Педагогикалық шеберлік.Педагогикалық мәдениеттің компоненттері

Педагогикалық шеберлік.Педагогикалық мәдениеттің компоненттері Реферат
Содержание
  1. Педагогикалық шеберлік
  2. . Қарым қатынасты моделдеу
  3. . Тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру
  4. . Қарым қатынасты меңгеру
  5. . Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау
  6. . Педагогикалық шеберлiк
  7. . Педагогикалық біліктілік, іс-әрекет және оның тәрбиедегі мәні
  8. . Педагогикалық біліктіліктің элементі – педагогикалық техника.
  9. . Оқытушының жеке тұлғалық және кәсіптік ерекшелігі, оқытушының педагогикалық қабілеті, қалыптасу кезеңдері мен жолдары
  10. . Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
  11. Курстың мазмұны:
  12. . Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
  13. . Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.
  14. . Педагогикалық қарым-қатынастық іскерлігінің қалыптасу шарты мен құрылымы.
  15. . Педагогикалық қарым-қатынастағы кикілжіңдер
  16. Педагогикалық шеберлік компоненттері
  17. Аудиторияға ықпал ету ерекшеліктері
  18. Педагогтың сыртқы келбет мәдениеті
  19. Педагогикалық шеберлік ерекшеліктері
  20. Педагогикалық қарым-қатынас руханилықты қалыптастырудың факторы ретінде.
  21. Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
  22. Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру кезеңдері
  23. Педагогикалық шеберлік.педагогикалық мәдениеттің компоненттері

Педагогикалық шеберлік

Курсының мақсаты:

Болашақ педагог-психолог студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің,

өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін

қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттің өз бойындағы осы жұмысқа

бейімділігін, қызығушылығын байқату, әрі қарай шығармашылықпен

іскерлік қабілетін дамытуға әрекет жасау.


Курстың міндеттері:

– мұғалімнің жеке тұлғалық ерекшелігін, мұғалім бойындағы ізгі

адамгершілік қасиеттерін таныстыру, еліктету;

– мұғалім мамандығына қызығушылығын арттырып, оған деген

бейімділігін күрделі істерге жалғастыру;

– мұғалімнің білім беруді, мектепті, тәрбие жұмыстарын басқару

шеберлігін, іскерлігін байқату, қызықтыру;

– мұғалім еңбегінің қиыншылықтары мен жетістіктеріне байланысты,

оқушы мен мұғалім, мұғалім мен ата-ана, мұғалім-оқушы-басшы

арасындағы ынтымақтастық пен түсініспеушіліктің алдын алу

шараларын ұйымдастыру.

. Қарым қатынасты моделдеу


Қарым қатынасты

моделдеу

Бұл кезең алдағы сабақтың мазмұнымен және

әдістемелік компоненттерімен тығыз байланысты

болады. Әрбір топта қарым қатынас үрдісінің

өзгешелігі болады, сол топтағы сабақтың да

өтілуіне қарым қатынас әсер етеді. Сабаққа

әзірленудің белгілі үлгісі мынадай;

бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау,

оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу, бұған

қоса алдағы уақыттағы қарым қатынасты

ұйымдастыруды болжау, оның үстіне мұның

соңғы айтылған аспектісі қалған барлығына,

соның ішінде оқыту тәсілдеріне де ықпал етуі

мүмкін

. Тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру


Тікелей қарым қатынасты

ұйымдастыру

Топпен бастапқы байланыс жасау кезеңі тікелей қарым қатынасты

ұйымдастыру деп аталады. Тәжірибеде және жүргізілген зерттеулерде

қарым қатынастың бұл кезеңінің ерекше маңызды екендігі

аңғарылады. Қарым қатынас инициативасын табысты болған

жағдайда мұны шартты түрде “коммуникативттік шабуыл” деп атауға

болады.

• Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін және оны тәрбиелеуді

меңгеру ең алдымен қарым қатынасты ұйымдастыру арқылы жүзеге

асырылады.

. Қарым қатынасты меңгеру

• Мұнда педагог шартты түрде

педагогикалық байланысы бар

толып жатқан коммуникативті

міндеттерді шешеді. Қарым қатынас

барысында оқу тәрбие ақпаратын

нақтылаудың оны педагогикалық

үрдістің өзгермелі жағдайына

ыңғайлай білудің, білімгерлердің

дербес ерекшеліктерін ескерудің

айрықша маңызы бар

. Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау

• Педагогикалық қарым қатынастың

төртінші кезеңі жүзеге асырылған қарым

қатынасты талдау. Оқытушы қарым

қатынастың осал жақтарын да айқындай

білуге, білімгерлермен өзара әрекет

жасаудағы байланысына қаншалықты

қанағаттанғандығын талдап, ұжыммен

алдағы болатын қарым қатынас жүйесін

жоспарлауы тиіс.

• Педагог актер

• Арнайы жоспарлы

түрде тәрбиелік іс

әрекетті атқармайды.

• Өзі процеске тікелей

қатысады.

• Педагог режиссер

• Жалпы бір мақсатқа

жетуге жұмылдыра

алады.

• Өзі процеске тікелей

қатыспай басқарушы,

үйлестіруші, реттеуші

қызметін атқарады

. Педагогикалық шеберлiк

• ол мұғалiмнiң шығармашылығында, адамды

оқытып, тәрбиелеп дамыту өнерiн үнемi

жетiлдiруiнде көрiнiс табатын педагогикалық iсәрекеттiң ең жоғары деңгейi. Педагогикалық

шеберлiк– педагогикалық қызметтiң жоғары

деңгейде меңгерiлуi; педагогтiң оқушылардың

оқу-танымдық iс-әрекетiн пәрменді басқарып,

мақсаткерлiк педагогикалық әсер мен өзара

әрекеттестiктi жүзеге асыруына мүмкiндiк

беретiн арнаулы бiлiмдерiнiң, бiлiктерi мен

машықтарының, тұлғалық кәсiптiк маңызды

қасиеттерiнiң кешенi.

. Педагогикалық біліктілік, іс-әрекет және оның тәрбиедегі мәні


Педагогикалық біліктілік және оның әлеуметтік мәні. Кәсіби

білім біліктің фундаменті (негізгі іргетасы). Педагогтың кәсіптік

білімінің ерекшеліктері. Педагогикалық біліктілік және

педагогикалық іс-әрекет. Педагог-психологтың кәсіптік

педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Біліктілік –

педагогикалық іс-әрекеттің жоғары деңгейі. Педагогикалық ісәрекеттің деңгейлері: репродуктивті, адаптивті, локалдімоделдік іс-әрекет және мінез-құлық. Педагогикалық ісәрекеттегі актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтері.


Педагогикалық іс-әрекет индивидуалды шығармашылық

қабілеттерді іске асыру ретінде. Педагог пен актер –

аудиторияға тұлғалық ықпал етуді таратушылар. Педагогтарды

дайындаудағы К.С.Станиславскийдің театрлық жүйесінің

принциптері.


Педагогикалық біліктілікті іске асыру мен қалыптастыру

жолдары. Педагогикалық өзін-өзі тәрбиелеуі біліктіліктің

қажетті алғышарттары терінде.

. Педагогикалық біліктіліктің элементі – педагогикалық техника.

• Педагогикалық техника – педагогтың әрекетін

ұйымдастыру формасы, оның компоненті ретінде.


Педагог әрекетіндегі техника мәні. Жас педагогтың

педагогикалық техникасының кемшіліктері. Өзін-өзі

билеудегі педагогтың шеберлігі. Өзін-өзі реттеу

техникасының негіздері, өз психофизикалық күйін

басқару техникасы.


Сөйлеу техникасы: дем, дауыс, дикция.

• Ым, ишара (мимика), оның байланыс жасаудағы рөлі.

Педагогикалық этика, педагогикалық такт жайлы

түсінік. Әдеп (этика), педагогикалық әдептің сақталуы

оқушы мен мұғалім қарым-қатынас деңгейлерінің

жоғары көрсеткіші.

. Оқытушының жеке тұлғалық және кәсіптік ерекшелігі, оқытушының педагогикалық қабілеті, қалыптасу кезеңдері мен жолдары

• Оқытушының жеке басының тұлғалық қасиеті,

моральдық, адамгершілік сапасы. Педагогикалық

қабілеттердің ерте, дәл және кеш қалыптасу себептері.


Педагогикалық қабілеттің қалыптасу жолдары,

кезеңдері. Оқытушының студенттермен педагогикалық

этикаға сай қарым-қатынаста болуы, жауапкершілігі.

Н.В.Кузьминаның педагогикалық қабілет жайлы ойлары.

• Педагогтың сырт келбеті: киімі, коммуникацияның

вербалды емес құралдары. Мимика, байланыс

орнатудағы оның рөлі. Пантомимика, оның тәрбиеші

әрекетімен өзара байланысы. Қимылдың эмоционалдық

және бейнелілігі (мазмұны). Зиянды әдеттер.

. Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.

• Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында. Тіл және

сөз. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері

байланыс, баптау стереотилизациясы, эмоционалдық.


Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты,

мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл

табысу құралы. В.А.Сухамлинскийдің мұғалім сөзі мен

оның тиімділігіне деген талаптары туралы. Педагог

сөзінің тиімділігінің әлеуметтік-психологиялық

факторлары. Сөз мәдениеті, оның элементтері. Мұғалім

сөзінің логикасы. Сөздің лексикалық мәдениеті. Сөздің

грамматикалық дұрыстығы. Сөз сөйлеу құралдары. Сөз

сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.


Педагог сөзін ары қарай жетілдіру жолдары.

Курстың мазмұны:

Жаңа адамды қалыптастырудың көпқырлылығы мен күрделілігі қазіргі тәрбие

теориясы мен практикасы үшін педагогикалық біліктілік қажет. Педагогикалық

біліктілік бір жағынан педагогтың педагогикалық мәдениетінің маңызды компоненті

болса, екінші жағынан кәсіптік даму мен жетілдірудің алғы шарты болып табылады.


Педагог білім мен дағдының, қабілеттің тұтас комплексіне (жиынтығына) ие болған

жағдайда ғана маман бола алады. Педагогикалық процесс тұтастығымен және

жүйелілігімен сипатталып, барлық педагогикалық құралдар қзара байланыста болса

ғана тәрбие мен оқыту шындыққа айналады. Тәрбие, оқыту мен даму біртұтас болып

Рефераты:  Реферат по теме: Влажность воздуха - Реферат

біріккенде ғана шығармашылық, гармониялық жағынан дамыған тұлға қалыптасады.


Педагогикалық біліктілік-іс-әрекеттің барлық түрін тұлғаның әлеуметтік іс-әркетіндегі

қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыруға, жан-жақты дамуы мен

жетілуіне бағыттау мен белсенділігін арттырудағы мамандық шеберлік. Қазіргі педагог

икалық білім беру концепциясы болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін

дамыту, терең ғылыми кәсіптік-педагогикалық дайындыққа қол жеткізу үшін алғы

шарт жасауды қсынады.

«Педагогикалық шеберлік» курсының мазмұны «Педагогика және психология»

мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың жалпы педагогикалық жүйесіндегі

орталық модулдердің бірі ретінде оқытудың объектісі болып табылады.


Курсты оқыту студенттің ойлау іс-әрекеттің арттырудың түрлі әдістері: проблемалық

жағдай материалды баяндаудың диалогтық әдісі, және т.б. әдістері қолданылатын

лекция, семинар және лаборатория сабақтары арқылы жүзеге асады. СӨЖ формалары:

педагогикалық әдебиеттерді аннотациялау мен конспектілеу, педагогикалық сөздікті

енгізу, рецензиялау, педагогикалық сөздік жасау, педагогикалық тренинг.

. Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.


Педагогикалық тіл табысу,

оның мәні, қызметі, стилі.

Педагогикалық еп – педагогтің

оқушылармен, мұғалімдермен,

ата-аналармен педагогикалық

жалпылық қатынастар орнату

шеберлігі. Педагогтің

педагогикалықепті игеру

шарттары. Педагогтің

оқушыларға, ата-аналарға,

мұғалімдерге байланыстық

ықпал ету тәсілдері. Үгіттеу

адамдар психологиясына

танымдық және ұйымдасқан

ықпалету тәсілі. Үгіттеудің

сөздік формалары: дәлелдеу,

хабарлау, әңгімелеу, түсіндіру.


Педагогикалық процестегі

тиімді үгіттеу шарттары. Үгіттеу

– педагогтің оқушыларға, атааналарға, мұғалімдерге

психологиялық ықпал ету

тәсілі. Сендіру түрлері. Сенімнің

сөздік формалары: команда,

бұйрық, сену немесе талқылау,

әзіл арқылы білдіру, мысқыл,

жұмбақтап білдіру.

. Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.

Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы

оқытушы шеберлігі. Оқушылардың кәсіптік

қызығушылығын тудыру және зейінін қолдау

шеберлігі. Тыңдалған мамандыққа деген

мотивацияны күшейту. Студенттердің өзіндік

және ғылым-зерттеужұмыстарын ұйымдастыру

мен басқарудағы оқытушы шеберлігі. Болашақ

маманның тұлғасын жан-жақты дамытуға

қолайлы алғы шарттар жасауда, оның

тұлғалылығына ықпал етудің тиімді жолдарын

табудағы тәрбиеші шеберлігі. Студенттер

ұжымындағы тұлғааралық қатынастар жүйесін

басқарудағы тәрбиеші шеберлігі.

. Педагогикалық қарым-қатынастық іскерлігінің қалыптасу шарты мен құрылымы.

Педагогикалық қатынас ерекшелігі. Қатынас процесінде жүзеге асырылған

жұмыстардың түрлері. Баланың оқу-танымдық және басқа қызметтерінің

өзара байланысы және оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.

Педагогикалық қатынас педагогтардың оқушылармен өзара

байланысының әлеуметтік-нормативтік формалары.


Кәсіби-педагогикалық қатынас коммуникативтік тапсырмалардың жүйесі

ретінде.

Оқытушылардың коммуникативтік әрекеті оқушының оқу әрекетін

бағыттаушы және коммуникативтік тапсырмаларды шешу құралы ретінде.


Педагогикалық қатынас динамикасының педагогикалық процесс

логикасымен сәйкестілігі. Педагогикалық қатынастың қолданылған

технологиясының нәтижесі және тікелей қатынас ұйымын моделдеу, қатынсты

басқару, процесті талдау.


Педагогикалық қатынас стилі, оның педагогикалық қызметтің жалпы

стилімен өзара байланысы. Педагогтың коммуникативтік мүмкіндіктерінің

педагогикалық стиліне әсері.


Оқытушылардың қатынас стилін қалыптастыра білуі және оқытушының

жеке басының міндеттерін шешуге әсер ететін өзіндік кәсіби диагностиканың

дәстүрін игеруі.


Педагогтармен оқушылардың арасындағы мақсатқа сай педагогикалық өзара

қарым-қатынас.

. Педагогикалық қарым-қатынастағы кикілжіңдер

Педагогикалық қарымқатынастағы кикілжіңдер

• Кикілжіңдердің пайда болу себептері, құрылымы және

сұрыптау. Орта білім беретін және жоғары мектептегі

шиеленістер. Оқушылар мен студенттердің кикілжіңге

бейімдейтін істердің алдын алу. Оқушы мен мұғалім,

оқушы мен оқушы арасындағы педагогикалық

кикілжіңдерді шешу. Педагогикалық кикілжіңдердің

ерекшеліктері.

• “Басқарушы-бағынушы” арасындағы кикілжіңдер.


Басқарушы мен қызметкер ара қатынасының

шиеленісуінің себептері. Мұғалім-оқушы-ата-ана

арасындағы қарым-қатынастар.

Педагогикалық шеберлік компоненттері

Гуманистік бағыт


Кәсіби білім

Педагогикалық

қабілет

Педагогикалық

техника

Аудиторияға ықпал ету ерекшеліктері

Педагог

Тәрбиелік ықпалды

арнайы, бағдарлы

жоспарлы түрде,

арнайы мекемелерде

жүзеге асырады.


Аудиториясы

шектеулі: Тәрбиелік

қызметімен қатар

білімдендіру

қызметін

атқарады.Педагогикал

ық этика мен

ұстанымдарын

басшылыққа алады


Актер

Аудиторияға

тәрбиелік ықпал

ету. Көпшілік

санасына әсер

ете алу қабілеті.


Коммуникативтіл

ік, харизма,

амбиция

көпшілік зейінін

өзіне аударта

білу. Қоғамдыық

көзқарасты

өалыптастырушы


Тәрбиелік ықпалды жоспарлы

түрде жүзеге асырмайды.

Аудиториясы ауқымдығы

жағынан кең. Білімдендіру

қызметі мен міндетіне

кірмейді. Өз мамандығына

тыс ұстанымдарға

сүйенбейді.

Педагогтың сыртқы келбет мәдениеті

Сыртқы

келбеті

Киіну мәдениеті

ресми; жүріс

тұрыс

мәдениеті; дене

бітіміне, сыртқы

келбетіне

ұқыптылықпен

қарау; жағымды

эмоционалды

фон басым

болуы;

жағымсыз

эмоцияны

жасыра білу


Вербалды және

вербалсыз қарым

қатынас


Сыпайы, әдепті,

мәдениетті өзін

өзі ұстай білу;

субординациян

ы сақтай булі;

дикция, сөз

тембрі,

интонацияға

баса көңіл бөлу;

сабырлық

таныту


Имидж

Белгілі кәсіби

ұстанымдарды

ұстану;

“авторитарлы

тұлға” емес

“демократ тұлға”

келбетін имиджін

қалыптастыру;

ресми және

бейресми лидер

қызметін атқара

білу; өзіне сенімді

әділетті тұлға

имджін

қалыптастыру


Танымдық

сфера

Жан жақты

ақпаратталған;

өз көзқарасын

анық және

тиянақты

жеткізе алу;

оқушылар

зейінін өзіне

қарата білу;

білімін үздіксіз

жетілдіріп

отыру; әр

баланың

тұлғасына

жағымды әсер

ету.

Педагогикалық шеберлік ерекшеліктері

Бүгінгі жас ұрпаққа жан жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір

ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа

түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің

тәжірибесін қолданады. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов:

“Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан

жаңаны табатын өнер” деген. Ең бастысы оқушының

шығармашылық қабілетін дамыту негізгі ұстаным.


Оқушылардың дүниетанымын кеңейту және жеке қабілеттерін

көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік тұғызу, қабілетіне

қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға

машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол

көрсету. Педагог міндеті оқушының бойында жасырынып

жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Мектепте және кез

келген оқу орнында қазіргі уақыт талабына сай сапалы білім

беру.

Педагогикалық қарым-қатынас руханилықты қалыптастырудың факторы ретінде.

Педагогикалық қарым-қатынас руханилықты

қалыптастырудың факторы ретінде

Қарым-қатынас – рухани құбылыс ретінде. Қарым-қатынас ойымен,

құпиясымен, білімімен, әсерлерімен алмасу ретінде. Педагогтың жастарға

деген тұлға ретінде, кәсіби-әңгімелесуші және мұғалім ретінде қажетті болуға

талпынуы. Студентке (оқушыға) өз танымы мен әлемге деген түсінігі бар

қоршаған әлемді бағалаудағы толыққанды күрделі жүйе ретінде қатынас.


Диалогтыққа, тәубешлікке, ашықтыққа екі жақты ден қою.

Жанжал педагогикалық қарым-қатыныстың компонеті (құрамдасы) ретінде.

Жанжал жағдайындағы өзара байланыстың барысында адамдардың бірін-бірі

тануының тұлғалық даму мүмкіндігі.


Қарым-қатынастың жанамалы және тікелей түрлері. «Әлеммен адам сияқты

әңгімелесу – жанамалы қарым-қатынастың мәні».

Қарым-қатынастың эстетикалық үлгісі – әлемді игерудің объективті атрибуты

ретінде. Қарым-қатынастың эстетикалық түрі, оның өндіріске, эстетикалық

құндылықтарды сақтауға, игеру мен тапсыруға бағыттылығы. Эстетикалық

қарым-қатынастағы эмоционалдылық, эстетикалықтың қарым-қатынас

мүшелерінің күйзелісі мен уайымы түрінде көрінісі. Қарым-қатынас

мүшелерінің тілдік қызметі – эстетикалық эмоцияларды білдірудің тәсілі.

Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру

•Оқытушы мен білімгердің

арасындағы оқу тәрбие жұмысын

жүзеге асыруға қажетті маңызды

психологиялық ахуал жасайтын,

болашақ мамандардың кәсіпке

бейімделуін шыңдайтын кәсіптік

мамандық қатынасының түрі.

Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру кезеңдері

Қарым

қатынасты

моделдеу


Тікелей

қарым

қатынасты

ұйымдастыру


Қарым

қатынасты

меңгеру


Жүзеге

асырылған

Рефераты:  Читать реферат по физике: "Теплоёмкость" Страница 1 | скачать бесплатно, рефераты, отзывы

қарым

қатынасты

талдау

Педагогикалық шеберлік.педагогикалық мәдениеттің компоненттері

№1Кіріспе.Педагогикалық шеберлік.Педагогикалық
мәдениеттің компоненттері

Педагогикалық шеберлік-Мұғалімнің
шығармашылық іс-әрекеті яғни оның тұлға
ретінде жеке даралығы және адамның индивид
ретіндегі кейбір ерекшеліктері.

Жаңа ғасырда жаңа Қазақстанның
мұғаліміне қойылатын талап та жоғары
болмақ. Жаңа әлемнің жаңа мұғалімі ең
бірінші кезекте инновациялық технологиямен
қаруланған, оқушының жан дүниесін жете түсінетін,
оның дара қабілеті мен шығармашылығының
ашылуына ат салысатын, оқушының жеке
тұлға болып қалыптасуына бар мүмкіндіктер
жасайтын, өзінің инновациялық іс-әрекетіне
жүйелі талдау мен сараптама жүргізе алатын
және біртұтас педагогикалық үдеріс сапасының инновациялық
жетілдіру жолдарын білетін мұғалім-инноватор
болуы тиіс.

Мәдениет – халықтың мыңдаған
жылдар бойындағы шығармашылығы, онда
қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың
даналығы мен адамгершілік нышандары
жинақталған. Біз, дүниені жай ғана пайымдаушы
ғана емес, оны өз қажеттіліктерімізге
байланысты өзгертуші тұлғамыз. 

Педагогикалық шеберлік үнемі
жетіліп отыруды қажет ететін балаларды
оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды
сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін
әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог
– өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті,
өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің
тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе
балалар психологиясының мәселелеріне
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін
жетік игерген маман. «Мұғалімдер- қоғамның
ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе,
ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»,
– деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса
керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз
елімізге білікті маман, өз ісінің шебері
қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі
неде?Шебер педагог білімді, тәжірибесі
мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды
жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында
білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет.
Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың
дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп,
жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер
мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру –
педагогикалық шеберлікті жетілдіруге
негізделеді деп есептейміз.Педагогикалық мәдениет.Мәдениет
(латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан).
Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші
табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген
ортасымен қарым-қатынасы.Мәдениет әр
түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың,
жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың
өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады.
.Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда
қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған,
оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне
қолайлы жағдай туғызған – халық жайлы
есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет
кайраткерінің жеке шығармашылығы оған
дейін халық жөне адамзат жеңіп алған
жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының
мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын
өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды
меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар
мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі
қажет. 
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан
бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам
әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық
парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік
заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған.
Сонымен бірге мәдениет – адамды тұлға
деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

Бастауыш сынып мұғалімінің
кәсіби мәдениеті – әлеуметтік сұранысқа
сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар
жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін
таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің
кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге
қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің
білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық
технологияны меңгеруінде, олардың бойынан
пәндік және түйінді құзыреттіліктердің
көрініс табуында бір мектеп пен екінші
мектеп арасында бәсекелестік болады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
кәсіби мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық
негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы,
әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық
және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа
алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр студенттің
кәсіби  мәдениетін қалыптасуында оларды
өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне,
өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге
және дамытуға ықпал етеді. Іс-әрекеттік
тұғыр болашақ мұғалімнің іскерлігінің,
жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына
түрткі болады. Жүйелілік тұғыр студенттің
білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім,
білік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық
даму деңгейін сипаттайды және өз ісін
жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне
үйретеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің
кәсіби  мәдениетін қалыптастыруда
жекетұлғалық тұрғыдан келу дайындықтың
мазмұнын таңдауға және мақсатын белгілеуге,
нәтижелі білім беруде пәндік және түйінді
құзыреттіліктерді айқындауға себеп болды.
Мәдениетнамалық тұғыр болашақ мұғалімнің
қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастағы
мәдени қатынастардың негізі ретінде
олардың адамилық, өркениеттік сапаларын
дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заман талабына
орай болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетін
қалыптастыруда ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды
қолдана білу қабілетін дамытуға себепші
болады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
кәсіби мәдениетін қалыптастырудың жоғары
білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартында көрсетілген жалпы білім,
базалық, кәсіптендіру пәндері, педагогикалық
тәжірибелермен қатар арнайы ұйымдастырылған
оқу курстары болашақ мұғалімдерді дайындауға
тікелей қатысты профессор-оқытушылардың
жұмысын осы бағытқа бағдарлау, факультет,
кафедра жұмыстарының бірлігі арқылы
жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін біртұтас
ғылыми-әдістемелік жүйесі жоғары педагогикалық
оқу орнындарының оқу-тәрбие үдерісін
жаңа мазмұнмен толықтырады.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық
мәдениетін қалыптастыру әдістемесі эксперимент
барысында дәлелденген тәжірибеге негізделеді
және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға
бағытталады.

Педагогикалық мәдениетінің
мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық
тұрғыда дәлелдеу оның болашақ мұғалімдердің
қазіргі білім беру мен тәрбиелеу үдерісін
жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктерін
ашып көрсетуге септігін  тигізеді.

Жүргізілген зерттеулер бойынша
мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1. Педагогикалық мәдениет 
мазмұнын болашақ мұғалімдерді 
кәсіби даярлайтын жоғары педагогикалық 
оқу орындарында оқытылатын педагогикалық 
пәндердің оқу бағдарламаларының 
мазмұнына енгізу қажет.

2. Болашақ мұғалімдерге 
арнап жасалған элективті курс 
бағдарламаларын жоғары оқу орындарында
(сабақта, практикада, сабақтан тыс)
студенттердің педагогикалық мәдениеті 
мен сана-сезімін қалыптастыру 
мақсатында пайдалану қажет.

Зерттеу проблемасы
күрделі де көпсалалы проблеманы толығымен
шешуді мақсат тұтпайды. Оның шешімі педагогикалық
мәдениеттің студенттердің рухани-адамгершілік
тәрбиесінде пайдаланудан; жоғары оқу
орны студенттерінің педагогикалық мәдениетін
қалыптастырудан көрінеді.

Жүргізілген
зерттеу нәтижелерін саралай келе, мұғалімнің
педагогикалық мәдениетін қалыптастыруды 
акмеология, аксиология, синергетика ғылымдарының
құндылықтары мен жетістіктері бағытында
да зерттеуді қажет етеді деп есептейміз.

Бүгінгі жоғары
білім берудің көп деңгейлі құрылымы,
жоғары оқу орнының халықаралық білім
беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы
және оларды қоғамның талаптарына сай
басқару мәселелері білім беру саласына
жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде.
Білім саласына ендірілетін жаңалықтың
қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты
талап етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарында
болашақ мамандардың кәсіби даярлығына,
педагогикалық мәдениетінің дамуына және
олардың жаңа педагогикалық технологияларға
терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай
жасау қажет. Білім берудің мазмұнын модернизациялау,
педагог мамандарды даярлаудың мазмұны
мен құрылымын саралап қайта ой-елегінен
өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін
жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты
дамуына жағдай жасауды көздейді.

   Мәдениеттану 
теориясының проблемасы саласындағы 
еңбектерге талдау жасау арқылы 
біз «мәдениет» ұғымының қазіргі 
қоғамтануда іргелі зерттеулердің 
қатарына жататынын анықтап, оны 
ұғымдық түсінігінің ерекшелігіне 
қарай танымның әрқилы саласында 
пайдалануға болатынын айғақтаймыз.

Мәдениет арабша «маданият»
– қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген
ұғымдарды білдіреді. Бұл ортағасырлардағы
мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде
қалыптасқан түсінікпен байланысты.

Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды алътерінативтік
(қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл
жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет
пен табиғатты «культура» мен «натураны»
қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура»
деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны
берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның
еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы
«тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды
білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық
тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру»,
«даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты
мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі
заманның сөздіктерінде мәдениетке төмендегідей
анықтамалар берілген: 1) белгілі бір халықтың
қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының
жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі
бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік
ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен
мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі
бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу
мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті,
т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер
мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).

Рефераты:  Как пишут реферат в колледже образец заполнения

Мәдениет – адамның өз қолымен,
ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының
бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан
және тазалық ережелерін сақтаудан бастап,
өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға
дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет
саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи
құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық
өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп
отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің
мазмұны мен формаларына сөзсіз терең
өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық
сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі
түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың
ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет,
мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер
және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың
арасында ең түбегейлісі – мәдени әрекет.
Әрекеттену – жалпы адам мен қоғамның өмір
сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени
әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін
өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған
мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды
атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау
нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін
көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі
қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын,
мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады.
Осылардың қатарына біз мынандай адамдық
қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің
мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын
табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс,
альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

Ал осы ұғымдардың
ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы 
екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін
аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи
қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті,
оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға
ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке
орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі
кезеңіне дейін, басты құндылық — адам
мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге
асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі
бір модельденген термин ретінде қолданылмады,
бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі
ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді
болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды
көне заманнан бастағанды жөн көрдік.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің
алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен
тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет»
ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу,
яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен,
дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл
шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды.
Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен
«мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен
байланыстылығының тамыры да сонау көне
заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз
адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны
ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық
халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы
болып табылады. Сонымен бірге мәдениет
сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу,
табынушылық» деген мағыналарға ие. Осылардың
ішіндегі ең бастысы – дінге табынушылық.
Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар
қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі
берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар
адамдармен бірге болды, оларды жебеп,
қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды,
қала адамдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан
қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік
эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді
ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз —
шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары
сол қаланың азаматтары болып саналады.
Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы
сыртқы жаулардан қорғады қажетті азаматтық
міндеттері мен борыштарын (халық, жиналыстарын
өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа
да мекемелерінің жұмыстарына жәие т.б.
қатысуы мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай
қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді,
әрі дінге табынушылықты, әрі жер өндеуді
де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік
көне полистерде қала азаматтарының азамат
болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Гректер бұл үдерісті «пайдейя» (бала)
деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу,
оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру,
білімділік, ағартушылық, мәдениет деген
мағыналарға ие. Адамзат мәдениеті үздіксіз
дамып өркендей отырып, революция мен
прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады.
Бірақ біз қарастырған мәдениеттің материалдық
негізіне мән берілмей, мәдениетті тек
құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып,
бұл ұғымға мәдениеттің ғылым, адамгершілік,
өмір, философия, құқық және т.б. сияқты
салаларын ғана енгізген.

Әлемдік және
отандық мәдениеттің теориясы мен тарихын
зерттеген Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева
болса, қазақтың төл мәдениетін батыстық
мәдениетпен салыстыра отырып, оның өзіне
тән ерекшеліктеріне тоқталады, қазақтың
әлем туралы түсінігін алып бәйтерекке
салыстыра отырып, мәдениеттің әлемдегі
орнын қоршаған орта мен өркениет аясында
қарастырады. Қоршаған ортаны әлем мәдениетінің
өрістеу аймағы деп түсіндіреді және ұлттық
мәдениетті бос кеңістікте емес, ол – 
адамдандырылған қоршаған ортада әрекет
етеді және тарихи ағымның өрісі болып
табылады деген пікірді ұстанады. Табиғи
ортаға халықтың санасында киелі мекені
болып қалыптасқан тауларды, өзен-көлдерді,
аңғарлар мен төбелерді, тіпті аруақтар
жатқан молаларды да жатқызады. Демек,
олар қазақ халқының ұлттық мәдениетіне
айрықша экологиялық мазмұн беріп, адам
мен табиғаттың арасында нәзік үндестік
болатындығын дәлелдейді. Мәдениет мәселесін
қазақ халқының дүниетанымында этиканың
«жақсылық» пен «жамандық» ұғымдары аясында
түсіндіреді, сонымен бірге әртүрлі халықтардың
көне мәдениеттен алғашқы өркениеттерге
өтуі – мәдениеттегі дамудың заңды құбылысы
деген қорытындыға келеді.

Педагогикалық
шеберлік және мұғалімнің педагогикалық
мәдениетінің компаненті ретінде.Педагогокалық
шеберлік компаненттері; гуманистік бағыт,
кәсіби білім, педагогикалық қаблет,педагогикалық
техника.Мұғалімнің кәсіби білім-шеберлік
негізгі.Бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби
білімінің ерекшеліктері. Педагог мамандығындағы
актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.Педагог
мамандығындағы жеке шығармашылық қаблетті
іске асыру. Педагогикалық қимыл бір актердің
театры секілді. Педагог пен актер-аудиторияға
түлғалық ықпал етуді таратушылар.К.С.
Станиславскийдің педагогтар дайындаудағы
театралдық жүйесінің принцыптері.Көрнекі
педагогтар шеберліг. Бастауыш сынып мұғалімдерін
дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберліке
негіздерін қалыптастыру.

Педагогикалық шеберлікті
қалыптастырудың негізгі кәсіби – педагогикалық
іс- әрекет

 Педагогикалық 
қызмет қоғамдық құбылыс ретінде.Жалпы 
педагогикалық және кәсіби – 
педагогикалық қызмет.Кәсіби- педагогикалық 
қызметтің мәні, оның құрылымы.Педагог 
қызметінің ерекшіліктері мен 
қиыншылықтары.Мұгалім педагогикалық 
қызметінің субектісі ретінде.

Муғалімінің жеке
басы оның кәсіптік қызметінің өзекті 
факторы ретінде. Кәсіби – педагогтік
кызметтегі мүгалімнің жеке басының қалыптастасуы.
Мұгалімнің кәсіби шеберлігі. Педагогтің
жеке басының кәсіби қасиеті. Педагоггикалық
қызмет денгейлері: репродуктивтік, беймділік,
жергілікті – үлгіленген, жүйелі – үлгіленген,
қызмет пен мінез-қүлық. Шеберлік педагогтік
қызметтің ең жогары деңгейі ретінде.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий