Психологияның қысқаша тарихы – kz »Рефераттар

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »Рефераттар Реферат

Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »РефераттарТоребекова Эльмира Абсематовна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты,
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
кафедрасының аға оқытушысы

Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандайда бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров /4/ ұсынған «сызықтық емесің жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгі – бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Осылай орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б.Ф.Ломовтың /5/ айтуы бойынша, зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б.Г.Ананьев /6/ психология адам туралы мәліметтерді нақты ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.

Психологияның аталмыш ғылымдар үшбұрышымен байланысының сипатына толығырақ тоқталсақ. Психологияның негізгі міндеті болып психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу саналады. Бұл заңдылықтар адам миындағы объективтік дүниенің бейнеленуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика объективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің объективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді.

Сонымен бірге адамдардың кез-келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психология субъективтік және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынайы ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін – оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.

Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әркетінің объективтік жадайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы әсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерін де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтауы қажет.

Психолог өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылықтарды анық білуі керек. Енгізілетін біркелкі ортадағы біржасушалылардың тіршілігінен, ортадағы белсенділігіне өлшенбейтін жоғары талаптар қойылатын, жер үстінде тіршілік ететін көпжасушалылардың күрделі өміріне өтуі кезінде, тіршілігінде не өзгеретін екенін анық білуі қажет. Жоғары омыртқалылар мен жәндіктер дүниесінің арасындағы айырмашылықты жете меңгеруі керек. Бейімделудің осындай жалпы биологиялық принциптерін білмей, жануарлардың мінез-құлқының ерекшеліктерін анық түсіну мүмкін емес, адамның психикалық әрекетінің күрделі түрлерін түсінуге тырысу өзінің биологиялық негізін жоғалтады. Психология ғылымының пәнін құрайтын айғақтарды биологиялық айғақтарға теңестіруге мүлдем болмайтынын естен шығармау керек.

Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлықының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Психологиялық факторлар әлеуметтік үрдістерді өздігінен анықтамайды, керісінше, олардың өзі осы үрдістерді талдау кезінде ғана түсінікті болады. Адамның психикалық әрекетінің негізгі түрлері қоғамның тарихы барысында пайда болып, тарихта қалыптасқан заттық әрекеттер жағадайында жүзеге асырылады, еңбек ету барысында, құрал мен тілді пайдалану кезінде пайда болған амалдарға сүйенеді.

Айтылғаннан психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуының қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Егер жануарладың мінез-құлқының қалыптасуында биологиялық шарттар негізгі рөлді атқарса, адамның қалыптасуында осындай рөлге тарихи қоғамдық шарттар ие болады. Алдымен психикалық әрекеттердің адамға тән болатын түрлерін зерттейтін, қазіргі заманғы психология ғылымы, қоғамдық ғылымдардан қоғамның негізгі даму заңдарын біріктіретін тарихи материализмнен алынатын мәліметтерді есепке алмай бірде-бір қадам жасай алмайды. Адамның психикалық әрекетін қалыптастыратын қоғам жағдайларын тиянақты қадағалау ғана психологияның берік ғылыми негізге ие болуына мүмкіндік береді.

Психология мен педагогиканың байланысына ерекше тоқталу керек. Бұл байланыс барлық кезде болатыны анық. К.Д.Ушинский /7,9/ былай деп айтқан: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін,оны жан-жақты зерттеу керек”. Психологияның тәжірибелік мағынасы осыдан анық көрінеді. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестердің қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді қажет ететін мәселелер пайда болады. Психологиялық үрдістер қозғалысының, динамиканың, білімнің қалыптасуының, дағды мен икемділіктің, мотивтер мен қабілеттер табиғатының, адамның жалпы психикалық дамуының заңдылықтарын білу, білім берудің түрлі сатысындағы білімнің мазмұнын анықтау, білім мен тәрбие беру, неғұрлым нәтижелі әдістерді жасау және т.б.сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді шешу үшін маңызы зор.

Қазіргі заманғы оқушыға нені үйрету керек? Ғылымның мектеп үшін жинақтаған кең көлемді ақпараттарының ішінен нені, қалай алу керек? деген сауалдар бойынша болатын өткір талқылаулар тудырған мәселелер тобы жиналып қалды. Әртүрлі жас ерекшелік сатысындағы адам психикасы дамуының мүмкіншіліктері мен резервтері қандай екенін және олардың шегі қайда екенін психология анықтауы қажет.

Педагогика тәрбиелеу мәселесіне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеуді қажет етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т.б. Айтылғанның бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық, екіншіден табиғи, үшіншіден әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.

Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу әдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің бірқатары бірігеді (мәселен, психофизиология және әлеуметтік психология). Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ міндеті – психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пәндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мәселелерді эксперименттік және теориялық түрде өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пәндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл – адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.

Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптырының күшеюіне де байланысты анықталады. Алғашқыда, психология, теориялысы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнер кәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда.

Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология – қалыптасудың әртүрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:

Еңбек психологиясы адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.

 Педагогикалық психология адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарыды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.

Медициналық психология дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.

Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады. Сот психологиясы сот айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жағдайлардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.

Әскери психологиясы, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.

Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қаутын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.

Рефераты:  Читать курсовая по Отсутствует: "Многопроцессорные системы с общей памятью" Страница 1 | скачать бесплатно, рефераты, отзывы

Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психологиялық аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму принципі пайдаланылады. Енді психология саларының келесі қатарын қарастырамыз:

Даму психологиясы, әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әртүрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады.

Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.

Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология–ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.

Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарстырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әрқилы механизмдерін қарастырады. Мысалы: өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.

 Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелрі. Сонымен қатар, үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әртүрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.

Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат – әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін, тұрақтылығы мен болжампаздғын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.

Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру, басшылық ету ретінде қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады.

 Көркем, әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады.

Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарашты меңгеру және т.б.); адамдардың күнделікті өміріндегі сауалдардан (тұлғалар арасындағы дау-дамайлаларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс, өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Намазбаева Ж.И., Андреев И.В. Психокоррекция дефицита внимания // Абай атындағы Алматы универиситеті, Хабаршы, Психология сериясы. №1(2), Алматы. 2003. 21б.
  2. Страхов В.И. Психология внимания. Саратов: Изд-во СГПИ, 1992. 56-74б.

3.Выготский Л.С. Эмоции и их развития в детском возрасте // Собр. соч., М.: Педагогика, 1982. Т.2. С.415-435.

  1. Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений. М.: Изд-во МГУ, 1976. 40-60б.
  2. Вилюнас В.К.Психологические механизмы мотивации человека М.,1990.218-300б.

§

Не бойся сказок.Бойся лжи.

А сказка? Сказка  не обманет.

Ребенку  сказку расскажи.

На свете правды больше станет.

   Валентин  Берестов

                     Психологияның қысқаша тарихы - kz  »РефераттарЕсть еще немало людей, у которых термин “Сказкотерапия” вызывает улыбку и отношение как к “детскому” методу,познакомившись со сказкотерапией поближе, изменяют свое мнение.

Метод сказкотерапии меня заинтересовал, и я стала применять этот метод у себя в группе.

В разработку научных основ сказкотерапии внесла большой вклад Т. Д. Зинкевич-Евстигнеева. Ей принадлежит одно из ключевых определений понятия «сказкотерапия». Ученый определяет, что сказкотерапия – это лечение сказками, т. е. совместное с ребенком открытие тех знаний, которые живут в душе и являются в данный момент психотерапевтическими.

Сказкотерапия – один из эффективных методов работы с детьми, испытывающими эмоциональные и поведенческие затруднения. Этот метод позволяет решать ряд проблем, возникающих у детей разных возрастов. В частности, посредством сказкотерапии можно работать с агрессивными, неуверенными, застенчивыми, тревожными детьми; с проблемами стыда, вины, лжи, принятием своих чувств.  Кроме того, процесс сказкотерапии позволяет ребенку актуализировать и осознать свои проблемы, а также увидеть различные пути их решения.

Начала я свою работу с того, что было проведено анкетирование родителей, которое называется «Скорая» помощь в воспитании и развитии детей». Целью данной анкеты  является  выявление  специфики трудностей, которые возникают у родителей при воспитании и развитии детей. По результатам родительского анкетирования я поняла – вот она первая ступенька в использовании на практике метода сказкотерапии. По моему мнению, для решения этих задач именно метод сказкотерапии будет идеальным. Так как это метод для дошкольников – современное средство, широко используемое  педагогами для решения различных задач. Обыгрывание ситуаций с любимыми героями сказок позволяет легко добиться замечательных результатов  развития и воспитания малышей. Сказка – ложь, да в ней намек, добрым молодцам – урок! Это выражение знакомо каждому человеку с детства. Сказка – это один из первых видов художественного творчества, с которым знакомится ребенок.

В своей работе с помощью сказкотерапии, я преследую следующие цели:

развитие гармонизации чувств у детей;

формирование способности рефлектировать свои чувства, формирование эмпатии, формирование положительного эмоционального фона, ощущения комфортности, защищенности,  принятия ответственности за свой выбор и действия «я несу ответственность за свои действия и за то, что происходит со мной»;

способности контактировать с другими детьми;

развитие сенситвности к процессу преодоления трудностей.

   Учитывая вышесказанное, передо мной встал ряд разносторонних задач: профилактика и коррекция негативных тенденций социального развития дошкольников, формирование представлений дошкольника о жизненных явлениях и социальных нормах, обучение определению модели поведения и нахождения выхода из проблемной ситуации, обогащение внутреннего мира детей, развитие речи.

И так что же такое сказкотерапия?

«Сказкотерапия» – понятие, которое появилось сравнительно недавно, и у разных специалистов оно порождает множество ассоциаций. Для одних «сказкотерапия» – это лечение сказками. Для других – форма коррекционной работы, для третьих – средство передачи основных знаний о мире. Каждому ребенку недостаточно просто прочитать сказку, раскрасить ее героев, поговорить о сюжете. С ребенком третьего тысячелетия необходимо осознавать и обдумывать сказки, вместе искать и находить сущность и жизненные уроки, понимать мораль сказки. И, в этом случае, сказки никогда не уведут ребенка от реальности. Как осознавать сказки? Как находить в них скрытые жизненные уроки и расшифровывать мораль?

Сказкотерапия – терапия жизненными историями, окрашенная сказочной атмосферой, в которой может оказаться любой ребенок, ощутить себя в атмосфере сказки, раскрыть свой потенциал, нереализованные желания и мечты, а главное – возникает ощущение защищенности и вкус тайны. Сказка, живет в каждом человеке, способна развивать сокровища его души. Сказка – это повествовательное, народнопоэтическое произведение о вымышленных мирах и событиях, преимущественно с участием волшебных сил (Ожегов).

Мудрецы говорят, что самое главное – напитать душу ребенка добром. Наверное, это и есть главная задача сказок.

Терапия – уход, забота, лечение.

В научно – педагогической литературе,  сказкотерапия – это забота об эмоциональном и психологическом здоровье личности средствами народнопоэтических произведений (т.е. сказами).

Цель метода сказкотерапии – активизация творческого созидающего начала, раскрытие глубин собственного внутреннего мира, развитие его самосознания.

Секрет метода заключается в том, что в сказкотерапии важно последствие – та мощная сила, стимулирующая развитие личности. Развитие, не зависящее от психолога – собственное развитие.

Рассмотрим некоторые методы работы со сказкой, как метода.

Одна и та же сказка по-разному влияет на каждого ребенка, каждый находит в ней что-то свое, актуальное для него, созвучное его проблемам. Практика показывает, что у благополучных, «беспроблемных» детей терапевтическая сказка часто не находит эмоционального отклика и воспринимается просто как интересная история, не приводящая к изменениям в поведении ребенка.

Рефераты:  Реферат на тему: Первая помощь при переломах

Другой подход, используемый мною в сказкотерапии считается менее директивным, поскольку он исходит из представления о том, что каждый ребенок является уникальной личностью, обладающей своими особенностями восприятия мира, и поэтому главная цель сказкотерапии – помочь ребенку выявить и осознать свои проблемы и показать некоторые пути их решения. В данном случае создаётся особая атмосфера эмоционального принятия ребенка, где поддерживается все позитивное, доброе, что у него есть; признается право ребенка на любые чувства, однако, предъявляются социальные требования к проявлению этих чувств (например, вводится правило не драться). Сказкотерапия в рамках этого направления проводится в форме групповых занятий с 3-6-ю детьми в течение одного-двух месяцев. При этом сказки создаются для всей группы в целом, поскольку считается, что каждый ребенок не похож на другого и воспринимает сказку по-своему, беря из нее только то, что актуально для него, созвучно его проблемам.

Признак настоящей сказки – хороший конец. Это дает ребенку чувство психологической защищенности. Что бы ни происходило в сказке, все заканчивается хорошо. Оказывается, что все испытания, которые выпали на долю героев, были нужны для того, чтобы сделать их более сильными и мудрыми. С другой стороны, ребенок видит, что герой, совершивший плохой поступок, обязательно получит по заслугам. А герой, который проходит через все испытания, проявляет свои лучшие качества, обязательно вознаграждается. В этом заключается закон жизни: как ты относишься к Миру, так и он к тебе.

Воспитание сказкой – прочный фундамент успеха во взрослой жизни!

На данный момент все поставленные мной цели не достигнуты и работа с детьми продолжается. Но уже видна перспектива эффективности метода. Дети, с которыми проводится работа стали более доброжелательными, активными, научились менее эмоционально воспринимать неудачи. Наблюдаются изменения в межличностных отношениях с взрослыми и сверстниками.

В дальнейшем я планирую, долгосрочный проект по сказкотерапии, где будет группа не только детская, но и родительская.

Ефремова Т. И.,

воспитатель 2 категорий,

ГККП детский сад «Балауса»

 ГУ «Отдел образования 

акимата Мендыкаринского района»

§

Биылғы оқу жылы гимназиямыздың жас мамандары үшін өсу жылы, шыңдалу жылы болғандай. Оған себеп оқу жылының басынан гимназия әкімшілігінің бастауымен «Үздік жас маман!» сайысы жарияланды. Жас мамандарымыз сайыс барысында әр түрлі қырынан танылып, түрлі сындардан өтті. Алдымен, алғырлықтарын танытып, сабақ беру әдіс-тәсілдерімен көзге көрініп, өз шеберліктерін таныту үшін ашық сабақтар берді. Білімді тәрбиемен ұштастырып, таңдаған тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Қазіргі функционалдық сауаттылықты арттыру мақсаты да ескеріліп, «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе конкурсынан да сүрінбей өтті. Әр сайыс сайын жиынтық балдары шығарылып отырып, қорытынды кезең жақындағанда ұжым болып ашық дауысқа салды.

Сайысқа 10 жас маман қатысты, қатысушы жас ұстаздарымызды атап өтсек:
1. Дене шынықтыру пәні мұғалімі – Қазкен Қайырлы Төлеубайұлы;
2. Математика пәні мұғалімі – Смагулова Камшат Сағатқызы;
3. Физика пәнінің  мұғалімі – Нұрышева Гүлзат Бекетқызы;
4. Химия пәні мұғалімі – Сайлау Нұрбақыт Нұрланқызы;
5. Бастауыш сынып мұғалімі – Серікбай Балжан Серікбайқызы;
6. Бастауыш сынып мұғалімі – Имашева Айгүл Ұзақпайқызы;
7. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – Досымова Мөлдір Досымқызы;
8. Ағылшын тілі пәні мұғалімі  – Шопенова Нұргүл Бейбітқызы;
9. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – Әлімбетова Анар Жайсаңбайқызы;
10. Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі – Қараша Гүлнұр Оралбайқызы.

Сынып сағаттарының мазмұндылығы, тәрбиелік мәні зор болды. Атап өтер болсақ, Кәмшат Сағатқызының «Достық қымбат өмірде» атты 6 «Ә» сыныбында өткен тәрбие сағаты оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнатып, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға шақырды. Қараша Гүлнұр Оралбайқызының 9 «Б» сыныбымен өткізген «Қарапайым тіліктерді орындау және безендіру» тақырыбындағы ашық сабағы кеңістікте ойлау қабілетін дамытуды, ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеуді мақсат тұтты.

«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандар арасындағы «Үздік жас маман!» сайысының қорытынды кеші математика пәні мұғалімі Мұратхан Зояның ұйымдастыруымен мәжіліс залында өтті. «Таныстыру», «Таңымдық кезең», «Педагогикалық жағдаят», «Жұлдызды сәт» – деп аталған 4 кезеңнен тұратын сайыста ұзтаздарымыз білімі мен өнерлерін ортаға салды. Таныстыру кезеңінде жас ұстаздарымыз талғамдарының биіктігін көрсетіп, өздерінің шыққан тегі мен өскен ортасын жарасымды жырмен өрнектеді.

Бір ғана математика пәнінің мұғалімі, Кәмшат Сағатқызының таныстыруын атап өтсек,

Білімнің биік қойғам әліппесін,
Армысың, ұстаздарым, әріптесім.

Жұмабаев Мағжандай атамыздың,

Ордасын әрбір ұстаз дәріптесін.

Уақытын санамай қиыпты шын,

Аянбай еңбектенем жиып күшім.

Сабағым есеп жайлы болғанымен,

Есепсіз еңбектенген сүйікті ісім, – деп ұстаздығын барлығынан биік қойып, тереңнен толғады.

Кеш барысында мамандар сұрақтарға жауап беріп, түрлі жағдаяттардан шеберлікпен шығып, өздерінің жан-жақты екендігін танытты. Өнер көрсету кезеңінде барша маманымыз көрерменді тамсандырды. Би де биленіп, ән де шырқалды. Бастауыш сынып мұғалімі Балжан Серікбайқызының салған әні құлақ құрышын қандырды. Кеш соңында, әділқазылардың шешімімен, жан-жақты сараланған пікір мен сыннан сүрінбей өткен, бастауыш сынып мұғалімі Имашева Айгүл Ұзақпаевна жеңіске жетіп «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» атанды. Сайыста бақ сынаған ұстаздарымыз түрлі номинациялармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »Рефераттар

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »Рефераттар

Альжанова Мөлдір Жаксыбаевна
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

§

5 марта 2021 года на малом катке Барыс Арены прошел хоккейный турнир «Sport Cup» среди детских дворовых команд.
В турнире приняли участие команды школ №27 и №31. За главный приз сражались хоккеисты в возрасте от 10 до 13 лет.
По результатам турнира победителями стали ребята из школы № 31. Команды награждены кубками и медалями.
Почетные гости турнира, Посол Канады в Казахстане, Шон Перри Стайл и  г-н Энтони Пахигиян, Советник Посла США по вопросам прессы, культуры и образования, поздравили юных хоккеистов с успешным завершением сезона и провели награждение команд. Поддержать будущих чемпионов пришли не только родители и друзья, но и игроки команды «Барыс», Астанинской любительской хоккейной лиги и просто любители самого зрелищного зимнего вида спорта.
Как отметил Чрезвычайный и Полномочный Посол Канады в РК Шон Перри Стайл: «Канаду и Казахстан объединяет общая страсть к хоккею. Это игра, которой могут наслаждаться как молодые люди, так и люди в возрасте, мальчики и девочки независимо от уровня и опыта. В этом году празднуются 150-летие Канады, 25-летие канадско-казахстанских отношений, 60-летие хоккея в РК, а также другие исторические даты, которые дают уникальную возможность для развития двухсторонних отношений стран и создания хорошей традиции. Сегодняшнее событие демонстрирует, какое спорт может давать разнообразие, как он способствует развитию молодежи, укрепляет дружбу между Канадой и Казахстаном».
По словам организатора турнира Ляззат Алшиновой: «Этот хоккейный сезон запомнится нашим детям надолго – мы приняли участие в нескольких турнирах, в том числе и на River Hockey Cup, на открытом катке на Ишиме. Я выражаю благодарность спонсорам проекта – Посольствам США и Канады, подарившим нашим детям счастливые моменты воплощения детской мечты!»
Турнир состоялся при поддержке Посольства Канады и Посольства США в Казахстане.
Организатор: Общественный Фонд «Замандас 21».

2021-03-07

§

«100 кітап» жобасы – М.Жұмабаев атындағы гимназияның төлтума жобасы. Бұл жобаның мақсаты оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген

қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеті шыңдалған жеке тұлға тәрбиелеу.

2021-2021 оқу жылының жазғы демалысынан 2021-2021 оқу жылының қаңтар аралығында жобаның гимназияішілік кезеңі өтті.

Гимназияішілік жобаға төмендегідей талаптар қойылды:

Өткізілген іс-шаралар нәтижесін шығарып, рейтинг жариялау;

Байқаудың өтілу барысын бірінші қабат стендісінде, мектепішілік газеттерде, гимназия сайтында міндетті түрде жариялап отыру;

Жеңімпаздарды қалалық жобаға жіберу.

Әр айдың жетістіктері бойынша кітапханашы қорытынды рейтингіні, яғни баллдық жүйеде шығарып отырды.

«100 кітап» жобасы аясында мектепте жүргізілетін жұмыс түрлері мен жауапты мұғалімдер төмендегідей топтасты:

Бастауыш сынып /Байкенжина Д.С./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
  4. «Ертегілер әлемінде» сахналық қойылым

5-сыныптар /Сыздықова Э.К./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
  4. «Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты мәнерлеп оқу сайысы

6-сыныптар /Адамова Б.К./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
  4. «Менің сүйікті кітабым», «Менің сүйікті кейіпкерім»

7-сыныптар /Жакишева Ж.К./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
  4. «Жыр күмбірі» жыр, миф, аңыз-әңгімелерден үзінді оқу.

8-сыныптар / Ермек Е.С./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Театрлар әлемінде» үш тілде сахналық қойылым

9-сыныптар /Рахметуллаева Д.Б./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Ең үздік оқырман»

10-сыныптар /Ақбаева Б.К./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Әдебиеттің асыл мұрасы» аудиожазба сайысы

11-сыныптар /Абенова А.Е./

  1. «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы/
  2. Интелектуалды сайыс
  3. «Менің жарқын болашағым»
Рефераты:  Реферат к дипломной работе: как написать в 2021 году, пример

/үш тілде эссе жазу байқауы/

Мектепішілік жоба қорытындысы 2021 жылы желтоқсанда шығарылды. Барлық талаптар бойынша жалпы ұпай сандары есептеліп, жоғары балл жинаған жеңімпаздар марапатталып, қалалық сайысқа жіберілді.

Гимназиямыздың төрінде ақпан айының 17-і күні

қалалық мектептер арасында «100 кітап» жобасының

онлайн режимінде қорытынды кеші болып өтті.

Білім алып жатқан оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының, жалпы түркітілдес халықтар әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту мен үйретуді қолға алып отырған бұл жоба – өз деңгейінде өрбіді. Жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыруды, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білген, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды мақсат тұтқан іс-шарада М.Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы 100 кітап тізімін әзірледі.

Аталған тізімде 50 қазақ әдебиетінің, 50 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 – ағылшын тілінде, 30 – орыс тілінде таңдалды.

Онлайн режимінде «100 кітап» жобасының қорытынды кеші әдеби-сазды кеш ретінде әрі марапаттау салтанаты түрінде жүргізілді.

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »Рефераттар

Қорытынды кештің тізгінін Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдіскері Жаркеева Гүлназ Бекетовна алып, №39 гимназия директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы келген қонақтарға ақжарма тілегін білдірді. Осы жоба аясында мектепішілік деңгейден сүрінбей өткен алғыр оқушылар қалалық сайыста бағын сынады. Бекітілген тізім бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы, интелектуалдық ойын, сахналық қойылым, электрондық кітапша, эссе жазу сияқты байқауларда сынға түсті.  Жобаға қала бойынша 15 мектеп өтініш білдіріп, баршасы өз деңгейінде барын салды. Жобаның қорытындысы бойынша оқушыларға диплом, сыйлықтар және үздік деп танылған мектептерге алғыс хаттар берілді. 5-сыныптар арасында І орынды иеленген №92 гимназияның оқушысы Қабижан Фатима. 6-сыныптар бойынша І орын №82 мектептің оқушысы Несіпбай Аруана. 7-сыныптардан №39 гимназияның оқушысы Айтуған Нұрдәулет. 8-сыныптарда «Театр әлемінде» үш тілде сахналық қойылым бойынша №53 мектеп ұжымы І орын. 9-сыныптар бойынша «Ең үздік оқырман» №39 гимназияның оқушысы Молдабаева Мадина болды.

10-сыныптарда Мәди Бәпиұлы жайлы жасаған электрондық кітапшасы үздік деп танылған №39 гимназия оқушысы Салина Аружан І орынды жеңіп алды. 11-сынып бойынша үздік эссе №92 гимназияның оқушысы Жұмажанова

Сабинанікі деп танылды.

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »Рефераттар

Альжанова Мөлдір Жаксыбаевна
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

§

Әрбір баланың өмірінде, ертелі-кеш, туған үйін тастап, социумға бағыт алатын кез келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол күнделікті үй жағдайынан «өсіп», «бөтен қолға» барады, ол, көбінесе, балабақша. Сол балабақшаның табалдырығында оны қарсы алған адам, оның алғашқы Ұстазы қандай болады, оның өміріндегі көп маңызды нәрселер соған байланысты болады.

Баланы балабақшаға апарған кезде, әрбір ата-ана үшін, топтағы жағдай ыңғайлы болғаны өте маңызды. Бізге, бұл жағынан, жолымыз болды деп ойламыз. Біз дегеніміз – бұл «Астана қаласының №17 «Ер Төстік» балабақшасындағы «Бұлбұл» тобының ата-аналары. Әрбіреуіміз, таңертең баламызды байсалды тәрбиеші Бөлекбаева Гүлмайра Серкешқызының аяулы алақанына береміз.

Біздің балаларымыздың қасында нағыз кәсіпқой адам, сондықтан да, біз өз балаларымыз үшін қам жемейміз, өйткені, олар уақытында ас ішетіндеріне, қараусыз қалмайтындарына және ең бастысы, оқып, дұрыс тәрбие алатындығына бірде бір күмәніміз жоқ.

Гүлмайра апайдың ерекше мінезінің бірі – мұқияттылығы. Ол әрқашан да орнында. Үш жыл ішінде, Гүлмайра апай таңертең сағат 07.30-да (кейде одан да ерте) балаларды қарсы ала алмаған күндері саусақпен санарлық қана.

Оның тәрбиесі «қабылдау бөлмесінен» басталады. Апай: «кілемге аяқ киіммен басуға болмайды, сыртқы киімді топқа кірген кезде шешу керек, қардан су болып қалған қолғапты батареяда кептіру қажет және т.б.» дейді. Осылайша, біздің апай балаларға әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды үйретеді. «Түскі ұйқыдан» кейін қыздардың шашын қандай сүйіспеншілікпен өреді десеңші. Біз, ата-аналар, баламызды үйге алып келгеннен кейін осындай ұсақ-түйектерді көрмей қалмаймыз.

Әрбір балаға Гүлмайра апай өзінің туған баласындай жаны ашиды. Бір күні бір қызға өзінің мойнындағы орамалын орап, үйіне жіберген кездері де болды.

Көпжылдық педагогикалық тәжірибесі өз жемісін әкеледі. 16  жыл педагогикалық өтілі бар.

Біздің балаларға мұқият қарауының, жұмысқа толығымен беріліп жұмыс істеуінің және осы топтағы білім процесіне шығармашылық тұрғыдан қарауының арқасында, балаларға өте ыңғайлы және қызықты.

Біздің балаларымыздан басқа, оның қоршаған ортасына салынған қаншалықты күш пен уақыт бар екендігін атап айтпауға болмайды, барлығы да үлкен көңілмен және қамқорлықпен жасалған. Балабақша қабырғасында да, сондай-ақ, одан тыс жерлерде де өткізілетін барлық іс-шараларға өте белсенді қатысады. Сонымен қатар, ісіне селқос қарамайды. Әрбір ұсақ-түйекке көңіл бөліп, жүрегінен тыс қалдырмайды. Осылайша, Гүлмайра апай өз үлгісімен балаларда көшбасшылық қасиеттерін дамытады.

Гүлмайра апай балаларға көбірек тақпақ, сандар мен әріптерді жаттатуға шебер, балаларға үлкен қамқорлықпен және түсіністікпен қарайды. Апайдың бойында орасан зор еңбек сүйгіштік, өз кәсібіне, балаларға деген сүйіспеншілік қасиеттері, шығармашылыққа талпынысы байқалады. Ол кісі үлкен әріппен жазылатын тәрбиеші! Оның кәсіпқойлығы барлық жерде көрінеді! Әрқашан да қол ұшын береді, кеңес береді, кез-келген сұраққа жауап береді. Ол кісінің ата-аналармен жасаған жұмысын атап айтпауға болмайды, біздің өтініштеріміз бен ескертулеріміз ешқашан да ескерусіз қалмайды. Біздің апайдың күнделікті жасап жатқан ерлігіңіз – біздің балаларымызға деген сүйіспеншілігіңіз, оларға деген қамқорлығыңыз, шығармашылық тәсілдеріңіз үшін және ең бастысы, әрбір кішкентай баланы түсінгіңіз келетін көңіліңіз бен қабілетіңіз үшін айтар алғысымыз шексіз. Апай біздің балаларды бір-бірімен дос болуға, құрметтеуге, шығармашылықпен айналысуға, қиялдауға, керемет кездерді бағалауға, шынайы, мейірімді, қамқоршы болуға үйретесіз. Біздің балаларымыз өз жетістіктерін мақтан етеді, өзінің жасағандарын қуана көрсетеді, үйде қызығушылықпен қайталап жасайды.  Гүлмайра апайға көп-көп рақмет!

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »Рефераттар

«Бұлбұл» тобының ата-аналары
№17 «Ер Төстік» б/б, Астана қ.

§

Ойлы адам баласы әр күні сан-қилы сұрақтардың жетегінде жүреді. Мысалы, өмірдің мәні неде, бақыт дегеніміз не, басымызға қонған бақ құсын сезіне аламыз ба, дүниені бар жан-дүниемізбен танудың сыры неде жатыр… және т.б

Осы сұрақтардың ішіндегі мен үшін ең өзектісі «бақыт дегеніміз не?» Өмірде бақытты болуды қаламайтын адам сірә, жоқ шығар?! Дүниеде жер басып жүрген жұмыр басты пенденің барлығының арманы – бақытты болу. Бірақ, сол бақыт деген ұғымды жүрегіне жеткізе түйсініп, көңілдің көгілдір көкжиегінде дұрыс көре алып, тұла бойымен, ой төңірегінің әрбір түйсігімен шынайы түсінетін адамдар некен-саяқ. Өзім балалық шағымнан теңіз қиялына сүңгіп, келешекте өз елімнің, алтын ордамнан алатын орыным жайлы ойланып, осы сұрақтар мен ойлар аясында көп толғанатынмын…

Менің ойымша, әр адамның шексіз бақытқа қол жеткізіп, арман оты жүрегінде лаулаған ойларына нық ынта салып, асу-белестер мен биік шыңдарды бағындыру жолы – ішкі жан-дүниесінің тазалығы, ниетінің пәктілігі мен жүрегінің риясыз ақ болуына байланысты сияқты. Жүрек таза болғанда ғана бақыт бастау алып, адами қасиеттерінің әсем де көркем тоғысуынан киелі орын табады. Әрбір адамның бақыты – ол оның көзінің қуанышы мен көңілінің жұбанышы. Біреулер бақытты рахат өмірмен байланыстырса, біреулер байлық пен биік мақсатқа қол жеткізумен шендестіреді.

Ал менің бақытым – өзімнің өмірім мен өзгелердің өмірін жайдары  жарқын нұр іспеттес сезімдерге толтырып, қас пен көздің арасында шыр айналған уақытты текке өткізбей, адам бойына парасаттылық пен рухани азықты, адамгершілік сезімдерін бағыттайтын, адам ойы мен санасына құдіретті әрі ұлықты ой түйдіріп, ақыл-ой қондырар игі мамандықтардың бірі – журналист атану. Өзімнің пікірім бойынша, журналист болу – мұқалмас жігер, қажымас рух пен қайсарлықты талап ететін мамандық. Егер адам қиындықтарға төтеп бере алып, өмірдің сынағынан мүлтіксіз өте алса, онда ол нағыз маман әрі өз ісінің сөзсіз шебері атанып, көкірек көзі ояу тұлға болады. Мен осы мамандықты осы іске қабілетім бар деп таңдап отырған жоқпын. Бұл жолды өз өміріммен ұштастырсам, осы іске ден қойып, бар жан-тәніммен, ішкі түйсігімнің асқан қызығушылығымен, шегі жоқ құлшыныспен берілетінімді білемін. Өзімнің бүгінгі күнімді ертеңгі күніммен, яғни журналист мамандығы аясындағы істермен айналысуды – келешегімнің кепілі деп білемін. Осы мамандықтың қыр-сырын танығым келсе, ақ маржандай ой тізбегін тізіп, ақыл-ой мен кемеңгерлікті бойыма жинап, өткен күндерімнен сабақ алуым керек. Жалпы мен, берілген бес күндік жалғанда екінші мүмкіндіктің берілмейтінін ескеріп, осы мамандық төңірегіндегі барша іс-шараларға белсене қатысамын. Теңдесі жоқ білім мен ілім болар ғанибетті қалт жібермеуге, қоржынымды байыту бағытында мүмкіндігімді жіберіп алмауға тырысамын. Барша шұғылалы ойлар мен шарапатты ұғымдар журналист болу арманымның қанатын қағып, арманыма жетелей түседі.

М.Жұмабаев атындағы
№39 гимназияның
11 «А» сынып оқушысы
Аяжан КЕНЖЕБАЙ
Қарағанды облысы

§

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 6 наурыз күні білім саласы қызметкерлерінің әйелдер қауымын құттықтауға арналған дәстүрлі мерекелік салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы қатысып, білім саласында елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналған өз құттықтауын жеткізді. «Қазіргі таңда әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлесі өлшеусіз. Әсіресе, білім беру саласындағы әйелдер қауымының еңбектері ерен»-деді өз құттықтауында Р. Рүстемов. Осынау дүниені түлеткен көктем мерекесінде облыстық білім басқармасының басшысы Б. Сайлыбаев ән де шырқап берді.

Салтанатты шара бұдан әрі марапаттау рәсіміне ұласып, ұстаз -әйелдер қауымына сый-сияпаттар жасалды.

Ұлылықпен келесің күллі әлемді таң қылып,
Есімің тұр киелі сан ғасырлар жаңғырып!
Адамдықтың, адалдықтың әліппесін үйреткен
ҰСТАЗДАРҒА, АНАЛАРҒА бас иейік мәңгілік!

Толқын, толқын теңіздей мейірім-шуағың,
Сарқылмайтын тәрбие бастау бұлағың
Ұлы Дала перзентінің иесі де киесі,
ҰСТАЗДАРҒА, АНАЛАРҒА басымды иіп тұрамын!

Психологияның қысқаша тарихы - kz  »Рефераттар

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий