Биология | генетиканың даму тарихы

Генетиканың даму тарихы
Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады.
Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.
Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.
Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.
Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер — геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептелінген.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында “пангенезис” теориясын А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вейсман “ұрық плазмасы” туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.
Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды.
Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Себебі үш елдің ғалымдары: голландиялық Г. де Фриз, неміс ғалымы К.Корренс және австриялық генетик Э.Чермак-Зейзенегг әр түрлі объектілермен тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. 1909 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон өсімдіктер мен жануарлардың әрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүретіндігін дәлелдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп, Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды.
1909 жылы дат оқымыстысы В.Иоганнсен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (герекше “genos” — шығу тегі), генотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.
Генетика тарихының бұл кезеңінде организмдердің жекелеген белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне жауапты тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі — ген туралы ұғым қалыптасып, Мендель ілімінің әрі қарай дамуына мүмкіндік туды. Дәл сол кездегі (1901 жыл) голландиялық ботаник ғалым Х. Де Фриздің организмнің тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутация теориясының ұсынылуы генетика ғылымының дамуында ерекше орын алады.
Генетика тарихындағы шешуші бір кезең американдық генетик, әрі эмбриолог Т.Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашуымен тығыз байланысты. Т.Морган және оның шәкірттері жеміс шыбыны — дрозофилаға тәжірибе жасаудың нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың көптеген заңдылықтарын ашты.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы ілімді дамытуда орыс ғалымы Н.И.Вавилов зор үлес қосты. Ол 1920 жылы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас (гомологиялық) қатарлары заңын қалыптастырды. Бұл заң бір-біріне жақын туыстар мен түрлерде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің ұқсас болып келетіндігін дәлелдейді.
Ғылымға енгізілген жаңалықтың бірі — 1927 жылы орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филипповтың радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация тудыра алатындығын дәлелдеуі еді.
Ген теориясын дамытуда орыс биологтары А.С.Серебровский мен Н.П.Дубининнің эксперименттік және теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды. Сол сияқты популяциялық генетика мен эволюциялық генетиканың негізін қалауда орыс генетигі С.С.Четвериковтың алатын орны ерекше.
Генетиканың даму тарихы үш кезеңге бөлінеді. Оның алғашқы екеуі 1865—1953 жылдар аралығын, яғни классикалық генетика дәуірін қамтиды. Генетика тарихындағы үшінші кезең — 1953 жылдан басталады. Ол — химия, физика, математика, кибернетика сияқты нақты ғылымдардың зерттеу әдістері мен электрондық микроскоп, рентгенқұрылымдық анализ, т.б. қолданудың нәтижесінде молекулалық генетика негізінің қалануы.
1944 жылы американдық микробиолог әрі генетик О.Эври тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі — ДНҚ екендігін дәлелдеді. 1953 жылы американдық биохимик әрі генетик Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі Ф.Крик ДНҚ молекуласының молекулалық құрылымының моделін жасады.
Қазіргі кездегі генетиканың дамуы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ілімнің барлық салаларында зерттеу жұмыстары молекулалық деңгейде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, генді организмнен тыс қолдан синтездеу, дене клеткаларын будандастыру, генетикалық материалдың алмасуы (рекомбинация), геннің қайта қалпына келуі (репарация), биополимерлерді қолдан синтездеу, гендік инженерия сияқты проблемаларды зерттеу кеңінен таралып отыр.
Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алшақ будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис, т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдарды түрішілік және түраралық будандастырудың нәтижесінде бидайдың, арпаның, көксағыздың, жүгері мен қант қызылшасының жоғары өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев, Н.Л.Удольская және т.б. еңбектері зор. М.Х.Шығаева мен Н.Б.Ахматуллина микроорганизмдер генетикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алшақ будандастыру әдісімен қойдың архар-меринос тұқымын алды. М.А.Ермеков, Ә.Е.Еламанов, В.А.Бальмонт, т.б. қазақтың ақбас сиырын, Алатау сиырын және Қостанай жылқысын, т.б. асыл тұқымдарды шығарды.
Қазақстанда тұңғыш рет М.А.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.
Соңғы жылдары елімізде генетиканың аса маңызды салалары: молекулалық генетика, экологиялық генетика және радиациялық генетика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Қарап көріңіз 👇
Органикалы? заттар (атф ??рылысы мен жасушада?ы ма?ызы) – биология, уроки
Органикалы? заттар (АТФ ??рылысы мен жасушада?ы ма?ызы)
Биология 10 сынып?а арнал?ан о?улы?, электронды о?улы?, ?аламтордан алын?ан м?ліметтер.
1. О?ушыларды АТФ молекуласыны? ??рылысы,?асиеті ж?не ма?ызымен таныстыру.
2. Д?ниетанымын арттыра отырып,о?у материалдарын толы? ме?геру ?абілетін дамыту.
3. ?йымшылды??а тазалы??а т?рбиелеу.
О?ушылар білуге тиіс:
– АТФ молекуласыны? ??рылысын, ?асиетін, жасушада?ы ма?ызын;
– АТФ молекуласыны? жасушада ат?аратын ?ызметтерін.
М??алімге арнал?ан н?с?аулы?.
Биология. Жалпы білім беретін мектепті? 10 сыныбына арнал?ан о?улы? Т.?асымбаева,К.М?хамбетжанов.Алматы «Мектеп», 2021
Жалпы биология.?дістемелік н?с?ау. Т.?асымбаева, А.?исымова. Алматы «Мектеп», 2006
Биология ж?мыс д?птері. Биология о?ыту ?дістемесі.
М??алімні? іс-?рекеті
О?ушыларды? іс-?рекеті
1.Сынып ішін ?йымдастыру. Сыныпта психологиялы? ахуал ту?ызу. Бір біріне жа?сы тілек арнау.
2.Топ?а б?лу( геометриялы? фигуралар ар?ылы)
Саба? ?станым:
Адамнан ?ылым – айла асырма?ан,
??пиясын ??лыптап жасырма?ан.
Кел, б?ріміз ?ылымны? тілін зерттеп,
Бір ж?мба?ын ашайы? ашылма?ан!
3. ?ткен та?ырып бойынша с?ра?тарды талдау.
1. Бас?асын ?ара?анда ?андай органикалы? емес ?осылыстар е? к?п м?лшерде жасушада жинлатынды?ын к?рсеті?із.
а) калий; в) натрий; с) кальций; д) су; е) магний.
2. Жасуша ??рамында су ?андай м?лшерде болатынын к?рсеті?із.
а) 80%. в) 20%. с) 1%. д) болмайды. е) 5%.
3. Жасуша ??рамыны? ішінде органикалы? емес заттарды? м?лшері:
а) 80%. в) 20%. с) 1%. д) жо?. е) 5%.
4. Жасушаны? бейорганикалы? ?осылысына жатады:
а) нуклеин ?ыш?ылдары; в) к?мірсулар; с) а?уыздар;
д) минералды т?здар; е) майлар.
5. Бейорганикалы? заттар?а жатады:
а) май; в) а?уыз (н?руыз); с) су. д) к?мірсу;
е) нуклеин ?ыш?ылдары.
6. С?йекке беріктік ?асиет беретін элемент:
а) к?мірсу; в) кальций; с) калий; д) магний;
е) натрий.
7. Ас т?зы ?андай химиялы? элементке жатады:
а) органикалы?; в) бейорганикалы?; с) еш?айсысына жатпады. д) екеуіне де жатады. е) су?а жатады.
8. Цитоплазманы? негізгі заты -.
а) май; в) су; с) к?мірсу;д) т?здар; е) н?руыз.
9. Суды? жасушада?ы ?асиеті.
а) химиялы? реакциялар жылдамды?ын арттырады; в) жасушаны? ?алыпты физиологиялы? к?йін ?амтамасыз етеді; с) майларды ?аттан?ан кезде ?ан то?татады; д) энергияны? негізгі биологиялы? жина?таушысы; е) Жасушаларды? негізгі энергия к?зі.
10. Жа?сы еріткіш зат.
а) май; в) а?уыз (н?руыз); с) су. д) к?мірсу;
е) нуклеин ?ыш?ылдары.
4.О?улы? пен ж?не ?осымша а?паратпен ж?мыс.
АТФ (Аденозин?шфосфор?ыш?ылы) — энергитикалы? нуклеотид. Б?л – тірі жасушада?ы негізгі энергия заты. Оны? р?лі мен ?асиетін а?ырына дейін т?сіну ?шін АТФ молекуласыны? ??рылысын білу керек. Б?л – жал?ыз нуклеотид. Ол РН? тізбегіндегі нуклеотидтерге ??сас, ?йткені оны? ??рамында ?ант – рибоза болады. Азотты негізі – аденин. Негізгі айырмашылы?ы мынада: АТФ-да фосфор ?ыш?ылыны? бір ?алды?ыны? орнына рибоза?а бірінен со? бірі ?ш ?алды? ?осылады, сонды?тан «?шфосфат» атал?ан.
АТФ негізгі биологиялы? энергия жина?тау ?ызметін ат?ару?а фосфор ?алды?тарыны? арасында?ы химиялы? байланыс?а м?мкіндік жасайды. Ол молекуладан «?зілген» кезде энергия б?лінеді.Сонымен бірге б?лінген энергия тірілік ?дерістеріне – б?лшы?ет жиырылуына, зат синтездеу немесе ж?йке серпінділігіне пайдаланылады. Егер жасушада энергия (??нарлы заттарды? ыдырау ?дерісінде) пайда болса, онда АТФ-ты о?ай ?алпына келтіруді? ?айтымды ?дерісі ж?реді.
АТФ – а?заларды? б?кіл пайдалы энергиясы іс ж?зінде сол ар?ылы «?тетін» зат. Б?кіл тіршілік ?дерістері негізіне жататын химиялы? реакцияларды? жасушада ж?зеге асуына жылу, механикалы?, ?зге де еш?андай энергия т?рі пайдаланылмайды. АТФ-ны «жасушаларды? энергетикалы? нар?ы» деп жиі айтатыны сонды?тан болса керек. Заттар ыдырау ар?ылы энергиясын АТФ синтезіне береді.
О?улы? бойынша м?тінмен ж?мыс,т?ртіп алу.
Кластер ??растыру:
І топ №1 тапсырма. АТФ жасушаларды? энергетикалы? нар?ы.
ІІ топ №2 тапсырма. АТФ молекуласыны? биологиялы? р?лі.
ІІІ топ №3 тапсырма. АТФ молекуласыны? ??рылысы.
1. Бір бірімен амандасады, жа?сы тілектер арнайды ж?не жа?сы к??іл к?ймен ынтыма?тасты? орта ??рады.
2.Ал?ан таратпа материалдары ар?ылы б?лінеді.
3. Нуклеин ?ыш?ылдарын зерттеудегі деректер.
Нуклеин ?ыш?ылдары, ДН? ж?не РН?- ны? ??рылысы.
ДН? молекуласыны? екі еселенуі.
К?мірсулар – жасушаларда?ы негізгі энергия к?зі. Ол екі топ?а б?лінеді: Моносахаридтер. Полисахаридтер
?арапайым к?мірсулар. Ма?ыздылар: глюкоза, фруктоза, галактоза. ?анны? ??рамында 0,1 – 0,12% глюкоза болады. Екі моносахарид ?алды?тарынан т?ратын дисахаридтерге мальтоза, лактоза, сахароза жатады.
?сімдіктерде болатын сахароза глюкоза мен фруктоза ?алды?ынан т?рады.
К?птеген моносахарид ?алды?тарынан т?зілген к?рделі к?мірсулар. Крахмал, гликоген, целлюлоза сия?ты полисахаридтерді? мономері – глюкоза.
Липидтер – суда ерімейтін органикалы? заттар.
Н?руыз – жо?ары молекулалы полимерлік ?осылыс.
Гетерополимерлер – н?руыздарды? амин?ыш?ылдары бірдей емес н?руыздар.
Пептидтер – ??рамында?ы амин?ыш?ылдарыны? саны аз 10-?а дейін болатын ніруыздар.
Полипептидтер – ??рамында?ы амин?ыш?ылдар саны к?п ж?здеген, мы?да?ан н?руыздар.
Денатурация – ?андай да бір ?олайсыз жа?дайлар?а байланысты н?руыз молекуласыны? таби?и ??рылымыны? б?зылуы.
Ренатурация – ?олайлы жа?дай ту?ан кезде н?руыз молекуласы бастап?ы ?алпына келуге ?абілетті ??былыс.
Ферменттер – барлы? тірі а?заларда болатын ж?не биологиялы? катализатор ролін ат?аратын ерекше н?руыздар.
Нуклеин ?ыш?ылдары – жо?ар?ы молекулалы таби?и ??былыс.
Комплементарлы? – бір тізбектегі аденин мен екінші тізбектегі тимин екі сутектік байланыс ар?ылы, ал бір тізбектегі гуанин мен екінші тізбектегі цитозин ?ш сутектік байланыс ар?ылы жал?анып, бір – біріне с?кес келуі.
Транскрипция – комплиментарлы? принцип бойынша ДН? тізбектеріні? біреуіне с?йкес ситезделу процесі.
АТФ – ?мбебап энергия к?зі.
4.Тарауды ?орытындылау?а арнал?ан тест с?ра?тары.
АТФ молекуласы азотты негіз – адениннен, к?мірсу-рибозадан ж?не фосфор ?ыш?ылыны? ?ш молекуласынан (?алды?ынан) т?зіледі. АТФ-та?ы фосфор ?ыш?ылыны? молекулалары т?ра?сыз химиялы? байланыспен байланыс?ан. Т?ра?сыз макроэргиялы? байланыс энергия?а ?те бай. Осы байланыстар ?зілген кезде энергия б?лініп шы?ып, клетканы? тіршілік етуіне ж?не органикалы? заттар синтезіне ж?мсалады. Негізгі синтез митохондрияда ж?реді, б?л реакция ?айтымды:
АТФ Н 2О = АДФ Н3 РО4 Q (1)
АДФ Н 2О = АМФ Н3 РО4 Q (2)
Кластер ??растыру
АТФ тiрi а?заларды? ?мiр с?руiндегi энергияны? орталы?ы.
1.Энергияны? жиналуы.
2. Жинал?ан энергияны АТФ синтезiне пайдалану.
Стикерлеріне рефлексия жазуды ескерту.
Критерий бойынша ба?алау.
Та?ырып бойынша с?ра?тар тарату.
1.Аденозинтрифосфат ?ыш?ылы —
2. АТФ ?андай тіршілік процестерін ж?зеге асырады?
Стикерлеріне саба?ты? рефлексиясын жазып, жапсыру.
Топ басшыларыны? ба?алауы.
?осымша м?ліметтерден АТФ молекуласына слаид ж?не реферат дайындау.
?аламтордан АТФ молекуласы туралы м?ліметтер іздеп келу. Та?ырып бойынша слаид, реферат жазу.
Урок на тему : днқ-ның құрылысы және жасушадағы рөлі
Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі:
БЕКІТЕМІН | ПӘНІ | Биология | КЛАСЫ | 10 |
| ||||||||||||||||
ТАҚЫРЫП |
| ||||||||||||||||||||
МАҚСАТЫ | Нуклеин қышқылдарының құрылыс ен оның жасушадағы атқаратын қызметтері туралы баяндау. ДНК мен оның құрылысына жеке тоқталу. Тапсырмалар орындау барысында оқушыларды мақсатқа сай біліммен қамтамасыз ету. | ||||||||||||||||||||
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ | Өз бетімен ізденіске бейімделеді. Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады; Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді; Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді; Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді; Ақпараттық білімдері сараланады; Экологиялық, адамгершілік тәрбие беріледі; | ||||||||||||||||||||
КЕЗЕҢДЕРІ | РЕСУРСТАР | САБАҚТАҒЫ ІС–ӘРЕКЕТ | ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ | БАҒАЛАУ | |||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) | Биология оқулығы | Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Әрі қарайғы әрекет үй тапсырмасына жауап беріп, талқылаумен жалғасады. | |||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту (3 минут) | Биолог анықта малығы | Мұғалім тарапынан сабақ тақырыбы таныстырылады. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты айқындалады.
| Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады | Стикер арқылы бағалау | |||||||||||||||||
Мағынаны тану (15 минут) (15 минут) | Биология оқулығы | Өткен тақырыпты бекіту мақсатымен оқушылар қатар бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. «Ұғыну» сатысында қолданылады. Қолдану технологиясы: екі студент әрбір азат жолдан кейін тоқтай отырып мәтінді оқиды, содан кейін бір-біріне оқығанының мазмұны бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Берілген түр коммуникативті дағдылардың дамуына әсер етеді. | Жекеленген оқушыларға көмек | Фактілерді баяндайды Мадақтау (3шапалақ, | |||||||||||||||||
Рефлексия (10 минут) | Оқушылар стикерге «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтарын жазып тақтаға жапсырып, оған жауап береді. ББҮ кестесі арқылы сабақты қорытындылау.
| Қабілетті оқушы мен деңгейі төмен оқушыны анықтау | 2-жұлдыз, 1-тілек. | ||||||||||||||||||
Қорытындылау | Үйге тапсырма: Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрін анықтады. Соның ішінде «Топтық әңгіме» әдісімен жұмыстану (даярлық).
| ||||||||||||||||||||







