“Қарғыс алған адам жиі бастырылады”: Дінтанушы жолы болмайтын адамдардың басты қателігін атады | NUR.KZ

"Қарғыс алған адам жиі бастырылады": Дінтанушы жолы болмайтын адамдардың басты қателігін атады | NUR.KZ Реферат

"зорлағанын қалаймын": күйеуіне төсекте көңілі толмайтын әйел сырын ашты | nur.kz

Қостанайлық Марина есімді келіншек жұбайының өзін төсекте зорлағанын қалайтынын айтып, сырын ашты. Ол студент күнінде орыс жігіттерінен алған естен кетпес ләззатты күйеуімен де бөліскісі келетінін сөз етті деп жазады Алаш айнасы басылымына сілтеме жасаған referat-zona.ru.

Күйеуінің зорлағанын қалайтын айтқан келіншек жан сырын ақтарды
Фото: mysovets.ru: UGC

Келіншектің айтуынша, студент кезінде ол Бахтияр есімді жігітпен кездесіп жүрген. Алайда бойжеткеннің қыңыр мінезі екеуінің ара-қатынасына жиі сызат түсіруге себеп болыпты.

“Үшінші курста оқып жүргенде жігітім Бахтиярмен жағажайға барып шомылып қайтуға уағдаластық. Түс кезінде барамыз деп келіскенбіз. Алайда ол институтта бөгеліп, жатақханаға түс ауа келді.

Мен оның кешіккеніне реніш білдіріп, сөзге келіп қалдық. “Енді бармаймын” деп отырып алдым.

Кейіннен ашуым тарқаған соң келістім. Біз ырың-жырың боп, жағажайға барғанымызша сағат кешкі жеті шамасы болды”, – деп баяндады әңгімесін ол.

Кейін олар жағажайда жүріп жігітімен қайта ренжісіп қалғанын айтты. Бұл жолы қыздың мінезіне шыдамаған Бахтияр ештеңеге қарамастан бұрылып кете барған.

Мұны байқаған Марина тырп етпестен бір орында отыра берген екен. Біраздан кейін ол кеш түскенін байқап, бірден үйге жинала бастайды. Дәл сол сәтте әлдекімнің дауысы естілген.

“Ту сыртымнан біреудің «көмек қажет емес пе?» деген дауысын есітіп бұрылдым. Қарасам, әдеміше келген орыс тілді қазақ жігіті тұр екен. Мен көмек қажет емес екенін айтып, заттарымды жинап, жүре бергенімде, «сіз қорықпаңыз мен де ВТУЗ-да оқимын» деді.

“Тимур” деп қолын созды, мен де қолымды ұсындым. Таныстықтан соң Тимур достарымен бірге екенін айтып, көлікпен жеткізіп тастайын деп ұсыныс жасады.

Мен жоқ деп көнбедім. Алайда Тимур қояр да қоймай мені анадай жерде тұрған машинаға алып барды”, – дейді әйел.

Әйелдің айтуынша, көліктің ішінде екі орыс жігіт отырған. Тимур қызды достарымен таныстырып, жатақханаға апарып тастауға уәде беріпті.

Бойжеткен жігіттің сөзіне көніп, көлікке міне кеткен. Артынша жігіттер әлденені сылтау етіп, қызды шарап ішуге көндіреді.

“Тимур досының бірінің туған күні екенін тілге тиек етіп, өздері ішіп отырған шараптан құйып, ұсынды. Мен ішпеймін деп қарсыласқаныммен жігіттер қаумалап қоймады. «Осы бір стаканды қалдырмай ішіп қойсаң, қайта ұсынбаймыз» деді. Қорқыныш па, әйтеуір жігіттердің сөзін жерге тастамай соңына дейін іштім. Сонан соң Тимур танысқанымыз үшін ішейік деп тағы бір стакан шарап құйды. Үшінші жігіт үшін үшінші стаканды тауыстым”, – деді ол.

Шарапқа масайып қалған қыз Тимурмен көліктің артқы орнына жайғасқан сәтте жігіт ойына алған арам пиғылын іске асырады. Ал қыздың оған қарсыласуға күші жетпеген.

Келіншек Тимурдан бөлек екі орыс жігіт те одан дәмелі болғанын айтты. Бірінің артынан бірі келіп, қызды зорлай бастаған.

“Мен орнымнан тұрам дегенше жігіттердің біреуі тарпа бас салды. Екіншісі де дегенін істеді. Содан кейін үшінші жігіт те айызын қандырды. Одан кейін де кезектесіп тағы бір-бір реттен келді. Сонан соң жатақханаға әкеліп тастап кетті”, – дейді ол.

Өз дегендеріне жеткен жігіттер “уәде еткендей” қызды жатақханасына апарып тастаған. Бірақ қыз бұл жағдайдан кейін өзін-өзі жегідей жемегенін, өкініш сезімі болмағанын алға тартты.

“Бұл туралы ешкімге тіс жармадым. Бірақ, неге екенін қайдам, менде жанды жейтіндей өкініш сезімі болған жоқ. Керісінше, сол жайлы ойласам, қандай да бір рахат сезімі пайда болатынды шығарды. Арадан біраз уақыт өткен соң ол жайлы ұмыттым”, – деді ол.

Марина оқу бітірген соң басқа ер азаматқа тұрмысқа шыққан. Оның айтуынша, өзінің күйеуіне көңілі толады, бірақ төсекте ләззат ала алмайды екен. Ара-тұра сол бір жігіттермен өткізген түнді аңсайтынын да жасырмады.

“Күйеуім көңілімнен шығады. Сыйластығымыз жақсы. Алайда, соңғы кезде бойымда бір жаман әдеттің пайда болғанын сезініп жүрмін. Төсекте ләззат ала алмайтын болдым, зорлықты қалап тұрамын. Бірақ күйеуіме “зорлық жасашы” деп қалай айтам?! Бұл сол бір оқиғаның салдары ма екен? Жоқ әлде менде қандай да бір ауытқушылық пайда болған ба? Әлде бұл ауру ма? Мұндай күйден қалай құтылуға болады? Соңғы кездері басым қатты…”, – дейді Марина өз хатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://referat-zona.ru/1787396-zorlaganyn-kalajmyn-kjeuine-tsekte-kili-tolmajtyn-jel-syryn-asty.html

"қарғыс алған адам жиі бастырылады": дінтанушы жолы болмайтын адамдардың басты қателігін атады | nur.kz

Фото
Фото: kerek-info.kz/Facebook

Белгілі дінтанушы әрі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы адамдардың жиі бастырылуына не себеп болатынын айтты. Имамның мәліметінше, бастырылу тек қана ішіне жын кірген адамдарға тән емес деп жазады referat-zona.ru.

“Бастырылуды көпшілік жаман іс жасағанда, тазаланбай жүргенде, шаршағанда болады деп біледі. Бұл да қате емес. Ал бастырылудың ең басты себептерінің бірі – қарғыс алу. Осыны көп ешкім ойлай бермейді.

Егер біреудің ала жібін аттап, жиі ұрлық жасап, басқаның көз жасына, ата-анаңның қарғысына қалсаң – бастырыласың.

Өзгені көп алдайтын, қулық-сұмдықпен, арамдықпен өмір сүретін, біреуді жазықсыз жылататын адам да көп бастырылады.

Бірде жас ортасындағы кісі дем салып беруімді өтініп, хабарласа берді. Бастырылып қала беретінін айтты. Жиі өтінген соң, кездестім. “Отбасың бар ма?” деп сұрадым. Бір қызығы, 48 жастағы кісінің жанұясы жоқ екен. Әрине, елуді алқымдаған адамның бала-шағасыз болғаны маған біртүрлі көрінді. Сұрастыра білсем, төрт рет үйленіп, ажырасқан екен. Төрт әйелінен де бақыт таппаған, әр әйелімен бірге балалары да кеткен. Осыдан соң, бастырылу да басталады.

Рефераты:  «Семья и здоровый образ жизни»

Әрине, төрт әйел мен бала-шағаның көз жасы, қарғысы жібермейді. Сондықтан, әлгі адамның жолы да болмайды.

Осы орайда, жолым ашылмай жүр дегендерге айтарым осы. Бастырылып қалсаңыздар, себебін әріден іздеңіздер. Біреуді ренжітіп, әлдекімнің ақысын жеген шығарсыздар. Қарғыс алмай, алғыс алуға тырысыңыздар. Ал егер мұның бәрі жоқ болса, бастырылу себебі жыннан болады”, – дейді дінтанушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://referat-zona.ru/society/1927477-qargys-algan-adam-zii-bastyrylady-dintanusy-zoly-bolmaityn-adamdardyn-basty-qateligin-atady/

Зиратқа барғанда не істеуге болмайды – мүфтият кеңесі

Қазақстан имамдарының соңғы форумында “Зират және зиярат мәдениеті” атты құжат қабылданды. Онда зиярат жасаудың әдебі мен тәртібі туралы жазылған. Sputnik Қазақстан осы діни рәсімге қатысты мүфтияттың негізгі кеңестерін ұсынады.

Шариғат бойынша қабірді зиярат жасау мұсылман үшін сауапты іске жатады. Зиратқа кірген кісінің “Йасин” сүресін оқып, сауабын марқұмдарға бағыштауы – сүннет. Ол қабір иелеріне жеңілдік береді.

“Ал арнайы зиярат мақсатымен барғанда егер білсе “Фатиха” сүресін, “Бақара” сүресінің алғашқы 5 аятын, “Аятүл курсиді”, “Мүлк” сүресін, “Тәкәсур” сүресін, “Ықылас”, “Фәлақ”, “Нас” сүрелерін немесе білетін сүрелерді оқып, соңында: “Уа, Алла Тағалам, осы оқыған қасиетті аяттардың сауабын (тегі, аты, әкесінің есімі) деген пендеңе бағыштадым, қабыл ете гөр” деп дұға жасаса сауабы тиеді”, – дейді имамдар.

Оқылған Құранның сауабын сондай-ақ Мұхаммед пайғамбарымызға, барша марқұм болған мұсылмандардың рухына бағыштаған дұрыс. Марқұмның өз есімі мен әкесінің атын айтқан абзал. Зиярат жасау кезінде тұрып та, отырып та дұға етуге болады. Құранды оқығанда жүзді Құбылаға қаратып,  дұрыс әрі сауатты оқу керек. 

Шариғат бойынша тыйым салынған амалдар да бар. Олар:

  • қабір басында ұйықтамау, дәрет сындырмау, ойнап-күлмеу, әзілдеп-қылжақтамау;
  • зират маңында пайдасыз, бос сөздер айтпау;
  • қабір басында намаз оқымау, құлшылық жасамау, оны айналып тауап етпеу;
  • қабірде жатқан кісіге табынбау;
  • қабір басындағы ағаштарды сындырмау, шөпті жұлмау (тазалық мақсатында қураған ағаштарды кесуге, шөбін оруға болады);
  • зират ішінде ішімдік ішу, темекі шегу, насыбай ату сынды жөнсіз істер жасамау;
  • Зираттағы кесенені мешітке айналдырмау, онда құлшылық жасамау;
  • қабірлерді сипамау, тауап жасап айналмау.

Зиярат жасаудың арнайы уақыты жоқ. Аптаның кез келген күнінде зиярат жасауға рұқсат. Бірақ дәрет алып бару қажет.

Сосын қорымға кіргенде барлық қабір иесіне Алладан рақым тілеп сәлем берілуге тиіс.

“Уа, муминдер мен мұсылмандардан болған қауым! Алла бізден бұрын дүние салғандарға және бізден кейін бақилық болатындарға рақым етсін! Алладан өзіме де, сіздерге де есендік тілеймін! “, – деп сәлем берген жөн.

Әйелдердің зиярат жасауына қатысты бірнеше шарт бар. Олар:

  • қабір зияраты ниетімен шыққанда, сәнденбеу, иіс су себінбеу;
  • шариғат талаптарына сай (ұзын етек, ұзын жең, орамал тағу) киіну;
  • қабір басында ұстамдылық таныту, дауыс шығарып жыламау, орынсыз сөйлемеу, дауыс көтермеу;
  • зиярат барысында бөгде ер азаматтармен араласып жүрмеу, әдеп сақтау;
  • қабірді зиярат ету үшін күйеуінің рұқсатын алу (тұрмыс құрған әйелдер үшін).
Рефераты:  реферат - Оборудование для диагностики ходовой части автомобиля.

Айта кетейік, “Зират және зиярат мәдениеті” құжаты Қазақстанда зираттарды тұрғызудың әрі оларды зиярат етудің үрдісін бір ізге келтіріп, өзіндік мәдениетін қалыптастыру мақсатында әзірленген  болатын. Ал ондағы шарттар Ислам діні мен ата-бабаларымыздың озық дәстүрлеріне негізделген.

Фото: Sputnik / Тимур Ниталиев.

Көкөністерден тамақ дайындау

Амирова Айжан Амантаевна,

Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектептің

Технология пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы

Сабақтың тақырыбы: Көкөністерден тамақ дайындау

Сабақтың мақсаты:оқушыларға көкөністен дайындалатын тағам ерекшеліктерімен соның ішінде орам жапырақ шницель дайындалу ерекшелігімен таныстыру.

Білімділік: көкөністерден дайындалатын тағамдардың адам ағзасына сіңімділігі мен дайындау жолдары жөнінде түсінік беру.

Дамытушылығы:көкөністерден дайындалатын тағамдардың жасалу әдістерін дамыту.

Тәрбиелігі:көкөніс тағамдарын дайындап қана қоймай ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: демонстрациялық сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, демонстрация, ассоциация, практикалық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: көкөніс тағамдарының түрлерінен буклет, муляждар, технологиялық карточкалар.

Керекті құрал-жабдықтар: кастрюль, асханалық пышақ,таба, көкөніс кесетін тақтай, асханалық пышақ.

Керекті азық-түліктер: орамжапырақ, ұн, жұмыртқа, кепкен нан, май.

Пәнаралық байланыс: химия, биология, математика, валеология.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың жеке бас тазалығын, арнаулы киімдерін тексеріп түгендеу.

2. Оқушылардың жұмыс барысында техника қауіпсіздігін еске түсіру.

ІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін көкөніс тағамдарының қыздырып өңдеу әдісіне қарай бөлінуіне ассоциация жасайық:

Қуырылған, бұқтырылған, пісірілген, қыздырып пісірілген.

ІІІ. Матаның ашу кезеңі.

Жаңа сабақты баяндау. Көкөніс тағамдары адам ағзасына қажетті, минералды заттарға, органикалық қышқылдарға өте бай. Көкөністерден әртүрлі ІІ-тағамдар, гарнирлер дайындалады. Тағам дайындауға арналған көкөністер кулинарлық-механикалық өңдеулерден кейін бірден, жылулық өңдеуден өтеді,себебі сопталу барысында салып, құрамындағы С дәрумені бұзылады.Осы тағамдардың ішінен қолымыздағы бар азықтарды, құрал-жабдықтарды пайдалана отырып,мына тағамдардың дайындалу технологиясын үйренейік.Мұғалім төмендегі тағамдардың дайындалу технологиясына демонстрация жасайды.

ІV. Топпен жұмыс.

І. Орамжапырақ тобы: «Орамжапырақтан шницель» тағамын дайындайды.

ІІ. Асқабақ тобы: «Асқабақтан құймақ» тағамын дайындайды.

ІІІ. Картоп тобы: «Картоптан крокет » тағамын дайындайды.

V. Бақылаулар:

1. Техника қауіпсіздік ережесін сақтауды бақылау.

2. Технологиялық нұсқаның сақтауын бақылау.

3. Тағамдардың эстетикалық әрлеуін салыстыру.

4. Ұсынылған тағамдардың дәмін көру.

VІ. Жаңа тақырып бекіту сұрақтары:

1.Фритюрде қуыру дегеніміз не ?

2.Бұқтырып пісіру дегеніміз не ?(тушить)

3. Қыздырып пісіру дегеніміз не?(запекать)

4. Шала қуыру?(пассеровать)

5. Қайнатып пісіру?(варка)

VІІ. Сабақты қорыту.

Жұмыстың орындалу сапасына қарай оқушыларға баға қойылады.Жақсы орындағандарын мақтайды. Сапасыз орындағандарға түзету жасайды.Оқушыларға сапалы орындауға кеңес береді.

VІІІ. Үйге тапсырма. Дайындалған тағамдарға техникалық сызба жасау. Келесі сабаққа дайындық. 125-128 беттер.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий