М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары

М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары Реферат

Дене тәрбиесі

Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес.

Жаңа туған баланы тәрбие қылуға кіріскенде тәрбиеші төмендегі нәрселерді білуге һәм істеуге тиіс.

Ө л ш е у. Егерде сау болса, жаңа туған баланың салмағы 8 қадақ шамасында болады. Нашар, аурулы бала 6 қадақ шамасында, нағыз сау, таза бала 10–11 қадақ шамасында салмақты болады. Бастапқы 2–4 күн ішінде түрлі себептерден баланың туғандағы салмағынан 1/2 –3/4 қадақ шамасында кемиді.

Мұнан соң бірте-бірте салмағы арта бастайды. 7–10 күнде туғандағы салмағына қайта түседі. Айдың аяғыңда туғандағы салмағынан 1/3 артады. Мұнан соң салмақ арту шабаңдай береді. Екінші жыл бойына бастапқы салмағының 1/5, үшінші жыл бойына 1/10, ал енді төрт жастан онға шейін жылына 4–5 қадақтан артып отырады.

Бала сау болып туды ма, аурулы болып туды ма, сау болып өсіп келе ме, жоқ ауруға айналды ма – осыларды дұрыс біліп отыру үшін жоғарғы мөлшер бойынша баланы өлшеп отыру керек. Бастапқы айда күн сайын, мұнан соң жыл толғанша жетіде екі-үш рет, екінші жылда жетіде бір, үшінші жылда айында бір өлшеп отыру мақұл.

«Баламды безбенге сал» деп айттың деп қазақтың ыршып кетуінде сөз бар ма? Тәрбиенің басқа түрлерін ести келе, адуын әжелер ыршымақ түгіл ұрсып, сөгіп тастар. Әйткенм ен, амал қанша, көтереміз. Мойнымыз жуан болғанмен, өзіміз жуаспыз. Біздің бар тілегіміз ырши-ырши, бізді ұрса-ұрса, айтқанымызды істесе екен.

 
Сөзімді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар,–

деген сөзімен жұбатамыз.

Жылылық. Баланың да, жеткен адамның да өлшеулі жылылығы (Цельсий бойынша) 37–37, 5 градус болады. Бірақ жаңа туған баланың денесінің жылылығы бастапқы күндерде түрлі себептермен мынау өлшеуден 2–3 градус кем болады. Әйткенменде ұзамайды, бұрынғы қалпына түседі.

[Закрыть] адамның да жылылығы бір тәуліктің ішіңде бір қалыпта тұрмайды. Біресе өлшеуден асып кетеді, біресе төмен түседі. Жылылықтың төмендейтін уақыты – таңертең. Жоғарылайтың уақыты – кеш. Дене жылылығы «термометр» деген бір құралмен өлшенеді.

Осы құралмен баланың денесін күн сайын өлшеп тұру керек. Жылылық белгілі өлшеуде тұрса, баланың сау болғаны, не жоғарылап, не төмендеп кеткен болса, баланың ауру болғаны. Жылылық өлшеніп отырса, келе жатқан науқаст ың алдын алуға болады. Болмаса науқас билеп алып, баланы қолды-аяққа тұрғызбай шыңғыртқанда, оның науқас екенін білу, көбінесе пайдасыз білу болып шығады ғой.

Дем алу. Жаңа туған бала бір минутта 40–44 рет дем алады. Мұнан соң бірінші жыл бойына – 35–40 рет, екінші жылда – 28, үшінші жылда – 26 рет. Сөйтіп, кеми-кеми 15 жаста бір минутта 17–20 рет дем алатын болады. Міне, дем алудың осы мөлшерден артық, яки кем болуы баланың сау болмауын көрсетеді.

Тамыр соғу. Жаңа туған баланың тамыры бір минутта 150 рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін соғады. Жеткен адамның тамырының соғуы бір минутта 65–70-тен аспайды. Бала ояу отырғанда, әсіресе жылағанда тамыр соғуы жиіленіп кетеді.

Мұндайда мөлшерлі соғудан 20–25 артық соғады. Баланың тамырын бала ұйқтап жатқанда байқау керек. Сонда белгілі мөлшерден тамыры артық я кем соқса, баланың сау болмағаны. Тамырын ұстаумен бір адамның ауру, сау екені білінетін болса, тамыршылық деген әулиелік емес екені өз-өзінен көрініп тұр.

Бірақ надандыққа не шара, біздің надан еліміз тамыршыны жынымен сөйлесіп, күбірлесіп, тәңірімен тілдесіп отыр деп біледі.

Бала бөлмесі. Мынау сөзді оқығанда «атыңның басы тиіп, жорғасы қалып па?» дегендей, қазақтың өзіне үй бітіп, баласының бөлмесі қалып па деп күліп кекетуші де болар. Шынын айтқанда, қазақта үй дерлік үй бар ма? Жоқ. Өнерлі елдің адамы түгіл малы жатпайтын бір былық қора.

Қазақтың қысқы үйінің көбі – жермен-жексен болып жатқан шымнан жасалған бір қуыс. Терезе деген тышқанның көзіндей бір тесік. Есіктен, тесіктен, астан, үстен аңырап тұрған суық. Желдің жыбыр-жыбыр сөйлегенін, дауыл боранның адасқан аңдай ұлығанын естігің келсе, сорлы қазақтың қысқы үйіне кір.

Шым қабырғадан, төбедегі сирек салынған сырғауылдың арасынан сорғалаған су. Жер әбден саз. Босағада қатар-қатар малдың төлі. Иіс, қоқыс, түтін. Егер қазақ жаз шығысымен мынау сасық үңгір заңдемін тастап киіз үйге шықпаса, сөз жоқ, бірнеше жылдың ішінде қырылып бітер еді.

Рефераты:  реферат найти Взаимодействие лекарственных средств с пищей

Мінеки, жыл он екі ай ішінде сегіз, тоғыз ай қазақ тұратын үйдің түрі осы. Әрине, мұндай үйде тұрған қазаққа бала бөлмесі пәлендей болсын деп айту тіпті орынсыз болар еді. Бірақ біздің үмітіміз келешекте сорлы қазақ мәңгіге сасық үңгірде құрттап, шіріп жата бермес, тұрмысын, үйін, күйін түзетер деп сенеміз. Бізді жұбататын ақынның әлгі өлеңі.

Сөзге келейік.

Бала бөлмесінің ішінде бес-алты куб сажын ауа болсын. Және жиі-жиі ауа жаңартылып тұрсын. Бала жататын үйде кір жуу, кір кептіру, кірлеген киімді тастау жарамайды. Себебі кірдің кірі бу болып, ауа болып баланың ішіне кіріп, саулығына зиян келтіреді. Бала бөлмесінің жайлылығын да бақылап тұру керек.

Жаңа туған бала жататын бөлменің жылылығы Рьюмер бойынша 17–18 градус, бір жеті мен алты жеті арасында 16–17 градус, сонан соң 15–16 градус болу тиіс. Қандай үйдің болса да жарық болуы керек болатын болса, бала бөлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы үйде тәрбиеленген баланың өсуі шабан болады.

Терезелер тура оңтүстікке қараған бөлме қыстыгүні жарық, жылы болғанмен, жаздыгүні ыстық, қапа болады. Ал енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бөлме қашанда болса һәм қай жақтан болса да қолайсыз. Сөз аяғында қазақтың киіз үйде бала өсіруі, асырауы туралы бір-екі сөз айтып өтейік.

Бала тәрбиелеу үшін киіз үйді аса қолайлы деуге болмайды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың жел тиіп, суық-тиіп ауру болуына көп себепші. Бірақ баланы киіз үйден бір жола бездіріп алып кетуге орын жоқ. Киіз үйдің зиянды жағы болған сықылды, пайдалы жағы да бар.

Әңгіме сол киіз үйдің ішіңде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді.

Баланың тамағы. Баланың жақсы өсуі үшін оның тамағы жақсы болуға тиіс. Тамақ баланың өсуіне қарай өзгеріп отыру кереқ. Бастапқы кезде балаға ең дұрыс тамақ – ананың сүті. Сүттің ішінде денеге керек тамақ заттарының бәрі бар. Ана сүті бала өскен сайын өзгеріп отырады. Ана бір себептерден баласын емізе алмайтын болса, әрине, қолдан асырауға тура келеді.

Бірақ емізуге мүмкін болғанда абзалы – ананың өзі емізуі. Статистика – санақ пәнінің көрсетуі бойынша ана сүтін емген 100 баладан бір жылда 15–20-сы ғана өледі. Ал қолдан асыраған 100 баладан бір жылда 65 шамалы өледі.

Қолдан асырау. Қолдан асыралғанда балаға лайықты тамақ – есек сүті мен ешкі сүті, Бұл екеуінің бірі болмаған күнде сиыр сүті. Бірақ сиыр сүтінде ақ (белковина) пен май көп, қант аз. Сондықтан сиыр сүтін сұйылту һәм тәттілеу керек. Жаңа туған балаға берілетін сиыр сүтіне үш есе су қосу керек.

Мұнан соң 2–3 айға шейін бір бөлім сүт, екі бөлім су, 3 айдан 6 айға шейін екеуін де бірдей, ал тоғыз айдан былай таза сүттің өзін беріп отыру керек. Бір ішкізгеннен қалған сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға беретін сүттің жылылығы адам денесінің жылылығындай болу керек (Цельсий бойынша – 35–37°, Рьюмер бойынша – 26–28°).

Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. Бір стакан сүтке бір бал қасық қант жетеді. Балаға берілетін сүт сау сиырдың жаңа сауылған сүті болсын. Әр сиырдың сүтін бір бергеннен бір ғана сиырдың сүтін берген дұрыс. Сүт, ыдысы таза болсын һәм берілетін сүт қайнатылуға тиісті.

Емізік. Қолдан асырағанда балаға тамақ беру үшін қолайлы әдіс – емізік. Көбінесе емізіктің емшегі желімнен жасалған болады. Болмаса сиыр емшегі кигізіледі. Ішіндегі сүтін еміп болған соң құр емізікті балаға сорғызып қою тіпті дұрыс емес.

Бірінші, баланың іші желге толып аурулы болуға себеп болады. Екінші, желімнен жасалған емшек баланың денесіне зиян келтіреді. Баласына құр емізікті сорғызып қойып, қол қусырып өсек аңду анаға лайық іс емес. Баланы таба білсең, ерінбей дұрыс баға біл.

Аралас тамақтандыру. Анасы емізген бала біраз өскен соң анасының сүтінен басқа тамақ та тілей бастайды, Ол уақытта ана сүтінен басқа тамақ бере бастауға мүмкін. Балаға жай тамақты алты айсыз бере бастау дұрыс емес. Жай тамақ бергенде әуелі жеңілінен бастап, бірте-бірте ауырына көшу керек. Мысалы, былай: сиыр сүті, бал қаймақ, ақ ірімшік, қатық (ащы қылып ұйытпау шартымен), қаймақ, жұмыртқа һәм сорпа.

Рефераты:  Деятельность социального педагога в учреждении дополнительного образования детей. Курсовая работа (т). Педагогика. 2015-07-01

Ал енді жас балаға (бір жасқа толмаған) май, нан, ет беру тіпті дұрыс емес. Қызыл иегімен қажалатқызып балаға нан беріп, ет беріп, сорғалатып май беріп қойған ана – баланың досы емес, қасы. Маған майлы бауырсақ, не болмаса қазықарта шайнап бере гөр дегендей баласына ет, нан шайнап беретін ана – ананың нағыз оңбағаны.

Тамақтандыру тәртібі. Баланы ананың өзі емізсе де, яки қолдан асыраса да, баланы белгілі бір тәртіппен тамақтанды ру керек. Баланы ана емізген күнде емізу тәртібі былай: жаңа туған баланы күндіз 2–3 сағатта бір, түнде 3–4 сағатта бір емізу тиіс.

Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде сирек емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы түнде бір емізу жетеді. Баланы қолдан тамақтандырғанда да тамақтандыру тәртібі – осы. Бірақ қолдан тамақтандырған да тамақ белгілі бір мөлшермен беріліп отыруға тиісті.

Бала тамағының мөлшері баланың асқазанының зорлығына байлаулы. Жаңа туған баланың асқазанына бастапқы жетіде 3 қасық ас сыяды. екінші жетіде – 6 қасық, екінші айда – 9–10 қасық. Міне, осы асқазанның зораюына қарай балаға берілетін тамақ мөлшері де зорайып отыруға тиісті.

Балаға тамақты тәртіппен беру оның дұрыс өсуіне, ауру лы болмауына, хатта, мінезінің дұрыс болуына да көп пайдасы бар. Балаға тамақ тәртіпсіз, ретсіз, былапыт берілсе, бала аурулы болады. Асқазаны бұзылады. Ішкен, жеген тамағын сіңіре алмайды. Ит тию сықылды бала аурулары сол тәртіпсіз тамақ беруден.

Жер жүзінде балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі – қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да, бір жері ауырып, яки төсегі тынышсыз болып жыласа да, оны шешіп алып қарау жоқ, емшегін алып барып баланың аузына сала қояды. Бала түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады.

Шеше не бір жұмыспен, не жай қыдырып кезіп кетеді. Мана кеткен шеше әлі жоқ.

Ерте күн түс болды. Түс кеш болды. Бала аштан аш жатыр. Қарны ашады. Шырқырап ішегі қатып жылайды. Бейшара бала жылап-жылап әлсіреп талып барып ұйқтайды. Кешке келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы көріп, «құлынымның тамақ іздемей, жыламай тәтті ғана ұйқтап жатқанын қарашы» дейтін шешеге не дерсің?

Қазақ қатыны! Өзіңде өзіңнің қастығың болмаса, баланың аузын астан алмай, аспен ұрып жығып, болмаса тамақ бермей, аштан қатырып, талдырып ұйқтатып бала асырауыңды қой. Тамақты беріп-беріп, балаңды қарнын қабақтай, бұтын таяқтай көк қарын, ши борбай қылма.

Емшектен айыру. Бала аурулы болмаса, бір жасқа толғанда ана сүтінен басқа ас ішіп, біраз тісі (8–12) шыққан болады. Міне, осы уақытта баланы емшектен айыру керек. Айырғанда күл, көмір, насыбай жағып әурелемей-ақ емізуді сиректетіп, баланы бірте-бірте бездіру керек (3–6 жеті ішінде).

Екі жасар һәм үш жасар баланың тамағы. Екі жасар ба ланың денесі әжептәуір берік болады. Сондықтан бұл жаста балаға бірте-бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге мүмкін. Ет бергенде жеңілінен бастау керек. Ешкі, қой, сиыр еті. Жыл қы еті ауыр. Оны 2–3 жасар балаға бермеген дұрыс болар.

Баланың асқазанына лайық нан – бидай ұнынан пі сірілген нан. Балаға май ішкізу дұрыс емес. Кәмпит, пряник, өрік, мейіз сықылды тәтті беруге де жарамайды. Бір жасқа толмаған жас бала түгіл 2–3 жасар балаға да қымыз ішкізу мақұл емес. Қымыз баланың тынышын алып, мең-зең бейшара қылады.

Баланы шомылдыру. Баланы шомылдыру оны кірден арылтады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін көтереді.

Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы үш айға шейін Рьюмер бойынша – 29°. Үшінші айдан жыл аяғына шейін – 28°, екінші жылда – 27°, мұнан соңғы жыл төмендегенде 22°-тан кем болмасқа тиісті. Жаңа туған баланы су ішінде – 5 минут, ай жарымдық баланы 8 минут ұстау керек. Бұдан артық ұстауға жарамайды. Бала әлсіреп қалады.

Әуелгі 9 күн ішінде тәулікте екі рет, ай жарымға шейін бір рет, алты айға шейін күн ара, екі жасқа шейін жетіде 2–3 рет, екі жастан соң жетіде бір шомылдырып отыру керек. Баланы тамақ берердің, ұйқтардың алдында шомылдыру артық. Баланы шомылдыратын үйдің жылылығы 17–18°тан жоғарырақ болсын.

Баланы шомылдырып болған соң оның бар денесін, әсіресе қолтықтарын, мойнын, шабын жақсылап қарау кереқ. Көзін, құлағын, басын таза ұстау керек. Былық қолыңмен баланың көзін тазартушы болма. Неше түрлі көз ауруы осыдан болады. Тамақ бергеннен кейін баланың аузын тазартып отыру керек.

Таза шүберекті қайнаған суға малып, шыныаяққа орап тазарт. Есін білген баланы ас ішкеннен кейін аузын шайқауға үйрету керек. Аузы иісті болмайды, тісі бұзылмайды. Қазақ қатынының баланы тұзды сумен шомылдыруын теріс деуге болмайды. Еттің пісуіне, шынығуына тұзды судың пайдасы бар.

Рефераты:  Показатели качества товаров и методы их оценки. Курсовая работа (т). Эктеория. 2014-04-21

Ал енді баланы маймен сылау тіпті дұрыс емес. Май терінің тесіктерін бітеп тастайды. Еңсені көтертпейді, ауру етеді, кірлетеді, терлетеді. Баланы «өс, өс, өс» деп денесінің құрысын, тырысын жазу аса теріс болмас. Бірақ еп керек. «Өс, өс, өс!» – деп баланың бір жерін шығарып алып жүрме.

Киім. Баланың дұрыс өсуінің негізгі бір шарты киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап, шымқап, үлбіретіп өсіруде қасиет жок. Бұлай өсірген бала ауырымпаз келеді. Шынықтырамын, денесін берік қыламын деп жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды.

Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жарамайды. Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе жұғуға мүмкін. Жеткен адам денесіне зиян келтірмеген нәрсе жас баланың денесіне зиян келтіруі оп-оңай. Баланың киімі қолпылдаған кең, денені қысып тұрғандай тар да болмасын, шақ болсын.

Бөлеу һәм бесік. Педагогика ғалымдары бала бөлеуге атымен қарсы. Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы сіңуіне кесел деп көп дәлелдер көрсетеді. Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ қазақ тұрмысы көзінен қарағанда бөлеуден безуге бола қоймас.

Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақ жатуына көп себепші. Бірақ әңгіме мұнда, осы бесікке баланы қалай бөлеу керек. Қазақ қатыны баланы жөргекке орап, бесікке екі жерден кеудеден бір, аяқ үстінен бір тас қылып таңып тастайды. Бұлай таңып тастау, әрине, балаға зиянды. Баланы бесікке бөлейтін болсақ, осы зияннан қалай құтыламыз?

Маған мынадай бір ой келеді, баланы екі жерден қысып, қан жүруіне кесел қылмас үшін тартпаны кеңейту жолын қарастыру кереқ. Менің ойымша тартпаны екеу қылмай, біреу қылсақ. Біреу қылғанда, баланың мойнынан аяғына жететіндей қылсақ. Енді тартпа демей-ақ, жабу дейік.

Жабу бесіктің бір жағына, айталық, 6–7 баумен байланған болса, баланы жөргегімен орап, төсегіне салып, әлгі жабуды жаппай жауып, бесіктің екінші жағынан алып келіп, тағы 6–7 баумен байласақ. Міне, осындай жабумен таңылса, қысу бар денеге тегіс түскендіктен, аса зиянды болмас еді.

Жә, баланы бесікке бөлеуді мақұлдадық. Қалай бөлеу туралы да ой жүгірттік. Еңді тербетуге келейік.

Күн батып барады. Үй іші қара көлеңке. Қыс болса, сасық үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден суық жел азынап кіріп, аш аңдай ұлып тұр. Жаз болса, туырлықтың етегінен, шидің арасынан жыландай жүз бұралып, қоңыр жел кіріп, жолдасын жоғалтқан жандай мұңды, зарлы қоңыр бір әнге басады.

Үйдің бір босағасында бесік тұр. Ішінде бөлеулі бала жатыр. Жылап-жылап шаршаған. Енді айғай салып жылауға шамасы жоқ. Әлсіз ғана ыңыранады. Бесік жанында баланың анасы жоқ. Әлдеқайда кеткен. Мал жайлап, шаруа қылып жүр ме? Әлде көрші үйдің қатынымен басын шұлғи-шұлғи бір қысыр кеңесте отыр ма?

 
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем…
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін…
Әлди-әлди, әлди-ай…–

деп күңіренеді кемпір. Кемпірде талу жоқ. Тербетеді, күңіренеді, тербетеді.

Баланың ыңылы баяулап келеді. Басылды. Бала ұйқтады. Кемпір күңіренеді. Болмаса сол кеште, бос үйде бесіктің жанына жас баланың жеті жасар апасын отырғыз. Жел жылайды, бесіктегі бір жасар да жылайды. Жанында отырған жеті жасар да жылайды. Бос үйде дауыс шығарып, қорқуын азайту үшін бесікті тарсылдатып тұрып тербетеді. Әлде не уақытта бала ұйқтайды. Бесік жанында өксігін баса алмай апасы әлі отыр.

Не болмаса, мынадай картинаны көз алдыңа алып кел. Түн. Бала бесікте бөлеулі жатыр. Жанындағы төсектегі шешесі қалың көрпені жамылып шырт ұйқыда. Қарны ашты ма, тоңды ма, төсегі тынышсыз болды ма, бір мезгілде бала оянып жылайды. Бастап ақырын жылайды.

Елең де қылған ана жоқ. Дауысты молайтыңқырайды, оянған ана жоқ. Шыр-пыры шығып, пырылдап, ішегі түйіліп жылайды. Ыңырана түсіп шеше оянады. Бастап тербетіп ақырын қозғайды. Оған бала уанбайды, «тұрмадың» деп ашуланғандай айқайын үде те түседі. Үй ішінде жел долданады, шеше де долданады.

«Өй, көгала келсін, шешек шықсын», – дейді шеше. Тарс-тұрс, тарс-тұрс тербетеді. Баланың айғайын бесіктің тарсылы жеңеді. Әлде не уақытта бала ұйқтайды. Баласын күбірлеп қарғай-қарғай қорылдап ұйқыға кетеді шеше. (Әрине, қазақ қатынының көбі мұндай емес қой. Бірақ көбі осындай десек, аса адаспаймыз. Пысық, сергек, бала қадірін білетін аналардан мына сөзіме кешірім сұраймын.)

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий