👉 Эмоциялық интеллект

👉 Эмоциялық интеллект Реферат

Өзіңді білесің бе?

Эмоционалдық интеллект біздің өміріміздің барлық салаларында қолданылады. Бірақ бұл тиімді болуы үшін, біз алдымен, біз белгілі бір жолмен әрекет немесе ойлаймын, сондықтан өзінің және мінез-құлық кейбір хабардар болуы тиіс.

Өзіңізге «Неліктен мұны істедім?» Немесе «Неліктен мен неге сенемін?» Сияқты сұрақтар қойыңыз. Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды анықтауға, өзіңіздің қасиеттеріңізді көрсетуге және сіздің өміріңіздің шебері екеніңізді түсінуге тырысыңыз, сондықтан бақытты болуыңыз үшін жауапты жалғыз адам.

Оңтайлы болыңыз

Сіз неғұрлым оптимистік сіз болсаңыз, табыс пен бақытқа жету оңайырақ болады. Оптимистік болу үшін өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді ғана емес, басқалардың да мүмкіндіктерін тануыңыз керек.

Күнделікті өмірде туындауы мүмкін барлық қиын жағдайлардың барлығын жасауға тырысыңыз, юмор сезімін мүмкіндігінше қолданыңыз және қиындық – адам ретінде өсетін мүмкіндік екеніне көз жеткізіңіз.

Қызығушылығын ойлаңыз

көп нәрсе, идеялар, тұжырымдамалар мен тәжірибе қабылдауға қабілетті Ашық ақыл, ол эмоциялық интеллект басқару біледі бай рух.

Өмір толығымен нюанстарға және ұқыптылықтарға толы, олар да назарға алынуы керек. Жабық болғандықтан, біз бұл мәліметтерге назар аудармаймыз және бұл оның барлық қиындықтарында шындықты түсінуді қиындатады …

Кеңес: қағазды және қаламды алып, барлық ойларды жазбаша түрде қойыңыз. Кейде өзіңіздің көзқарастарыңыз бен түсініктеріңізді ойлау үшін өзіңізді сынап көргеннен гөрі ештеңе де жақсы емес.

Эмпатия

біз жақсы айналамыздағы адамдарды білемін, ал кейде біздікінен әлдеқайда айырмашылығы жоқ, олардың шындығына және өлшемдері, хабардар болуы қажет болса, эмпатия қажет.

Бұл үшін, ол «басқа тері астында алуға», сонымен қатар, мысалы, «маған осы сияқты өзін ұстай өткім келеді ме?» деп сұрақ қоюға ғана емес, «ма жақсы бұл адам осындай қиындықтарға тап болуына лайық не? «немесе» Мен оған не істемекпін? «

Байланыс мүмкіндіктері

Коммуникативті қабілеттерге ие болу эмоционалдық интеллектіні едәуір жақсарта алады. Қақтығыс тудырмау үшін әрдайым шыншыл болуға және сөйлескендердің жайлылық аймақтарын құрметтеуге тырысыңыз.

Әрдайым өзіңіздің әсерлеріңізді тексеріп, оларды өзіңізге қоймаңыз; сіздің сөйлескендеріңіздің сөйлеу арқылы беріле алмайтын сигналдарын қабылдап, түсінетін орындарына сүйеніңіз.

Кейде бет әлпеті мен қозғалыстар сөзден көп нәрсе айтады.

Эмоционалды интеллектінің (eq) 5 қағидасы


Бұл тақырып батыс елдерінде алдыңғы орынға шыққалы қаншама уақыт өтті. Олардың бізден айырмашылығы осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуі. Яғни, мінез шынымен де адамның өміріндегі алатын орнын, одан бұрын, зерттеушілердің сезімнің рухани ғана емес, материалды, көзге көрінетіндігіне зерттеу жүргізулері. Мысалы, адам қорыққанда қан адамның аяғына жиналады екен, демек қашуға дайын болуы. Ашуланғанда қан адамның алақанына жиналады екен, яғни адам шабуыл жасауға ниеттеніп тұрады екен. Ашуланған адамның қолында қару болса, ол сол қаруды қолдану қаупі артады. Осы сияқты басқа да эмоцияға қатысты көптеген зерттеулер жүргізген. Демек, сезімге берілгенде денемізде белгілі бір дəрежеде химиялық жəне биологиялық құбылыс болады екен. 


Батыс елдерінде бұл тақырыпты не үшін өте маңызды көрген? Себебі, адамның жетістікке жетуі үшін өте ақылды болу жетпейтінін байқаған. Мысалы, 1940 жылдары Гарвард университетінде оқыған 95 студентті зерттеген. Оларды университтерді бітіріп кеткеннен бірнеше жылдан кейін бақылап қараса, кезінде университет балдары мен IQ-ы (ақылы) жоғары болған студенттердің қаржылық, экономикалық жəне əлеуметтік статусы  IQ-і мен 
университет балдары төмен болған студенттерге қарағанда төмен болған. Жəне өздеріне көңілі толмайтын, өздерін бақытты санамайтынын айтқан. Осы сияқты зерттеулерден кейін бірнеше ғалымдар терең ойлана бастайды. Солардың арасында эмоционалды интеллектінің негізін қалағандардың бірі Даниел Гоулман болған. Даниел эмоционалды интеллектінің ақылдан бөлек нəрсе екенін көрсетіп кеткен. 
                 

          Сонымен, қазіргі кезде барлық дерлік атақты бай адамдардың (жетістікке өз күшімен жеткендер) немесе CEO-лардың (үлкен компания директорлары) эмоционалды интеллектісі жоғары екенін зерттеу жұмыстары көрсетіп берген. Ақылдан бөлек адамның мінезі жетістікке жетуге тікелей қатысы бары дəлелденді. Сол себепті, егер ақылы орташа адамның бай болғанын көрсеңіз, таңғалмаңыз. Себебі, ол адамның эмоционалды интеллектісі жоғары болуы мүмкін.
Енді, Эйл университетінің психологы Питр Саловейдің эмоционалды интеллектінің негізгі 5 қағидасына тоқталсақ:

1. Өзіміздің эмоциямызды тану. Бұл ұғым эмоционалды интеллектінің ядросы болып саналады.  Қазақи мағынада айтсақ, Шəкəрім атамыз айтқандай, өз нəпсімізді тану. Өз сезімімізді сырттан қарап тұрғандай көре білу. Ол дегеніміз  белгілі бір сəттегі (ситуацияда) сезіміңізді көре білуіңіз. Мысалы, ашуланып тұрсаңыз, өзіңіздің ашуланып тұрғаныңызды білу немесе қызғанып тұрсаңыз, қызғанып тұрғаныңызды сезе білу. Осылай істей білу өзімізді түсініп, тану үшін өте маңызды. Егер олай істей алмасақ, сезіміміз бізді билеп кетіп, өзіміздің не істегенімізді де байқамай қаламыз. Өз эмоциясын сырттай бақылай алған адам жақсы шешім қабылдайды екен. Мысалы, жұмыс немесе өмірлік жарын таңдау секілді маңызды істерде жақсы шешім қабылдай алады.
2.  Эмоциямызды (сезімді) бақылуда ұстау.Яғни, эмоциямызды басқара білу. Мысалы, ашуланғанда сабыр ете білу. Ашудың өкінішке алып барар салдары болатынын сезе біліп, дер кезінде тоқтата білу. Мұндай қабілеті төмен адамдар өмірде үлкен қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін. Ал, өз эмоциясын уысында ұстайтын адамдар өмірдегі қиыншылықтар мен келеңсіз жайттардан жол тауып,  шыға біледі екен.
4. Басқалардың эмоциясын байқай білу. Басқаша айтсақ, эмпатия. Эмпатия дегеніміз – басқа адамның сезіп тұрғанын сезе білу немесе сол адамның орнына өзімізді қоя білу қабілеттілігі.  Эмпатиясы жоғары адам жанындағы адамдардың не қалап тұрғанын немесе нені қажет ететінін сезе біледі. Мұндай қасиетке ие адамдар саудада, ұстаздықта, басқаруда үлкен жетістіктерге жетіп жатады. 

Рефераты:  Средства физической культуры, обеспечивающие устойчивость к умственной и физической работоспособности


Соңғы айта кететін нəрсе, осы айтылған эмоциялық интеллектінің 5 негізі немесе қағидасы əр адамда əр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, өз сезімін басқара алуы мүмкін, бірақ басқа адамға сезімін басқаруына көмек бере алмауы мүмкін деген сияқты. Демек, өмірдегі əлеуметтік, қаржылық, рухани жетістікке жету үшін осы айтылған 5 қағидалардың бəрінің де рөлі маңызды. Мінезді жақсартуға болады, өйткені адамның миы созылмалы, өзгеруге бейім.

Алдағы уақытта басқа да қызықты жəне пайдалы ақпараттар болып жатса, сіздермен міндетті түрде бөлісемін.


References:
1. www.flaticon.com
2. Daniel Goleman. Emotional Intelligence (2009).

§

Есте сақтау қабілеті өмірдегі ең маңызды қабілеттердің бірі. Кей адамда есте сақтау қабілеті жақсы болса, кей адамда нашар болуы мүмкін. Соның кесірінен емтиханнан жаман баға алуыңыз да мүмкін немесе үй тарсырмаларын жаттай алмауыңыз мүмкін. Егер сіздің есте сақтау қабілетіңіз нашар болса, көңіліңіз түспесін. Себебі, есте сақтау қабілетін жақсартуға болады. Есте сақтауды жақсарту үшін бірнеше қағидаларды ұстануымыз керек.

1. Дұрыс тамақтану. 

👉 Эмоциялық интеллект
І
шкен тамағымыз есте сақтау қабілетімізге тікелей қатысы бар. Көкөніс жеп тұру өте маңызды. Жаңғақ, брокколи жəне балық адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Брокколи мен жаңғақта миды жаман  улы заттардан қорғайтын антидоксанттар болады, олар мида жаңа жасушалардың пайда болуына да көмектеседі. Балықта Омега-3 майы болады. Ол да мидың жақсы жұмыс істеуіне көмегін тигізеді.
Жеуге болмайтын тағамдарға – газды сусындар (
Кола,Спрайт, Фанта жəне т.б.), қантты тағамдар, қант. Газды сусын ішетін жас баланың зейіні (концентрациясы) төмен болады. Яғни, ойы бөліне береді жəне бірнəрсені есінде сақтап тұра алмайды. Газды сусындарда қант өте көп мөлшерде болады. Бір стақан газды сусында6 шай қасықтай қант болады. Сондықтан, есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе, қантты тағам мен газды сусыннан бас тарту керек.


Спортпен шұғылдану немесе жаттығу жасап тұру адамның ми жұмысын жақсартады. Себебі, жаттыға жасаған кезде мида жаңадан жасушалар пайда болады жəне олар күшейе түседі. Жəне де, жаттығу миға қан келуін жақсартады.





4.  Ұйқы. 

5. Есте сақтау қабілетін жақсартатын ойындарды ойнау

👉 Эмоциялық интеллект
Еске сақтауды дамытатын (
lumosity.com, Brain IQ) ойындарды ойнап тұру керек. Телефоныңызға жүктеп алып, күнделікті 20 минутыңызды бөліп тұрсаңыз, жадыңыз дамиды.
Тағы бір тəсіл бар. Сабақта отырғанда партадағы заттарға қарап алып, көзді жұмып, қай заттар қай жерде тұрғанын еске түсіру. Мысалы, партады қалам, дəптер мен кітап тұрса, соларға қарап, көзді жұмып, өзіңізге немесе жаныңыздағы досыңызға айтуға болады. Егер ол оңай болса, сыныптағы заттарды жаттау керек. Мысалы, сыныптың заттарын көзіңізді жұмып, қай зат қай жерде тұрғанын айтып беру. Осы жаттығуды күнделікті істеп тұрсаңыз, еске сақтау қабілетіңіз жақсарады.
👉 Эмоциялық интеллект
Жаңа нəрселерді немесе хобби тапса, адамның миы жақсарады екен. Себебі, ми жаңа нəрселерді жасау арқылы өзінің жұмыс істеуін жақсартады. Ол үшін өзіңізге қызық нəрселерді тапсаңыз, соны үйренуге тырысыңыз. Мысалы, тоқу, сурет салу, музыкалық аспапта ойнау, фотоапаратпен суретке түсіру секілді қызықты істі үйреніп, оған уақыт бөлсе, мидың қызметі жақсарады екен. Бұлардан да басқа көптеген қызықты істер өте көп. Солардың ішінен өзіңізге ұнағанымен айналысу керек.


Бір нəрсені жаттайтын кезде санмен, сөзбен немесе басқа нəрсемен байланыстырып (қатыстырып) жаттау керек. Мысалы, қарға деген сөзді жаттау үшін ауылдағы ағаңыздың бақшасындағы қарғаларды елестету арқылы жаттау керек. Яғни, сол сөзді өміріңіздегі басқа затпен байланыстыру керек.




8. Ораза ұстау.



10. Қайталап тұру.

§

Осы уақытқа дейін көптеген адамдарда ақыл туралы ойлары мен пікірлері белгілі бір шеңберде етін. Көп адам балаларды ақылды немесе ақылы төмен, дарынды немесе дарынсыз деп бөлген. Мысалы, Қазақстанда дарынды балаларға арналған мектептер бар. Мұндай мектепке түскен бала өзін автоматты түрде дарынды санай бастайды. Ол жерде істейтін кей мұғалімдер де балаларға “сендер дарынды баласыңдар, сондықтан үлкен жетістікке жетесіңдер. Сендер дарынды баласыңдар, сондықтан мұндай іс-əрекет сендерге жараспайды. Сендер дарынды баласыңдар, үш алған сендерге жараспайды” деген сияқты сөздерді өз құлағыммен бірнеше рет естідім. Яғни, əр іс-əрекетінде балаларға олардың дарынды екенін ескертіп отырған. Мүмкін, бұлай істеу жаман емес деп ойларсыздар. Алайда, бұл оймен келіспейтін үлкен ғалым кісілер бар. Сол кісілердің біреусінің зерттеуімен бөлісейін. 

Рефераты:  Представление (защита) проекта - Презентация 62973-20

          АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің профессоры Кэрол Дуэк есімді ханым жоғарыда айтып өткен тақырыпта ондаған жылын сарп етіп, зерттеу жүргізген. Кэролға ол идея қалай келгенін айта кетейін. Кэрол бастауыш сыныпта оқығанда математикадан өте жақсы көрсеткіші болып, мектепішілік жарыста алдына жан салмаған. Əрқашан, өз қатарының алдында болған. Сыныптастары мен ұстаздары Кэролды əрқашан мақтан тұтып жүрген. Бір күні штат ішіндегі мектептер арасында математикадан олимпиада өтетін болады. Əрине, ол жарысқа сол штаттағы мектептердің Кэрол сияқты ақылды оқушылары келетін болады. Содан, сол жарысқа Кэрол қатыспайтын болып шешеді. Не үшін? Себебін Кэрол өзі былай деп айтады “Егер мен сол жарысқа барып, орын ала алмай қалсам, мен мектептегі абыройымнан айырыламын. Мені ешкім мақтамайтын болады”. Осылай ойлаған Кэрол өз білімін сынаудың орнына атақ пен абыройының түсіп қалмауын таңдаған. 

          Өскеннен кейін Кэрол Дуэк балалық шағындағы жағдайлардың себебін тапқысы келеді. Содан, бірнеше жылдан кейін, көптеген зерттеулердің нəтижесінде үлкен жаңалық ашады. Зерттеулерінің нəтижесіне сүйене отырып, бестселлер (көп сатылған) кітап шығарады. Кітабының аты -“Mindset: Psychology of Success”. Қазіргі кезде Кэрол ханым Google сияқты үлкен компанияларға дəріс беріп, адамдардың ойын өзгертуіне себепші болып жүр.

        Енді, Кэролдың зерттеулерінен мысалдар келтіре кетейік. Кэрол ханымның өз аузынан: “Біз кішкентай балаларды екі топқа бөлдік. Екі топқа да оңай басқатырғыш (ойын) бердік. Яғни, ойынның шарты үлкен суретті жинап шығару. Екі топ басқатырғышты істеп бітіргеннен кейін, бірінші топқа “Сендер ақылды болғаннан кейін басқатырғышты тез, əрі оңай бітірдіңдер. Қандай дарынды едіңдер!” деп мақтадық. Екінші топқа “Сендердің еңбектеріңнің арқасында осындай керемет нəтижеге жеттіңдер. Қатты тырысқандықтарыңның арқасында бұл басқатырғыштың жауабын таптыңдар”- деп айттық. Сонда, бірінші топтың ақылы мен дарындылығын мақтадық. Екінші топтың еңбекқорлығы мен тырысқандығын мақтадық. Бұл бірінші эксперимент етін.”

    “Екінші эксперимент былай болды. Жаңағы екі топқа барып “Сендерге тағы да басқатырғыш береміз, бірақ бұл жолы алдыңғы жолғы басқатырғыштан анағұрлым қиынырақ. Қаласаңдар, бұрынғы оңай басқатырғышты алыңдар дейді. Сонда, ақылдылығын айтып мақтаған бірінші топ бұрынғы оңай басқатырғышты істей береміз деген. Еңбекқорлығы мен тырысқандығын мақтаған екінші топ қиын басқатырғышты таңдаған. Мұның себебі, бірінші топтың ақылын мақтағандықтан, егер қиын басқатырғыштың жауабын таба алмай қалса, оларды мақтамайды деп ойлаған. Сондықтан, қиындау басқатырғышты шешкілері келмеді. Ал, екінші топ болса, өздерінің еңбектері мен тырысулары арқылы қиын басқатырғышты да шеше алатынына сенген. Шеше алмаса да, олардың ақылын мақтамағандықтан, олар ешнəрсе жоғалтпайтын еді.”

     Кэрол профессордың тағы бір зерттеуін айта кетейік. Бұл экспериментке университет студенттері қатысқан. Студенттердің маңдайына арнайы құрылғы қойған. Ол құрылғы адамның көзінің қайда қарағанын бақылап отыратын құрылғы болатын. Студенттерге тест берілген. Тестті аяқтағаннан кейін олардың рейтінгі шығарылған. Яғни, кім қай орында тұрғандығы туралы. Сол кезде, студенттердің бір бөлігі өзінің балына қарағаннан кейін, өзінің астында кім бар деп қараған. Ал, студенттердің екінші бір тобы өздерінің балдарын көре салып, өздерінен кімдер жоғары тұрғандарын қараған.

        Кэрол Дуэк психология ғылымына жаңа бір түсінік алып келді. Бұл ұғымды басқа да ғалымдар зерттеген. Бірақ, ең танымал болғаны Кэрол профессордың кітабы еді. Кэрол ханым жоғарыда айтылған ұғымға “алғышартты ой немесе алғышартты ми” (mindset) деген атау берді. Ойдың алғышартын екі топқа бөлді : дамушы жəне тұрақты. Дамушы ой əрқашан өзінің қабілеті мен ақылын жетілдіре алатынына сенеді. Тұрақты алғышартты ой адам өзінің қабілетін шектеулі деп біледі немесе өте ақылды жəне дарынды болғандығынан жетістіктерге жетемін деп біледі. 

        Екі алғышартты ойларға жеке жеке тоқталайық. Дамушы ми немесе дамушы алғышартты ойлы бала беске оқыса, жетістігін тырысуы мен еңбекқорлығынан деп біледі. Егер төмен баға алып қалса, көңілін түсірмей, келесі жолғы емтиханға қалай дұрыс дайындалуды ойлай бастайды. Егер үшке оқитын оқушы болса, өзінің еңбегі мен тырысуы арқылы бағасы мен емтиханнан жақсы баға алатындығына сенеді. Ақылы мен қабілетін шектеулі деп білмейді. 

Рефераты:  Философия тарихындағы адам мәселесі

      Тұрақты ми немесе тұрақты алғышартты ой басқаша ойлайды. Егер беске оқитын болса, жетістігін өте ақылды болғандығынан деп біледі. Сондықтан, қиын тапсырмаларды орындамайды. Өзінің ‘бестік’, ‘ақылды’ деген статусын жоғалтпау үшін қиын тапсырмаларды таңдамайды. Егер үшке немесе екіге оқитын бала болса, өзінің қабілеті мен ақылын шектеулі деп ойлайды. Қанша тырысса да, қанша еңбек етсе де емтиханнан жақсы баға ала алам деп ойламайды. Еңбек пен тырысуды мəнсіз деп біледі. 

     Екінші эсперименттегі студенттер естеріңізде ме? Не үшін кей студенттер өзінен үстіңгілерге қарады, не үшін кей студенттер өзінен кейінгілерге қарады? Себебі, өзінен кейінгілерге қараған студенттердің ой алғышарты тұрақты етін. Өзі төмен алып, “менен кейін кімдер тұр екен. Мен қанша адамнан жоғары тұрмын” деп ойлаған.  Осылай, өзінің жоғалтқан ішкі мақтанышын толтырған. Өзінен жоғары тұрғандарға қараған студенттер “кім менен жоғары тұр екен? Мен қанша адамнан төмен тұрмын? Ең жоғарыдағы студент қанша бал алған екен?” деген ойда болған. Бұл студенттердің ой алғышарты дамушы түрге жататындығын көрсетеді. 

Сіздерге арнап мынандай инфографика дайындап қойдым. Осы суреттен екі алғышартты ойдың айырмашылығын көре аласыздар. Өзіміздің ойымыз бен ниетіміздің өте маңыздылығын Кэрол Дуэк зерттеулері арқылы дəлелдеп берді. Өзімізді ешқашан шектемей, қиындыққа шыдап, жетістікке жететінімізді ұмытпауымыз қажет. 

Эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасы

Эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасы

        20 ғасырдың соңында «адамға басқа адамдармен нәтижелі қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін қабілеттер, басқа адамдардың эмоциялары мен эмоцияларын түсіну, түсіндіру және бақылау негізінде» деген болжам жасалды. Жүйе осындай қабілеттерін “эмоционалды интеллект” деп атады. Дж.Майер, П. Сэловей, Д. Карузо ұсынған эмоционалды интеллект құрылымының компоненттері: эмоцияларды түсіну, ассимиляция, эмоцияларды ажырату және білдіру. Ал Д. Гоулман эмоциялық интеллект адам өмір бойы дамытып, жетілдіре алады және эмоционалдық интеллект құрылымы кең шектерге ие және келесі компоненттерді қамтиды деп санайды.

        1. Сана-сезім:

        Эмоциялық сана-кезім. Адамдар жоғары эмоциялық санасымен өзінің ішкі сезімдеріне және өз сезімдерінің өзінің психологиялық жағдайы және жұмыс көрсеткіштеріне құлақ асады. Эмоционалдық сана-сезімі дамыған адамдар жиі әділ және шынайы, өз сезімдері туралы ашық айтуға қабілетті және өз идеалына сенетін болады.

        Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалауы жоғары адамдар әдетте өздерінің күшті жақтарын біледі және өз мүмкіндіктерінің шектерін түсінеді. Олар өзіне әзіл-сықақ қарайды, дайындықтан нашар меңгерген дағдыларға үйренеді және сындарлы сын мен өзі туралы пікірлерді құптайды.

        Өзіне сенімділік. Өз қабілеттерін нақты білген адамдарға мықты жақтарын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Өзіне  сенген адамдар қиың міндеттерін қуана-қуана алады. Олар шынайылықты жоғалтпайды және өз қадір-қасиетіне ие.

        2. Өзін-өзі бақылау:

        Эмоцияларды кешіктіру. Осы дағдыға ие адамдар өздерінің жойқын эмоциялары мен импульстерін бақылау және оларды іске пайдалану тәсілдерін табады. Мұндай адам тіпті тыныштықты және ақылдылықты сақтай алады, қатты күйзеліс жағдайында немесе дағдарыс кезінде-проблемалы жағдайға тап болған жағдайда да ол мүмкін емес болып қала береді.

        Ашықтық. Өзіңізбен және айналасындағылармен ашық адамдар өз құндылықтарымен келісімде өмір сүреді. Ашықтық – өз сезімдері мен нанымдарын шынайы білдіру – адал қатынастарға ықпал етеді. Олар өз қателіктері мен сәтсіздіктерін ашық мойындайды және  осы көзді жаба отырып, басқалардың әдепсіз мінез-құлқымен күреседі.

        Бейімделу. Бейімділікке ие адамдар көп түрлі талаптар, шоғырлану мен энергияны жоғалтпай, өзін ұйымдастырған өмірінің белгісіз толық белгісіздіктерінде жайлы сезінеді. Олар кезекті қиындықтарға икемді бейімделеді, өзгеретін жағдайға және жаңа деректер мен мән-жайлар алдында ойлаудың бұрыстығына икемделіп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:

Эмоциялық интеллектіні диагностикалау әдістері

Диагностиканың негізгі әдісі – тестілеу. Тренингтер мен эмоциялық интеллектіні дамыту бағдарламалары аясында бірнеше сынақ жасалды. Тест нәтижелері мынадай таразыларда беріледі:

  • мінез-құлық;
  • ынталандыру;
  • білім;
  • эмоциялық ену;
  • эмоциялардың өрнегі;
  • әлеуметтік түйсігі мен эмпатиясы.

РҒА Психология институты диагностиканың басқа әдісін жасады. Эмоционалдық ақыл-ойды жеке адамға және тұлғааралыққа бөлуге сәйкес келетін сауалнама құрылды. Тестілеудің нәтижесінде адам өздерінің және басқа адамдардың эмоцияларын түсіндіру қабілетін біледі.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий