Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар | Скачать Курстық жұмыс

Балалар ойыншықтарына қойылатын талаптар

Балалар ойыншықтарына қойылатын талаптар

Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде және ойыншық сатылатын базарларда балалар ойыншықтарының кең ассортименті ұсынылған. Бірақ әр анаға қызықты, пайдалы, бірақ ең бастысы баласы үшін қауіпсіз ойыншықты таңдау және түсіну өте қиын.

Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында ойыншықтардың қолданылуы мен орындалуы үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын ойыншықтардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағы Комиссиясының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (КО ТР 008/2021) бекітілді.

Техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдалануда болмаған ойыншықтарға қолданылады, балалар мен адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ ойыншықтарды тұтынушыларды олардың мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында ойыншықтарға қойылатын талаптарды белгілейді.

Ойыншықтар техникалық регламентке сәйкес болған жағдайда нарыққа айналымға шығарылады.

Ойыншық, оны мақсаты бойынша қолданған кезде балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей және ойыншықтың конструкциясы мен қолданылатын материалдарға байланысты қауіптің болмауын қамтамасыз ететіндей етіп әзірленуге және жасалуға тиіс.

Ойыншықтардың жасалған материалдары таза, ластанбаған, инфекцияланбаған болуы және техникалық регламент талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарда табиғи үлбірді, табиғи былғарыны, шыныны, фарфорды, түкті резеңкені, картонды және қағазды, шылдырмақтарға ұқсас ойыншықтарда ішкі қаптамасыз өлшемі 3 мм және одан кем толтыратын түйіршіктерді, толтырғыштарды қолдануға жол берілмейді. Ойыншықтардың қорғаныш және сәндік жабыны дымқыл өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне төзімді болуы тиіс.

Ойыншық және оның құрамдас бөліктері, бекіту бөлшектерін қоса алғанда, ойыншықты мақсаты бойынша пайдалану кезінде туындайтын механикалық жүктемелерге шыдауы тиіс, бұл ретте ол бұзылмауы тиіс және өзінің тұтынушылық қасиеттерін сақтауы тиіс.

Қол жетімді жиектер, өткір ұштар, қатты бөліктер, серіппелер, бекітпелер, саңылаулар, бұрыштар, шығыңқы жерлер, баулары, ойыншықтардың бекітпелері баланың жарақат алу қаупін болдырмауы тиіс.

 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншық және ойыншықтың алынбалы бөлшектері, сондай-ақ тамақ өнімдеріне тікелей бекітілген ойыншықтар жоғарғы тыныс жолдарына түсіп кетпейтіндей көлемде болуы керек.

Азық-түлік өнімдерінде болатын және азық-түлік өнімімен бірге бөлшек саудаға түсетін ойыншықтың өз орамы болуы тиіс. Бұл қаптаманың мөлшері баланың тұншығу қаупін тудырмауы керек. Пластмасса ойыншықтарды тамақ өнімінің қаптамасының сыртына қаптамасыз орналастыруға болады.

Егер сынақтар жүргізу кезінде ойыншықтың органолептикалық көрсеткіштерге (иіске), санитариялық-химиялық көрсеткіштерге (ойыншықтардан зиянды химиялық заттарды бөлу нормасының асып кетуі); микробиологиялық көрсеткіштерге, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштерге (шырышты қабықтарға тітіркендіргіш әсер, уыттылық индексі); физикалық факторларға (дыбыс деңгейіне) сәйкес келмеуі анықталса, онда бұл ойыншықтар қауіпсіз емес деп танылады.

Сізге, ойыншықтарды сатып алу кезінде осы өнім сертификатталған ба және осы ойыншыққа Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат бар ма деп сұрауды, сондай-ақ таңбалауды мұқият оқып шығуды ұсынамыз.

 Таңбалау мынадай ақпаратты қамтуы тиіс: ойыншықтың атауы; ойыншық дайындалған елдің атауы; дайындаушының, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, олармен байланысуға арналған ақпарат; дайындаушының тауарлық белгісі (бар болса); ойыншық немесе баланың жасын білдіретін пиктограмма арналған баланың ең төменгі жасы; негізгі конструкциялық материал (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда); ойыншықты күту тәсілдері (қажет болған жағдайда); дайындалған күні (айы, жылы); қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (орнатылған жағдайда); сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).

Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау (растау) рәсімінен өткен ойыншықтар Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

Толық ақпаратты, Сіз, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыз.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2. Тел.: 8 (727) 392-15-03, 392-13-26. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы — Кенжеғұлова Айнұр Рүстенбекқызы.

О безопасности детских игрушек

На сегодняшний день на прилавках магазинов и на игрушечных рядах рынка представлен широкий ассортимент детских игрушек. Но каждой маме очень сложно выбрать и понять какая игрушка будет интересной, полезной но и главное безопасной для ее малыша.

С целью установления на единой таможенной территории Таможенного союза единых обязательных для применения и исполнения требований игрушкам, обеспечения свободного перемещения игрушек, выпускаемых в обращение на единой таможенной территории Таможенного Союза Решением Комиссии таможенного союза от 23 сентября 2021 года № 798 утвержден Технический регламент Таможенного союза «О безопасности игрушек» (ТР ТС 008/2021).

Данный технический регламент распространяется на выпускаемые в обращение на единой таможенной территории Таможенного союза игрушки, ранее не находившиеся в эксплуатации, устанавливает требования к игрушкам в целях защиты жизни и здоровья детей и лиц, а также предупреждения действий, вводящих в заблуждение потребителей игрушек относительно их назначения и безопасности.

Игрушки выпускаются в обращение на рынок при их соответствии техническому регламенту.

Игрушка должна быть разработана и изготовлена таким образом, чтобы при ее применении по назначению она не представляла опасности для жизни и здоровья детей и обеспечивала отсутствие риска, обусловленного конструкцией игрушки и применяемыми материалами.

Рефераты:  Курсовая работа: Уровень жизни и его измерение -

Материалы, из которых изготовлены игрушки, должны быть чистыми, без загрязнений, неинфицированными и соответствовать требованиям технического регламента.

В игрушках для детей до 3 лет не допускается применение натурального меха, натуральной кожи, стекла, фарфора, ворсованной резины, картона и бумаги, набивочных гранул размером 3 мм и менее без внутреннего чехла, наполнителей игрушек, подобных погремушкам. Защитно-декоративное покрытие игрушек должно быть стойким к влажной обработке, действию слюны и пота.

Игрушка и ее составные части, включая крепежные детали, должны выдерживать механические нагрузки, возникающие при использовании игрушки по назначению, при этом она не должна разрушаться и должна сохранять свои потребительские свойства. Доступные кромки, острые концы, жесткие детали, пружины, крепежные детали, зазоры, углы, выступы, шнуры, крепления игрушек должны исключать риск травмирования ребенка.

Игрушка и съемные детали игрушки, предназначенной для детей в возрасте до 3 лет, а также игрушки, непосредственно закрепляемые на пищевых продуктах, должны иметь такие размеры, чтобы избежать попадания в верхние дыхательные пути.

Игрушка, находящаяся в пищевых продуктах и поступающая в розничную торговлю вместе с пищевым продуктом, должна иметь собственную упаковку. Размеры этой упаковки не должны вызывать риск удушья ребенка. Допускается наружное размещение игрушки пластмассовой без упаковки на упаковке пищевого продукта.

 Если при проведении испытаний выявляется несоответствие игрушки к органолептическим показателям (запах), санитарно-химическим показателям (превышение нормы выделения вредных химических веществ из игрушек); микробиологическим показателям, токсиколого-гигиенические показатели (раздражающее действие на слизистые, индекс токсичности); физическим факторам (уровень звука), тогда данные игрушки признаются небезопасными.

 Рекомендуем Вам, при покупке игрушки не стесняясь спросить сертифицирована ли данная продукция и имеется ли на данную игрушку документ подтверждающий соответствия требованиям безопасности технического регламента, а также внимательно читать маркировку.

Маркировка должна содержать следующую информацию: наименование игрушки; наименование страны, где изготовлена игрушка; наименование и местонахождение изготовителя, импортера, информацию для связи с ними; товарный знак изготовителя (при наличии); минимальный возраст ребенка, для которого предназначена игрушка или пиктограмма, обозначающая возраст ребенка; основной конструкционный материал (для детей до 3 лет) (при необходимости); способы ухода за игрушкой (при необходимости); дата изготовления (месяц, год); срок службы или срок годности (при их установлении); условия хранения (при необходимости).

 Игрушки соответствующие требованиям безопасности настоящего технического регламента и прошедшая процедуру оценки (подтверждения) соответствия, должна иметь маркировку единым знаком обращения продукции на рынке государств-членов Таможенного союза.

Более подробную информацию Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по городу Алматы.

Наш адрес: г. Алматы, улица Жандосова, 2. Тел.: 8 (727) 392-15-03, 392-13-26. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.

Главный специалист Департамента Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по городу Алматы — Кенжегулова Айнур Рустенбековна.

Мақалаларға қойылатын талаптар | ұлттық зияткерлік меншік институты

Материалдарды жариялау мақалалар, шолулар, қысқа хабарламалар, сұхбаттар, хаттар түрінде жүзеге асырылады. Редакцияға келген материалдар рецензиялау, түзету енгізуден (әдеби) және түпкілікті мәтінді авторлармен келісу рәсімдерінен өтеді.

Журналда келесі рубрикалар бар:

  1. өзекті тақырып;

  2. шетелдік тәжірибе;

  3. теория;

  4. практика;

  5. өнертапқыш рубрикасы;

  6. патенттік сенім білдірілген өкіл рубрикасы;

  7. өнертабыстар тарихы;

  8. перспективті патенттер;

  9. жаңалықтарға шолу жасау;

  10. хабарландырулар.

Жариялауға ұсынылатын материалдар Журналдың міндеттеріне сәйкес болуы тиіс:

  1. ғалымдардың, патенттік сенім білдірілген өкілдердің, өнертапқыштардың, патент танушылардың, заңгерлердің, сарапшылардың, зияткерлік меншік саласындағы мамандардың ғылыми жұмыстарын жариялау;

  2. құқықтық мәдениет және азаматтардың зияткерлік меншік саласындағы құқықтық білімі деңгейін арттыру туралы материалдарды жарықтандыру;

  3. оқырмандарды зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерімен таныстыру;

  4. оқырмандарды Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласындағы өзекті жаңалықтармен және маңызды іс-шаралармен таныстыру;

  5. зияткерлік меншік саласындағы ғылыми ортаны қалыптастыру, зияткерлік меншік саласын насихаттау;

  6. зияткерлік меншік саласындағы үздік білімді және тәжірибені тарату, халықтың «патенттік сауаттылығын» арттыру, зияткерлік саласындағы заңды түсіндіруге бағыталған жұмысты жүргізу.

Журналға жариялау үшін ұсынылатын электрондық нысандағы материалдар келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. мақала көлемі 2000 таңбадан кем емес, 6000 таңбадан аспауы тиіс. Мақала Times New Roman қаріпімен 14 өлшеммен, ал кестелер үшін 12 өлшеммен терілуі тиіс, жоларалық интервал 1,0, жоғары, төменгі, оң жолақтар – 1,5 см., ал сол жолақ – 2,5 см.;

  2. мақаланың материалында автордың(авторлардың) jpeg. нысанындағы сапасы жоғары суреті (суреттері), аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, автор туралы қысқаша түйіндеме, байланыс нөмірі, электрондық поштасы, мақала атауы қалың қаріппен көрсетілуі тиіс;

  3. мақала авторы мақалаға аңдатпаны және 3 жолақтан аспайтын негізгі сөздерді мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуы тиіс;

  4. мақала авторы міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттің тізімін көрсетеді; Интернет желісіндегі электрондық анықтамалық жүйелерден (мұндай жүйенің атауы және тиісті тарауы көрсетілген) және ресурстардан алынған мәліметтерге сілтемелер мүмкін; мәтіндегі нұсқама белгісі тыныс белгілерінің (нүкте, үтір, қос нүкте, нүкте үтірмен) алдында қойылады;

  5. қолжазбалар, сапасы жоғары суреттер пайдаланылған мақалалар, сызбалар, графикалар, слайдтар қабылданады; жариялауға арналған қолжазбаларда инфографиканы, кестелерді, суреттерді пайдалануға болады;

  6. мақалалар тоқсанның екінші айының 5-жұлдызына дейін тоқсан сайын қабылданады.

Автор Журналда жариялауға материалдарды ұсыну арқылы өзінің материалының ҚР Әділет министрлігінің сайтында (www.adilet.gov.kz) және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК сайтында (www.referat-zona.ru) жарияланатындығына, сонымен бірге мақалаларды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аударылатындығына келісетіндігін білдіреді.

Рефераты:  Философия Нового времени : Реферат : Философия

Мақала авторларынан мақаланы Журналда жариялағаны үшін ақы алынбайды. Мақала үшін авторлық гонорар төленбейді.

Мақала авторлары, Журнал иесі өздері пайдаланылатын зияткерлік меншікке авторлық және өзге құқықтарды сақтауға міндетті. Мақалаларды жариялаған кезде мақаланың мазмұнын бұрмаламайтындай етіп қысқартуға және түзету енгізуге рұқсат етіледі. Ешкім Журнал мақұлдамаған мақаланы Журналдан оны жариялауды талап етуге құқылы емес.

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мақаланы жариялау үшін әр автор дербес құжаттар түрінде ұсынуға міндетті:

  1. Мақала материалдары – мәтін, соның ішінде автордың аты-жөні, мақала атауы, аңдатпа және мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйінді сөздер, жарияланым тіліндегі әдебиеттер, ағылшын тіліндегі әдебиеттер және транслитерация, суреттер және атаулары бар кестелер RTF форматында бір файлмен ресімделеді;
  2. Авторлар туралы мәлімет мазмұнына келесі элементтер кіреді:

— аты, әкесінің аты және тегі;

— ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі;

— лауазымы немесе кәсібі;

— жұмыс орны (мекеменің немесе ұйымның, елді мекеннің атауы);

— елдің атауы (шетелдік авторлар үшін);

— электрондық мекенжайы (e-mail).

Автордың аты атау септік тұлғасында келтіріледі. Әкесінің атын пайдалану қабылданбаған жағдайда, бір инициалы немесе аты келтіріледі. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, кәсібі, жұмыс орны, елдің атауы туралы мәліметтер толық нысанда көрсетіледі. Авторлар туралы мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

Жариялау үшін ұсынылған материалдар келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялануға арналмаған педагогика, филология, тарих, география, биология және экология саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірегей ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы.
  2. Мақала көлемі 6-12 бет (ғылыми шолулар, қысқаша ғылыми хабарламалар – 4-8 бет), шрифт Times New Roman-12, жиектері – жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, абзац – 1,25, жоларалық интервал – 1.
  3. Мақала материалдары келесі құрылымда болуы тиіс:

— ӘОЖ – жоғарғы сол жақ бұрышында;

— ҒТАХР – жоғарғы сол жақ бұрышында ӘОЖ кейін келесі жолда;

— DOI – ҒТАХР-дан кейінгі келесі жолда жоғарғы сол жақ бұрышта (журнал редакциясымен беріледі және толтырылады);

— Автордың(-лардың) тегі мен аты – жөні (егер мақала қазақ немесе орыс тілінде жазылған болса); тегі мен аты (толық жазылады) (егер мақала ағылшын тілінде жазылған болса) — ортасында DOI-ден кейінгі бір жолдан соң, қою қаріппен жазылады;

— Ұйымның атауы (жұмыс немесе оқу орны), қаласы, елі – орта тұсында автордың тегі мен аты-жөнінен кейін бір жолдан кейін қою қаріппен жазылады;

— Автор (-лар) дың электрондық поштасы – орта тұста ұйымның (жұмыс немесе оқу орнының) атауынан кейінгі бір жолдан соң;

— Мақала атауы – бет ортасында автор (-лар) электрондық поштасынан кейінгі бір жолдан соң бас әріптермен, қою шрифтпен жазылады;

— Аңдатпа (сөз қою қаріппен жазылады) – мақала атауынан кейінгі бір жолдан соң (жаңа жолдан, теңестіру ені бойынша жүргізіледі);

— Кілт сөздер (сөз тіркесі қою қаріппен жазылады) – аңдатпадан кейін жаңа жолдан бастап (теңестіру ені бойынша жүргізіледі);

— Құрылымдалған негізгі мәтін (кіріспе; зерттеу материалдары мен әдістері; зерттеу нәтижелері; қорытынды; алғыстар) – кілт сөздерінен кейінгі бір жолдан соң (бөлім атауы парақ ортасында курсивті қаріппен теңестіріледі, әрі қарай жаңа жолдан бөлім мәтіні жай қаріппен жазылып, теңестіру ені бойынша жүргізіледі);

— Әдебиет (сөз бас әріптермен және қою қаріппен жазылады). Бұл бөлімде пайдаланылған әдебиеттер жарияланым тілінде жазылады – негізгі мәтіннен кейінгі бір жолдан соң (теңестіру парақ ортасы бойынша, әрі қарай әдебиеттер тізімі жаңа жолдан (абзац), теңестіру ені бойынша);

— References (сөз бас және қою қаріппен жазылады). Бұл бөлімде пайдаланылған әдебиеттер транслитерацияны пайдалана отырып және шаршы жақшада (курсивпен) келтіріледі, ағылшын тіліндегі аударма – әдебиеттен кейінгі бір жолдан соң (теңестіру парақ ортасы бойынша, әрі қарай жаңа жолдан әдебиеттер тізімі (абзац), теңестіру ені бойынша);

— Орыс тіліндегі автор (-лар) дың тегі мен аты-жөні (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса) – ортасында references сөзінен кейін бір жолдан соң, қою қаріппен жазылады;

— Мақаланың орыс тіліндегі атауы (егер мақала мемлекеттік тілде жазылған болса) – парақ ортасында автордың тегі мен аты-жөнінен кейінгі жаңа жолдан, қою және бас қаріппен жазылады;

— Орыс тіліндегі аңдатпа (сөз қою қаріппен жазылады) (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса) – мақала атауынан кейінгі жаңа жолдан ені бойынша жазылады;

— Орыс тіліндегі кілт сөздер (сөз тіркесі қою шрифтпен жазылады) (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса) — аңдатпадан кейінгі жаңа жолдан ені бойынша жазылады;

— Ағылшын тіліндегі автор (-лар) дың тегі мен аты (толық жазылады) (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса) – парақ ортасында орыс тіліндегі кілт сөздерінен кейінгі бір жолдан соң қою қаріппен жазылады;

— Ағылшын тіліндегі мақаланың атауы (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса) – парақ ортасында жаңа жолдан автордың тегі мен аты-жөнінен кейін қою шрифтімен ерекшеленген бас әріптермен жазылады;

— Ағылшын тіліндегі аңдатпа (сөз қою қаріппен жазылады) (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса) – мақала атауынан кейінгі жаңа жолдан ені бойынша жазылады;

— Ағылшын тіліндегі кілт сөздер (сөз тіркесі қою шрифтпен жазылады) (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса) — аңдатпадан кейінгі жаңа жолдан ені бойынша жазылады.

Рефераты:  Влияние окружающей среды на здоровье человека – Учреждение здравоохранения «Брагинская центральная районная больница»

Егер мақала орыс тілінде жазылса, онда соңында («References» бөлімінен кейін) қазақ тіліндегі автордың тегі мен аты-жөні, мақаланың атауы, аңдатпа және түйінді сөздер, одан әрі бір жолдан кейін ағылшын тіліндегі автордың тегі мен аты (толық), мақаланың атауы, аңдатпа және түйінді сөздер жазылады.

Егер мақала ағылшын тілінде жазылса, онда соңында («Әдебиет» бөлімінен кейін) қазақ тіліндегі автордың тегі мен аты (толық), мақаланың атауы, аңдатпа мен түйінді сөздер, әрі қарай бір жолдан кейін орыс тіліндегі автордың тегі мен аты-жөні, мақаланың атауы, аңдатпа мен түйінді сөздер жазылады.

Мақала атауы. Мақаланың толық атауы 15 сөзден аспауы тиіс.

Аңдатпа өзіндік мәтін болуы тиіс. Аңдатпа зерттеу пәніне емес, жүргізілген зерттеуге арналуы қажет. Ол мақаланың қысқаша, бірақ мазмұнды түйіндемесі болып табылады. Аңдатпада формулаларды, аббревиатураларды, әдебиеттер тізіміндегі позицияларға сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді. Аңдатпа 100-150 сөз көлемінде бір абзацпен жазылады. Жекелеген жағдайларда (эмпирикалық зерттеулер үшін) жалпы кіріспе ақпарат, зерттеу мақсаты, әдістері, нәтижелері, практикалық маңыздылығы секілді тақырыпшалары келтіріліп, құрылымдалған аңдатпалар келтіруге болады. Құрылымдалған аңдатпа көлемі 250 сөзден аспауы тиіс.

Кілт сөздер. Мақала 10-15 кілт сөз немесе сөйлеммен сүйемелденуі керек. Ажыратқыш ретінде нүктелі үтір қолданылады (;).

Құрылымдалған негізгі мәтін:

— Кіріспе кез келген мақала үшін міндетті бөлім болып табылады. Мақаланың бұл бөлімінде зерттеу пәні ашылады, зерттеу сұрағы / мәселесі қойылады немесе зерттеу мақсаты тұжырымдалады, зерттеу болжамы негізделеді (егер бар болса). Осы зерттеуді жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіру қажет (зерттеудің белгіленген проблемасын шешу). Мақала аясында тек бір мақсатпен/болжаммен/зерттеу мәселесімен жұмыс істеуге болады. Зерттеу нысанын, пәнін бөлек бөліп, зерттеу міндеттерінің тізімін ұсыну қажет емес. Әдетте, кіріспе 1-3 бет алады;

— Зерттеу материалдары мен әдістері. Бұл бөлімде пайдаланылған материалдар мен зерттеу әдістері барынша егжей-тегжейлі сипатталады. Қолданылатын әдістер мен материалдардың нақты және толық сипаттамасы, іріктеме мен т.б. сипаттамасы алынған нәтижелердің шынайылығын бағалауға мүмкіндік береді.

— Зерттеу нәтижелері. Осы бөлімде сипатталған әдіснамаға сүйене отырып, зерттеу жүргізу барысында алынған объективті деректерді ұсыну қажет. Авторлық зерттеудің нәтижелері барынша толық ұсынылуы тиіс.

— Қорытынды. Бұл бөлім алынған нәтижелерді талдау негізінде қорытындыларды тұжырымдауды білдіреді. Қорытынды толық мәтінмен жазылады, ешқандай жағдайда тізіммен беруге болмайды.

— Алғыстар. Мұнда гранттарды немесе зерттеуді қаржылық қолдаудың басқа да түрлерін (сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың көздерін) келтіру керек. Содан кейін зерттеуді ұйымдастыруға және жүргізуге көмектескен мамандарға немесе мекемелерге алғыс айту керек. Қолжазбаларды қарауға және қабылдауға қатысқан тұлғаларға, яғни рецензенттерге, редакторларға, сондай-ақ журналдың редакциялық алқасының мүшелеріне алғыс білдіруге тыйым салынады.

Әдебиет. Пайдаланылған әдебиеттер мақала мәтінінде көрсетілген ретпен келтіріледі және тік жақшада ресімделеді, мысалы: [1]. Мәтіндегі бірінші сілтеме [1], екіншісі – [2] және т. б. ретімен болуы тиіс. Кітаптан алынған нәтижеге сілтеме жасалған кезде оның әдебиет тізіміндегі нөмірі және (үтір арқылы) осы нәтиже жарияланған беттің нөмірі көрсетіледі, мысалы: [7, 157 б.]. Бірнеше дереккөздердің нәтижелеріне сілтеме жасалған кезде, әдебиеттер тізіміндегі нөмірлер нүктелі үтір арқылы жазылады, мысалы: [7, 157 б.; 8]. Пайдаланылған әдебиеттер өзекті болуы керек, яғни соңғы 5-7 жылда жарияланған болуы тиіс (іргелі еңбектер мен материалдардан басқа). Пайдаланылған әдебиет кемінде 10 позициядан тұруы тиіс. Өзекті және шетелдік әдебиет тізімдегі позициялардың жалпы санының кемінде 10%-ын алуы тиіс. Тізімнің барлық позицияларына мақала мәтінінде сілтеме болуы тиіс және керісінше – барлық аталған әдебиеттер әдебиет тізімінде көрсетілуі тиіс. Пайдаланылатын көздерді 25-30-дан арттырмау ұсынылады. Әдебиетті ресімдеу үлгілері 1-қосымшада келтірілген.

«References» бөлімі үшін орыс мәтінін латын әріптеріне транслитерациялауды http://www.translit.ru/ сайтындағы бағдарламаны пайдалана отырып тегін жүзеге асыруға болады

Кестелерді, суреттерді, формулаларды ресімдеу. Мақалада дөңгелек жақшада (1) мәтін бойынша сілтемелер бар формулалар ғана нөмірленеді. Кестелерде, суреттерде, формулаларда символдарды, белгілерді белгілеуде әркелкілік болмауы тиіс. Суреттер анық және таза болуы керек. Мәтіндегі суреттер мен кестелерге сілтемелер болуы тиіс, мысалы: «…..1-кестеде» немесе (Кест. 1); «….1-суретте» немесе (Сур. 1). Графиктер, суреттер және фотосуреттер мәтінге олар туралы алғаш рет айтылғаннан кейін автор үшін ыңғайлы түрде салынады. Сурет астындағы жазбалар келесідей беріледі: иллюстрациялардың астында, парақ ортасында реттік нөмірі бар сурет сөзінен кейін, мысалы: Сурет 1 – Сурет атауы; кестенің үстінде, парақ ортасында реттік нөмірі бар кесте сөзінен кейін, мысалы: Кесте 1 – Кесте атауы. Мәтіндегі жалғыз сурет, кесте нөмірленбейді.

Аббревиатуралар мен қысқартуларды пайдалану. Мақаланың негізгі мәтінінде аббревиатуралар мен қысқартуларды қолдануға болады. Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, жалпыға бірдей түсініктілерін қоспағанда, мәтінде бірінші рет қолданылған кезде толық түсіндіріліп жазылуы тиіс. Түсіндіріліп жазылғаннан кейін, аббревиатура немесе қысқарту дөңгелек жақшада жазылады, мысалы: «…Батыс Қазақстан облысында (БҚО)». Аңдатпа мен кілт сөздерде аббревиатуралар мен қысқартуларды пайдалануға жол берілмейді. Мақала материалдарын ресімдеу үлгісі 2-қосымшада берілген.

— Мақала материалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару үшін Интернет-ресурстың автоматтандырылған бағдарламаларын пайдалануға жол берілмейді.

— Мақаланы журналға жіберер алдында, материалдардың жалпы орфографиясын, тиісті терминдердің дұрыс жазылуын және жұмыс мәтіні мен сілтемелерді ресімдеуді мұқият тексеру қажет.

— Мақала осы талаптардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келмеген жағдайда, редакциялық алқа оны қабылдамауға құқылы.

Қосымша — 1

Қосымша — 2

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий