Суда жүзу — kz »Рефераттар

Суда жүзу - kz  »Рефераттар Реферат
Содержание
  1. «алтын тамырмен» тибеттіктер құрт ауруын емдеген
  2. Аптап ыстықта бүр жаратын емдік гүлдің тамыры қытайға кетіп жатыр
  3. Атасу кезеңі
  4. Беғазы-дәндібай мәдениеті
  5. Дәрі – шөптен шығады, дана – көптен шығады
  6. Дәрілік өсімдіктерді іздеу үшін білім керек
  7. Ежелгі кеншілер
  8. Емдік шөптер: білгенге – ем, білмегенге – у
  9. Емдік шөптерді қалай жинайды?
  10. Жануарлар ауырған кезде шөптерді жейді
  11. Жылдың әр мезгілінде шөптердің емдік қасиеті әртүрлі
  12. Ілияс жансүгіровтың «жер түгі» өлеңіндегі – қымыздық
  13. Қазақ шөпті буын санымен есептеген
  14. Қызыл мия жойылу алдында тұр
  15. Қызылмия тамырын қалай пайдалануға болады?
  16. Қызылмияның қадірін жойылғанда білмейік!
  17. Қымыздықтың тамыры, тамырсабағы, жемісі, гүл шоғыры да пайдалы
  18. Малдардың жердегі көкті талғайтын «түйсігі» бар
  19. Неолит
  20. Нұра кезеңі
  21. Оңтүстік қазақстан мен жетісу
  22. Орталық қазақстандағы андронов мәдениеті
  23. Солтүстік және батыс қазақстан
  24. Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. ру пайда болды. ана жағынан (экзогамия-аналық ру). дүниетаным өсті. өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды. о дүниеге сену болды. мәдениеті – шығыс қазақстанда — қанай, свинчатка, пещера, шүлбі тұрақтары.
  25. Суда жүзу
  26. Сұңғыланы кейде «қасқыржем» деп атайды
  27. Сұңғыланың ғылыми атауы – цистанхе
  28. Тастағы суреттер
  29. Халық, қоғам, әдет-ғұрып
  30. Шаруашылығы
  31. Шөптерді кептіргенде неге мән беріледі?
  32. Энолит

«алтын тамырмен» тибеттіктер құрт ауруын емдеген

– Қызылмия мамыр-маусым айларында гүлдесе, тамыз-қыркүйекте жемістері піседі. Тамырларын қыркүйек-қазан айларында немесе сәуірде күрекпен қазып алады. Бітік өскен болса, тракторды пайдаланады. Тамыры мен тамырсабағынан ұнтақ, құрғақ және сұйық сығынды алынады. Оның емдік қасиеті:

  • Қақырық түсіреді;
  • Іш жүргізетін тыныс жолдары ауруын бәсеңдетеді;
  • Суық тигенге қарсы пайдаланылады;
  • Тыныс жолдары қабынғанын ретке келтіреді;
  • Аллергиялық тері ауруларына ем.

Қызыл миядан жасалатын глицирренат дәрісі гинекологиялық ауруларды емдеуге ұсынылады. Ал халкорин дәрісін асқазан мен бауыры ауыратындар ішеді. Ликвиритон және флакарбон қышқылы гастрит, асқазанның және тоқ ішектің жарасына суық тигенге, құрысуларды емдеуге қолданылады.

V ғасырда өмір сүрген атақты тарихшы Геродот мия тамырының біршама сырқатқа ем болатынын дөп басып, жазып кеткен екен. Ол өзінің 9 томнан тұратын әйгілі «Тарихының» бірнеше жерінде осы тақырыпқа қайта оралып отырған. Гиппократ «алтын тамыр» атаған қызылмияның емдік қасиеті осыдан 5 мың жыл бұрын белгілі болған, – дейді биология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Сатыбалдиева.

Аптап ыстықта бүр жаратын емдік гүлдің тамыры қытайға кетіп жатыр

Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша, сұңғыла айналасындағы шөптердің нәрін сорып алып қоректенетіндіктен, оны арамшөптердің қатарына жатқызады. Жергілікті халық бұл өсімдіктің тамырын қазып алып, алыпсатарларға өткізіп жатқаны жөнінде БАҚ өкілдері жарыса жазған еді.

Ал шекара асып келгендер еліміздің заңдарын жата-жастана жаттап алған. Өздері термейді, жергілікті жұртқа жинатады. 2006 жылы сұңғыла тамырының бір келісі 15 теңгеге бағаланған. 2021 жылдан бері 110 теңгеге сатылып келеді.

Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы «Облыс бойынша орман пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» №12-5 шешімі шыққан болатын. Онда облыс аумағында орманды жанама пайдалану үшін дәрілік шөптерді, техникалық шикізатты және орманның тағамдық өнімдерін дайындауда төлем мөлшері бекітілген.

Бірақ, шекара асып келген шетелдіктердің белгілеген бағасы үстемдік құрып тұр. Сұңғыла Қытай медицинасында екі мың жылдан бері белгілі. Оны дәрі ретінде пайдаланбайды, косметика құрамына, биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ) қосады.

Сөзіміз құрғақ болмас үшін жеке кәсіпкер Серғазы Қылышбаевтың Мойынқұм ауданынан шағын цех ашып, сұңғыла емдік шайын шығарып жүргенін айта кеткен жөн.

Бұл шайды Астанадағы медицина академиясы ғалымдары зерттеп көргенде, антиоксидант ретінде сергектік беру көрсеткіштері жөнінен көк шайдан 10 есе артық болып шығыпты. Серғазы Қылышбаев болашақта жантақ, мия, дүзгеннен дәруменді зат алғысы келеді.

Атасу кезеңі

Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.

Беғазы-дәндібай мәдениеті

Кейінгі кезеңі – Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы — 2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.

Дәрі – шөптен шығады, дана – көптен шығады

– Кейбір Азия мемлекеттерінде, Қытай, Жапония, Үндістанда заманауи медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қолданады. Мысалы, Жапонияда 1974 жылдан 1989 жылға дейінгі 15 жылдың ішінде фармацевтикалық жолмен алынған дәрілерді сатып алу 2,6 есе өскен.

Ресейде бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктің 500 түріне ғана толық фитохимиялық талдау жасалған. Осыдан кейін біздің елдегі жағдай айтпаса да түсінікті. Дәрілік өсімдіктердің бір бөлігі арнайы өсіріліп, механикалық тәсілмен жинайтын шаруашылықтардан алынады.

Итмұрын жидектерінде С дәруменінен басқа каротин, В2, К, Р дәрумендері, қанттар, органикалық қышқылдар болады. Тіпті таза аскорбин қышқылы итмұрын жидектерінен жасалған сығындыны толық алмастыра алмайды, – дейді ол.

Дәрілік өсімдіктерді іздеу үшін білім керек

– Олардың географиялық өсу аймақтарын білу керек. Мысалы, аюқұлақты далалық аймақтан іздеуге болмайды. Себебі, олар ол жақта өспейді. Тек орманнан кездестіре аласыз.

Өсімдіктерді жинайтын немесе қазатын болса:

  • Гүлдеу уақытына;
  • Жеміс беруіне;
  • Жылу сүйгіштігіне;
  • Ылғалға;
  • Топырақтың құрамына;
  • Өсу жағдайына мән береді, – дейді Гүлмира Сатыбалдиева.

Ежелгі кеншілер

Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады.

Үй кәсіптері 

Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген.

Емдік шөптер: білгенге – ем, білмегенге – у

Шөптерден дәрі қалай жасалады?

Біріншіден, дәрілік өсімдіктердің таралған мекенін анықтап, білу керек.

Екіншіден, емдік қасиеті жоқ өсімдіктерден ажырату үшін сырт пішіні мен құрылысы егжей-тегжейлі зерттеледі. Өсімдік кептірілген және майдаланған ұнтақ түрінде болса, құрылысын тек микроскоп арқылы анықтауға тура келеді.

Үшіншіден, шөптерден алынған шикізатты фармакология ғылымының өкілдері зерттейді. Бұл тұстағы фармакология дегеніміз – өсімдіктерден химиялық жолмен алынған дәрілік заттардың жануарлар мен адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым. Зерттеу нәтижесінде өсімдіктің улылығының қандай дәрежеде, қанша мөлшерде екені анықталады.

Төртіншіден, зерттеулер аяқталып, негізгі қасиеттері анықталған соң, сараптамаға жіберіледі. Алынған барлық нәтижелері бойынша басқа дәрілермен салыстырады.

Бесіншіден, бұл препаратты денсаулық сақтау министрлігі бекіткен соң, химико-фармацевтикалық зауыттарға дәріні дайындау туралы тапсырма беріледі.

Алтыншыдан, фармацевтер мен химиктердің зерттеулерінен кейін, емдік қасиеті анықталды емес пе? «Бұл шикізатты лабораторияда бөліп алып, құрылысын өзгертіп, жақсартуға бола ма екен?» деген сұрақ зерттеушілерді алаңдатты. Осыдан кейін табиғатта бұрын соңды болмаған дәрі ойлап табады. Олардың әсерін жануарларға зерттеп көреді. Қазіргі кезде осының барлығы әлемнің көптеген зертханаларында жүзеге асады.

«Емдік рецепттер энциклопедиясы: қазақ емінің рецепттері мен Тибет медицинасының негіздері» кітабының авторы Сейітқамза Қалиевтің айтуынша, өсімдіктің қасиетін білсең ғана қолдануға болады. Себебі, ол білгенге – ем, білмегенге – у болуы мүмкін.

Қызылмияны қандай мөлшерде пайдалану керектігін білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз.

Қымыздықтың тамырын пайдалану жолымен танысқыңыз келсе, сілтемесі мінекей.

Емдік шөптерді қалай жинайды?

Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажы сырқаттанып қалғанда, найманның қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы дәрілік өсімдіктермен емдеп, құлантаза сауықтырып алыпты. Шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек күн сәскеден ауғанда терген.

Шіліңгір ыстықта өсімдікті тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинап, күн сәулесі түспейтін көлеңкеде кептіріп, дайындаған. Кейбір шөптер мен тамырлар араласып кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен.

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Сатыбалдиева өсімдік құрамындағы дәрілік заттар көп болуы үшін оны жинау ережесін білген дұрыс екенін айтады.

– Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде жер үсті бөлігін гүлімен қосып, төменгі жапырақ жағын орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе сабағын сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ.

Кейбір дәрі-дәрмектер тек «гүлдерден» ғана жасалады. Оларды тек қолмен жинайды. Тамырын, тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. Бірақ, жинау уақытын созып жіберуге болмайды. Себебі, жапырағы мен жемісі түсіп біткенде, өсімдікті тану қиынға соғады. Әрине, өсімдікті жинаудың нақты күнтізбесі географиялық аймақтың ауа-райына байланысты.

Мысалы, зиренің жемісі оңай шашылатын болғандықтан, тұқымдарын шық кеппей тұрғанда, таңертең жинайды. Ал жер үстіндегісін шық кепкеннен кейін жинайды, – дейді Гүлмира Сатыбалдиева.

Жануарлар ауырған кезде шөптерді жейді

Дәрілік өсімдіктер туралы толығырақ білу үшін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті экология кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сатыбалдиевамен тілдестік.

– Мысықтар мен иттердің шөп жегенін көрдіңіз бе? Олар ауырған кезде астық тұқымдастардың жапырақтарын жейді. Десе де бұлардың емдік қасиеттері әлі толық зерттелмеген.

Маралдар мен сібір бұғылары мақсыр маралтамыр (рапонтикум) арқылы өздерінің күштерін қалпына келтіріп отырған. Бурят аңшыларының айтуы бойынша, жараланған бұғылар қызыл қалампырды (гвоздика) жейді екен. Бұл өсімдік жергілікті тұрғындарға қан түзуші өсімдік ретінде белгілі.

Араб аңызында кофе ағашы жемісінің бұтақтарын ешкілердің жегенін шопан байқаған. Егер біз жануарларды бақылайтын болсақ, бізге беймәлім дәрілік өсімдіктерді анықтар едік. Мәліметтер ғылыми тексеруден кейін дәлелденіп жатса, жануарлардың мінез-құлқын түсінуге болар еді, – дейді Гүлмира Сатыбалдиева.

Рефераты:  🚀 Курсовая работа на тему "Мотивация в инновационном менеджменте" - готовая работа бесплатно

Жылдың әр мезгілінде шөптердің емдік қасиеті әртүрлі

Дәрумендердің мөлшері:

  • Гүлдеу мен жеміс берудің бастапқы кезеңінде жапырақ пен сабақтарында;
  • Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде;
  • Күз келгенде, өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі солып қалғанда тамырында көп болады.

Ілияс жансүгіровтың «жер түгі» өлеңіндегі – қымыздық

Ол өзінің «Жетісу суреттері» өлеңдер топтамасында шөптер мен ағаштың 81 түріне тоқталып, аттарын атап кеткен.

«Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,

Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ», – дегендегі қымыздыққа тоқталғымыз келіп отыр.

– Қымыздық Батыс Қазақстанның тау қыраттарында, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Мұғалжар, Торғай, Батыс Сарыарқада, Қарқаралы, Зайсан, Алтайда кездеседі. Ол тамыз-қыркүйек айларында немесе сәуір-мамырда өсе бастайды. Сол кезде абайлап, күрекпен тамырын, тамырсабағын қазып алып, топырақтан тазартады.

Сабақтарын жапырақтарынан кесіп, ағын суда жуады. Жуан тамырсабағын ұзыннан, ал ұзынын көлденеңінен кесіп бөледі. Шикізатты көлеңкеде де, күн көзінде де кептіруге болады. Жаңбырлы күндерде қазып алғаннан соң жуады, температурасы 50-60°С қызумен кептіріледі.

Шикізатты сақтау мерзімі – үш жыл, – дейді Гүлмира Сатыбалдиева.

Қазақ шөпті буын санымен есептеген

– Бір буын мен үш буын арасындағы шөп – көктемгі балауса шөп. Бұл шөптерге ерте көктейтін тақырдағы отынды жатқызады. Ол шөпті малшылар жаз жайлауға көшкенде төрт түлікке жегізеді. Әйтсе де, бұл балауса шөптердің өмірі қысқа. Олар шілдеде жеткілікті ылғал болмағандықтан, шақырайған күн көзіне шыдай алмай күйіп кетеді.

Бес буын мен жеті буын арасындағы шөп – жайлаудың шүйгіні. Бұл шөпті мал сүйіп жейтіндіктен «жаз оты» деп атаған. Оның тамырына көктемде еріген қар мен шамасына қарай жауған жауын-шашын ылғал беріп отырады. Бұл шөпті талғап жеген төрт түлік күйлі, әрі семіз болады.

Жеті буын мен тоғыз буын арасындағы шөп – күзеудің қара оты. Шілдеде күйіп кетпей аман қалған бұл шөп күздің қарсаңында әбден пісіп, барлық құнары дәніне жиналады.

Тоғыз бен он екі буын арасындағы шөптерге ащы және бұталы өсімдіктер жатқан. Мысалы, қопаның қалың нуы, саздың қамыс-құрағы және ойдың қара сорасы. Олардың тамыры тереңде болғандықтан, қара күзде немесе қыс басында пісіп, жетіледі, – дейді филология ғылымдарының кандидаты Гүлсінай Исаева.

Оқи отырыңыз: Жылыжай салып, көкөніс өсіремін десеңіз…

Қызыл мия жойылу алдында тұр

ОҚО, Түркістан қаласындағы «Жайылма» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Октябрь Сүйінбаевтың айтуынша, қызыл мияның нарықтағы бір келісі шамамен 3600 теңге. Оны заңсыз теруге қарсы 2021 жылы «Нұр Отан» партиясының филиалы, ішкі істер басқармасы, қалалық әкімдік пен «Жайылма» қоғамдық бірлестігі арнайы меморандумға қол қойған еді. Талай рет рейдтер ұйымдастырылған. Бірақ нәтиже аз.

– Сол кезде осы өсімдікті толтырып алған 12 үлкен ауыр жүк көлігін ұстадық. Әрине, ұсталғандары тек алты сағатқа көліктер тұрағына жіберілді. Бірақ содан кейін белгісіз себептермен бұл көліктер шығып кетеді. Оған ешкім ештеңе айта алмайды. Ал меморандумда «арнайы рұқсаты барлар ғана келісіне жергілікті билік бекіткен төлемді төлеп тере алады» деген сөз бар, – дейді Октябрь Сүйінбаев.

Қызылмия тамырын қалай пайдалануға болады?

Фитотерапевт Владимир Коротков ересек балаларға шай түрінде ішуге және мияның кішкене бөлігін сағыз қылып шайнауға болатынын айтады.

Мия тамырынан жасалынған шәрбатті, шәйді, қайнатпаны балаларға олардың салмақтарына қарап қолдану қажет. Мысалы:

20-30 кг – ⅓ бөлігі;

30-35 кг – ½ бөлігі;

35-45 кг – ⅔ бөлігі.

Балалар қызыл мияны күніне бір рет қана пайдалану керек. Ал кішкентай балалар мен жүкті әйелдерге мүлдем қолдануға болмайды. Қан қысымы жоғары болғандарға да.

Тұнбаларын қалай дайындау керектігін төменде көрсетілген сілтеме арқылы біле аласыз.

Қызылмияның қадірін жойылғанда білмейік!

2021 жылдан бері Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындары қызылмия шөбін аяусыз отап жатқаны жөнінде дабыл қағылып келеді. Оны кейде «жалаң мия» деп те атайды.

Жан-жануар аузына салмайтын ащылы-сортаң «есекмиямен» шатасып кетпеңіз. Ол басқа. Қызылмияның жапырағы мен сабағын қой малы сүйсініп жейді. Ол сұңғыла сияқты құмда емес, Жайық, Шу, Іле, Сырдария өзенінің жағаларында, жер асты сулары жақын тоғайларда өседі.

Міне, осы қызылмияны қолмен қазбай-ақ, алып тракторлармен жердің астын қопарып жатқаны жөнінде де ғалымдар шулады. Тамырынан жұлынғаннан соң, қайта қалпына келу үшін жүздеген жыл қажет екен. Мияның тамырын жинау ісі бойынша әкімшіліктен рұқсат қағаз алынбаса, кез келген терімші заң алдында жауап береді.

Қымыздықтың тамыры, тамырсабағы, жемісі, гүл шоғыры да пайдалы

– Кез-келген дәріні, шөпті пайдаланар алдында мұқият болған жөн. Кейбір дәрілік өсімдіктер біреуге әсер еткенімен, енді біріне аллергия беруі мүмкін. Тоқ ішек пен ащы ішек қабынғанда, геморрой болғанда қымыздықтың тамыры мен тамырсабағын ұнтақтап, қайнатпа дайындалады.

Тұнбасы мен сығындысы ауыз қуысының ойылуы (стоматит), тамақ ауырғанда (ангина) беріледі. Жапырақтарын жараларға, сыздауыққа, іріңге, тіпті күйікке жапсырады. Бөртпе мен қышымаларға да пайдалы.

Халық емінде іріңдеген жараларды емдеу үшін, қанды тоқтату үшін жемісін қайнатпа ретінде әзірлейді. Гүл шоғырының қайнатпасы іш өткенде, дизентрияда, асқазан ауруларында пайдаланады. Байқап тұрғаныңыздай, қымыздықтың әрбір бөлігінің денсаулыққа пайдасы бар.

Оның жапырағын бәлішке салма ретінде де, салатқа да қосады. Сусын ретінде қайнатып, ішсе болады, – дейді Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің экология кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сатыбалдиева.

Малдардың жердегі көкті талғайтын «түйсігі» бар

Ешкі тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүреді. 500 түрден аса шөптің басын шалып, таңдап жейді екен. Ешкі сүтінің құрамында бета-казеин мол болуына байланысты, ана сүтіне жақын.

«Сиырдың сүті – тілінде» деп те бекер айтылмаса керек. Сүттің мол, майлылығы жоғары болуы жеген азығына байланысты.

Құмда, шөлде жүретін жануарлар шырынды өсімдіктермен қоректенетіндіктен, сулы жерлерден алыс аймақтарда тіршілік ете береді.

Өрісте жүрген түйе қырықтан астам түрлі шөптесін, бұта мен ағаштың жапырақтарын, сабақтарын немесе тамырларын жейді. Ал қой шөпті түбінен үзеді.

Кейде малдардың шөптен шатасып, улысын жеп қоятын кездер де болады. Мысалы, сораң шөпті түйе мен қой жақсы жегенімен, жылқыға азық болмайды. Осы шөпті жеген жылқының қарны кеуіп, ас қорытуға қатысатын асқазанындағы қызыл құрты түсе бастайды. Сол себепті жылқыларды ойпаң жерге емес, қырға жаяды.

Сонымен қатар меңдуананы жеп қойған мал басын бұлғай береді, бұлғай береді. Сөйтіп, есі ауысып, зорығып өледі. Ал «у қорғасын» шөбіне ауыз салғандарының көз, құлақ, мұрнынан қан кетеді.

Оқи отырыңыз: Заманауи технология биігінен қарасақ Қазақстанда егіншілік «ат арба» кезеңінде қалып қойған

Неолит

Жаңа тас ғасыры – неолит — бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық — 2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі — табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды.

Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы.

От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде — Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда — Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).

Нұра кезеңі

Ертедегі Нұра кезеңі -жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.

Оңтүстік қазақстан мен жетісу

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан — Тегіскен кесенесі ашылды.

Орталық қазақстандағы андронов мәдениеті

Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.

Солтүстік және батыс қазақстан

Солтүстік және Батыс Қазақстанда Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайың қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады.

Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. ру пайда болды. ана жағынан (экзогамия-аналық ру). дүниетаным өсті. өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды. о дүниеге сену болды. мәдениеті – шығыс қазақстанда — қанай, свинчатка, пещера, шүлбі тұрақтары.

Мезолит

Мезолит – Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды.

Суда жүзу

Суда жүзу

Суда жүзе білу — өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады — ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы — жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды:
1. Көпшілікке жүзуді үйрету.
2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.
Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету — маңызды міндет.
Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзуді үйрету — дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.
Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері — жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.
Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).
Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады.
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, бұзылу т,б,. Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылын кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды.
Күш-қуатты аз пайдаланып, үлкен табысқа жету үшін спорттық жүзу әдістерімен қимылдары үнемді, дұрыс пайдалануы керек.
Жүзуден бағдарламаға сәйкес ерікн әдіспен мынадай қашықтықтарды жарыстар өткізіледі: 50,100,200,400,800, 1500 метрге (жаттығушының қалаған әдісімен әдетте ең жеңіл, шапшаң әдіс болып саналатын етпеттеп кеудемен жүзу); 100 және 200 м бассейн, 100, 200 м баттерфляймен (әдеттер мұның шапшаңдылық түрі дельфин әдісімен орындалады); 100 және 200 м шалқалап кроль әдісімен жүзу; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбектен орындайды; 50 м немесе 100 метрден (қашықтықты төртке тең бөліп) — баттерфляймен, шалқалап, брасспен, еркін әдіспен аяқтайды; эстафета (алмасу): 4Х100 м бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды, жарысты шалқалап жүзу әдісінен бастайды, сонан кейін брасс, баттерфляй және еркін әдіспен аяқтайды, 4х100 м еркін әдіс – ер адамдар үшін.
Қолданбалы жүзудің маңызы. Мұндай жүзу еңбек өнімділігін арттыру және еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсатын көздейді. Жүзу мен сүңгу қолданбалы тәсілдерге жатады. Бұоапдың қолдану мүмкіндігі өте кең.
Жазғы қапырық, ыссы күндерде амалдар жүздеп, мыңдап жағажайларға — өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.
Жүзудің қолданбалы тәсілін өзен-көлшіктерді, тоғандарды, каналдарды жүзіп өткенді, судың астынан бір зат іздегенде суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде кеңінен пайдалануға болады. Ол үшін жүзудің спорттық әдістерін білу шарт. Себебі адам өзін суда жақсы ұстай алмай тұрып, жүзудің қолданбалы тәсілдерінің меңгере алмайтыны белгілі.
Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги білуге, жолдағы кедергілерді жүзіп өтуге, суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатыны да белгілі. Ал жүзе білмейтін немесі қатты ағынды су ала жөнелсе, өзін-өзі ұстай алмай, сасқалақтап су жұтып ағып кетуі ғажап емес. Қолданбалы жүзудің маңызды түрі — суға кеткен, апатқа ұшыраған адамды құтқару. Бұл түр теңізшілерге, балықшыларға, сал ағызатын жұмысшыларға, ғарышкерлерге және дене тәрбиесі мұғалімдеріне қажет.
Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады.
Судың температурасы адамның дене қызуынан қан уақытта да төмен болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртұы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдеде өткізілетін болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.
Жүзе – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.
Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.
Судың тығыздығына байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, тыныс алу судың қысымына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.
Жүзу жүйке жүейсін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене шынықтыруда және емдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу әсіресе балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді.
Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.
Жүзу — адам мен жануарлардың, су түбіне тимей қозғалу әдісі. Ол қозғалыс, көңіл көтеру және демалыс амалы, сондай-ақ спорттың бірегей түрі болып саналады.
Оның ағзаға, әсіресе, жүрек пен тірек-қозғалыс жүйесіне беретін жалпы беріктендіргіш және сауықтыру әсері бойынша дене белсенділігінің басқа түрлерінің арасында оған тең келетіні жоқ. Көне Грекияда жүзу дене тәрбиесінің маңызды құралы ретінде пайдаланылған.
Жүзумен барлық жастағы және мүмкіндіктегі адамдар айналыса алады, өйткені дене суда ұсталып тұратындықтан, ешбір бұлшық етке немесе буынға артық салмақ түспейді. Оның үстіне қажетті құралдары да көп емес, жүзуді кез келген жаста бастауға және оған деген бейімділікті сезінгенше жалғастыра беруге болады.
Жүзудің кейбір жақсы жақтары:
1. қарама-қайшылығы аз;
2. төзімділік пен икемділікке әсер етеді, қан айналымын белсендіреді;
3. бұлшық ет тепе-теңдігін оңтайландырады (көптеген кәсіпқой спортшылар жаттығудың бір бөлігін міндетті түрде қауызда өткізеді);
4. бұлшық ет және буын жарақаты мен аурулары кезінде қалпына келтіру терапиясы ретінде қолданылады;
5. ширығуды болдырмаудың тамаша құралы болып табылады;
6. еңбек қабілеттілігін арттырып, өмірлік күш береді;
7. салмақты бақылап отыруға мүмкіндік береді;
Алайда, жүзу арқылы салмағын түсіргісі келетіндер үшін кері әсері болуы да мүмкін. Жүзуден тек арықтауға ғана емес, толуға да болады екен!
ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, жүзуден жаттықтырушы Екатерина Геннадьевна Полевая: «Қауызға келетіндердің көпшілігі жүзбейді, шомылады. Яғни, жолдың бойымен баяу, жалқаулана қозғалып жүреді. Мұндай кезде калория шығындалмайды, есесіне «жаттығудан» кейін қарныңыз ашып тұрады! Өйткені қандағы қант мөлшері төмендейді, ал оның қорлары қанға түспейді: түскен салмақ дұрыс емес. Қызу, дұрыс салмақ түскен кезде бауыр қанға өз қорындағы қантты бөліп шығарады, сонда сіздің екі сағатсыз қарныңыз ашпайды. Міне, сонда ғана жүзген сайын сымбаттана түсесіз. Ал адамдардың басым көпшілігі суда шолпылдайды да, тезірек тамақ ішуге жүгіреді», — деп түсініктеме берді.
Бірақ жаңа бастағандар үшін сабақтың қарқындылық мәселесі қатаң түрде жекелей шешіледі. Сондықтан, егер сіз көптен бері жүзбей, енді жүзуді бастасаңыз, суға сүңгуге асықпаңыз, кәсіби жүзушілердің кеңесіне құлақ салыңыз, сондықтан алғашқы сабақтар сізге көбірек пайда әкелетін болады.
Құрғақта: 1. душқа шайынып, жеңіл жаттығу жасаңыз — 2-3 минуттай орныңызда жүгіріңіз, қолыңызды иығыңызға қойып, шеңбер жасап айналдырыңыз, отырып тұрыңыз, басыңызды айналдырыңыз және т.б. Осылайша бұлшық еттеріңізді қыздырып, жүрек-тамыр жүйесін жұмысқа дайындайсыз.
2. Тыныс алуға жаттығыңыз: ауызбен дем алыңыз, ал мұрынмен дем шығарыңыз және мұны соңына дейін жасаңыз. Осылайша суда тыныс алып, сіз гипоксияның (кислородтың жетіспеушілігі) дамуын болдырмайсыз, яғни жүзу кезінде аз шаршайсыз, бүйіріңіздің ауруын болдырмайсыз.
3. Егер сіз жүзу және тренажер залында қатар айналыссаңыз, онда қауыздың алдында жатығып алғаныңыз жөн, мұндай жағдайда судағы қозғалыс крепатура пайда болуының алдын алады, сондай-ақ бұлшық етті икемді қозғалысқа бейімдейді.
Суда: 1. Тақтайшамен жүзіңіз. Ұялмаңыз: бұл аятарыңыздың бұлшық еттерін қыздыру үшін қажет.
2. Бір ырғақпен жүзіңіз. Баяу жүзіп, бірақ ырғақты үнемі сақтай отырып, тоқтаусыз жүзген жақсы. Осылайша жаттығу тиімділігі арта түседі, ал керісінше болса, азаяды.
3. Салмақ бұлшық еттің барлық топтарына түсетіндей етіп жүзу стилін ауыстырып отырыңыз. Осылай сіздің сымбатыңыз үйлесімді дамитын болады. Еркін стильден (құлаштап жүзу) немесе шалқадан түсіп жүзуден бастаңыз. Олар техникасы жағынан күрделі емес және жылдам меңгеріледі.
4. Егер сіз бұл істі жаңа бастасаңыз, алдыңызға қандай мақсат (арықтау, бұлшық еттерін беріктендіру т.б.) қойсаңыз да 20 минуттан бастаңыз. Егер одан аз болса — тиімділігі шамалы болады. Аптасына үш рет айналыссаңыз жеткілікті. Ақырындап, ек-үш ай ішінде жүзу уақытын 45 минутқа дейін көбейтіңіз. Егер сіз жаңа бастап, нәтижелерге тезірек қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізді сезінуіңізге байланысты жүзу ұзақтығын реттеңіз.
Шұғылданып болған соң: шашыңызды ғана жақсылап кептіріп қоймай, құлағыңызды да судан босатыңыз! Ол үшін басыңызды екі иығыңызға кезек-кезек еңкейтіңіз және осы қалыпта 30 секунд ұстаңыз. Егер құлағыңыз бітеліп қалса, еңкею бұрышын ауыстырып ұстаңыз. Егер бұлай жасамасаңыз, көшеде, тіпті жылы уақыттың өзінде құлақтың қабынуы мүмкін.
Күтпеген жағдайлар: 1. Егер аяғыңыз тартылып қалса, абыржымаңыз. Аяғыңызды түзу ұстап, басын өзіңізге қаратып созыңыз. Осылай бұлшық ет жазылады да, тартылғаны басылады. Ыңғайлы болу үшін қауыздың шетінен немесе жолдардың жиегінен ұстауға болады.
2. Егер бүйіріңіз шаншып кетсе (бұл дұрыс дем алмаудан да болуы мүмкін), тоқтаңыз да, терең дем алыңыз, деміңізді суда шығарып, тереңірек тыныс алуға тырысыңыз. Осылайша тыныс алу тезірек қалпына келеді.
Екатерина Геннадьевнаның пікірі бойынша, ең дұрысы жүзуді 7-8-9 жаста үйренген жөн: «Балалар тез үйренеді, оларда су апатынан қорқу сезімі әлі қалыптаспайды ғой». Алайда, сіздің балалық жастан кеткеніңізге талай уақыт болса да, жүзіп көріңіз! Жүзуді бастасаңыз-ақ, өзіңіздің құмартып қалғаныңызды байқайсыз, денеңіз суға түсуді аңсап, миыңыз демалыс пен тыныштықтан рақат табатын болады. ….

Рефераты:  ИССЛЕДОВАНИЕ ПРОБЛЕМ, ВОЗНИКАЮЩИХ У ПОЖИЛЫХ ПРИ ПРИЕМЕ ЛЕКАРСТВЕННЫХ ПРЕПАРАТОВ. - Современные проблемы науки и образования (сетевое издание)

Сұңғыланы кейде «қасқыржем» деп атайды

Өйткені, оған қасқыр үйір екен. «Құралайдың салқыны» болған кезде түз тағысының мойылды жейтінін де айта кеткен жөн. Сондай-ақ, тасбақа мен кірпі және қарсақ сұңғыланың тамырын қазып, кеміретін көрінеді. Ол Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында, ОҚО, Созақ ауданының Бетпақдаламен шектесетін жерлерінде өседі.

Бұл өсімдікте фотосинтез құрылымы жоқ болғандықтан, хлорофил болмайды. Сондықтан сұңғыла жер астынан нәр алу үшін тамыры ұзын келеді. Оның жер бетіндегі діңінің биіктігі 40-50 сантиметрден аспайды. Ал құм астындағы тамырының ұзындығы 1,2 метрге дейін барады.

Сұңғыланың ғылыми атауы – цистанхе

Латынша – Cistanche. Көктемде тез бой көтеріп, ал жаз шыға бере сабағы қурап қалады. Өсімдіктің жапырақтарында сөлдің, тіршілік иелеріне қажет дәруменнің болғанынан құмырсқа, шыбын-шіркей өріп жүр.

Сәуірдің ортасында гүлдей бастаған кезде, ауыл тұрғындары осы өсімдікті іздестіре бастайды. 10-15 күн ішінде теріп үлгеріп қалуға тырысады.

Олардан сатып алынған шикізаттың артық-кемі кесіліп, жонылғаннан кейін әк төселген төсенішке жаяды. Әк шыбын-шіркей мен құрт-құмырсқа жоламас үшін қажет. Содан кейін тамырларды тазалап жуып, кептіреді.

Орта есеппен бір маусымда 4,5 тонна сұңғыла жиналса, құрғатылғанда шамамен 700-800 келіге семеді. Бір қызығы, қазылған жерде тарамыстай жұқанасы қалса, жер бетіне қайтадан тырмысып шыға келеді.

Шығыс медицинасында емдік қасиетімен ертеден бері белгілі екен. Ықылым заманда-ақ, бұл гүлдің тамырын адамдардың бүйрегі мен қуығына суық тигенде пайдаланған екен. Яғни, емшілер мұны цистит және пелионефритке қарсы қолданған.

Сонымен қатар ми мен денені байланыстырып, қимыл-қозғалысқа келтіретін жүйке жүйесін барлық зиянды факторлардан қорғайды. Бүйрек ауырғанда, еркектің бел қуатынан айырылғанда пайдаланады. Сондықтан оны сатып алып кетуге ынтыққандар көп.

Тастағы суреттер

Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер – жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді.

Рефераты:  Психологические аспекты суицидального поведения подростков – тема научной статьи по психологическим наукам читайте бесплатно текст научно-исследовательской работы в электронной библиотеке КиберЛенинка

Халық, қоғам, әдет-ғұрып

Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.

Діні мен өнері

Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған.

Шаруашылығы

Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған.

Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы.

Жылқының үш тұқымы болды:

  1. Биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас.
  2. Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар.
  3. Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар.

Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.

Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.

Шөптерді кептіргенде неге мән беріледі?

– Ең бастысы өсімдіктің жапырағын, шөбін, гүлін күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бойындағы дәрумендерінен айырылады. Кептірудің ең қолайлы әдісі – шатыр астында құрғақ желдету. Яғни, бөлме ішіне желдеткіш қойып, ғимараттың терезесін ашуға да болады.

Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Ауа-райы қолайсыз болған кезде өсімдікті арнайы пеште кептіруге болады. Пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң кептірмесе, шөп күйіп кетуі мүмкін. Пештегі температура 80-90°С болу керек.

Ескеретін нәрсе: шаң басқан, әртүрлі жәндіктермен жарақаттанған, саңырауқұлақтармен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.

Қазақ жерінде кездесетін эндемиктердің бірқатарына тоқталуды жөн көрдік. Соның бірі – сұңғыла.

Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.

Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.

Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі эндемикке жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540-570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңтүстігінде өсетін өсімдіктердің 165-170-тей түрі эндемиктер болып саналады. Мысалы: Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөдене шөбі, Бетпақдала сылдыр шөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпір шөбі, т.б.

Энолит

Энеолит — адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993).

Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.

Қола дәуіріндегі тайпалар

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты.

Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды.1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.

Андронов мәдениеті

Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий