Салауатты өмір салтының негіздері — Реферат Салауатты мір салтыны негіздері

Салауатты өмір салтының негіздері - Реферат Салауатты мір салтыны негіздері Реферат

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
— Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
— Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне — өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Меніңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
— белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
— физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
— жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
— қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
— дұрыс жыныстық тәрбие алу;
— зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
— Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
— Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
— Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
— Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
— Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
— Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
— Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді. Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен. Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең — жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады. Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады. Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады. Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт — жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу — ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:
— Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;
— Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;
— Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;
— Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;
— Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;
— Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;
— Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.
— Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді. Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс. Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді.
Мектеп қабырғасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына пәнаралық байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы: Пәнаралық байланысты мынадай үш жүйе арқылы құрастыруға болады.
— Денсаулықты сақтау
— Денсаулықты қалыптастыру
— Жеке тұлғаны қалыптастыру
Денсаулықты сақтау – денсаулық, сымбаттылық және сергектік-адам баласының ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы және жастыққа тән күш-қуатын сақтағысы келеді. Бұл жүйе жаратылыстану пәні арқылы жүзеге асады. Денсаулықты қалыптастыру жүйесіне дене шынықтыру пәні жатады. Дене тәрбиесі сабағының міндеті – оқушылардың денсаулығын нығайту, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап спорт түрлерімен шұғылдану. Жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесіне гуманитарлық сабақтар жатады. Бұл-баланың рухани ой-өрісін, қасиетін жан-жақты дамытуға бағытталған. Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы – балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі — әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін оқушылар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады.
1.Сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүргізу
2.Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.
3.Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды қатыстыру қажет. Әр пән мұғалімі өз сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы.
Егер болашақ ұрпақтың денсаулығын ойласақ, парасаттылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа осындай сана арқылы тәрбиелеген озық ойлы үлгілерді қазіргі кездегі мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс. Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау- әр мектептің, әрбір ұстаздың, әрбір ата-ананың парызы деп білуге болады. Салауатты өмір салты дегеніміз — әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос уақытында дем ала білуі, қысқасы, адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі. Сонымен еліміздің кез-келген азаматысалауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі, білімді, салауатты болуы маңыздылық танытады.«Сіздердің табыстарыңыз-ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы». («Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты) «Он екі мүшең сау болса — жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ. ….

Рефераты:  Антонимия, антитеза


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Қарап көріңіз 👇

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий