Антибиотиктердің алыну жолдары | Скачать Реферат

Антибиотиктердің алыну жолдары | Скачать Реферат Реферат

Антибиотиктер

Антибиотиктер

Антибиотиктер
– тірі жануарлардың (бактериальді,
саңырауқұрақта, өсімдік және жануар
тектес) өміріне қажетті заттар (немесе
олардың синтетикалық аналогы немес 
жануарлардан алынады), олар басқа микроағзалар
мен ісіктік жасушалардың қызмет
атқаруын төмендетеді, инфекциялық 
және ісіктік ауруларды емдуе 
үшін қолданылады.

Рацоналды
антибиотикотерапияның принциптері

  1. қоздырушы идентификацияс және оның антибиотикограммасын оқу.

Барлық биологиялық 
сынамалар лабораторияға емдеу 
басталғанға дейін келіп түсуі 
керек.

  1. тиімді препараттарды төмендегілерді ескере отырып таңдау:

а) препараттың фармакокинетикасы 
мен фармакодинамикасын

б) макроағза ерекшеліктерін

Фармакокинетикалық 
аспект: препараттың инфекция ошғына
жете алуы және концентрацияның тиімті
деңгейін жасау. Прапараттың тіндік
барьерлерден өте алуы, құрсақ қжәне 
плевра қуысына шығуы, сүйектік немесе
бұлшықеттік тіндерде және теріасты
май қабатында  жиналуын білу қажет.
Фармакодинамикасын ескере отырып препаратты
таңтау үшін антибиотиктің  әсер ету 
спектрін білу және болжамды қоздырғышты 
ескере отырып препаратты таңдау қажет.

  1. препараттың тиімді  дозасын ұтымды жиілікпен енгізу. Орташа

терапевтикалық 
концентрация (ОТК), ереже бойынша 
минимальді басымдық концентрациядан
(МБК) 2-5 есеге артуы тиісті. МБК 
– бұл in vitro бөлінген қоздырғыш штамманың 
өсімін басатын концентрация.

 Енгізу 
жолы антибиотиктің биожетімдігімен, 
аурудың ауырлығымен, патологиялық 
процесстің локализациясымен анықталады.  

Бактерияға 
қарсы препараттардың көбісі үшін эффект
концентрация деңгейі мен қанда 
тұрақты концентрацияны ұстау уақытыны
байланысты. Қандағы препарат деңгейі 
тәулік аралығында елеулі ауытқымауы
қажет.

  1. тиімді антибиотерапияға кедергі болатын себептерді жою(инфекция-

ның локальді
ошағын шектеу, бөгде денелерді жою).

  1. емдеудің айтулы сауығцға жетуге дейінгі ұзақтығы, және де 3 тәулік

инфекция 
рецидивіне аулақ болу.

  1. емдеуге микробиологиялық бақылау жұргізу (ерте бақылау –

антибиотикотерапияның
3-4 күні; кеш бақылау – антибактериальді
терапияның аяқталуына 3-7 күн).

Антибиотиктердің 
жалпы жанама әсерлері

  • аллергиялық реакция
  • микроағзалардың антибиотиктерге төзімділігі
  • дисбактериоз және тексеру ретінде: -кандидоз,
    -бактериолизис реакциялары

-суперинфекция 
(эндогендік – сапрофиттер және 
экзогендік – патогендер)

-дәрумендер 
алмасуындағы бұзылу

  • токсикалық эффекттер (нейро-, нефро-, гепато-, гемато-, ото-токсикалық және басқалар).
  • Эмбриотоксикалық және тератогенділік.

Антибиотиктердің 
топтамасы

β-лактамдық антибиотиктер: бета –лактамдарының
молекулалық құрылысының негізінде олармен
антимикробтық белсенділігіне байланысты
төрт тармақты бета-лактамдық сақина жатыр.
Бета-лактамдық сақина белсенді емес пеницилландық
қышқылдардың құрылуыментүзілетін ферменттер
ериді. Бета-лактамдар химиялық құрылым
мен әсер ету механизмі тұрғысынан алғанда
фармокологиялық, клиникалық, иммунологиялық
эффекттермен (әсерлермен) белгілі ұқсастыққа
ие. Оларға келесі топтар жатады: пенициллиндер,
цефалоспориндер, монобактамдар, карбопенемдер.

Пенициллиндер: А) биологиялық синтез жолымен алынатын
пенициллиндер, препараттары (биосинтетикалық
пенициллиндер)

  • бензилпенициллиндік натрий тұзы
  • феноксиметилпенициллин (оспен, клиацил)
  • бензилпенициллин новокаинды тұз
  • бициллиндер

Б) жартылай синтетикалық

-пенициллиназотөзімді 

  • оксациллин
  • клоксациллин
  • диклосациллин
  • метициллин

-кең әсер 
етуші және пенициллазаға (аминопенициллиндер)
төзімсіз

  • ампициллин
  • амоксициллин
  • карбенициллин
  • тикарциллин
  • бакампициллин
  • пенамециллин
  • кариндациллин
  • карфециллин

В) пенициллиназаға
төзімді, комбинирленген препараттар

-2пенициллин 
құралатындар:

  • ампиокс (ампициллин оксациллин)
  • клонокам (ампициллин клоксациллин)

-пенициллиндер 
бета-лактамаз ингибиторларымен

  • ампициллин/Сульбактам (уназин)
  • амоксициллин/Клавуланды қышқыл («Аугментин», «Амоксиклав», «Кловацин», «Моксиклав», «Курам»)
  • ткарциллин/Клавуаланды қышқыл (Тиментин)
  • пипенациллин/Тазобактам (Тазоцин)

                                             
Цефалоспориндер

1 буын

2 буын

3 буын 

4 буын

  • цефалотин (Кефлин)
  • Цефазолин (Кефзол, рефлинцефамизин)
  • Цефалексин

(Кефлекс)

  • Цефамандол
  • Цефуросим (Кетоцеф, Зинацеф)
  • Цефуроксим- аксетил (зиннат)
  • Цефметазол
  • Цефотенан
  • Цефоклор
  • Цефотоксим (Клафоран)
  • Цефтриаксон (Лонгацеф, Роцефин)
  • Цефоперазон (Цефобид)
  • Цефтазидим (Фортум)
  • Цефтизоксим
  • Цефиксим (цефорал)
  • Цефтибутен (Цедекс)
  • Цефпиром (Кейтен)
  • Цефепим (максипим)
  • Цефклидин
  • Цефорозан
  • Цефкливин
  • Моксолактам (Латамокцеф)

-парентеральді
қолданылу; -преоральді қабылдау

Β-лактамоз
ингибиторлары мен цефалоспариндерден
тұратын перпараттар:

  • Цефоперезан/Сульбактам (Сульперазон)

Аминогликозидтер

1 буын

2 буын

3 буын

  • Стрептомицин
  • Неомицин
  • Мономицин
  • канамицин
  • гентомицин сульфаты (гарамицин)
  • Тобрамицин (Бруламицин, Небцин)
  • Сизомицин
  • Амикацин
  • Нетилмецин (нетромицин)

Макролидтер

Табиғи:

  • Эритромицин
  • Олеондомицин
  • Олететрин (тетраолеан)

Жартылай 
синтетикалық:

  • Рокситромицин (Рулид)
  • Азитромицин (Суммамед)
  • Джозамицин (Вильпрафен)
  • Кларитромицин (Клоцид)
  • Спиромицин (Ровамицин)
  • Мидекамецин (Макропен)

Антибиотиктердің әсер ету механизміне 
байланысты жіктелуі

І.
Бактерицидті препараттар

(жасуша қабырғасына 
және цитоплазмалық мембранаға 
әсет ететін)

  1. жасуша қабырға синтезінің ингибиторлары: пенициллиндер,

цефалоспариндер,
басқа да β-лактамды антибиотиктер,
ристомицин, циклосерин, бацитрин, ванкомицин,
римфамицин.

Фермент активтілігін
басатын, жасушаны негізгі каркастан 
айыра отырып, пептидогликандардың 
синтезіне қатысатын препараттар.

  1. цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын препараттар:

полимексины,
полиенді антибиотктер.  Бөлініп 
жатқан және тыныштықтағы жасушаларға 
әсер етеді.

  1. цитоплазмалық мембраналардың өткізгіштігін бұзатын және нуклеин

қышқылдары мен ақуыз синтезінің
ингибиторлары болатын препараттар:

аминогликозидтер,
грамицидин, хлорамфеникол.

Препараттар
бактерицидті және бактериостатикалық
әсер етеді. әсерін көрсететін нүкте 
– тыныңтықтағы және бөлініп жатқан
жасушалар.

ІІ.
Бактериостатикалық препараттар

(макромолекула 
синтезіне әсер ететін)

Нуклеин қышқылдары мен ақуыз синтезінің
ингибиторлары: хлорфеникол, тетрациклиндер, амкролидтер
(үлкен дозаларда қабылдаса, бактерицидті
әсер етеді), илнкомицин, клиндамицин,
фузидин және т.б.

Антибиотиктердің әсер ету спектріне 
байланысты жіктелуі:

  1. тар спектрлі антибиотиктер

А) тек 
қана грамм оң флораға әсер етуші:
бензилпенициллиндер,

жартылай 
синтетикалық пенициллиназотөзімді пенициллиндер,
1-інші цефалоспариндердің генерациясы,
макролидтер, линкомицин, ристомицин,
фузидин, ванкомицин.

Б) тек 
грамм теріс флораға әсер ететін:
полимексиндер, уреидопенииллиндер, монобактамдар.

  1. кең спектрлі антибиотиктер:
  • тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицитин,

аминопенициллиндер,
цефалоспариндер, карбопенемдер.

Антибиотиктердің жеке топтарына 
фармокологиялық мінездеме

Бета- лактамды антибиотиктер

Бета-лактамдардың
молекулярлы құрамының негізінде 
антимикробты белсендділік жатқан төртмүшелі
бета-лактамды сақина бар. Бета-лактамды
сақина бета-лактазалармен (микроағзалар
түзетін ферменттер) белсенді емес
пенициллан қышқылын түзе отырып ыдыратады.
Бета-лактамдар химиялық құрылысы,
әсер ету механизмі, фармокологиялық,
клиникалық иммунологиясы жағынан 
ұқсас болып келеді. Оарға келесі
топтарды жатқызуға болады: пенициллиндер,
цефалоспориндер, монобактамдар, карбапенемдер.

Пенициллиндер.

Пенициллиннің әсер ету механизмі олардың жасушалық
бактериялардың биосинтезін ингибирлеу
қабілетіне байланысты. Пенициллиндер
өсу фазасындағы микроағзаларға бактерицидтік
әсер етеді. Грамм оң бактерияларға әсер
етеді (лактаза бөлмейтін стафилококктар,
стрептококктар, пневмококктарға); грамм
теріс кокктар ( менингококктар, гонококктар),
дифтерия таяқшалары, коринобактериялар),
сібір жарасының таяқшалары, газды гангрена
қоздырғыштары, және кейбір анаэробтар
(клостридиялар, пептококктар), спирохеталар,
кейбр патогенді саңырауқұлақтар ( актиномицеттер).

Бензилпеницилдерге 
β- лактаза бөлетін ішек бактерияларының 
тұқымдасы, стафилококктардың штамы 
резистентті болып келеді. Беталактамазалар
– бұл бета-лактамды антибиотиктерді 
бұзатын микроағзалар түзетін ферменттер.

Фармакокинтека: биосинтетикалық пенициллиндер (ФАУ-пен-нен
басқа) қышқылды ортада төзімсіз, оларды
парентеральді және бұлшықетішілік енгізеді.
Бензилпенициллин натрийлілердің әсер
ету ұзақтығы  4-6 сағат, тәулігіне 4-6
рет енгізу керек. Новокаинды бензилпенициллин
тұзының әсерінің ұзақтығы 12-24 сағат.

Биосинтетикалық бензилпенициллиндердің
қолданылу көрсеткіштері:

Пневмониялар,
ангиналар, эндокардиттер, ревматизм,
скарлатина, менингит, гонорея, сифилис,
қайтымды тиф, газды гангрена, столбняк,
актиномикоз. Стафилококкты инфекцияларды 
және сифилисті емдеу үшін таңдау
препараты бензилпенициллин болып 
табылады.

Пенициллиндер
кең қолданылатын және жүктілік кезіндегі 
ең қауіпсіз антибиотик болып табылады.

Антибиотиктер — реферат

Антибиотиктер

Мақсаты:

1.Антибиотиктің ашылуы және медициналық практикада қолданылуы. 2.Антибиотик түзгіш продуценттер.

3.Антибиотик түрлеріне сипаттама.

Антибиотиктерді бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер жэне жоғарғы сатылы өсімдіктер түзеді. Алғашқы антибиотиктің ашылуы және оны медициналық практикада қолдану шотландық микробиолог Флеминг атына байланысты. Алғашқы ғылыми әдістемеге «антибиотик» терминін енгізген 1942 жылы Ваксман болатын. Қазіргі кезде 6000 антибиотикалық заттар белгілі,оның ішінде 3000 антибиотикті актиномицеттер түзеді. Сонымен қатар жаңа антибиотиктерді зерттеу әліде ізденіс үстінде. 1969- 1980ж.ж. аралығында өндірісте 40-60 жуық жаңа антибиотиктер ашылған. Сонымен қатар осы антибиотиктердің қасиеттері әліде зерттелуде.

Антибиотиктерге аминогликозид, тетрациклин, актиномициндер, макролиттер, анзамициндер жатады.

Аминогликозидтер тобына гликозидтік молекулалық байланыстагы актиномицеттер түзетін молекулалық байланыстар жатады. Аминогликозидтерге — стрептомициндер, неомициндер,канамицин, гентамицин, фортимицин жатады. Стрептомицин түзетін продуцент Зігеріошусез §гізеиз, неомицин түзетін продуцент Зігеріошусез Ғгаёеіа, канамицин түзетін продуцент 8ігер1ошусез капошусеіісиз, гентамицин түзетін продуцент Мікготопозрога ругругеа, фортимицин түзетін продуцент Мікготопозрога аііуеазіезрога деп аталады. Канамицин туберкулезге қарсы антибиотик. Бүлар стрептомицинге қараганда туберкулез қоздырғышына активті әсер етеді.

Тетрациклиндерге химиялық жағынан жақын әр түрлі қосылыстардағы эрі антибиотиктердің ықпалы кең ауқымды көптеген антибиотиктер жатады. Бұларды 2 түрге бөледі: 1. Хлоротетроциклин, продуценті 8ігер1отусез аигеаіасіепз. 2. Окситетроциклин, продуценті 8ігер1отусез туысына жататын гітозиз. Табиғи түрде химиялық модификацияға үшыраған түрлерінен тетроциклиннің антибиотикалық қасиеті өзгерген түрін алуға болады. Осындай молекуланың модификацияға үшыраған окситетроциклиннен оның жаңа түрін метоциклин, доксициклин, микоциклин алынған. Аталған бүл жаңа түрлері биологиялық, химиялық синтездеудің көмегімен алынған . Бүлар көптеген микроорганизмдер өсуін басып тастайды. Әсіресе тетроциклинге түрақты микроорганизмдердің өсуін тежейді.

Рефераты:  Проблемы межкультурной коммуникации в международных студенческих коллективах – тема научной статьи по наукам об образовании читайте бесплатно текст научно-исследовательской работы в электронной библиотеке КиберЛенинка

Бактериялардан антибиотиктерді алу

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті

Микробиология және биотехнология кафедрасы

«Микроорганизмдер биотехнологиясы»

пәні бойынша

Тақырыбы: Бактериялардан антибиотиктерді
алу

  Орындаған: 5B070100 «Биотехнология»

              мамандығының студенті

                       Игембаева М.К.

Тексерген: в.ғ.к., аға оқытушы Әкібеков Ө.С.

Астана – 2021

Мазмұны

 

Анықтамалар……………………………………………………………

3

 

Белгілеулер мен қысқартулар………………………………………………………

4

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………..

5

I

Негізгі бөлім……………………………………………………………………………….  

 

1.1     

Антибиотиктерге қысқаша сипаттама…………………………………………..

6

1.2     

Пенициллин ашу тарихы……………………………………………………………..

8

1.3     

Өнеркәсіптік  жағдайда  микроорганизмдердің  антибиотиктерге құралу
мүмкіндіктерін  жоғалтуы………………………………………………..

10

ІІ

Антибиотиктерді алу технологиясы

 

2.1     

Антибиотиктерді өнеркәсіпте алу………………………………………………..

12

2.2     

Антибиотиктерді өндірістік  алуы
және қолданылуы……………………

13

2.3     

Пенициллин антибиотигіне сипаттама…………………………………………

15

2.4     

Левомицетин қатарындағы антибиотиктерге
сипаттама……………….

17

2.5     

Левомицетин……………………………………………………………………………….

21

2.6    

Құрамында левомицетин болатын дәрілік препараттар…………………

23

2.7     

Дәрілік заттың адам ағзасына қолданудың
мақсаты……………………..

25

2.8     

Антибиотиктердің жағымсыз әсері………………………………………………

26

III

Қорытынды…………………………………………………………………………………

27

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………….

31

 

Қосымша……………………………………………………………………………………..

32

Анықтамалар

Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

Антибиотиктер – микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін
немесе оларды жойып жіберетін қабілеті
бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар,
бактериялар, актиномицеттер, жануарлар
мен өсімдіктер түзетін заттар. Антибиотиктер
микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының
екінші бір тобына қарама – қарсылық әрекетіне
негізделген. Микробтар өз тобынан өзге
топтарға «қарсы» болғанымен, өз тобындыларға
зиянсыз заттар бөліп шығарады. Әрбір
антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің
белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.

Хлортетрациклин – биомицин деп те аталады. Қоректік
ортада В12 витаминін түзе алады. Сары түсті,
кристалл ұнтақ, күн сәулесі түскенде
тез бүлініп кетеді. Бөлме температурасында,
қараңғы жерде ыдыста сақтағанда шипалық
қасиеті жойылмай, үш жылға дейін сақталады.

Стрептомицин – актиномицеттер тобының кейбір микроорганизмдері
түзетін антибиотик. Ақ түсті ұнтақ. Суда
жақсы ериді, әсер ету ауқымы кең антибиотик,
қышқылға төзімді. Өкпе ауруын (туберкулез),
менингитті қоздырғыштарға жойқын әсер
етеді.

Пеницилл (Penicillium) – гифомицеттер қатарына жататын саңырауқұлақтар
туысы; конидия ұстамдары жеке немесе
шоғырлана орналасқан, жоғарғы жағында
салалана шашақталған, онда түссіз немесе
ашық бояулы бір клеткалы конидиялары
тізілген. Пеницилдің кейбір түрлері қалталы
кезеңін құрайды, құрамында 250 түрі бар,
қоңыржай аймақтарға тараған. Ферменттер,
антибиотиктер, органикалық қышқылдар
алуда және сыр жасауда пайдаланылады.

Пенициллин – зең саңырауқұлағы түзетін, шипалық
антибиотик. 1943 жылдан өндірістік жолмен
шығарыла бастады. Шипалық мақсатта калий
тұздарында новокаин түрінде ерітіп қолданады.

Левомецитин — Бұл стрептомицеттен алынатын антибиотик.
Ол  әсер ету  спектрі жан-жақты, антибактериалдық 
препарат, ішектерде  жақсы  сорылады.

Белгілеулер мен қысқарулар

Осы курстық жұмыста келесі белгілеулер
мен қысқартулар қолданылды:

БТ – Биотехнология

МБ – Микробиология

МО – Микроорганизмдер

БМ – Биомицин

ХТ – Хлортетрациклик

СФ – Стафилококк

ДНҚ – Дезоксрибонуклейн қышқылы

РНҚ – Рибозануклейн қышқылы

Қ.о. – Қоректік орта

Кіріспе

Антибиотиктер (грекше anti — қарсы, bios-өмір) — өте аз 
концентрацияда микро  және макро тоғышарлар
организмін таңдаулы  түрде  жоятын,
әр түрлі организмдердің (саңырауқұлақтар,
бактериялар, жануарлар, өсімдіктер) өмір 
сүру  барысында  өндіретін биологиялық 
белсенді заттар.

«Антибиотик» термины  1942 жылы  қабылданды,  бірақ  ол 
үшін  үлкен және  күрделі  зерттеулер 
жүргізілді. Отандық  ғалымдардың 
бірі  Н.Н Благовещенский  1890 жылдарда 
көк іріңді  талшықтарды  жануарлардың
организміндегі  сібір жарасының  
бактерияларына  қарсы  қолдануды
ұсынды.  Бұл уақытта  бөлек  микробтарда 
антибиотикалық   заттардың  бар
екендігін  елестету  қисынсыз 
болатын. Сол  кезде  Р. Эммерих 
сол  заттарды алуға  талпыныс 
жасады. Көк реңді  талшықтан пиоцинозды
алу қолынан келді. 1989ж Н.Ф Гамалеямен 
бір уақытта сол микроорганизмнен пиоклостин
алды.

Кейіннен осы мәселеге  байланысты
көп  ашылулар жасалды, алайда                                                  
маса ерекше орынды А. Флемингтің еңбегі
алды. Ол Penecillium notatum саңырауқұлағының
өмірлік азыққа әсерін көрсетті. Содан
соң Х.В Флори мен Е.Б. Чейн бірлесіп сұйықтықтан
пенициллинді бөліп алды.

Антибиотиктерді зерттеуде советтік ғалымдар үлкен үлес
қосты, олардың ішінде  З.В Ермальев,
Г.Ф Гаузе және тағы басқа. Ветеринарияда
антибиотиктерді көптеген фармакологтар
зерттеді, бірақ маңыздырақ зерттеулерді
Н.И. Леонов, И.Е. Мозгов, Д.М. Гелони, В.А
Фортуш, П.Д. Евдокимов, В.М. Субботин, Г.В.
Ковалев жүргізген болатын.

Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі
олардың бір тобының екінші бір тобына
қарама – қарсылық әрекетіне негізделген.
Микробтар өз тобынан өзге топтарға «қарсы»
болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар
бөліп шығарады. Әрбір антибиотик тек
ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі
бір тобына ғана жойқын әсер етеді.

Аромат қатарының антибиотиктері  ретінде  тәжірибе
жүзінде  левомицетин  қолданылады.
Ол 1947  жылы актиномицет культурасының 
сұйығында  байқалған. Ал 1949  жылы 
оның құрылысы  анықталып, синтездік 
жолмен алынған. Левомицетинді өндірістік
көлемде шығарылған бірінші  антибиотик 
десе  де болады. Ол нитробензол 
туындысы. [4].

Мақсаты: Антибиотиктердің алу технологиясын
меңгеру.

Міндеті:

  • Антибиотиктерге қысқаша сипаттама беру;
  • Антибиотиктердің шығу тегіне қарай
    ажырату;
  • Антибиотиктердің алу технологиясына
    тоқталу;
  • Левомицетин антибиотигіне сипаттама беру, өнеркәсіпте алу

  технологиясына тоқталу;

  • Антибиотиктерді дәрілік зат ретінде қолдану.

І. Негізгі бөлім

1.1 Антибиотиктерге қысқаша 
сипаттама

Антибиотикалық  заттарды қолдану 
өте ертеде басталған. Осыдан 3500  жыл
бұрын  Қытайда көгерген  ірімшік, кейіннен 
көгерген  нанды  іріңді  жараларды 
емдеу  үщін  қолданылғаны  туралы 
деректер  бар. Антибиотиктердің 
ашылуына жуықтап  келген  орыс 
ғалымы А.Г.Полотебнов. Ол 1872  жылы пенициллиум 
саңырауқұлағының спораның көгінен  
дайындалған  ұнтақпен іріңді  жараны
емдегені  туралы хабарлаған. Бірақ,
антибиотик  эрасы және  және антибиотикотерапия
А.А.Флегмингтің  есімімен  байланысты.
Ол 1929 жылы пенициллиум  көгінен 
алынған микробтарға  қарсы әсер 
ететін  зат  туралы  хабарлады.
Ол  затты  тәжірибе  жүзінде 
іске  асыру  үшін  одан кейін 
де  ондаған  жылдар керек болды.
1940 жылы бірінші  рет Флори  мен Чейн 
химиялық таза  пинициллинді  алды.
Ал Ресейде таза  пенициллинді 1942 жылы
Ермольева  алды [6].

Қазіргі  кезде 4000–нан аса антибиотикалық заттар бөлетін
микроорганизмдер  туралы  деректер
бар. Медицина  мен малдәрігерлік салада 
60-қа  жуық антибиотиктер қолданылады.
Олардың  жаңа  түрлерін іздестіру
әрі  қарай  жалғасуда [1].

1-кесте – Антибиотиктердің қасиеттері

Антибиотиктердің 
классификациясын  беру  үшін  
олардың 4 қасиеттеріне сүйенген жөн:

Химиялық  құрылысына

Шығу  тегіне

Әсер ету  бағытына

Әсер ету  механизмдеріне.

2-кесте  ̶ Антибиотиктердің әсер ету бағыты

1

2

3

4

Микробтарға  қарсы  әсер  ететін

антибиотиктер

Микоздарға қарсы әсер ететін антибиотиктер

Ісіктерге  қарсы  белсенді антибиотиктер

Тоғышарға  қарсы әсер

ететін

антибиотиктер

3-кесте – Антибиотиктердің химиялық
құрылысы

Химиялық құрылыстары 
бойынша оларды 6 топқа бөлуге   болады:

 

Өкілдері

1.

Гетероциклді  құрылысы  бар 
антибиотиктер

пенициллиндер мен   цефалоспориндер

2.

Алициклді  құрылысы   бар 
антибиотиктер

Тетрациклиндер

3.

Гликозидтер мен

аминоглизодтер

гликозидтер, аминогликозидтер, макролидтер,
полиендер  және анзамициндер   жатады

4.

Ароматты  қатардағы

антибиотиктер

Левомицетин

5.

Антибиотиктер-полипептидтер

полимиксин, грамицидин

6.

Әр түрлі топтың өкілдері

Бұл топқа ісіктерге қарсы

қолданылатын антибиотиктер 
жатады.

4-кесте – Антибиотиктердің шығу тегі

Шығу  тегіне
қарай 4 топқа  бөлінеді:

  

1.

Саңырауқұлақтардың туындылары

пеницилиндер, цефалоспориндер;

актиномицеттерден,аминогликозидтер;
стрептомицеттерден, тетрациклиндер,

макролидтер, стрептомицин,

полиендер

2.

Бактериялардан  алынатын  

антибиотиктер

Полипептидтер

3.

Өсімдіктерден алынатын 

антибиотиктер

аренарин, иманин, хинин, сальвин

4.

Жануарлардың  тіндерінен

алынатын антибиотиктер

экмолин, интерферон, әр  түрлі сұйық 
заттар, лизоцим.

5-кесте — Антибиотиктерді түрлі
індеттерден дұрыс пайдалану кестесі

Рефераты:  Реферат - Обзор и анализ современных поисковых систем

Індеттер

Күнделікті антибиотиктер

Қордағы антибиотиктер

Стафилокктар

Пенициллин тетрациклин

Гентамицин

Сальмонеллездер

Пенициллин,неомицин

Левомицетин

Пастереллездер

Пенициллин, тетрациклин

Гентамицин

Микоплазмоз

Тетрациклин,  тилозин

           

1.2 Пенициллин ашу тарихы

Ағылшын микробиологы Александр Флемминг
(1881-1955) өзінің ғылыми жолын белгілі бактериолог   
Алмрот Райттың басшылығымен бірінші
дүние жүзілік  соғыс кезінде бастады.
Бұлардың екеуі де антисептиктердің көмегімен жауынгкерлердің
жарасындағы ауруларды емдеуге тырысты,
бірақ олар сәтсіздікке ұшырады. Флеммингтің 
өмір баянын жазушы бұл бірлесіп жүргізілген
жұмыс «белгілі дәрежеде Флеммингті 1922
жылы сілекейде болатын және микробтарды
ірітіп жіберетін фермент – лизоцимді
табуға әзірледі» деп жазады [3].

Мейірбике ісі кітап — орта медициналы жне фармацевтік ызметкерлерді даярлау жне айта даярлау жніндегі республикалы колледж мейірбике ісі негіздері — страница 10


Подборка по базе: Силлабус ОМ 3 курс МЕДИЦИНАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ.doc, әлеуметтік медициналық қызметтер.docx, Реферат медициналык апат.Джумакумова Акерке.docx, Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1).pdf, Жедел медициналық жәрдем 225 буйрык.docx, Саяси жүйелердің жіктелуі Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалы, Баишев жоғары медициналық колледжі.docx, Жедел ш__ыл медициналы_ ж_рдем. Жм 5 курс. 430 с_ра_.docx, Жеке медициналық қорапшалар , олардың құрамы..docx, 02.03.2021 Алғашқы медициналық көмек.ppt


Ескерту:

  • пластырьді 2 тәулік бойы алуға болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе;
  • пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.

Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
  4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.
  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
  6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.
  7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).
  8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.
  9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.
  10. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

  • суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;
  • суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.

Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Даярлаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқатаңдаңыз.
  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті наукасқа түсіндіріңіз.
  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
  6. Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.
  7. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзын бойлық жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.
  8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
  9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.

Майлы таңғышты орындау
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, дәрігер тағайындаған майды, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
  3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
  4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы жағдайды көмектесіңіз.
  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
  6. Шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.
  7. Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабатты мақта қойыңыз.
  8. Салфетканы маймен, дәкемен немесе түтікті бинтпен ораңыз.
  9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
  10. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
  11. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
  12. Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.

Теріге майды жағу
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік майын, залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
  2. Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.
  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
  6. Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.
  7. Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).
  8. Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.
  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
  11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.

Теріге майды сылап жағу
Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.
  3. Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.
  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.
  5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.
  6. Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.
  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
  8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
  9. Арнайы құралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).
  10. Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.
  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
  12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:

  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;
  • егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;
  • науқасты қолын майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.

Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.
  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.
  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
  5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
  6. Науқастың терісін ұқыптап сумен сабынмен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
  7. Теріге қажет мөлшеріндегі дәрілік ерітіндіні арнайы құралдармен жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).
  8. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.
  9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
  10. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Рефераты:  Правовые основания и организация прокурорского надзора за соблюдением законодательства о несовершеннолетних | Контрольная работа - бесплатно

Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, 70% спиртті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, спиртке ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен тазартыңыз.
  2. Қолынызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
  3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.
  4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.
  5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.
  6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын саусақпен үйкенкіреп бекітіңіз.
  7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.
  8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
Максаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, 70% спиртті, егеуішті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.
  2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз.
  3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңіз, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
  4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).
  5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз.
  6. Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
  7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен азырақ кесіңіз.
  8. Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзінен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
  9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз.
  10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.
  11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.
  12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.
  13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.
  14. Шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстап, ауасын шығарыңыз. Шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлінеді (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).
  15. Оң колдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстаңыз, ауаны және аз дәріні ығыстырып шығарыңыз. Шприцте ауа жоқтығын тексеріп. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.
  16. Шприцті дәрлік ерітіндісімен ораудың ішкі бетіне салыңыз.
  17. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, 70 спиртті, лотокті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.
  2. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
  3. Флакондағы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз және сыртқы көрінісін анықтаңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.
  4. Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.
  5. Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.
  6. Шприцті 90 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 мл енгізіңіз.
  7. Флаконнын түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
  8. Шприцті сорып алған дәрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.
  9. Шприцті тік қалыпта алып, V саусақты – поршенде, II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны шығарып, шприцтің инесінен қорғаныш қақпағын алмай 1-2 тамшы ерітінді ине арқылы бөлінуі қажет.
  10. Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.
  11. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: антибиотиктерді езгенде № 1,2,3,4,5 пунктерді қараңыз.

  1. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен ерткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).
  2. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті ерткішпен алыңыз.
  3. Шприцті 90 бұрышпен ұстай отыра, флаконнын ортасындағы тығынды тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.
  4. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай флаконды бірнеше рет сілкіңіз, антибиотик толық ергенше.
  5. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, антибиоткті тағайындалған дозада сорып алыңыз.
  6. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.
  7. Дайындалған шприцті және спирттелген шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.
  8. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД.

  1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:
  • 500.000 ЕД : 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);
  • 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде).
  1. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.
  • 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

  • 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий