ПЕДАГОГТІҢ АКТ — ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Нкт педагогика қазақша flashcards | quizlet

Педагогтің акт — құзіреттілігін арттыру

Ж.К. Имангазиева

№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі, Жаңақала ауданы

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев

Білім беруді жан-жақты дамыту; білім беру үрдісін басқару және оқыту басты бөлімі- интернет пен АКТ. Инновациялық интерактивті технологияларды қолдану мемлекеттік және стимулын қолдау болып табылады. Электрондық (сандық мектеп)–бұл мультемидиялық интерактивті сыныптар, жаңалықтарды жариялауға интерактивті холлдар, ақпараттық плазмалық панелдер SMART-фойе интерактивті сенсорлық ақпаратты жариялау тақтасы; поливалентті акт залы орталық экран, проектор, камера, үлкен жиындарға жүйелі дауыс микрафоны және де әрбір оқушыға ноутбук яғни мобильдік компьютерлік сыныбы.

Электрондық білім беру контенті педагогтармен құрастырылған.
Бұл барлық техника – білім беруді бәсекеге қабілетті және сапасын көтеру, білім беру үрдісін тиімді жасау бұл тек біздің құралымыз.

ХХI ғасырдағымұғалімніңбейнесі:
Әрбір деңгейдегі білім беру педагогы — педагогикалық инфраструктураны қолдауды жүзеге асыру, компьютерлік сауаттылығын әр деңгейде дамыту және білім беру үрдісіне АКТ қолдану, ақпараттық – бағдарламаның қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қолдану, технологияларды білу және бағдарламаның кеңселік қоржындары; білім беру ресурстарында АКТ педагогикалық технологиялармен конструктивтілеу және педагогикалық дизайн/жобалау; әдістемелік желілік технологияларды қолдану, Интернет-ресурстар, интерактивті жобалар ортасы және интерактивті оқу фильмдері.

Ақпараттық мәденет- бұл педагогты жеке тұлғалық сипаттайтын және үрдістер мен оның еңбегінің нәтижесінің сапасы.
Ақпараттқ мәденет адамның жеке және кәсіби потенциалына негізделген (тәжірибесіне, біліміне,біліктілігіне,өмірге көзқарасына,құндылықтарына т.б).

Білім беру маркетингісін, білім беру сапасына сараптама және мониторинг; зерттеу жұмыстарына дағдысы – бұл іргетас.
Кәсіби жұмыста, онсыз болмайтын, орасан зор ақпаратты меңгерудің мүмкіндігі ретінде тек осы базада ақпараттық технологияны игеру қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Осы уақытта жалпы орта білім беру жүйесінде талап етілетін техникалық және бағдарламалық құралдар көп мөлшерде жеткілікті жинақталған. Компьютерлік технологияны қолдану көрсеткіштері шегіне жетуге таяу, компьютердің қуатының елеулі түрде артуы білім беруге сәйкес жаңа мүмкіндіктер бермейді. Өзектілігі мектептің компьютермен жабдыықталуы емес, білім беру саласында қанша стратегия оның практикалық қолданылуы болып табылады. Педагогтардың білім беруде АКТ құралдарды практикалық тиімді пайдалануға дайындығынсыз өзінің кәсіби іс-әрекетінде осындай құралдарды пайдалануға мүмкін емес. Ақпараттандыруқұралдарынқолданупедагогтардыңқарқындыеңбегіне, соныменбіргемектепоқушыларынтиімдіоқытуғанақтыоңықпалынтигізеді.

Рефераты:  Реферат - Бюджетный дефицит государства и источники его финансирования

АКТ-ны тәжірибеде қолдану үшін жалпы орта білім беруде педагогтарға тән болу керек:

Педагогикалық зерттеулердің мәліметтерін ескере отырып, білім беру АКТ құралдарының потенциалын тиімді меңгеру, мұғалімдердің төмендегі жағдайларға сүйенетін сәйкес дайындығын ұсынады:

АКТ–ны енгізу барысында білім беруде оқу орындарында және оқу үрдісіндегі мұғалімнің ролінде мәдени өзгерістер болды.Өздігінен білім алуға акцент жасауға байланысты педагогтардың оқытуда кеңес берушілік және түзетушілік бағыттағы іс-әрекеттері күшеюде. Қазіргі оқушыларға ұсынылатын АКТ құралдары,көп мөлшердегі ғылыми және оқыту ақпараттар жағдайында негізгі және аралас оқу пәндері аумағында педагогтарды кәсіби дайындауға талаптар артуда. Негізінен мұғалімдерге жеке тұлғалық, жалпы мәдени, қарым-қатынас сапасына талаптар күшеюде.

Білім беру үрдісінде АКТ-ны қолдануға қазіргі педагог мамандарды дайындау деңгейін көтеру үрдісінде оң нәтиже беретін бірнеше негізгі факторлар бар екендігін есеп көрсетіп отыр.

1.Мұғалімдердің білімін көтеруде көпдеңгейлік жүйе құру.
Білімді ақпараттандыруға көзқарас бойынша барлық педагогтарды негізгі екі категогрияға бөлу тиімді: дайын АКТ құралдарын қолданушы- оқытушылар және компьютерлік құралдарды педагогикада қолдануға өңдеуші-оқытушылар.

Бейнеленген дайындықты қалыптастыру барысында бірінші санатты педагогтар соңғы қолдану деңгейіне дейін дайындауға бағдарлануы керек. Қазіргі мұғалім компьютерде жұмыс істеудің ең қарапайым дағдысын меңгеруі керек, көбірек тараған әмбебап қолданылатын бағдарламалар пакеті бойынша алғашқы түсінік алуы, пән аумағындағы оған белгілі дайын компьютерлік оқу бағдарламасымен, әлемдік ақпарат көздеріне қол жеткізетін құралдармен, әріптестерімен және оқушылармен телекоммуникациялық қарым-қатынас жұмысты меңгеру, мәтіндік редактормен, электрондық кестелермен, жұмыс істеуге үйрену.
Мектеп оқушыларын оқытуда АКТ құралдарын қолданушы-оқытушыларға кәсіби білімдерін көтеру жүйесінде ақпараттық білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері технологиясы курсы бойынша лекциялар ұсынылады.

Телекоммуникациялық және компьютерлік технологияларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен байланысты пәндер және психологиялық-педагогикалық цикл пәндері мен түйіскен осындай курстарды практикалық жүзеге асыру мазмұнды интеграциялауға негізделген.

Қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды өздігінен өңдеумен шұғылданатын екінші санатты мұғалімдерге кәсіби қолданушылар немесе программистер деңгейіне таяпқалғандар жатады. Бұл электрондық ресурстар құрылымын мұғалімдердің тиімді және түсініп жобалауына қажет. Өңдеуші-оқытушылар үшін кәсіби біліктілігін арттыру (немесе өздігінен) курстарында АКТ құралдарын қолдану және құрастыру негізі ретінде, сонымен бірге ол үшін қажет болатын педагогика және психология негіздерімен танысу маңызды.

АКТ құралдарын өдеуде шығармашылық ұжым жүйелі және қолданбалы программистер, психологтар, дизайнерлер, эргономика мамандарының қатысуының қажеттілігін ескеруі керек, бірақ сапалы өңдеуге жеткіліксіз жағдай. Педагогқа өз ойын және идеяларын қолданылатын аппараттардың нақты мүмкіндіктерімен, бағдарламалық қамтамасыз етілуімен, өзінің өңдеу жасайтын ұжымының кәсіби дайындық деңгейін өлшеп білуі керек.

Рефераты:  реферат Общие закономерности возникновения государства, его признаки и сущность

АКТ — ны сабақ беруде пайдалану демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыға айналатынын, интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін аса қажет нәрсе екенін түсіндім. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім, олардан ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану міндетті түрде қажет екендігін түсіндім.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан — жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық — аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ — ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс — әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс — әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль — сабақ, саяхат — сабақ және т. б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ — ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл — ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан — жақты ізденушілігін арттырады.

Рефераты:  Инвентаризация основных средств (ОС): как часто проводится, порядок проведения на предприятии и в каких случаях делать, организация и периодичность, причины, сроки, учет, правила, этапы, в чем может заключаться

АКТ — ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс — әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ — ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ — ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ — ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай — ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс — әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш — карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео — сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео — сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Ойымды қорытындылай келе Американ философы, әрі педагогы Джон Дьюи айтуына сүйенсем мәселерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. «Нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады» деген екен. Балаларға АКТ – ны пайдаланып, ой еркіндігін, дербес ойлауын дамыту керек деп ойлаймын
(Нұсқаулық кітапшадан 2021 ж.)

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий