Ес теориялары

Ес теориялары Реферат

Ес теориялары

Ес теориялары

Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э.Мюллер еңбектерінде жария етілді.

Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологі Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бізді беку процесін байқастырды. ХХ ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И.П.Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.

Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмайды. (А. Бергсон)

Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л. С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А. А. Смирнов және П.И.Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа әрі мәнді заңдарын ашып, жадта қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялықжолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.

Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан-алуан. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызда өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0, 1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.

1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша өшетініне мән беріңіз: қағу тоқтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек нақты әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.

2. Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жаймен жойыла бастайды.

3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.

Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей жойылады да ұзақ сақтауға келмейді.

Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан ұзақ мерзімді ес — жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі — шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі — материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық — бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.

Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденгендей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.

Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты «топталған не тізбектелген» (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида жадта қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі — уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі — олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі — қарама-қарсылыққа негізделеді (контрастық ассоциациясы), төртіншісі — себеп-салдарлы қатынастардан туындайды (каузальдық ассоциация). Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.

Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жинақтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрлі қызмет етеді, бірі — қоздырушы, екіншісі — тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы — қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.

Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізінде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклейн қышқылыныңмолекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесінде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрамы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілген-ді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.

Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бірі-бірін қорек етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны байқалған (Д. Мак-Коннел).

Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене молекулаларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып (кодталып), организмде еркін қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.

Есте қалдыру және қайтадан жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдырақ болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес — қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес — ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты — қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік (оперативная) естер ажыратылады.

Date: 2021-09-24; view: 1776; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі кұрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Адам сырткы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығымен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы – адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін – объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері.

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ойлау — аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің зандары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.

Рефераты:  Опричное лихолетье и конец московской династии Рюриковичей - презентация онлайн

Date: 2021-09-24; view: 848; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседе. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бүрынғы үрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қалады, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.

Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мең ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі — тілімде, тілімдегінің бәрі — түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль, т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады.

Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық жүйелілігі, сыншылдығы, т.б. сапаларымен ажыратылады.

Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Ой-өрісінің кеңдігіне қарама-қарсы қасиет ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шыр айналдырады да жүреді.

Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да, басқаша пікірмен келуге батылы жетпейді. Мұндай адам ой-әрекетін өз қажетіне жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың өзінде-ақ ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген. Мәселен, «Ой ойласаң, тең ойла, тең ойласаң, кең ойла» деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындығы айтылған.

Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығыдейді. Бұған қарама-қарсы қасиет — ойдың асығыстық түрі. Мұңдай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді. Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу — адамның жақсы касиеттерінің бірі. Мұндай адам алдындағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл нағыз творчестволық (шығармашылық) ойдың иесі.Кейбіреулер бұған қарама-карсы өз бетімен ештеңе айта алмай, көбінесе, басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді.

Date: 2021-09-24; view: 700; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері — қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу, т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материал рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерлеуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс. «Эмоция» ұғымының төркіні — «емовера» деген латын француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні — тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция — адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі — эмоция — жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдану, қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық – әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болады. Ч. Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі — адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді. Адам — эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі «көңілдің» алатын орны зор. Көңіл — адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды, шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады.

Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы орталықтардың нервтік қозуынан және вегетативтік нерв жүйесінде жүріп жатқан физиологиялық процестерден болатынын көрсетеді. Сол сияқты, ми қыртысы астының өзі де үлкен ми сыңарлары қыртысына күш беруші ретінде оған жағымды әсер етеді. Эмоциялық процестер адам организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады. Эмоциялық күй кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді, көз қарашығы үлкейеді, терлеу, бозару, қызару байқалады, жүрек, өкпе, орталық нерв жүйесіне қарай қанның ағысы күшейеді. Әр түрлі көңіл-күйлері вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы қозатын ішкі мүшелердің өзіндік өзгерістерімен қосарланады.

Электрофизиологиялық зерттеулер эмоциялық күйлер үшін нерв жүйесінің айрықша құрылымдарының орасан зор маңызы болатынын көрсетіп отыр. Эмоциялық күйге келу мен қоршаған жағдайда эмоциялық бағдар жасау негізінен алғанда таламус, гипоталамус және лимбика жүйесінің қызметтерімен анықталады.

Ретикуляр(немесе тор түстес) формациясықызметін жүргізілген ең жаңа зерттеулер ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің белсенділігін арттыратынын ашты.

Date: 2021-09-24; view: 2969; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Қоғамның нақты талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі – адамгершілік сезімдері. . Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар. Адамгершілік — моральдық сезімдер. Қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» — «морале» деген француз сөзі. Мағынасы — адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы — мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады. Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізгі — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер — борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді. Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.

Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі — балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі — адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.

Эстетикалық сезім –обьективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты түрде дамиды. Эстетикалық сезім-мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістенуші фактор ретінде қарастырылады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады.

Практикалықнемесе практикалық сезім, адамның іс-әрекетімен, өзгерісімен, жетістіктерімен, іске асуындағы қиыншылықтарымен, оның аяқталуымен байланысты.

Date: 2021-09-24; view: 802; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Адам бала кезінен белгілі бір дәрежеде ерікпен реттелетін әрекеттер мен қылықтар жасайды. Өмір тәжірибесі әрекеттің реттелуін жеке адамның еріктік қасиеттері түрінде нығайтып отырады. Бұл қасиеттер басқа да жеке адамдық ерекшеліктермен бірге адам мінез-құлқының стилін құрайды. Бірақ адам басқа адамдармен бірге өмір сүреді. Ол қоғам мүшесі, өзінің идеологиясы, моралі, салты мен дәстүрі бар таптың өкілі. Практикалық әрекетінде жеке адам өзінің индивидуальды қажеттіліктерін, мүдделерін және өзі бірге өмір сүретін адамдардың идеяларын, моральдық нормаларын, дәстүрлерін жетекшілікке алады.

Жеке адамның еріктік қасиеттерінің негізгілері мыналар:

1. Қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиеттімақсатқа ұмтылушылықдеп аталады.

2. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиет батылдықдеп аталады.

3. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті табандылық деп аталады.

4. Ұстамдылықнемесе сабырлылықдеп бөгет жасайтын психикалық көңіл-күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиеті айтылады.

5. Өзі талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиетідербестікдеп аталады.

Дербестікке қарама-қарсы ерік қасиеті иланғыштық.

/Қараңыз. Әдебиет. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы. 2003. 203-206 бет).

ТЕМПЕРАМЕНТ

Темпераментке жалпы сипаттама

Темперамент типтері

Темперамент туралы теориялар

Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.

Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтанған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түсіну үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолданылады:

1. Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап – әрекеттің туындау шапшаңдығы.

Рефераты:  Репродуктивная этика и вмешательства в репродукцию человека, Понятие репродуктивной этики, Искусственное прерывание беременности (аборты) - Биоэтика

2. Жауап – әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап – әрекет дәрежесі.

3. Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау, т.б.).

4. Жауап – әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам, т.б.

5. Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.

6. Жауап – әрекет қарқыны – әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

7. Экстраверсия, интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс-қимылына себепші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.

8. Сезімдік қызбалық-эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.

Date: 2021-09-24; view: 1579; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Холерик:

1. Шапшаң, эмоциялы

2. Жылдам, тез әсерленгіш

3. Күйгелек, шыдамсыз

4. Көңіл-күйі тез өзгереді

5. Қарым-қатынасы тік, аумалы-төкпелі

6. Тұрақсыз, соқпа мінезді

7. Белсенді, пысық, шешім қабылдауға қабілетті

8. Ашуланшақ

9. Қимыл-қозғалысы батыл

10. Сөзі жылдам, интонациясы толқымалы

11. Іс-әрекеттерді атқаруға бейім

12. Бастаған істі аяғына дейін аяқтайды

13. Сезімге берілгіш

14. Жаңалыққа жаны құмар

15. Тез ашуланады, ашуын ұзақ ұстайды

16. Жетекші жұмыстарды ұнатады

17. Ұйымдастырушылық қабілеті мол

18. Белсенді әрекеттерді орындауды жақсы көреді

Сангвиник:

1. Көңілді, тез қозғыш

2. Қуатты, іскер, белсенді

3. Өзін көтеріп бағалауға бейім

4. Жаңаны тез меңгереді, сұрақ қоюға жаны құмар

5. Әсершіл, көңіл-күйі тез өзгереді

6. Ұнатқан нәрсесіне елігіп әуестенеді, бірақ тез басылады

7. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді

8. Шапшаң да икемді, қозғалғыш, сергек

9. Уәде береді, бірақ кейде орындай алмай қалады.

10. Бір істен екінші бір іске көңілі тез ауысып кете алады

11. Қызыққан іске талабы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді

12. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады

13. Сөзі жылдам, анық, ым-ишара жағы басым

14. Қарым-қатынасқа жақын, жаңа адамдармен араласуда өзін еркін ұстайды

15. Тез ренжіп, тез тарқайды

16. Ісі жоқ кезде сылбыр күйге түседі

17. Бір сарынды жұмыстарды жасауды қиынсынады

18. Шешім қабылдауда асығыстық, шашыраңқылық көрсетеді

Флегматик:

1. Байсалды, салқынқанды

2. Асықпай, баппен жүріп тұрады

3. Сақ, сенімді

4. Сезімдерін сыртқа шығармайды

5. Қызуланып желікпейді

6. Бір сарынды, монотонды сөйлейді

7. Мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз

8. Бастаған істі соңына дейін жеткізеді

9. Қимылы баяу

10. Кісімен араласуы мардымсыз

11. Тиянақты, тұрақты

12. Ұқыптылықты, тәртіптілікті жақсы көреді

13. Жаңа жағдайларға қиындықпен үйренеді

14. Көрсе қызар емес

15. Мәселені тез шешуге, орындауға асықпайды

16. Ашушаң емес

17. Бос нәрселерге күшін сарқымайды

18. Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуы баяу

Меланхолик:

1. Ұялшақ, жасқаншақ

2. Жаңа жағдайда өзін жоғалтады

3. Бейтаныс адамдармен араласуға қиналады

4. Өз мүмкіндігіне сенімі аз

5. Көңілі көбіне жабыраңқы

6. Ақырын сөйлейді, сөзі мәрсіз

7. Іске бірден кіріспейді, кіріссе, аяқтап шығады

8. Көпшіліктен шеттеп жүреді

9. Сыртқы көрінісі әлсіз

10. Сезімтал, жаны нәзік

11. Сәл нәрсеге ренжігіш

12. Тұйық

13. Әсерленгіш

14. Жылауға бейім тұрады

15. Тез шаршайды

16. Сыртқы жағдайлардан үрейленгіш

17. Өмірде болып жатқан уақиғаларды үлкен әсермен қабылдайды

18. Көңілденуі қиын.

Date: 2021-09-24; view: 910; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э. дейінгі V ғ.) болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады, олар: қан, шырын, сары және қара өт. Олар дұрыс араласса, адамның дені сау, дұрыс араласпаса, сырқат болады. Организмді сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына қарай қойылған темперамент атаулары: холериктік темперамент – cho1e (өт), сангвиниктік темперамент – sanguis (қан), флегматиктік темперамент – ph1egma (шырын), меланхоликтік темперамент –melanos cho1e (қара өт). Гиппократтан кейін Клавдий Гален (б.э.д. 2 ғ.) темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге атсалысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар аударарлық тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.

Осыдан келіп, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт – конституционалдыпсихикалық тип белгіленген:

1. Лептосоматик– бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сыйдиған.

2. Пикник– мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

3. Атлетик– бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар – әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай:

¾ шизотомик –дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын;

¾ иксотомик –денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл;

¾ циклотомик –семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.

Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде экспериментальды дәлелденген. И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.

· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;

· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;

· күшті, қозуы басым – холерик;

· әлсіз тип – меланхолик.

Date: 2021-09-24; view: 767; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.

Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.

Мінез — адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.

И.П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «… адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. «… Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» (әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады.

Date: 2021-09-24; view: 858; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.

Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық, т.б. 2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәпарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік. 4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы, т.б.

Мінез құрылымындағы қасиеттер.Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады: 1 — мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білідіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет — мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.

Нәсілдік және мінез.Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді (Э. Кречмер, У. Шелдон). Шындығында да организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез қасиеттері нәсілдік биологиялық заңдылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады.

Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірінен-бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарай өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық негізі — жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.

Мінезді топтастыру (классификациялау) туралы әр түрлі тәсілдер бар.

1.Конституционалды теория (Э. Кречмер, У.Шелдон) жеке тұлғаның мінезін оның сыртқы бейнесімен байланыстырады.

2.Акцентуация негізінде мінезді классификациялау (К. Леонгард, А.Личко).

Акцентуация – индивидтің психикасындағы кейбір мінез бітістерінің гипертрофильденген «нашар жерлерінде» байқалады нәтижесінде олардың қоршаған ортадағы адамдармен қарым-катынасы нашарлайды, бұл ең соңғы варианттар ережесі.

А. Личко бойынша жасөспірімдердің мінезінің акцентуациясын былай классификациялау:

1. Гипертивті тип.

2. Циклоидті тип.

3. Лабильді тип.

4. Астеноневротикалық тип.

5. Сезитивті тип.

6. Психоастеникалық тип.

7. Шизоидті тип

8. Эпилептоидті тип.

9. Истероидті тип

10. Аумалы тип.

11. Конформді тип.

К. Леонгард акцентуацияның 10 типін былайша бөледі:

1. Гипертимді тип.

2. Дистимді тип.

3. Циклоидті тип.

4. Қозғыш тип.

5. Бір ойға тұтылып қалу.

6. Педанттық тип.

7. Мазасыз тип.

8. Эмотивті тип.

9. Демонстративті тип.

10. Экзальтирлі тип.

Акцентуацияның әр түрлі жағдайда көрінуі – психопатия ауруы туралы ойланғанда ең соңғы варианттарының жеңілділігі, қоршаған ортасына танымалдылығы. Психопатия – аурудың немесе психикалық жарақаттардың ықпалымен психопаттарда ұзаққа созылған невроздық күйлер сондай-ақ депрессиялар пайда болуы мүмкін. Психопатиялардың профилактикасында лайықты тәрбиенің, психотерапевтік және психофармокологиялық емдеудің маңызды мәні бар. (Психопатиялар грек. Psyche — жан, pathos – зардап шегу, ауыру) – мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттердің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.

Рефераты:  Доклад: Экстремизм -

Date: 2021-09-24; view: 1817; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді.

Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.

Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» (әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай, түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.

Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек-сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.

Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым-қатынасы қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік — мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.

Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына кері әсері тиеді. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиеленген бүлдіршіндердің өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді.

Date: 2021-09-24; view: 593; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

1. Қабілет туралы түсінік

2. Нышан және қабілет.

3. Қабілетті дамыту.

4. Қабілеттің даму деңгейлері

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытылған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Қабілеттің түрлері.

Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

1. Іс-әрекет тез бейімделу.

2. Іс-әрекет орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психиқалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке-жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығың көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыкантарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшыспортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әректке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз. Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл — адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқү-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.

Date: 2021-09-24; view: 618; Нарушение авторских прав

§

Ес теориялары

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с.

Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік — Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші К.П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А.С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н. Лузин, биолог К. Линней, жазушылар В. Скотт, С.Т. Аксаков, И.А. Гончаров т. б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.

4. Қабілетті дамыту.

Қабілет – жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.

Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы және қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.

Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Іске деген сүйіспеншілік талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Қабілеттің дамуындағы маңызды кезең – кедергілерді жеңе білу / мұндайлар адамға қолайсыз сыртқы жағдайлардың, не мүше кемістігінен: сақау, соқыр, сңырау/ және адамның өз көңілі ауған және бұған біршама ыңғайы бар істі меңгеруі.

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екеншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты әс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы соалалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылық мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Іс-әректпен айналысқан адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күшқуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапарларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Қабілеттің даму деңгейлері.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарандылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі

Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі№ Таланты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді соның арқасында оның іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді. Адам қабілетіндегі дарандылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады

Date: 2021-09-24; view: 602; Нарушение авторских прав

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий