ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ — «Qostanaı» телеарнасының ресми сайты

“ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі бағыттары” (баяндама)

«Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп
қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің 10-шы қарасөзінде айтып кет
кен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді.

Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

Бала барлық үлгі-өнегені өзі шықққан отбасы мен ата-анасынан алады.Оның азаматтық келбеті, мінез-құлқы жанұядағы жандардың күшті ықпалымен қалыптасады.Аяғын апыл-тапыл басқан сәби алғашқы қылықтарын ата-анасынан, аға-апаларынан көрген, үйренген үлгі бойынша жасайды.Не көрсе соны үйренуге, не естісе , соны айтуға тырысады.

Сондықтан да баланың алдында ата-ана үлкен жауапкершілік сезну керек.

Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы туралы атақты педагог В.А Сухомлинский ьылай дейді: «Біз өз балаларымыздың құлағына нені сіңіріп, нені үйреткенімізден гөрі, өзіміз кім,біз қандай ой-ниеттеміз, сезім-түйсіктеріміз,тілектеріміз не,өзіміз үшін нені нені жақсылық,нені жамандық деп түсінеміз-міне осылар арқылы балаларымызды көбірек тәрбиелеиміз». Сіздер өз балаларыңызды өздеріңіздің әр қадамдарыңызбен, әр қылықтарыңызбен тәрбиелейсіздер ;ол-ол ма, тіпті өзіңіз үйдежоқта да тәлім бересіз.Егер сенің балаларыңды жамандаса,демек сенің өзіңді де жамандағаны.

Анаң мен әкең мейрімсіз,қатыгез долсаң, өзіңнің балаларың да сондай болмақ.Балаларыңа сенің беруге тиісті ең қымбат және өте қиынға түсетін бақыт – бұл адамдар үшін еңбек ету бақыты.
Жанұядағы еңбек тәрбиесі –барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан процес.Еңбек адамды мақсатқа, бақытты өмір сүруіне себебші болады.Сондықтан еңбек тәрбиесі-жанұя бақытының негізі.

А.С Макаренко: «адамның болашақ мамандығы үшін ең маңызды нәрсе-жанұядағы еңбек тәрбиесі.»,-дейді.Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс,өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады».дейді.

В.А Сухомлинский «Еңбек адамның екінші анасы дейді»-халық.

Әрбір ата-ана баласының тәртіпті, кішпейіл, еңбекке бейім боп өсуіне сәби жасынан ықпал етуі керек.Балаға жүктелетін жұмыс олардың шамасына лайықты болуы керек. Баланы 4-5 жасынан үй шаруасына көмектесуге үйреткен жөн. Мысалы ер балаларға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаларға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй жинау жұмыстарын тапсыру керек.Баланың тапсырлған жұмысты орындау кезіндегі сәтсіздігі үшін оған ұрсып , жігерін жастыуға болмайды, сол бала басқа бір жұмсты ұқыпты,ынталы орындауы мүмкін.Сондықтан жұмысты ата-ана әр баланың шамасына, икеміне лайықтап тапсыруы керек.Бұл жерде ата-ана жазалау, мадақтау сияқты тәрбие тәсілдерін орынды да, әділ және кішпейілділікпен қолдануы қажет.

Рефераты:  Аурухана ішілік инфекция - презентация онлайн

Жанұядағы еңбек тәрбиесі- баланың мінез-құлықының қалыптасыуына себепші болаты негізгі фактор.Жақсы ұйымдастырлған, қолдауын тапқан, нәтижелі еңбек, баланы қуантып, оның сенімін арттырады, адамгершілік сезімін дамытады.

Еңбек баланың ата-анаға, ата-ананың балаға сүйіспеншілігін нығайта түседі. Сүйіспеншілік- адамгершіліктің алдынғы нышаны. Адамгершілік туа бітпейді, ол тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.

Ұлы жазушы А.П Чехов: «адам барлық жағынан да сұлу болуы керек»-дейді. Жанұяда ата-ана баланың таза киініп, таза жүріуімен қатар оның әдепті болуын талап етеді.Әдептілік эстетиканың негізгі бір саласы.Эстетикалық тәрбие жанұяда баланың әсемдік түсіну қабілетін дамытудан басталады.

Баланың асыға күтетін қуаныштарының бірі-мектеп табалдырығын аттау, оқушы болу.Осы орайда ата-аналар алдында тұратын міндет те үлкен.Баланы мектепке оқушы болуға дайындау қажет.Ата-аналар ерте бастан баласына адамды оқуға, жазуға, дүние тануға үйрететін, ел ардақтайтын азамат болуға тәрбиелейтін мектеп екендігін айта бергені жөн.

Кейбір ата-ана өз жұмыстарымен болып, баласының бос уақытта немен шұғылданатынымен, достарының кім екенімен шаруасы болмайды, көпшілігі бұл мұғалімнің жұмысы деп есептейді. Әрбір ата-ана мұғаліммен тығызбайланыста болғаны жөн, онсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Ата-ана мен мұғалім бірлесіп жұмыс істегенде ғана бала бойына ізгі қасиеттерді толығынан сіңіруге болады.

Мұғалім сыныбындағы әр баланың мінез-құлқындағы ерешеліктерді, оны не қызықтыратынын, немен шұғылданғысы келетінін туралы өте жақсы біледі. Кейде өз баласының бойындағы осындай ерекшк қасиеттерді ата-ана дер кезінде байқамауы мүмкін, сондықтан ата-ана мұғалімнен баласының жағдайын жиі біліп тұруы керек. Баланы жақсы көру –барлық ата-анаға тән қасиет.Алайда тек жақсы көру балаға жақсы тәрбие бергендік болып есептелмейді.Ата-нананың ең ардақты міндеті-бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі, шаршамай, ерінбей бақылап жақсылыққа жөн сілтеу.

Балалардың үлкендерден көшіретінін ұмытпайық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осыдан қалған. Бала –біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы, сондықтан бала тәрбиесі ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызымет етсін десек, халқына адал, бақытты болып, өмірде өз орнын табыуын естен шығармай, үнемі көіл бөліп отыру қажет-ақ.

Рефераты:  Золотой век русской культуры

Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалар болады

Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалар болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар 147 396 балалар мен жәсөспірімдер тіркелген, ол өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда ҚР БҒМ Ұлттық түзеу педагогикасының ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекшісі Ғалия Абаеваның айтуынша соңғы екі жылда ерекше оқыту қажеттіліктері бар балаларды біліммен қамту ұлғайған екен. Осылайша, ерте жастағы балаларды біліммен қамтамасыз ету 64%-ға, мектеп жасына дейінгі балалар – 78%, мектеп жасындағылар – 93,4% құраған. Және де шамамен 20 мың бала арнайы мектептерде оқып жатыр.

Ерекше оқу қажеттіліктері бар балаларды білім жүйесіне жұмылдыру үшін елімізде білім беру жағдайларын жасау қажет.

«Білім жағдайын құру – ол бірінші кезекте, оқу жоспарларының, бағдарламалар мен жетістіктерді бағалау жүйесінің нұсқалығы мен ыңғайлылығы. Бала орта білім беру ортасына келгенде, дарынды бала да, психикалық ауытқуы бары да, орташа статистикалық мүмкіндігі бар бала да бір бағдарламамен оқуы тиіс емес. Сондықтан бағдарламалардың нұсқалығы және икемділігін қамтамасыз ету қажет», – деді Ғалия Абаева.

Ол үшін «Білім туралы» заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр, оларға сай білім бағдарламасы түрлерінің анықтамасы жазылатын болады – барлық оқушылар үшін жалпы білім беру оқу бағдарламасы, дарынды балалар үшін арнайы оқу бағдарламасы, даму мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, сөйлеу және т.б. мүмкіндігі шектеулі) оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен психофизикалық ерекшеліктері ескерілген мемлекеттік стандарт негізінде құрылған бейімделген оқу бағдарламалары және мемлекеттік стандарттарды орындауға бейімделмеген ойлау қабілеті шектеулі оқушыларға арналған арнайы оқу бағдарламалары.

Бұған қоса, сарапшылардың айтуынша, мектептерді материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтаумен айналысқан да маңызды. Осылайша, білім және ғылым министрлігінің қадағалауымен зағип балаларға арналған Брайль әдісі бойынша оқулықтар және көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ірі шрифтермен жазылған кітаптар шығарыла бастады, сондай-ақ ойлау қабілеті шектеулі балаларға арналған оқулықтар да әзірленді.

Рефераты:  Производство: затраты, выручка, прибыль. Обществознание 7 класс

Білім саласында инклюзияны дамытудағы маңызды мәселердің бірі – білікті мамандармен қамтамасыз ету.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, 2021 жылы Қазақстанның әр аймағында инклюзивті білім бойынша ресурс орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

«Әсіресе аудандарда дефектологтар қатты жетіспейді. Сәйкесінше дәрігерлер де тапшы. Сондықтан кадрларды дайындау және қажетті көлемде мемлекеттік тапсырыс бөлу мәселесі тұр», – дейді Аймағамбетов. Осылайша, дефектолог-мұғалімдердің бакалавриат бойынша оқуына биылғы жылы 400 грант, магистратураға – 100 грант, докторантураға – 30 грант бөлінген.
null

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, жоғарғы оқу орындарында педагогикалық кадрларды даярлау кезінде инклюзия бойынша элективті курс бағдарламасы өзгертілетін болады.

«Біз инклюзия туралы айтқанда, көбінесе барлығын материалды-техникалық заттарға, пандустарға және т.б. көңіл бөлеміз. Бірақ шын мәніне келер болсақ, егер бізде пандустар мен кедергісіз орта 100% жасалса да, білім бағдарламаларымен байланысты, оқушылармен өздерінің жұмысын басқаша құрып, түрлі деңгейде бағалауға, қабылдауға, жұмыс істеуге дайын ба жоқ па, сонымен байланысты проблемаларға тап боламыз. Міне, осы жұмыстар анағұрлым күрделірек. Осы ретте біз бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында оқып жатқан әріптестеріміз дайын, білікті болып шыққанын қалаймыз», – деді вице-министр.

Жалпы отырыс қорытындысы бойынша талқылауға қатысушалыр кең ауқымда мәселелерді қарастырып, Қазақстандағы инклюзивті білімді дамыту бойынша пікір алмаса алды.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий