ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС КОММУНИКАЦИЯ Орындаған Ербөлекова А Науашева А

ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС КОММУНИКАЦИЯ Орындаған Ербөлекова А Науашева А Реферат
Содержание
  1. Дәрігердің науқаспен вербальды және вербальды емес қатынас.
  2. . Қорытынды: Вербальды және вербальды емес қарым- қатынастар медицинада қолдануы аса маңызды рөл ойнайтыны қазіргі таңда белгілі. Қазір мед
  3. Вербальды және вербальды емес ара қатынас дегеніміз адамдардың белгі жүйесі арқылы іске асырылып осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесу
  4. Вербальды қарым қатынас дегеніміз белгі жүйесі ретінде сөзді сөйлемдерді қолданулар жатады. Яғни табиғи фонетикалық белгілер тіл дыбыста
  5. Вербальды қарым-қатынаста дәрігердің өзіндік итикетті сақтай отырып олардың сөйлесу уақыт мерзімімен уақыт көлемі байланысты болу қажет.
  6. Вербальды емес қарым-қатынас сөзден басқа белгі жүйелер қосымша қолданылады. Оларға мыналар жатады: 1. Мимика. 2. Жест. 3. Поза дене қалыпы. 4. К
  7. Вербальды емес қарым-қатынаста дәрігердің науқас алдында өзінің сөзбен бірге науқасқа ыңғайлылық жағдай туғызу үшін жесттік, мимикалық, п
  8. Вербалды емес коммуникация орындаған ербөлекова а науашева а
  9. Вербальды емес қарым-қатынас – referat-zona.ru
  10. Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас – презентация, доклад, проект

Дәрігердің науқаспен вербальды және вербальды емес қатынас.

Орындаған: Беккулиев А.

Қабылдаған: Жолдасова К.

. Қорытынды: Вербальды және вербальды емес қарым- қатынастар медицинада қолдануы аса маңызды рөл ойнайтыны қазіргі таңда белгілі. Қазір мед

Қорытынды:

Вербальды және вербальды емес қарымқатынастар медицинада қолдануы аса маңызды

рөл ойнайтыны қазіргі таңда белгілі. Қазір

медицинада этика эстетика мен бірге

нормативтік нормаларға вербальды және

вербальды емес қарым-қатынастар кіреді. Осы

тұрғыда вербальды және вербальды емес

қарым-қатынасты қолдана отырып, науқас пен

дәрігердің арасындағы тіл табысуды жеңілдетіп,

оның ем алуына жақсы қолайлығын

арттырады.

Вербальды және вербальды емес ара қатынас дегеніміз адамдардың белгі жүйесі арқылы іске асырылып осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесу

болуы мүмкін.


Бұлардың әр қайсысында өзіне тән белгі

жүйелері болады. Бұл қатынастар

медицинада қолданылуы кең таралған. Ол

нақас пен дәрігерлер арасындағы сөздік

қарым қатынас және мимикалық қарым

қатынас болып есептеледі.

Вербальды қарым қатынас дегеніміз белгі жүйесі ретінде сөзді сөйлемдерді қолданулар жатады. Яғни табиғи фонетикалық белгілер тіл дыбыста

Вербальды қарым қатынас дегеніміз белгі

жүйесі ретінде сөзді сөйлемдерді

қолданулар жатады. Яғни табиғи

фонетикалық белгілер тіл дыбыстары. Бұл

әмбебап комуникативтік құрал ақпарат

алмасу кезінде оның мағынасы өзгермейді.


Сөз арқылы адамдар бір-бірімен ақпарат

алмаса алады. Өз ойын түсіндіруге

тырысады.

Вербальды қарым-қатынаста дәрігердің өзіндік итикетті сақтай отырып олардың сөйлесу уақыт мерзімімен уақыт көлемі байланысты болу қажет.

Көп түрде сөйлеу беру де маңызды болу

қажет емес. Вербальды қарым-қатынас түрінде

дәрігер алдын ала науқасқа не сөйлейтінін білу

қажетті. Адам психологиясын аңғарып, соған

байланысты оған бір игерімге келуі тиіс.


Дәрігердің сөздері салмақты болуға тиісті болуы

да тиімді болып келеді. Егерде дәрігер орынсыз

сөйлеп, орынсыз күле беретін болса, өз сөзінде

науқасқа көңілсіз жағдай туғызады.

Вербальды емес қарым-қатынас сөзден басқа белгі жүйелер қосымша қолданылады. Оларға мыналар жатады: 1. Мимика. 2. Жест. 3. Поза дене қалыпы. 4. К

Вербальды емес қарым-қатынас сөзден

басқа белгі жүйелер қосымша

қолданылады. Оларға мыналар жатады:

1. Мимика.

2. Жест.

3. Поза дене қалыпы.

4. Көз қарасы.

5. Дауыс ерекшеліктері.

Вербальды емес қарым-қатынаста дәрігердің науқас алдында өзінің сөзбен бірге науқасқа ыңғайлылық жағдай туғызу үшін жесттік, мимикалық, п

Вербальды емес қарым-қатынаста дәрігердің

науқас алдында өзінің сөзбен бірге науқасқа

ыңғайлылық жағдай туғызу үшін жесттік,

мимикалық, позалық тұрысында жөндік

шарттар науқаспен жақсы қарым қатынас

жасауда көмектеседі. Мысалы Европа елдерінде

дәрігер науқастың бөлмесіне кірген кезде,

науқастың көзіне қарап тұрып қалу 3-секунттан

аспауы керек деп есептейді. Егерде 3-секунттан

асып кетсе ол науқасқа қолайсыздық жағдай

туғызады деп саналады. Науқас өзін ыңғайсыз

өзін ыңғайсыз сезініп қалуы мүмкін.

Вербалды емес коммуникация орындаған ербөлекова а науашева а

ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС КОММУНИКАЦИЯ Орындаған: Ербөлекова А. Науашева А.

ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС КОММУНИКАЦИЯ Орындаған: Ербөлекова А. Науашева А.

Вербалды емес коммуникация - сөзсіз ақпарат алмасу болып табылады. Бұл – қимылдар, мимика, әртүрлі

Вербалды емес коммуникация – сөзсіз ақпарат алмасу болып табылады. Бұл – қимылдар, мимика, әртүрлі белгілер мен сигналдар жүйесі. Бұл тәсілдер аналогия арқылы әңгімелесу, кей кезде бірінші және екінші ретті немесе жасанды және табиғи тілдесу түрі деп атайды.

Барлық вербалды емес қарым-қатынастардың ішінен, біздің байланысымызда ең маңызды рөл ойнайтын бұл – қимыл

Барлық вербалды емес қарым-қатынастардың ішінен, біздің байланысымызда ең маңызды рөл ойнайтын бұл – қимыл мен мимка. Немесе оны басқаша айтқанда – дене тілі. Дене тілі – адамдардың сезімдері туралы көп айта алады. Дене тілі ақпарат алмасудың 4 түрінден тұрады: • Қимылдар • Мимика • Дене қимылы • Жанасу қарым-қатынасы

Рефераты:  Флоренцияколыбель итальянского Возрождения флоренция колыбель итальянского возрождения

ҚИМЫЛДАР. МИМИКА 1. Қимылдар - қолды белгілер арқылы пайдалану. Мысалы, бөлменің бір шетәнен қолды

ҚИМЫЛДАР. МИМИКА 1. Қимылдар – қолды белгілер арқылы пайдалану. Мысалы, бөлменің бір шетәнен қолды былғап, өзіңізге көңіл аударсаңыз болады. Қол шапалақтау да, сәлемдесу немесе алғыс білдірудің белгісі. 2. Мимика – бет арқылы сезімдерді көрсету. Бет бөлімдерінің қозғалысы арқылы, өзінің сезімдерін білдіре алады. Мысалы, қас көтеру арқылы – таңдану, ашулану, қорқыныш сезімдерін немесе сәлемдесуді білдіреді. Бет арқылы оқумен Аристотель айналысқан.

ДЕНЕ ҚИМЫЛЫ. ЖАНАСУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ. 3. Дене қимылы - өзін-өзі ұстау болып табылады. Егер адам

ДЕНЕ ҚИМЫЛЫ. ЖАНАСУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ. 3. Дене қимылы – өзін-өзі ұстау болып табылады. Егер адам еркін отырса, онда ол сөйлесіп отырған адамына сенімді екенін білдіреді. способ держать себя. Считается, что расслабленное положение свидетельствует о доверии к собеседнику. Дене арқылы берілген белгілер, бірінші кездесіде өте мағңызды болады. Мысалы, жұмысқа тұрар алдында, сұхбаттасу кезінде үстелде тіке отыру керек. Бұл сіздің жұмысқа деген қызығушылығыңызды көрсетеді. Және әңгімелесіп отырған адамның көзіне қарау қажет, бірақ қатты емес. 4. Жанасу қарым-қатынасы: жанасу, қағып қою және т. б. Адамдар арасындағы достық, қарым – қатиынастың дәрежесін білдіреді. Жақын адамдар арасында қарым-қатынастары құшақтасу, қағып қою арқылы біріне көрсетеді. Достық қатынастарда қол алысы, иығынан қағу.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста басқа да вербалды емес байланыс түрлері белгілі. Мысалы, киім мен әшекей

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста басқа да вербалды емес байланыс түрлері белгілі. Мысалы, киім мен әшекей бұйымдарды жатқызуға болады. Егер, қызметкер жұмысқа ерекше, салтанатты түрде киініп келсе, онда бүгін оның туған күні немесе маңызды кездесуі бар екенін аңғаруға болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС КОММУНИКАЦИЯ Орындаған Ербөлекова А Науашева А

Вербальды емес қарым-қатынас – referat-zona.ru

Жоспары:

1.Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі.

  1. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының жалпы сипаттамасы.

3.Кинестика және оның компоненттері. (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде.

4.Қарым-қатынастың кеңістік уақыттық ұйымдастырылуы.

5.Жеке адам аралық қарым-қатынастағы вербальды емес жүріс тұрыстың поли қызметтілігі

6.Адамның экспрессивті репертуары түсінігі.

  1. Вербальды емес қарым-қатынас өзара әрекеттестікпен топ аралық қарым-қатынастың ерекшелігінің көрсеткіші ретінде.

Лекцияның мақсаты: .Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі, вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының жалпы сипаттамасымен танысу.

Лекцияның мәтіні:Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.

Адам арасындағы қатынастардың түрі келесіндегі – жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама–қарсылықты және дау–дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата – анасын сыйлауы да, жеккөруі да мүмкін, өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді. Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама – қарсылық мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасындағы қарама – қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама – қарсылықты қатынастар бой тіктейді.

Адамдардың бір – біріне деген өшпенділігі болған жерде дау – дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.

Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір – біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс–әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.

Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әр – бір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатыстарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл – күйі айқындалып, алға қойылған мұрат – мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.

Рефераты:  «Сущность аксиоматического метода» (2019) ОМГА - заказать диплом в СПб - Examenna5/Рефераты-Скачать

Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл – остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.

Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоциональды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір – біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл – күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл – күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді – бүгінгітәп – тәуір сыйлы қатынас күн өтпей – ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.

Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар әдетте, көңіл – күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл – күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп атады, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.

Бірақ өмірде жеке қызмет қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады, екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызмет қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.

Қарама – қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір – бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау – дамайға бармайды. Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір – біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.

Қоғамдық – әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір – біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.

Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бүл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуына біраз қиналады.

Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен – бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін – бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір – бірінен бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдай да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс – әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.

Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірді сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін /сүйіспеншілік қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты – үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарысымды.

Рефераты:  Информационная открытость деятельности органов государственной власти: региональные практики – тема научной статьи по праву читайте бесплатно текст научно-исследовательской работы в электронной библиотеке КиберЛенинка

Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік үйлесімсіздік. Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін – бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасындағы біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте – бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарың кедергісіне айналады.

Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп – бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік – психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін – бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік – саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады. Өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетеді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.

Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық – әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән – мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.

Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме. Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіріледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой – өріс / сана– сезімі даму деңгейіне байланысты. Ақыл – есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілер мен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілеті керек етеді қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан – жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу.

Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама – қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.

Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым – қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.

Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой – сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан – жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана сезімі жетпей қалады.

Ада аралық қатынастар толық қалыптанып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізгі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде.

Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшеленеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі.

  1. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының жалпы сипаттамасы.

3.Кинестика және оның компоненттері. (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде.

4.Қарым-қатынастың кеңістік уақыттық ұйымдастырылуы.

5.Жеке адам аралық қарым-қатынастағы вербальды емес жүріс тұрыстың поли қызметтілігі

6.Адамның экспрессивті репертуары түсінігі.

  1. Вербальды емес қарым-қатынас өзара әрекеттестікпен топ аралық қарым-қатынастың ерекшелігінің көрсеткіші ретінде

Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас – презентация, доклад, проект

Яндекс.Метрика
Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий