САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ Реферат

Нұр отан» нұрлы болашақ жолында

«Нұр Отан» нұрлы болашақ жолында

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезі өтеді

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ

Билік партиясы кезекті биігіне ұмтылады

Кеше елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» ХДП XV съезі аясында бірнеше тақырыпта секциялық отырыс­тар өтті. Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, партияның орталық аппаратының құрылымдық бөлім басшылары, аймақтық филиалдарының өкілдері, жас­тар белсенділері қатысқан отырыстардың алғашқы секциясы «Доктрина: партияның жаңа идеологиялық тұғырнамасы» деген тақырыпта ұйымдастырылды.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ«Нұр Отан» нұрлы болашақ жолында

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезі өтеді

Билік партиясы кезекті биігіне ұмтылады

Кеше елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» ХДП XV съезі аясында бірнеше тақырыпта секциялық отырыс­тар өтті. Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, партияның орталық аппаратының құрылымдық бөлім басшылары, аймақтық филиалдарының өкілдері, жас­тар белсенділері қатысқан отырыстардың алғашқы секциясы «Доктрина: партияның жаңа идеологиялық тұғырнамасы» деген тақырыпта ұйымдастырылды.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ

Тәуелсіздіктен тәтті ештеңе жоқ

Секция жұмысына «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек модератор болып, жүргізіп отырды. «Жалпы, «Бұл Доктрина не үшін керек?» деген сауалдар қоғам ішінде туындағаны белгілі. Сынға да тартылып жатыр. «Үлкен идеяларды тұжырымдаған мұндай құжат партияға керек пе, жоқ па?» деген сипаттағы сауалдар да бой көтерді. Бірақ, Доктринаның ең негізгі идеясы өте мықты. Былай қарасаңыз, партия 15 жасқа толып отыр. Осы 14-15 жылдың ішінде партияның құндылықтарын топтастырып, бір жүйеге келтіретін бір құжат болмаған. Яғни, партияның ең бірінші мақсаты – біздің құндылықтарымызды бір құжатқа шоғырландырып, айқын түрде жариялау. Екінші бір үлкен жаңалық, яғни Доктринаның ішінде жатқан терең идея – бірлік идеясы. Қазіргі таңда, бірлік ең үлкен ұстанымымыз екендігі жақсы көрсетілген», деді Саясат Нұрбек.

Бұдан кейінгі кезекте ол сөз тізгінін Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинге берді. Ол: «Ел-елде, жер-жерде, облыстарда, мекемелерде осы Доктрина талқыға түсті. Доктрина жөнінде алып-қашпа сөз көп болды. Керек пе, керек емес пе деген әңгімелер жүріп жатты. Бірақ, шынында да, мына заманның құбылып тұрған қазіргі ахуалы мен мінезіне баға бере отырып, Қазақстанның мемлекет ретінде, ел ретінде осы кеңістікте, XXI ғасырда қалай болуы керек, осы ғасырда иығына қандай жүк артылуы керек және қандай жағдайда біз елдік тұтастығымызды, тәуелсіздігімізді сақтай аламыз дейтін үлкен, іргелі мақсаттардың барлығы жинақталып, осы Доктринаның өн бойынан көрінеді. Мен бұл Доктринаны әсірелеп жатқаным жоқ. Десек те, мұнда жастар проблемасы жақсы көтерілген. Жастардың тағдырына немқұрайлы қарайтын болсақ, біз елдің ертеңгі иелерін дүбәра жасаймыз. Демек, мен бұл мәселенің мүмкіндігінше Доктринаның ішіне кіргеніне іштей риза болдым», деді.

Бұл күнгі отырыста басқа да азаматтар сөз алып, құжат жобасы төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мәселен, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Доктринасын жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қайырбек Сүлейменов «Қазақстанның дамуының басты нәтижелері – «Нұр Отан» ХДП алдағы бастамаларының іргетасы» деген тақырыпта баяндама жасап, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардағы кезеңіне шолу жасады және Доктринаның негізгі мақсат-міндеті төңірегінде әңгіме қозғады. «Доктрина – бұл партияның бағдарламасы емес. Ол қазіргі және болашақ Қазақстанның дамуы жолындағы партияның атқаратын негізгі миссиясы», деді Қ. Сүлейменов өз сөзінде.

Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «Нұр Отан» партиясының тарихи жауапкершілігі» деген тақырыпта сөз қозғай келе, партияның жаңа Доктринасына «заманның зәру, өмірдің өзекті сұраныстарын, қоғамның көкейкесті қажеттіліктерін терең түсінуден туған бағдарламалық құжат» деген баға берді. Ал танымал әнші Бекболат Тілеухан құжатқа өз көзқарасы тұрғысынан баға берді. Ол: «Бұл Доктрина әбден талқыланды. Мұны талқыламаған адам болған жоқ. Мұны сынамаған адам болған жоқ. Басында білегімізді сыбанып тұрып, өзіміз де найзасын ұстаған батыр сияқты қолымызға қаламымызды алып, сынауға кірістік. Бірақ, айналып келгенде, ар жағында, түп негізінде өте жүрекпен жазылған құжат екендігіне көзіміз жетті», дей келе, өз ойын «ел үшін тәуелсіздіктен тәтті ештеңе жоқ, азаттықтан артық ештеңе болған емес» деген ойымен сабақтады. «Ол үшін кез келген нәрсеге баруға болады. 20 жылдың ішінде біз Астананы салдық. 20 жылдың ішінде Целиноградтың үстіне Алаштың кіндігіне айналған осындай қаланың куәсі болып отырмыз. Осының барлығы бірліктің арқасы», деп түйді өз сөзін Б. Тілеухан.

Секция аясында өзге қатысушылар Доктринаны партияның ұзақ мерзімді перспективасын айқындайтын негізгі құжаты ретінде бағалап, саяси жобаның ерекшелігін егжей-тегжейлі талқыдан өткізді.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ

Жұмыстың жаңа пішіні

«Нұр Отан» партиясының XV съезі аясындағы секциялық мәжі­ліс­тердің бірі Астана қаласының тарихи мұражайында «Пар­тия­лық жұмыстың жаңа пішіні» деген тақырыпта жалғасын тапты.

Секция жұмысына модераторлық жасаған «Нұр Отан» ХДП хатшысы Эльдар Сыздықов қазіргі таңда өңірлердегі жұмыстарды күшейту қолға алынып жатқандығымен бөлісе кетті. Оның айтуынша, партияның өңірлік филиалдары қызметкерлерінің жалақысы 15 пайызға көтеріліп, жергілікті жерде жауапкершілік жүгі арта түскен. Және де «Жас Отан» жастар қанатының жұмысына қолдау көрсету ары қарай да жалғасын таба береді.

Мәжіліс депутаты Ирина Аронова партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру барысын сөз етті. Оның сөзіне қарағанда, бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын қадағалап келе жатқан партиялық институттар олардың сапалы жүруіне де септігін тигізіп отыр. Осы ретте депутат сайлауалды тұғырнамадағы міндеттердің орындалуына мониторинг жүргізу жолға қойылғандығын да тілге тиек етті. Партия Мәжіліс және мәслихат депутаттары арқылы бюджеттің атқарылуын бақылау жұмыстарын күшейтетінін де назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, партиялық кураторларға үлкен жауапкершілік жүктелуде.

Еліміз бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы күшейтілмек. Бұл жайында «Нұр Отан» Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов айтып берді. «Биылғы 9 айдың ішінде 100-ден астам қабылдаулар өткізілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға артық. Осының өзі партияға деген халықтың сенімі зор екенін көрсетеді», деді ол. Партия филиалдары үшін ғимараттар сатып алу қолға алынып жатқандығын да айтып өтті. Жыл басында партия меншігінде кеңсенің 12 пайызы ғана болса, қазіргі таңда ол 97 пайызға жеткен.

Электронды партия жайынан «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты ақпараттық технологиялар қызметінің жетекшісі Руслан Асаубаев хабардар етті. Оның сөзіне қарағанда, қоғамдық қабылдау бөлмелері толық автоматтандырылады. Қазіргі таңда партия мүшелерінің санын электронды есепке алу жолға қойылған. Осы ретте кадрлармен жұмыс істеу кезінде өңірлердегі кейбір ақпараттардың дұрыс еместігі анықталғандығы да мысал ретінде келтірілді. Міне, сондай кемшіліктерді жою мақсатында құжат айналымын, атқарушылық тәртібін реттеу мақсатында және мүшелік жарнаны төлеуді оңтайландыру үшін жұмыс автоматтандырылып, бір жүйеге келтіріледі.

Жалпы, партия жұмысының жаңа пішінге көшуі туралы көптеген мәліметтер келтірілді. Партия осы ретте өзіне тиесілі емес активтерден арылу жұмыстарын жүргізіп, партиялық қаржыны үнемдеу жайын пысықтауда екен. Үнемделген қаржы халықпен жұмыс істеуге жұмылдырылатын көрінеді. Кадрлық мәселелерде өңірлік деңгейдегі құрам екі есеге дейін арттырылатыны белгілі болды. Әсіресе, аппарат қызметкерлеріне біліктілік талаптарын арттыру көзделіп отыр. Партияның Орталық аппаратында функция мен қаржыны оңтайландыру мақсатында жұмыс істейтіндердің санын 30 пайызға қысқарту жүрсе, басқару бөлігі 7-ден 5-ке дейін кемітіліпті.

Секция отырысында партия жұмысын барынша ұтымды ұйымдастыру, адам капиталы әлеуетін арттыру жайы жан-жақты сөз болды.

Ұйымның өңірлердегі өрісі қандай?

Секциялық мәжілістің енді бірі Тәуелсіздік сарайының Салтанат залында «Партияның аймақтық саясаты: басымдықтар мен перспективалар» тақырыбында өтті. Оған өңірлерден келген партия мүшелері, Орталық аппарат өкілдері, Парламент депутаттары қатысты.

Секция жұмысын «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының басшысы Құмар Ақсақалов жүргізіп отырды. Жиын тізгінін ұстаған модератор секцияны ашып берген соң сөз кезегін Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновқа ұсынды. Ол «Нұр Отан» партиясы Саяси доктринасының аясында партия, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекетінің әлеуметтік аспектілері жөнінде баяндады. Н.Сабильянов бұл Доктринаны талқылау барысында бірнеше аудан-ауылдарды аралап, өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдағанын жеткізді. Ал олардың көпшілігі Доктринада барынша ескерілген.

Доктринада бизнес, партия және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің өзара әс-қимылы, үндестігі, олардың бірлесе отырып ел игілігіне жұмыс істеуі айрықша айтылды. Себебі, аймақтардағы шағын және орта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру – қоғам үшін аса маңызды фактор. Елді мекендердегі кейбір күрделі әлеуметтік мәселелердің шешімін іздеуде бұл үштіктің бір арнада тоғысуы, бірлесе жұмыс істеуі аса маңызды, деді Н.Сабильянов.

Рефераты:  Реферат: Сравнение масляного и вакуумного выключателей -

Жиында бұдан ары партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Жұмашев «Тиімді басқару. Аймаққа акцент» тақырыбында сөз қозғады. Осы бағытта өзінің ұсыныс-ұстанымдарын ортаға салды. Мәселен, аймақтық филиалдардағы партия мүшелерінің біліктілігін арттыру, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттеріне қолдау білдіріп, арнайы шеберлік, тәжірибелік жұмыстар жүргізу қажет деді, ол. Сондай-ақ, өңірлердегі негізгі салаларға мән беріп, аймақтың нақты қай бағытта жұмыс істеу керектігіне көңіл бөлу қажеттігін алға тартты. Сонымен қоса, ол партия мүшелерінің барлығы бірдей белсенділік танытуына ықпал ету керек деген ойда.  

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылдық округінің әкімі Әзия Қыстаубаева «Жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттырудағы ауыл округіндегі бастауыш партия ұйымдарының рөлі» тақырыбында әңгімеледі. Өзін әкім-ана, әкім-әже атап, тіпті 72 жастағы енесінің алдында келін екенін айтып өткен Ә.Қыстаубаева өз ауылының бірлігі мен ұйымшылдығын мақтан тұтатынын жеткізді. 20 жылдан бері бір ауылды басқарып отырған әкім бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруға бұдан әрі де өз үлесін қоса беретінін атап көрсетті.

Партияның Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Әшімұлы мәслихаттардағы партиялық фракциялар қызметінің тиімділігін арттыру жайында біраз ұсыныстарымен бөлісті. Ал Астана қаласындағы «Бірлік» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова «Партия мүшелерінің электронды есебі: партиялық жұмыстың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбын талқыға салып, партия Орталық аппараты ақпараттық технологиялар қызметінің консультанты Жанар Бағашарова «Электронды партия» жобасын енгізу аясында аймақтардың жұмысын оңтайландыру жөніндегі маңызды мәліметтермен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, секциялық жұмыстың шешімі талқыланды.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ

Жастарға сенім қашанда жоғары

«Нұр Отан» партиясының XV Съезі аясында «Жастарға сенім арту: болашақ жеңістер стратегиясы» тақырыбында секциялық мәжіліс өтті. Онда партия мен «Жас Отан» жас­тар қанаты жұмысының жаңа үлгісіне, негізгі бағдары мен стратегиялық міндеттеріне, Парламент Мәжілісінің жастар саясатына қатысты жаңа заң әзірлеуіне, оның маңызы мен ерекшеліктеріне, Білім және ғылым министрлігі жастар ісі комитетінің қызметіне, мәслихаттардың жас депутаттары мен партия және «Жас Отан» жастар қанаты арасындағы өзара ынтымақтастықтың үлгілеріне, сондай-ақ, жастар қанаты өңірлік филиалдарының қызметіндегі ерекшеліктерге басты назар аударылды.

«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Мейрам Бегентаев, Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов, мәслихат депутаты, «Жас саясаткер» ақпараттық-насихат тобының жетекшісі Татьяна Новикова мен «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев аталған мәселелер бойынша нақты деректер келтіре отырып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, мәжіліске қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

Білім және ғылым министрлігі жастар ісі комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Жастар саясатын қалыптастыруда негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізілетінін айтып өтті. «Олар жастардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау, жастарды әлеуметтендіру және жастардың азаматтық деңгейін көтеру. Бірінші кезекте жастардың денсаулығына көңіл бөлінеді. Бұл орайда, жастарға саламатты өмір салтын насихаттау, спорт алаңдарының қолжетімділігі мен жүйелі медициналық қызмет көрсету мәселелері қарастырылады. Екінші кезекте жастарға сапалы білім беру мәселесі тұр. Бұл мәселеде оқушыларға мамандық таңдауда бағыт беруді мектеп қабырғасынан бастап қолға алу керек. Осылайша, жастардың болашақта нарығымызға қажетті мамандықтарды игерулеріне жағдай жасай аламыз. Ал одан кейін жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, баспана және отбасы мәселелері қарастырылады», – деді ол.

«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов «Жас Отанның» ұстанған бағыттары мен жаңа бастамалары жөнінде ой бөлісті. Ол сондай-ақ, еліміздің көптеген өңірінде «Жас Отанның» филиал­дары ашылып, олар өз кезегінде қызу жұмыс жүргізіп жатқандығын айтты. «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев бұл ақпарды толықтыра түсіп, өз өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Қазіргі таңда Қызылорда облысы «Жас Отан» жастар қанатының жанынан қалалық және 7 аудандық филиал жұмыс жасауда. Бұл өңірде жасотандықтардың саны 11 мыңнан асып отыр. «Біз Қызылорда облысында мақсаты мен міндеті айқын 4 еріктілер тобын құрған болатынбыз. Олар таза тіл, балалар – біздің болашағымыз, ақпараттық-насихаттық және ардагерлерді ардақтайық еріктілер тобы. Бұл топтар қазір белгілі міндеттер бойынша белсенді жұмыс атқаруда», – деді Е.Меңлібаев.

Айта кететін жайт, «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев дәл осы Қызылорда облыстық «Жас Отан» филиалы «таза тіл» еріктілер тобының бас­тамасын ерекше атап өтіп, өзге де өңірлерде осындай жұмыс жүргізуді тапсырған болатын.    

Елге қызмет етуге міндеттіміз

«Мемлекет елге қызмет етеді» атты секция отырысын «Нұр Отан» ХДП Орталық аппарат басшысының орынбасары Әсел Жүнісова ашып, бұған дейін жан-жақты талқыланып келген Доктринадағы негізгі тарау болып табылатын экономика мен әлеуметтік мәселелер бүгінгі басқосудың әңгіме өзегіне арқау болатынын айтып, делегаттарды өз көкейлерінде жүрген мәселелерді қозғауға шақырды.

Алғаш сөз алған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев «Қуатты экономика – азаматтар әл-ауқатының өсуінің негізі» атты тақырыпта шағын баяндама жасап, еліміздің экономика саласындағы жеткен жетістіктерін тілге тиек ете отырып, алда әлі де ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Соның ішінде, әсіресе, жекеменшік бизнестің өркен жаюы керек екеніне, ол үшін шағын және орта кәсіпкерлерге алдағы уақыттарда жіті көңіл бөлінетініне, оларға салынатын салықтың тиімді жолы қарастырылу үстінде екеніне тоқталып, ауыл әкімдерінің жемісті жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасалып отырғанын көлденең тартты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз салалары бойынша атқарылған іс-шараларды атап өтіп, негізгісі елді жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы екеніне, бұл бойынша үш бағытта жұмыс жасалып жатқанына тоқталды. Әсіресе, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз етудің күн тәртібіндегі негізгі мәселе болып отырғанын айтты. Сондай-ақ, министр үстіміздегі жылы 4 миллионға жуық адамға әлеуметтік көмек көрсетілгенін, оған қомақты қаржы жұмсалғанын жеткізіп, келесі жылы бұл көрсеткіш одан да асатынын, әсіресе, мүгедек жандар мен көпбалалы отбасыларға ерекше жағдайлар жасалатынын мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева «Мемлекет елге қызмет етеді» атты тақырыпта әңгіме қозғап, осыған дейінгі осы бағытта атқарылған жұмыстар барысына тоқталды және жастарға алдымен сапалы білім беру қажеттігіне, содан соң мамандығына орай еңбекпен қамтамасыз ету керектігіне назар аударды.

Мәжіліс депутаты Камал Бұрханов та білім берудегі сапаға ерекше көңіл бөлу керектігін тілге тиек етіп, еліміздегі оқу нысандарының үнемі депутаттар тарапынан бақылауда екенін еске салды.

Отырыста сөз алған «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті Қанат Төсекбаев медицина саласындағы жеткен жетістіктерді айта келіп, әлі де елге қызмет етуде дәрігерлердің атқарар жұмысының қомақты екеніне екпін түсірсе, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева әйел қауымының да қоғамда атқарып отырған істерінің қомақты екенін, оларға әркез ер азаматтардың қолдауы мен қамқорлығы қажет екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында делегаттар тарапынан «Ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек қай дәрежеде?», «Мүгедектердің жұмыс істеуіне тиісті жағдайлар жасала ма?», «Ардагерлер туралы» Заңға өзгерістер енгізіле ме?», «Қарапайым азамат мемлекеттік қызметкерлер үстінен қалай шағым түсіре алады?» сияқты сұрақтар қойылып, оған министрлер тиісті жауаптарын беріп, делегаттар кей мәселелер төңірегінде де өз ой-пікірлерін ортаға салды.

«Егемен Қазақстанның» тілшілер тобы.

*Делегаттар лебізі

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫИдият ӘБДІХАЛЫҚОВ,

«Павлодартелерадио» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты:

– «Нұр Отан» ХДП съезінде талқыланып, қабылданатын пар­тия­ның жаңа Доктринасы жобасымен жан-жақты танысқан адамдардың бірі ретінде айтарым, бұл құжатта елі­мізді дамытудың барлық мәселелері нақты көр­сетілген. Доктрина жобасы партияның облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында да кеңінен талқыланып, жан-жақты әңгіме болды. Ұсыныстар мен пікірлер де айтылған еді.

«Нұр Отан» партиясы тарапынан әзірленіп, съезге ұсынылып отырған Саяси доктрина елімізді әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жолын ұстанған саяси құжат болып табылады. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария еткен кезде, осыны атап көрсетті. Өйткені, бұған дейінгі «Қазақстан-2030» Стратегиясында алға қойылған міндеттер мерзімінен бұрын орындалды. Мақсатымыз бәсекеге қабілетті және әлемдегі дамыған 50 елдің ішінен көріну болатын. Оған қол жеткіздік. Енді алдымызда Қазақстанды өркендеген 30 елдің қатарына қосу міндеті тұр. Бұл белесті де бағындыруға әлеуетіміз жететініне сенімдімін.

Рефераты:  Эволюция и революция как формы социального изменения - Общество как система

Партияның съезінде қабылдануы күтіліп отырған Доктрина партия дамуындағы ғана емес, бүкіл ел дамуындағы өміршең жаңа кезеңнің басталатындығын көрсетіп тұрғандай. Мұны айтып тұрған себебім, құжатта ең басты құндылықтар – адам және оның құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Міне, бұл партия ұйымдарынан, партияның барлық мүшелерінен ерекше жауапкершілікті талап етеді.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫИбраш ЕСТАЕВ,

«Естаев» шаруа қожалығының төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты:

– Партиямыздың бұл съезінде «Нұр Отан» ХДП Саяси доктринасын қабылдауға тиістіміз. Доктрина жобасына қатысты айтар болсақ, құжатта негізгі жеті мәселе көрсетілген. Оның бірі – еліміздің тұтастығы. Қазақстан – көпэтносты мемлекет болғандықтан, татулық пен ынтымақ аса қажет. Онсыз алға қойған міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мәселе жөнінде Елбасымыз үнемі айтып келеді.

Бүгінде Қазақстан дүние жүзіне кеңінен танылды. Мұның түп негізінде елішілік, этносаралық ынтымақ, береке мен бірлік жатқанын ешкім жоққа шығармайды. Біз осы ынтымақтың арқасында экономиканы дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып отырмыз. Рас, елді мекендерде шешімін күткен мәселелер де бар. Олар уақыт өте келе шешіледі, бұған бүгінде көпшіліктің көзі жетті. Себебі, партия Төрағасының саяси ерік-жігері небір қиыншылықтан алып шықты. Бастапқы кезден-ақ еліміздің ұстанған жолы, бағыт-бағдары дұрыс екендігін көрсетті. Ел халқы бүгінде соның игілігін шынайы сезіне бастады.

Зерделеп қарайтын болсақ, жыл өткен сайын «Нұр Отан» партиясының мүшелері көбейіп келе жатқаны, оған жастардың қызығушылық таныта бастағаны байқалады. Бұл партияға деген сенімнің нығая түскенін білдіреді. Соңғы жылдары партия мүшелерінің сапалылығына баса назар аударыла бастағаны қуантады. Мұны айтқандағы мақсат – қатары теріс әрекеттерден жат, жауапкершілікті жете сезінетін адамдармен толыға берсе деген ой. Өйткені, жауапкершілікті сезінбейтіндер мен жемқорлықтан аяқ тартпайтындар партия беделін түсіретіні анық.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫРсалды ЕШИМОВА,

Алматы облысындағы Қапшағай қалалық білім бөлімінің бастығы:

– «Нұр Отан» партиясының съезіне делегат ретінде қатысу мен үшін ғана емес, барлық делегаттар үшін үлкен абырой. Екінші жағынан, партияның жаңа Саяси доктринасын талқылап, оны қабылдау баршамыздан ерекше жауапкершілікті талап етеді. Біздер, білім беру мекемелерінің қызметкерлері бала тәрбиесімен айналысатындықтан, кез келген өміршең мәселеден шет қалмауымыз керек.

Саяси доктрина жобасында көрсетілгендей, мемлекетіміздің басты құндылығы – адам, оның құқығы мен бостандығы. Ал құжатта дамудың жеті факторы көрсетіліп отыр. Олар – бірлік, келісім, зияткерлік ұлт, әлеуметтік саясат, төл мәдениет және руханилық. Осылардың ішінде білім беру саласына әлеуметтік саясат жақынырақ келеді. Білім беру жүйесін алатын болсақ, адамдардың білім алуына қолжетімділік, алған білімдерін нарықтық экономикада тиімді пайдалану бүгін де, болашақта да аса қажет. Сондай-ақ, кәсіптік білім беру жағына да ерекше назар аударылып отыр. Өйткені, кәсіптік білім беру әлеуметтік салада лифт болуы тиіс.

Зияткерлік ұлт мәселесіне келсек, ол ғылым мен инновацияға байланысты. Біздің елімізде бұл қарқынды қолға алынып жатыр. Оған облыстар орталықтарында, бірқатар қалаларда зияткерлік мектептердің ашылып жатқандығы дәлел болады. Доктринаның барлық жеті факторында білім беруді дамыту қажеттігі көрсетілген. Енді съезде қабылданады деп отырған Доктринадағы мәселелерді орындауға барлығымыз өз үлесімізді қосқанымыз жөн демекпін.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫМәулен НҰРОВ,

«Нұр Отан» ХДП Алматы облысы, Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Партия Төрағасының жүргізген саясатына байланысты біздің ауданда да көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Саяси доктрина жобасы аудандағы 20 бас­тауыш ұйымда талқыланып, жиындар мен конференциялар өтті. Құжаттың ерекшелігі жөнінде жан-жақты әңгіме болды. Аудан бойынша партияның 3,5 мыңнан астам мүшесі бар. Филиал жеке ғимаратқа орналасқан. Аудандағы елді мекендер тұрғындарының «Нұр Отанға» деген көзқарасы ерекше. Партияны олар өз мұқтаждарын оң шешуге тікелей ықпал ететін саяси күш деп біледі.

Еліміздің болашағы – жастар. Осы мақсатта ауданда «Жас Отан» жастар қанатының филиалы жұмыс істейді. Жастар саясатын жүзеге асыруда үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Олардың барлығы партия филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты филиалының бірлесіп жасаған бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Жастардың шағын және орта бизнеспен айналысуына да жақсы жағдай жасалған. Араларында жеке кәсіпорын ашып, аудан экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқандары да баршылық.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген міндет-мақсаттарға үн қосып, оған көпшілікті жұмылдыру біздің парызымыз. Съезде қабылдануы тиіс партияның Саяси доктринасы Елбасымыздың жүргізіп келе жатқан саясатымен үндес деп білемін. Партия жиынынан көпшіліктің күтері мол. Ол баршамызды белестер мен биіктікті бағындыруға бас­тайды деп сенемін.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫАмангелді ЖАЛҒАСОВ,

Қостанай облысындағы «Ақ киік» ЖШС директоры:

– «Нұр Отан» партиясының бұған дейін өткен он екі съезіне делегат болып қатысқан едім. Міне, енді партияның кезектен тыс шақырылған XV съезіне де делегат ретінде келіп отырмын. Әр съезде талқыланып, алға қойылған жос­парлар толық орындалып келе жатыр деуге болады. Ал осы жолғы партия съезінің ең басты ерекшелігі «Нұр Отанның» жаңа Саяси доктринасы болмақ.

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен туындайтын келелі мәселелер мен Доктринаға қатысты жайларды ауылға барған соң көпшілік арасында насихаттап, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ниеттеніп отырмыз. Өйткені, қалың қауым партияның осы съезінен көптеген жаңалықтар мен жақсылықтар күтуде деп ойлаймын.

«Доктрина» деген сөздің мағынасы өте кең, өте ауқымды. Құжат жобасымен танысу барысында онда партияның алдағы кезеңдерде қандай мәселелерге баса назар аударылатындығы нақтыланған. Ол бірер жылғы ғана емес, ұзақ мерзімге арналған. Құжат сонысымен де құнды. Оның үстіне Доктринада ел дамуына негіз болатын салалардың барлығы қамтылып отыр. Мысалы, «Біздің негізгі құндылықтарымыз: Адам. Бостандық. Бірлік. Әділеттілік. Болашаққа ұмтылыс» деп көрсетілген.

Бұлардан шығатын қорытынды, Қазақстан азаматтарының барлығы үшін тең мүмкіндіктер болуын сақтау. Яғни, оларға бірдей мүмкіндіктер беріледі. Менің ойымша, бұл Доктринаның басты қағидатының бірі болса керек. Осы құжат жобасы партияның аудандық жиынында да талқыланды. Естуімізше, айтылған ұсыныстардың көпшілігі ескерілген сияқты. Жалпы, біздердің партияның бұл съезінен күтеріміз көп.

САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫМаксим СПОТКАЙ,

Омбы мемлекеттік университетінің студенті, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі:

– «Нұр Отан» партиясының басшылығына шынайы ризашылығымды білдіремін. Өйткені, партия жастардың шетелдерде оқып, білім алуына барлық жағдайды жасап келеді, сондай-ақ, жастардың түрлі іс-шараларға қатысып, тәжірибе жинақтауына үнемі қамқорлық көрсетіп отырады. Сондықтан біздер, жастар еліміздің ертеңі үшін Президентіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға атсалысуымыз керек.

Осы съезде партияның Саяси доктринасы қабылданады деген сенімдемін. Менің ойымша, партияның бұл съезі партия тарихында алғаш рет құрылтай ретінде өткелі отыр. Біз жақсы білеміз, қазақ халқы үшін құрылтай аса ауқымды әрі мәні зор оқиғалардың бірі болып табылады. Съезде талқыланатын ең басты мәселенің бірі – партияның жаңа Саяси доктринасы болса, екіншісі – Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сөйлейтін сөзі болмақ. Біз соны асыға күтудеміз.

Партия Төрағасы өзінің сөзінде барша қазақстандықтарға ортақ және қатысты міндеттер қойып, болашақта еліміздің дамуына бағытталған мақсаттарды белгілеп береді деген ойдамын. Қазіргі кезде мен Ресейдің Омбы қаласында оқып жүрмін. Бірақ, маған «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанаты қымбат. Себебі, мен алты жылдан бері «Жас Отан» жастар қанатының мүшесімін. Осы уақыт маған өмір мектебі болды.

Шетелде білім алып жүрген қазақстандық жас­тар аз емес. Олардың барлығы ертеңгі күні елімізге оралып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, өміршең бағдарламаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосады деген сенімдемін. Өйткені, мемлекет біздерді шетелдердің үздік жоғары оқу орындарында білім алуымызға қамқорлық жасауда. Біздер сол қамқорлықты естен шығармауымыз керек.

Жазып алған

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Жаңа доктринақазақстандық

Саяси жүйе үнемі түрлі ішкі және сыртқы әсерлер, құбылыстар, үрдістер мен күштер ықпалында болады. Сәйкесінше, міндеттерді тиімділікпен жүзеге асыруда деструктивті және тұрақсыздандыратын факторлардан сақтану керек.

Рефераты:  Техника подачи мяча в волейболе. Виды подач. — КиберПедия

Қазақстан Республикасының өзіне тән саяси жүйесінің қалыптасуына дейін елімізде үстемдік идеологиясына сүйенген бірпартиялық жүйе қалыптасқан еді. Қазақстандағы жаңғырту үдерістері барысында қажетті экономикалық өзгерістерді ұйымдастыру қоғамның саяси жүйесін реформалау шараларымен қатар жүрді.

Қазіргі заманғы саяси жүйенің талаптары мен сұраныстарын қанағаттандырудағы қалыптас­қан демократиялық қоғамның мыз­ғымас қажеттілігі орнын толтыруда саяси партиялар қызметінің рөлі жоғары. Сондықтан бүгінгі Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы жағдайында аталған азаматтық қоғам институтының саяси жүйедегі орны ерекше. Себебі, саяси партиялар мемлекет секілді саяси жүйенің негізгі институттары қатарында саналады.

Саяси партиялар ма­ңыз­­­дылы­ғы мен рөлі оның қо­ғамдағы орнымен қатар, аза­мат­тық қоғамды жетілдірудегі қыз­метімен де өлшенеді. Аза­мат­тық қоғамның кемелденуі қо­ғамдық дамудың барлық құрылымдарындағы қызметтің демократиялығы дәрежесімен өлшенеді. Бұл тұста мұндай шаралардың негізгі бастамашысы саналатын «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тиясының рөлі мен орны бөлек. Әлемдік қоғамдастық, отандық және шетелдік сарапшылар да партияның бүгінгі қызметіне жоғары баға беруде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, кезекті съезге Доктрина әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру да билік партиясының XXI ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін жүйеленген іргелі бағдарлама болғалы тұр. Осы мақсатта партия өз қызметін басты жеті бағытқа шоғырландырып үлгерді.

Доктринаны дайындау бо­йынша мәжілістерге партия Саяси кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. «Партия конституциясы» деп айдар таққан көптеген сарапшылар ойларына сай, аталған құжаттың келешегі осы азаматтар қолында болды.

Еліміздің жарқын болашағы бейнеленетін бағдарламада қазақстандық қоғамның төмен­дегі негізгі бағыттарына ба­сым­дық берілді: еңбек ету құқы­ғы, ынтымақтастық, отбасы құндылықтары және т.б. Доктрина Елбасының «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Қазақстан хал­қына Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда қазақстандықтарды жұ­мыл­дыратындығына күмән жоқ. Сондықтан жаңа тұжырым­да­маның негізгі қағидалары фи­лософиялық-дүниетанымдық саяси құжат екендігін танытып отыр.

Жаңа құжатта жаңа қазақстан­дық патриотизм бағыттарына басым назар аударылған. Бұл – аса маңызды мәселе. Өйткені, жаһандану дәуірінде ұлттық-мәдени құндылықтардың әлсі­реу қаупі бар кезде және жаһан­дық құндылықтар сал­ма­ғы артып тұрған тұста патрио­тизм белгілерін пысық­тау қажет екені анық. Қа­зір­гі қоғамда орын алып жат­қан трансформациялық үде­ріс­тер патриотизм мен оның мазмұнына өзгерістер енгіз­ген­дігін баршамыз білеміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын­да жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы басты мақсат қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылғандықтан, мемлекет, қоғам, ұлт ретіндегі өмір сүрудің айнымас шарттарын үнемі дамытып отыруға тиіспіз.

Жалпы, патриотты тәрбиелеу – отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар секілді әлеуметтік ор­таның нысандарының объектив­ті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік үдеріс. Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы – мемлекеттілікті бекі­тудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде жүріп, сая­си әлеуметтендірудің институттары арқылы өз бағыттарын айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Патриотизм сөзбен немесе кез келген шарамен емес, айналада болып жатқан жағдайларға байланысты қалыптасатындығын түсінген абзал. Егер олар дұрыс, жақсы өмір көрсе, егер еңбегі мен зейініне құрмет көрсетілгенін сезінсе, әлеуметтік жүйе әділетті жүрсе, жағымды пікір орнығады. Аталған қажеттіліктерді адамзат сезінбесе, қаншалықты әде­мі сөздер мен шаралар өт­кі­зіл­генімен, оның көзбояу­шы­лық екені анық сезіліп тұрады. Сондықтан Елбасы Жол­дауын­дағы басымдықтар еліміз үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің «алтын ға­сыры» кезеңінде көздеген мақ­саттарға міндетті түрде жет­кізетіндігіне және жаңа Доктрина стратегия­мен қатар 2050 жылға дейінгі даму идеологиясы болатынына Қазақстан халқы үлкен сенім артады.

Мұрат НАСИМОВ,

саяси ғылымдар кандидаты.

Смағұл бақытбек : 20.09.2021 ж. «нұр отан. нұрлы болашақ жолында» партия доктринасының «біздің құндылықтар» хдп «нұр отан»- өткізген конференциясында доклад істеді.

«Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» партия

доктринасының «Біздің құндылықтар»

бөлімі бойынша

Құрметті әріптестер !

Әр халықтың бақыт шекарасын айқындайтын сан түрлі өлшемдері бар десек біз үшін ол Тәуелсіздік. Азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың тәуелсіздік таңындағы 20 жылдан астам уақыттағы бүкіл жетістіктерінен өрлеуіміз, дамуымыз еліміздегі тұрақтылық пен тыныштылықтың уыздай ұйыған ынтымағымыздың арқасы. Осы орайда патриотизмнің орны ерекше. Қандай тәрбие дәнін сепсек, сондай жемісін көрмекпіз.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының пат­риоттық рухын көтеру болып табылады. Патриоттық тәрбие бе­рудің өзектілігі қоғамның рухани әлеуетін ны­ғайту қажеттілігіне негізделген. Ол «Нұр Отан» партиясы құрылған кезден бастап Елбасымыздың стратегиялық бастамаларына тірек болып келді. Бұл жолы «2050-стратегиясын» тиімді жүзеге асыруда өз рөлін айқындау мақсатында жаңа саяси доктрина әзірленді. Қазақстанның жаңа тарихында тұңғыш рет қабылданған осы саяси доктринада негізгі құндылықтар айқындалды.

Қазақ халқының арлы ұлы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген нақылды бүгінгі күні барлығымыз айтамыз. Отаншылдық, азаматтардың бойында қалыптасатын парасаттылық, білім мен еңбекке деген құштарлық – біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырда тек бір азаматтың ғана емес, тұтас ұлттық өркениеттік байлығы болып есептелетінін бәріміз көріп отырмыз.

Осы тұста халықаралық әрі әлеуметтік-экономикалық жетістіктер біздің елдің шынайы көрсеткіші бола ала ма деген сауал туындайды. Тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет қайраткерлері елдігімізді бүтіндеп, тәуелсіздігімізді берік етіп келеді. Бірақ алдымыздағы ұлы болашақ – алдыңғы отыз жылда елді одан да биік даму сатысына көтеретін бүгінгі жастардың, ертеңгі шешім қабылдайтын жауапты азаматтардың қолында. Осыны ескере отырып, бүгінгі күннен бастап жастарымызды отаншылдық, ұлтқа деген жанашырлық сезімге тәрбиелеу, бойындағы күш-жігер, қажыр-қайратын елдің даму жолына арнауға тәрбиелеу – белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырушы фактор ғана емес, ол мемлекеттік дәрежеде идеологиялық тармақтың игі мақсатта жұмыс істеп жатқандығының көрсеткіші.

«Қазақстан-2050 Даму стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарьаев атап өткен жаһандық өзгерістер ешбір елден шет қалмасы анық. Бүгіннің өзінде еліміз халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы ғана емес, сол үрдістен өзінің орнын қалыптастырып жатқан мемлекет ретінде танылып келеді. Мұның барлығы үлкен еңбектің жемісі екендігі анық. Екіншіден, мемлекеттің өзіндік жауапкершілігі. Қазіргі кезде білік кезенген емес, білімі ұшқыр мемлекеттердің жетекші елдердің тобында отырғанын көріп отырмыз. Білім саласындағы, әлемдік мәдениет пен өнер, техника мен заманауи инновациялық технологиялар, барлық жетістіктердің қайнар көзіндегі негізгі себеп – ол жасалынған жағдай мен сол жетістіктерді іске асырған азаматтардың бойындағы қоғамға пайдалы болғысы келетін мақсаты. Сол себепті, құрметті қауым, жастарды біз тек бүгінгі күніміздің қарапайым жастары ретінде емес, болашақ жасампаз елдің тұғыры деп қабылдаған күннен бастап сапалы өзгерістердің орын алатынын көреміз. Осы тұста елімізде жастарға жасалынған жағдай – тек экономикалық қолдаумен ғана емес, жастардың бойындағы креативтілік, жаңаға деген қызығушылығын қолдайтын идеологиялық астарлармен де тамырласып жатады.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру бүгінгі күні еліміздің демократия құндылықтарын қабылдаудың негізгі үлгісі. Бірақ азаматтық белсенділікті арттыру деп қоғамның этикалық құндылықтарына сай емес әрекеттерді істеп, адамгершілік, моральдық қасиеттерді жоятын қадамдарды емес, керісінше тарих қойнауынан, бабалардан бастау алатын ұлы мәдени, идеологиялық мұраларды жаңғырту арқылы, бүгінгі күннің жастардың бойында тек білім мен ғылымға деген ұмтылысты ғана емес, тарих арқылы мемлекетке деген құрметті, Отанға деген жанпидалықты тәрбиелеумен түсінуіміз қажет. Бабаларымыз әр тарихи кезеңде елге деген құрметті, жерге деген жауапкершілікті, халыққа деген, халық мұрасына деген махаббатты жастардың санасына ерекше сіңіре білген. Бүгінгі күнгі дамыған елдердің жасап жатқан саясаты осындай. Отаншылдық деп мен Қазақстанды жақсы көремін, ұлтымды жақсы көремін деген сөздерден аса алмайтын адамдарды емес, бірінші кезекте, білімдегі жетістігі арқылы елдің экономикасына, оның мәдени жаңғыруына қосып жатқан жастарды, спортта әлемнің халықаралық додаларында елдің туын желбіреткен майталмандарды айтамын.

Сөздің соңын бәрімізге ортақ құндылықпен аяқтағым келіп отыр. Серпінді даму жолына түскен біздің еліміз үшін — әр даму қадамы – жаңа тарих парақшасы. Жастарға айтарым – сол тарих парақшасында сіздердің де есімдеріңіз жазылсын. Бұл біздің елде жастайынан қайраткер азаматтардың бар екендігін көрсетіп қана қоймай, жасампаз ұлттың ортаазиялық моделін қалыптастырмақ. Бүгінгі күннің жетістігі – ертеңгі күнгі жарқын әрі бай-қуатты ғұмырдың негізі.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий