Баяндама «Балалар кітапханаларында о?ырмандар?а ?ызмет к?рсетудегі ?арым-?атынас аспектілері ж?не оны шешу жолдары» — всем учителям, прочее

Лиро-эпос жырлары – ауыз әдебиетінің сүбелі туындысы — реферат

Қыз Жібек дастаны – жыр жауһары

«Қыз Жібек» — қазақ халқының

Даналығы туғызған асыл

Жырлардың бірі. Мұны эпикалық

Суреттеу өнерінің ең жетілген кемел

Нұсқасы десе де болады.

Р. Бердібаев

        Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім

Лиро-эпос жырлары – ауыз әдебиетінің сүбелі туындысы

  1. Негізгі бөлім

Қыз Жібек эпосы – махаббат еркіндігі, сезімнің бостандығы

А) жырдағы қазақ халқының тұрмыс тіршілігі

Ә) рухани байлыққа айналған эпос ерекшелігі

3.           қорытынды бөлім

Мәңгілік дастан

«Махаббатсыз дүние бос» деп Абай атамыз айтып кеткендей, бұл жаһанда ғашықтық пен сүйіспеншіліксіз өмір сүру мүмкін емес. Махаббат жайлы талай ақын-жазушыларымыз сөз майын тауысып қарапайым тіл арқылы біздің жүрегімізге жеткізген әрбір шығармасы  қазынамен тең. Ғашықтық жырлар – ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынасы. Қос ғашықтың сол заманғы көшпелі қазақ қауымының салт-санасына, тұрмыс-тіршілігіне төтеп бере алмауы, кіршіксіз таза махаббаты мен қайғылы тағдыры қай адамның болсын көзіне жас үймелетеді. Лиро-эпостық жырлардың ерешелігі де, көркемдік қасиеті де осында. Классикалық дәрежеге көтерілген сүбелі туындылар қоғамның сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын, философиясын жинақтайды. Бұл шығармалардың лиро-эпос деп аталуының мәні сонда жатыр. Оның ішінде ел аузындағысы да бар, қөп білмейтін, бірақ келісті сюжетті қамтитын туындылар да жеткілікті.                        Соның ішінде махаббат гимні аталған, еңкейген кәрісі мен ақыл тоқтатқан балаға дейін білетін лиро-эпостық жыр «Қыз Жібекті» бөліп қарауға болады. Себебі бұл поэма қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі. Ауыздан-ауызға тараған соң бұл жырдың нұсқалары көп. Алайда Жүсіпбек Қожа Шайқұлнисламұлының нұсқасы ең өзгешесі, ең бір толығы мен көркемі.

Басында менен жайылды,

Қисса болып бұл Жібек.

Баспасына қарасам,

Бәрі шала сөзінің,

Еңіреп, жылап жүр жүдеп

Рефераты:  Реферат: Владимир Мономах-политик и мыслитель Киевской Руси - История

Қисынсыз болған сөздері, —

Дейді орындаушы ақын өзінің кіріспе сөзінде. «Қыз Жібек» дастанының тілі бай екені, композициясы тыңдаушыны қызықтырып отырарлық болып шебер құрылғаны шығарманың басталуынан байқалады. Жырдағы адамдардың мінезінен, әрекетінен көшпелі тұрмыстың шаруашылық, көп әдет-ғұрпын, түрлі нанымдарын көреміз.бұл мотивтер жырдың сюжетіне нық байланысты болып келіп, тартыс оқиғаларын көп өрнек, кестелермен түрлендіріп отырады. Жыр қазақтың өткендегі көшпелі тұрмысының мол айнасы сияқты. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, «Қыз Жібек» жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі — сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек. Алайда бұл жырда Төлеген әкесінен бата алмай, оның айтқанына келіспеуінен, үлкеннің сөзін тыңдамаған соң, екінші жағынан Жібектің тыйымын елемегені үшін мерт болды деуге болады. яғни қазақтың әдет-ғұрпында әкесінен бата алмаған баланың жолы болмайды деседі. Бұл жерде де қазақ халқының наным-сенімге беріктігі жоғары айқындалады.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий