерулермен ұйымдастырудың таралған түрі.

Спорттың әсерлену және көріністік қызметі өнермен бірлестікте адамның дене және рухани сапалары үйлескен үндестікте көрінетін оның көп түрлері өзімен эстетикалық қасиеттерді ала жүреді. Әсіресе, бұл жоспарда олардың ішіндегі қызықтыратын тартымдысы күрделі қозғалыс үйлесімділігіндегі мына спорт түрлері: спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секіру және т.б. Адам денесінің сұлулығы, әдіс-тәсіл жағынан күрделі және мәнерлі дағдыланған қозғалыс, мерекелік көңіл күй – осылардың бәрі спорттың ақиқат табынушыларын қызықтырады. Спорт көпшілікке танылған ойын-сауық сияқты құбылыс ретінде әсерлілігімен және қабылдау өткірлігімен көпшілік адамдардың жеке және ұжымдық қызығушылық ынтасын қозғайтын, сонымен бірге “спорт тілінің” әрбір адамға іс жүзінде түсінікті жан-жақтылығымен сипатталады.


§

Дала жарысы.  Ойлы-?ырлы жерлермен  ж?ру мен  ж?гіру. - физкультура, уроки

Жалпы дене дайындығы– негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу. Сондай-ақ денсаулықты нығайтуға және оқу, еңбек қызметінде жұмыс қабілеттілігін сақтауға бағытталған. Осыған байланысты дене тәрбиесінің мазмұны күш, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік, икемділік және буындардағы қозғалысты белгілі дәрежеде дамытатын өмірлік қажетті қозғалыс дағдыларын игеруге бағытталған. Жалпы дене тәрбиесі қалыпты өмір сүру үшін кез келген кәсіптік және спорттық қызметке мамандану үшін адамдарға қажетті дене дайындығының міндетті деңгейін қамтиды. Ал бұл жағдайлар мектеп жасына дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі сабақтарында, жалпы дене шынықтыру секцияларында, денсаулық топтарында т.б. жүзеге асырылады.

Рефераты:  Состояние охраны окружающей среды в России. Реферат. Экология. 2012-01-27

Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы – бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әскери-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-қолданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.

Кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі адамдардың еңбек және әскери қызметіне қажетті дене дайындығының сипаты мен деңгейін қамтамасыз етуге арналған (бұл мағынада жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімінің арнаулы дайындығы, ғарышкерлердің арнаулы дене дайындығы және т.б. деп ұғу керек). Адамды таңдап алған мамандығына немесе әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің дайындығы деп атайды, ал мұндай дайындықтың нәтижесінде белгілі бір дәрежеде таңдап алған мамандығын игеруде және тиімді; еңбек етуге дене дайын болса, онда дененің арнайы қызметке дайын болғандығы деп білеміз. Дене дайындығы мен дененің шыныққандығы кәсіптік қызметтің нақты талаптарына байланысты болып келеді. Сондықтан да дене жаттығулары еңбек дағдыларын қалыптастыруға немесе болашақ еңбек қызметінің шарттарына сәйкес келетіндей етіп алынады. Адамды еңбек етуге дайындауға дене тәрбиесін пайдалану мүмкіндігі еңбек пен дене тәрбиесінің алдына қоятын талаптардың ұқсастығы негіз болған.

Кәсіптік бағыты бар дене тәрбиесі, адамның таңдап алған мамандығын ойдағыдай меңгеруге және осы салада жоғарғы шеберлікке жетуге, сонымен бірге әскер қатарында қызмет етуге дайындық қабілетін дамытуға, оның денсаулығын жақсарту арқылы еңбек кызметіне дайындауға көмектеседі.

Спорттық дайындық адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қызметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттырып дағдыландыру. Сондай-ақ дене тәрбиесі жаттығуларын таңдап алған спорт түрінен мамандарға және одан ең жоғарғы нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді. Спорттың белгілі бір түрінен жоғары табысқа жетуге бағытталған дене тәрбиесін спорттық жаттықтыру деп атайды. Спорттық жаттықтырумен бірге спорттан бағыт-бағдар беру, іріктеу жүргізу, спорт саласынан теориялық білім беру процесі спорттық дайындық деген ұғымды білдіреді. Спорттық жаттығу барысында таңдап алған спорт түрінен жоғары табыстарға жету үшін әр түрлі тәсілдермен спортшының денсаулығын нығайтып, тұлғасының қызмет ету мүмкіндігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет. Осындай жағдайда, спорттық жаттықтыру процесі де, шынықтыру дайындығы да мамандандырылған сипатқа ие болады, себебі олардың мақсат, мазмұныспорттың нақты бір түрінің талаптарымен байланысады.

Дала жарысы.  Ойлы-?ырлы жерлермен  ж?ру мен  ж?гіру. - физкультура, уроки

Жоғарыдағы талқыланған үш бағыт жалпы дене тәрбиесі жүйесінің алдына қойылған міндеттер мен қағидаларға тәуелді. Кейбір жағдайларда, әрбір бағыттың| жекелеген міндеттерді шешуде айырмашылықтары болуы мүмкін. Мысалы, спорттық жаттығу кезеңінде шыңдалатын спорттық шеберлік, адамда еңбек және әскери қызметке деген дайындықты, сауықтыру, білімділік пен тәрбиелік міндеттерді қоса шешеді.

Дене тәрбиесінің практикасында осы аталған үш бағыт бір-бірімен тығыз байланысып кетеді. Оған мына жағдай дәлел болмақ: жоғары оқу орнында оқып жүрген студент, жалпы білім беретін орта мектепте дене тарбиесінен тәлім-тәрбие алатындығы сөзсіз, осыған қосымша ЖОО қабырғасында кәсіптік бағыттағы дене| тәрбиесі курсын тәмәмдап, спорттық дайындықпен айналысуы да мүмкін.


§

Дала жарысы.  Ойлы-?ырлы жерлермен  ж?ру мен  ж?гіру. - физкультура, уроки

Дене дайындығы – спортшының ағзалық қызмет мүмкіндіктерін арттыру жолдары. Спорттық машықтану ілімі мен тәжірибесінде дене дайындығын жан-жақты шыңдау, дененің қимыл қабілеттерін тәрбиелеумен анықталады.

Дененің қимыл қабілеттері деп – адамның қимыл мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз. Дененің қимыл қабілеттері дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі ғылымында дене қасиеттері деп анықталады. Олар: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік. Спортшының дене қасиеттерін дамыту ойын тәсілін жетілдіруге тура әсер етеді.

Дене дайындығы мақсаты – ағзаның қимыл мүмкіндіктері мен дене қасиеттерін жан-жақты дамытып, денсаулықты жақсарту мен нығайту.

Дене дайындығы міндеттері – дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінен (білім, тәрбие, сауықтыру) туындап, спорт түрінің ерекшеліктеріне сай анықталады.

Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі. Спорттық мамандану спортшының жан-жақты дамуын жоққа шығармайды. Онда таңдаған спорт түрінде барынша елеулі алға басушылық спортшының дене және рухани қбілеттерінің жан-жақты дамуы ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы көтерілуі негізінде ғана мүмкін болады.

Спорттық жетілдірудің объективті заңдылықтары спорттық жаттығу терең мамандану жүйесі бола тұрып, бір мезгілде спортшы жан-жақты дамыту құралы да болады. Осыған сәйкес спорттық жаттығуда жалпы және арнайы дайындық үзіліссіз үйлеседі. Спортшының жалпы және арнайы дайындық бірлігі бұлардың екеуін де спорттық нәтижеге және дене тәрбиесінің құралы ретінде соңғы мақсатқа пайдалануға зиян келтірмеу үшін жаттығудан алып тастауға болмайды. Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі олардың мазмұндарының өзара тәуелділігімен қортындыланады: жалпы дене дайындығының мазмұны таңдаған спорт түрінің ерекшеліктері есепке алынып анықталады, ал арнайы дайындықтың мазмұны жалпы дайындықтың жасаған алғы шарттарына тәуелді.

Кесте – 1. Дене дайындығы түрлері

     
 
Дене дайындығы – спортшының ағзалық қызмет мүмкіндіктерін арттыру жолдары.
Дене дайындығы мақсаты – ағзаның қимыл мүмкіндіктері мен дене қасиеттерін жан-жақты дамытып, денсаулықты жақсарту мен нығайту
 
 
  
Жалпы дене дайындығы – баскетболшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту, дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру.
 
 
Арнайы дене дайындығыбаскетболшыларға тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған және ойынның әдіс-тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады.
 
Рефераты:  Реферат на тему: Развитие выносливости

Жалпы дене дайындығы – спортшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту, дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру.

Бұл міндеттерді шешу үшін әртүрлі дене дамыту жаттығулары қолданылады.

Жаттығушы ағзасында дене қасиеттері жеке дами алмайды. Олардың әрқайсының даму денгейі келесінің, ал келесі өз кезегінде одан кейінгінің даму денгейіне байланысты болады. Мысалы, жылдамдықты арттыру жүгерумен дамытылса, ондағы күш алу бұлшық еттің қызметіне тәуелді. Ал орнынан ұзындыққа секіруде ептілікті дамыту мақсатталса, бастапқы екпін алу әдісі күштілік қасиетіне тәуелді.

Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді. Спортшыға қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрынан бар қасиеттер негізінде қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса, ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады. Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақталады.

Дала жарысы.  Ойлы-?ырлы жерлермен  ж?ру мен  ж?гіру. - физкультура, уроки

Жалпы дайындық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.

Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары).

Жалпы дайындық жаттығуларының маңызы көптеген спорт түрлерінде, әсіресе өсіп келе жатқан спортшылардың жаттығуында жиі бағалана бермейді. Жекелеген мамандар көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде арнайы дайындық көлемін тез арттырады және жалпы дайындық көлемін қысқартып, жас спортшылардың жаттығуын жеделдетуге әкеледі.

Жалпы дамыту жаттығуларының нәтижелерді көтеруге әсері жанама түрде болып табылады, мамандандырылған құрал (жарыстық және арнайы дайындық жаттығулары), бірінші жағынан, нәтижені арттыруға барынша тікелей әсер етеді. Басқа жағынан, жеткілікті емес дәрежеде нәтиженің артуы, немесе жоғары нәтижелер сатысында олардың өсуінің тоқтауы, сонымен бірге спортшының артық жарақаттануы жаттығуда, әсіресе жаттығуды жаңадан бастаған кезде жалпы дене дайындығы жаттығуларының жеткіліксіз көлемде берілуіне байланысты болады.

Дегенмен, жалпы дамыту жаттығулары, сонымен бірге, спорттық маманданудың ерекшеліктерін көрсетуі тиіс екенін есте ұстаған дұрыс. Әртүрлі дене жаттығуларының арасында әртүрлі дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының оңды және теріс “тасымалдау” заңдылықтарына себепші болған оңды және теріс қарым-қатынас болуы мүмкін.

Осы бір себептің өзімен жалпы дене дайындығының құралы әртүрлі спорттық пәндерге бірдей болуы мүмкін емес. Кейбір ұқсастықтармен қатар бұл құралдардың құрамының әрбір нақтылы жағдайда өзінің ерекшелігі болуы тиіс. Бұған жаттығу жүйесі құрылымында орын алатын оларды таңдап, іріктеу кіреді.

Жалпы дайындық жаттығуларын жаттығу жүйесіне ендіру әдетте оның жалпы әсерлілігіне мүмкіндік туғызады.

Жалпы дене дайындығының шамадан тыс машықтанудың алдын алуда және ұзаққа созылған арнайы машықтануларда сабаққа деген қызығушылықтың жоғалуына жол бермеуде ЖДД тиімді амал болып есептелетінін есте сақтаудың маңызы зор. Баскетболдың арнайы жаттығуларынан құрылымы мен сипаты жағынан дене жаттығуларының уақтылы ауысып отыруы жүйке жүйесіне игі әсер етеді, жоғалтқан күшті тез арада және толық қайта қалпына келтіруге көмектеседі, сондықтан да қарқындылығы мен көлемі жағынан ауыр келетін машықтану және жарыс жүктемелері жеңіл мүмкіндік береді, ал ондай жүктемелерсіз бүгінгі күндері жоғары спорттық шеберлікке қол жеткізу мүмкін емес.

Арнайы дене дайындығыбаскетболшыларға тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған және ойынның әдіс-тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады.

Арнайы дайындық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады.

Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді.

Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы шешуші деңгейде таңдаған спорттық пәннің ерекшелігімен анықталады. Жаттығулар спортшыға қажетті дене қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруды жетілдіруге көбірек бағытталған бөліктермен әсер етуді қамтамасыз ету есепке алынып іріктеліп алынады және құрастырылады.

Көптеген арнайы дайындық жаттығуларының ішінде нақтылы қойылған міндетті шешу үшін жаттықтырушы тек қана жаттығуларды теріп алуы ғана емес, сонымен бірге бөліктерден, элементтерден, қозғалыс тізбегінен жаңаны жасай білуі тиіс. Бұл үйлесімділігі, күш салуы, сипаты, амплитудасы, жағынан басқа да ерекшеліктерімен жарыстық жаттығулармен ұқсас жаттығу болуы мүмкін. Алайда, барлық жаттығу құралдары шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп іріктеліп алынуы тиіс. Олардың біреулері спортшының бұрыннан күшті жағын одан әрі жақсартуы тиіс, ал басқа құралдары жекелеген артта қалған әдістік әрекетті немесе дене сапаларын көтеруі тиіс.

Бақылау сұрақтары

1. Пәннің негізгі ұғымдары мен әлеуметтік қызметі

2. Дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары

3. Қолданбалы дене дайындығы негізі

4. Жалпы және арнай дайындық мазмұны

Әдебиеттер тізімі:

1. Л.П.Матвеев. Теория и методика физической культуры. М. ФиС. 1991г.

2. Э. Тлеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі». Шымкент 2003.

3. Т. Базартегі. С. Тайжанов «Дене тәрбиесі» Алматы, Атамұра 2001ж

4. С. Тайжанов А. Кулназаров. «Дене тәрбиесі» » Алматы, Атамұра 2002ж.

5. Ю. Тлеуғалиев . «Дене тәрбиесі» » Алматы, Атамұра 2002ж


Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий