Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері – экономика, қаржы, бухгалтерлік іс, банктік іс, салық! – білім және ғылым – каталог файлдар – білім және ғылым сайты
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Мемлекеттік бюджеттiң кiрiстерi (арнайы эканомикалық аймақтардың қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар салықтардан, алымдардан, төлемақылар мен мемлекеттік баждардан тұрады.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жѕзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтармен бюджетке төленетін басқа да төлемдер қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар басқа да төлемдер мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Адамзат дамуының бүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi органдар белгiлейтiн түрлi мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар мен аударымдар жатады, олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң, жұмыстың және қызметтер көрсетудiң өзiндiк құнынан, табыстан (пайдадан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелiнедi.
Салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұны олар атқаратын функцияда толық ашыла түседi. Жалпы қаржы категориясы түрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгiштiк функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретiнде қарастырған жөн.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi – ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң кiрiстерiн және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады. Салықтарда басқа да төлемдер мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен ролi қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарды басқа да төлемдерді төлеу – әрбiр азаматтың қасиеттi борышы деген едi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады, – деп жазылған. Яғни бұл менің курстық жұмысымның маңызлыдығын көрсетеді. Курстық жұмысым үш бөлімне тұрады: жұмыстың бірінші бөлімінде төлемақылардың мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы экономикалық мәні онда 2001 жылдың 12 маусымынан қабылданған Жаңа Салық Кодексі және 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылған Салық Кодексі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 төлемақылардың мәні мен ерекшеліктерін, ал екінші бөлімінде алымдар мен төлемақыларды есептеу және рәсімдеу жолдары қарастырылды.
I Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні
1.1 Мемелекеттік бюджеттің қалыптасуындағы төлемақылардың экономикалық мәні
Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшеiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттiк бюджет деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттiк бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде объективтiк сипатқа ие. Оны бөлудiң дербес саласы ретiнде өмiр сүруiн қоғамдық өндiрiстiң өзi айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қаже етедi. Қаражатты орталықтандыру бүкiл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздiксiз айналымын ұйымдастыру үшiн, жапы экономиканың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлiнiсi мемлекеттiң табиғаты мен қызметiнен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкiл қоғам ауқымында әлеуметтiк-мәдени шаралар өткiзуге, қорғаныс мiндеттерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандрылған қаржыны қажет етедi.
Сөйтiп, мемлекеттiк бюджет ұдайы өндiрiстiң қажеттерiнен, мемлекеттiң табиғатынан объективтi қажеттiлiк туындайтын болып табылады.
Экономика қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты учаскелерiнде шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде Мемлекеттiк бюджет айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi [4].
Нақты, объективтi бөлiстiң қатынастардың формасы болғандықтан айырықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемекеттiк бюджет экономикалық категория ретiнде көрiнедi.
Қоғамдық өнiмнiң тауар формасындағы қозғалысы мен тiкелей байланысы жоқ құнды бөлiсi, одан алашақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндiрiспен өндiрiстен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар –ақша қатынастарымен астасып жатады.
Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы ”Бюджет жүйесi туралы” Заң мен тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
1.2. Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың ерекшеліктері мен түрлері
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы: мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi – төлемақы) алынады. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленедi.Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.Төлеушiлер: жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы: жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат беру құжаты негiзiнде жүзеге асырылады. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңдарымен белгiленедi. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңiрлiк уәкiлеттi органдар есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi. Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады. Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы: қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн экологиялық рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Экологиялық рұқсатта белгiленген тәртiппен ресiмделмеген қоршаған ортаға эмиссиялар, жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен тыс қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-нен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi. Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы: Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) табиғи еркiн жағдайда мекендейтiн жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшiн алынады. Жануарларды ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру мен будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды. Жануарлар дүниесiнiң мынадай санаттары: аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi; балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi; сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi; өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерi (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшiн төлемақы белгiленедi. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң санаттары үшiн төлемақы осы хайуанаттардың бағалы түрлерiне ғана белгiленедi.
Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемдi әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы: орманды пайдаланудың мынадай түрлерi:
1) ағаш дайындағаны;
2) шайыр және ағаш шырындарын дайындағаны;
3) екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршiктерi мен бұталарды) дайындағаны;
4) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шипалы өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсенiштерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсатында, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттарында пайдаланғаны;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы қажеттерi үшiн пайдаланғаны;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін алынады.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман пайдалануға орман билетiнiң негiзiнде берiледi. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу орман пайдалану орыны бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде тиiстi органда ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке есептеу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi. Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi – орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы: Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, декреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ әкiмшілiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша мәлiметтер бередi. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлеушiлер болып табылады.
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы: байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) үшiн алынады. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттармен куәландырылады. Радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын бөлу конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда, конкурс қорытындылары бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi. Заң актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер төлеушілер болып табылмайды.
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы: ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы үшін алынады. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы: Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады. Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган келесi айдың 15-нен кешiктiрмей ай сайын салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалануға рұқсат құжатын алған тұлғалар бойынша мәлiметтер берiп отырады. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табыладыда, ал мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендерде плакаттар, стендiлер, жарық түсiретiн табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде сыртқы (көрнекi) жарнамалар объектілерiн орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектiлерiне құқық үшiн алынады. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру: жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн құжат негiзiнде; елдi мекендерде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде – жергiлiктi атқарушы органдардың елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыру тәртiбi мен шарттары жөнiнде белгiлеген талаптарына сәйкес берiлетiн рұқсат негiзiнде жүргiзiледi. Тиiстi құжаттарсыз жарнама объектiлерiн орналастыруға тыйым салынады. Тиiстi рұқсат құжаттары болмаған кезде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жарнама объектiлерiне бөлiнген белдеуiндегi жер учаскелерiн нақты пайдалану және (немесе) оларды елдi мекендерде орналастыру төлемақы сомаларын бюджетке өндiрiп алу және енгізу үшiн негiз болып табылады. Жол органдары және жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей салық органдарына мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша рұқсат беру құжатын алған тұлғалар жөнiнде мәлiмет бередi. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер) төлемақы төлеушiлер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары олардың өз функцияларын iске асыруына байланысты орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
II Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
Төлемақы сомасы жергiлiктi атқарушы органмен жасаған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының негiзiнде есептеледi. Төлемақының жыл сайынғы сомалары жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
Шарт талаптары, жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда жергiлiктi атқарушы орган төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
Салық кезеңiнде төленуге тиiс төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және жер учаскесiн салық кезеңiнде пайдалану кезеңiне қарай белгiленедi. Төлемақы мөлшерi жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгiленедi.
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес белгiленедi.
Төлемақы төлеушiлер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тең үлестермен бюджетке төлейдi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлем сомаларын белгiленген тәртiппен төлейдi. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi. Белгiленген мерзiмдерiнен кейiн өтемi төленетiн уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерiн берген жағдайларда, төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады. Уақытша өтеулi жер учаскесiн пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.Мемлекет өтемiн төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерiн төлемнің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнi бюджетке төлем төлеу мерзiмi деп есептеледi. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен кешiктiрілмей төленедi. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
Салық есептiлiгi: арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi қоспағанда, ақы төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есебiн табыс етедi. Төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомасының есебiмен бiрге жергiлiктi атқарушы органмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi.
Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлем сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi. Төлеушiлерге – дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органмен оны бұзған кезде шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi табыс етiледi [20].
2.2 Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.
Салық салу объектiлерi:
1. Төлемақы салынатын объектiлер:
1) мыналарды:
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган растаған су шығындарын;
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
4) балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi болып табылады.
Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.
Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
Су жинаудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген лимиттен асып кеткен жағдайда асып кеткен бөлiгiнде үш есе ұлғайтылады.
Есептеу мен төлеу тәртiбi
Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып төлеушi дербес айқындайды.
Төлеушiлер (шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлем сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын бюджетке енгiзуге мiндеттi.
Төлем рұқсат құжаттарында аталған арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеу мен төлеу ерекшелiктерi:
1. Шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiппен жүргiзедi:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген ағымдағы төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге есептелген сома есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.
2. Өнеркәсiп орындары өндiрiстiк қажеттер үшiн су шаруашылығы жүйелерiнен алатын суға, ол тiкелей су шаруашылығы жүйелерiнен, басқа өнеркәсiп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарынан келетiнiне қарамастан, төлемақы төлейдi.
3. Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың көлемiн шегере отырып, жер үстi көздерiнен алынатын су үшiн бюджетке төлемақы төлейдi.
4. Жеке және заңды тұлғалар суды қысыммен ағызатын және суды реттейтiн құрылыстары бар су көздерiнде жүк тасымалы үшiн төлемақы төлейдi.
5. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттер үшiн жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгілейдi.
6. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге суды жинау лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгiлейдi. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп орындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.
Салық есептiлiгi:
1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын, осы баптың 4-тармағында аталған төлемдердi қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
3.Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Ағымдағы төлемдер сомасының есебi салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.
2.3 Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Салық салу объектiсi қоршаған ортаға эмиссиялардың белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) қоршаған ортаға одан артық эмиссиялардың нақты көлемi болып табылады.
Төлемақы ставкаларын базалық ставкалардан кем болмайтындай және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен шектi ставкадан жоғары болмайтындай етiп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары жыл сайын белгiлеп отырады.
Қоршаған ортаға белгiленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады.
Есептеу мен төлеу тәртiбi
Төлемақы сомасын салық төлеушілер қоршаған ортаға эмиссияның және белгiленген ставкалардың нақты көлемiн негiзге ала отырып дербес есептейдi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдарға шағын көлемдi төлемдер төлейтiн ұйымдар үшiн (жылдық жиынтық көлемде 100 есептiк көрсеткiшке дейiнгi) төлемақыларды қоршаған ортаға эмиссиялауға лимиттi сатып алу нысанында жеткiзуiне рұқсат етiледi. Лимиттi сатып алу рұқсат ету құжаты салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ресiмделген жағдайда есептi жыл үшiн алдын ала толық төлеу арқылы жүргiзiледi.
Рұқсат ету құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған кезде лимиттi сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат ету құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
Уәкiлеттi орган оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген жер бойынша бюджетке төлемақы енгiзiлетiн ластанудың жылжымалы көздерiн қоспағанда, бюджетке төлемақы енгiзу қоршаған ортаға эмиссия көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта аталған орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
Төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемi үшiн төленетiн төлемақының ағымдағы сомаларын, осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған салық төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.
Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлердiң төлемақы сомаларын төлеуi мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген ағымдағы төлем сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.
Салық есептiлiгi
Төлемақы төлеушiлер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкiлеттi орган мемлекеттiк тiркеуден өткiзген жерi бойынша есеп-қисабы табыс етiлетiн жылжымалы ластау көздерiн қоспағанда, ластау объектiсi орналасқан жердегi салық органдарына табыс етедi.
Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы төлем төлеушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
Төлемақы көлемi аз (жылдық жиынтық көлемде алғанда 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi) ұйымдар ағымдағы төлем сомаларының есебiн салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етедi.
Рұқсат ету құжаты белгiленген мерзiмнен кейiн рәсiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есебiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат ету құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы салық органына табыс етiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.
2.4 Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Төлемақы сомасы ставкалар мен жануарлардың саны (су жануарларының жеке түрлерi үшiн салмағы) негiзге алына отырып белгiленедi [10].
Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
Жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi төлемақы сомасын қабылдауды қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.
Қатаң есеп бланкiлерiнің нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке енгiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгілейдi.
Төлеушiлер төлемақы сомасын белгiленген ставкалар бойынша дербес есептейдi және жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнен рұқсат алғанға дейiн төлейдi.
Бюджетке төлемақы енгізу жануарлар дүниесiн пайдалану орны бойынша жүргiзiледi. Төлемақының төленген сомалары қайтарылмауға тиiс.
2.5 Орманды пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi – орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) орман қоры учаскелерiнiң аумағы төлемақы салу объектiсi болып табылады.
Төлемақы ставкалары:
1. төлемақы ставкаларын орман шаруашылығын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
2. Тамырымен жiберiлетiн ағаш төлемақысы жөнiндегi базалық ставкаларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi. Бұл орайда облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының ставкалар мөлшерiн екi есеге дейiн арттыруға құқығы болады.
Этнопедагогика жөніндегі көзқарас
Қазақ этнопедагогикасының
қайнар бұлағы біздің заманымызға дейінгі
дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің
тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай
тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың
ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін,
әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа
қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде
халықтық педагогиканы қолдану өте
маңызды.
Этнопедагогика ұғымын айналымға
тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г.Н. Волков.
Этнопедагогика – халықтың тәрбиелік
тәжірибесін, оның көзқарасын зерттейтін
ғылым. Зерттеу объектісі халықтың
тәлім-тәрбиесі жөніндегі ұғым түсініктері,
дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын
ғылым саласы ретіндегі этнопедагогика
қалыптасу, даму үстінде. Әсіресе соңғы
жылдары оның зерттеу пәні, әдістері
туралы, халықтық педагогикалық идеяларды
бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында
жүзеге асыру жолдарының мәселелері
туралы зерттеулер едәуір көп. Бұлардың
ішінде халықтық педагогиканың пайда
болуы мен дамуы, қазіргі жайы
жан-жақты сөз етіліп, оның теориялық-әдістемелік
мәселелерін анықтауға бағытталған
еңбектердің маңызы зор. Көрнекі
қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов,
М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов
халықтық педагогиканың тәжірибесін
зерттей білуге ерекше мән берген.
Қазақстанның тәуелсіздік
алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан
нығая бастауы, ұлттық санасының
қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық
идеялар көрініс алған қазақ
халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі
озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам
талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті
мәселенің бірі болып табылады. Бұны
елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі
қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді,
жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы
мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның
бірегей халықтарының ұлтаралық
және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін
қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының
көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен
мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз»
деген Қазақстан халқына арнаған
Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани
мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі
мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына
сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне
құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану
проблемасы Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңында да жетекші
міндеттердің бірі болып отыр.
Тарихи-педагогикалық
зерттеулерге жасаған талдау, халық
педагогикасының бала тәрбиесіндегі
озық идеяларының ешбір кезеңдерде
өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын
көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы
педагогтар (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци,
Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және
т.б.) тәрбиенің халықтық негізін
және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық
тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,
негіздеген. Олардың идеяларын әрі
қарай А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский,
В.А.Сухомлинский және т.б. жалғастырып,
өздерінің тәжірибесінде ұтымды
пайдаланған.
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы
халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен
құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа
үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі
мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы
ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн,
Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай,
Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек), шетел педагогтары
(Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко,
А.В.Сухомлинский және т.б.) өте жоғары
бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының
көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде
ұтымды пайдаланған.
Қазақ халкының өзіне
тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері
оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді.
Мысалы, ұлттық қасиет – меймандостық ең
әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті
болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде
басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа
айналдырған.
Халық педагогикасы
баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына,
ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының
үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен
ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде
А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский,
А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды
ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері
де халық педагогикасының қағидаларымен
үндесіп жатыр.
Тәрбие теориясына
байланысты Әл Фарабидың «адамға
ең алдымен білім емес, тәрбие беру
керектігі» жөніндегі нақыл сөзі
кейінгі жылдары баспасөз беттерінде
және педагогикалық жиындардағы
баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби
мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне
берер тағылымдық құндылықтарының
мол екені рас.
Ата-бабаларымыз
жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде
де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп,
адам құқығын қорғауды назарда берiк
ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа
жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628),
Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты
көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген.
Бұл – заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған
азғындарды «етегiн кесiп, елден қу»
деген қағидамен аяусыз жазалаған.
Қазақ зиялылары
мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов және т.б. ана тілінде
мектеп ашу мәселесімен бірге
халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін,
әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын
оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту,
туған жерге, елге аялы көзқарастарын
қалыптастыру мақсатында пайдалануға
аса мән берді.
Шәкәрім болса өзінің
«Үш анық» атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің
көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда
ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар
ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның
мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды
деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен
байланыстырады.
Отбасы үлкендерінің
бәрі жаңа туған жас баланы Отанның,
елдің асыл азаматы болуын аңсап
армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын
деп дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға
баланың ауызына түкіртіп, азан шақыртып,
атын қойғызады. «Ақылын,
жасын берсін» деп жаңа туған нәрестені
қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы
өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді,
бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын
жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден
бата алғызады. Халықтың балаға арналған
ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен
үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің
алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен,
баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
Халық педагогикасында
тәрбие ісін әр баланың жеке бас
ерекшеліктерін (психологиясын) ескере
отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы
туады екенсің, мінезді тумайды
екенсің», «Бір биеден ала да туады,
құла да туады», «Балаға үміт арту –
әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы»
деп ой түйіндеген.
КІРІСПЕ
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
– бүгінгі жастар, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет
өте ауыр »
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Ғасырлар бойы аңсаған
тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді,
тәрбиелі ұрпақ ,ұлтжанды ұрпақ екендігі
баршамызға аян. Егеменді еліміздің
тірегі болар азаматтарды оқыту
мен тәрбиелеу көкейтесті мәселелердің
бірі. Демек, оқытудың жаңа үрдістерін
пайдалана отырып, жан- жақты дамыған,
рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу
әрбір ұстаздың міндеті болып
табылады. Еліміздің мәртебесінің биік
болуы- ел қожасы – жас ұрпақтың
белсенділігі ең іскерлігіне тікелей
байланысты болмақ. Қазіргі таңда
еліміздің келешегі болып саналатын
ұлтжанды, өз елін сүйетін, әдет- ғұрпын,
салт – санасын қастерлейтін тұлғаны
тәрбиелеу басты парызымыз.
Әбу Насыр әл- Фараби
«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген
білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте
оның бар өміріне апат әкеледі»-
деген еді. Әлемнің екінші ұстазы
атанған ұлы ғұлама халқының тұлымды
ұлының – тұғырлы азамат, бұрымды
қызының – байыпты бойжеткен
болуын армандаған екен.
Елбасы халыққа
Жолдауында кәсіби білім беруді жетілдіру,
ұлттық кадрды дайындау жөнінде алға
үлкен міндет қойып, «Бізге экономикалық
және қоғамдық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне
сай келетін осы заманғы білім
беру жүйесі қажет»- деген еді.
Осындай ауқымды
істерге өз үлесін қосу заман талабына,
уақыт өлшеміне сай тәрбие жұмысын
халқымыздың бай мәдениеті негізінде
жүргізіп , ғылым негіздерін игеріп,
ой- өрісі кең шығармашыл, ұлтжанды
тұлғаны қалыптастыру әрбір ұстаздың
міндеті болып табылады.
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың «Кез келген ұлттың
түп- тамыры» ауылда жататынын естен
шығармауға тиіспіз», деген сөзі- биік
мәтебелі ұғым. Ауыл- біздің тұнық бастауымыз,
кәусарымыз, алтын діңгегіміз, балалық,
балдәурен, асқақ армандарымыздың
бұлағы десек, елге тұтқа болған, халқының
мақтанышына айналған арыстарымыздың
түп- тамыры осы ауылда жатыр. Мен
өмір сүріп, еңбек етіп отырған қасиетті
де, киелі өлке тарих қойнауынан
ойып тұрып өз орынын алған Отырар
халқымыздың мақтанышына айналған
қайталанбас ұлтжанды тұлғаларды тәрбилеген
қайнар бұлақ десем, артық айтқан
болмаймын. Мен тәрбиелеп отырған
оқушылар қаймағы бұзылмаған рухани
құндылықтарден кенде емес ауылдың
оқушылары. Оқушылармен жүргізетін
тәрбие жұмыстарының негізінде мынандай
мақсаттарға жетуді көздеп отырмын:
• өз ұлтын сүйетін,
ұлтжанды, отансүйгіштік, ерік- жігері
мықты, жаны таза жеке тұлғаны қалыптастыру.
• Халқының құндылықтарын көз қарашығындай
сақтап, өмірге пайдалана отырып, оны мүмкіндігінше
қажетіне жарата білетін маман тәрбиелеу.
• Үшінші, әдепті де парасатты, рухани
бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын
ойлайтын, аға ұрпақтың арналы ісін жалғастыратын
тұлға қалыптастыру.
Осы үш арна тоғыса
келе ұлтым дейтін ұрпақтың ұстанар
ұранына айналар тұғыры болары сөзсіз.
Тәрбиенің бесіктен басталатынын ұмытпайық
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген
М. Әуезовтың нақыл сөзін санамызда қайта
жаңғыртайық. Бұл дегеніміз отбасындағы
ұлы тәрбие, ата-әже, әке- шеше, апа- қарындас,
аға –іні арасындағы күнделікті қарым-
қатынас, олардың бір- біріне деген көзқарасы,
үндестікте ғұмыр кешуі.
І
Халқымыздың ғасырлар
бойы жасап кеткен тарихы бүгінгі
ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына,
мұра. Бұл мұраларымыз имандылық
, ғибраттық әдет- ғұрпымен, салт –
дәстүрімен, тағылым – сабағымен
қымбат. Осы ұрпақ тәрбиесінің
қымбат қазынасын мұралыққа алып,
оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға
керек жарақтарымызға жаратуымыз керек.
Осы мақсатта оқушылармен
жүргізетін шығармашылық жұмысымның тақырыбы
«Этнопедагогика элементтерін пайдалана
отырып жоғары мәдениетті ұлтжанды тұлға
тәрбиелеу.»
Халықтық тәрбиенің
тәжірибелерінен тыс жерде педагогика
да жоқ, педагог та жоқ. /К.Д.Ушинский/
«Этнос» (грек тілі)
халық деген сөз, ал этнопедагогика
– халық педагогикасы.
Этнопедагогика
– тек халық даналығы, халықтың
ойы тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу
бастауы ғана емес, ол осы халықтың
қайнар көзі, жаратылысының тамыры.
Белгілі жазушы, қоғам
қайраткері Ш.Айтматов: ”Өзінің және
басқа халықтың даму тарихын білмеген
адам, қоғамның алға даму тарихынан
тыс қалып, бір күндік қане өмір сүреді”
деген.
Қазіргі таңда жастар
арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер
мен сүреңсіз іс – қылықтардың
етек жаюы – халықтық тәрбиеден
қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі
екені даусыз.
Жас ұрпақтың санасына
батыстық құндылықтар мен нормалардың,
тұрмыс – салт үлгілерінің ықпал
ете бастағаны да жасырын емес.
Академик Г.Н.Волков:
”Батыстан келген бұл рухани апаттан
жастарды аман алып қалудың жолын
қарастырыуымыз керек. Ол әр халықтың
ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде
қалыптасқан, түрлі сындардан өткен,
халықтың бай тәжірибесіне сүйенген
халықтық педагогика болмақ” –
деп тұжырымдайды.
Этнопедагогиканың
озық дәстүрлерін пайдалана отырып,
оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді
қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда
сыныптан тыс өткізетін шаралардың
орны ерекше.
Этнопедагогиканың әдістемелік
негіздері
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
1.1. Этнопедагогика пәні, принциптері,
міндеттері мен қызметі
(4 сағат).
Этнопедагогика тарихына және халықтық
педагогикаға қысқаша шолу. Этнопедагогиканың
объектісі және пәні. Этнопедагогиканың
принциптері, міндеттері, қызметі. Этнопедагогиканың
негізгі түсініктері: этностық тәрбие,
этностық оқыту, ұлт, этнос. Педагогикалық
ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың
орны. Этнопедагогиканың этнопсихология,
философия, этнография, этнософия ғылымдарымен
өзара байланысы.
Этнопедагогиканың мәдениеттану, философиялық,
психологиялық, этнографиялық негіздері.
Қазақстан Республикасының ұлттық саясат
жөніндегі құжаттары.
Егеменді мемлекет жағдайындағы этномәдениеттік
дәстүрлердің қазіргі жағдайы.
1.2. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық
идеялардың генезисі ( тегі) ( 2 сағат).
Педагогика классиктерінің мұраларындағы
халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің
ұлттық жүйесін дамытудағы Я.А. Коменскийдің
қосқан үлесі. К.Д. Ушинскийдің халықтық
тәрбие принциптері. А.С. Макаренконың
педагогикалық іс-әрекетінде халықтық
тәрбиенің элементтерін пайдаланылуы.
В.А. Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы.
XV-XІX ғ. Ақын-жырауларының тәрбие мектебі.
( Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді,
Шал, Дулат, Бұхар, Махамбет және т.б.) олардың
халықты басқаруға қатысуы, отанды қорғауға
шақыруы, гумандықты, еңбек сүйгіштікті,
өнерді насихаттауы. XVІІІ ғ. Жас ұрпақты
тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі
билердің ерекше ролі. ( Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би).
Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық
тәрбие мен этнопедагогика мәселелері.
Ы. Алтынсариннің мұраларының халықтық
педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында
баяндалуы.
А. Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен
психологиясын терең дамытуға қосқан
үлесі. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы
орыс және батыс европалық ғалымдардың
ой-пікірлері. XX ғ. 20-30 жылдарындағы этнопедагогикалық
идеялардың дамуы. М.Дулатов, А. Байтұрсынов,
М. Жұмабаев және т.б.
1.3. Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты
( 2 сағат).
Барлық этностардағы тәрбие мақсатының
ортақтастығы. Адамның халықтық идеялары.
Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты
ретінде. Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі
пікірінің даму шарттары. Ұлттық ар-намысқа
тәрбиелеу тұлғаның мінез-құлқын жетілдірудің
ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жайындағы
түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні,
мазмұны. Ұрпақтар ұласылымындағы тұлғаның
әлеуметтік дамуының және халықтың рухани
процесінің факторы.
1.4. Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері
мен құралдары
(2 сағат)
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері.
Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат,
аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және
т.б. Халықтық тәрбиенің құралдары. Ертегілер,
мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық
өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары.
Табиғат-тәрбие құралы. Ойын-тәрбие құралы.
Сөз-тәрбие құралы. Еңбек –тәрбие құралы.
Модуль 2. Қазақстан Республикасы халықтарының
ұлттық салт және дәстүрлері – халық тәрбиесінің
негізі
2.1. Дәстүр және салттардың құрылымы салттар
мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы
(4 сағат).
Салт және дәстүр түсініктері: философиялық,
әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық
анықтамалар. Дәстүр және салттардың құрылымы,
салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы
және айырмашылығы. Рәсімдері және салтаннатты
өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты
салттар, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың
тәрбиелік мәні. Балалардың ерекшелігін
есепке ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне
сипаттама. Үйлену мен жеке отбасын құрумен
байланысты әдеп-ғұрыптар, достық, бата
беруге, тілекке ант беру белгісі. Өліммен
байланысты ( қоштасу және жоқтау, ас беру,
жылын беру), қабырдың басына белгі қоюмен
байланысты әдеп-ғұрыптар.
Адамның қуанышымен, қайғысымен қатар
жүретін салттар және әдеп-ғұрыптар, өлеңдер
мен аңыздардың тәрбиелік мәні. Жаңа уақытқа
байланысты туындаған салттар және дәстүрлер,
олардың тәрбиелік мәні.
2.2. Халық педагогикасындағы рухани мінез-
құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие
(2 сағат).
Салтардағы, дәстүрлердегі, әндердегі,
өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі
өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық,
руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер.
Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке,
үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың
рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың,
қабылдаудың, қызмет етудің қарапайымдылық
пен әдептіліктің тәрбиелік мәні. Дін
тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті
факторы. Құранның жоғары рухани, мінез-құлықтық
тазалықты ұстауға шақыратын Мұхамед
пайғамбардың өмірінен үлгілер, хадистердің
үлгілі ережелері жөніндегі түсініктер.
Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің
ерекшеліктері.
Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына,
халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті
тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі моделдері:
( кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген
әр түрлілік). Патриоттық сезімнің, адамзаттық
жауапкершілік сезімнің отан алдындағы
азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық,
патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің
және бай аңыздардың мәні мен мағынасы.
Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын
және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық
ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы
азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшелігі.
2.3.Халық педаггикасындағы еңбек және
дене тәрбиесі (2 сағат).
Еңбек сүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды
және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу, аталар
мен әкелердің балаларына мал бағуды,
малға қора соғуды, қол еңбегінің дағдыларын
меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналардың
қыз балаларды кесте тігуге, ою-өрнектерді
салуға, жүн түту, кілем тоқу, киім тігуге
үйретудегі рөлі. Балаларды отбасында
кәсіптік даярлау. Үй жануарларын бағу
білігі, үй жануарларының ауруларын білу
және оларды емдей білу әдістері. Атқа
мініп жүруге және аң аулауға үйрету, қолөнер
кәсіп дағдыларына баулу. Еңбек жайлы
әндер, ертегілер, мақал және мәтелдердің
тәрбиелік мәні. Қазақ халқындағы еңбекке
тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің
мақсаты мен міндеттері. Тұзды суда баланы
шомылдырудың, денесін майлаудың, ая-қолын
созудың мәні. Қазақстан Республикасында
өмір сүретін халықтардың балаларды шынықтыру
тәсілдері. Дене тәрбиесіндегі ұлттық
ойындардың рөлі. Қазақ халқындағы дене
тәрбиесінің ерекшелігі.
2.4. Халық педагогикасындағы эстетикалық
және зиялылық тәрбиесі (2 сағат).
Халық педагогикасындағы эстетикалық
тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық
тәрбиенің негізгі бағыттары: сәулет өнері
және бейнелеу өнері, өлеңдер мен жырлар,
зергерлік және қол өнер, кілем тоқу олардың
халық өміріндегі және тұрмысындағы мәні.
Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық
идеялар.
Жастарды өлең айту мәдениетіне және жырларға,
шешендік пен тапқырлық өнеріне тәрбиелеудің
халықтық мектебі. Халық композиторларының
шығармаларындағы тәрбие мәселелері.
Қыз балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу,
оған ата-ананың қатынасуы. Қазақ халқындағы
эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері.
Зиялылыққа тәрбиелеу және оның жас ұрпақты
тәрбиелеудегі рөлі. Халықтың әлемдік
құрылымды қабылдауы. Күн, ай, жұлдыздар,
аңдар және үй жануарлары жөніндегі білімдері.
Жеті ғалам, жеті қабат көк, жеті күн жайлы
түсініктер. Халықтық күнтізбе, айларға
және жыл мезгілдеріне бөлу. Білімнің
және өнердің пвйдасы, тапқыштық және
жинақылық. Тапқыштыққа тәрбиелеуде ертегілердің
рөлі жөніндегі мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер
және ғұламалардың ой-пікірлері. Қазақ
халқындағы зиялылыққа тәрбиелеу ерекшеліктері.
2.5. Халық педагогикасының қазіргі қызметі
(2 сағат).
Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы.
Ұлтаралық қарама-қайшылықтар үшін халықтар
мәдениетінде материалдың жоқтығы. Халықтардың
рухани мінез-құлықтық құндылықтарындағы
ұлтаралық және жалпы азаматтылық. Символдық
тұлғалардың әрекеттігі және олардың
қызмет етуі. Этнопедагогиканың жалпы
адамзаттық негіздері.
2.6. Жалпы білім беретін мекеменің оқу
процесінде халық педагогикасының прогрессивтік
элементтерін пайдалану (2 сағат).
Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық
білім беру тұжырымдамасы, жастарға этнопедагогикалық
білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының
халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалары.
“Атамекен”, “Елім-ай” және басқа бағдарламалардың
мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері.
Халық педагогикасы бойынша Қазақстан
мектептерінің жұмыс тәжірибесі. Отбасы
тәжірибесін зерттеу музыка аспаптарымен,
халықтық қолданбалы өнерімен, халықтық
ойындармен, ұлттық киім үлгілерімен танысу.
Ата тектік “шежірені” зерттеу.