Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) — kz »Рефераттар

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар Реферат

Жазатайым жағдайларды жәнеқызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

Жұмыс орындарында болған жазатайым оқиғалар адам денсаулығына, өміріне қандай да бір зардап келтіруі мүмкін. Қандай да бір жұмыс орнында болған өндіріске байланысты жазатайым оқиға міндетті түрде тергеп тексерілуі қажет. Жарақатқа немесе кәсіптік науқастануға шалдыққан қызметкерлердің уақытша жұмысқа қабілеттілігін жоғалтуы еңбекке жарамсыздық парағымен куәландырылады.

Кей жағдайларда өндірістік кәсіпорындарда болған жазатайым оқиға нәтижесінде жұмысшы денсаулығына айтарлықтай зардап тимейді, сол себептен болған жазатайым оқиғалар дер кезінде тергеп тексерілмей, сол қалпында қалып қояды. Демек, араға бірнеше күн салып, болған жазатайым оқиға нәтижесі байқала бастайды. Мұндай жағдайлар тәжірибеде көптен-көп кездеседі. Осындай жағдайларда Н-1 нысанындағы акті жасалады.

Өндірістегі болған жазатайым оқиғаларды тергеп тексерудің мақсаты – болған оқиғаның негізгі себептерін анықтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, сонымен қатар жұмыскерлер мен қызметкерлердің мүддесін қорғау болып саналады.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу Еңбек Кодексінің 37-тарауында жете қарастырылған [2].

ЕК 322 — бабы. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу:

1 Қызметкерлердің, сондай-ақ:

1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік тәжірибеден өтіп жүрген адамдардың;

2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің;

3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;

4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскери-лендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті команда мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.

2 Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:

1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтіру кезінде;

2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;

3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде;

4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;

5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде;

6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде;

7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.

3 Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:

1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік ішімдікке мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйінде орындаған кезде;

2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;

3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде рәсімделмейді.

4 Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.

5 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, рәсімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.

Жазатайым оқиға болған жағдайда жұмыс орнына жауапты тұлға зақымданушыға міндетті түрде алғашқы көмек көрсетуі қажет, болған оқиға жайлы тиісті денсаулық сақтау ұйымына (медициналық пунктке, жедел-жәрдем бөлімшесіне т.б.) хабарлауы қажет.

Date: 2021-05-13; view: 1931; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

1 Жұмыс беруші:

1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;

2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;

3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;

4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;

5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;

6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;

7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.

2 Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:

1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне;

2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға;

3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;

4) қызметкерлер өкілдеріне;

5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.

Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс беруші:

1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;

2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлауға тиіс.

3 Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:

1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;

2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;

3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнайы киім, арнайы аяқ киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;

4) мыналарды:

жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с); нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді; зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін; зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;

зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;

комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды береді.

Date: 2021-05-13; view: 1024; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

1 Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:

төраға – ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;

мүшелері – ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.

Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.

2 Арнайы тергеп-тексеруге:

1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;

2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;

3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.

3. Жұмыс берушінің – жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны

тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.

4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауатты-лығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.

5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.

6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

7. Өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.

8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.

Рефераты:  Функции и дисфункции социальных институтов

9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады.

10. Көлік құралдарының апаты салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.

Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.

11. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.

12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.

13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.

14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.

15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке-жеке) рәсімделеді.

Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен рәсімделеді.

Date: 2021-05-13; view: 1102; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:

– төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;

– мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.

2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.

3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.

4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда – Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.

5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.

6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен рәсімделеді.

7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.

8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.

Date: 2021-05-13; view: 835; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.

2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.

Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.

3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс. Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде

комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін пайызбен айқындайды.

Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне «ерекше пікірге қара» деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.

4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен

тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі – мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.

Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.

5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы рәсімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.

6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда қорытынды түрінде рәсімделеді.

7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.

8. Актімен рәсімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады және өндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен жарақаттану туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қойып,

белгіленген тәртіппен статистика органдарына ұсынады. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі.

9. Жұмыс беруші жазатайым оқиғалар туралы актілерге сәйкес статистика жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанға сай мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық органдарына ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді тиісті кезеңдегі өсу қорытындысын көрсетіп, ай сайын беріп отыруға міндетті.

10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы – сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды.

11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс.

12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар:

1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер;

2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;

3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;

5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;

6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттер-дің, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;

7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);

8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;

9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;

10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.

13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы.

Date: 2021-05-13; view: 946; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

Өндірістерде қауіпсіз және зиянсыз еңбек шарттарын құру бойынша іс-шараларды жақсарту мақсатында және еңбек қорғау бойынша ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді жасаудың сапасын арттыру мақсатында ҚР еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігі еңбек қорғау бойынша шараларды бекітеді.

Еңбек қорғау бойынша шаралардың жоспарлары негізінен өндірістік кәсіпорындар мен кәсіби ұйымдарда өндірістердегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу мен ескертуге бағытталған.

Еңбек қорғау бойынша шараларды тіркеу кестесі

1–кесте

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

Еңбек қорғау шаралары сәйкес жобалы – құрылымдық және техникалық құжаттармен қамтамасыз етіледі, еңбек қорғау бойынша (1-кесте) ұжымдық келісімшарттармен рәсімделеді, мұнда еңбектің Мемлекеттік инспекциясының және басқа бақылау және қадағалау органдарының, жұмыс берушілердің, жұмысшылардың еңбектік қатынастары ескеріледі және өндірістік жарақаттардың, кәсіби аурулардың себептерін талдау негізінде, сонымен қатар өндірістік жабдықтардың ақауларын анықтау негізінде жүргізіледі.

Рефераты:  Речевое развитие ребёнка - сензитивные периоды

Шараларда келесілер қарастырылады:

– технологиялық, көтеру-көліктік және басқа өндірістік жабдықтарды модернизациялау;

– автоматты және қашықтықтан басқару және өндірістік жабдықтарды, технологиялық үрдістерді, көтеру және көліктік құралдарды реттеуді енгізу жүйесі, зиянды және қауіпті

өндірістерде жұмыскерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында өндірістік роботтарды қолдану;

– жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды автоматты басқару жүйесі мен дабылдандыру деңгейі;

– электр тогымен зақымдалудан жұмыскерлерді қорғауды қамтамасыз ететін жаңа техникалық құрылғыларды электр құрылғылары талаптарымен сәйкес жетілдіру мен енгізу. Электр құрылғыларының ережелері (ЭҚЕ);

– жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшеріне дейін төмендету, механикалық тербелістегі әсер ететін жағымсыз әсерлердің мөлшерін төмендету (шу, діріл, ультрадыбыстар) және жұмыс орындарындағы сәулелену әсерлерін төмендету (иондаушы, электр магнитті, лазерлі, ультракүлгін және тағы да басқа);

– өндірістік және тұрмыстық ғимараттардағы желдету және жылу беру жүйелерін, жылулық және ауалық шатырларды, аспирациялық және жылу аулау қондырғыларын қайта қалпына келтіру және жаңасына ауыстыру, жұмыс аймағы мен қызмет етілетін ғимараттардағы микроклимат пен қалыпты жылу режимін қамтамасыз ету мақсатында ауыстыру;

– жұмыс орындарында, цехтарда, тұрмыстық ғимараттарда, жаппай адамдар өтетін орындарда, территорияларда табиғи және жасанды жарықтандыруды келтіру;

– дайын өнімдер мен қалдықтарды қоймалау мен тасымалдау кезінде жұмыстарды механикаландыру;

– зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көзі болып табылатын, өндіріс қалдықтарын дер кезінде жою және залалсыздандыру, өндірістік ғимараттардағы жинау жұмыстарын механикаландыру, ауа жолдары мен желдету қондырғыларының, жарықтандыру арматураларын, терезелерді, жарықтық шамдарды тазалау және механикаландыру;

– санитарлы – тұрмыстық ғимараттарды қайта қалпына келтіру, кеңейту және жабдықтандыру (киімдерін шешетін бөлме, жуынатын, душ қабылдайтын, әйел адамдардың жеке тазалық бөлмесін жылыту және салқындату, өңдеу, арнайы киімдерін беру және сақтау);

– зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлермен байланысты шараларды жүргізу, сонымен қатар ерекше температуралық және климаттық жағдайларда немесе ластанулармен байланысты жұмыстарда, арнайы киімдер және аяқ киімдер және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру, бекітілген нормалармен сәйкес құралдарды жуып-шаю және залалсыздандыру;

– газдалған суды дайындауға, жұмыс орындарына ауыз су мен газдалған су, шәй және басқа сергітетін сусындарды беруге арналған орталық сатураторлы (автоматты) қондырғылармен жабдықтау;

– ашық ауадағы жұмыстар кезінде күн сәулесінен және атмосфералық жауын-шашыннан қорғану орындары, сонымен бірге жұмыскерлердің жылыну орындары, психологиялық демалу, релаксация бөлмелері мен ұйымдасқан демалыс орындарын қайты қалпына келтіру және жаңа нысандарды құру;

– жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс алаңдарында, өндірістің (цехтың) территориясында галереялар, тоннельдер, тротуарлар салу, жол-көліктік жарақаттану шаралары бойынша шараларды енгізу жүйесін ұйымдастыру;

– өндірістік қызметтегі нысандардың жобалы және технологиялық құжаттамаларының еңбек жағдайына сәйкестігіне зерттеу жасау;

– еңбек шарты бойынша жұмыс орындарын аттестациядан өткізу нәтижесі бойынша еңбек қорғау талаптарына сәйкес өндірістік нысандарда тұрақты жұмыс орындарын міндетті түрде сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізу;

– еңбек қорғау бойынша жәрмеңкелер жасау, қондырғыларын, көрнекті және қажетті құралдарын, қозғалмалы зертханаларын, бұрыштарын, кабинеттерін ұйымдастыру;

– еңбек қорғау бойынша нұсқауларды жасау және басылымнан шығару (көбейту), сонымен бірге басқа да нормативті құқықтық актілерді және еңбек қорғау саласындағы әдебиеттерді алу.

Еңбек қорғау мен еңбек шарттарын жақсарту іс-шараларын қаржыландыру — ҚР субъективті қоры құралдары есебінен, мемлекеттік, салалық және территориялық мақсаттағы

бағдарламалармен жүзеге асырылады, жергілікті қордан, ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша мемлекеттік қордан тыс қаржыдан және жергілікті басқару органдарының құқықты нормативті актілерімен қарастырылады.

Еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсарту бойынша жүргізілетін шараларды жақсартуды қаржыландыру – ҚР Еңбек кодексін бұзған жағдайдағы айыппұлдарының есебінен және ҚР Басқармасы бекіткен тәртіпте қарастырылатын, басқа да нормативті шарттарды бұзғандағы төленетін айыппұлдардың есебінен жүргізіледі; жеке заңды тұлғалар мен ұйымдардың өз еркімен қосқан салымдары есебінен де жүргізіледі.

Ұйымдарда еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсарту бойынша шараларды қаржыландыру, ұйымдық-құқықтық формадан тыс, өнім өндірісіндегі кететін шығыннан 0,1%-нан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады, ал пайдалану әрекетіндегі ұйымдарда (жұмыстар, қызмет көрсету) – пайдалану шығындарының 0,7 %-нан кем емес мөлшерінде жүзеге асырылады.

Экономика саласында территорияларда, сонымен бірге ұйымдарда заңдарға сәйкес еңбек жағдайларын жақсарту мақсатына сәйкес еңбек қорғау қорлары құрылуы мүмкін.

Жұмысшы, еңбек қорғау мен оның шарттарын жақсартуға қажетті қаржыландыруға кететін шығындарға жауап бермейді.

Сауықтыру шараларын жүргізуден экономикалық тиімділікті анықтау өте күрделі шарт. Егер ауруға шалдығу деңгейін төмендету тиімділігі белгілі қормен анықталатын болса, онда еңбек қорғауға кететін құралдардың нәтижесі тек қана теңге ғана болуы мүмкін емес. Мысалы, тұрғын шарттарын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыру, кадрлардың жиі ауысуын төмендету, ауруларды төмендету сияқты түрлері әсер етеді. Бірақ осы көрсеткіштерге тек қана тұрмыстық шарттар ғана әсер етіп қоймайды, оған сонымен қоса дәрігерлік қызмет түрлері, өндірістегі еңбекті ұйымдастыру деңгейі, ақшалай кірістің деңгейі де әсер етеді. Осылармен қатар әрбір нақты жағдай өзінше жеке нәтижелер береді: ақшалай қаражатты үнемдейді; денсаулығын жақсартады; өнімділікті жақсартады және тағы да басқа. Демек барлық нәтижені қаражатпен есептеу күрделі, жеке

шаралардың тиімділігін және олардың барлық жиынтығын жуық шамамен бағалауға болады.

Өндірістегі жазатайым жағдайлардың нәтижесінде және жұмыскерлердің жұмысқа қабілетсіздігі салдарынан экономикалық жоғалымдарын Э келесі топтарға бөлуге болады: Эт,сәтсіз оқиға туралы актілермен рәсімделген және тіркелген,жарақатпен туындаған жоғалымдар; Эмт микрожарақаттармен туындаған жоғалымдар; Эз, кәсіби аурулармен туындаған жоғалымдар; зиянды өндірістік факторлардың болуымен байланысты жәрдем ақыға кеткен шығындар Эв. Демек, жұмыскерлердің жұмысқа қабілетсіздігі салдарынан болған экономикалық шығындарды келесі тәуелсіздік түрінде көрсетуге болады.

Э = Эт Эмт Эз Эв (1.7)

Жазатайым жағдайлар туралы актідегі экономикалық жоғалымдар топтары Эмт,Эз, Эв, көрсетілмейді, сондықтан өндірістік жарақаттардың өзгеруін бағалаумен сонымен байланысты шығындарды бағалау үшін, тек Эт көрсеткіші көрсетілген.

Бір жылдағы Эт өндірістің экономикалық жоғалымы жазатайым жағдайлардың санына байланысты болады:

Э = (0,6N 1,25D)b 8N, (1.8)

мұндағы N – бір жылдағы жазатайым жағдайлардың саны; D – бір күндегі жұмысқа қабілетсіздігінің қосынды әрекеті; b – орташа бір күндік еңбекақысы, тг.

Еңбек қорғау бойынша шараларға кететін шығындардың өтелімі, жыл,

мұндағы М – еңбек қорғау бойынша шараларға кететін жылдық шығын, тг.; Q1 және Q2 – еңбек қорғау бойынша шараларды жүргізгеннен кейінгі және жұмысқа қабілетсіздігі бойынша шығындары мен жоғалымдары, тг.

Еңбек қорғау бойынша шараларға кететін шығындар егер олардың өтелім мерзімі нормативті мөлшерден аспайтын болса тиімді болады: Т < 12,5 жыл.

Еңбек қорғау бойынша шаралардың экономикалық тиімділігі, тг.,

Э1 = (К/Т) – Тш, (1.10)
мұндағы К – 100 жұмысшыға кететін күрделі салым, тг.;

Т –нормативті өтелім мерзімі,жыл(12,5жыл); Тш– 100жұмысшыға кететін еңбек қорғау бойынша шаралардың жыл сайынғы шығыны, тг.

Қазіргі заманғы ғылым, техника, халық шаруашылығы саласында даму кезеңі – басты шарт болып отыр. Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың деңгейін болжау, осы деңгейлердің бұрынғы және болашақтағы олардың өзгеруі негізінде жүргізіледі. Бұл өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алатын, шараларды жасауға және осы шараларды қаржыландыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың деңгейін болжау үшін ең төменгі шаршы әдістерін қолдану ең бір тиімді варианттардың бірі болып табылады. Бірнеше жылдар қатар t1, t2, …, tnкәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар бойыншастатистикалық мәліметтері бар тау-кен кәсіпорынын мысалға алып көрейік. Сонымен қатар, жарақаттану қарқындылығы да

белгілі , ,…,n .(t) осы қисық бойынша келесідей  
       

кезеңде жарақаттану қарқындылығын анықтауға болады, мысалы t уақыт аралығында (индекс уақыт аралығында көрсеткіштерді анықтайды):

Жарақаттану қарқындылығының мүмкін мәндерін біле отырып, қауіпсіз жұмыстың мүмкіндігін анықтауға болады және келесі жылдары оның мәндерін сәйкес мүмкіндіктермен салыстыруға болады:

Эксперименталды көрсеткіштер ретінде өндірістік жарақаттарды болжау үшін, у (t)= аеbt экспонентасын болжамдық функциясы ретінде қолдану қажет (1–сурет).

у = аеbtқисығын өткен жылдарға t1,.., tn,нүктелері бойыншатұрғызады а және b – қарқындылықтың алғашқы мәндерімен зерттелетін шаманың жылдамдығымен байланысты импирикалық көрсеткіштері: ең төменгі квадраттар әдісі бойынша анықталады.

у=аеbtтеңдеуіне t мәнін қоя отырып, t1-ге дейінгі қисықтыңұзаруын аламыз.

Одан әрі қарай σ болжауының нақты екендігі анықталады.

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

1-сурет. Жарақаттанудың қарқындылық қисығы мен болжау дәлдігі

Белгілі уақыт аралығында қауіпсіз жұмыс мүмкіндігі келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы P – қауіпсіз жұмыс мүмкіндігі; Т3 – Р мәні анықталатын берілген уақыт аралығы; N – учаскелердің саны; п

– Т уақытындағы N бригадасында тіркелген жарақаттану саны. Есептеу нәтижелері, егер Р ≥ 0,95 шамасы орындалса ғана дұрыс деп есептелінеді. Егер қауіпсіз жұмыстың мүмкіндігі 0,95 шамасынан аз болса, онда Т3 кезеңінде қауіпсіз жұмысқа толық

сенімді болуы мүмкін емес.

Date: 2021-05-13; view: 3010; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

Ұйымдардағы жұмыскерлердің жалпы санына байланысты, жұмыс беруші еңбек қорғау қызметін құру туралы шешім қабылдауы қажет (еңбек қорғау бойынша маманды жұмысқа қабылдау), бір инженерлі – техникалық жұмыскерге еңбек қорғау бойынша маманның міндеттерін жүктеуі қажет. [2].

Еңбек қорғау қызметінің жұмыскерлерінің шарттары, міндеттік қызметтері және құқықтары ҚР Еңбек Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өндірістердегі, мекемелердегі және ұйымдардағы еңбек қорғау қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Ұсыныстарымен бекітіледі.

Еңбек қорғау бойынша маманның қызметіне, ережеге сай, еңбек қорғау бойынша мамандығын немесе инженер мамандығын игергендігі туралы кәсіби біліктілігі бар мамандарға рұқсат беріледі, сонымен бірге осы мамандық бойынша басқа өндірістерде үш жылдан кем емес мерзімде қызмет істеген, тәжірибесі бар мамандарға рұқсат етіледі.

Еңбек қорғау бойынша инженер мамандығы жоқ, инженерлік-техникалық жұмыскерлерді қызметке тағайындамас бұрын, алдын ала «Еңбек қорғау маманы» мамандығын игеретін кадрларды қайта дайындайтын, жоғары кәсіби оқу бөлімшелеріне жіберіледі.

Еңбек қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, әрбір ұйымдарда олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін, 50-ден аса жұмысшысы бар ұйымдарда еңбек қорғау қызметі құрылады немесе осы еңбек қорғау аймағында жұмыс тәжірибесі бар немесе арнайы дайындықтан өткен кәсіпқой маман еңгізіледі. Жұмыскерлер саны 50 болатын және саны одан төмен ұйымдарда еңбек қорғау қызметін құру туралы жұмыскерлердің шешімі бойынша, жұмыс беруші осы аталып отырған мамандықты енгізеді немесе осы ұйымның әрекет ету ерекшелігіне байланысты қарастырады.

Рефераты:  Вашингтон за один день: достопримечательности, самостоятельный маршрут по городу, красивые места для экскурсий

Ұйымдарда еңбек қорғау қызметінің құрылымы мен еңбек қорғау қызметі жұмыскерлерінің саны еңбек қорғау

мәселелерінің шешілуіне орай, атқарушы қызметтердің ұсынысына сәйкес жұмыс берушімен анықталады.

Еңбек қорғау бойынша комитет (комиссия) еңбек қорғау бойынша ұжымдық келісімшарттардың бөлімдерін жасайды, еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша жұмыскерлер мен жұмысшылардың бірге әрекет етуі, кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттардың алдын алу шараларын жасайды, сонымен бірге жұмысшы орындарында еңбек қорғау мен шарттарына тексерулер жүргізеді және өткізілген тексерулер нәтижесін жұмыскерлерге хабарлайды.

Date: 2021-05-13; view: 1402; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

Жерасты кеніштерін желдетудегі қауіпсіздік талаптары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2 наурыз 2009 жылы қабылданған № 234 «Желдету қондырғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентінде келтірілген [4].

Кенішті желдету үстіңгі жақтағы орнатылған басты (кенішке түгелдей қызмет ететін немесе кеніштің қанаттарына) және қосымша желдеткіштермен (бір немесе бірнеше учаскелер топтарына қызмет ететін) жүзеге асырылады.

Желдету әдісі ауаны айдаушы, сорушы немесе ауаны айдаушы-сорушы әдістерімен жүргізіледі. Ауаны айдау арқылы желдету кезінде көмірдің өздігінен жануынан туындайтын өрттің пайда болу мүмкіндігі төмендейді. Сонымен бірге, ауаны сору арқылы ауаны тазартумен салыстырғанда айдау арқылы желдету кезінде желдетуші қондырғыларының желдету арналары қыс мезгілдерінде мұз баспайды және көмір шаңының қалдықтарымен толып қалмайды. Үстіңгі жақтағы орнатылған желдеткіш, үздіксіз жұмыс істеп тұруы қажет. Кенді және кенсіз кеніштерде желдеткіштің жұмыс режимі тау-кен техникалық инспекциясымен сәйкес кеніштің бас инженерімен бекітіледі. Желдеткіштердің үздіксіз жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін келесі шарттарды сақтау қажет:

1) басты желдеткіш қондырғылары екі жеке тұрған желдеткіш агрегаттардан, сонымен бірге бір қосымша агрегаттан тұруы қажет; газ бойынша қауіпті емес жұмыс істеп тұрған кеніштерде резервті қозғалтқышымен бір желдеткішті агрегаттар қондырғысына рұқсат етіледі;

2) барлық кеніштердің басты желдеткіш қондырғылары электрлік қосалқы бекеттер мен электр бекеттерімен жалғанған екі электрлік күшті желілері болуы қажет. Газ жарылысы қауіпі жоқ кеніштерде және газ бойынша I категориялы кеніштерде басқа қондырғылардың тарату пункттерінен желдеткіштің қоректенуіне, егер желдеткіштің қосынды жүктемесін және басқа қондырғыларды қанағаттандыратын болса, рұқсат етіледі;

3) әрбір желдеткіштік қондырғыға машинист қызмет етеді. Машиниссіз жұмысқа, егер жеке жағдайларда желдеткіштің

және қашықтан басқару жұмыстарының кез келген ауытқуы туралы автоматты дабылдар болған кезде рұқсат етіледі;

4) желдеткіш қондырғыларды жүйелі түрде тексеруді кеніштің бас механигі немесе оның көмекшісі тағайындаған жұмыскер тексеруден өткізеді. Тексерулер нәтижесі «Желдеткіш қондырғыларды тексеру мен реверсирлеу жұмыстары» кітабына жазылады. 2 жылда бір рет арнайы ұйымдармен басты желдеткіштік қондырғыларға жөндеу жұмыстары мен ревизия жүргізіледі;

5) желдеткіштердің тоқтап қалуы мен олардың жұмыс режимінің өзгеруі, тек апаттық жағдайлардан басқа уақытта, тек қана директордың немесе кеніштің бас инженерінің, ТҚ учаскесінің басшысының жазбаша тапсырмасы бойынша ғана жүргізілуі мүмкін;

6) электр энергиясының берілуі тоқтаған жағдайда немесе ақаудың салдарынан кенеттен желдеткіш тоқтап қалған жағдайда, дереу диспетчер арқылы бас инженерге, бас механикке, ТҚ мен ЖТИ учаскесінің басшысына хабарлау қажет;

7) егер желдеткіштің тоқтап қалуы 30 минуттан көп болса, онда адамдар қазбалардан жылдам арада таза ауаға шығарылуы қажет. Жұмысты қалпына келтіру жұмыстары тек қазбаны

желдеткеннен кейін және тазарту жұмыстары және бақылаушылардың тексеру жұмыстарынан кейін ғана қалпына келтіріледі.

Басты желдеткіш қондырғылары реверсивті қондырғылармен жабдықталады. Реверсирлеу 10 минут аралығында жүргізілуі қажет, ал желдеткішті реверсирлегеннен кейінгі қазба бойынша өтетін ауа көлемі ережеге сай, қалыпты желдеткіштік ауа ағыны бағыты кезінде 60 % — дан кем болмауы қажет. Айына бір рет реверсивті қондырғылардың жұмысының дұрыстығы тексеріліп отырады. Жылына екі рет, сонымен бірге желдету тәсімінің бұзылуы мен желдеткіштерді ауыстыру кезінде, апаттың алдын алу жоспарымен сәйкес қазбаларда желдеткіштік ағындардың реверсирленуі тексеруден өткізілуі қажет.

Date: 2021-05-13; view: 970; Нарушение авторских прав

§

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776) - kz  »Рефераттар

Тазалау қазбаларын жеңіл желдетудің тізбектей желдетумен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан тазалау қазбалары жанама дайындау қазбаларымен бірге жеңіл ауа ағынымен желдетіледі. Бір қабат шегінде, бір қабатта орналасқан тазалау қазбаларын тізбектей желдету кезінде келесі басты шарттарды орындау кезінде ғана рұқсат етіледі: а) лавалардың жалпы ұзындығы 400 метрден аспауы қажет; б) аралас қазбалардың арасындағы қашықтық 300 метрден аспауы қажет; в) тізбектей желдетілетін әрбір қазба мен оған жанама жатқан қуақаздарға қосымша таза ауа берілуі қажет; г) аралас қазбалардың арасындағы аралық қуақаздарды ауадағы шаңды қалқып жүрген кезінде аулауға немесе басуға арналған жабдықтармен жабдықталуы қажет.

Кенді кеніштерде әрбір блок пен камераны әлсіз ауа ағынымен желдету қажет. Жеке жағдайларда екінші камерада сапалы ауаны қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар кезінде (таза ауаның қосымша берілуі, шашырату, сулы тұмандар) екі тазалау камераларын тізбектей желдетуге рұқсат етіледі.

Қосымша қазбаларды желдету үздіксіз болуы қажет, ол жалпы кеніштік депрессиямен жүргізілуі және жергілікті желдеткіштермен желдетілуі мүмкін.

Жалпы кеніштік депрессия бойынша желдету кезінде ауа ағынын параллельді қазбалар арқылы шығару керек. Демек мұндағы параллельді және бас қазбаларды бір-бірінен 30 метр қашықтықпен өтетін пештермен жауып тастайды. Параллельді қазбалардың және оқпандардың тұйықтағы кенжарларын желдетуді, олардың арасына құбырлар мен ұзындығы 60 м-ден кем емес қоршаулар қою арқылы жүзеге асыруға болады. Қайта қалпына келтіріліп жатқан кенжарларды жалпы кеніштік депрессиямен желдету үшін, алдымен қазбаның барлық биіктігі бойынша қосымша алдыңғы ұңғымаларды бұрғылау қажет.

Жергілікті желдеткіш қондырғыларымен дайындау қазбаларын желдету, келесі шарттар орындалып, кеніштің бас

инженері бекіткен желдеткіштер қондырғысының жобасы бар болған кезде жүргізіледі:

1) желдеткіш, дайындау қазбасындағы кенжардан шыққан ағыннан 10 м қашықтықта, таза ауа ағыны келетін жерге орнатылады, өйткені мұнда ауа кері айналу мүмкіндігі туындайды. Осыған байланысты дайындық қазбаларының кенжарларында ауаны айдау (немесе аралас) арқылы желдетеді;

2) көмір кеніштеріндегі желдеткіш құбырларының артқы жағынан қазбаның кенжарына дейінгі қашықтық 12 м-ден аспауы қажет, кенді және кенсіз кеніштерде – 10м, газды кеніштерде – 8 м, кеніштік оқпандардың өткелі кезінде – 15 м, грейфермен тиеу кезінде – 20м, қайта қалпына келтіру өткелдері кезінде – 6 м болуы тиіс;

3) желдеткіш үздіксіз жұмыс істеуі қажет және тағайындалған адам ғана қызмет етуі керек. Егер қондырғының автоматты басқару жүйесі бар болса, онда оған қызмет етуге арнайы адамды тағайындаудың қажеттілігі жоқ. Желдеткіштер жұмысы тоқтап қалған жағдайда немесе қазбаның тұйық қазбаларындағы желдеткіштің жұмысының бұзылуы кезінде, электр жабдықтары тоқтатылып, қазбадағы адамдар желдетілетін қазбаларға жылдам арада шығарылады.

Әрбір желдеткішке тақта орнатылады, онда желдеткіш пен кенжарға келіп түскен ауаның мөлшері, желдетілетін қазбаның тұйық бөліктеріндегі рұқсат етілген ұзындығы және аттыру жұмыстарынан кейінгі желдету уақыты жазылып отырады.

Дайындау қазбаларында құбыршектен (шлангадан) тікелей сығылған ауаны жіберу арқылы желдетуге рұқсат етілмейді, ережеге сай мұнда осы қазбаларды эжектрлардың көмегімен желдетуге рұқсат етілмейді.

Жұмыс істемейтін тұйық қазбаларды міндетті түрде желдету қажет немесе кірпішті, тасты, бетонды қалдықтармен жою керек.

Date: 2021-05-13; view: 1015; Нарушение авторских прав

Кен байыту кешені жұмысшыларының еңбек және денсаулық жағдайы мәселелері

В статье отражены результаты исследований отечественных и зарубежных ученых, изучающих влияние социально-гигиенических факторов производства на здоровье работников горнорудной промышленности. В настоящее время изучение заболеваемости, уровня медицинской помощи, а также влияния на здоровье профессиональных групп риска физических и химических факторов производства, в особенности на горно-добывающих и горно-обогатительных предприятиях, являются актуальными проблемами и требуют дальнейших научных исследований.

Қазыбек бек тауасарұлы (1692-1776)

ТауасарұлыҚазыбек(1692–1776)

– Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжіке деген атасынан шыққан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған.

Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуынабереді. Кішкентайлылығына қарамай жақсы оқыған бала Қазыбек медресені төрт жылда тамамдап, елге оралады. Мұнда екі жыл ауыл балаларына дәріс береді.

Екі жыл бала оқытып, іраз адамның сауатын ашқан он бір жасар Қазыбек қасына ауылдасы өзінен бір жас үлкен Өтеғұл байдың баласы Өтегенді (кейін Сүйінбай, Жамбыл жырлаған Өтеген батыр) ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Самарқантта бір жарым жыл болып, атақты Қазы-заде Румидің ұрпағы Хафиз-задеге шәкірт болып, одан дәріс тыңдайды. Одан кейін қайта жолға шығып, Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып сегіз жыл сапарда болады. Қазыбекке, әсіресе, Бағдат пен Ыстамбұлда болып, білім алған кездері өте пайдалы болып, жан-жақты өсуіне мүмкіндік алады. Араб, парсы тілдерін айтарлықтай меңгереді. Араб тілін жақсы білудің арқасында Ыстамбұл кітапханасында Әл-Фараби еңібектерімен танысады, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-Түрк», Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» кітаптарын осы жерде оқиды.

Қазыбек пен Өтеген бүкіл Еуропаны, орыс жерінің біраз жерін аралап, 1709 жылы елге оралады. Елге келгеннен кейін, жиған-терген дүниелерін жинақтап, «Иран шешегі» атты кітабын жазады. Бірақ, жаугершілікті заман оның кітап жазып, ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермейді. Ол амалсыз қаламын найзаға айырбастап, ел қорғау ісіне араласады. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жаудың өтінде өтеді.

Ол алғаш қалмақтармен Аягөзде болған соғысқа қатысады. Осында ол Қабанмен, Қожаберген жыраумен танысады. Осыдан бір жылдан соң, Сеуан Рабданға Тәуке ханның елшісі болып барады.

Елдің «Ақтабан Шұбырындыға» ұшырауы – ерлердің жанына қатты батады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей, бірде босқын елдің басын қосып, ұлжымдастырып жатса, бірде өкшелей қуған жауға тойтарыс беріп, шайқасып жатты. Осы бір қазақтың басына төнген қаралы күндердің ауыртпалығын Қазыбек те ел ағаларымен бірге көтеріп, арпалысты күн кешеді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған талай соғысқа қатысып, ерлік көрсетеді. Сондай шайқастардың бірінде қырық жерінен найза тиіп, ақыры сол жарадан қайтыс болады.

Бізге ҚазыбекТауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген жалғыз еңбегі жетті. Ол онда замандастары жайында көп деректер береді. Ел-жұртының тәуелсіздігі жолында арыстанша алысып, опат болған көптеген ерлердің аты-жөні айтылып, істеген ерліктері тәптіштеле баяндалады, заты қазаққа әйгілі тұлғалар жайында аса бір сүйіспеншілікпен жазады. ҚазыбекТауасарұлының бұл еңбегінің құндылығы да осында.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий