Психологияның принциптері міндеттері әдістері салалары – kz »Ре

Психологияның принциптері міндеттері әдістері салалары - kz  »Ре Реферат

1 дріс. психологияны пні, міндеттері жне дістері психологияны пні. психологияны теориялы же олданбалы міндеттері. психология ылымы дамуыны негізгі кезедері. психологияны баса ылымдармен байланысы


Подборка по базе: Оқушының негізгі міндеттері.docx, 1.Анатомия пәні мен оның міндеттері(тыныс алу).docx, Заманауи психологияның салалары.docx, Қабылдау бөлімшесі, мейіргер персоналының міндеттері. Қабылдау.d, 1 Фармакология пәні мен міндеттері.docx, Мектептегі дарынды балалардың қабілетінің дамуындағы психологиян


1 Дәріс. Психологияның пәні, міндеттері және әдістері

Психологияның пәні. Психологияның теориялық жәе қолданбалы міндеттері. Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы. Психологияның негізгі салалары. Психологияның әдіснамалық принциптері. Психологияның зерттеу әдістері.

Психология — психикалық құбылыстардың (жанқуаттарының) пайда болу, даму не қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады. Психология ерте замандардан кележатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұлсөз “жантуралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннентәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жанадамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағын байтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлеркей бір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүние мен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік — тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-

әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық – әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы. Психологияның негізгі міндеттері:- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу; — психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау; —  психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;-   психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету. Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды. Жалпы психология – психика  дамуының жалпы  заңдылықтарын, зерттеу  әдістерін,  теориялық принциптерін  және оның ғылыми   негіздерінің  қалыптасу  жүйесін  зерттейді. Психика жоғары  дәрежеде ұйымдасқан материяның  нақты  формасының  қызметін, әрекет  тәсілін  бейнелейді,  адам  психологиясы  жаңғырту арқылы пайда  болады. Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьев адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.Индивидң  түсінігінің бірнеше мәні бар.  Алдымен, индивид —  ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens  түрінің өкілі.  Мұнда адамның биологиялық  жағы  айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады.  Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды. Б.Г.Ананьев индивидтің  бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса,  жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде  конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері,  үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады. Индивидтің  бірінші  қасиеттерінің  жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың  динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы.  Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп,  темперамент пен адам  нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді: 1. Психология жан туралы ғылым; 2. Психология сана туралы ғылым. 3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым. 4. Психология психика туралы ғылым.

1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Рефераты:  Проект по физической культуре:Спортивное движение и спортсмены – герои в годы Великой Отечественной войны | Образовательная социальная сеть

Екінші кезең — Сана туралы ғылым бұл кезен  Декартын  сана ұғымен байланысты. ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Ол адамны өн iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жынде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт  ғылымға  екi  түсiнiктi — рефлекс жəне  сананы  бiрдей   енгiздi.  Бiрақ  ол  өз тағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» (екi тарапты) атауын алды. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б. Бұл идеалистi бағыттағылардың бəрiн бiрiктi дeген жалпы пiкiр: психикалық болмыс — ғылыми талдауға келмейтiн, себебі бұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен ара байланысын үздi.

Үшінші кезен жұрыс-тұрысты зерттейді  ХIХ ғ бірінші жартсында психология жұрыс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады. ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектік психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Интроспекттiк психология аймағындағы теориялардың бiр-бipiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны жəне белсендiлк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы тұрғыдан сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер); саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано); саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс); дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология); суреттеме психологиясы (Дильтей). Бұл теориялардың бəрi не ортак. Tүciнiк: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар iс-әрекетi сана белсендiлiгi деп танылды. Психологияда эксперименттiк əдiстiң орнығуына қарамастан, бұл дəуiрде аталған теориялардың бəрiне тəн ерекшелік — психикалық құбылыстардың мəнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау.

Төртінші кезен психология психика туралы ғылым осы кезенде, 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердін өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектк аталған əдiс қолданылды. ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның жəне бiр бағыты пайда болып, оның өкiлдерi психологиянын жазна пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, егiнен адам қозғалысының жиынтығы-əрекет-қылық едi. Бұл бағыт «бихевиоризм» (ағылш. behaviour-қылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының негізін қалады. Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. Бихевиоризмн iрге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның мiндетті қоршаған ортаға бейiмделу тiршiлiк иесы қылық-əрекетiн зерттеу деп бiлдiрді. Тек бiр онжылдықтың өзiнде-ақ бихевиоризм бүкт дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының бiрiне айналды. 4-ші кезеңде психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.

Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және  ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар.

Психологиялық  зерттеулердің  негізгі  әдістері.

Бақылау әдісі  психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,  жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді.  Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды  толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады.

Бақылау әр түрлі  нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі.  Егер  зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті  түсіну үшін шеттен бақылаған жөн.  Қосылған бақылау мазмұнына қарай  басқа әдіске — өз-өзін бақылауға өте ұқсас.

Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ — жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Ауызша сауал әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады.  Сауалдың  бұл түрі жазбашаға қарағанда  адам психологиясына терең бойлатады,  себебі  зерттеушінің қоятын сұрақтары  зерттелушінің мінезіне қарай  түзетіле алады.  Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Жазбаша сауал,  аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады.  Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада,  қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.

Еркін сауал жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын  оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші  жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады.  Сонымен қатар, стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы  нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп отырады.

Екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін  салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді қолдану керек. Мұндай  психологиялық әдістерге тест  жатады. Бұл әдіс жиі  қолданылады.  Ол  психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере  алатындықтан, сонымен қатар  алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.

Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер   белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына талдау ретінде қалыптасты.

Тапсырма-тест белгілі бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның  психологиялық  мінездемесі жайлы ақпарат алу.  Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет.  Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы  белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін  анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Рефераты:  Реферат: Содержание -

Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген  эксперимент — әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі.  Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи.  Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.

Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу.  Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі.  Олардың ерекшелікгі белгілі бір  психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан  оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе  нақты жағдай есепке алынады.  Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті  немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.
2 дәріс Психика және сана

Психика туралы жалпы ұғым. Ми және психика. Психиканың филогенезде дамуының негізгі сатылары. Сана психика дамуының жоғарғы формасы ретінде. Сананың құрылымы мен мазмұны. Сананың негізгі қыметтері. Сана күйлері. Сана және бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер. Сана және өзіндік сана.

Адам психикасы – мидың табиғи өнімі емес, әлеуметтік жағдайлар туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат – мидың арқасында әрекетке келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып та болмайды, сонымен бірге оны бүтіндей нейрофизиологиялық үдеріс деп те атау орынсыз. Психика мен физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы – идеалды дүние мен заттасқан болмыстық ажыралмас байланысы.

Психика – ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.

Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі – бұл қоғамдытарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.

Психиканыңнегізгіжасаубелгілері–оныңжүйелілігі,біртұтастығы,

бөлшекке түспейтіндігі.

Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықтықамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиетсапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды)күй-қалпыменжәне жүйелі қасиеттерімен сипатталады.

Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді.

Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарғажәне психикалық қасиеттергеажыралады.

Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және

интропсихика.

Экзопсихика – психикалық дүниенің адам ағзасынан тыс жатқан болмысты бейнелеуші бір бөлігі.

Эндопсихика – психикалық болмыстың адам азғысының қалпын бейнелеуші құрамы.

Интропсихика–құрамдыпсихиканыңадамойын,еріккүшін,қиялын,ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі.

Психикақоршағандүниежөніндегісанағакеліптүскенақпараттарды біріктіружәнеоларғатүсініктемеберу,олардыадамныңқажеттерімен сәйкестендіру және адам әрекет қылығының бейімделу, болмысқа икемделу үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып бару үшін қажет.

14

У.Джемспікірінше,психиканыңнегізгіқызметі:сырттайболмысты бейнелеу негізінде жекеәрекет-қылықтыбасқару және ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажетіне сәйкестендіру.

Е.Ф. Ломов өз еңбектерінде тұлғаәрекет-қылығыменіс-әрекетінебайланысты психиканың үш түрлі қызметін ажырат:танымдық,ретте-

ушілік, ақпарат алмасымен қарым-қатынасқакелу (коммуникативті).

Адамның бейімделуі мен шығармашыл әрекетке түсуі осы үш қызметтің орындалуына тікелеу тәуелді. Барша психикалық құбылыстар өзара байланыста, дегенмен дәстүрлі психологияолардыүштопқабөліпқарастырады:1)психикалықүдерістер;

2)психикалық қалыптар; 3) тұлғаның психикалық қасиеттері. Психикалықүдерістернегізгітірекқұбылыстарретіндеқарастырылады,

ал психикалық қалыптар мен қасиеттерді уақытша әрі психикалық үдерістердің тектік ауысулары деп білеміз. Барша психикалық құбылыстар өзара бірігумен бейнелеу-реттеуіс-әрекеттерініңбіртұтас сарынын құрайды.

Негізгі үш психикалық құбылыс сипаттамасы төмендегідей: Психикалықүдерістер– бейнелеу – реттеуіс-әрекеттерініңжекелен-

гентұтасқозғалысы.Психикалықүдерістіңәртүріөзбейнелеунысанына, өз реттеп бару ерекшелігі және меншікті заңдылықтарына ие.

Психикалық үдерістер психикалық құбылыстардың бастау көзіосы- лар негізінде психикалық өрнектер қалыптасады.

Субъекттің бейнеленуші нысанмен белсенді қарым-қатынасы,нысанды тануға және онымен әрекеттік байланысқа түсуге бағытталған ерекше өту жүйесі осы психикалық үдерістерден көрінеді.

Психикалық үдерістер түрі: 1) танымдық (түйсік, қабылдау, ойлау, қиял және жад); 2) еріктік; 3) көңіл-күйлік.

Адамның психикалық іс-әрекеті– бұл таным, ерік жәнекөңіл-күйүдерістерінің бірігімі.

Психикалық қалыптар – іс-әрекетмазмұны және сол мазмұнға болған адам қатынасында айқындалушы психиканың уақытша өзіндік көрінісі.Психикалық қалып – адам психикасы бейнелерінің үздіксіз жаңаланып, ауысып тұруымен болады. Болмыспен араласу барысында адамның барша психикалық әлемі салыстырмалы тұрақты бірігімде болып, оның нақты мезеттегі уақытша көңіл-күйінен,ынта-ықыласынан, яғни психикалық қалпынан байқалады.

15

Психикалық қалып психикалық белсенділіктің жалпы қызметтік деңгейінде адамның нақты мезеттік іс-әрекетіне,бағдары мен оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді көрініс береді.

Психикалық қалыптың барша түрлері төмендегідей өзара топтасуымен ажыралады:

·септүрткілік(мотивтік)-қажеттіктергебайланысты ұстанымдар, ниеттер, қызығулар, мұдделер, құмарлықтар.

·сана дайындығы қалпы – зейінділік пен жұмыс қабілеттілігінің әрқилы деңгейлерінде көрінеді;

·эмоционалдық – көңіл-күйгебайланысты түйсіну,көңіл-күйгебайланысты сырттайықпал-әсергежауап,көңіл-күйшарпулары – стресс, аффект, фрустрация;

·еріктік – адамның нақты мезеттегііс-әрекеткедеген ынталылығы, ұмтылысы, шешімділігі, табандылығы, өжеттігі т.б. Бұлар қатарында психиканың өзара сыбайлас тұлғалық қалыптары да болады: психопатия, мінез асқынуы, невроздар және психикалық дамудың тоқырауы.

Психикалық қасиеттері – психиканың әрбір жеке адамға тән тектік ерекшеліктері, тұлға бойына біткен психикалық үдерістердің іске асу ерекшеліктері.

Тұлғалық психика қасиеттері: 1) темперамент, 2)тұлға бағытбағдары (қажеттер мүдделер, дүниетаным жәнемұрат-мақсаттар);3)

мінез; 4) қабілеттер.

8.Сана – психиканың жоғары формасы Сананың пайда болуы және дамуы

Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді.

I-кезең.қарапайым сезімталдық – бұл сатыда тек өкілдерінің инстинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады.

II-кезең. Заттай қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі – дағдылар, яғни тек өкілініңжеке-даратәжірибесімен игерілгенәрекет-қылықтарформасы.

III-кезең.Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллек-

туалды әрекет-қылық – заттар арасындағы байланыс – қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.

16

Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оныңәрекет-қылығытума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты келеді.Заттайқабылдаукезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп,жеке-дараәрекет-қылықдағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.

Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байланыстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың жаңа жолдарын«ойластыру» дәрежесіне көтеріледі. Бірақ«ақыл-ес» әрекеті бұл кезеңде биологиялық қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.

Рефераты:  Понятие и виды учреждений — курсовая работа

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens – ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойықажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуіненбірте-біртеқалыптасып барды. Сонымен,адамзаттық материалды, ру-

ханимәдениеті–баршаадамдардыңпсихикалықдамуыменбайланыстыжүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы.

Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқымен әрекетқылығыныңәдіс-тәсілдерінөзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен қызметтерінаса жоғары психикалық қызметтерге ауыстырады.

Енді тума қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар анайы адамиласқан, қоғамдық-тарихишарттасқан ес, ойлау, қабылдау (қисынды ес, дерексіз – қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан былай тарихи даму үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдаланып, сөйлеу рәміздерін қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті.

Жоғары психикалық қызметтер бірлігі адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие:

·нәсілдікжәнетабиғитүрткі(эмпирикалық)жолдарменқабылданғанәрекет-қылықформаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдартаңдаудыңтүбегейліжаңақұралы–сөзбенұрпақтанұрпаққаберілетінадамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.

17

·адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды байланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.

·сана сипаттары: іс-әрекетмақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.

Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларғасәйкестендіріпәдіс,тәсілдерменқұрал-жабдықтардытаңдайбілуқабілеті. Тұлға өзіс-әрекет,қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұліс-әрекетжағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей,оныңдамузаңдылықтарынбілунегізіндеорындалыпжатады. Адамсанасыалдағыоқиғалардыңзаңдылықты қалануынболжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.

·жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:

1)ғылым – заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;

2)өнер – болмысты бейнелік өрнектерменрухани-тәжірибелік

тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;

3)әлеуметтік талап, өлшем – шектеулер– қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;

4)адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге қолданатыннаным-сенімдері, рәміздері жәнеәрекет-қыймылүлгілерінің жиынтығын бейнелеушіәлеуметтік-мәденисана формасы.

Сенім – заттасқан дүние зерттеулері және ой қисыны (логика) негіздерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.

Қоғамдық сананың барша формалары бірлікті идеология құрайды.

Идеология – бұл адамдардың болмысқа,бір-біріне,қоғам өміріне болған қатынастарын реттеуші тірек құндылықтар мен негіздемелік ұғым, пікірлер жүйесі.

18

Санаөзіндіксанажәнеөзіндікжауапәрекеткекелу(саморефлексия)

қабілеттерімен байланысты.

Өз төңірегіндегі дүниені сезінумен адам өзін сол дүниеге байланыстыра қабылдайды.

Өзіндік сана – бұл адамның қоршаған әлемге болған құндылықты

мәнді тұлғалық қатынастарының жүйесі.

Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетіктері арқылы іске асып отырады. Бидоминанта дегеніміз тұлғаның көп түрлі «мендік» болмыстары (нақты «мен», қияли «мен», өткендегі «мен», болашақтағы «мен», отбасындағы «мен», ресми «мен» және т.б.) арасындағы «ой ортақтасу» қабілеті, оның өзімен өзі қатынасқа келуі. Осы тұлға бойындағы диалог әлеуметтік өлшемдермен жанама күйге енеді. Адамның ішкі «Мені» – интериоризацияланған «Өзге», яғни өмір барысында тұлға бойына сіңген әлеуметтік бастау.

Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның санасында өзіндік қалаутаңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.

Ой, ойлауға қарағандасана мәні кеңірек. Ол психикалық ісәрекеттердің барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртұтас, бірігімді бейнесі. Оның құрамы әлемдік бейнелердіңсезімдік формаларынан (түйсік, қабылдау, елес),рационалдық танымнан (дүниенің жалпылама – теориялық бейнесі), сонымен бірге психикалықөзіндік реттеулердің көңіл-күй,еріктік аймақтарынан тұрады.

Санаболмыстыңкатегориялыққұндылықтыбейнесіжәнежалпыадамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекетқылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.

Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы белсенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орындалып барады. Осыдан сана біршама үдерістік (процессуальные) жәнемазмұндық ерекшеліктерге ие.

Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегібелсенді қозғалғыштығымен (динамика),

заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы

өзіндік бағалау (саморефлексия) қабілетімен сипатталады.

Жекетұлғаныңтөңірегіндегілерменықпалдасты арақатынастарының берік тұрақтанған әдіс-тәсілдерітүбегейлі бекіп, оныңастарсанасымен жоғары санасын қалыптастырады.

19

Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік – тарихи ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың барша құрылымдары әлеуметтік–мәденисипат алады.

Жеке адам санасы және оның құрылымдары кіші балалық шақтан сыртқы әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттерқұрамын өз бойына сіңіре меншіктеумен (интериоризация) қалыптасып барады.

9. Психика деңгейлерінің өзара байланысы

Адамның психикалық іс-әрекетіжәне оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған:бейсана, астар сана және ашық сана.

Психикалық іс-әрекеттіңбейсана(бессознательный)деңгейіадамда,

жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтінбиологиялықтетіктерарқылыбасқарылып,реттеледі.Олардың бәрібиологиялыққажеттердентуындайтынәрекеттер,яғни–организмніңжәнетекөкілініңөзтіршілігін сақтауы,жалғастыруы(қоректену,қорғану, ұрпақ қалдыру).

Алайда,адамәрекет-қылығының(генетикалықшартты)бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басынақауіп-қатертөнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұлкөңіл-күйжәнебей-берекет(импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.

Психикалық іс-әрекеттіңастар сана (подсознательный) деңгейі –

жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығыныңтұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция).Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесіндеқұрылымдықорын тепкен импульстік-көңіл-күйлік(импуль-сивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылықәрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий