Аурухана ішілік инфекциялар

Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».
Аурухана ішілік инфекциялардың көзі:
· Ауруханада ұзақ емделген науқас
· Бактерия тасымалдаушылар
· Ауруханадағы медициналық қызметкерлер
АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) –осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.
АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.
Аурухана ішілік инфекциялардың беріліс механизмдері мен факторлары:
1.Нәжіс –ауыз механизмі – таралу жолдары су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы
2.Аэрогенді механизм – берілу жолы ауа-тамшы.
3.Жанасу механизмі – төсек жабдықтары, жараны таңу материалдары, құрал-саймандар
4.Трансмессивті мезанизм – қан сорғыш жәндіктер арқылы.
Алдын алу шаралары:
Аурухана ішілік инфекцияларды алдын алу 3 бағытта жасалады: инфекция көзі, беріліс механизмі, қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. Негізгі мақсаты инфекцияны кіргізбеу, ауруханада жұқтырудың алдын алу.
Тест
1.Тырысқақ қоздырғышының негізгі берілу жолын көрсетіңіз
a) ауа-тамшы
b) тағам
c) су
d) парентеральді
e) трансмиссивті
2.Тырысқақ ошағындағы эпидемияға қарсы алғашқы шараларды БМСК қызметінің ұйымдастыруына жатады
a) хабарлау, науқасты жекелеу, ошақты дезинфекциялау
b) кесте бойынша шаралар кешенін жасау
c) кеңестік-әдістемелік көмек
d) шаралардың сапасы мен тиімділігін бақылау
e) ошақтағы жұмысты талдау
3.Тырысқақтың эпидқадағалауының мақсатына жатады
a) эндемиялық ауданнан инфекцияның енуін алдын алу
b) табиғи ошақтарды жою
c) региональді жою
d) екіншілік эндемиялық ошақтарды жою
e) ашық сулардан суды лабораториялық зерттеу
4.Еліміздің территориясын тырысқақ енуінен санитарлық қорғауда негізгі шараны көрсетіңіз
a) халыққаралық эпидемиологиялық ақпарат
b) тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендерге иммунопрофилактика жүргізу
c) тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендердің барлығын бактериологиялық
тексеру
d) тырысқақ ауруы бар ауданнан келгендерге карантин орнату
e) тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендердің барлығына обсервация жасау
5.Түйнеме қоздырғышының споралы формасының резервуарын көрсетіңіз
a) үй жануарлар
b) топырақ
c) кеміргіштер
d) жабайы жануарлар
e) су
6.Құтыру сырқаттанушылығының қауіп тобына жатады
a) ұйымдасқан балалар
b) ұйымдаспаған балалар
c) малшылар
d) тағам мекемелерінің жұмысшылары
e) медициналық қызметкерлер
7.Құтыру ошағында науқасты госпитализациялағаннан кейін жүргізілетін дезинфекция
a) ошақтық
b) ағымды
c) қорытынды
d) камералық
e) жүргізілмейді
8. Саңырауқұлақ ауруы
А) сіреспе
В) құтыру
С) дерматомикоз
Д) тетанус
Е) қышыма
9. күйдіргінің инкубациялық кезеңі
А)1-8 күн
В)10-15 күн
С) 30 күн
Д) 1-3 күн
Е)1-5 күн
10. Этиологиямы вирустар:
А) құтыру
В) күйдіргі
С) газды гангрена
Д) сіреспе
Е) хламидиоз
11. АІИ көзі
А) ауруханада ұзақ емделген науқас
В) жануарлар
С)құстар
Д) адам
Е) кеміргіш
12. Аусылдың берілу механизмі
А) ауа тамшы
В) нәжіс
С) жанасу
Д) алиментарлы
Е)трансмиссивті
13. Сіреспе қоздырғышын ашты
А) Кох
В) Николайер
С)Давен
Д) Поллендор
Е)Пастер
14. Аусыл алдын алу
А) енжар иммунизация
В) белсенді иммунизация
С)АКДС вакцинасы
Д) АДС вакцинасы
Е)карантин
15. Күйдіргінің алдын алуда карантин жүргізіледі:
А) 10 күн
В)15 күн
С)20 күн
Д)5 күн
Е) 30 күн
16. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Кох
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
17. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Давен
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
18. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Поллендор
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
19. Күйдіргі қоздырғышын ашты:
А) Кох
В) Николайер
С)Дассер
Д) Труссо
Е)Пастер
20. Этиологиясы бактериялар:
А) күйдіргі
В) құтыру
С) аусыл
Д) герпес
Е) қызылша
8Тарау.Протозойлы инвазиялар
Паразитология(гр. para – жанында, гр. sіtos – қоректену және гр. logos – ілім) – бір организмнің екінші ағза есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін,дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын; сондай-ақ адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым;
Паразитология ілімі адамда ауру тудыратын паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейді.
Медициналық паразитология 3 бөлімнен тұрады:
Медициналық гельментология-ауру тудыратын гельминттерді зерттейтін бір саласы
Медициналық протозология-қарапайымдылар тудыратын ауруларды,яғни протозойлы инвазияларды зеттейді.
Медициналық арахиноэнтомология-қоздырушыларды тасымалдаушы буынаяқтыларды зерттейді.
Медициналық паразитологияның негізгі мақсаты – паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.
Медициналық паразитологияның негізгі міндеттері:
– паразиттердің түрлерін дәл анықтау үшін олардың даму кезеңдеріндегі құрылыс-ерекшеліктерін зерттеу(Олардың түрлерін нақты анықтау дәрігерлер үшін өте маңызды, себебі тек осының арқасында паразиттер қоздыратын аурударды дұрыс анықтап емдеуге мүмкіншілік туады);
– паразиттердің және таратушылардың даму ерекшеліктерін зерттеу; бұл паразиттердің табиғатта таралуын және адам ағзасына ену әдістерін анықтауға мүмкіндік береді;
– паразит – ие арасындағы өзара байланыстарды зерттеу;
– паразиттердің зиянды әрекеттерін анықтау нәтижесінде паразиттік ауруларды ғылыми негізде анықтау және емдеу әдістерін қалыптастыру;
– паразиттермен таратушыларға қарсы күрес және алдын алу шараларын жасау;
Медициналық паразитология тарихы.Паразитология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында бөлініп шыққан. Бұл кезде адамның кейбір қауіпті және кең таралған ауруларын (безгек, лейшмания, амебиаз т.б.) тудыратын паразиттер және таратушылар ашылып, анықталып, олардың даму циклдары зерттелген болатын. Медициналық паразитологияның негізін қалаушылардың бірі Л.С.Ценковский(1822-1887) инфузориялардың дамуын,таралуын зерттеді.
Паразитология ғылымының қалыптасуына және дамуына орыс ғалымдары үлкен үлес қосқан. Мысалы, Г.Гросс адамның паразиттік амебасын, Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты, А.П. Федченко бірнеше паразиттік құрттарды зерттеген. И.А. Порчинский сонаның, масаның, шыбындардың паразиттік ауруларды таратудағы рөлін анықтаған, Н.А. Холодовский биттерді зерттеген.
Паразитология ғылымының, әсіресе гельминтология саласының дамуында, К.И. Скрябиннің рөлі өте зор. Ол дүние жүзінде тұңғыш болып КСРО-да гельминтология институтын ұйымдастырған.
К.И.Скрябиннің (1925 ж.) ұсынысы бойынша дегельминтизация – ауруларды гельмиттерден емдеу және сыртқы ортаны инвазиялық материалдардан сақтандыру бағытындағы кешенді іс-шара болып табылады..
Девастация – толық жою мақсатымен гельминттерге белсенді басу. Девастация қоздырғыштың барлық даму фазасында барлық тәсілдермен механикалық, химиялық және биологиялық әсерлермен жоюды талап етеді. Гельминтерді территорияда физикалық жою үшін жағдайлар туғызады
Сол сияқты, паразитологияның дамуында Е.Н. Павловскийдің де еңбегі ерекше. Ол арахноэнтомология саласында көп еңбек еткен, паразитоценоз, трансмиссивтік аурулардың таби-ғи ошақтары туралы ұғымды қалыптастырған. В.А. Догель экологиялық паразитологияны дамытқан.
Паразитология ғылымы Қазақстанда 1925 жылдан бастап дамып келеді. Осы жылы Алматыда өлкелік мал дәрігерлік-бакте-рологиялық институты құрылып, 1926 жылы оның құрамында гельминтология, 1935 жылы протозоология бөлімі ұйымдастырылды. Қазақстанда паразитология ғылымының дамуына ат салысқан зоологтер — Л.С. Берг, И.А. Долгушин, А.А. Слудский, М.И. Мариковский, М.Д. Зверев, Т.Н. Досжанов, И.Г. Галузо, Е.Н. Боев, А.Бекенов т.б
Паразиттердің жіктелуі.Табиғатта паразит түрлері көп, олар – нағыз, жалған, уақытша және тұрақты деп бөлінеді.
Шынайы паразиттер иесінің денесімен едәуір уақыт бойы байланысқан, паразиттік тіршілік ету тарихы қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады.
Жалған паразиттер еркін тіршілік ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзады.
Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді.
Тұрақты паразиттер – салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір – ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезеңдерінде еркін тіршілік етеді.
Шартты тұрақты паразиттер – өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді, олар еркін, яғни иесінің денесінен тыс, тіршілік ете алмайды.
Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.
Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар – кенелер жатады.
Эндопаразиттер – иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Эндопаразиттер 2 топқа бөлінеді:
-Сыртқы ортамен байланысты қуысты органдарда паразиттейтіндер(Аскарида,өкпе сорғышы,трихомонада т.б)
-Ішкі ағзаларды паразиттейтіндер(ришта,безгек плазмодиясы,лейшманиялар)
Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың ауруларын инфекциялық (жұқпалы ауру, індет) және инвазиялық (паразиттік) аурулар деп боледі.
Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың — бактериялар, спирохеттер, вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады.
Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар (протозооноздар), гельминттер (гельминтоздар), насекомдар әсерінен пайда болады.
Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік аурулар деп атайды.Оларға инфекциялық және инвазиялық аурулар жатады.
Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай төмендегідей трансмиссивтік ауруларды ажыратады:
зооноздар — тек қана жануарларға тән аурулар (құстар безгегі); антропоноздар — тек қана адамдарға тән аурулар (трихомонадоз, амебиаз), антропозооноздар — адамдарда да, жануарларда да кездесетін аурулар (тайга энцефалиті, лейшманиоз, оба т.б.).
Паразиттердің таралу жолдары. Паразиттер даму сипаттарына қарай
К.И. Скрябин және Р.С.Щульц гельминттерді екі топқа бөлді:
Биогельминттер және геогельминттер
Геогельминттер – тіршілік циклінде аралық иегерлері болмайтын, ал жұмыртқалары немесе личинкалары қоршаған ортада дамитын паразиттік құрттар.Бұл тудыратын ауру геогельминтоз деп аталады.
Биогельминттер тіршілік циклінің бір бөлігін бір иенің денесінде,қалған бөлігін басқа иенің денесінде өтеді. Паразиттің жыныстық жетілген түрі бар организм соңғы немесе дефинитифті ие деп аталады.
Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз – паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.
Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі), кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.
Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.
Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді (безгек масасы).
Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер жабысып таралуы мүмкін.
Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады.
Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б.
Е.Н. Павловскийтабиғи ошақтық аурулар ілімі
Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды.Табиғи ошақтық аурулар белгілі бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді. Табиғи ошақтардың болуын қамтамасыз етеді
Ø Ауру қоздырғышы
Ø Ие организмі(ауру қоздырғышының табиғи қоры);
Ø Тасымалдаушылар
Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретінде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, кұстар) – табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері — иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді. Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды.
Лейшманиоздың табиғи ошағы – лейшманиямен зақымданған тышқандар мен олардың індерін мекендейтін бәкене шыбындар таралған шөлді және шөлейт жерлер саналады.
Табиғи ошақтар адамдар үшін өте қауіпті. Егер кездейсоқ адамдар сол ошақтарға бара қалса (экспедиция, аң аулау, орманшылар т.б.) онда таратушылар сол паразиттерді адамдарға жұқтыруы әбден мүмкін.
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар.
8 тарау
Протозойлы инвазиялар
Қарапайымдылар – денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Протозойлы инвазиялар тобына адамның организмінде тіршілік ететін және көбейетін 30жуық қарапайымдылар кіреді.Олар токсоплазмоз, безноитиоз, гемоспоридиоз, лейшманиоз, тейлероз, пироплазмоз, безгек,саркоспоридоз т.б жатады.
Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:
1. Саркодиналар,(тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа);
2. Талшықтылар класы (Flagellata);
3. Споралылар класы (Sроrоzоа);
4. Инфузориялар (кірпікшелілер класы (.Jnfusогіа).
Қарапайымдылар бір-бірінен биологиялық қасиеттерімен өзгешеленеді,сонымен қатар беріліс механизмі де әр-түрлі болады.
1. Нәжіс-ауыз механизмімен амебиоз,лямблиоз,балантидиаз,ішек трихомониазы,токсоплазмоз таралады.
2. Трансмиссивті механизмімен-безгек, лейшманиоз таралады.
3. Жанасу механизмімен- жыныстық трихомониазы таралады.
4. Вертикалды механизмімен-токсоплазмоз таралады.
Date: 2021-07-01; view: 6064; Нарушение авторских прав
§

1.Қуысты мүшелерде мекендейтін, сыртқы ортамен байланысты қарапайымдылар:
а. Ауыз қуысында мекендейтін қарапайымдылар:
Ауыз амебасы – Entamoeba gingivalis (Саркодиналар класы)
Trichomonas tenax (Талшықтылар класы)
б. Ащы ішекте мекендейтін қарапайымдылар:
Лямблия – Lamblia intestinalis (Талшықтылар класы)
в. Тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар:
Дизентерия амебасы –Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)
Балантидия – Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
г. Жыныс мүшелерінде мекендейтін қарапайымдылар:
Қынап трихомонадасы – Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)
д. Өкпеде мекендейтін қарапайымдылар:
Пневмоциста– Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)
2.Ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар.
а. Трансмиссивті емес берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі (Споровиктер класы)
б. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Лейшманиялар – Leishmаnіа (Талшықтылар класы.)
Трипаносомалар – Trypanosoma brucei gambiense, Trypanosoma brucei
rhodesiense (Талшықтылар кл.)
Безгек плазмодиясы – Plasmodium (Споровиктер класы)
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ТИПІ (PROTOZOA)
Өкілдері | Тудыратын аурулары | Мекендейтін орны | Берілу жолдары |
Саркодиналар класы Sarcodina | |||
Дизентерия амебасы (Еntamoeba histolytica) | Амебиаз | Ішекте | Ауыз – нәжістік |
Ауыз амебасыEntamoeba gigivalis | Шартты – патогенді | Ауыз қуысында | |
Ішек амебасыЕntamoeba coli | Шартты – патогенді | Ішекте | |
Талшықтылар класы Flagellata | |||
1.Лейшмания (Leishтапіа) а. дерматропты б. висцеротропты | Лейшманиоз | Тері Ішкі мүшелерде | Трансмиссивтік |
2.Трипаносома | Трипаносомоз | Қанда | Трансмиссивтік |
3.Трихомонада (Trichomonas) | Трихомониаз | Несеп – жыныс жүйесінде | Жыныстық |
4. Лямблия | Лямблиоз | Ішекте | Ауыз – нәжістік |
Споровиктер класы Sporozoa | |||
1. Плазмодия (Plasmodium) | Безгек | Қанда | Трансмиссивтік |
2. Токсоплазма | Токсоплазмоз | Тінде, несеп – жыныс жүйесінде | Вертикалдық |
3. Саркоциста | Саркоцистоз | Тінде | |
4. Кокцидия | Кокцидиоз | Ішекте | |
5. Пневмоциста | пневмоцистоз | Тінде | Аэрогендік |
Инфузориялар классы Infuzoria | |||
1. Балантидия | Балантидиаз | Ішекте | Ауыз – нәжістік |
Лямблиоз
Лямблиоз– нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,ішек жұмысының бұзылуымен,латенттік паразит тасымалдаушылықпен сипатталатын қарапайымдылар тудыратын,антропонозды инвазия.
Этиология.Қоздырғышы- Lamblia intestinalis. 1859жылы Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты. Паразит вегетативтік түрінде (трофозоит) өмір сүреді. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Лямблиялар циста түзе алады, олар нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.
Лямблия цисталары қоршаған ортада сақталады:Суда 11-22 -та 16-18 күннен 2 айға дейін,ылғалды нәжісте 16-20
-та 1-4күн, 2-4
-та 21күн сақталады. Өлшемі 10-18 мкм. Барлық органоидтары мен ядролары жұпты. Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады. Төрт жұп талшықтары бар. Трофозоиттар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.
Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі. Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол, ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 вегетативтік түр құрайды.
Эпидемиялық процесстің сипаттамасы.Инвазия көзі-ауру немесе тасымалдаушы адам.
Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі,берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар. Лямблиялар цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар болып табылады.
Лямблия тасымалдаушылық кең тараған,ол 2-4 жастағы тексерілген бададардың 20%-да,ересектердің 3-5%-да кездеседі.АҚШ-та ішек ауруымен науқастанғандардың 4%-ң нәжісінде лямблиялар цисталары табылған.
Патогенезі және клиникалық белгілері. Инфекциялық процестің даму ықтималдығы организмге түскен цисталардың санына, асқазанның қышқылдығына және адамның иммундық статусына байланысты.
Аш ішектің шырышты қабатында паразиттік өмір сүретін лямблиялар ішекті жауып тастайды, ішек қабырғасындағы ас қорыту қимылын бұзады, тамақ ингредиенттерін сіңіруді төмендетеді. Лямблиялар өттің әсеріне өте сезімтал, сондықтан олар өт жолдарына патологиялық процестерді тудыра алмайды.
Аурудың клиникалық көріністері негізінде асқынған энтероколит түрінде (бірақ қанды диарея ретінде емес) байқалады және де жаман иісті сұйық нәжіс,метеоризм, іштің ұстамалы ауруды, құсу, кекіру болады.
Date: 2021-07-01; view: 1822; Нарушение авторских прав
§

1. Паразитологиялық әдіс- вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.Люголь ерітіндісімен боялған жағындынымикроскоппен қарау.Нәжісті тексеруді бірнеше күн қайталау керек.
2. Серологиялық әдіс- лямблияның антигендерін анықтау үшін қолдануға болады
Емдеу.Метринидозол және тинидазол,энтамизол,фуразолидин,аминохинол
Хлорлы дезинфекциялық заттар лямблиялар цисталарын өлтіре алмайды.3% лизол өте тиімді.Ыстық су цистаны тиімді өлтіреді.
Амебиоз
Амебиоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,тоқ ішектің жаралы зақымдануымен,түрлі мүшелерде абцесс пайда болатын,созылмалы түрге өтумен сипатталатын,саркодина тобына кіретін,антропонозды инфекциялық ауру.
Қоздырушысы. Еntamoeba histolytica.Амебаларды алғаш болып 1875жылы Ф.А.Леш Петербургте науқастың қан аралас нәжісінен тапқан.1883жылы Р.Кох науқастың ішегінің гистологиялық кесіндісінен амебаларды тапқан. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы.
Вегетативтік формасы сыртқы ортада төзімсіз,нәжісте 30 мин өледі. Цисталар сыртқы орта әсеріне төзімді:нәжісте,суда 1 ай,төменгі температурада бірнеше ай сақталады.
Даму кезеңі.Негізгі қожайын-науқас адам. Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.
Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтардеп атайды.
Инвазия көзі-ауру немесе тасымалдаушы адам.Инвазия-паразиттерді адам ағзаның кіруі.Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі.Берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар,жанасу. Цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар,кір қол,киім,ыдыс,есік тұтқасы т.б болып табылады.
Диагностикасы.Паразитологиялық әдіс- Нәжісті және сыртқы орта объектілерін зеттеу.
Серологиялық әдіс-ИФТЕР(титр 1:80 және одан да көп)АГЕР
Нәжісті микроскопиялык зерттеу арқылы жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не циста тасымалдаушыларда 4 ядролы цисталарды іздейді.
Клиникалық сипаты. Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние салуға алып келеді.
Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар, тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу әдістерін атауға болады.
Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол – ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Токсоплазмоз
Токсоплазмоз-әртүрлі механизмдермен берілетін,латентті және созылмалы түрде өтетін зоонозды,табиғи-антропургиялық,протозойлы инвазия.
Қоздырғышы- Тохорlasmа gondіі- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит.
Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері.
Токсоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұксас болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм, ені — 2—4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесін пелликула қаптап тұрады, денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді кұрылым — коноид болады. Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезінде тірек кызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид — роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелендеген жіпшелер — микронемалар кездеседі.
1-коноид,
2-микрожіпшелер,
3-микротүтікшелер,
4-микропоралар,
5-майтамшылары,
6-ядро,
7-эндоплазмалык тор,
8-Гольджи кешені,
9- митохондрия,
10-роптрии.
Инвазия көзі.Негізгі иесі болып мысық; аралык иесі — құстар, сүтқоректілер,кеміргіштер және адамдар саналады.
Date: 2021-07-01; view: 1540; Нарушение авторских прав
§

Лейшманиоз-трансмиссивті механизммен таралатын,табиғи ошақты зооноздыжәне антропонозды инфекциялық ауру.
Қоздырушы — Leishтапіа,4түрге бөлінеді:
1. Leishтапіа donovani-Еуропалық вицериальды лейшманиоз қоздырушы
2. Leishтапіа tropica-тері лейшманиоз қоздырушы
3. Leishтапіа mexican-Америкалық тері лейшманиоз қоздырушы
4. Leishтапіа brasiliensis-Жаңа құрлықтың тері-шырышты лейшманиоз қоздырушы
Барлық лейшманиялар екі даму кезеңінен өтеді:Талшықты және талшықсыз.
Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалары бар:
1. Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшық денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жаксы жетілген.
2. Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.
3. Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.
4. Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасынын денесі домалақ, ядросы ірі, талшык мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады.
5. Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін болігі дамымаған.
Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялык.
Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.
Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:
1. дерматотропты (теріні закымдайды)
2. висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды)
Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishтапіа donovai.
Көбіне 1-5жастағы балалар мен эндемиялық емес аудандардан жаңадан келгендер ауырады.Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.Инкубациялық кезеңі-5айдан-1жылға дейін.
Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.
Патогенезі.Денеге түскен жерінде гранулема пайда болады, лимфа түйіндері зақымданады,бауыр,көк бауыр,сүйек миында қабыну пайда болады.Белгілері:папула,температура 39-40 , бауыр,көк бауыр улкеюі,салмақ азаюы,анемия.
Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.
Диагностикасы.Төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.
Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.
Тері лейшманиозын қоздырушы — Leishтапіа trоріса
Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа (Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі.
Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.
Инвазия көзі болып адам және жабайы жануарлар (ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді.
Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады.
Диагностикасы.Жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі.
Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.
Безгек
Безгек(«саз-батпақты қызбасы», «пароксимальды безгек» – адамның және жануардың жедел протозойлы трансмиссивті ауру, қоздырғышы Анофелес туыстығы масаларымен беріледі. Ауру қызу приступтарымен анемиямен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен сипатталады.
Этиология.Безгек қоздырғышы Protozoa қарапайымдылар типіне, Sporozoa споравиктер класына, Plasmodium туыстығына жатады. Безгек плазмодиясы – Лаверонмен 1880 жылы ашылған. Қазіргі таңда безгек плазмодиясының 100 астам түрі бар, соның ішінде 4 түрі адамда паразиттеледі.
1. Plasmodium vivax – үш күндік безгекті шақыратын көп кездесетін қоздырғыш.
2. Plasmodium malazia – төрт күндік безгекті шақырады.
3. Plasmodium balcipazum – тропикалық безгектің қоздырғышы.
4. Plasmodium ovale – үш күндік безгекке ұқсайтын суруды шақырады және Африканың кейбір аудандарында ғана таралған.
Тарихи мәлімет. Адам безгегі ежелден келе жатқан ауру. Қызу приступының клиникалық сипаты біздің э.д. 400 жыл бұрын Гиппократпен айтылған. Безгектің біріншілік ошағы Африка болып саналады. И.В. Фавраның тұжырымы бойынша бұл ауру Ресейге Ираннан әкелінген. СССР-дан 60 жылдары жойылған безгек 90 жылдары қайта оралды. Ауру шырыштармен, туристермен, бизнесмендермен, орта Азия және Кавказ елдерінен келетін саудагерлермен, үнемі сәтсіз Таджикистан, Азербайжан және Узбекстан елдерінен әкелінеді.
Даму циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.
Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.
Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3-1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда болып, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Р1.vіvах-22, Р1.malarіае-6-12, РІ.falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер кабықшасы жыртылып мерозоиттар канға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы өнімдері де етеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең РI.vіvах, РI. falciparum,PI.ovale -де 48 сағатқа (үшкүндік безгек), Р1.malarіае – 72 сағатқа (төрткүндік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз кебеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстык формаларға — гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын — макрогаметоциттерді, енді біреулері — аталық жыныс формаларын — микрогаметоциттерді түзеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасында гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Олардың әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді.
Спорогония. Маса ағзасына гаметоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық нысанға немесе гаметаларға айналады. Микрогаметоциттер бөлініп 5—6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота козғалғыш оокинетаға айналып, асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистаға айналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процесі басталады, яғни ядро мен цитоплазма бөлініп ооциста ішінде көптеген (1000) спорозоиттар түзіледі. Ооциста кабықшасы жарылып спорозоиттар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне өтеді.
Инвазия көзі болып перифериялық қанда безгек паразиттерінің жыныстық жетілген түрі бар науқас адам немесе паразит тасымалдаушы және жедел приступты кезеңінде, сырқаттың рецидив стадиясында және клиникалық білінулері айқын гаметотасымалдаушы жатады.
Инкубация кезеңі қысқа 10-20 күннен 1 айға дейін болуы мүмкін. Тропикалық безгекте инкубациялық кезеңі 10-14, ал 3 күндік безгекте қысқа инкубациялық кезең 10-14 күн, ұзақ 8-14 ай және 4 күндік безгек 20-25 күнге созылуы мүмкін.
Беріліс механизмі-трансмиссивті,тасымалдаушы-Anopheles тобының масалары.Сирек жағдайда парентералды жолмен,тасымалдаушы донордың қанын құю кұю кезінде жұғуы мүмкін. Эндемиялық ошақтарда көп жағдайда планценті арқылы немесе босану кезінде ана мен ұрықтың қанының араласуы нәтижесінде құрсақ іші зақымдалу байқалады
Диагностикасы.Диагноз клиникалық-зертханалық мәліметерге және эпидемиологиялық анамнезге сүйеніп қойылады. Безгекке күдіктенген барлық науқастардың қанына микроскопиялық зерттеулер жүргізеді. Плазмодиялардың анықталуы жалғыз даусыз дәлел болып келеді. Зерттеулердің серологиялық әдістері (РФА, РНГА) де қолданады.
Емдеу: Жедел ұстамаларды тоқтату және безгек паразиттердің жынысты клеткалары гаметалардың инфекциялық берілуін және аурудың қайталануын алдын-алу үшін бағытталған.
Хинин препараттарын және 4 аминохиналды (примахин, делагил, фанзимиф және т.б.) нақты схема бойынша қолдану қажет.
Date: 2021-07-01; view: 3626; Нарушение авторских прав
§

Безгектің таралуын бақылау бойынша шаралар тек «жұқтырылған адам – маса тасымалдаушы инфекцияны қабылдаушы адам» қоздырғыштың берілу тізбегін үзген кезде ғана тиімді бола алады. Безгек Анофалес масасының түрлерімен беріледі, олардың әр қайсысына өзінің тіршілік ету ортасы, өмір сүру және коректену ерекшеліктері тән. Масалардың көбісі түндеқоректенеді. Бұндай жағдай су қоймасының жанындағы түнгі ауаның «қауіптілігі» туралы пікірге негіз болады. Әр түрлі географиялық өсімдіктерде безгек плазмодияларын беруге қабілетті масаның шамамен 25-30 түрі кездеседі, АҚШ-та A. maculipennis және A. punctipennis: Заирда, Конго өзенінің арнасында A. gambiae таралған; Ресей терриориясында тасымалдаушылардың 10 астам түрі кездеседі.
Тасымалдаушы масалардың санын шектеу бойынша шаралар тынық су қоймаларының беткейі астындағы қабатта тіршілік ететін дернәсілдерін жоюға бағытталған. Бұл мақсатпен лай жергілікті құрғату, су қоймаларының беткейіне майқабықшаны орнату, инсектицидтерді қолданады және дернәсілдермен қоректенетін ұсақ балықтарды көбейту.
Бұл шаралар өткізілетін орындарда жәндіктерді үркітетін құралдарды қолданған дұрыс. Бірақ репеленттер әрі толық, әрі ұзақ қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Аса тиімді жануарларды, қорғаныс экрандарды, торларды және арнайы киімді қолдану болып табылады. Осындай алдын-алу шаралар масалар қоректенуге шығатын уақытта, яғни түнде өте маңызды.
Австралиялық безгек бойынша эндемия ны солтүстік аудандарында прфилактиканың тағы да 1 тәсілін қолданады. Жергілікті тұрғында безгекке салыстырмалы иммунды бола отырып инфекцияның көзі де болып табылады. Себебі безгек паразиттері олардың қандары арқылы қабылдаушы тұрғындарға берілді. Сондықтан жаңа келген адамдарды және жергілікті тұрғындарды бір-бірімен алыс орналастырып қауіпсіз жерде өмір сүреді.
Алдын-алу шаралары.Тасымалдаушы масаларды жою, адамдарды маса шағудан сақтау (репеленттерді, торларды қолдану). Тасымалдаушы масалардың санын азайтуды гидротехникалық шараларды, су қоймаларын (көбею жерлерін) дернәсілдерге қарсы өңдеу, мал қоралары мен тұрғын бөлмелерді өңдеу арқылы жүреге асырады. Масалардың көбею жерлерін батпақтарды құрғату, су қоймаларын тазалау мен терңдетуарқылы жояды. Безгек бойынша эндемиялық аудандарға барғандарға химиопрофилактика (хингалин 0,25 гр-нан аптасына 2 рет) жүргізеді. Препаратты ошаққа бармас бұрын 3 күн бұрын тағайындайды және кеткеннен кейін 4-6 апта бойы қабылдауды жалғастырады. Безгекпен ауырып шыққандарға нұсқауларға сәйкес диспансерлік бақылау орнатады.
Негізгі профилактикалық шаралар «Аймақты санитарлық қорғау ережелеріне» сәйкес біздің еліміздің территориясында инфекцияның енуі мен таралуын алдын-алуға бағытталуы тиіс.
Date: 2021-07-01; view: 1149; Нарушение авторских прав
§

2 бағытта жүреді:
1. Емдік-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар;
2. Масаларға қарсы шаралар.
Эпидемиологиялық қадағалау жүйесі 4 функция атқарады: ақпараттық, емдік-диагностикалық, басқарушылық және бақылау.
Ақпараттық функцияға оқиғалар мен ошақтарды есепке алу және тіркеу, территориянгың безгекгенділігі туралы мәліметтерді жинау, алынған ақпаратты бағалау, медициналық желі мен қызықтырушылық ведмствалар үшін ақпараттық хаттар шығару кіреді.
Диагностикалық функция – науқастарды анықтау, клиникалық және параитологиялық диагностика жатады. Санитарлық-эпидемиолгиялық қызметтің жұмысына ошақты эпидемиологиялық тексеру, ошақтыбақылау, ретроспекторлы және операторлық эпидемиологиялық сараптама, берілген аймақта эпидемиялық процестің жағдайларын зерделеу жатады.
Бақылау функциясы санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен жүзеге асырылады және шаралардың орындалуын бақылаудан, олардың тиімділігін бағалаудан, жұмыс сапасын коррекциялаудан тұрады.
Басқарушылық функция шараларды жоспарлауды, оларды жүргізу мерзімі мен көлемі, орындаушыларын, безгектің диагностикасы, клиникасы, эпидемиологиясы бойынша кадрларды дайындау, әдістемелік нұсқаулар мен ескертпелерді шығаруды ескертіп отырады.
Бұл жұмысты емдеу-профилактикалық мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттармен бірігіп санитарлық-эпидемиологиялық қызмет атқарады.
Тестік сұрақтар
1.Медициналық паразитология неше бөлімнен тұрады
A. 3
B. 4
C. 5
D. 6
E. 7
2.Медициналық арахиноэнтомология зерттейді
A. ауру тудыратын гельминттерді зерттейтін бір саласы
B. қарапайымдылар тудыратын ауруларды,яғни протозойлы инвазияларды зеттейді.
C. қоздырушыларды тасымалдаушы буынаяқтыларды зерттейді
D. паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейді.
E. Ағзаның анотомиялық құрылысын зерттейді
3.Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді бөледі
A. эктопаразиттер және эндопаразиттер.
B. инфекциялық және инвазиялық
C. нағыз және жалған
D. уақытша және тұрақты
E. инфекциялық және тұрақты
4.Девастация – бұл…
A. толық жою мақсатымен гельминттерге белсенді басу.
B. ауру тудыратын гельминттер
C. паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейтін ғылым
D. ауруларды гельмиттерден емдеу және сыртқы ортаны инвазиялық материалдардан сақтандыру бағытындағы кешенді іс-шара
E. Ауырып шыққандарға диспансерлік бақылау орнату
5.Дегельминтизация –бұл…
A. толық жою мақсатымен гельминттерге белсенді басу.
B. ауру тудыратын гельминттер
C. паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейтін ғылым
D. ауруларды гельмиттерден емдеу және сыртқы ортаны инвазиялық материалдардан сақтандыру бағытындағы кешенді іс-шара
E. Ауырып шыққандарға диспансерлік бақылау орнату
6.Белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі
A. Симбиоз
B. Паразитизм
C. Инфекция
D. Қоздырғыш
E. Инвазия
7. Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзаларды атайды
A. Меншікті орын
B. резервуар
C. Симбиоз
D. Уақытша иесі
E. Табиғи орта
8. Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде қандай ұғымды қалыптастырды
A. Табиғи ошақтық аурулар
B. Паразиттер
C. Медициналық арахиноэнтомология
D. Аурулар жиынтығы
E. Инвазия көзі
9. Денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар
A. Шыбындар
B. Кенелер
C. Биттер
D. Қарапайымдылар
E. Иттер
F. 10. Ортаның қолайсыз жағдайында қарапайымдылар
түзеді.
A. циста (тығыз қабық)
B. микроб
C. бактерия
D. вирус
E. спора
11. Қарапайымдардың қанша мың-ға таяу түрі бар
A. 70000
B. 6000
C. 700
D. 70
E. 700500
12. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымды
A. Пневмоциста
B. Лейшманиялар
C. Қынап трихомонадасы
D. Дизентерия амебасы
E. Лямблия
13. Амебиаз ауруының қоздырушысы
A. Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)
B. Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
C. Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)
D. Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)
E. Тохорlasmа gondіі
14. Лейшманиялар неше түрге бөлінеді
a. 5
b. 4
c. 3
d. 2
e. 1
15. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Өлшемі 10-18 мкм болатын лямблиоз ауруының қоздырғышы.
A. Lamblia intestinalis
B. Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
C. Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)
D. Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)
E. Тохорlasmа gondіі
16. Адамның және жануардың жедел протозойлы трансмиссивті ауру, қоздырғышы Анофелес туыстығы масаларымен берілетін ауру
A. Лямблиоз
B. Амабиоз
C. Безгек
D. Іш сүзегі
E. Малария
17. Адам ағзасында безгек қоздырғышының күрделі даму циклі қандай жолмен өтеді
A. Жынысты
B. жыныссыз
C. өтпейді
D. Жынысты және жыныссыз
E. Барлығы дұрыс
18.Әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездесетін токсоплазмоз ауруын тудырушы кең таралған паразит.
A. Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)
B. Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
C. Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)
D. Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)
E. Тохорlasmа gondіі
19. Жаңа ғана эритроцитке енген плазмодияның морфологиялық пішіні:
A. төртбұрышты
B. сақиналы
C. диспергириленген
D. үшбұрышты
E. көлдене-жолақты
20.Безгек ауруында қалтырама жағдайын немен түсіндіруге болады:
A. масаның шағуына реакциясымен
B. плазмодий тіршіліктеріндегі токсикалық өнімдермен
C. масаның шаққан жеріндегі екінші ретті инфекциямен
D. өзін-өзі сеңімдірумен
E. хининнің әсерімен
9 Тарау. Медициналық гельминтология.
Гельминтоздардың жалпы сипаттамасы.
Медициналық гельминтология паразитты құрттардың әсерінен туындайтын адамның ауруларын зерттейді. Қазіргі уақытта адамдарда паразиттейтін 300 ден астам гельминттер тіркелген, ТМД елдерінде 70 тен астам гельминттер табылады.
Медициналық тұрғыдан маңызды гельменттер 2 топқа бөлінеді
1 Жалпақ құрттар.
2 Жұмыр құрттар.
о
Гельминт құрттарының ішекте орналасуы.
Гельминтоздар (грекше helmіns, helmіnthos – іш құрт) – паразит құрттардың адаммен, жануармен және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез, эхинококкоз) түрлері белгілі.Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту.
Беріліс механизмдері:
Негізгі берілу механизмі- нәжіс ауыздық механизм. Инвазия адам организміне пероральды және алиментарлы жолмен жұмыртқалармен ластанған су жеміс жидек, тағам өнімдерін жегенде түседі.
Гельминттер – ол адам және жануарлар денесінде паразиттік өмір суретін құрттар. Олардың тарауында негізгі рөл қанағатсыз санитарлық жағдайға және төмен тұрмыстық мәдениетке беріледі. Бұл кұртардың қоздыратың ауруларын “гельминтоздар” дейді. Гельминттер өздерінің улы заттарын бөлу арқылы аурушаңдық жағдайларға ұшыратады: ішектің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, аллергия жағдайды туғызады, кейде ішек туйілуі мумкін.Гельминтоздар негізгі үш топқа бөлінеді:
1.Биогельминтоздар адамға аралық иесінің дене тіндері және сыртқы орта элементтері арқылы жұғады.
Биогельминтоздар дың инвазия көзі және таратушы факторлары
2.Геогельминтоздар – қоздырғыш адам ағзасына қоршаған ортадан еңіп, ауруға шалдықтырады(аскаридоз).
Жанасуға байланысты гельминттер – қоздырғыш ауру адамнан немесе заттар арқылы дені сау адамға жұғады (энтеробиоз). Балаларда ең жиі кездесетіні – аскаридоз және энтеробиоз.
Гельминтоздардың жұғұ жолдары және локализациясы.
3. Контагнозды гельментоздар : құрттардың жұмыртқалармен ластанған адам арқылы жұғады.
Контагнозды гельминтоздардың инвазия көзі және таратушы факторлары.
Date: 2021-07-01; view: 2195; Нарушение авторских прав
§

Описторхоз (грек. opіsthen – артында, артқы және orchіs – аталық без, ен) – ішек құрт ауруы. Аурудың қоздырғышы – ұзындығы 4 – 13 мм-дей көлденеңі 1-3.5 мм, жалпақ құрт описторхис . Денесінің алдыңғы бөлігінде екі сорғышы болады. Ересек құрт адамның, иттің, мысықтың, терісі бағалы аңдардың өт жолдарын, бауырын, ұйқы безін зақымдап, нәжіс арқылы сыртқы ортаға (суға) түскен құрт жұмыртқаларын моллюскалар жұтады. Олардың денесінде құйрықты дернәсілдер (церкариялар) дамиды. Моллюскалардан шыққан церкариялар балықтардың денесіне еніп, олардың тері астында не бұлшық ет қабаттарында тіршілік етеді. Адамдарға аз тұздалған, дұрыс ысталмаған не шикі балық етін жегенде жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 2 – 4 аптаға созылады. Содан кейін жедел түріне өтеді. Бұл кезде науқастың температурасы көтеріліп, басы, бұлшық еттері ауырып, буыны сырқырайды, терісінде қышыма бөртпе пайда болады. Ауру асқынып, созылмалы түріне өткенде, науқастың оң жақ қабырғасының астында ауырсыну пайда болып, бауыр және өт қалтасы үлкейеді. Ас қорытуы бұзылып, лоқсиды. Егер дер кезінде ем қолданылмаса, әр түрлі асқынулар дамиды. Мысалы, іріңді холангит, перитонит, жедел панкреатит, т.б. Ауруға диагноз лабораторияда қойылады. Алдын ала жүргізілетін шаралар: балық етін дұрыс өңдеп, пісіру; эпидемия шыққан жерде дұрыс санпединстанциялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Date: 2021-07-01; view: 866; Нарушение авторских прав
§

1.Opistorchus felineum-мысық немесе сібір сорғыш құрттары
2. Opistorchus viverini – вивераопстрхозының қоздырғышы.
Жұмыртқалары өте ұсақ домалақ, ұзындығы 26- 30 мкм. Бір шетінде қақпақ бар басқа шетінде кішкене төмпешік болады.
Опистархоз табиғи ошақтық инвазия. Ресейде эоидемиялық ауру. Батыс Сібір, сірек Волга Кама Дон , Днестр өзендердің жағалауында кездеседі.
Қазақстанда жоғары сырқаттанушылық Ақмола облысында 49.4%
Павладар облысында 36.8% құрайды.
Инвазия көзі: ақырғы иелері адам, үй жануарлары және жабайы андар. Басты инвазия көзі бөлып өзен мен көл аймағында тұратын адамдар.
Берілу механизмі : нәжіс ауыздық, берілу жолы алиментарлы. Описторхпен ластанған балық тағамдары, шикі аз тұздалған,аз тоңазытылған,кептірілген, шала пісірілген, аз қуырылған балық. Инкубациялық кезең 2-4 апта.
Балық құрамында қоздырғыш.
Диагностикасы:
1. Эпидемиологиялық анамнез
2. Клиникалық белгілер: дене қызу,көз сарғаю,бауыр ісіну,іш ауыру
3. Паразитологиялық зерттеу
4. Иммунологиялық ИФА
Клонорхоз қоздырғышы грематода қаласына жататын нәжіс ауыз механизмімен берілетін, табиғи ошақтық зооантропонозды биогельминтоз. Қоздырғышы: Cionorchis sinensis (қытай сорғышы) описторхозға ұқсас бірақ одан ірі сорғыш, дене ұзындығы 25 мм ға дейін, жұмыртқасы 30 мкмға дейін. |
Клонорхоз
Инвазия көзі: сөңғы кезеңде адам, мысық,ит және қоректі жабайы жануарлар. Жұмыртқалары нәжіспен шығарылады, суға түскен жағдайда лернәсілдер дамуын маллюкс денесінде өтеді.
Берілу механизмі фекальді оральді, алиментарлы. Берілу факторлары карп тұқымдас балықтар және тұщы су шаяндары. Таралу аймағы Қытай Корея, Жапония, Оітүстік Шығыс, Азия елдері. Жұқтыру көбінесе көктем күз айларында кездеседі.
Клонорхоз қоздырғышының адамға жұғұ жолдары таралуы. |
Қоздырғышы : Taenarhynluis saginatus. Сиыр цепені ұзындығы 7-10 метрлік таспа құрттар,аш ішекте паразиттейді. Басының диаметрі 1,5-2 мм, 4 сорғышы бар, ілмектері жоқ. 200 жуық буындардан құралады, әр буында150 000 құмыртқа бар. Жұмыртқалары жұмыр сыртқы ортада төзімсіз, домалақ. |
Тениаринхоз
Нәжіс ауыз арқылы таралатын, асқазан қолдарының зақмдалуымен токсикалық аллергиялық реакциялармен диспепсиябелгілерімен сипатталатын антропонозды биогельминтоз. Берілу механізмі: Ірі қара мал және адам. |
Даму механизмі: Адам сыртқы орта сиыр адам. Адамның ішіндегі ересек құрттың соңғы буындары бөлініп нәжіспен шығарылады. Топырақ, өсімдіктер, шөп, жайылым жерлер энкосферамен ластанады. Ластанған жеммен бірге жұмыртқалары аралық ие сиырдың денесіне түседі, қанмен бұлшық еттерге таралады. Бұлшық еттерде дәрнәсілге айналады. 1-3 жыл сақталады. Адам дұрыс термиялық өңделмеген ет жегенде жұқтырады. Қоздырғыш ішекке жабысады. |
Инвазия көзі : Науқас адам, берілу механизмі нәжіс ауыз механизмі. Таралу алиментарлы жолмен. Таратушы фактор ластанған ет. Адам жұқтырғаннан кейін 3-4 айда жұқпалы болып саналады. |
Алдын алу шаралары: 1. Науқастарды ерте анықтау емдеу 2. Диспансерлік бақылау 3. Жеке бас гигиенасын сақтау 4. Мал соятын сататын жерлерді санитарлық ветеринарлық бақылау. 5. Финнамен ластанған етті жою 6. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу |
Echinococcus granulosis – майда көлемі 2-6мм таспа құрттар . Басынан диаметрі 0.3мм , 4 сорғыштары, тұмсығында 35-40 ілмектері бар. Бастан кейін мойны, денесі 3-4 буыннан тұрады.Ең соңғы буын өте ірі 800 ге жуық жұмыртқалары бар |
Эхинококк(Echіnococcus granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 – 4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген Эхинококк – іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі – қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны ,тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 – 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды.
Аралық иесі- организмінде жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі.
Инвазия көзі – негізгі ит, сирек қасқыр, бұғы. Берілу механизмі нәжіс ауыз механизмі. Таратушы факторлар: ластанған жеміс жидек, кір қол, су, топырақ. Ит ластанған су адам қой ит.
Қалалы жерлерде иттер жүретін саябақ сквер, аула, балалар алаңшалары эхинакокктармен ластанған, зерттелген топырақтың 20% жұғындылардың 3,6% су, жемістер 3,3-30% эхинакокк жұмыртқаларымен ластанғандығы анықталған. Бауыр эхиноккозы 70% құрайды, өкпе 20% , аралас -4,2%, басқа форма -2,8% |
Диагностикасы: Серологиялық әдіс – АГЕР, ИФА
Клиникасы: клиникалық көрінісі көпіршіктің орналасқан жеріне, оның көлеміне, ағзаның аллергизациялану дәрежесіне байланысты болып келеді. Улану симптомдарынан басқа бауыр эхинококкозы кезінде оң жақ қабырға астының, эпигастрий аймағының сыздап аурысынуы, ауырсынудың оң жақ иыққа және арқаға таралуының тән болады. Бауыр, әдетте, біркелкі емес ұлғайған, тығыздалған, ауырсынады. Кистаның жыртылуы кезінде құрсақ және плевра қуыстарының эхикокктармен толуы, жиі жағдайда анафилактикалық шокпен жүреді. Бауыр эхинококкозының ауыр асқыныстарына кистаның іріңдеуі, механикалық сарғаю, асцит жатады.
Өкпе эхинококкозының клиникалық көрінісінде 3 кезеңді ажыратады:
1) бастапқы, оған ұзақ уақытқа созылған құрғақ жөтел, қан қақыру, ентігу тән.
2) Кистаның даму кезеңі, зақымдалған кеуде бөлігінің сыртқа томпаюымен, перкуторлы дыбыстың тұйықталуымен сипатталады.
3) Ашық кистаның ақырғы кезеңі, ол бронхтарға немесе плевраға ашылады.
Эхинококкоздың емі хирургиялық, сонымен қатар альбендазол – 15мг/кг тәулігіне 4 апта бойына тағайындайды.
Date: 2021-07-01; view: 1458; Нарушение авторских прав
§

Гименолепидоздар – қоздырғышы ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, цестодоздар класына жататын антропоноздық және зооноздық антропургиялық контагиоздық ішек гельминтозы, көбінесе ішек – қарын жолының зақымдануы белгілерімен сиппаталанады.
Қоздырғыштардың екі түрі бар:
1. Hymenolepis nana – ергежейлі цепень, ұсақ цестода (0,5-5 см), денесі таспа тәрізді, басы 20 -30 тармақтармен және 4 сорғышпен жабдықталған, олардың көмегімен ол ішектің қабырғасына жабысады . Стробиллада 200-1000 гермофродиттік проглоттид бунақтары бар. Ергежйлі цепенді менингиттен өлгед баланың ішегінен бірінші рет Bilharz (1851) тапқан. Ресейде гименолепидоз диагнозын бірінші рет қойған В.А. Афанасьев (1890) болды.
2. Hymenolepis diminuta – егеуқұйрық цепені, көлемі ірі (10-60 см), оның сколексінде (басында) қармақтары жоқ. Егеуқұйрық цепені тудырған бірінші гименолепидозды Бостонда (АҚШ) Weinland (1859) сипаттаған. әдебиетте «дименуттық гименолепидоз» деген атау берілген. Егеуқұйрық цепені – егеуқұйрық пен тышқан ағзасында тіршілік етеді, личинкасын ұн күйесінен, тарақаннан және бүрге ағзасынан табуға болады. Екі түрі де адамның ішегінде паразиттік тіршілік етеді, нәтижесінде ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылады. Егеуқұйрық цепеніне қарағанда ергежейлі цепень жиірек кездеседі.
Date: 2021-07-01; view: 1028; Нарушение авторских прав
§

Эпидемиялық процестің сиппатамасы. Гименолепидоз барлық жерлерде тараған. Барлық климаттық аймақтарда кездеседі, бірақ аурудың таралуына аскаридоз әсер етеді, себебі соңғының тіркелген аймақтарында гименолопедоз табылмайды. Осыған қарамастан, цестоздардың ішіндегі ең кең және барлық жерге тарағаны гименолепидоз, сондықтан бұл гельминтоз контагиоздық деп есептеледі. Ол лңтүстік аймақтарда (әсіресе балалар арасында) жиі тіркеледі.
Жұмыртқа бөліуі.
Ергежейлі цепеннің жұмыртқа бөлуі белгілі мерзімділікпен сиппаталады, оның үстіне жұмыртқаны бөлу мерзімінің ұзақтылығы инвазияның пәрменділігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар цепеннің жұмыртқалары қоршаған ортаның әртүрлі әсеріне шыдамсыз, сондықтан тіршілік қабілетін ұзақ сақтай алмайды. Ішектен қоршаған ортаға шыққаннан кейін 1,5-2 сағат ішінде бұзылады. Осыған орай оларды қоршаған орта объектілерінен (көкөніс, топырақ, тұрмыс жабдықтары және т.б.) табу сирек кездеседі.
Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі.
Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі – нәжіс – ауыз, берілу жолы – жанасу және ауыз (пероральды). Шыбындар – гельминт жұмыртқаларын механикалық тасушылар. Берілу факторлары – цепеннің жұмыртқаларымен ластанған қолдар, тұрмыс жабдықтары (ойыншықтар, есік тұтқалары және т.б.), тағамдар. Ергежейлі цепеннің жұмыртқалары тырнақтарда 3-4 жұма сақталады. Температура 60 С болғанда олар 15 мин. өмір сүреді. Құрғақшылық және күн сәулелері жұмыртқалаларды өлтіреді. Эпидемиялық процемтің дамуында ең маңыздысы адам, гельминтозға шалдыққан науқаспен тікелей араласқанда, жанасқанда жұқтырады. Бұл жұқтыру қолайсыз тұрмыстық жағдайларда, тығыз орналасқанда, жеке бас тазалығы сақталмағанда жүзеге асады.
Негізгі клиникалық көріністері.
Негізгі клиникалық көріністері – ретсіз және жиі шығатын қан аралас (көбінесе дизентериямен шатастырады) нәжіс; іштің ауруы, әлсіздік, аурушандық, асқазанның қыжылдауы және ішек – қарын жолының жұмысы бұзылғанда байқалатын басқа да белгілер; аллергиялық негізі бар белгілер (бөртпе, дене қышуы). Инвазияланғандардың 30 % және одан көбінде ауру белгісіз өтеді.
Date: 2021-07-01; view: 814; Нарушение авторских прав
§

Дифиллоботриоз нәжіс ауыз механизмімен жұғатын, асқазан ішек жолдарын зақымдап, созылмалы түрде өтетін, металобласттыанемия дамитын, цестодоз тобына жататын зооантропонозды биогельмитоз.
Дифиллоботриоз. Этиологиясы. Қоздырғышы – 10 түрден көп жолақшалар Diphillobothrium тұқымдасынан. Көбінесе зерттелген D. latum(жуан жолақша), жуан жолақшалы құрт көлемі – 10 мм және одан да ұзын. Эпидемиологиясы. Дифиллоботриоздар пероральді биогельминтоздар, зооноздар. Соңғы иесі және инвазия көзі болып адам табылады. Және сирек шошқалар, аюлар, түлкілер, тюленьдер, т.б. балық жегіштер жатады. Ащы ішекте өсіп жетілген гельминт паразиттеледі. Бірінші аралық иесі – су шаяндары, екінші – балықтар, олардың ағзаларында плероциркоидтердің дернәсілдері қалыптасады. Адамға жұғуы тұздалмаған немесе толық өңделмеген балықты және балық уызын қоректенгенде болады. Патогенез. Жуан жолақтың адам организміне патогенді әсері токсико-аллергиялық және механикалық әсер ету арқылы. Ащы ішектің қабырғасына паразит шырышты қабатты зақымдайды. Нәтижесінде некротизация және атрофия болады. Гельминттердің алмасу процестері нәтижесінде адам ағзасының сенсибилизациясы жүреді және аутосенсибилизациясы болуы мүмкін. Ерекше мәнді эндогенді гипо- және авитаминоз алады. Инвазия кезеңінің ұзақтығы 10 жылға дейін.
Клиникалық белгілері. Жуан жолақтың инвазиясы көбінесе симптомсыз өтеді. Кейбір адамдарда бастың ауруы, шаршағыштық, бас айналуы, еңбекке қабілетінің төмендеуі және асқазан ішек жолдарының зақымдануымен бірге өтеді. Ішек өтімсіздігі дамуы мүмкін.
Date: 2021-07-01; view: 1139; Нарушение авторских прав
§

Емі. Дегельминтизация фенасал курстық дозасы – 2г. Натрий гидрокарбонат ¼ стакан суға 1-2 г еріту. Дихлосал және трихлосал препараттары. Кеңінен ер папороткигінің эфирді экстракті қолданылады: ересектерге 4,5-5,5 г.
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар типi 5 класқа бөлiнедi: құрсақ кiрпiкшелi құрттар, нематодалар, түктi құрттар класы, коловраткалар, киноринхилар. |
Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.
Date: 2021-07-01; view: 1293; Нарушение авторских прав
§

(trіchіnellosіs; грек. trіch, trіohos – шаш) – адам мен жануарларда болатын ішек құрты ауруы. Ауыр механизммен, бұлшық еттердің ауыруымен, ісуі және айқын аллергиялық құбылыстармен сипатталатын табиғи ошақты зоонозды ауру |
Трихинеллездің қоздырғышы – трихинеллалар, ұзындығы 1 – 3 мм, тірідей туатын жұмыр құрттар. Дернәсілдері таяқшаға ұқсас, ұзындығы 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейін ұзарады. Ересек трихинеллалар иесінің ішегінде өмір сүреді, ал дернәсілдері көлденең салалы бұлшық еттерге өтіп, дамиды, шиыршықтанып, спираль тәрізді бұратылып жатады.
Трихинеллез қоздырғышының орналасы локализациясы
Ауру жабайы (борсық, қабан, морж, т.б.) және үй жануарларының (әсіресе, шошқаның) шала піскен етін жегенде жұғады. Трихинеллалардың улы заттары (токсиндері) қан құрамын өзгертеді. Трихинеллез кезінде дене қызуы көтеріліп, қас-қабақ, бет ісініп, қанда эозинофил (дәнді лейкоцит) мөлшері көбейеді, басы ауырып, адамда әлсіздік пайда болады. 1 – 3 күннен кейін науқастың бұлшық еттері (аяқтан бастап көзге дейін) ауырып, 2 – 3 аптаға созылады. Қоздырғыштың белсенділігі артып, ауру меңдегенде, науқас адамда жүрек қызметінің жеткіліксіздігі артып, өкпе қабынуы немесе менингоэнцефалитке асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін.
Трихинеллезден сақтандыру – сойылған малдың етін ветеринарлық бақылаудан өткізу. Трихинеллезге диагноз қою үшін күдікті адамның эпидемиологиялық анализін өткізіп, бұлшық етінен алынған биопсияны арнайы лабораторияда тексереді.
Емі: Арнайы терапия 7- 10 күн. мебендазол (вермокс), тиабендазол (минтезол), аллергияға қарсы препараттар (кортикостероидтар) қолданылады.
Date: 2021-07-01; view: 1555; Нарушение авторских прав
§

Аскаридоз кезінде зақымдалғаннан кейін 3-4 сағат өткен соң дернәсіл, жұмыртқа қабықтарынан босап шығып, ішектердің шырышты және шырыш асты қабаттарын тесіп өтіп ішек көктамырларына түседі. Ары қарай дернәсіл қақпа және төменгі қуысты веналары арқылы жүректің оң жақ бөліктеріне және өкпе артериясы арқылы альвеолалардың капиллярларына түседі. Дернәсілдер бронхтар арқылы трахеяға және жұтқыншаққа жылжиды. Ауыз қуысынан сілекеймен бірге олар қайта жұтылып, ішекке түсуі мүмкін, ал ащы ішекке түскен соң 70-75 күннен кейін жыныстық жетілген аскарида дамиды. Аскаридалардың дернәсілдерінің миграция сатысы (аэробты саты) 14-15 күнге созылады. Аскарида көбіне (87%) ащы ішекте өмір сүреді, бірақ ол бекімейді, ол өзінің ұштары арқылы ішек қабырғасында ұсталынып тұрады, сол себептен аскаридалар өте қозғалмалы болып табылады, олардың ішек бойымен жоғары және төмен жылжып отыру қабілеттері бар, олар асқазанға, өт жолдарына, өңеш және жұтқыншақ арқылы тыныс алу жолдарына, тіпті маңдай қосалқы қуыстарына да ене алады. Басқа мүшелерге миграция кезінде бактериальді инфекцияның енуіне және іріңді асқыныстардың дамуына қолайлы жағдай туындайды (абсцесс, холангит, панкреатит және т.б.).
Date: 2021-07-01; view: 1056; Нарушение авторских прав
§

Аскаридоздың клиникалық көрінісі алуан түрлі болып келеді. Негізінен екі фазаны ажыратады: 1) миграционды (ерте) және 2) ішектік (кеш). Бірінші фазаның клиникалық көріністері дамып жатқан дернәсілдердің және өлген дернәсілдердің зат алмасу өнімдерінің қалдықтарымен ағзаның сенсибилизациясына, ал интенсивті инвазия кезінде бауырдың, әсіресе өкпенің механикалық жарақатына байланысты болып келеді. Аскариидоздың бірінші фазасы келесі түрле өтеді:
А) шеткері қандағы эозинофилиямен көрінетін, өкпенің тұрақты емес ошақты инфильтрациясы;
Б) тыныс алу жолдарының аурулары (пневмония, бронхит, кейде қан аралас қақырық болатын тұмау тәрізді аурулар);
В) терінің зақымдануы (есекжем тәрізді полиморфты бөртпе, қышыма, қабыршақтанумен аяқталуы мүмкін везикулярлы және басқа да бөртпелер);
Г) бауырдың ұлғаюы және ауырсынуы;
Д) іштің ауырсынуы;
Е) артериялық қысымның түсуімен тахикардия;
Рентгенологиялық зерттеген кезде өкпеде бір немесе бірнеше әр түрлі көлемді ошақтарды анықтауға болады, 3-5 күннен кейін қайта зерттеген кезде бұл ошақтар жоқ болып кетуі немесе басқа жерден пайда болуы мүмкін. Бұндай науқастардың шеткері қанына айқын эозинофилия тән болып келеді. Типтік жағдайларда теріде әр түрлі аллергиялық бөртпелер пайда болуы мүмкін. Жоғарыда аталып кеткен сипмтомокомплексты алғаш рет 1932ж. Леффлер сипаттап жазған болатын, сол себептен оны кейде Леффлер комплексы деп атайды. Көп көлемді зақымдалған кезде брохпневмониялар, бронхиттер дамуы мүмкін. Бұндай науқастардың қақырығынан аскаридалар дернәсілдерін табуға болады.
Аскаридоздың ішектік фазасының клиникалық көріністері ағзадағы паразитирлеуші гельминттердің санына, ағзаның жалпы реактивтілігіне байланысты айқын емес (немесе толық симптомсыз) түрден өте ауыр түрге дейін ауысып отыруы мүмкін. Науқастарда тәбеттің төмендеуі, арықтау, дене қызуының көтеріліп отыруы, асқазан-ішектік бұзылыстар (іш өту, жүрек айну, сирек жағдайда құсу), іштің ауруы (өте жиі жағдайларда кіндік аймағында), кейде іштің бүлігінің клиникасын береді, тез шаршағыштық, бастың ауруы, мазасыз ұйқы (түнгі қорқыныштар, тістің шықырлауы) байқалады. Аскаридоздың көрінісі ретінде эпилептиформды және менингеальді синдромдарды жатқызуға болады. Аскаридоз нәтижесінде перитонит, сарғаю, ішек өтімсіздігі, механикалық тұншығу, іріңді плеврит болғаны жайлы мәліметтер бар.
Энтеробиоз
Энтеробиоз – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, созылмалы түрде өтетін, антопонозды, аса контагиозды инфекциялық инвазия.
Этиологиясымен эпидемиологиясы: мектепке дейінгі жастағы балалар арасында ең жиі кездесетін гельминтоз болып табылады.
Энтеробиоз қоздырғышы – острица, Enterobius Vermicularis (сөзбе сөз аударатын болсақ, «ащы ішекте өмір сүретін құрт»). Еркектері 2-5мм ұзындыққа дейін өседі, және алқызыл түсті болып келеді, ұрғашылары ірірек, олардың ұзындығы 9-12мм, түсі ақшыл-сұр. Ұрғашынынң құйрықтық бөлігі біз тәрізді үшкірленген, сол себептен оны «острица» деп атайды.
Жыныстық жетілген острицалар адамның ащы ішегінің дистальді бөлігінде, соқыр ішекте, құрт тәрізді өсіндіде және өрлемелі ішекте паразитирлейді, олар ішек қабырғасына бекіп, ішектің құрамындағы заттармен қоректенеді. Ұрғашыларды ұрықтандырғаннан кейін еркектері өліп қалады. Ұрғашылары адамның ішектерінде 3 айдан астам уақыт өмір сүреді. Жетілген ұрғашының жатырында 5000-нан 17000-ға дейін жұмыртқа жетіледі. Жұмыртқалар жетілген сайын жатыр керіліп, құрттың ішек қабырғасына жабысып тұру қабілеті бұзылады. Ішек перистальтикасы гельминттердің тік ішекке қарай тез жылжуына әсерін тигізеді. Белсенді қозғала отырып және тік ішектің қабырғасы бойымен жылжи отырып, ұрғашылар анальді тесік арқылы сыртқа шығады. Көбінесе бұл түнгі уақытта, яғни анальді сфинктер босансыған уақытта болады. Перианальді аймақтың ылғалды терісіне острицалар жұмыртқаларын салады, олар 3-4 сағаттан кейін инвазионды сатыға дейін дамып жетіледі. (№2 Слайд. Энтеробиоз қоздырғышының өмір циклы.)
Инвацияның жалғыз көзі – энтеробиозбен ауыратын науқас адам.Жиі энтеробиозбен инвазирленген адамның қолы арқылы зақымдалады. Тері бетіне және саусақтардың тырнағының астына острицалардың инвазионды дернәсілі бар жұмыртқалар қатты қышитын перианальді аймақты қасу нәтижесінде түседі. Острица жұмыртқалары іш киімге, төсек орынға, унитаз қабырғасына, басқа тұрмыс заттарына түседі.Жұмыртқалардың тез дамуына байланысты өзін-өзіне жұқтыру қаупі өте жоғары болады, және балаларда бұл өте жиі тіркеледі. Инвазионды жұмыртқа асқорыту трактісіне түскен кезде, одан дернәсіл шығып, ол 20-25 күннен кейін жыныстық жетілген күйге ауысады.
Патогенезі
Энтеробиоз кезінде острицалар науқас ағзасына және ішектің шырышты қабатына токсико-аллергиялық және механикалық әсер көрсетеді. Острицалардың өмір сүруінің нәтижесінде түзілген өнімдер, түрлі ферменттер ішектің шырышты қабатының, тіпті шырыш асты қабатының ұлпасын бұзып түрлі іздер, жолдар түзілуі мүмкін, ал бұл іздерге тек қана острицалар ғана емес, сонымен қатар патогенді бактериялар да енуі мүмкін. Қыз балаларда острицалар миграция кезінде сыртқы жыныс мүшелеріне, зәр шығарушы жолдарға еніп, вульвагинит, уретрит туындатуы мүмкін.
Жұқтыру факторлары :
Жұмыртқа төсек киім тағам
Ойыншақ ыдыстар
Шыбын.
Тағам және тұрмыстық жанасу.
Клиникасы
Энтеробиоз кезіндегі басты симптом перианальді аймақтағы қышу сезімі болып табылады. Қышу сезімі сыртқа шығып отырған гельминттердің шырышты қабатты тітіркендіруі нәтижесінде және острицалардың өмір сүруі барысында түзілген қалдық өнімдердің аллергиялық әсері нәтижесінде пайда болады. Қышу сезімі кешкі және түнгі уақытта пайда болады. Науқас қозғыш болады, оның ұйқысы бұзылады, бастың ауруы пайда болады, әр түрлі невротикалық реакциялар дамып, есте сақтау қабілеті төмендейді, ойлау қабілеті және физикалық жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Жоғарыда аталған симптомдармен бірге іштің төменгі аймағында болатын ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, сирек жағдайларда диарея болады. 3-4 күннен кейін жоғарыда аталған симптомдар жоғалып, 2-3 аптадан кейін қайтадан пайда болады. Острицалардың көптеп шығуы дене қызуы көтерілген кезде, кейбір антибиотиктерді қолданған кезде, күнделікті өмірде көп қолданбайтын ерекше тағамдарды көп мөлшерде қолданған кезде (апельсин, мандарин, лимон) байқалады.Бұрынғы уақытта энтеробиозбен инвазиялану интенсивтілігі өте жоғары болған. Мысал үшін, 1923ж. В.П.Подьяпольская деген дәрігер қайтыс болған баланың ағзасынан 2751 острицаны анықтаған. Қазіргі уақытта инвазия интенсивтілігі 50-100 гельминттен аспайды.
Диогностика :
Паразитологиялық зерттеу перианальды қырғыстан қырынды алу – 3 рет аралығы 2 3 күн.
Контагнозды гельминтоздармен ауырғандарды емдеу.
Балалар ұжымындағы топтарданбір рет тексерілген острицамен анықталған адамдар саны 15% және одан жоғары болған жағдайда топтың барлық балалары мен қызметкерлері емдеуге жатады.
Контагнозды гельминтоздарды алдын алу: Негізгі шаралар инфекциялық ауруларды анықтау мен емдеу және санитарлық индетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі балаларға білім беру ұйымдарында, мектеп интернаттары мен балалар үйлерінде жеке және қоғамдық гигиенаның сақталуына бағытталған іс шаралар кешені орындалу тиіс.
Гельминтоздарға зертханалық диагноз қою әдістері.
Зертханалық зерттеулер науқастың нәжісінде дуоденальдық сұйықтығына, қақырығында, несебінде, қанында, терісінде, бұлшық ет және дәнекер тіндерінде олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын дәлнәсілдерін іздеп табуға бағытталған.
Нәжісті копрологиялық зерттеу: ең кең таралған әдіс болып табылады. Үйткені гельминттердің көпшілігі адамдардың ішек жолдарында паразиттік тіршілік етеді.
Санитарлық гельминтология
Тұрғын жерлерде сыртқы орта объектілерінің гельминттер жұмыртқалары және дәрнәсілдерімен ластану дәрежесін анықтау үшін зерттелінеді.
· Топырақ
· Ауыз суы
· Ашық қойма сулары
· Қалдық сулар
· Көкеніс және жемістер
· Тұрмыстық заттардан алынған шайындылар.
Санитарлық гельминтологияның міндеттері
1. Инвазияланған адам организмінен бөлініп щыққан гельминттер элементі түсетін сыртқы ортаны зерттеу.
2. Адамдарда гельминттердің берілу жолдарын анықтау
3. Сыртқы ортаны сұйықтыру арқылы гельмитоздармен күресу шараларын ұйымдастыру.
Гельминттердің жұмыртқаларымен дәрнәсілдерін зерттеу кезіндегі жалпы ережелер.
1- Жұмыртқаларды табу үшін микроскоптың кіші үлкейткішін қолданады.
2- Түссіз қабаты бар жұмыртқаларды жіберіп алмау үшін, көру айдынын шамалы күңгірттейді
3- Дайындалған препараттарды қабат әйнекшемен жауып зертеген тиімді.
4- Кору өрісінің ешқайсысын жіберіп алмау үшін, препаратты қатал түрде, өріс ретін сақтап қарайды.
5- Науқастың бірнеше паразиттермен инвазиялануын ескере отырып жұмыртқа құрылысының барлық бөліктеріне көңіл аударып қарап шығу қажет.
6- Егер зерттелінетін затта гельминттер жұмыртқасы табылмаса, апта өткен сөң қайталау керек.
Тест.
1. Гельминттер арасында ………. және ………. личинкаларды ажратады?
А) бауырлақ, асқазандық
Б) ішектік,ішектен тыс
С) өкпелік бүйректік
Д) паразиттік паразиттік емес
Е) арнайы және арнайы емес
2. Өмірлік циклы адамның қатысуынсыз аяқтала алмайтын гельминттер?
А) гельминтозооноздар
Б) гельминтоантропоноздар
С) гельминтология
Д) гельминтомия
Е) энтеробиотика
3. Жыныстық жетілген ұрғашы аскарида тәулігіне ….мың-ға жуық жұмыртқа шығарады.?
А) 100
Б)300
С)150
Д)240
Е)500
4. ……….қоздырғышы – острица, Enterobius Vermicularis (сөзбе сөз аударатын болсақ, «ащы ішекте өмір сүретін құрт»).?
А) аскаридоз
Б) тенниоз
С)тениархиноз
Д)энтеробиоз
Е)гельминолепидоз
5. ……..острицалар науқас ағзасына және ішектің шырышты қабатына токсико-аллергиялық және механикалық әсер көрсетеді. Острицалардың өмір сүруінің нәтижесінде түзілген өнімдер, түрлі ферменттер ішектің шырышты қабатының, тіпті шырыш асты қабатының ұлпасын бұзып түрлі іздер, жолдар түзілуі мүмкін ?
А) аскаридоз
Б) тенниоз
С)тениархиноз
Д)энтеробиоз
Е)гельминолепидоз
6. ………..кезіндегі басты симптом перианальді аймақтағы қышу сезімі болып табылады. Қышу сезімі сыртқа шығып отырған гельминттердің шырышты қабатты тітіркендіруі нәтижесінде және острицалардың өмір сүруі барысында түзілген қалдық өнімдердің аллергиялық әсері нәтижесінде пайда болады. Қышу сезімі кешкі және түнгі уақытта пайда болады?
А) аскаридоз
Б) тенниоз
С)тениархиноз
Д)энтеробиоз
Е)гельминолепидоз
7. Бұрынғы уақытта энтеробиозбен инвазиялану интенсивтілігі өте жоғары болған. Мысал үшін, 1923ж. ……… деген дәрігер қайтыс болған баланың ағзасынан 2751 острицаны анықтаған. Қазіргі уақытта инвазия интенсивтілігі 50-100 гельминттен аспайды.?
А) В.П.Подьяпольская
Б) И.Ф.Гамалея
С)М.И.Квиский
Д)С.Э.Крупин
Е)В.А.Леванов
8. Қоздырғышы – шошқа цепені Taenia solium, құрылысы бойынша сиыр цепеніне ұқсас болып келеді, бірақ оның ұзындығы 1,5-2м ғана, ал мүшелер саны 800-ден 1000-ға дейін. Зақымдану көзі адам болып табылады.?
А) Бруцеллез
Б) гепатит
С) энтеробиоз
Д) тениоз
Е) гельминтоз
9. Ірі таспалы гельминт – жалпақ лентец – Diphyllobotrium latum тудырады. Ересек паразиттің ұзындығы 7-9м-ге дейін жетеді. Гельминт өзінің дамуы барысында 3 иені ауыстырады.?
А)гельминтоз
Б)энтеробиоз
С) тенниоз
Д) Дифиллоботриоз.
Е)аскаридоз
10. …… диагнозы перианальді қыру нәтижесінде гельминтты анықтау әдісіне немесе жабысқақ мөлдір лентаны қолдану әдісіне, сонымен қатар Рабинович (көз қалақшасына жағылған жабысқақ қабатпен жабыстыру ізін жасау) әдісіне негізделіп қойылады ?
А) аскаридоз
Б)дифиллоботроз
С)энтеробиоз
Д) тенниоз
Е)трихинеллез
11 . Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:
A) құртамыш
B) қантышқақ амебасы
C) безгек паразиті
D) трипоносома
E) лямблия
12. Егер тұқым тіршілігін жойса-
A) Тұқым терең егiлгені.
B) Топырақ тығыз болғаны.
C) Қоректiк зат жетiспегені.
D) Ауа, су жетiспегені.
E) Топырағы тығыз, ауа, су, қоректiк зат жетiспегені.
13. Ыстық елдерде ұйқы ауруын таратушы
A) Лямблия
B) Трипаносома
C) Лейшмания
D) Безгек
E) Құртамыш.
14 . Құтыруда берілу жолын көрсетіңіз
А)тағам арқылы
В)су арқылы
С)жануар тістегенде, сілекейі тигенде
Д)ауа-тамшылы
Е)ауа-шаңды
15. Сальмонеллездерге таралу тән
А)региональді
В)зональді
С)барлық жерде
Д)табиғи ошақтар
Е)синантропты ошақтар
16. Балалар ауруханасының медбикесінде кезекті дем алыстан кейін нәжісті бактериологиялық тексергенде сальмонеллалар анықталған. Оның жұмысы жайындағы сұрақты шешіңіз
А)жұмыстан шектемеу
В)кәсібін ауыстыру
С)науқастармен қатынаста болмайтын жұмысқа уақытша ауыстыру
Д)бактериологиялық тексеруді қайталамау
Е)вакциндеу
17. 30 жастағы инженер, жедел ауырды. Емхана дәрігерінің диагнозы “жедел дизентерия”, стационарда сальмонеллез бактериологиялық тексеру арқылы дәлелдеген. Эпидемиологиялық анамнез: ауырар алдында туыстарында қарым-қатынаста болып, салат, торт, қуырылған қаз етін жеген. Қарым-қатынастағылар және үй иелері арасында 5 адамда осындай симптомдар пайда болған. Осы ошақта өткізілетін эпидемияға қарсы шараларды көрсетіңіз
А)ошақта дезинсекция жасау
В)барлық ауруларды госпитализациялау
С)ағымды дезинфекция жүргізу
Д)камералық дезинфекция жүргізу
Е)барлық қатынастағыларға жедел профилактика жүргізу.
18. Эпидемиологиялық қадағалау – бұл жүйе
А)медициналық көмек
В)ошақтағы эпидемияға қарсы шаралар
С)эпидемиялық процесті бақылау, талдау және болжау
Д)тұрғындарды эпидемияға қарсы шаралар
Е)эпидемиялық ошақтарды тексеру
19. Қала ауданында, қазан айында көп мөлшерде егеуқұйрықтар пайда болды. МСҚБ дез. бөлімінің лабораториясына 5 өлген егеуқұйрық жеткізілген және 10 тірі егеуқұйрық ұсталынған. Лабораторияда 2 өлген егеуқұйрықтан туляремия қоздырғышын бөлген. Инфекция көзіне бағытталған эпидеияға қарсы шараларды тағайындаңыз
А)дератизация
В)дезинфекция
С)дезинсекция
Д)халыққа иммунизация
Е)жедел профилактика.
20. Госпитальды сальмонеллездегі қоздырғыш көзін көрсет
А)сау тасымалдааушы
В)ауру адам
С)кенелер
Д)созылмалы тасымалдаушы
Е)жануарлар
Date: 2021-07-01; view: 1950; Нарушение авторских прав
§

Табиғатта кездесетін жұқпалы инфекциялық аурылардың басым түрі жануарлар арқылы адамдарға тарайды.Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.
Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі.
Инфекциялық ауруды таратушылар 2 топқа бөлінеді:
· Механикалық немесе арнайы емес таратушылар
· Арнайы немесе биологиялық таратушылар
Механикалық таратушылар инфекциялық аурудың қоздырғыштарын ауыз аппаратымен,түмсығымен немесе сыртқы қабаттарымен таратады және ішекке енуі де мүмкін.Бұл қоздырғыштар жәндіктердің денесінде даму кезеңін өтпейді,көбеймейді.Механикалық таратушыларға құмырсқа,тарақан,сона,шыбын,шіркейлер жатады
Биологиялық немесе арнайы таратушылардың денесінде қоздырғыштар белгілі бір даму кезеңін өткізеді,көбейеді.
Арнайы таратушылар қоздырғыштарды 2 әдіспен жұқтырады:
· Инокуляция әдісі
· Контаминация әдісі
Инокуляция әдісінде қоздырғыштар тасымалдаушының қан жүйесіне қан сору арқылы түсіп,жұғады.Инокуляция әдісімен кененің шағуы арқылы кенелік энцефалит,Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары таралады.
Контаминация әдісінде қоздырғыштар жәндіктердің нәжісімен адамның сыртқы терісіне түседі,шағу кезінде зақымдалған тері арқылы адамның денесіне түседі.Бұл әдіспен бүрге арқылы оба аруы,бит арқылы бөртпе сүзегі таралады.
Трансмиссивті инфекциялар әсіресе көктем,жаз мезгілінде көп таралады.Бұл ауруларды таратушы уынаяқтылардың зиянды және пайдалы түрлері бар.
Медициналық маңызы бар буынаяқтылар 2 класқа бөлінеді:
I-Өрмекшітәрізділер топтамасы:
1.Шаяндар отряды,
2.Өрмекшілер отряды
3.Кенелер отряды
II-Жәндіктер класы:
1.Тарақандар отряды
2.Биттер отряды
3.Бүргелер отряды
4.Қандалалар отряды
5.Қосқанаттылар отряды
Date: 2021-07-01; view: 1140; Нарушение авторских прав
§

Өрмекшітәрізділер (Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. Жер шарында кең тараған, 10-нан астам отряды, 60 мыңға жуық түрі бар.
Сарышаяндардың (Scorpiones отряды) 1500-дей түрі бар.Адамға ең қауіптісі тропикалық түрлері.Сарышаяндар Орта Азия,Кавказ,Қырым және Қазақстанның Оңтүстігінде кездеседі. Сарышаяндар шөлейт жерлерде,ескі қыстақтарда мекендейді. Киім, төсектерге,үй ішіне кіріп, түнгі мезгілдерде шағады.
Клиникасы.Сарышаян шаққан кезде адам қатты ауырып,тырыса бастайды.Шаққан жері ісіп,тіпті өліеттену байқалады.Жалпы улану белгілері:бас айналу,бас ауыру,құсу,ентігу,әлсіздік,адинамия,жүрек соғуы байқалады.Ауыр жағдайда жүйке жүйесіне әсер етіп:есі бұлыңғырланып,аяқ қолы тартылады.Тіпті кейбір кезде жүрек жетіпеушілігі болуы мүмкін.
Емі.Алғашқы көмек ,уы жайылған жерді тығыз таңып,шаққан жерге суық ұстап,новокаин егіп анальгетик беру керек (наркотик салуға болмайды).Дезинтокцикациялық емдеу,аяқ қолдың тартылуын емдеу,ауруды сездірмейтін дәрілер қолдану.
Өрмекшілер (Araneі). 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдасы, 400-ден астам түрі кездеседі. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған.
Қарақұрт (лат. Lathrodectus tredecimguttatus) – улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде елімге дейін жеткізеді Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті.
Клиникасы. Қарақұрт шаққанда орны қатты ауырады, ауырғаны бүкіл денеге тарап, аяқ тартылады. Адамның басы ауырады, жүрегі жиі соғып, ентігеді, тілі күрмеледі, құсады, терлейді, сандырақтайды, есінен танады. Тіпті өліп кетуі мүмкін.
Емі. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Бүйі (Lycosa sіngorіensіs) – өрмекшілер отрядының бүйі туысына жататын ірі өрмекші. Қазақстанның Шөл-шөлейтті, далалы аймақтарында кең тараған, әсіресе, ылғалы мол өзен-көл жағалауларында жиі кездеседі. Дене тұрқы 25 – 35 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңде 50 – 70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін, көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Клиникасы. Бүйі шаққанда бірден білінеді.Шаққан жері ісіп,некроздалып бүкіл денеге тарайды. Адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін.Мұндай ауруды «тарантизм» деп те атайды.
Емі.Тері астына,ауыр жағдайда көк тамырға қарақұрттың уына сарысу енгізіледі.Жүрекке қолданылатын дәрілер көктамырға жіберіледі.
Date: 2021-07-01; view: 1447; Нарушение авторских прав
§

Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.
Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.
Эпидемиологиялық тұрғыда маңызды кенелер:иксод кенелері (Ixodes persulcatus),жайылым кенелері (Ixodes dermacentor), аргас және гамаз кенелері.
Даму кезеңдері:жұмыртқа-дернәсіл-нимфа-кене
Кенелер – дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.Нимфа (гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді) – қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады
Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру – энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады.Табиғатта тайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы – тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи қордалы деп аталады.
Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салала академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты.
Қышыма кене.Адам үшін қышыма кене – өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2-0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесінде жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырлан мазасызданіп, арып-талып, әлсірейді. Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы ем дейді.
Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе – бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе – екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе – үш иелі кенелер тобына жатады.
«Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды.Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады, сондықтан кенелерді кездестірген жайылымнан малды 9 айдай кенесіз басқа табынға ауыстырса, мал пироплазмозбен ауырмайтын болады.
Date: 2021-07-01; view: 3848; Нарушение авторских прав
§

Акариформдық кенелер.Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады.
Қамба кенесі.Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе -қамба кененің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелерқұстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауықта) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі.
Алма кенесі – тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 – 9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2 – 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады. Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі – өрмеккене. Мөлшері 0,2-1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяқтарында өрмек бездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген өсімдік солады. ұрықтанған аналық кенелер қыркүйек – қараша айларында қыстамаға жатады. Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
Қансорғыш кенелер (Ixodіdae) – өрмекшітәрізділер класы, кенелер отрядына жататын тұқымдас. Жер шарында кең тараған мыңға жуық түрі белгілі (соның ішінде ең үлкен маңызы бар топ – Ixodes туысы). Қансорғыш кенелер – ең ірі кене, әсіресе, қанға тойып алғанда дене тұрқы үлкейіп 10 – 15 мм-ге, кейбіреулері 20 мм-ге дейін жетеді, аш кезінде 3 – 5 мм. Буынаяқтылардан айырмашылығы – денесі бас, көкірек және құрсақ болып буындарға бөлінбеген. Қансорғыш кенелер аналығының дене тұрқы аталығынан үлкен. Бұлар негізінен ашық далалық аймақтарда, мал жайылатын жерлерде тіршілік етеді. Ересек қансорғыш кенелер ірі жануарлардың (тұяқтылар, жыртқыштар) қанын, ал дернәсілдері – кеміргіштердің, жәндікқоректілердің, ұсақ жыртқыштардың, құстардың қанын сорады. Қансорғыш кенелер аштыққа өте шыдамды, әдетте, бірнеше айға, кейде тіпті 2 жылға дейін шыдайды. Қансорғыш кенелер жылына бір рет көбейеді. Өсімталдығы өте жоғары. Аналығы бір рет жұмыртқа (15 – 18 мыңдай) салады да, өзі өліп қалады. Қансорғыш кенелер – сарып, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, оба, гемоспоридиоз, т.б. ауруларды таратушылар. Олар ауру қоздырғыштарын (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден, жәндікқоректілерден, құстардан, жабайы жануарлардан өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққанда жұқтырады. Бұдан адам және мал көп зиян шегеді. Мысалы, Қансорғыш кенелер шаққан малдың салмағы төмендеп, сүт беруі азаяды. Қансорғыш кенелердің ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және Ixodes rіcіnus – кене энцефалиті ауруын таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, сұр тышқанда және құстарда кездеседі. Ал Dermacentor pіctus және Hyalomma – туляремия, қырым геморрагиялық қызбасының таратушылары
Date: 2021-07-01; view: 1948; Нарушение авторских прав
§

Кенелермен күресу шаралары 4 бағытта жасалады:
1.Көп жылдық егістік жерлерді дамыту.
2.Кеміргіштерді жою-дератизация
3.Жануарларды акрацидтік препараттармен өңдеу-дезинцекция
4.Адам тұратын жерлерді өңдеу.
Адамдар арасында кене шағуымен байланысты аурулар тіркелсе,ол аймақтарды гексахлоран,карбофос,трихлофос дустымен немесе суспензия,эмульсиясымен немесе аэрозольдармен залалсыздайды.Өңдеу ерте кқктемде жүргізіледі.Өңдеуден соң 20-25 күнге дейін мал жаюға болмайды.Жергілікті жер қолайлы болса өртеуге де болады.Үлкен аймақтарды ұшақпен өңдейді.Жануарлардағы кенелерді жою үшін 6 % гексохлоран дусты,1% карбофос немесе хлорофос эмульсиясын қолданады.
Кенелерден сақтану шаралары:
1.Арнайы сақтандыру киімін кию қажет.Киім кең болмауы,балағы байланатын болу керек. Қара түсті киім болмайды,себебі кенелер көрінбей қалуы мүмкін.
2.Репеленттерді киімге,теріге жағу,акрацидтік препарпттар қолдану.
3.Әр 10-15 мин. сайын кенеге өз-өзін тексеру.
4.Жұмыстан соң киімдерді мұқият тексеру
5.Дем алыс орындарын,лагерлерді кенеге тексеру және мал жайылымдарынан қашықта орналастыру.
6.Жиналған кенелерді керосин құйылған банкаға салып,өртеу.Қатты жабысқан кенелерді май немесе вазелин жағып алу және орнын йод немесе спиртпен өңдеу.
Кенелерді жинау әдістері:
· Жалау әдісі
· Сүйрету әдісі
· Жіп немесе ұршық әдісі
· Ерлеу әдісі
1.Жалау әдісі ақ түті матадан 80х40см жалау жасалады.Жалауды ұзын таяққа байлайды да шуақты күндері кенелерді жинау басталады.Жалаумен шөптердің,өсімдіктердің үстінен оңға солға сипап жиналады.Әр 7-10 қадамнан соң жалау тексеріледі.
2.Сүйрету әдісі сүйрегіш ретінде 50х100см жұмсақ мата қолданылады,матаның екі шетінен жіп байлайды.Сүйрегішпен шөптің үстінен сүйреп өтеді және әр 20-25 қадамнан соң тексеріледі.
3.Кеміргіштердің індерінен кенелер қалың жіп,арқан қою арқылы жиналады.
4.Елеу әдісінде жиналған топырақ,құмды електеп,жиналған кенелерді тексереді.
Date: 2021-07-01; view: 1711; Нарушение авторских прав
§

Жәндіктер, немесе бұнақденелер немесе шыбын-шіркейлер (лат. Insecta) – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1,5 – 2 млн. түрі болуы мүмкін). Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер).
Медициналық маңызды жәндіктер 4 топқа бөлінеді:
1.Паразиттік емес синантропты түрлері
2.Уақытша қан соратын экзопаразиттер
3.Тұрақты қан соратын паразиттер
4.Тіндік және іш қуысындағы паразиттер
Адам денсаулығына зиян келтіретін жәндіктер экзопаразиттер деп аталады. Оларға:бит,бүрге,қандала,тарақандар жатады.
Паразитті емес синантропты жәндіктер түрлері адамдар мекендейтін орталарда маусымдық табиғат өзгерісіне өзгеріссіз мекендейді.
Тарақандар отряды (Blattodea)
Тарақан. Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндіз еден мен қабырғалардың саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағашқа ры на, плйталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады. Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Ішкі мүшелердің жалпы орналасу тәртібі өзен шаянына ұқсас, бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Тарақандар-дара жынысты бунақденелі жәндік. Аталығының көбею мүшесі- қосалқы бездері бар екі кішкене аталықбез, ал аналығында жұмыртқа қалыптасып, пісіп жетілетін екі аналықбез болады
Күресу әдістері. Тарақанмен күресу үшін олар жұмыртқа салатын барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бекітіл, күн сайын тамақ қалдықтарын жинап, азық-түліктің бетін жауып, бекітіл қою керек. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары, сұйық дәрілер «Дибром», «Метасил», «Хлороль», сондай-ақ аэрозольды препараттар «Неофос», «Прима— 71». Тұрғын, қызмет ететін қоғамдық және қосалқы үйлердегі тарақандарды жою үшін арнайы тұтқыштар шығарылады. Қорапқа 5 картон «үйшіктер», жабысқақ масса жағылған туба және қалақша орнатылады. «Үйшіктің» ішіне шақыртқы жем тастайды. Сондай-ақ бормен немесе бор қышқылымен уландырылған шақыртқы жем тастау да кең таралған. Бураны бірдей мөлшерде ұнмен және құмшекермен араластырған жөн (Бурамақаласын қараңыз). Бор қышқылынан да қоспа дайындауға болады: 1 бөлігі бор қышқылы және 7 бөлігі су. Шақыртқы жемді раковина астына, қалдықтар салатын шелек маңына, ас үйдің бұрыштарына шашып тастайды, үш күннен соң оны жинап алып тастау керек.
Date: 2021-07-01; view: 1644; Нарушение авторских прав
§

Инсектицидтермен жұмыс істеген кезде сақ болып, тиісті нұсқауларды қатаң басшылыққа алып отыру қажет. Дезинсекциялау алдында бөлмедегі азық-түлікті, ыдыс-аяқты, балығы бар аквариумды, құстар мен үй хайуайдарын шығара тұру керек. Мұрын мен ауызға дәкеден жасалған таңғыш немесе 4 қабатталған дәке байлап алады. Дәріні насекомдар көп жүретін немесе ұя салған жерлерге себеді (плинтустар, қуыстар, мебель, қабырғалар-дағы саңлау, су құбырларының жолдары, батареялардың арты, суға баратын барлық жолдар және т. б.). Дустты резеңке шашқыштың немесе арнайы жасалған сауыттың көмегімен бүрку керек, сұйық дәріні щеткамен, бояу бүріккішпен және т. б. шашады. Тазарту жұмысы аяқталған соң, беті-қ мұқият сабындан жуады, бөлмені желдетіп алады. Препараттарды тағамдардан алыс, балалар мен үй хайуанаттарынан аулақ сақтау керек.
Қандалалар топтамасы (Heteroptero)
Қандала(Hemіptera) – жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.
Суаршын қандалалар(лат. Gerridae) – қандалардың бірнеше тұқымдастары. Дене ұзындығы 1-34 мм. 700-дей түрлері белгілі – ТМД-да 40 астам түрі бар. Су бетінде-ылғалды мүкте – су жағалауларында мекендейді; Halobates туысының түрлері жиектен бірнеше шақырым қашыкгыкта – тропикалық және субтропикалық теңіздер мен мүхиттардың су бетінде тіршілік етеді.
Төсек қандаласы .Қандаланың бұл түрі қанмен қоректенеді. Бұлар жарты жылдан астам уақыт қорексіз тіршілік етуге төзетіндіктен, үй-жайды мекендеп, адамның қанын сорады. Бұл қандалалардың басқа сүтқоректілерде паразиттікпен тіршілік ететін түрлері бар. Олар жарқанаттың, шақшылдақтың, құстардың денесінде паразиттікпен тіршілік етеді.
Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі мебельдердің қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.
Date: 2021-07-01; view: 2946; Нарушение авторских прав
§

Бит (Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек битке айналады.
Шаш биттері.Аналық шаш биттерінің ұзындығы 2,5-3,5 мм,аталық бит 2,0-3,0 мм,бастың шашында өсіп көбейеді,көбіне самай,желке,төбе аймағында кездеседі.Әр 2-3 сағ. Қан сорады,аштыққа төзімсіз,температура 30С та бір тәуліктен соң өледі.
Киім биттері бас биттерінен ірілеу,аналық биттің ұзындығы 2,3-4,75 мм,аталық бит 2,1-3,7 мм.Киім биттері төсек пен киім қыртыстарына,тігіс жолдарына жұмыртқалайды.Аналық бит күніне 2-3 рет жұмыртқалайды.Құрғаққа,жоғары температураға төзімсіз.Науқас адамның дене қызуы көтерілсе басқа жерге қашып кетеді.
Шат биттеріөте майда болады,ұзындығы 1,3-1,6 мм.Шат,қас,кірпіктердің шаштарына, денеге қатты жабысып өмір сүреді.Аз қимылдайды,жабысқан жерінен ұзақ уақыт қан сорады.1 ай –өмір сүреді,денеден тыс жерде 10-12 күн өмір сүреді.
Date: 2021-07-01; view: 2276; Нарушение авторских прав
§

Бүргелер (лат. Aphaniptera) — жылықандылардың — құстар мен сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ паразит насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—12, дернәсіл түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі. Қос қанатты және катты қанаттыларга жақын. Ұзындығы 1-6 мм(еркектері ұргашыларынан үсақ) денесі бүйірінің екі жағынан сығымдалган шаш және жануарлар жүні мен құстар кауырсыны арасында жақсы козгалуға бейімделген. Екінші қайтара қанатсыздар. Көпшілік түрінде бір жүп қарапайым көздері бар(кейбіреулері көзсіз). Ауыз аппараты кесіп-тесіп-соруга бейімделген. Аяқтары әсіресе артқылары жақсы жетілген секіруге бейімделген. Толық өзгеріспен дамиды. Дернәсілдері құрт тәріздішіріген жануар қалдықтарымен қоректенеді. Піллэ ішінде куыршактанады. 3 жылға дейін өмір сүреді. 1000 түр белгілі, кең таралған. Бүрге адам және жылы канды жануардың сыртқы тоғышарлары оның ішінде адам бүргесі (Pulex irritans) ит бүргелер (Ctenocephalides canis) егеукүйрык бүргелер (Ceratophyllus fasciatus) алакүрт түрлері бар. Бүргелер оба егеуқұйрық бөртпе сүзек аурулар қоздырушыларын тасымалдап гельминттердін аралық иелері болып келеді
Адамның денесін шағатын жерлері– аяғы, балтыры, тобығы. Жәндіктің шаққан жері қатты қышиды, қасығаннан кейін ол жер іріңдейді. Олардың шаққаны масаның шаққанынан мүлдем бөлек, себебі жара оңай жазылмайды, шаққан жерінде ұзақ уақыт кішкентай тыртық қалады.
Жануарларда паразиттің болу белгісі – бүргенің шаққаны ауыртады, қатты қышиды және тері іседі. Жануарлар дуылдап қышыған жерін аяқтарымен қасиды, терісінен бүргені тісімен ұстап алады, сол кезде терісін тырнап жарақаттайды. Бүргесі бар иттер мен мысықтар қатты қиналады, әртүрлі ауыр өтетін ауруларды жұқтыру мүмкіншілігі арта түседі. Жануарларды емдеу– жануарлардың денесінен бүргені өлтіру үшін дус, ерітінділер, эмульсия, шампундар мен аэрозолдар түріндегі инсектицидтерді пайдаланады. Препараттарды таңдау кезінде оның қанша уақыт әсер ететіндігі, жануарларға зияны ескеріледі. Инсектицидтердің әсері тек түрі мен сапасына ғана емес жануардың терісіне мұқият жағуға да байланысты.
Қозғалысы – пәтерге бүргелер тасымалдаушыға жабысып (жануарларға, адамға), подъезден, жертөледен (саңылаулар арқылы) немесе көршілер (таракандар сияқты) арқылы кіруі мүмкін.Үй жануарлары паразитті көшеден басқа жануарлардан жұқтырып әкелуі мүмкін.
Бүргемен күресу жолдары. Жануарларда бүрге көбіне жүні қалың жерлерінде, олар құйрығында және аяғында (қолтық астында) болады. Бөлмеде бүрге 1 метр биіктікте тіршілік етуі мүмкін: әр түрлі заттарда, жұмсақ ойыншықтарда, саңылауларда, жиһаздарда, кілемдер мен паластарда, плинтус астында.
Іш киімді, жұмсақ ойыншықтарды, шәркейлерді және бүргелер қоныстанып алды деген заттарды ыстық сумен жуу керек, жастықты қағып екі-үші күнге күннің көзіне жайып қою қажет.
Инсектицидтерді таңдаған кезде құрамына қарау қажет. Хлорорганикалық қосынды жаәндіктерден жақсы қорғайды, бірақ олар адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің тіндерінде жиналатын қасиеті бар, бұл ағзаның улануына әкелуі мүмкін.
Еденді, плинтустарды 4-5 күн жумаған абзал. Бүргелер бір тәулік ішінде өледі, бірақ бірден құрып кетпейді, бұл қалыпты жағдай: 1-2 апта ішінде салған жұмыртқалардан бүргелер шығады. Өңделген қабатқа шығып олар да 1-2 тәулік ішінде өледі.Фосфорорганикалық қосынды мен карбонат онша улы емес, тұрмыста қолдануға болады («Дихлофос» құрамында осы заттар бар).Пиретрум мен пиретроидтардың да улы заттары ең аз деп есептеледі, оның әсері 5 айға дейін созылуы мүмкін.
Алдын-алу үшін инсектицидтер сіңірілген әртүрлі қарғыбаулар қолданылады.Ең бастысы қолданар алдында – дәке таңғыш таңу керек немесе мұрынды және ауызды сүлгімен жабу қажет, себебі пайдаланған зат тыныс алу жолына түссе ауа жетпей тұншығып, бас айналып, жүрек айнып, естен тану мүмкін.
Date: 2021-07-01; view: 8383; Нарушение авторских прав
§

Қансорғыш масалар (Culicidae) – қосқанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер. Дүние жүзінде кең тараған 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 100-ге жуық түрі бар. Денесінің ұзындығы 8 мм-дей. Денесі, кейде қанаттары да қабыршақпен қапталған. Ауыз қуысы соруға бейімделген, мөлшері басының ұзындығынан бірнеше есе артық болады. Аналықтары омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері негізінен суда және ағаштың жарықтарында дамиды, араларында планктондары да бар. Қансорғыш масалар – зиянды жәндіктер, олар көптеген жұқпалы ауру таратушы болып саналады; қараңыз Безгек масасы.Ұрғашы масалар омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері тоған суларда, су толған ағаш қуыстарында, қыста суға толған үй подвалдарында дамиды. Олардың кейбір түрлері жыртқыштар, немесе сүзгіштер, кейбіреулері өсімдік, басқа да судағы заттардың бетіндегі қарапайымдыларды қырып, қоректенеді. Қ.м. көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды. Орманды аймақтарда масаның ең қалың түрлері Aedes туысына жатады. ТМД кеңістігінде олардың 5 түрі белгілі.
Ғалымдардың зерттеуінше, масалар адамдарды төмендегі себептерге байланысты көбірек шағады:Қанымыздан ақуызды алу мақсатымен шағатындықтан, кейбір қан топтары дәмдірек болатыны таң қалдырмайды. Басқа қан топтарына қарағанда, бірінші қан тобындағы адамдар масаға көбірек таланады екен. Бұдан кейінгі орында үшінші топтағылар тұр.
85 пайыз адамдар қаны туралы масаларға мәлімет берсе, 15 пайызы олай жасамайды. Мұнымен қатар масалар өз құрбандарын тыныс алған кезде бөлініп шығатын көмірқышқыл газы арқылы іздеп табады. Ауыз қуысының ерекше құрылысының арқасында көмірқышқыл газын 50 метр жерден сезеді. Балалар көмірқышқыл газын үлкендерден аз мөлшерде талап ететіндіктен масалардың назарына ілікпей азырақ таланады. Және көмірқышқыл газына қоса сүт қышқылы, аммиак, несеп қышқылы және өзге де термен қоса шығатын заттектердің арқасында шағуға болатын адамдарды тез табады. Оларды температурасы жоғары адамдар қызықтырады. Сол себепті физикалық жаттығулар жасайтын адам ағзасындағы сүт қышқылының мөлшерін арттырып, массаларды өзіне тарта түседі.
Ғалымдардың анықтауынша, масалар шағуына терідегі бактериялар да әсер етеді. Бактериялар аз орналасқан жерлерге жоламайтыны да қызық. Олар үнемі тобықтың айналасын, балтырдың төменгі жағын шағатындарын осымен түсіндіруге болады.Масалар иіс сезу мүшелерімен қатар көру мүшелерін де жақсы пайдаланады. Егер қара, көк, қызыл киімдер киіп жүрген болсаңыз, олар сізді бірден тауып алады. Бұл тұжырымдаманы енгізген Флорида университетінің энтомологі Джеймс Дэй (James Day).
Масалар шақпас үшін:
– Жәндіктер насыбайгүл, эвкалипт, қалампыр, бәден өсімдіктерінің иісінен қашады. Осылардың майын денеңізге жағып қойсаңыз масалар жоламайды.
– Бөлме ішіне насыбайгүл мен мойыл жапырақтарын турап қойсаңыз болады.
– Түтіннің иісін жеккөреді. Сол себепті жатар алдында бөлмеге арша жақсаңыз болады.
Масалаларды жою үшін:
Бөлмелерде қанатталған масаларды жою үшін 3,6 мл «Фуфанон-супер» дәрілік заты 996,5 мл суда езіледі. Масалар қонған жерлерді жақсы желдететін бөлмелерде дәрілік затпен ішінара суландырады, сондай-ақ құрылыстың сыртқы қабырғаларын жұмсалу нормасы сұйықтықтың сіңбеуіне 50 мл/м2 (шыны, кафель) және сіңуіне байланысты 100 мл/м2 құрайды.
Масалардың личинкаларын жою үшін 1,5 мл «Фуфанон-супер» дәрілік затын 998,5 мл суда езу қажет. Дәрілік зат балық шаруашылық бағытындағы және қала суаттарының су айдындарының беттерін өңдеу біркелкі жүргізіледі:200 мл/м2 сұйықтықтың жұмсау нормасында тұрғын үйлердің төлелерінде, ағынды суларда, өрт сыйымдылықтарында қайта өңдеуді масалардың 2-3 жастағы личинкалары пайда болғанда энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Шыбын, қысқамұрттылар (Brachycera) – қосқанаттылардың бір отряд тармағы. Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады.
Негізгі тұқымдастары:
- сона
- кірпішыбындар
- бөгелек
- нағыз шыбындар
- ызылдақ шыбындар
- өлексе шыбындар
- барылдақ шыбындар
- астық шыбындар
- гүл шыбындары
- қансорғыштар
Шыбын— көптеген жұқпалы ауруларды — дизентерия, асқазан сүзегін, полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай-ақ олар ішек-қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл бойына (жылы үй-жайларда) өсіп-өнгіш келеді.
Бөлме шыбындары (Musca dosmestica).Барлық тұрғын жерлерде,дүкен,асхана,мал қорларында таралады.Сұр түсті,денесіндегі 4 сызықтары анық көрінеді.Ауыз аппараты жалап-сорғуға бейімделген,сұйық заттарды сорады,тұмсығымен құрғақ заттарды жалайды, сілекей арқылы оларды ылғалдайды.Аналық шыбындары шіріген өсімдіктер мен жануар қалдықтарына,тамақ қалдықтарына,қоқыстар үйілген жерлерге,шіріген заттарға,адам нәжісіне жұмыртқалайды.
Шыбындар 1 ай өмір сүреді,500-600 ге дейін жұмыртқалайды,көктемде температура 10 С градустан жоғары болғанда белсенді болады.Бөлме шыбындары 3-5 км дейін ұшады.
Үй шыбыны.Muscina stabulans.Үй шыбындары бөлме шыбынынан үлкендеу,сарғыш түсті. Барлық жерде,әсіресе ауылды жерлерде көп таралады.Малдың қиына,көңге,әжетханаларға жұмыртқалайды.Адамның тұрғын бөлмелеріне ұшып кіреді,тамақ қалдықтарына,ет,балық, сүт өнімдеріне жұмыртқалайды.
Көк ет шыбыны Calliphora.Көк ет шыбындары тұрғын жерлерде және жабайы табиғатта кездеседі.Денесі көк түсті,көлемі ірі.Өлік малда, ет қалдықтарында ,нәжістерде жұмыртқалайды.Кейде ашық жарақаттанған жерге жұмыртқалайды.Тамақ қалдықтарымен ішекке түссе миаздарын тудырады.
Күздік күйдіргі шыбыны (жигалка)- қансорғыш шыбын,жануарлардың,адамның қанымен қоректктенеді,шаққаны өте ауыр, қышиді.Көбіне мал қорларында мекендейді.Ұзындығы 5-6 см,сұр-қоңыр түсті,кеуде бөлігінде ұзыннан түскен 4 қара жолағы,құрсағының жоғары жағында қара дақтары барТамыз,қыркүйек айларында саны күрт көбейеді,күйдіргі, туляремия, іріңді инфекцияларды таратады.
Шыбындарға қарсы күрес шаралары. Шыбынға қарсы күрестің ең басты шарты — тазалық. Үй-жайларда шыбынның өсіп-өнуіне жол бермеу үшін ас-судың бетін жауып ұстау, ас үйдегі тамақ қоқымын қақпағы жабылатын шелекке жинау, оны күнделікті төгіп, ыдысын жуып тұру, ауладағы қоқыс-қалдықтарды қақпағы жақсы жабылатын темір ыдысқа не жабық жәшіктерге жинау керек. Мал немесе құс ұстаған жағдайда қора-қоп сының таза болуын қадағалау; көңді уақытында шығарып, мал жеміне деген қалдықтарды жабық ыдыста сақтау қажет. Шыбын құрттарын жою үшін қоқыс салатын жәшіктердің астын, маңайын 10 күнде бір рет карбол қышқылымен (1 шаршы метрге 1,5 л есеппен) немесе хлорофостың суға еріткен 3%-тік ерітіндісімен дәрілейді. Дәретханалар мен жуынды төгетін шұңқырлы ардағы шыбын құрттарын жою үшін олардың үстіне құрғақ хлорлы әк —1 шаршы метге 1 кг немесе хлорофостың суға еріткен 3%-тік ерітіндісін себу керек. Шыбын құрттарына қарсы «Тролен» пайдаланылады. Шыбынға қарсы хлорофос таблеткаларын немесе оның ұнтағын пайдалануға болады. Таблетканы немесе оның ұнтағын табақшаға салады да, 1 ас қасық су құнды (аздап құмшекер қосуға болады). Кеуіл қалмау үшін су құйып тұру керек. Таблетка немесе оның ұнтағы 10—12 күнге дейін күшін жоймайды.
Шыбынға қарсы «Мухолов» деп аталатын жабысқақ қағаз, сондай-ақ сықпа түрінде шығарылатын «Мухолов» және «Муксид» сияқты жабысқақ массалар қолданылады. Сықпаның ішіндегісін сығын, бір бет қағазға жұқалап жанды да, шыбын жиналатын жерлерге қояды. Шыбынға қарсы сондай-ақ аэрозольді «Нефос» және «Дихлофос» препараттарын, «Неопин» дустын да пайда- лан ады. Бұлардың адамға және жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Үй-жайларға шыбын кіргізбес үшін терезеге көзі тар сым тор не дәке керіп шегелеуге, ал желдеткіштерге таспалан тілінген қағаздан қорғаныш перде ұстауға болады
Вольфарт шыбыны (Calliphoridae) – саркофагид тұқымдасының шыбыны.
Денесі 9-14 мм түсі – күлгін-сұрғылт, мұрттары мен аяқтары қара. Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Орталық және Солтүстік Азияда таралған. Шыбын табиғатта өсімдіктерде – өлекселерде кездеседі, қора-жайға жоламайды. Тірі табатын шыбындар. Ұрғашылары ұзындығы 1 мм. 120-200 балаңқұрттарын жануарлар, кейде адамның дене жарақаттарына (құлағына, көзіне, аузына, танау тесігіне( салады. Балаңқұрттар бұл жерден маңдай, мұрын қуыстарына еніп өте ауыр миаз ауруын туғызады. Балаңқұрттар дамуын 3-5 тәулікте аяқтап (18 мм дейін жетеді) жерге түсіп қуыршақтанады. Бір жылда 6 рет тұқым береді. Көбінесе миазбен төл аурады. Зақымданған жануар жарасында жүзге тақау балаңқұрт болуы мүмкін. Әлсіреген жануарлар миаздан кейде өледі.
Шіркей (Sіmulііdae) – қосқанатты қансорғыш жәндіктердің тұқымдасы (қ. Қосқанаттылар). Жер шарында кең тараған, 1000-нан астам түрі белгілі. Дене тұрқы 2 – 4 мм, Шіркейдің көпшілік түрінің аналықтары – құстар мен сүтқоректілердің қансорғыштары. Аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Дернәсілдері ағын суларда субстратқа бекініп, тіршілік етеді. Қуыршықтарының бір бөлігі пілләмен оралған. Ересек шіркейлер судан тыс тіршілік етеді. Негізінен таңертең, ымыртта ұшып, осы кезде адамдарды шағады. Сілекейі улы. Шіркейлердің шаққанда жергілікті (папулалар, ісіктер, тағы басқа) және жалпы (гиперемия, дене температурасы көтеріледі, тағы басқа) реакциялар пайда болады. Бұлар адам киімінің астына, көзге, құлаққа кіріп кетеді. Кейбір түрлері адамда және сиырларда, бұғыларда – онхоцеркоз; құстарда – гемоспоридиоз; сондай-ақ туляремия және түйнеме ауруларының қоздырғыштарын таратады.
Москиттер-майда ұшатын қансорғыш жәндіктер ,дене ұзындығы 5-3 мм,сары немесе қоңыр түсті, көздері қара,үлкен.Денесінде майда қара түктері бар,сондықтан үлкендеу болып көрінеді.Қанаттары тар үшкір.Қанды тек қана аналық түрі кешке және түнде сорады.1 айға жуық өмір сүреді,2-3 рет жұмыртқалайды.Даму кезеңдері:жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-ересек москит.Москиттер лейшманиоз,флеботомды қызба ауруларының қоздырғыштарын таратады.
Москиттермен күресу шаралары:
1. Дезинсекция-күндіз тығылатын,көбейетін жерлерінде жою
2. Терезе,есікті торлау
3. Репеленттер қолдану.
Шіркейлерді жинау әдістері.Жинау үшін пробирка,эксгаустер,жабысқақ қағаз қолданылады.Шіркейлердің таралу мезгілін анықтау үшін 10 күнде 1 рет жинау қажет. Тұрғын үй,елді мекендерді жинау үшін бір қораға 10 жабысқақ қағаз қойылады:4- тұрғын бөлмеге,6-сарайға,мал қораға.
Табиғатта жинау үшін Петрищева әдісі қолданылады-кеміргіштер ішіне жабысқақ қағаз ілінеді.
Тест
1.Зардапты вирустар, микоплазмалар, хламидийлер, риккетсиялар, спирохеталар организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар?
a)асқазан жарасы
б)ісіктер
Date: 2021-07-01; view: 2806; Нарушение авторских прав
§

д)қабыну
е)сол аймақтың гипертрофиясы
2.Қоздырғыштар тасымалдаушының қан жүйесіне қан сору арқылы түсіп,жұғатын әдіс?
a)инокуляция әдісі
б)контаминация әдісі
с) трансмиссивті инфекциялар
д)механикалық әдіс
е)биологиялық әдіс
3. Қоздырғыштар жәндіктердің нәжісімен адамның сыртқы терісіне түсіп , шағу кезінде зақымдалған тері арқылы адамның денесіне түсу арқылы жұғатын әдіс?
a) инокуляция әдісі
Б)контаминация әдісі
с) трансмиссивті инфекциялар
д)механикалық әдіс
е)биологиялық әдіс
4.Арнайы емес таратушылардың екінші атауы?
a) ауа арқылы таратушылар
Б)механикалық таратушылар
с) биологиялық таратушылар
д)нәжіс арқылы таратушылар
е)топырақ арқылы таратушылар
5.Өрмекшітәрізділер топтамасының ішіндегі ОҚО,Орта Азия,Кавказ жерлерінде кездесетін қауіпті түрі?
a) өрмекшілер
б)бүйі
с) құс жегіштер
д)қарақұрттар
Е)сарышаяндар
6. Шаққан кезде адам қатты ауырып,тырысады және шаққан жері ісіп,тіпті өліеттену байқалады.Жалпы улану белгілері:бас айналу,бас ауыру, құсу, ентігу,әлсіздік,адинамия,жүрек соғуы байқалады.Бұл қай жәндік шаққан кезде?
a) өрмекшілер
б)бүйі
с) құс жегіштер
д)қарақұрттар
Е)сарышаяндар
7.Lathrodectusқай топ жәндігінің латынша атауы?
a) өрмекшілер
б)бүйі
с) құс жегіштер
Д)қарақұрттар
е)сарышаяндар
8. Шаяндар отряды,өрмекшілер отряды,кенелер отрядының жәндіктері қай класқа жатады?
a) қосқанаттылар класы
Б)өрмекшітәрізділер класы
с) құс жегіштер класы
д)кеміргіштер класы
е)сарышаяндар класы
9.Кенелердің даму кезеңі қандай?
А)жұмыртқа-дернәсіл-нимфа-кене
б)кене-нимфа-ересек кене
с) жұмыртқа- дернәсіл-кене
д) дернәсіл-нимфа-кене
е) жұмыртқа-дернәсіл-нимфа
10.Энцефалит ауруын жұқтыратын кененің ең қауіпті түрі?
А)тайга кенесі
б)иксод кенесі
с) қамба кенесі
д)аргас кенесі
е) гамаз кенесі
11.Қырым гемморагиялық қызбасын тасымалдайтын кене түрі?
а)тайга кенесі
б)иксод кенесі
Date: 2021-07-01; view: 869; Нарушение авторских прав
§

Ұсынылған оқулық үш бөлімнен,10 тараудан тұрады.
Бірінші бөлім үш тараудан тұрады: Бірінші тарауда эпидемиологиялық процесс сипаттамасы, оның құрамы қозғаушы күші сипатталған.
Екінші тарауда инфекциялық ауруларға иммунды алдын алу шаралары, иммунды биологиялық биологиялық препараттардың ерекшеліктерін, енгізу әдістерін, егулерді жүргізуді ұйымдастыруы берілген.
Үшінші тарауында инфекциялық ауруларды алдын алу және эпидемиясына қарсы шараларды ұйымдастыру барысында жүргізілетін дезинфекция, дезинсекция, дератизация, стерилизация үшін қолданылатын дезинфеканттар, инсектицидтер, ратицидтер медициналық ұйымдарда қолдану мөлшері есептелініп, пайыздармен және қондырғылар мен құралдарды сүреттеп көрсеткен.
Екінші бөлім төрт тараудан тұрады. Ішек, ауа тамшы инфекциясына және қан, сыртқы қабат инфекцияларына жеке тоқталып, эпидемиялық процесіне, патогенезіне, клиникасына, диагностикасына сипаттама берілген.
Үшінші бөлім үш тараудан тұрады: протозойлы инвазиялар, медициналық гельминтология, медициналық арахноэнтомалогия.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қорытындылай келе – инфекциялық аурулардан және шет елден әкелінетін аса қауіпті инфекциялардан елімізді санитарлық қорғау үшін, алдын-алу мақсатында жүргізілетін ең ау тиімді іс-шаралар жан-жақты қамтылған.
ТЕСТ тапсырмаларының жауаптары
1 А | А | Е | А | В | А | С | А | Б | С |
2 Б | В | А | Д | Д | А | А | С | Б | А |
3 А | С | Д | Г | А | А | А | А | Д | Б |
4 Г | В | А | А | Д | Г | А | А | Д | Б |
5 Д | А | А | Г | А | В | В | Д | Д | Е |
6 Б | Д | В | В | Е | В | С | В | Д | Е |
7 А | Е | С | Г | А | Б | Е | В | А | Д |
8 Б | С | Д | А | В | Г | Е | А | Д | Б |
9 В | А | С | В | А | А | А | Д | Д | А |
10 А | В | С | Б | А | А | А | А | С | А |
11 А | С | Е | А | В | А | А | А | С | С |
12 Д | С | А | В | Е | А | С | В | Е | Е |
13Б | Е | Е | В | А | В | В | А | В | А |
14 В | Д | Е | А | С | Б | Е | Д | С | А |
15 В | Д | А | Б | С | А | В | А | С | Е |
16Д | А | В | Б | В | А | А | С | С | С |
17 Б | Е | С | А | А | А | А | А | А | Б |
18 В | А | Д | А | А | А | А | Е | В | Д |
19 Б | Д | А | Д | Д | А | Е | В | С | Д |
20 А | В | Е | В | Е | Б | А | В | В | Е |
Date: 2021-07-01; view: 663; Нарушение авторских прав
Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алуды бақылау шаралары мен қауіпсіздікті сақтау ережелері
С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: Тесты-5-курс-ВОП-каз.doc.
Показать все связанные файлы
Подборка по базе: ДОГОВОР 2 Медицинский.docx, Совершенствование социально-экономических отношений казахстанско, Терминологический медицинский словарь.pdf, Карагандинский государственный медицинский университет.docx, Отчет КГКП Медицинский колледж г.Балхаш.pptx, 2 медицинский, ПЕДИАТРИЯ, ссылки преподавателей для групп.doc, Крок-1 I-IV Медицинский ф-т.docx, Федеральное государственное автономное образовательное учреждени, Карагандинский Медицинский Университет.pptx, В данном тексте российский писатель.docx
Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алуды бақылау шаралары мен қауіпсіздікті сақтау ережелері
АІИ алдын алудың негізгі жолы –инфекция тізбегін жою
(эпидемиологиялық процесстің әрбір тармақтарына әсер ету)
Инфекция тізбегін бұзу әдістері.
АІИ –ға тиімді бақылау жүргізу (инфекциялық қадағалау).
Инфекция көзін аулақтандыру, ауруханаға жатқызу.(оңашалау)
Инфекция қоздырғыштарын жою (дезинфекция және стерилизация).
Таралу жолдарын үзу. Пациенттің функциялық жағдайын бағалау.
Адамның ауруға төтеп беруі қабылетін көтеру (иммунитетін).
Кешенді эпидемиологиялық шаралар эпидемиологиялық процесстің 3 тармағына бірдей әсер етуі керек, кешенді медициналық шараларды жүргізу қажет, медициналық араласулардан болатын жарақаттар санын азайту, АІИ-ның антибиотикпен профилактикалауды қолға алу және т.б.
Санитарлық-эпидемиологиялық ереже (СЭЕ)- бұл аурухана ішілік инфекцияның (АІИ) алдын-алу мақсатымен ауруханада жүргізілетін шаралар жиынтығы және науқастардың ауруханада болуы әрі олардың тез арада айығып кетуі үшін барынша ыңғайлы гигиеналық жағдайлардың жасалуы.
АІИ-ның алдын –алу шаралары әрбір медициналық қызметкердің кез-келген медициналық мекемеде эпидемияға қарсы шараларды қатаң орындауымен тұжырымдалады
Осындай көп салалы, сан қырлы жұмыстың басында, осы шараларды ұйымдастыратын, орындайтын және АІИ алдын –алу шараларының сақталуына жауап беретін мейіргер тұрады, ал мейіргердің іс- қимылдарының дұрыстығы оның білімділігіне және игерген практикалық дағдыларына байланысты болады.
Медициналық персоналдың эпидемияға қарсы ереженің талаптарына саналы көз қараспен қарауы және оны тиянақты орындауы қызметкерлердің кәсіптік аурумен ауырып қалуының алдын алады және АІИ-ды жұқтырып алу қаупін төмендетеді, сонымен қатар пациенттердің денсаулығын сақтап қалуға септігін тигізеді.
АІИ ның алдын алуға бағытталған медициналық мекемедегі эпидемияға қарсы шаралар, қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың таралуына себебші бола алатын обьектілерді дезинфекциялауды және медицинаға тағайындалған бұйымдарды стерилдеуді көздейді. АІИ алдын-алу үшін жұмысқа инфекциялық аурудың клиникалық белгілері байқалатын медициналық персоналдар жіберілмейді және медициналық қызметкерлерге вакцинациялауды дер кезінде жүргізу керек (В және А гепатитеріне, күлге қарсы) . АІИ ның есебіне пациенттердің ауруларынан басқа, медициналық қызметкерлердің де аурулары енеді.
АІИ алдын алу және күресу шаралары
«АІИ алдын-алуының негізгісінің негізі медициналық персоналдың, өз жұмысының барлық деңгейіндегі гигиеналық мәдениеті және эпидемиологиялық тұрғыдан алғандағы дайындығы» болып табылады.
ММ- дегі АІИ -ның алдын -алу сұрақтарын қарастырғанда 3 маңызды талаптар орындалуы керек:
Инфекцияның таралып кету мүмкіндігін барынша минимумға келтіру.
Инфекцияның ауруханана ішінде жұғуын болдымау.
Инфекцияның медициналық мекемеден сыртқа шығуына жол бермеу, осы жолдарды жоқ қылу.
АІИ ның алдын алуды ұымдастыру жұмыстары өз құрамына кең көлемді санитарлық –гигиеналық, эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды енгізеді:
АІИ- ның алдын алу шаралары бойынша күші бар директивті құжаттардың талаптарын қатаң сақтау және орындау.
Медициналық мекемелерді рационалды жоспарлау- науқастарды қабылдауды және ауруханадан шығаруды бөлек ағымды қылып ұйымдастыру, сапалы желдету жүйесінің, изоляторлардың және т.б, болуы.
Ауруханаға түскен науқастарды қабылдауды және санитарлық өңдеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру (сұрыптау, фильтрдің жұмысын қадағалау, анамнезді тиянақты жинау, дене қызуы көтерілген науқастарға үй жағдайында көмек көрсету жүйесін жетілдіру).
Палатаны толтыру кезінде циклдік принципті қатаң сақтау.
Қызмет көрсететін персоналмен инфекцияның тасымалдануына жол бермейтін, сонымен қатар инфекцияның сырттан келіп жұғуын болдырмайтын пациенттерге күтім жүргізудің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі.
Медициналық персоналдың біліктілігін арттыру (персонал инфекциалық аурулардың клиникалық белгілерін, ауру көзін, олардың таралу жолдарын білуі керек).
Пациенттердің және медицина қызметкерлерінің арасынан науқастарды және қоздырғыш тасымалдаушыларды ерте анықтау, персоналға медициналық тексерулер және зерттеулер жүргізу.
Іріңді-қабынулы және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратын пациентерді анықтау және оларды оңашалау.
Перзентхананың физиологиялық бөліміне түсетін, «таза» және «іріңді» хирургияға түсетін пациенттердің «ағымын» бөлектеу.
Жұқпалы аурумен ауырады деген күдікті пациенттерді сәйкес бөлімдерге және палаталарға дер кезінде жатқызу.
Медициналық инвазивті араласулардың және гемотрансфузияның санын қысқарту.
ММ- ні бір мәрте және көп мәрте қолданылатын құралдардың қажетті санымен қамтамасыз ету.
ММ –де орталық стерилдеу бөлімін (кабинетін) ұйымдастыру.
Дезинфекциялайтын –стерилдейтін ережелерді дер кезінде әрі сапалы жүргізу.
Тағамдық блоктың жұмыс тәртібін, тағамдық азық –түліктің өңделуін және таратылуын, азық- түлікті тасымалдауды, тамақты дайындау технологиясының сақталуын, ыдыс аяқтың дұрыс жуылуын және дезинфекциялануын қадағалау.
Сауылып жиналған емшек сүтін (пастерленген), дұрыс өңдеу және сақтау.
Стерилді ауаның беріліп тұруын қамтамасыз ететін ламинарлық қондырғыларды қолдану.
Желдететін жүйенің жұмысына бақылау жүргізу.
Медициналық қызметкерлердің гигиеналық талаптарды қатаң сақтауы.
Персонал қол гигиенасын сақтауы керек, қолды гигиеналық деңгейде деконтоминациялау, қажет болған кездерде тері антисептигімен өңдеу.
Организмнің арнайы емес қорғаныс күшін көтеретін препараттарды қолдану. (иммуномодуляторлар).
Санитарлық- эпидемиологиялық ережені сақтау және медициналық персоналдың санитарлық мәдениетін көтеру.
Емдік манипуляцияларды медициналық қолғаптарды, көзілдіріктерді, қорғаныс бет пердесін, бір мәрте қолданылатын медициналық киімдерді киіп орындау.
РК департементімен рұқсат етілген жаңа дезинфекциялайтын заттарды қолдану.
Мед.персоналдың денсаулығын қадағалау,(сонымен қатар бактерио және вирус тасымалдаушыларды анықтау мақсатымен лабораториялық зерттеулер жүргізу), бекітілген талаптарды қатаң орындау.
Медициналық персоналға профилактикалық вакцинация жасау (В гепатитінен,күлден), эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты.
Санитарлық эпидемияға қарсы ережені жүргізу бойынша нұсқаулықтар жүргізу және әрдайым санитарлық минимум нормативін тапсырып отыру.
Қауіпсіздіктің универсалды шаралары.
Медициналық мекемелерде жанасудан кейінгі профилактика, алдын –алу шаралары (ЖКП) персоналдың қан арқылы жұғатын қоздырғыштарды жұқтырып алудан сақтандыру шаралар жүйесінің негізгі бөлігі болуы керек. Ең алдымен бұл қорғаныс шаралары қауіпсіздіктің универсалды шараларын орындау дегенді білдіреді.
Қауіпсіздіктің универсалды шаралары- бұл жұқпалы ауруларды бақылау аясындағы пациентердің және медициналық қызметкерлердің арасында қанмен және басқада биологиялық сұйықтықтармен жанасу барысында инфекцияның бір–бірінен жұқтырып алу қаупін төмендетуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қан арқылы тарайтын инфекцияларды жұқтырған пациенттердің барлығын түгел анықтау мүмкін емес екендігін ескере отырып, ауруханадығы барлық пациенттерді ауру жұқтырған науқас ретінде қарастыру керек, кейбір пациенттердің «жоғары қауіпті» топқа жататындығын жеке бас білгірлігіне сеніп, өз бетіңізше анықтаудан аулақ болыңыз және олармен жұмыс жасағанда әрқашан сәйкес келетін қорғаныс шараларын қолдану қажет.
Кәсіптік инфекцияны жұқтырып алу қаупі кімде болады:
медициналық қызметкерлерде:мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық мекеменің персоналдары, соның ішінде зертханалардың, жедел жәрдем бригадасының мүшелері, медициналық оқу орындарының білімгерлері;
қоғамдық қауіпсіздік қызметтінің жұмысшыларында: милиционерлер,түзету мекемелерінің қызметкерлері, құтқару бригадасының мүшелері, ерікті жұмысшылар және т. б. Себебі оларға қызмет бабымен қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасуға тура келеді.
Жұмыс бабымен өз міндеттерін орындау барысында қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасу қаупі басқа да мамандық иелерінде де болады, сондықтан қауіпсіздіктің универсалды шараларын және медициналық емес профилді мекеменің жұмысының құрамына да енгізілген болуы мүмкін.
АИТҚ жұқтырып алу қаупімен байланысты жанасулар: терінің зақымдануы, ( инемен тесіп алу немесе өткір затпен кесіп алу); биологиялық сұйықтықтардың кілегейлі қабыққа немесе зақымданған теріге тамып кетуі, ұзақ уақыт (бірнеше минут және одан да ұзақ) немесе зақымданбаған кең ауқымды терінің тіндермен, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасуы.
Қан және басқа потенциалды жұқпаланған биологиялық сұйықтықтар:
Қауіпсіздіктің универсалды шаралары қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда олардың АИТВ–пен инфицирленгені тіркелген жағдайларда, соның ішінде:
спермамен,
қынап сұйықтықтарымен,
қан араласқаны білініп тұрған кез келген сұйықтықтармен,
өсінділермен немесе қоректік орталармен,
синовиалды, жұлын, плевра, перитониалды, перикардиалды, амниатикалық сұйықтықтармен,
стоматологиялық оралдық процедуралар кезіндегі сілекеймен жанасқанда қатаң сақталуы керек
Қауіпсіздіктің универсалды шараларын сақтау қатынасты емес:
нәжіске,
мұрын бөлінділеріне
қақырыққа
терге
көз жасына
зәрге
құсыққа
сілекейге
Қорғанудың универсалды шаралары сақталуы керек:
Кез –келген кесу, тілу жұмысын жасағанда (немесе басқа әдістермен алынып тасталғанда), тірі кезінде немесе аутопсия алғанда, адам тіндерімен және органдарымен жанасқанда (зақымданбаған теріден басқа);
Қан арқылы жұғатын инфекциялармен зарарланған эксперименталды жануарлардың тіндерімен және органдарымен жұмыс жасағанда;
Кез-келген биологиялық сұйықтықпен жұмыс жасағанда, егер оның қандай сұйықтық екенін анықтау қиындық тудырса;
Лабораториялық анализдердің барлық үлгілерін инфекция жұқтыратын материал ретінде қарастыру керек;
Сақтанудың универсалды шаралары барлық медициналық мекемелерде барлық медициналық қызметкерлермен арқашан орындалуы керек.
Инфекцияны жұқтырып алудан сақтану үшін орындалатын шаралар:
қан арқылы тарайтын жұқпаның ауру көзі болып табылатын заттарды оқшаулау үшін қорғайтын қондырғыларды қолдану (мысалы: қолданылған инелерге және өткір заттарға арналған қатты,беті тығыз жабылатын контейнерлерді жұмыс орнында ыңғайлы орналастыру, қатты толтырылмай жаңасына ауыстырып отыру);
әр түрлі манипуляцияларды орындағанда қауіп- қатерлігі аз технологияларды қолдану (соның ішінде қолданылған инелерді ұстағанда,осы инелерге қалпағын кигізу, майыстыру сияқты және инелермен басқа да манипуляцияларды орындағанда);
жеке басқа арналған қорғаныс құралдарын қолдану,соның ішінде қолғаптарды, су өтпейтін халаттарды, бетті, көзді қорғайтын құралдарды (бет перделерді, көзілдіріктерді, экранды);
Қорғаныс қондырғылары және қауіпсіз технологиялар
Сақтанудың универсалды шаралары негізінде медициналық персоналды қорғайтын заттарға және қолданыста болған бұйымдармен жұмыс істеу ережелеріне ерекше көңіл бөледі.
Қорғаныс қондырғылары (мысалы, өткір заттарды жоюға арналған контейнерлер) жұқпаны жұқтыру қаупін төмендетеді немесе жұмыс орнындағы жұқпалы ауру көзі ретінде қауіп төндіретін кейбір құралдардың қауіптілігін азайтады. Олар жұмыс орнында инфекция жұқтырып алудан қорғау құралдарының бірінші сатысына жатады.
Қауіпсіз технологиялар әртүрлі манипуляцияларды орындағанда инфекция жұқтырып алу қаупі минимумға келетін әдістерді ұсынады.
Жұмыс беруші өзінің қызметкерлерін қорғайтын құралдармен қамтамасыз етуі керек және оларды қауіпсіз технологияларға үйретуі керек, бірақ оларды қолдану жауапкершілігін толықтай қызметкерлердің өзі көтереді.
Қан арқылы тарайтын инфекцияларды жұқтырып алуды болдырмау үшін медициналық қызметкерлер келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті:
қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың ағып кетуіне, төгіліп қалуына және шашырап кетуіне жол бермеу,
қолғаптарды немесе басқа да жеке басты қорғайтын бұйымдарды шешкеннен соң дереу (немесе мүмкіндік болған мезетте) қолды ағынды сумен сабындап жуу керек;
қан немесе басқа жұқпалығы дәлелденген материал теріге тигенде дереу (немесе мүмкіндік болған мезетте) қолды және ластанған жерді сабындап жуу керек, ал кілегейлі қабыққа тисе,оларды бірден сумен шайқау керек.
Пациентпен қандай да бір мақсатпен жанасу алдында және жанасқаннан кейін қолды ағынды су астында сабындап жуу керек.Егер ағынды су жоқ болса қолға арналған антисептикалық ерітіндіні (70% спирт жұмсартатын қоспа) немесе антисептикалық сүрткілерді қолдану қажет, бірақ алғашқы мүмкіндік болған мезетте қолды күнделікті қолдынылатын әдіспен жуу қажет.
Қолданылғн инелерді қайта орнына салмау және оларға өте қажет болмаса қалпақтарын кигізбеу, ал кигізу қажет болса инемен тікелей жанасуға жол бермейтін арнайы құралдары қолдану керек немесе осыны бір қолмен ғана жасау қажет.
Ластанған, тілетін және өткір көп мәрте қолданылатын құралдарды бірден (немесе мүмкіндік болған мезетте) кезеңді өңдеу мақсатымен қатты, су өтпейтін (түбінен де және қабырғаларынан да), белгі салынған контейнерлерге орналастыру қажет.
Қолданылған өткір құралдарға арналған контейнерлерді, қолдану оңай болатындай қылып және олар төңкеріліп кетпейтіндей қылып орналастыру керек.
Кесетін және тесетін құралдарға арналған контейнерлерді, олардың шамадан тыс толып кетуіне жол бермей дер кезінде ауыстырып тұру қажет.
Биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін герметикалық, сәйкес келетін белгісі бар контейнерге салу керек. Егер үлгілер салынған контейнер ластанған немесе зақымданған болса осы контейнерді басқа контейнерге салу керек.
Қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған қондырғыларды техникалық қызмет көрсету және тасымалдау алдында дезинфекциялап алады. Егер дезинфекциялау мүмкін болмаса, жолдама қағазына ластанған элементтердің аттары жазылады.
Барлық қолданыста болған бір мәрте қолданылатын материалдарды ылғал өтпейтін қақпағы жабылатын контейнерлерге орналастыру керек
Ластанған көрпе жастық тыстарымен жанасуды минимумға келтіру, оларды белгісі бар мөшекке немесе контейнерге салу; ылғалды көрпе тыстарын ылғал өткізбейтін мөшекке немесе контейнерге салып тасымалдау;
Қанмен немесе сұйық бөлінділермен ластанған көрпе жастық тыстарын потенциалды ауру көзі деп қарастыру керек.
Тиым салынады:
Қанмен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасу мүмкін болатын жұмыс орнында тамақ ішуге, темекі шегуге, бет әлпетті бояуға, контактты линзаларды шешуге немесе киюге;
Қанның және басқа биологиялық сұйықтардың және тіндердің үлгілері сақталатын тоңазытқыштарда немесе басқа да орындарда тағамды және сусындарды сақтауға;
Тамызғышқа қанды және басқа сұйықтықтарды ауызбен соруға;
Әйнек сынықтарын қолмен жинауға, себебі олар биологиялық сұйықтықпен ластанған болуы мүмкін;
Шприцтерден қолданған инені алып қолмен майыстыруға,сындыруға, оларға калпактарын кигізуге және осындай қимылдарды ластанған басқа өткір заттармен орындауға;
Қолданыста болған көп мәрте қолданылатын аспаптарды контейнерден қолмен шығарып алуға, контейнерлерді қолмен ашуға, ішіндегісін қолмен төгуге;
Жеке бас қорғаныс құралдары:
Егер қорғаныс қондырғылары және қауіпсіз технологиялар жұмыс орнында инфекция жұқтырып алуды толық қамтамасыз ете алмайтындай болса, жұмыс беруші қызметкерлерді жеке бас қорғаныс заттарымен толық қамтамасыз етуге міндетті. Бұл қорғаныс құралдары оңай алынатын жерлерде сақталуы және тегін берілуі керек.
Қолғаптар;
Қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасар алдында немесе осы материалдармен ластанған беткейлермен жанасқанда және олармен жұмыс жасағанда үнемі қолғаптарды кию өте маңызды.Бір мәрте қолданылатын қолғаптарды қайталап қолдануға болмайды.
Халаттар және басқа қорғаныс киімдері;(формалар)
Барлық инфекция жұққан материалдармен жанасу мүмкін болған жағдайларда халат кию міндет. Хирургиялық колпактарды немесе тақияларды, аяқ киімнің үстінен киілетін бахиллаларды немесе арнайы бәтеңкелерді, тек өте қатты ластанған қауіпті жағдайларда ғана кию міндетті.
Бет перделер, қорғайтын көзілдіріктер және бет- әлпетке арналған қалқандар
Егер манипуляция кезінде қанның немесе басқа биологиялық сұйықтықтардың шашырап кетуі қаупі пайда болса, бет-әлпетті қорғайтын қалқанды немесе қорғайтын көзілдірікпен біріктірілген бетті және жақтарды қорғайтын пердені кию керек. Кәдімгі көзілдіріктер қан арқылы таралатын инфекциядан қажетті деңгейде қорғанысты қамтамасыз етпейді.
Жеке бас қорғаныс заттары жұмыс киімдерін және кәдімгі киімдерді, іш киімдерді, тері жамылғырын, көзді, ауызды және басқа да кілегейлі қабықтарды қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтардан жұғатын инфекциялардан осы киімдерді киген уақыт аралығында ғана қорғайды.
Егер қорғаныс киімдеріне қан немесе басқа потенциалды инфекция жұққан биологиялық сұйықтықтар сіңіп қалса, оларды тез арада шешу керек және терінің ластанған жерлерін тез арада сумен сабындап жуу керек. Жұмыс орнынан кетпей тұрып жеке бас қорғаныс заттарын шешу керек және осы киімдерге арналған жәшікке салып жұмыс орнынан шығу керек. Қолданыста болған жеке бас қорғаныс киімдерін тазалау, жуу, қайта ретке келтіру, алмастыру және жою жауапкершілігін жұмыс беруші атқарады.