КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ

КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ Реферат

«сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы»

Мамырбай Мөлдір, Сәуленбай Айдана – 10 «А» сынып оқушылары.

А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі.

 

1.«Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңында нақты берілген.

«Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байлан-ысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың

өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылық-тарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» [1].

Әлемдік экономикалық қатынастардың ғаламдану жолына түсуі және өзара байланысының күшейе түсуі, әлем елдері алдында тұрған ғаламдық проблема-лардың қатарына сыбайлас жемқорлықты да қосты.

«Ендігі жерде сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,

ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғанына, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғанына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы тек қана халықаралық ынтымақтастық  және  оған қарсы күрес зор маңызға ие болды» делінген БҰҰ қабылдаған құжатта [2].

Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл әлемнің барлық мемлекеттері алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр.

Адалынан табылмаған дүние-мал туралы қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде: «Ей, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалық-тарыңмен саудаласу басқа…» («Ниса» сүресі, 29-аят).«Араларыңдағы малдар-ыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар». («Бақара» сүресі, 188-аят) [3] делінген.

Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі «пара алу» мен «пара беру» туралы пайғамбарымыз Мұхамед (С.Ғ.С.) өз хадистерінің бірінде былай депті: «Пара алған да, пара бергенде Алла тағаланың қарғысына ұшырайды».

Адамзат баласы  қоғамның «жегі құрты» саналатын осы келеңсіз құбылыспен қай заманнан бері таныс және онымен қалай күресті?

 
 
 

  1. 2.Ежелгі дүниедегі  және ортағасырлардағы жемқорлық және онымен күрес тарихы.

Ежелгі тарихқа тереңірек үңілсек, б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда  Алдыңғы Азияда өмір сүрген Шумерлердің сына жазуында Шумер патшасы Урукагин-

нің өз «қызметтері» үшін сыйақы дәмететін соттар мен шенеуніктердің іс-әрекетін тиюға тырысқаны туралы айтылған [4]. .

Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей  халықтарының діни кітаптарында да жемқорлық туралы сөз болады [4].

Ал, Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-

ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-

нің бірі осы сыбайлас жемқорлық екенін көреміз [4].

Ерте орта ғасырлардан бастап жемқорлық Еуропаға жаппай тарала баста-ды.Католик дінбасыларының қарапайым халыққа «Индульгенция» сатуы осы жемқорлықтың айқын көрінісі еді [5]. Тіпті, жемқорлық үшін талай діндар «Инквизиция» сотына тартылып,  оларды өртеу де тоқтата алмады. Жемқор-лықтың кең етек жаюы, діни рыцарьлық ұйым «Тамплиерлер ордені» басшы-ларының өз мүшелеріне белгіленген мөлшерден артық қаражат жинауына, қай-тыс болған орден мүшесінен артық ақша шықса оны шіркеу рәсімімен жерлеу-

ге қатаң тиым салуға мәжбүрлеген. Бірақ, жемқорлықты осындай қатаң шаралар да тоқтата алмады [6]. Тіпті, католик дінбасылары арасында  жемқорлық шектен шығып, кардиналдарға пара беру арқылы  XIV-ғ. белгілі баскесер

Роберт Женевский  «Климент VII» деген атпен, XV-ғ. басында теңіз қарақшысы Бальтазар Коссе «Иоанн XXIII» деген атпен Рим Папасы тағына отырды [6].

Біздің ең жақын көршіміз Ресейдегі жемқорлықтың  бастау алуы― IX-X ғасырларда Киев Русі құрылғаннан бастап белгілі. Князьдар жергілікті жердегі

өз қызметкерлеріне жалақы төлемегендіктен, олар қарапайым халық үстінен күнкөріс көзін табуға мәжбүр болып, лд қылмыс ретінде қарастырылмады.

Ал, XV ғасырдан бастап, сыбайлас жемқорлық Ресейде қалыптасқан жүйеге айналды. Мемлекеттік шенеунік тікелей өз міндетін атқарғаны үшін қарапайым халықтан сыйақы талап етті. 1497 жылы Русь мемлекетінің Заңдар жинағы «Судебникте» пара алған сотты жазалау туралы алғашқы заң жарияланған. 1550 жылы шыққан «Судебникте» парақорлық кеңірек қамтылып, пара үшін соттас-

қан тараптардың сөздерін бұрмалаған және жалған хаттама толтырған Боярлар думасының ең төменгі лауазымды шенеунігі – дьяктарды қамау немесе айыппұл салу секілді заң баптары енгізілді. 1649 ж. 25 мамырда Мәскеуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көтеріліс басталып, халық қаһарынан сескенген патша Алексей Михайлович сол кездегі жемқорлыққа басты кінәлі деп саналған бояр Леонтий Плещеевті халықтың қолына беруге мәжбүр болды. Халық Л.Плещеевті ұрып өлтірді.

Рефераты:  Курсовая работа "Жизненный цикл организации"

Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресті бастаған I Петр патша болды. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің іргетасын шайқайтын зұлым күш екенін түсінген  I Петр бірнеше заң қабылдап (23.08. 1713 ж., 24.12.1714 ж., 05.02.1724 ж.), осындай қылмыстар үшін өлім жазасын белгіледі. Бірақ, I Петр қайтыс болған соң Ресейде сыбайлас жемқорлық өрши түсті. Патшайым Екатеринаның тұсында ірі мемлекеттік шенеуніктер мемлекет мүддесін ақшаға сата бастады. Сол кезде Ресейдің сыртқы саясатына жауапты болған канцлер Бестужев-Рюминнің 15 жыл бойына Англия мен Австрия елдерінен үлкен мөлшерде ақша алып тұрғаны ашылып қалды. Оны өлім жазасынан құтқарған, Елизаветаның таққа отырарда берген «Менің бұйрығыммен ешкімде өлім жазасына кесілмейді» деген уәдесі болды [6].

 

  1. 3.Қазақ халқы арасында парақорлық, жемқорлық сияқты жағымсыз құбылыстардың пайда болуы.

Ресей отарына айналғанша, дәстүрлі қазақ қоғамында жемқорлықтың етек жаюына алғы шарттар қалыптаспаған еді.

«Көшпелі қазақ қоғамының саяси – әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билік бидің қолында болды. Ауыл арасында жанжалдасқан немесе дауласқан адамдар арадағы дауды шешу үшін, сол ауылдағы қазақтың ғұрыптық заңдарын жақсы білетін, өзінің әділдігі, шешендігімен көзге түскен кез келген адамға жүгінуге құқылы болды. Даудың әділдігі күмән тудырған жағдайда дауласушы тараптар басқа билерге жүгінді. Осылайша, түйіні қиын дауларды әділ шешкен бидің атағы елге жайылып, абыройы арта түсті. Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды» [7].   «Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтын есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын» [8]. «Елдестірмек-елшіден, Жауластырмақ -жаушыдан», «Кілемге бергісіз алаша бар,Ханға бергісіз қараша бар», «Тура биде туған жоқ,Туғанды биде иман жоқ», «Туғанына бұрғаны-Биді құдай ұрғаны», «Төбе би де өзіміз,Төре би де өзіміз. Қисық болса сөзіңіз, Құрулы тұр тезіміз» деген мәтелдер сөзіміздің айғағы.

Ресей империясының 1822,1824, 1867-1868, 1886-1891 жылдардағы Қазақстандағы жүргізген реформаларының ең басты  мақсаттарының бірі, қазақ қоғамының ғасырлар бойы қалыптасқан саяси – әлеуметтік құрылымын ыдратып, жойып жіберу болды.

Қазақ жері мен Түркстанды әкімшілік басқару реформаларының жобасын жасау бойынша Ресей  Әскери Министрі Д.А.Милютин басшылық еткен  комиссия 1867 ж. 11 тамызда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Далалық облыстарын басқарудың уақытша Ережелері»  деген құжатты жасады. Дала комиссиясы жаңа болыстықтар мен ауылдардың әкімшілік жобасын дайындай отырып, дәстүрлі басқару институттарының саяси қаупін бір сәтке де естен шығармады. «Орыс зерттеушісі А.К.Гейнс «Үкімет күштеріне қарсы тұрмас үшін, ең алдымен қырғыз халқының сайланбалы билігін біртіндеп жою, қырғыз халқын өз билеушілері мен рулық құрылысқа негізделген өмір салтынан ажырату қажет» -деп жазды [9].

1867-1868 ж.ж. реформалардың  (Уақытша Ережелердің) ең негізгі мақсаты – қазақ жерін Ресейдің өзге де аймақтарымен ара-жігін білдірмей қосып жіберу үшін Ресейге бағынышты басқа ұлыстармен бір басқару жүйесіне біріктіріп, жергілікті атқамінерлердің ықпалын барынша әлсірету, оларды биліктен аластау,  рулық құрылысты  біртіндеп жойып, орыстандырып, шоқындыру болды… «1867 жылғы заңға сәйкес, қырғыздардың  рулық құрылысын ыдырату мақсатында  ірі руларды бір басшының қол астына берудің қауіптілігі ескеріліп,  көшпелі тұрғындарды болыстықтар мен ауылдарға бөлу қарастырылды»  [9].

«1868 ж. Сырдария облысы әскери губернаторының пәрменімен Шымкент уезінде болыстық басқармалар ұйымдастыру бойынша комиссия құрылды.

Комиссия төрағасы – титулярлық кеңесші Е. Савенков, мүшелері – ротмистр Адеркас, сотник Герасимов, капитан Терейковский, аудармашысы прапорщик Сырттанов болды.

Бірнеше ай ішінде комиссия ауылдарды аралап қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің күшті және нәзік тұстарын анықтап, тексеру қорытындысын басшыларға тапсырады.Тіпті, Шымкент уезін мекендейтін ең үлкен 2 тайпаға қисынын келтіріп―бірін асыра мақтап, екіншісін «басын жерге жеткізе тұқыртып» дегендей, «этнографиялық» сипаттама беріп, екі тайпаның арасына «шоқ» тастауды да ұмытпайды» [9].

Жергілікті (қазақ)  халық өкілдері мемлекеттік – әкімшілік басқарудың ең төменгі сатысына ғана жіберілді. Болыстықтарға ру аты берілгенмен, болыстықтар шаңырақ санына қарай жасақталды. Ал, рудағы шаңырақ саны мен болыстықтағы шаңырақ саны сай келуі мүмкін емес еді. Яғни, бір рудың  өз болыстығына «сыймай»  қалған белгілі бір бөлігі мәжбүрлі түрде өзге рудан жасақталған болыстықтың құрамына кіргізілді. Бұл өз кезегінде болыстықтағы негізгі рудың аз атаға, көші-қон немесе суармалы жерлерді бөлу барысында және  т.б. жағдайларда әлімжеттік жасауына кеңінен жол ашты.

Рефераты:  Курсовая работа: Пассажирские перевозки -

Болыс басқарушысына (әсіресе, алым-салық жинау) берілген салыстырмалы түрдегі үлкен құқықтар болыс сайлауын бәсекелес топтар арасындағы, заңды түрдегі үгіт-насихат жұмыстарымен бірге, сайлаушылар дауысын сатып алу немесе қоқанлоққы жасау, бопсалау, уезд бастығына пара беру секілді толып жатқан  заңсыз әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылатын  жан аяспас күреске айналдырды.

Ал, сайлау тағдырын сайлауға міндетті түрде қатысатын  уезд бастығының пікірі шешті. Әдетте, пара, сый-сияпат алған  уезд бастығының үміткерлердің бірімен ымы-жымы бір болды.

Ендігі жерде,  өз әділдігімен, көрегендігімен, шешендігімен және тағы басқа асыл қасиеттерімен  халық арасынан өсіп шығатын билер әлдекімдердің ойлап шығарған «шар тастап сайлау»  арқылы  сайланатын болды.

Осылайша, мыңдаған жылдар бойы қазақ халқының  әлеуметтік, экономикалық  және саяси өмірін реттеп келген билер институтына күйрете соққы берілді [9].

XIX –ғ. екінші жартысынан бастап қазақ жеріне қоныстана бастаған Ресейлік келімсектердің маскүнемдік, парақорлық, жағымпаздық т.с.с. жағымсыз әдет-ғұрыптарын қазақ халқы да бойларына сіңіре бастады.

«1868-70 жылдардағы болыс-старшын сайлауларында ел алдында өз ақыл-парасатымен, шешендігімен бедел жинаған адамдар жеңіске жетті. Бірақ, қағілез көшпенділер орыс өркениетімен ілесе келген орыс етігін кию, шарап ішу және  құмар ойнауды   ғана емес, «шар тастау» арқылы дауыс беру барысындағы сайлау қулықтарын да  тез үйреніп алды» …

…1890 жылдары болыстық орын үшін берілетін пара мөлшері 9000 сомға жетті. Ал, Түркстан өлкесін тексеру үшін  Ресей Сенаты құрған комиссияны басқарған сенатор граф Паленнің есебі негізінде жасалған  Әскери Министрліктің 1906 ж. «Түркстан өлкесінің  мемлекеттік  және қоғамдық-экономикалық мұқтаждықтары туралы жазбаларында»  көшпенділер арасындағы болыс, старшын, би  сайлаулары туралы былай дейді: «…сайлаушыларды сатып алу мен үгіт-насихат жұмыстарына  40-50 мың сомға жететін орасан көп ақша жұмсалатын болды. …Сайлаушыларды сатып алу жүйесі кең етек алды», «Билікке осындай жолмен келген лауазымды қызметкер ең алдымен өз шығынын қайтаруға тырысатыны –табиғи жағдай, сондықтан лауазым иесі тегін саусағын қимылдатпайды, ал сыйақы үшін барлығын шешеді» [9].

«Болды да партия, ел іші бүлінді…»,  «Қалың елім – қазағым…» ―деп Ұлы Абайдың күңіренетіні осы кез.  Қазақтың жаңа атқамінерлері параға жұмсалған шығынның барлығын қара халықтың мойынына салды.  Елде арты адам өлімімен аталатын «барымта, барымтаға қарымта» дегендей ұрлық-қарлық, оның арты бірінің үстінен бірі оязға шағымданып, пара беріп, екі жақты жем болу көбейді [9].

Кеңес билігі тұсында Сталиннің жүргізген қатаң репрессиялық шаралары арқасында жемқорлық түбегейлі жойылып кетпегенмен аздап саябырсығанмен, Л.И.Брежнев басшылықта болған, тарихқа «Тоқырау жылдары» деген атпен кірген кезеңде жемқорлық өрши түсті . Тіпті, оны ату жазасы да тоқтата алмады.

Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында  айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.

Дегенмен, еліміз тәуелсіз алғалы бері жемқорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы мақсатта көптеген заңдар қабылданған. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

«Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады.Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» деп атап көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті 2021 жылғы Жолдауында [10].

 

Әдебиет.

[1]― “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (2.07.1998) ҚР заңы.

[2]―БҰҰ-ң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы (2003 ж.).

[3]― ҚҰРАН КӘРІМ Қазақша мағына және түсінігі. Халифа Алтай, Фаһд патшаның  Құран Шәриф  басым комбинаты – 1991.

[4]―  «Мәскеу Табиғатты Сынаушылар Қоғамының»( МОИП) апталығы,  А.А. Каздым,  Халықаралық Ғылым академиясының Академигі .

Рефераты:  Нормативные акты об образовании в России. Курсовая работа (т). Основы права. 2014-09-30

[5]― Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. 7 сынып Мәшімбаев С.М. Алматы “Атамұра”-2007 ж.

[6]― Мировая история коррупции. Ю.В.Кузовков. М. Издательство Анима-Пресс, 2021 г.

[7]―Қазақтың ата заңдары . Құжаттар, деректер және зерттеулер / Бағдарлама жетекшісі С. Зиманов . – Алматы : Жеті жарғы , 2005.

[8]― 8-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы, Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. «Атамұра” баспасы 2021 ж.

[9] ― «Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалайша қатты өзгерді» «Казығұрт кз» журналы №8, желтоқсан-2021.

[10] ― «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президенті-Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Егемен Қазақстан» газеті, 15 желтоқсан, 2021.

2021 ж.КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ

 

Квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлық ұғымының қалыптасуы туралы мәселесіне

Осы мақалада автор Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқорлық ұғымы қалыптасуының өзекті сұрақтарын қара-стырған, квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сұрақтарын реттейтін халықаралық-құқықтық, отандық және шетелдік құқықтық ак-тілер талданған. Отандық заңнаманы салыстырмалы-құқықтық талдау көрсеткендей, Қа-зақстан Республикасындағы квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық анықтама-сын беруге мүмкіндік туғызды. Квазимемлекеттік сектор субъектілері олардың басшылары түрінде билік органдарының субъектілері сияқты қылмыстық жауаптылыққа бірдей тар-тылады деген қорытынды жасалған. Сондықтан, квазимемлекеттік сектор субъектілерін кеңейту ұсынылған, квазимемлекеттік секторда материалдық-қаржылық ресурстармен және мемлекеттік бағдарламалармен байланысты құрылымдық бөлімше басшыларына дейін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керек. Халықаралық заңнама мен шетелдік әдебиеттерді толық талдау нәтижесінде жеке сектор анықтамасын «көпшілікке арналған міндет» және «көпшілікке арналған қызмет» ұғымдарының негізінде бөліп алуға мүмкіндік туғызды.Квазимемлекеттік және жеке сектордағы түсіністік аппаратты талдау негізінде Қа-зақстан Республикасы квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқорлық анықтамасын бөліп алу мүмкін болды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және қылмыстық құқық бұзушылықтарды дұрыс саралау мақсатында автор сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықта-рын бір тарауға «Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары» деген атаумен қосуды ұсынып отыр…

Осы мақалада автор Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқорлық ұғымы қалыптасуының өзекті сұрақтарын қара-стырған, квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сұрақтарын реттейтін халықаралық-құқықтық, отандық және шетелдік құқықтық ак-тілер талданған. Отандық заңнаманы салыстырмалы-құқықтық талдау көрсеткендей, Қа-зақстан Республикасындағы квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық анықтама-сын беруге мүмкіндік туғызды. Квазимемлекеттік сектор субъектілері олардың басшылары түрінде билік органдарының субъектілері сияқты қылмыстық жауаптылыққа бірдей тар-тылады деген қорытынды жасалған. Сондықтан, квазимемлекеттік сектор субъектілерін кеңейту ұсынылған, квазимемлекеттік секторда материалдық-қаржылық ресурстармен және мемлекеттік бағдарламалармен байланысты құрылымдық бөлімше басшыларына дейін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керек. Халықаралық заңнама мен шетелдік әдебиеттерді толық талдау нәтижесінде жеке сектор анықтамасын «көпшілікке арналған міндет» және «көпшілікке арналған қызмет» ұғымдарының негізінде бөліп алуға мүмкіндік туғызды.Квазимемлекеттік және жеке сектордағы түсіністік аппаратты талдау негізінде Қа-зақстан Республикасы квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқорлық анықтамасын бөліп алу мүмкін болды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және қылмыстық құқық бұзушылықтарды дұрыс саралау мақсатында автор сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықта-рын бір тарауға «Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары» деген атаумен қосуды ұсынып отыр. Автор нұсқамалары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының Парламентімен заңшығару қызметінде, мемлекеттік органдармен және қылмыстық қудалау органдарымен Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқор-лыққа қарсы әрекет ету бөлігінде қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау барысында қолданылуы мүмкін. Автор қорытындылары сыбайлас жемқорлыққа қар-сы әрекет ету және қылмыстық жауаптылыққа тарту саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жалпы сипаттамасы. сыбайлас жемқорлық – презентация, доклад, проект

Описание слайда:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына ықпал етеді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде, «Меритократия қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты жолға қою маңызды» деді

Сыбайласқан жемқорлықпен күрестегі халықаралық тәжірибелер

Мақалада сыбайласқан жемқорлықтың түсінігі және пайда болу себептері сипатталады. Сондай-ақ, сыбайласқан жемқорлық және онымен күрес жүргізу тетіктерінің даму тарихи аспектілері қарастырылған. Қазіргі кездегі сыбайласқан жемқорлықпен күрестегі халықаралық тәжірибелер зерттеледі. Әртүрлі елдердегі сыбайласқан жемқорлықпен күрестің стратегиялары, жолдары анықталады.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий