Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері

Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері Реферат

Лекция-12. саяси мәдениет және саяси идеология

Саяси мәдениет түсінігі, мәні құрылымдық компонентер және саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бөлігі ретінде.

Саяси мәдениет ұлттық, әлеуметтік мәдени, ұлттық тарихи, діни, ұлттық-психологиялық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, стереотиптермен байланысы. Саяси өмірдің институционалды нормалары мен дәстүрлері.

Саяси мәдениет және қоғамдық сана. Саяси сананы қалыптастырудағы қоғамдық-саяси институттардың ақпараттық-идеологиялық рөлі. Саяси сана деңгейі. Саяси мінез-кұлықтың үлгілері мен стереотиптері.

Саяси мәдениеттің жіктелу мәселелері. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттің арақатынасы.

Тпелі кезеңдегі саяси мәдениет. Посткеңестік мәдениеттің ерекше сипаттары. Қазақстан Республикасында демократиялык саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері.

Саяси идеология саяси сананың ықпалды түрлерінің бірі ретінде. Саяси идеологияны анықтаудағы әртүрлі амалдар. Саяси идеология деңгейі және қызметтері. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары: либерализм. консерватизм, марксистік дәстүр және халықаралық социал-демократия.

Саяси мәдениет түсінігі, мәні құрылымдық компонентер және саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бөлігі ретінде. Саяси мәдениет құбылысы саяси зерттеу обьектiсi ретiнде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш рет «саяси мәдениет» ұғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгiзген CUIII ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы-философы Иоганн Гердер (1744-1803ж.ж.) болып табылады. Бiрақ, бұдан саяси мәдениет туралы оған дейін ешқандай ой-пiкiрлер болмаған деген түсiнiк қалыптаспауы тиiс. Атап айтсақ, антикалық ойшылдар Платон «Мемлекет», «Заңдар», Аристотель «Саясат» деген еңбектерiнде, кейiнiрек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңiл бөлген. Олар тәрбиеленген дәстүрі, әлеуметтiк, саяси тәжiрибесі әртүрлі адамдардың бiрдей жағдайда сезiнуі, жауап қайтаруы, әрекеті әртүрлі болатындығын байқаған. Оның себебiн бiлгiлерi келген, оған жауап iздеген.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгiлеп, оның негiзгi пiкiрлерiн жасауға М. Вебер, Э. Дюргейм, Т. Парсонс сияқты батыстың iрi ғалымдары да үлкен үлес қосты. Бiрақ, саясаттану ғылымының ұғымдық жүйесiне «саяси мәдениет» ұғымын американ ғалымдары Г. Алмонд пен С. Верба CC ғасырдың 60-шы жылдары енгiздi. Бұл кезеңде саяси мәдениеттi зерттеуге деген қызығушылықтың артуы үшiншi әлем елдерiнде, әсiресе Африкада пайда болған тәуелсiз елдердегi (отарлық езгi құлауынан) саяси тәжiрибе ерекшелiктерiне байланысты болды.

Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық, институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2) бағдарлық,тұрғындардың саяси обьектiге бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бұл бағдарлар өзiне танымдық, көңiл-күйлiк, бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси мәдениет құбылысы сипаттайды.

Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей байланысты. Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам анықтамасы бар.

Бұл осы түсiнiктiң өте күрделi екендiгiн көрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi де бар. Олардың бiрiне анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегi белсендiлiк. Кейбiр анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бөлек қаралады. Кейде саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бөлiмi деп қарайды.

Осы кемшiлiктердi ескере отырып, саяси мәдениетке берiлген анықтамалардың бiрнешеуiн талдап көрейiк. Поляк саясаттанушысы Ежи Йозеф Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет — ол үкiмет пен азаматтар арасына қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мiнез-құлықтардың жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады:

а) саясат туралы түсiнiк, оған құштарлығы;

б) саяси оқиғаларды бағалай бiлу;

в) саяси мақсаттың сезiмдiк жағы, мысалы, отанды сүю, оның жауларына өшпендiлiк;

г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгiлерi.

Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері

Ал, ғалым Е.С. Шестопал саяси мәдениетке анықтама бере отырып, оны төрт топқа бөледi:

1 «Психологиялық», саяси мәдениет — саясат объектiсiне бағыт берушi жүйе;

2 «Жалпыкөлемдiк»бойынша саяси мәдениет — жеке адамның саяси мiнез-құлқының құрылымы;

3 «Объективтiк» анықтама бойынша саяси мәдениет — жеке адамның тежеуiшi;

4 «Эвристикалық» бағыт саяси мәдениет сараптау мақсатында қолданылады деп санады.

С.А. Оболенскийпікірі бойынша саяси мәдениет түсiнiгiне үш негiзде анықтама берiлген. Оның ойынша 1) А.Г. Агаев, А.И. Арнольдов, Ф.М. Бурлацкий, А.А. Галкин, С.К. Рябов бұл саяси категорияны саяси қызмет, құндылық, принцип және тарихи тәжiрибе ретiнде сараптаған. 2) Ю.Ф. Ожигова, Ю.Т. Тихонов, Р.Г. Яновский адамның саяси дамуы мен белсендiлiгi және саяси тәжiрибесiн қолдана бiлу деңгейi деп есептеген. 3) Мына ғалымдар Е.М. Бабасов, Г.О. Белов, М.Т. Иовчук, Н.М. Кейзеров, Я.Н. Коган саяси мәдениет — адам күшiнiң формасы мен әдiстерi негiзiнде түсiндiргiсi келген.

Ағылшын саясаттанушылары Р. Карр мен М. Бернштейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтiк тәжiрибе, адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауы да кiредi дейдi. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтiк топтардың саяси iс-әрекеттерiндегi тәсiлдердi, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерiнiң қазыналары жатады.

Кеңес өкiметi кезiнде бұл пiкiрге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек деп есептедi. Бiрақ, бұл көзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси мәдениеттен саяси iс-әрекет пайда болады. Екiншiден, егер адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауын саяси мәдениеттен бөлiп алсақ, оның iс-әрекеттiк жағы ескерiлмей қалады. Ал, қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерiмен бiрге нақтылы iс-әрекеттiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сондықтан бiз саяси мәдениетке саяси санамен қатар iс-әрекеттер де кiредi деп есептеймiз.

Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.

Саяси мәдениеттi әртүрлi бағыттарда қарастырылған:

1 Г. Алмонд, С. Верба, Б. Дивайн, Б. Краснов – саяси құндылықтық бағдар негiзiнде қарастыра отырып, оны рухани құбылыстар жиынтығы дейдi;

2 С . Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси мәдениет деп түсiндiредi;

3 Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi;

4 Дж. Плейно саяси мәдениеттi iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiлерiнiң жиынтығы ретiнде қарастырады;

5У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет тәсiлi дейдi;

6 Барлығынан гөрi саяси мәдениетке дәлме-дәл анықтама берген Роберт Такер «саяси мәдениет — қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет үлгiлерiн қамтушы». Мұнда индивид санасы мен iс-әрекетi және әртүрлi қауымдастық топтар мен ұлттар да қамтылады.

Қоғамдағы саяси мәдениет адамдар санасы мен iс-әрекетiн ғана емес, саяси институттар әрекетiнiң мазмұнына да тiкелей ықпал етедi. Қоғамда саяси жүйенің бір элементі ретінде саяси мәдениет: қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын; тұрғындардың әртүрлі қабаттарының бірлігін; билеуші элитаның әлеуметтік базасының беріктігін; қабылданған саяси басқарушылық шешімдерге тұрғындар реакциясын байқау мүмкіндігін; сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін өндіруді қамтамасыз етеді (14-кесте).

Жалпы мәдениет құрамдас бөлiгi бола отырып, саяси мәдениет өзiне әлеуметтiк-саяси институттарда бекiтiлген обьективтi элементтердi, саяси сана элементтерiн − бағдар, құндылық, нұсқауларды қамтиды. Халықтың тарихи санасы ұлттық саяси өмiрде сабақтастықты сақтаушы мемлекеттiк және саяси проблемаларды шешу тәсiлдерi мен дәстүрлерiн нақты кезеңдерде жарыққа шығарып отырады. Саясаттанушылар қоғамның саяси мәдениетiн үш негiзгi бөлiкке бөледi. Бұл бөлiктер адамдардың үш түрлi саяси бағдарларымен байланысты: 1) билiк құрылымына байланысты; 2) қоғамның басқа мүшелерiне қатынасына қарай; 3) өзiнiң саяси белсендiлi-гiне қатынасына қарай.

1 Билiк құрылымына қатынас өзiне екi түрдi: саяси тәртiпке қатынасты және билiктiк шығыс пен кiрiске қатынастықамтиды. Тәртiптiк бағдар индивидтiң билiк құрылымының қызметiн бағалауын, қабылдаған шешiмдерге /шығысқа/ олардың қатынасын бiлдiредi.

2Индивидтiң басқаларға қатынасын жағынан саяси жүйеге бағдары үш түрдi қамтиды: саяси етенелесу, саяси сенiм, «ойын ережесi». Саяси етенелесу -индивидтiң саяси жүйенi мойындауы, оған деген жауапкершiлiгi мен мiндеткерлiгi. Саяси сенiм — индивидтiң басқалармен азаматтық өмiрде ашық, бiрге, төзiмдi өзара қатынасын бiлдiредi. «Ойын ережесі» -индивидтiң түсiнiп азаматтық өмiрде бағынуы тиiс ережелерiн қамтиды.

3 Саяси белсендiлiк өзiне екi түрдi қамтиды: саяси кәсiбилiк және саяси мәндiлiк. Саяси кәсiбилiк индивидтiң қоғамның саяси өмiрiне жиi араласуын, саяси ресурстарды пайдалану мүмкiндiгiн бiлдiредi. Ал, саяси мәндiлiк – индивидтiң өзiнiң саяси процеске ықпал ету мүмкiндiгiн сезiну.

Әр елдегi саяси мәдениет туралы бiлу үшiн мiндеттi түрде оның құрылымын ажыратып алуымыз керек.

а) Саяси сана саласында саяси мәдениет мыналарды қамтиды:

· субъектiнiң саяси өмiрге қызығушылық денгейi (қызығушылық жоғары, орта, төмен болуы);

· субъектiнiң саяси санасының даму денгейi;

· жалпы саяси жүйеге, оның жекелеген институттарына, олардың рәмiздерiне қатынас;

· саяси процестiң басқа қатысушыларына қатынас (қолдау немесе қарсылық);

· саяси акцияларға қатысуға даяр болу денгейi;

· «саяси ойын ережесiн» бiлу денгейi (мүмкiн және мүмкiн емес жағдайлар);

· саяси және саяси-идеологиялық өзiн-өзi етенелестiру сипаты;

· саяси тiлі;

б) lс-әрекет саласында саяси мәдениеттi мыналар қамтиды:

· қоғамның саяси өмiрiне қатысу формасы мен денгейi (митинг, шеру, саяси көтерiлiс, партиялық қызмет);

· мемлекеттiк институттармен өзара әрекет формалары мен денгейi (конфронтация, әрiптестiк, әрiптестiк емес);

· азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет формалары мен денгейi (саяси партия, қозғалыстар);

· саяси процесс субъектiлерiмен өзара әрекет формалары мен денгейi;

· электоралды мiнез-құлық түрлерi;

в) институттық денгейдегi саяси мәдениет сипаты мыналарды қамтиды:

· саяси жүйенi басқару әдiстерi (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық);

· саяси шешiмдi қабылдау және жүзеге асыру әдiстерi;

· әлеуметтiк-саяси жанжалдарды реттеу әдiстерi;

· электоралдық процестер түрлерi (сайлау ұйымдастыру формалары мен әдiстерi);

· ұлттық мүдделердi қорғау тәсiлдерi (күштеу және мәжбүр ету, мәмiлеге келу).

Саяси сананың iшiнде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмiрiнiң әртүрлi жақтарын бейнелейтiн әдеттегi қалыптасқан түсiнiктерiжатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртiп, билiк тетiктерi мен басқару, шешiмдердi қабылдау мен iске асыру, билiк өкiлеттiгiнiң иелерi, саяси өмiрдегi өз орны, саяси қызметке қатысудың қүдiреттiлiгi мен тиiмдiлiгi жөнiндегi және тағы сол сияқты түсiнiктердi қамтиды.

Саяси мәдениеттiң келесi құрамдас бөлiгiне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол еркiндiк, теңдiк, әдiлдiк, әлеуметтiк қорғанушылық, автономия, төзiмдiлiк және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруiнен байқалады.

Саяси мәдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi — адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немiстер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет бiлдiредi. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бiрпартиялықты шеттен шыққан жөнсiздiк деп санайды. Сондықтан онда бiрпартиялық жүйе орнауы мүмкiн емес. Ал, кейбiр елдерде оған үйренiп кеткен, оның ешқандай сөкеттiгi жоқ сияқты. Демек, әрбiр елдiң, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.

Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстауда кiредi. Ол субъектiнiң саяси құбылыстарға қатынасын бiлдiредi. Ол саяси бiлiмiн көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрiнiс табуы мүмкiн.

Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүрiс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екi жапондық кездессе бiр-бiрiне иiлiп сәлем бередi. Сонда ол елдiң ғұрпын бiлетiн адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бiрден байқайды. Себебi ол төменiрек иiледi.

Саяси мәдениеттiң ерекше белгiсiне саяси рәмiздер жатады. Әр халық өздерiнiң ғасырлар бойғы дәстүрлерiне сай ұлттық-мемлекеттiк рәмiздерiн жасайды. Оған ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгiлерi және т.б. енедi.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi кiредi. Ол мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi денгейде қабылданған саяси шешiмдердiң, саяси-әлеуметтiк шиеленiстердi ұғыну және зерттеудiң мәдениеттiлiгiн қамтиды.

Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн:

1 Саяси мәдениет ықпалымен саяси өмiрдiң дәстүрлi формалары өндiрiлуi мүмкiн;

2 Саяси мәдениет әлеуметтiк және саяси өмiрдiң қоғам үшiн жаңа, дәстүрлi емес формаларын өндiруi мүмкiн;

3 Саяси құрылыстың өткендегi және жаңа элементтерiн бiрiктiруi мүмкiн.

Саяси өмiрде саяси мәдениет белгiлi бiр қызметтер атқарады:

1 Танымдық қызметi— қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптердi танып бiлуге үйретеді және субъектiнi саяси салада табысты жұмыс iстеуіне керектi бiлiммен, қоғамды басқару әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады;

2 Етенелесу қызметi— адамдардың белгiлi бiр әлеуметтiк қауымдастыққа жатуын, әрi сол топпен өзiнiң мүдделерiн жақындастыруын, сол топпен саяси өмiрге белсендi араласуын түсіндіреді;

3 Әлеуметтендiру қызметi— адамның қандай да бiр саяси билiк жүйесiнде өзiндiк саяси құқығы мен саяси қызметiн, мүдделерiн iске асыруға қажеттi дағдылар мен қасиеттердi игеруiн қамтамасыз ету;

4 Реттеушiлiк қызметi — бұл саяси мәдениеттiң адам мiнез-құлқына әсерi, олардың iшкi және халықаралық өмiрдiң саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазiргi саяси жүйенi, саяси қайраткерлердi, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерiн бағамдау, әлеуметтiк-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу;

5 Тәрбиелiк қызметi — бұл саяси бiлiмдердi игеру жеке адамның интеллектуалды дамуына, дүниетанымының кеңеюiне, мүдделердi қорғауға, қоғамдық-саяси әрекетке, қимылға белгiлi тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзiнiң көрiнiсiн әлеуметтiк белсендiлiктен табады;

6 Интегративтiк (бiрiктiрушiлiк) қызметi— саяси мәдениет өмiр сүрiп отырған саяси жүйенiң тiрегi қызметiн атқарады. Саяси мәдениет қоғамның көпшiлiгiнiң өмiр сүрiп отырған саяси жүйенi қолдауын қамтамасыз ету арқылы оларды бiрiктiру мақсатында қызмет етедi;

7 Коммуникативтiк (қарым-қатынас) қызметi — өмiрде үстемдiк алған саяси сана мен мiнез-құлықты жаңа ұрпаққа жеткізу және беру;

8 Қорғау қызметi— қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетiн саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

2 Саяси мәдениеттiң жiктелуi. Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгiлер мен ережелерге байланысты әр елдiң саяси мәдениетi өзгешеленедi, ерекшеленедi. Ал, оларды анықтау үшiн ең алдымен, кең мағынадағы эмпирикалық зерттеулер жүргiзу керек, содан соң ғана салыстырмалы-саяси талдау арқылы ерекшелiктерiн сипаттауға болады.

Соңғы кезеңдерде саяси мәдениеттi дамыған, не дамымаған ел деп екiге бөлу арқылы олардың деңгейiн анықтау саясаттанушылардың арасында кең тарай бастады. Бұл жiктеудiң өлшемi көбiнесе мемлекеттiң жалпы даму деңгейiмен байланыстырылады. Мәселен, АҚШ, Германия, Франция, Англия дамыған саяси мәдениеттерге ие десе, көптеген елдердi оған жатқызбайды.

Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерiбар: тоталитарлы, авторитарлы және либералды-демократиялық. Тоталитарлы қоғамның кезiнде мемлекеттiк билiк барынша тұтастанып, қоғам мүшелерi қатаң бақылауға алынады. Фашистiк және коммунистiк типтегi тоталитарлы қоғамдар көсем (лидер) басқаратын саяси билiктi әмбебаптандырады. Тоталитарлық үрдiстер экономикалық қатынастардағы шаруашылық субъектiлер «этатизациялануын» сипаттайды. Бұл жердегi негiзгi аргумент-тиiмдiлiктi арттыру. Бұл мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi.

Авторитарлық (өктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде өзiнiң тарихи «ататегi» – автократия мен тираниядан сапалы түрде айырмашылықтарға ие болған. Өйткенi ежелгi заманда билiктi аздаған адамдар көп емес кiсiлердiң мүддесiне орай жүргiзсе, қазiргi авторитарлық көпшiлiктiң атынан топ күйiнде билiктi жүргiзедi. Сөйтiп, деспоттық принциптерiне сүйенген қоғам бiрте-бiрте ендi халықты алдап-сұлдап (манипуляция) билiк жүргiзуге ауысқан. Жаңарудың ең оңай түрi «халық мүддесiн» қорғау жайлы науқанды iс-әрекеттер жасау екенiн авторитарлы типiндегi мемлекеттердiң басқару органдары жақсы түсiнiп алған. Бұл әлеуметтiк-саяси өзгерiстердiң түптамыры XX ғасырдағы әлеуметтiк революция-лармен астасып жатады.

Либералды-демократиялық модельдегi саяси мәдениет пiкiрлер алуан түрлiлiгiн жоққа шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ұстанымдарынан тиiмдi ортақ ойды iздейдi. Бұл саяси шешiмдегi сыңаржақтылықтан қорғайды. Бiрақ, бұл да идеологияның бiрi болғандықтан, оның кемшiлiктерi де бар. Мәселен, қоғамдағы барлық мәселелердi шешуге болады деген желеумен тарихи қалыптасқан дәстүрлi құндылықтардың құнарлы жақтары да ұмытылып кететiн кездерi де болады. Өйткенi, бұндай саяси мәдениет әлемдiк кеңiстiктегi саяси тәжiрибенiң кейбiр үрдiстi тұстарын механикалық түрде қабылдап, әлеуметтiк-тарихи ортада қалыптасқан ұлттық және дiлдiк ерекшелiктердi ескермеуi де мүмкiн. Бұл нақты тарихи қарастыруды қажет ететiн жағдай.

Саяси мәдениеттi кейбiр зерттеушiлер басқа түрде жiктеп, олармен құндылықтық бағдарлардың байланысын анықтап жүр. Мәселен, Габриэль Алмонд пен Сидней Вербаөздерiнiң «Азаматтық мәдениет» (1963ж.) деген еңбектерiнде саяси мәдениеттiң типологиясын жасай отырып, оларды қоғамдағы негiзгi саяси құндылықтармен тығыз байланыста болатынын көрсетедi. Бұл зерттеушiлер АҚШ, Англия, Германия, Мексика және Италия елдерiнде кең тараған саяси құндылықтарға компаративистiк талдау арқылы саяси мәдениеттiң үш типiн анықтайды. Бiрiншi типтi патриархалды деп атайды. Бұл тип қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық танытпайтындығымен ерекшеленедi. Әсiресе, осындай жағдай Африканың тайпалық қауымдастықтарында, кейбiр елдердегi автономиялық елдi мекендерде жиi кездеседi. Олар негiзiнен өздерiнiң iшкi тайпалық дiндерiнiң қалыптарымен, әлеуметтiк шектеулерiмен өмiр сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп алаңдатпайды, күнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды.

Екiншi типтi мақұлдаушылар деп атайды. Бұл саяси мәдениеттiң құрылымына мемлекеттегi заңды мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын жатқызамыз. Олар қоғамның саяси өмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат құралдарында айтылатын деректермен таныс). Бiрақ, бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан айтылған нұсқауларды орындауды ғана мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей араласуын қаламайды. Бұл авторитарлы қоғамда кеңiнен тараған саяси мәдениеттiң формасы.

Үшiншi типке саяси мәдениеттi белсендiтүрде дамытушылар жатады. Бұл азаматтар саяси процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның әрбiр саяси қадамын қадағалап, ондағы саяси оқиғалар жайлы өз пiкiрлерiн түйiндейдi. Әрине, бұл үш типтi де бiр қоғамнан кездестiруге болады және олар бiр-бiрiн толықтырып, бiр қоғамның тұтас саяси мәдениетiн анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте үшiншi типке жататындардың саны көбейе түседi.

Рефераты:  Психология управления. Реферат. Психология. 2015-03-20

Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi. Егемендiк алған сәтте Қазақстанның дамуына барлық қажеттi алғышарт бар сияқты көрiндi. Атап айтқанда, негiзiнен шикiзаттық сипатта болса да республиканың жеткiлiктi дамыған индустриялдық базасы бар едi. Екiншiден, Қазақстан халқының жоғарғы бiлiм денгейi, тiптi дамыған Батыс елдерiнен олқы түспейтiн. Демек, сол уақытта Қазақстанның экономикалық және саяси жүйесiн реформалаудың халықтық азаматтық белсендiлiгiнiң көтерiлуiне ықпал ететiнi жөнiнде ешбiр күмән болған жоқ. Нәтижесiнде саяси мәдениеттiң демократиялық үлгiсiнiң қалыптасуынан үмiттенуге болатын едi.

Алайда, ақиқатында, Қазақстанның саяси мәдениетi басқа бағытта дамыды, республиканың саяси мәдениетi ендi тоталитарлық үлгiге жатпайды. Қазiр Қазақстанда да, бұрынғы кеңес республикаларының қай-қайсысында да коммунистiк режим тұсындағымен салыстырғанда мақұлдаушылық саяси мәдениеттi ұстанушылардың мүлдем аз екендiгiн кесiп айтуға болады. Алайда кеңестiк кезеңнен кейiнгi Қазақстанның саяси мәдениетiнде мақұлдаушылар үлесiнiң азаюы, олардағы белсендiлер санының күрт өсуiне әкелген жоқ. lс жүзiнде патриархалдардың үлесi айтарлықтай ұлғайды.

Өтпелi кезең басталғаннан берi (тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәттен басталады) бiздiң мемлекетiмiз нарықты қатынастар мен қоғамды демократияландыру жолына түскен болатын. Бұл дегенiңiз саяси мәдениеттiң демократиялық типiн таңдап алу деген сөз. Оған бiршама негiздер болатын: халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың индустриялануы, кен байлығының молдығы, халықтар достығы дәстүрi, көп мемлекеттермен қарым-қатынас жасауға ашықтық және т.б. Бiрақ шын мәнiнде, саяси мәдениеттiң дамуы Қазақстан үшiн (барлық ТМД-i елдерiндегiдей) күрделi құрылымға ие болды. Кеңестiк режимде мақұлдаушылар құрамында жүрген азаматтардың бiр бөлiгi ғана жаңа демократиялық құндылықтарды жақтаушы белсендiлердiң қатарына көштi де, халықтың бiршама бөлiгi патриархалды типтегi саяси мәдениеттi қолданушыларға айналды. Бұл жағдай кездейсоқ қалыптасқан жоқ болатын. Өйткенi, социалистiк дамудың принциптерi этникалық-мәдени дамудың маңыздылығы бар құндылықтарына терең мән бермей келген болатын. Мiне, сол жүзеге аспаған мүмкiндiктер мен мүдделер өз уақыты келгенде әлеуметтiк кеңiстiкке босап шығып отыр. Ендi тек сол қайшылықтардың тиiмдi шешiмiн тауып қана алға жылжудың ретi келедi. Сырт қарағанда артқа кету болып көрiнгенмен бұл процестердiң де заңды негiздерi бар.

Саяси мәдениеттiң құрылымындағы патриархалданудың элементтерi тек қазiргi Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей мемлекетiнде және көптеген бұрынғы Кеңестiк республикаларда байқалады. Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай түсуi, өздерiнiң тұрмыстық хал-жағдайларын күйттеп кетуi саяси жүйенiң қарапайым халықтан оқшаулау тұруына да байланысты.

Саясаттану ғылымындағы танымал ғалымдардың барлығы дерлiк шығыстық және батыстық мәдениетке тән өзiндiк ерекшелiктер болатындығын мойындаған. Мәселен, көпшiлiкке белгiлi қазақстандық ғалымдар Ж. Алтаев, Т. Ғабитов және А. Қасабеков өз еңбектерiнде Шығыс пен Батыс мәдениетiне тән сапалық айырмашылықтарды атап көрсетедi. Бұл талдауда екi бiр-бiрiнен айырмашылығы бар дүниетанымдық ұстаным (даралық пен көпшiлдiкке бағдарланған) салыстырылады. Қазiргi Қазақстан жерiнде екеуi тоғысқанға ұқсайды.

Саяси идеология саяси сананың ықпалды түрлерінің бірі ретінде. Саяси идеологияны анықтаудағы әртүрлі амалдар. Саяси идеология деңгейі және қызметтері. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары: либерализм. консерватизм, марксистік дәстүр және халықаралық социал-демократия.Саяси идеология мемлекеттiң және маңызды саяси институттардың қызметтерiн бағыттаушы саяси сананың ең ықпалды формасы және ол билiктiк қатынас мазмұнына ықпал етеді, әрi белгiлi бiр топтың рухани құралы болып табылады. Саяси идеология ұғымы саяси процестердегі маңызды көзқарастарды, саяси саланың дамуындағы заңдылықтарды ашып көрсетеді.

Саяси идеология ұғымының (оны ағартушылық дәуiрiнiң философы француз Антуан Луи Клод Дестют де Траси енгiзген) мазмұны ғылымда әртүрлi түсiндiрiлуде. Мәселен, В. Парето саяси идеологияны «сезiм тiлi» болып табылатын интеллектуалдық жүйе және адам iс-әрекетiнiң оятушы ниетін (мотивiн) бейнелейді деп есептедi. Идеология теориясының негiзiн салушының бірі К. Маркс, идеология дегеніміз қоғамдық тұрмыс пен өндiрiстiк қатынас қарама-қайшылығынан туындаған елестiк сана формасы деп тұжырымдаған. К.Маркс замандасы К.Мангейм, идеологияны «ерiктi мистификация» жүйесi деп анықтады. Бiрақ, ол идеологияның қызметтiк сипатына, әсiресе адамдарды бiрiктiру қабiлетiне, саяси энергияны аккумуляциялауына ерекше мән бердi. Бұл идеяларға қарама-қарсы пiкiр бiлдiрген Д. Истон мен А. Конноли, олар идеологияның көңiл-күйлiк жағынан гөрi құндылықтық мазмұнына ерекше мән берген болатын. У. Матц идеология тек күрделi саяси дағдарыстар кезiнде ғана саяси аренаға шығады деп есептейдi, ал А. Хабермас, идеология мен бұқаралық мәдениет бiр деп санады. Американдық теоретик Л. Саджент идеология саяси дамудың белгiлi бiр мақсаттары мен құндылықтарын қалыптастырады, сонымен бiр уақытта практикалық мәселелердiң шешiлуiн қиындатады деген. Г. Лассуэл идеологияны саяси бiрлестiктердi қандай да бiр қолдауға бағытталған коммуникацияның көптүрлiлiгi деп түсiндiрдi. Оның ойынша, бұл мағынада ол өзiне қоғамдық санаға бағытталған мынадай элементтердi қамтиды: саяси доктриналарды, саяси формуланы (конституцияның негiзгi ережелерiнiң мазмұны) және саяси миранданы (аңыздар, мифтер, рәсiмдер т.б.).

Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен түрлері.Саясаттану оқулықтарында идеологияның мына қызметтері атап көрсетілген:

1танымдық қызметi, ол арқылы саяси жүйенi, саяси өмiрдi танып бiлемiз;

2 бағдарламалық қызметi, ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тұлға, билiк т.б. туралы түсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;

3 жұмылдыру, iске тарту қызметi, жоғары құнды идеяларды, мақсат-мүдделердi айқындап, оның жүзеге асырылуына түрткi болу, әлеуметтiк топтарды жұмылдыру, рухтандыру;

4 бағалау қызметi, халық санасында қоғамның дамуына баға берерлiк жағдай жасайды, үстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр көзқарасты тудырып, қалыптастырады.

Саяси идеологияның әрекет ету деңгейi де әртүрлi болып табылады:

· теориялық-концептуалды, белгiлi бiр таптың құндылықтары мен идеалдарын ашатын немесе қандай да бiр саяси даму мақсатын ұстанатын басты ережелердi қалыптастыру;

· бағдарламалық-саяси, әлеуметтiк-философиялық қағидалар мен идеалдар саяси элита бағдарламасына, ұрандары мен талаптарына айналады, сөйтiп басқарушылық саяси шешiм қабылдаудың қалыптық негiздерi және азаматтардың саяси iс-әрекетiнiң ниеттемесі қалыптасады;

· өзектендiрiлген, яғни азаматтардың аталған идеологияның мақсаты мен қағидаларын игеруiн, оны саяси iске және әрекетке айналдыру деңгейiн сипаттайды.

Көптеген батыстық теоретик-саясаткерлер үшiн идеология дегенiмiз:

· әлем туралы ғылыми емес бiлiм, ол адамдар санасын манипуляция-лаудың құралы немесе саяси насихаттау саласындағы психологиялық әдістердің жиынтығы;

· «жалған сана»,қоғамның үстемдiк етушi күшiмен оған деген көзқарастардың арасындағы қатынастың қоғамдық негiзiн жоққа шығару, үгіт-насихатпен табысу;

· тұжырымдар, идеялар жиынтығы, қандай да бiр саяси жүйедегi лидерлердің басшылығын ақтау мақсатындағы жеке адамдар мен халықтың қолдаулары;

· көптүрлілік,белгiлi бiр әлеуметтiк топтардың әлеуметтiк бiлiмдерiнiң немесе құндылықтық бағдарларының әртүрлiлiгi.

Батыс әдебиеттерiнде идеология проблемасына екi көзқарасқалыптасқан: 1) идеологияны жалған сана, субъективтi ойлау деп түсiну; 2) идеологияның құралдық-қолданбалы жағына үлкен мән беру.

Сонымен, идеология дегенiмiз адамдардың үлкен әлеуметтiк топтарының iс-әрекетiне бағдар берiп, олардың мақсат-мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесi.

Саяси идеологияның негiзгi түрлері:

Либерализм мен неолиберализм.Классикалық либерализм идеясы буржуазиялық революция дәуiрiнде пайда болады. Либерализм (liberalis — ерiктi) идеологиялық ағым ретiнде ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. ағылшын-американ және т.б. батыстық ағартушылардың саяси философиялары негiзiнде қалыптасты. Оның негiзгi өкiлдерi: Дж. Локк, Ш. Монтескье, А. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвиль. Бұл идеология феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар пайда болуымен бiрге қалыптасты. Бұл кезеңде буржуазияға саяси билiктi өз қолына алуы үшiн либералды саяси доктриналар керек болды. Либерализм мына қағидаларға сүйенедi:

· барлық адамдар табиғатынан дене және ақыл-ой қабiлетi жағынан тең. Қабiлеттер теңдiгi олардың өз мақсаттарына жетудегi теңдiгiн ұсынады;

· адамның жеке бостандығы, оның табиғи құқығы және жеке меншiкке құрмет, оның өмiрiнiң негiзiн құрайды. Табиғи бостандық пен теңдiктi тану − адамның алғашқы бастама жағдайын тану (Дж.Локк).

· барлық адамдар тең ғана емес, сонымен бiрге дербес те болып жаратылған. Сондықтан да ол өзiн-өзi басқару құқығына ие. Басқару формасының ең тиiмдiсi − азаматтарының еркi кең болғаны.

Сонымен, либерализм қағидалары: адамның еркiндiгi, тұлғаның табиғи құқығы мен бостандықтарының байланысы, олардың мемлекет және қоғам мүддесiнен жоғары тұруы. Либерализмнiң мұраты /идеалы/ саяси демократия қағидаларының қалыптасуы мен жетiлуiне, дамуына зор ықпал ету.

Либерализмнiң экономика саласындағы негiзгi қағидалары: адамның жеке меншiкке құқығы, нарықтың, бәсекелестiктiң, кәсiпкерлiктiң еркiндiгi, экономикалық iс-әрекеттiң мемлекетке тәуелсiздiгi.

ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтiк дағдарыстар либерализм идеология-сының әлсiздiгiн көрсеттi. Сондықтан либерализмдi қайта қарап, жаңғыртқан жаңарған либерализм пайда болды. Оның негiзiн салушылар: Ф. Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт т.б. Жаңарған либерализм идеологиясы бойынша мемлекет экономика мен әлеуметтiк салада белсендiлiк танытуы қажет. Олар плюралистiк демократия идеясын ұсынды. Либерализм идеологиясы Жапония, Англия, Австрия, Канада т.б. елдерде кездеседi.

Консерватизм және неоконсерватизм. Консервативтiк идеология (konserbatus − қорғаушы) ұлы француз революциясының саяси идеяларына қарама қарсы идея ретiнде дүниеге келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық құрылысты, оның саяси-мәдени құндылықтарын сақтағысы келдi. Консерватизмнiң негiзгi өкiлдерi: Э. Берк, Ж. Местр, Ф. Савиньи т.б. Олар ортағасырлық әдет-ғұрып, дәстүрлер қоғам өмiрiнде шешушi рөл атқарады, сондықтан оны қалпына келтiру керек деп санады. Консерватизмнiң идеялық-саяси негiздерi мыналар:

· адамзаттың ежелгi моралдық дәстүрлерiн сақтау, ата-бабалардың даналығына құрметпен қарау;

· мақсаты мен мазмұнына қарамастан ескi басқару тәртiбiн артық көру, оны қорғайтын сана жүйесiн қолдау;

· саяси қатысу мен әлеуметтiк тәртiптiң белгiлi бiр бағдарлары мен қағидаларын қолдау;

· қоғамды рухани ақиқаттылық ретiнде тану. Қоғамның негiзгi сипаты тәжiрибе, дәстүр, мәдениет қажеттiлiгiмен анықталынады деп санау.

ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында консервативтiк идеологияға өзгерiстер енгiзiлдi. Ол еркiн нарықтық қатынастар, алуан түрлiлiк, саяси демократия принциптерi едi. Сондықтан ХХ ғасырдың 70 жылдарында Батыс Европада жаңарған консерватизм бағыты пайда болды. Ол жеке адамның бостандығын, құқықтарын жоғары қойды. Мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк қызметтерi едәуiр шектелдi. Мемлекет меншiгi шектелдi, жекешелендiру негiз алды, бұрынғы билiктегi аристократия артықшылығынан бас тартты. Жаңарған консерватизм өкiлдерi: Р. Рейган, Д. Буш, М. Тэтчер т.б. Олар жаңа экономикалық құрылымды, әлеуметтiк-адамгершiлiк құндылық-тарды либералдық және социалистiк негiзде жаңартты. ХХ ғасырдың 80 жылдары консервативтiк партиялар Англия, АҚШ, ГДФ-да жеңiске жетiп, билiк басына келдi.

Қазақстанға жаңа идеологияның қажеттілігі туралы. Соңғы жылдары біздің қоғамымызда идеологияғы деген тым жағымсыз қатынас қалыптасты. Жетпіс жыл идеология қысымы астында өмір сүрген азаматтарымыз одан шаршағаны сонша, тіпті оның атының өзі оларға ұнамсыз болды. Бірақ, қоғам идеологиясыз өмір сүре алмайды. Идеологиялық вакуум болмайды деген ескі ақиқаттылық дұрыс болып шықты. Біздің қоғамдық санамызда бос орын пайда болған кезде оны либералистік, ұлттық, діни т.б. идеялар толтыра бастады.

Соңында адамдар тіпті ешбір рухани бағдарсыз, құндылықсыз, идеалсыз қалды, руханилықтан және әлеуметтен айырылу адам үшін үлкен қайғы болып табылады. Қоғам рухани бағдарсыз адамдардан тұрса, ол дағдарыстық жағдайға ұшырайды. Онда адамгершілік төмендейді, қылмыс көбейеді, қалыптастыру-шылық қызмет мотивациясы, адамдар келісімі төмендейді. Бұның кейбір көрінісі қазір бізде байқалды.

Әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептері саясат, экономика, техникалық арта қалушылықта деп санау заңды сияқты. Дегенмен, кейбір политолог, социолог, философ ғалымдар ойынша бұл дағдарыс тамыры тереңде жатыр, ол көрінбейтін адамгершілік саласында, кеңірек алсақ санады. Бұл дағдарыстан шығу үшін ортақ идеяны ойлап табу керек, оның төңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын бірге шешер еді. Бұл идеялар, көзқарастар, құндылықтар идеология болып табылады.

Сонымен, тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру қажет. Мұнда мынадай сұрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы Қазақстанда идеология қандай болуы керек? Идеология, билік жүргізіп отырған саясатпен тығыз байланысты болады, бірыңғай саяси-идеологиялық кешенді құрайды. Өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмұнын экономиканы көтеру, қоғамды демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ұлттық мәдениетті қайта жаңғырту, әлемдік өркениетке ену құрайды. Саяси тілмен айтқанда, бұл Қазақстанда әлеуметтік саясат модернизациясын жүргізу деген мағынаны білдіреді.

Сондықтан Қазақстандағы жаңа идеология оның әлеуметтік модернизациясының идеологиясы болуы керек. Бірақ қысқа уақытта дамыған азаматтық қоғамға жетуге, тоталитаризмнен демократияға бірден секіріп өту мүмкін емес. Ол үшін ұзақ өтпелі кезең керек. Сондықтан қазір елімізге өтпелі қоғамның идеологиясы керек. Мұнда президент билігінің басымдылығы, мемлекеттің қоғамды тоталитаризмнен авторитаризмге алып келудегі рөлінің басымдылығы анық байқалады. Мемлекеттің белсенділігі мұнда сөзсіз қажеттілік болып табылады.

§

Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік саханадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтамыз. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.

Халықаралық қатынастар тақырыбында жиі қолданылатынұғымдар— сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.

Бұл ұғымдардың айырмашылықтары, біріншіден, халықаралық қатынас субъектілерінің саны көбеюімен байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал, халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен бірге саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысады. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады.

Мемлекеттің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Олардың ішіндегі ең маңыздысы- мемлекеттің күшінің арақатынасы, арасалмағы. Көптеген жылдар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналды. Сонымен бірге, қазіргі таңда мемлекеттің күші көптеген көрсеткіштермен бағаланады. Оған мемлекеттің жер көлемі, адам саны, табиғи байлығы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінің мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты, әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалық, рухани, мәдени даму дәрежесі және т.б. кіреді.

Халықаралық саясатта әр түрлі теориялар мен тұжырымдар қалыптасқан. Мәселен, идеализм, саяси реализм, модернизм, жаһандану, неомарксизм теориялары.

Идеализмнің идеалық тамыры Э. Канттың философиясында, ол адамзат бейбіт өзара әрекеттесуге жетеді деп санады. Кант адамның моралдық жетілуі әлемдік қауымдастықтың моралдық саяси тұтастығы сезімін тудырады деп санады. Идеализм теориясының жақтастары мемлекеттер арасындағы әлемдік соғыстар мен әскери қақтығыстарды құқықтық реттеу мен халықаралық қатынастарды демократияландыру, адамгершілік пен әділеттілік нормалар, халықаралық ұйымдардың рөлі мен халықаралық әріптестікті күшейту арқылы тоқтату қажет және мүмкін деп санады. Бұл мақсатқа ерікті қарусыздану мен соғыстан бастартуға негізделген ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру арқылы жетуге болады деп санады. Идеализм бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ президенті Вудро Вильсонның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасында бейнеленді. Идеализм идеясы ұзақ уақыт бойы үмітсіз болды, ақиқат өмірден алыста болды. Оның дәлелі ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Еуропадағы оқиғалар болды, фашизмнің саясаты, Ұлттар Лигасының құлауы мен ІІ д.ж.соғыс.

Бұл халықаралық қатынастар теориясында жаңа ағым реализмнің пайда болуына алып келді. Бұл бағыт жақтастары «күш», «күштер теңдігі», «шиеленіс» деген ұғымдарды ендірді. Реализмнің идеалық қайнар көзі ХVII ғ. ағылшын философы Т.Гоббстың саясаттың мәні жауласушы қоршаған ортада қауіпсіздік үшін күрес деген пікірі болды.

Реализм ІІ ші д.ж. соғыс біткен соң АҚШ тың халықаралық саясатының жетекші теориясы болды және европалық кейбір елдерге де тарады. Бұл теорияның классиктері Г.Моргентау «Ұлттар арасындағы саяси қатынастар» (1948 ж.), Р.Арон «Бейбітшілік және соғыс», Дж.Херцтің «Ядролық ғасырдағы халықаралық қатынастар» болды. Реалистер халықаралық қатынастарды әскери күш арқылы өлшеуге көп назар аударды. «Суық соғыс» саясаты қалыптасты. ХХ ғ. 80-90-жылдары жаһандану жағдайында социализмнің құлауы халықаралық қатынастарға күшті ықпал етті. Кейбір реалистер өздерінің теориялары біржақты болғандығын түсінді. 1979 жылы Кеннет Уолтцтың «Халықаралық саясат теориясы» кітабы шықты, онда реализм теориясына кейбір өзгерістер енгізілді, бұл «неореализм» мектебінің қалыптасуының бастамасы болды. Неореалистер жаңа халықаралық қатынастар жүйесі көпжақты, әскеримен қатар экономикалық, саяси және әлеуметтік те қажеттіліктер де бар деп санады.

Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері

«Модернизм» теориясының өкілдері реализмді әлемдік саясатта әскери стратегиялық аспектіні шешуші деп санағаны үшін сынға алды. Бұл бағыт компьютерлік техника мен мәліметтерді жинау мен математикалық талдауды қолдануға жол ашты.

«Жаһандану» парадигмасы халықаралық қатынастарды талдауда халықаралық акторлар шеңберін ауқымды алды. Реалистерді халықаралық қатынастарды ұлттық мемлекеттер мен ұлттық қауіпсіздік арқылы қарастырады деп кінәлады.

«Неомарксизм» жақтастары әлсіз дамыған мемлекеттердің дамыған мемлекеттерге экономикалық тәуелділігін, олар арзан жұмыс күші мен экономикалық дағдарысқа ұшырамау үшін тауар өткізу көздері болып табылады деп санады. Бұл бағыт халықаралық қатынастарды кедейлер мен байлардың күресі негізінде талдады. Олар да модернистер сияқты көпұлтты бизнес пен трансұлттық коалициялар мен элитарлық топтар туралы айтты.

Рефераты:  Атомная энергетика и окружающая среда (Реферат)

Соңғы жылдары мәдени-өркениеттер қақтығысы атты теория танымал, авторы С.Хантингтон. Ол қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі бірнеше кезеңдерден: монархтар, ұлттық мемлекеттер, идеологияны алып жүрушілер арасындағы жанжалдардан өтті деп санады. Хантингтон «суық соғыс» аяқталған соң дін, философия, тарихи тәжірибе, тіл мен өмір сүру салтын бейнелейтін мәдени-өркениет ерекшелігі маңызды болады деп санады. Ол қазіргі әлемдегі негізгі мәдени-өркениеттің бірнеше блоктарын: батыстық, иудо- христиандық, конфуциандық, исламдық, индуистік, православяндық, латынамерикалық, африкалық атап өтті. Ол өркениеттер қақтығысының бірнеше себептерін атады:

1. Әр түрлі өркениеттерде адамдар құдай мен адам, жекелік пен қоғам, құқық пен міндет, бостандық пен билік, теңдік пен теңсіздік деген ұғымдарға түсініктері де әртүрлі.

2. Өркениеттік блоктар арасындағы алшақтық қысқаруда, әлем біршама жақындасуда, сондықтан бұл айырмашылықтар бір бірімен қақтығысуда;

3. Жаһандық экономикалық және техникалық модернизациялау процесі адамдарды ұлттан ажыратуда. Осыған жауап ретінде өркениеттік, көбіне діни сәйкестікті сақтау мен қалпына келтіруге деген талпыныс күшеюде.

Халықаралық қатынаспен байланысты тағы бір ұғым «ұлттық мүдде». Ұлттық мүдде деп өз халқыңның, мемлекеттің мақсат мүддесін сезіп, біліп оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Оған ұлты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы қауіп-қатерден сақтау, ұлттың жақсы тұрмыс халін өрлетіп дамыту, халықаралық майданда мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау, әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады.

Американ ғалымы Г.Моргентау 1969 жылы «Америка Құрама Штаттары үшін сыртқы саясат»деген еңбегінде АҚШ сыртқы саясатта ең алдымен ұлттық мүддесін бірінші кезекке қоюы керек деп есептейді. АҚШ-тың сыртқы саясатының екінші қатардағы мүддесі- жер шарының қай жерінде болмасын бейбітшілік пен қауіпсіздік, басқарудың демократиялық тәсілдерін қорғау және бекіту.

Бірақ оларды іске асыру төмендегідей екі шартқа байланысты. Олар:

1. қатардағы үлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеуі керек;

2. қатардағы мүдделер ақылға сыйымды болуы керек.

Сонымен бірге, Г.Моргентаудыңойынша «АҚШ басқа елдерге еліктерліктей үлгі болуы, өз ұлтын одан да жоғары дәрежеге көтеріп, экономикалық жүйенің өміршеңдігін қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін қымбат және пайда келтірмейтін бөтен бір елдің өміріне зорлықпен қол сұрудың бағдарламасын жобалағаннан гөрі өз үйінде тіртіп орнатуға бар күш-жігерін жұмсаған жөн» — дейді.

Геосаясат.Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы − саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте ұйымдастырылуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың қүралын көреді. «География мемлекеттердің сыртқы саясатындағы анағұрлым іргелі факторы, өйткені ол мейлінше тұрақты, өзгеріссіз сипатымен ерекшелінеді. Министрлер келеді және кетеді, тіпті диктаторлар да қайтыс болады, ал тау тізбектері өзгеріссіз қалады» − деп жазады американдық геосаясаткер Спайкмен.

Осы заманға түсініктегі геосаясат – негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында халықаралық қатынастардағы және сыртқы саясаттағы қисынға байланысты.

Чжень Кунь Фу геосаясат туралы ойын былай білдіреді: «геосаяси тұрғыда ойлау − өркениеттің гүлденуімен бірге туындады және географиялық аумақ пен жұтаң ресурстарға бақылау жасау жолында ғаламдық жарыс тұрғысында дамып отырды».

Геосаясаттын негізін салушының бірі — неміс ғалымы Фридрих Ратцель.Ол өзінің «Саяси география» атты еңбегінде, мемлекет — бұл топыраққа тамырландырылған тірі организм деп жазады. Мемлекет — бұл кеңістіктік құбылыс, сол кеңістікпен басқарылады және тіршілік етеді, оны сипаттайтын, салыстыратын, өлшейтін география деп жазады. Ол бірінші болып ірі елдерде географиялық экспансия тенденциясы пайда болатындығын айтты. Нағыз әлемдік держава оның ойынша теңізге ие елдер − Рим, Испания, Англия болады. Мемлекеттің кеңеюі немесе тарылуы − табиғи процесс,өмірлік циклмен байланысты. Ф. Ратцель мемлекеттің кеңістіктік дамуының мына жеті принципін атап көрсетті:

· мемлекет кеңістігі оның мәдениеті дамуымен бірге өседі;

· мемлекет өсуі сауда мен қоғам өмірінің барлық саласы дамуын қажет етеді;

· мемлекет өсуі ұзақ мемлекеттерді қосып алу арқылы жүзеге асады;

· шекара — бұл мемлекеттің перифериялық органы, ол оның өсуінің, күші мен әлсіздігінің белгісі, ол оның организміне өзгеріс әкелу мүмкіндігі;

· мемлекет өзіне қоршаған ортаның ең құнды элементтерін иеленуге тырысады: жағалау аймағын, өзен аңғарын, ресурсқа бай ауданды;

· территориялық даму дамыған өркениеттен келеді;

· бірігу тенденциясы − мемлекеттің өзіндік сипаты, барлық уақытта өз күшінде болады.

Р. Челлен алғаш рет «геосаясат» ұғымын енгізген швед ғалымы болып табылады. Ол «геосаясат» ұғымы бұл мемлекет кеңістікке енгізілген географиялық организм ретінде қарастыратын ғылым деп түсіндірді. Оның негізгі тезисі, мемлекет тірі организм, оны өзінің «Мемлекет өмір формасы ретінде» деген кітабында дамытты. Ф. Ратцель мемлкетті өзінің биологиялық жүйесінде организмнің төменгі типіне теңесі, ал Р. Челлен мемлекет тарихтан байқағанымыздай адам сияқты, сезетін және ойлайтын жәндік деді. Осында ол барлық организмнің мәні «өмір сүру үшін күрес», сондықтан да мемлекет те «өмір сүру үшін күреседі» деп тұжырым жасайды. Оның «өмір сүру үшін күресі» кеңістік үшін күрес. Үлкен мемлекеттер өз кеңістігін ұзату негізінде кеңейтіп отырады деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет организмінің өсуі соғыс арқылы өтеді, бұл фактілер жанында адамдар әлсіз деп айтады.

Челлен автаркия заңын енгізді. Мемлекеттің өмір сүруі үшін күш маңызды фактор, ол заңнан да күшті деп санады. Оның ойынша, заңның өзі күш арқылы сақталынады. Егер заң мемлекетке адамгершілік-рационалды элементтерді енгізсе, ал күш табиғи органикалық импульстерді береді деп санады. Ол жаһандану геосаясатында үш негізгі географиялық фактор шешуші рөл атқарады: олар кеңею, территориялық монолиттілік, еркін қозғалу.

Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге геоэкономикалық көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызады. Екі ірі державалар арасында ұлан-байтақ аумақта орналасқан біздің еліміз белсенді саясат жүргізудің қосымша мүмкіндігін алады. Мұндай саясат ұзақ мерзімді мүдделерді қамтамасыз етудегі табандылықпен қатар жоғары деңгейдегі ептілік пен табандылықты талап етеді. Әлемдік теңіз комуникацияларына тікелей жолдың жоқтығы, халықтың шашырап орналасуы, аумақтың көлемімен салыстырғанда қазақстандық экономиканың ауқымының аздаға сияқты әлсіз тұстарымыз баршылық. Бір жағынан географиялық жағдайдың өзгермейтіндігі экономикалық және саяси ахуалдың тұрақтылығын білдірмейді.

§

Халықаралык катынас жүйесіндегі егеменді Қазақстан.Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар — Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2,8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан-Ресей байланыстары.

Қазақстан мен Ресейдің екі онжыл­дық­тағы жемісті қарым-қатынастары үшін берік негіз қаланды:

Біріншіден, өз тарихында алғаш рет Қазақстан мен Ресей тек өткен тарихы­ның ортақтығымен ғана емес, сонымен бірге бүкіл еуразиялық өңір мен әлемнің қазіргі және болашақ дамуын бірдей болжауымен де көршілес тәуелсіз мемлекеттер, БҰҰ-ның толыққанды мүшелері ретінде өзара қарым-қатынастар қалыптастырды.

Екіншіден, КСРО ыдырағаннан кейін мемлекетаралық бөлінудің іс жүзінде барлық мәселелері бір-бірінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, сындарлы негізде шешім тапты.

Үшіншіден, түрлі салалардағы 480-нен астам келісім-шарттар мен келісімдерден тұратын екіжақты қарым-қаты­нас­тар­дың көлемді құқықтық базасы құрылды.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ХХІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекара­сы туралы келісім-шарт бекітіліп, оны демаркациялау жөніндегі жұмыстар оң сипатта жүргізілді.

Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері

Төртіншіден, Қазақстан мен Ресейдің екіжақты өзара іс-қимылдары мен ықпал­дастығы екіжылдық Бірлескен іс-қи­мылдар жоспары негізінде дамуда.

2007 жылдан бастап осындай екі жоспар жүзеге асты, ал биылғы жылы 2021-2021 жылдарға арналған Жоспарды орындау аяқталып келеді. Қазір екі ел сарапшылары алдағы жылдарға арналған жоспардың жобасын әзірлеуде.

Бесіншіден, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары бағыттардың кең ауқымды кешені бойынша табысты әртараптан­ды­рылған және іс жүзінде ықпалдастықтың барлық маңызды салалары – сауда-эко­номикалық, инвестициялық, өңіраралық, саяси, әскери-техникалық, т.б. сала­лар­ды қамтиды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы шамамен 24 миллиард долларды құрады.

1700 Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіп­орындары табысты жұмыс істеуде.

Екі онжылдықта Ресейдің әскери жооларында 4 мыңнан астам қазақстандық офицерлер даярланды.

Әскери және әскери-техникалық ын­ты­мақтастықтың түрлі аспектілері бой­ын­ша 60-тан астам бірлескен келісімдер жүзеге асырылуда.

Алтыншыдан, Қазақстан мен Ресей іс жүзінде ортақ рухани-өркениет өлше­мін­де өмір сүруде.

Ғылыми білім беру, сол сияқты, гу­ма­нитарлық мәселелер жөніндегі Қазақ­стан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдар аясы кеңеюде.

Шамамен 20 мыңдай қазақстандық жас азаматтар Мәскеудің, Санкт-Петер­бургтің, Омбының, Екатеринбургтің, Новосібірдің, Томның және Ресейдің басқа да бірқатар қалаларының ЖОО-ларында білім алуда.

Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақ­тас­тық саласындағы жоспарлары:

1 Каспийдің мұнай байлығын бірлесіп өндіру, Каспий құбыр консорциумының қуатын 2021 жылдан бастап 67 миллион тоннаға дейін ұлғайту, ресейлік компания­лар­дың қатысуымен Қарашығанақ газ кен орнын игеру;

2 Екібастұздағы ең ірі көмір кен орны мен электр стансасының құрылысы бірлесіп игеру.

3 Уран өндіру жөнінен 3 бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны құру.

4 Қазақстан-Ресей Нанотехнологиялар қоры құ­рылды.

5 «Байқоңыр» ғарыш айлағында «KAZSAT» байланыс спутниктері серия­ларын ұшыру, ГЛОНАСС жүйесін бір­лесіп, пайдалану. Байқоңыр инновациялық форумын құру.

6 2000 жылы Еуразиялық экономи­ка­лық қауымдастық құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.

7 2021 жылы Қазақстан мен Ресей Белоруссиямен бірлесіп Кеден одағын құрылды.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде МәскеудеІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай байланыстары.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен — шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Қазақстан-АҚШ байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономика-сының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі маңызды тарихи оқиға болды. Бұл елімізді тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастық қатарына қабылдануын ресми тұрғы бекіту болып табылады. Қазақстанның і әлемдік қауымдастық алдында беделі өсуіне 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңын жабуы мен 1992 жылы Лиссабонда «Ядролық қаруды таратпау» туралы шартқа қол қоюы ықпал етті. Бұл Қазақстанға БҰҰ Бас Ассамблеясында халықаралық қауіпсіздік проблемасын көтеруге мүмкіндік берді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлы мемлекеттер – КСРО, АҚШ және Англия бастамасымен 1945 жылы шілде айында Сан-Франсиско конференциясында құрылды. Конференцияға КСРО, АҚШ, Англия, Қытай мемлекеттері шақыруымен фашистік Германия мен империалистік Жапонияға қарсы соғысқан немесе оларға соғыс жариялаған елдер қатысты. Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы қабылдады, мақсаттары мен міндеттері белгіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Оның Еуропа бөлімінің тұратын орны – Женева қаласы. БҰҰ-на алғаш 51 мемлекет кірді, қазір мүшелер саны 189-ға жетті. БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары − Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік Кеңес, Бақылау Кеңесі, Халықаралық сот және Секретариат болып табылады. БҰҰ-ы талқыланған мәселелер жөніндегі шешім Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана толық қабылданды. Шешімнің бір ауыздан қабылдану принципі қандай да болса бір мемлекеттің БҰҰ-на билік жасауына мүмкіндік бермейді. Біріккен Ұлттар Ұйымын құрудағы негізгі мақсат мынада:

— Дүние жүзіндегі халықаралық бейбітшілікті орнату;

— Ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту;

— Халықаралық әлеуметтік, экономикалық, мәдени және гуманитарлық проблемаларды шешу.

Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы қызмет жасайды: БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Балалар қоры, БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы, БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы, БҰҰ Еріктілері, БҰҰ әйелдерді дамыту қоры, Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ өндірісті дамыту жөніндегі ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілеттілігі, БҰҰ гуманитарлық қызметті реттеу бойынша басқармасы, т.б.

Еліміз ірі халықаралық ұйым саналатын Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне 1992 жылдан бастап мүше. 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» құжатына, ал 1996 жылы Қазақстан мен НАТО арасында қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. Осыған орай Қазақстан НАТО-ның дағдарыс жағдайларын басқару бойынша жаттығуларына белсене қатысуда. 2002 жылы Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып НАТО-ның «Жоспарлау және шолу үдерісі» бағдарламасына қосылды. Сонымен бірге бітімгершілік күштерін дамыту бағдарламасын әзірледі. 2002 жылы НАТО елдерімен әскери-техникалық ынтымақтастықтың нәтижесінде НАТО стандарттары бойынша «Қазбат» жасақталды

Рефераты:  Вывод формул к законов теплового излучения из формулы Планка, Оптическая пирометрия - Основы физики. Волновая и квантовая оптика

2000 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құрутуралы бастамасын аймақ басшылары оң қабылдады. 2005 жылы «Орталық Азия Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларынығ саммитінде бұл аталған ұйым Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) бірікті.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылады. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.

ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. ТМД-ның ішкі мәселелрі де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.

Бұл ұйымға Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақстаында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. ЕурАзЭҚ-тың басқару органдарыМемлекетаралық Ассамблея және Қоғамдастық Соты болып табылады.

2003 жылы мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс-ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.

Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам − Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҮ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекетіАрмения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қол қойды. Кейіннен Белоруссия қосылды. Ұйымның жоғарғы органы − Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды.

Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; әскери саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық ынтымақтастықты терендету жолындағы нақты жобалар.

1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет − Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім-шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның кабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру туралы» декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. Ақиқатында, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).АӨСШК-ні құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5 қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты − Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.

I саммитте екі маңызды құжатқа − Алматы актісі мен АӨСШК Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСШК Азиадағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.

2004 жылы қазан айындағы АӨСШК-ге мүше елдерінің II кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалык, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.

II саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан − АӨСШК-ні құру туралы идеяны ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс жүзіне асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым төрағалығына екі мерзімге, яғни 2002-2006 жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2021 жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан да көрінеді. АӨСШК-тің 2021 жылы III саммиті Қазақстанда өтті.

ШЫҰ мен АӨСШК − тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастык ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы айрықша маңызы бар фактор ретінде танылып отыр.

2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті (мұнан әрі БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК-ті құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тің дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.

Қазақстан және ЕҚЫҰ. ЕҚЫҰ құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жал­пы­еуропалық ұйым. Ол БҰҰ Жарғысына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуал­дың алдын алу және оны болдыр­мау, көрініс берген жанжалдарды реттеу мәселелерін қарастырады. Сол сияқты қару-жараққа бақы­лау жасау, алдын алу дипло­ма­тиясы, сенім шаралары мен қауіп­сіздікті нығайту, адам құқықтары, сайлауға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық және эколо­гия­лық қауіпсіздік мәселелерімен ай­налысады.

2021 жыл 1-қаңтар айынан Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Төрағасы болды. 2021 жылдың 1-2 желтоқсаны күндері ЕҚЫҰ-ның кезекті Саммитін Астана қаласында өтті. Саммитке ЕҚЫҰ-ға шетелдерден 73 рес­ми делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, 500-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Саммит жұмысын 1000-нан аса отандық және шетелдік журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар, газеттер мен ақпарат агенттіктері таратты.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қаржы-экономикалық қауіпсіздікті және «Жаңа онжылдықтағы тө­зімділікке» бағдарламалық құжатын бірлесе әзірлеу арқылы конфессияаралық төзім­ді­лікті жеке өлшемге бөліп шығарып, ЕҚЫҰ-ның себептері мен институттары санын ұл­ғайтуды ұсынды. Президент ЕҚЫҰ-ның Маас­трихт стратегиясын келісілген валюта-қар­жы сая­са­тының, экономикалық ынтымақ­тас­тық пен интеграцияның қағидаттарын бейнелеуге болатын «Маастрихт-плюс» құ­жатымен толықтыруды ұсынды.

Ол ЕҚЫҰ құрылымында энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Экологиялық форум, сондай-ақ Қарусыздану және қаруды таратпау саласында арнаулы форум құруды ұсынды. Су проблемаларын құқықтық реттеу мақсатында Президент «Су және құқық» бағ­дарламасын әзірлеуді ұсынды. Транс­ше­каралық қылмысқа, есірткі трафигіне және жа­сырын көші-қонға қарсы күресті үй­лестіру үшін ЕҚЫҰ-ға мүше елдер ми­нистр­лері деңгейінде кеңес қалып­тас­ты­руды, қақ­тығыстардың және әлем эконо­микасындағы келеңсіз үдерістердің алдын алып отыру үшін орталығы Астанада орна­ласқан ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік институтын құруды ұсынды. Қазақстанда өткен ЕҚЫҰ Сам­ми­тінде «Жалпыға ортақ қауіп­сіздік» атты Астана Декларациясы қа­был­данды.

Қазақстанның мына халықаралық ұйымдар деңгейінде ынтымақтас-тық, қауіпсіздік пен толеранттылық сияқты өзекті мәселелерді шешу бағытында қарқынды жұмыстар жүргізді:

1 Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК). АӨСШК-ні құру туралы идеяны Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. АӨСШК елдерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы өтті;

2 Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) мүшесі, 2009 жылы 3-қазанда құрылған.

3 Шанхай ынтымақтастық ұйымы. 2021 жылдың маусымынан бастап 2021 жылдың маусымына дейін төрағалық етті;

4 Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 2021 жылғы төрағасы. ЕҚЫҰ Астана саммиті, 2021 жыл 1-2 желтоқсан;

5 Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2021 жылы 20-желтоқсанда өтті;

6 Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық, 2021 жыл. 2021-2021 жылдарға арнал­ған Орталық Азия елдерімен ынтымақ­тастық туралы ИЫҰ Іс-шара жоспары қабылданды.

Қазақстан халықаралық ұйымдарға төрағалық ету және белсенді мүшелік қызметі арқылы мынадай нәтижелерге де қол жеткізді:

— халықаралық деңгейде мойындауға қол жеткізу және елде тұрақтылықтың қалыпты дамуы;

— әлемдік қауымдастықтың Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесінің жоғары бағалауы;

— халықаралық маңызға ие мәселелер бойынша өзіндік бастамаларын іс жүзінде асыруға зор мүмкіндіктеріне ие болуы;

— әлемдік қауымдастықты Азия континентіне, ондағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға көңіл аударту.

§

Мемлекеттік институттардың саяси даму – сапалық өзгерістерге негізделінген, ішкі және сыртқы факторлардың ықпалына тәуелді, эволюциялық сипаттағы көпқырлы және күрделі процесс. Саяси даму, бұл саяси жүйенiң негізгі институты мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.

Қазақстан егеменді мемлекет болып қалыптасу үшін саяси дамудың ұзақ жолынан өтті. Қазіргі әлемдегі мемлекеттердің даму қарқыны мен бағыты көп жағдайда стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Еліміздегі саяси даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму» стратегиясында (1992 ж.), «Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасында (1997 ж.) және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»стратегиялық бағдарламасында (2021 ж.) айқындалған.

Белгілісі, ұзақ мерзімге белгіленген саяси дамудағы стратегиялық міндеттерді шешуде кедергілер мен қиыншылықтар да кездесті. Дегенмен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұстанған саяси стратегиялық бағытының тиімділігі нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесі даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына ие болды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев «Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жұмылдырады және жәрдемдеседі» – деп атап көрсеткен болатын.

Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ саяси дамудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері болып табылады.

Н.Ә. Назарбаевтың: «Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ армансыз өмір сүретін адамдар ұсақ, тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің қоғамымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да нақты тұжырымдамасы, міне сондықтан да қажет» – деген сөзі бұл істің қаншалықты жауапты және аса күрделі екендігін көрсетеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ЖолдауыҚазақстан-2050» Стратегиясын әрі қарай тарата түсетін Жолдау болып табылады

Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Мәселен, Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді деп атап көрсетілген болатын, олар:

· мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау;

· әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау;

· қоғамдық сананы қайта өзгерту

Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекеттіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймыз. Қазақстан-2050 Стратегиясында қалыпасқан мемлекеттің жетістіктері атап көрсетілді, олар мыналар:

1. Қуатты да табысты мемлекет;

2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі;

Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері

3. Түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы;

4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен әлеуметтік саясат;

6. Әлемдік қауымдастық таныған ел;

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс деп атап көрсетті.

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, ол үшін мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру міндеті ұсынылды. Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар:

8. Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;

9. Басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу,

10. Кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

11. Мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл

жүйесін құру;

12. Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;

13. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс;

14. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі – мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды:

1. Адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру;

2. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;

3. Сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс;

4. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;

5. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру;

6. Жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру .

«Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.

Американдық ғалым Г. Алмонд саяси даму саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттаған болатын. Демек, қоғамдағы саяси даму бүкіл қоғам өмірінің барлық саласындағы сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші рөлді мемлекеттік институттардың дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мемлекеттің болашақ даму міндеттері мен саяси бағытын айқындайтын кешендік және жүйелілік сипатқа ие тарихи құнды құжат. Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ саяси дамудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері болып табылады.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий