1.2.1.2.1. Средства, блокирующие М-холинорецепторы (М-холинолитики)
М-холиноблокаторы включают производные третичного азота – атропина сульфат, скополамина гидробромид, платифиллина гидротартрат (алкалоиды белены, красавки, дурмана и др.). Четвертичные амины – метоциния йодид (метацин), пирензепин (гастроцепин, гастрил), ипратропия бромид (атровент) получают синтетически. Первые хорошо проникают через гематоэнцефалический барьер, оказывая влияние на центральную нервную систему, вторые блокируют только периферические М-холинорецепторы. Механизм действия – образование комплекса с М-холинорецептором, препятствующего взаимодействию рецептора с ацетилхолином. Блокируя М-холинорецепторы, эта группа средств снимает эффекты возбуждения парасимпатической нервной системы (ацетилхолина), и начинают преобладать симпатические влияния.
М-холиноблокаторы вызывают многочисленные эффекты:
1. Расширение зрачка (мидриаз), повышение внутриглазного давления, паралич аккомодации. Зрачок расширяется в связи с расслаблением круговой мышцы радужной оболочки. При этом радужка утолщается, углы передней камеры глаза закрываются, и затрудняется отток внутриглазной жидкости – внутриглазное давление повышается (М-холиноблокаторы противопоказаны при глаукоме – повышенном внутриглазном давлении). Паралич аккомодации связан с расслаблением ресничной мышцы, ведущим к натяжению цинновой связки и уплощению хрусталика: преломляющая его способность уменьшается, глаз устанавливается на дальнюю точку видения (дальнозоркость): больной плохо видит близлежащие предметы и не в состоянии читать и писать.
2. Подавление секреторной активности желез внешней секреции: слюнных, бронхиальных, потовых, желудочных и кишечных. Проявляется сухостью в полости рта и затруднением глотания, сухостью кожи, снижением секреции желудочного сока, уменьшением образования бронхиальной слизи; снижение потоотделения может привести к повышению температуры тела (гипертермия).
3. Учащение пульса (тахикардия) как следствие ослабления (прекращения) вагусных влияний на сердце и преобладания симпатической импульсации.
4. Расслабление гладкой мускулатуры внутренних органов (спазмолитическое действие). Поскольку блуждающий нерв обусловливает ее тонус и сокращения, М-холиноблокаторы создают неспособность клеток воспринимать вагусную импульсацию, что приводит к расслаблению гладкой мускулатуры и ликвидации мышечного спазма (желудочно-кишечного тракта, бронхов, мочеточников и мочевого пузыря, желчного пузыря и желчных протоков). Поэтому препараты этой группы в сочетании с болеутоляющими средствами широко применяются при кишечной, печеночной и почечной коликах.
5. Действие на центральную нервную систему проявляется у препаратов, проникающих через гематоэнцефалический барьер. Атропин возбуждает центральную нервную систему и при передозировке вызывает беспокойство, двигательное и речевое возбуждение, психоз (спутанность сознания, бред, галлюцинации). Скополамин, напротив, угнетает центральную нервную систему, ослабляет вестибулярные расстройства (головокружение, нарушение равновесия).
Показания к применению:
1. Спазм гладкой мускулатуры кишечника, печеночная, почечная колики. Чаще других используют атропин, платифиллин, метацин.
2. Бронхиальная астма. В межприступный период чаще применяют атровент ингаляционно, поскольку он практически не всасывается из просвета бронхов, и поэтому побочные эффекты, типичные для атропина (повышение внутриглазного давления, тахикардия, атония кишечника, нарушение функций центральной нервной системы), проявляются со значительно меньшей вероятностью.
Иногда для лечения бронхиальной астмы используют метацин и платифиллин. Метацин сильнее атропина расслабляет гладкую мускулатуру бронхов, при менее выраженном действии на глаз и сердце, не вызывает центральных эффектов (не проникает через гематоэнцефалический барьер – четвертичный амин). Платифиллин, помимо М-холиноблокирующей активности, обладает прямым миотропнымспазмолитическим действием и может расширять кровеносные сосуды и снижать артериальное давление. Кроме того, он обладает ганглиоблокирующими и успокаивающими свойствами. Атропин желательно не применять для лечения бронхиальной астмы, он приводит к скоплению густого вязкого секрета в бронхах.
3. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки, гиперацидные состояния (для снижения секреции желез желудка и кишечника, угнетение сокращений гладкой мускулатуры, способствует некоторому уменьшению болевого синдрома). Применяют атропин, платифиллин (действует слабее атропина, но менее выражены побочные эффекты – тахикардия, сухость в полости рта, паралич аккомодации, повышение внутриглазного давления); метацин (меньшая вероятность побочных эффектов, особенно центральных, что связано с трудным проникновением через гематоэнцефалический барьер, меньше, чем атропин, действует на глаз; пирензепин (гастроцепин). М-холинорецепторы имеют несколько подтипов (М1, M2, М3 и др.). Некоторые лекарственные вещества избирательно действуют на эти подтипы. Так, пирензепин (гастроцепин) блокирует M1-холинорецепторы интрамуральных ганглиев желудка и снимает стимулирующее влияние блуждающего нерва на секрецию в нем, угнетает выделение соляной кислоты и пепсиногена, что приводит к снижению общей активности желудочного сока. Помимо антисекреторного действия, препарат стимулирует желудочное слизеобразование, повышая его противоязвенную активность.
4. В анестезиологической практике вводят перед наркозом для снятия побочных явлений, связанных с возбуждением блуждающего нерва (усиление секреции слюнных и бронхиальных желез; ларингои бронхоспазм, рефлекторная брадикардия). Применяют атропин, скополамин и особенно метацин, так как он слабее влияет на глаз (легче следить во время операции за величиной зрачка, а значит, глубиной наркоза) и сердце, а по бронхолитическому эффекту превосходит атропин.
5. Поскольку М-холиноблокаторы расширяют зрачок (мидриаз) и парализуют аккомодацию, их используют для исследования глазного дна и при подборе очков. Применяют препараты относительно кратковременного действия, например, платифиллин (5- 6 ч). Напротив, при остром воспалении (ириты, иридоциклиты и др.) и травмах глаза используется атропин, который на длительное время расширяет зрачок (7-10 дней) и создает функциональный покой его мышцам – “иммобилизирующая повязка”. Естественно, повышенное внутриглазное давление (глаукома) исключает применение этих препаратов.
6. Вестибулярные расстройства (головокружение, тошнота, нарушение равновесия), синдром Меньера, морская и воздушная болезнь. Применяется скополамин и гиосциамин.
7. Отравления М-холиномиметиками и антихолинэстеразными средствами. Применяются большие дозы атропина.
М-холиноблокаторы (атропин, метацин, скополамин) используются при операциях для снижения секреции слюнных желез, предупреждения ларингоспазма, тошноты и других побочных эффектов, связанных с возбуждением блуждающего нерва.
Иногда М-холиноблокаторы назначают больным, страдающим повышенным слюнотечением, например, при болезни Паркинсона.
При передозировке (отравлениях) М-холиноблокаторов отмечается сухость и гиперемия кожных покровов (гипертермия), сухость в полости рта и глотки (затрудняется глотание, речь), нарушается аккомодация (больной плохо видит), максимально расширяются зрачки, появляется светобоязнь, резко учащается пульс (тахикардия), замедляется перистальтика (запор). При отравлении атропином или содержащими его растениями (белена, красавка) к этим симптомам добавляется двигательное и речевое возбуждение, психоз, а в тяжелых случаях – судороги. Смерть наступает от паралича дыхательного центра. При передозировке препаратов этой группы назначение М-холиномиметиков неэффективно, так как М-холиноблокаторы надежно связывают рецептор и экранируют его от взаимодействия с ацетилхолином или его имитаторами (односторонний антагонизм). При отравлении атропином внутривенно дробно вводят физостигмин (антихолинэстеразное средство), хорошо проникающее в центральную нервную систему. Он снимает психические расстройства, нормализует дыхание и сердечный ритм. В остальном лечение проводят в соответствии с общими принципами борьбы с отравлениями (удаление невсосавшегося яда с места введения, стимуляция элиминации яда, поддержание жизненно важных функций – при необходимости проводят искусственное дыхание, форсированный диурез, гемосорбцию).
Кәсіпкерлік қызмет: мәні, сипатты белгілері және түрлері
Алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж.ж) енгізді. Ол кәсіпкер деп тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адамды айтты.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан экономистер қатарына А.Смит, Ж.Б.Сэй, Йозеф Шумпетерлерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама берілген. Кәсіпкерлік – меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.
Кәсіпкерлік дамыған нарықтық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде бірнеше қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық.
· Жалпы экономикалық қызмет –бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің нарық субьектісі ретіндегі рөліне негізделеді. Бұл қызмет тауар (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады.
· Ресурстық қызмет– бұл қызмет кәсіпкерліктің дамуы үшін ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.
· Шығармашылық ізденіс– мұнда кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
· Әлеуметтік қызмет –бұл қызмет адамдардың жаңа топтарының дербес шаруашылық-экономикалық қызмет атқаруға тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, алға қойған мақсатына жете алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.
· Ұйымдастырушылық қызмет –бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы, кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық қызметтің бір түрі ретінде негізгі ерекше сипатты белгілерін бөліп көрсетуге болады:
– шаруашылық субьектілерінің еркіндігі және тәуелсіздігі;
– пайда табуға бағытталуы;
– инновациялық және шығармашылық ізденісі;
– шаруашылық жүргізуде нар тәуекелге баруы.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің кез келген түрімен айналыса алады. Олар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, делдалдық.
Өндірістік кәсіпкерлік –оның негізін кез келген бағыттағы материалдық, интеллектуалдық, шығармашылық өндіріс құрайды. Мұнда кәсіпкер фактор ретінде өзінің жеке немесе сатып алған құралдары мен еңбек заттарын, жұмыс күшін қолдана отырып, тұтынушыларға немесе сауда ұйымдарына сату үшін өнім, қызмет, ақпарат, рухани құндылықтар өндіруді ұйымдастырады.
Коммерциялық кәсіпкерлік –мұнда басты рөлді тауар-ақша, сауда-айырбас қатынастары атқарады. Мұнда бизнесмен басқа тұлғалардан сатып алған дайын тауарларды қайта сата отырып, саудагер немесе коммерсант рөлін атқарады.
Қаржылық кәсіпкерлік –бұл коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше бір түрі ретінде несиеге ақша беру, шет ел валюталарын, бағалы қағаздарды сату, сатып алу операцияларымен айналысады.
Сақтандыру кәсіпкерлік –мұның мәні кәсіпкер сақтанушыны кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде мүлікке, құндылықтарға, өмірге зиян келген жағдайда белгілі бір мөлшерде төлем төлеуге кепілдік береді. Қызметтің бұл түрін қаржы кәсіпкерлігінің бір түрі ретінде қарастыруға болады. Мұнда кәсіпкер сақтандыру жарнасын алады және оны тек сақтандыру жағдайы болған кезде ғана қайтарады.
Делдалдық кәсіпкерлік –кәсіпкер – делдал өндірушілерден сатып алушыларға қажетті тауарларды өткізу шарттары туралы ақпарат алады және ол мәліметті сатып алушыға береді. Егер де өндіруші мен сатып алушы мәміле жасасса, делдал кәсіпкерге сый ақы төленуі тиіс.
§
3. Мемлекеттік кәсіпорын.
· Серіктестікжарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне ақша, мүліктік құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар салынады.
Толық серіктестік – қатысушылары (толық серіктестер) кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиеселі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік толық серіктестік болып табылады.
Толық серіктестік қызметі барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.
Сенім серіктестігі –серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік –бір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Оның мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек. Онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар нысанында заттық үлестері де болуы мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т. б.).
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктіңқатысушылары серіктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.
· Акционерлік қоғам– бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушыларға шек қойылмайды. Ұйымдастырушы бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды. Акция дегенімізоның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін қосқандығын куәландыратын және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Сонымен бірге акция акционерлік қоғамның ісін басқаруға құқық береді, алайда бұл жерде бір акция – бір дауыс деген қағида басшылыққа алынады. Акционердің акциясы неғұрлым көп болса, акционерлік кәсіпорынның істеріне соғұрлым көп әсер ете алады. Мұндай жағдайда акционерлік кәсіпорынды басқаруда акциялардың бақылау пакетін иеленген акционер шешуші рөл атқарады.
· Мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеітік кәсіпорындар, мемлекеттік корпорациялар, аралас акционерлік қоғамдар.
Бюджеттіккәсіпорындарға заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бюджеттік кәсіпорындар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды, мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорын басшыларын мемлекеттік органдар тағайындайды.
Мемлекеттік корпорациялармемлекеттік кәсіпорындардың кеңінен тараған түрі. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің экономикалық негізін мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал және пайда құрайды.
Араласкомпанияларакционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға сай аралас компаниялар заңды иегep, коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.
§
Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі үздіксіз үрдісті көрсетеді. Кәсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу – сату жолымен ала отырып, өндіріс үрдісін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл үрдіс үнемі қайталанып отыратындықтан кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.
Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымында капитал бір формадан екінші формаға айналады. Оны формула түрінде былай көрсетуге болады:
Ө.қ.ж.
А – Т … Ө … Т´ – А´
Ж.к
Бұл формулада ақша капиталы, өндірістік капитал және тауар капиталы нысандарының қызметтері көрінеді. Ол мынадай заңды сатылардан тұрады:
1-ші сатыда ақша капиталы өндіруші капиталға айналады. Өндірісті ұйымдастыру үшін алғы шарт жасайтын қажетті өндіріс кұрал – жабдықтары сатып алынады және еңбек ақы төлеу үшін ақша алдын ала жұмсалады.
І- саты


өндіріс құрал-жабдықтары
жұмыс күші
2-ші сатыда өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін пайдаланып, тұтыну тауарын жасаумен аяқталады.
ІІ- саты


ө.қ.ж
…… … Ө ….. Т’
Ж.к
3 -ші сатыда өнімді өткізу жүзеге асады, яғни тауар ақшаға айналады.
ІІІ- саты Т ‘ – А’
Сонымен капиталдың ауыспалы айналымы – өндіріс және айналыс үрдісін қамтиды және бастапқы ақшалай нысаннан капиталдың келесі басқа қызметтік нысанына ауысуын білдіреді
Үздіксіз жаңарып отыратын үрдіс болып қарастырылатын ауыспалы айналым, капиталдың айналымы деп аталады, яғни кәсіпкердін жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келу циклі. Капитал әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, яғни өндіріс және айналыс уақытының ұзақтығына тәуелді.
Кәсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан тұрады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады, басқаша айтқанда сол уақыт кезеңінде ресурстардың көлемінде көп өнім өндіруге мүмкіндік береді.
• өндіріс уақыты – бұл шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік қорларда болу уақыты: яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи үрдістердің әсер ету уақыты; еңбек үрдісіндегі үзілістер уақыты;
• айналыс уақыты – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт.
§
Капитал экономика ғылымның ең басты категорияларының бірі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капиталдың көптеген тарихи формалары орын алды. Сауда капиталы, қарыз капиталы, өнеркәсіптік капитал.
«Капитал» ұғымына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» еңбегінде К.Маркс жүргізген. Маркс тұжырымдамасы бойынша капитал – бұл өздігінен артатын құн немесе қосымша құн әкелетін құн. Және ол үнемі қозғалыста болады деген. Ол капиталға өндіріс құрал-жабдықтарын да, жұмыс күшін де, ақша сомасын да жатқызған. Бірақ, ақша да, өндіріс құрал-жабдықтары да, тіршілік заттары да өздігінен капитал бола алмайды. Оларды қосымша құн алу үшін қолданған кезде ғана, қанау құралы ретінде пайдаланған кезде ғана капиталға айналады.
Маркс капиталды құн және қосымша құн жасау үрдісіндегі олардың рөліне қарай тұрақты және өзгермелі капитал деп екіге бөледі.
Капиталдың өндіріс құрал-жабдықтарына айналатын және еңбек үрдісінде өзінің құнын өзгертпейтін бөлігін тұрақты капитал деп аталады. Тұрақты капитал «С» әрпімен белгіленеді. Тұрақты капиталға фабрика үйлерінің, құрылыстардың, машиналардың, жабдықтардың, аспаптардың құны және сонымен қатар шикізат, отын, көмекші материалдардың құны да жатады.
Ал, капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс үрдісінде өз құнын өзгертетін бөлігін өзгермелі капитал деп атайды. Оған жұмыс күшінің құны жатады. өзгермелі капитал «V»әрпімен белгіленеді.
Еңбек үрдісінде жұмысшы өзгермелі капитал мөлшеріне тең құн және қосымша құн жасайды. Демек қосымша құн өзгермелі капиталдың ғана жаған құны болып табылады. Жаңадан өндіріген құн v m формуласы арқылы көрінеді. Мұндағы m – қосымша құн, v– жұмыс күшінің қайта өндірілген құны. Яғни, кәсіпорында өндірілген тауар құны W = c v mформуласымен анықталады.
Өндіріс үрдісіне толығымен қатысып, өзінің құнын өнімге бірте-бірте ауыстырып, өндіріс иесіне қайта оралатын элементтер негізгі капитал деп аталады. Негізгі капиталға өндірістік үйлерді, құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды және т.б. алуға жұмсалған капитал жатады. Ал, айналмалы капитал өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады. Айналмалы капиталға өндіріс иесінің еңбек заттарын сатып алуға жұмсаған шығындары жатады. Еңбек заттары, шикізат, қосалқы материалдар отын және т.б. өндіріс үрдісінде түгелімен тұтынылады. Айналмалы капиталға жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған капитал да яғни, өзгермелі капитал да жатады
Капиталистің немесе өндіріс иесінің иемденетін қосымша құн көлемі – қосымша құнның абсолюттік мөлшері. Ал, қосымша құнның салыстырмалы мөлшері немесе өзгермелі капиталдың өсу дәрежесі қосымша құнның өзгермелі капиталға қатынасымен
M
Vанықталады. Пайыз түрінде көрсетілген бұл қатынасты Маркс қосымша құн нормасы деп атап m’ деп белгілеген.
m’ = m × 100%
V
Қосымша құн нормасы дегеніміз – жұмыс күшін капиталдың, яғни жұмысшыны капиталистің қанау дәрежесінің көрінісі.
Өндіріс үрдісінде өндіріс иесін қызықтыратын ең басты мәселе қосымша құн алу болып табылады. Қосымша құн – жалдамалы жұмысшының, оның жұмыс күшінің құнынан артық жасаған құны. Жұмыс күні екі бөліктен тұрады: қажетті жұмыс уақыты және қосымша жұмыс уақыты. Қажетті жұмыс уақытында жұмсалған еңбек қажетті еңбек деп аталады және жұмыс күшінің құны өндіріледі. Ал, қосымша жұмыс уақытында жұмсалған еңбек – қосымша еңбек деп аталады және ол қосымша құн өндіреді. Қосымша құн өндірудің бірнеше әдісі бар:
1. Абсолюттік қосымша құн өндіру – жұмыс күнін абсолютті түрде ұзарту арқылы алынатын қосымша құн.




қажетті жұмыс уақыты қосымша жұмыс уақыты 5 сағат 5 сағат
§
Адамның әр түрлі қажетіліктерін қанағаттандыра алатын әр түрлі игіліктерді жасау – өндірістік іс-әрекеттерді білдіреді. Ол үшін табиғат өнімдері қайта өңделеді. Өндіріс үрдісіне қатысатын және соңғы өнімді (қызметті) жасауға ықпал ететін заттар өндіріс факторы мен өндіріс ресурстары болып табылады.
Ең қарапайым және қолайлысы Марксизм теориясындағыдай өндіріс факторларын адамдық және материалдық – заттай факторларға бөлу болып табылады. Адам факторына әрине, жұмыс күші жатады, олардың білімі тәжірибесі өндірістік дағдылары. Адам өндірістік үрдістің бірден-бір негізгі тұлғасы, ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы болып табылады. Басқалары, атап айтканда материалдық-заттай ресурстар көбінесе, өндіріс құралдары деп аталынады, өйткені, олардың көмегімен адамдар өзіне кажетті игіліктерді өндіреді. Адамдардың білімі, тәжірибесі және оларды өндірісте іске асыратын өндіріс құралдарының жиынтығы қоғамның өндіргіш күштерін құрайды.
Еңбек заты – адам еңбегі бағытталатын объектілер, ол өз кезегінде соңғы шешім болып табылады. Ал еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен енбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді.
Еңбек нарығы осы еңбек заттары мен еңбек кұралдарын қолдана алатын адамдардың білімі мен біліктілігі арқылы сипатталады.
Капитал ұғымын әр түрлі мектеп өкілдері әр түрлі түсіндірген. Мысалы, физиократтар капиталға шикізат пен құралдарды, А.Смит еңбекті жатқызған. Капитал физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық капиталға өндірістік және өндірістік емес құрылымдар, машиналар, құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар жатады. Физикалық емес капитал – бұл адам капиталы, яғни адамның білімі, тәржірибесі, мамандығы, енбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі, денсаулығы және т.б.
Капитал дегеніміз – бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетен авансыланған құн. Капиталдың натуралдық нысандары: ақшалай, тауарлық, өндіргіш болады. Капитал нарығын өнеркәсіптік сауда, қарыз капиталдары құрайды.
Өнеркәсіптік капитал – өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлікке бағдарланған капитал.
Сауда капиталы – сауда пайдасын алу мақсатында сауданы ұйымдастырумен айналысу.
Қарыз капиталы– қайтарымдылығы және пайызды төлеу қағидалары негізінде қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.
Ал осы еңбек ұсынысын, сипатын және капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау кезінде ақпараттар нарығының алатын орнын байқауға болады.
Қоғамдық өндірістегі табыстардың құралуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланатынын білу керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары механикалық және технологиялық жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануға болмайды. Тауар өндірісі үшін үш фактор өзара белгілі бip қатынаста болуы шарт, әpбip факторға деген сұраныс көлемі басқа факторлардың баға дәрежесіне тәуелді. Мысалы, жұмыс күшіне деген сұраныс жалақы дәрежесіне ғана емес, қанша машина, шикізат сатып алынады және оларға койылатын бағаға да тәуелді. Екіншіден, өндіріс факторларына сұраныс пен олардың, бaғa дәрежесі тұтыну сұранысынан туындайды, түптеп келгенде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлар арқылы өндірістің тауарларға деген сұранысына тәуелді. Мысалы, астық еккен жерге сұраныс, сол астыққа деген сұранысқа байланысты. Белгілі мамандықтағы жұмысшылар еңбегіне деген сұраныс, осы жұмысшылардың өндірстік өнімге деген сұраныспен байланысты.
Өндipic факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күpeci барысында сұраныс пен ұсыныстың, тауарлар бағасының ауытқуымен байланысты – өндіріс факторларының иелері арасында табыстарды бөлу орын алады.
§
Экономикалық теорияда жалақы жайлы екі тұжырымдама бар: 1- жалақы – еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы, нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен анықталады; 2 – жалақы жұмыс күші – тауар құнының ақшалай көрінісі (бағасы).
Жалықының екі тұжырымдамасы да ағылшын саяси экономикасының классиктері А. Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит еңбек пен жұмыс арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептелінеді. А. Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті төменгі құн арқылы анықталады.
Яғни, жалақы дегеніміз – бұл жұмыскерге, оның жасаған еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған ҚЖӨ көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда жалақы қоғамдық өнім құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Жалақыны анықтайтын негізгі факторлар:
– жұмысшының қажеттілігін қанағаттандыратын тауар құны;
– оны мамандыққа оқытуға жұмсалған шығындар;
– оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттар құны.
Ал, жалақы мөлшеріне әсер ететін факторлар:
– еңбек өнімділігі;
– еңбек қарқындылығы;
– еңбектің күрделілігі;
– еңбекке деген сұраныс ұсыныстың арақатынасы.
Жалақы салық пен инфляцияға тәуелділігіне байланысты номиналды және нақты жалақы болып екіге бөлінеді. Номиналды жалақы – бұл жұмысшылардың еңбегіне төленген ақша саны. Номиналды жалақыға салықтар кіреді және ол тұтыну бағаларының өсуін ескермейді. Нақты жалақы – бұл еңбекақыға сатып алатын тауарлар мен қызметтер саны. Бұл үш түрлі факторға байланысты:
– номиналды жалақы көлеміне;
– салық көлеміне;
– тұтыну бағасы деңгейіне.
Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы. Яғни, ол жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Еңбек төлемін өлшеу тәсіліне байланысты жалақының екі түрі болады: мерзімді және кесімді жалақы.
• Мерзімді жалақы – өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол: күндік, апталық, айлық болып бөлінеді.
• Кесімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына байланысты болады. Жалақының бұл түрі мерзімді жалақымен байланысты, өйткені, бір өнімнің бағасы мерзімді жалақыны өндірілген өнім санына бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының нeгiзгi нысандарымен бipre жұмысшының еңбек өнімділігімен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуга бағытталған еңбек ақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді – прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлы және т.б. жатады.
Әр елдегі белгілі-бір мамандық иелері мен жалдамалы жұмысшылардың жалақысы әр түрлі. Ең алдымен жалақы – өндіріс жағдайы мен нарықтық конъюктураға байланысты. Яғни, өндірістегі табиғи ресурстар, капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, сұраныс пен ұсынысқа да байланысты.
Еңбек нарығы– нарықтың ең бір жетілмеген түріне жатады, өйткені мұнда бәсекенің әр қилы тежеушілері әрекет етеді. Бұған мынадай факторлар жатады:
– бос жұмыс орны мен мөлшері туралы жұмысшының хабарсыз болуы немесе осы хабардың жеткіліксіз болуы;
– жұмыс күшін жалдау мәселелері туралы заң актілерінің шектеулілігі;
– жалақы саласындағы фирма саясаты.
Еңбек нарығы мемлекет тарапынан реттеліп отырады. Реттеуші маңызды факторлар:
– жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс;
– бос уақыттың ұзақтығы;
– еңбекке жалдау және жұмыстан босату тәртібі;
– бағаның өзгеруі мен жалақыны индексациялау;
– қауіпті жағдайлардан қамсыздандыру;
– денсаулығының кемуінен қамсыздандыру;
– қартаюмен байланысты қамсыздандыру сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Кәсіпорындарда әлеуметтік қорлар жасалып, оның есебінен жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру мүдделері жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру – зейнетақымен қамту, асыраушысынан айырылғандарды қамсыздандыру, жұмыссыздық жағдайында төленетін жәрдемақы, еңбекке жарамсыз мүгедек адамдарға көмек ақы беруді қамтиды.
§
Аграрлық қатынастар экономикалық теорияның маңыз мәселелерінің бірі болып табылады. Аграрлық қатынастар деп – жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік – экономикалық қатынастарды айтады.
Ауылшаруашылығы өндірісі өнеркәсіп өндірісіне қарағанда, біршама ерекшелікті болып келеді:
біріншіден, мұнда басты өндіріс құралы жер болып табылады. Ауылшаруашылығына жарамды жер көлемі шектеулі;
екіншіден, ауылшаруашылығына жарамды жерлер табиғи және экономикалық құнарлылығы жағынан бөлінеді;
үшіншіден, жер қайта өндіруге келмейтін өндіріс құралы болып табылады;
төртіншіден, ауылшаруашылығы өндірісі үрдісіне жердің сапасы ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ, табиғи факторлар да (ауа райы, күннің ұзақтығы, жауын-шашын мөлшері) ықпал етед;
бесіншіден, ауылшаруашылық өндіріс циклында мерзімдік айырмашылық болады;
алтыншыдан, аграрлық қатыныстардың тарихы басқа жерді қолданғаны үшін ақы төлеудің ерекше экономикалық маңыздылығы барын куәландырады.
Жерді қолданғаны үшін төлем жалдық төлемнің мазмұны болып табылады, ал оның экономикалық қайнар көзі рента.
Ауылшаруашылығымен байланысты кәсіпорынның екі негізгі түрі бар.
· Агроөнеркәсіптік корпорациялар – ауылшаруашылығы өндірісінің өнімді өңдеу және сатумен ұштастыратын ірі тиімді өнеркәсіптік кешендер.
· Фермерлік шаруашылықтар – әр түрлі кооперативтер мен мемлекет көмегіне сүйенетін, бірақ дербестігімен еңбекке жоғары ынталылығымен жауапкершілігімен ерекшеленетін шаруашылықтар.
Ауылшаруашылық шикізаттарынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы – экономиканың ерекше сферасын қалыптастырады. Ол агроөнекәсіптік кешен (АӨК) деп аталады.
АӨК – дегеніміз ауылшаруашылығы өнімін өндіруге, оны сұрыптауға, қайта өңдеуге және тұтынушыға жеткізуге жұмыс істейтін ұлттық экономика салаларының жиынтығы. АӨК төрт негізгі сферадан тұрады:
І сфера – ауылшаруашылығына өндіріс құрал жабдықтарын жеткізетін және ауыл шаруашылығына техникалық қызмет етуді жүзеге асыратын өнеркәсіп салалары;
ІІ сфера – ауыл шаруашылығының өзі;
ІІІ сфера – ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушыға жеткізуді
( дайындау, өңдеу, сақтау тасымалдау, сату) қамтамасыз ететін салалар;
ІV сфера – инфрақұрлым, яғни, жол транспорттық шаруашылық, байланыс, материалдық – техникалық қызмет ету, сақтау жүйесі және т.б.
АӨК-нің құрылу негізі агро өнеркәсіптік интеграция, яғни ауылшаруашылығының қызмет етумен айналысатын және оның өнімін тұтынушыға жеткізетін салалар мен ауылшаруашылығын біріктіру үрдісі болып табылыды.
Ауылшарушылығының басты өндіріс құралы – жер болып табылады. Ол сан жағынан шектеулі, сондықтанда, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес. Жер ұсынысы әрқашанда абсолютті икемсіз болып келеді. Жер ұсынысының шектеулілігі және икемсіздігі ауылшаруашылығында баға құру ерекшелігімен байланысты.
Барлық экономикалық ресурстар сияқты жер де ақылы. Жер иесінің жерді пайдалануы нәтижесінде табатын табысы жер рентасы деп аталады. Жер рентасы жер иелеріне жалдық төлем түрінде төленеді. Жер рентасының пайда болу алғы шарты – жерді жалға алу болып табылады. Егер жер иесі өз жерінде ауылшаруашылығымен өзі айналысса, онда ол, рентаны қосымша пайда түрінде алады. Ал жерді жалға беретін болса, ол рентаны кәсіпкердің жалгерлік төлемі түрінде алады.
Жер иесінің табысы жердің құнарлылығына байланысты әр түрлі болып келеді. Құрылу ерекшелігіне қарай жер рентасы абсолюттік және дифференциалдық рента болып екіге бөлінеді.
· Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің жердің құнарлы, құнарсыздығына қарамастан барлық учаскелерден алатын табысы. Абсолюттік жер рентасы ауылшаруашылығы өнімінің құны мен оның қоғамдық өндіріс бағасы арасындағы айырмашылықтан көрінеді. Рентаның бұл түрін жер иесі иемденеді.
· Дифференциалдық рента – құнарлылығы жақсы, нарыққа жақын орналасқан жерлерден және жерді тиімді пайдаланудан алынады.
Дифференциалдық рентаның пайда болу себебі, жердің қоғамдық және табиғи құнарлылығының әр түрлі болуына байланысты. Дифференциалдық рентаның екі түрі бар. Олар: бірінші (І) дифференциалдық рента және екінші (ІІ) дифференциалдық рента.
І дифференциалдық рента – табиғи құнарлылығы жақсы және орташа жерлерден алынады. І дифференциалдық рентаны алу жағдайы жер учаскелерінің құнарлылығы мен нарықтан алшақ орналасқандығы арасындағы айырмашылықпен байланысты. Бұл рентаны жерге меншік иесі иемденеді. І дифференциалдық рентаның құрылу себебі жерді шаруашылық объектісі ретінде монополиялау болып табылады.
Ал, ІІ дифференциалдық рента – егіншілікті интенсивті жүргізу әдісімен, яғни құнарлылығы нашар жер учаскелерін қосымша капитал жұмсау арқылы, жаңа техника мен технологияларды қолдану негізінде, химиялық тыңайтқыштарды пайдаланып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде алатын қосымш табыс. ІІ дифференциалдық рентаны уақытша қолданған капиталы үшін төлем ретінде кәсіпкер арендатор алады. Дифференциалдық рента – бұл өндірістің қоғамдық және жеке бағалары арасындағы айырма.
Ауылшаруашылығында абсолюттік және дифференциалдық ренталардан басқа монополиялық рента алынады. Монополиялық рентаның құрылуының негізгі себебі – сапалы жердің жетіспеушілігі.
Монополиялық рента – жоғары бағамен сатылытын, сирек кездесетін дәнді дақылдарды өсіруге арналған жерлерден алынады. Монополиялық рента – нарықтық баға мен олардың құнының айырмашылығына тең монополиялық үстеме пайда түрінде алынады.
Жерге меншік иелері рентаны тек ауыл аруашылығы мақсатында пайдаланатын жер учаскелерінен ғана емес, сонымен қатар, үйлер мен құрылыстар салуға арналған участоктардан және пайдалы қазбалар шығатын жер учаскелерінен де алады.
Жер – адам еңбегінің жемісі емес, сондықтан оның құны болмайды. Бірақ, өндіріс факторы ретінде жер тауарлық сипатта болады, яғни, ол сатылады және сатылып алынады, сондықтан бағасы болады. Жердің нарықтық бағасы оған деген сұранысқа тәуелді. Жер ең алдымен жер кадастры арқылы экономикалық жағынан бағаланады. Жер кадастры дегеніміз – жер туралы мәліметтердің жиынтығы. Жер бағасы екі түрлі өлшемге байланысты:
– меншік иесі алатын рента көлеміне кері пропорционалды;
– қарыз пайызының мөлшеріне тура қатынаста болады.
Яғни,
Жер бағасы ═ R(рента)×100%
S(қарыз пайызы)
Ауылшаруашылығындағы бағаның құрылуы өндіріс жағдайымен байланысты. Жер бағасына әсер ететін негізгі факторлар:
– рента көлемі;
– қарыз пайызының мөлшері;
– жерге деген сұраныс;
– жер ұсынысы;
– жер салығы.
§
Экономикалық теория макроэкономика және микроэкономика деген екі бөлімнен тұрады. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейді. Ал, микроэкономика жекелеген экономикалық субъектілерді зерттейді.
Макроэкономика мен микроэкономика экономикалық теорияның екі жекелеген бөлігі болғанымен, экономикалық құбылыстар мен заңдылықтар туралы қорытындылары бірін-бірі толықтырады.
Макроэкономикалық теория ХХғ. 30-50 жылдарынан қолданыла бастады. Оның негізін қалаушы Джон Кейнс болып табылады, ол мемлекеттің ұлттық экономикаға белсенді араласуының қажеттілігін дәлелдеген. Сонымен қатар, макроэкономикада ұлттық экономиканың жалпы бағыты және даму заңдылықтары зерттеледі. Ұлттық экономика ұғымы негізінде барлық макроэкономикалық категориялар мен қағидалар қалыптасқан.
Макроэкономикалық теорияның пәні бір тұтас жүйе ретінде қарастырылатын экономикалық іс-әрекет болып табылады.
Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды макроэкономикалық зерттеудің бірнеше ерекшеліктері бар:
1. Ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының қағидаларын, яғни ұлттық табыстың жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы деңгейін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқыны және т.б зерттеуді көздейді.
2. Макроэкономикалық талдауда жеке нарықтағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекетері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
3. Макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын бейнелейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Бұл субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылар және мемлекет кіреді.
Микро және макро дәрежеде позитивтік және норвативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы нақты байланыстар зерттеледі. Ал, экономиканың әр түрлі аспектілерінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макро дәрежеде көбінесе, мемлекеттің саясаты талданады.
Макроэкономикалық саясат мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағытталады:
– тұрақты және экономикалық өсу;
– жұмыспен толық қамтамасыз ету;
– бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;
– әлеуметтік әділет және еңбекке қабілетсіздерді экономикалық жағынан қамтамасыз ету;
– мемлекеттiң сауда және төлем балансының тұрақты болуы;
– экономикалықтиімділік;
– экономикалық еркіндік;
– табысты әділетті бөлу;
– ішкі сауда балансы.
Сонымен қатар, макроэкономикада ұлттық экономиканың жалпы бағыты және даму заңдылықтары зерттеледі. Ұлттық экономика ұғымы негізінде барлық макроэкономикалық категориялар мен қағидалар қалыптасқан.
Ұлттық экономика жүйесінің даму заңдылықтары экономика ғылмының негізгі бөлімінің бірі макроэкономикада қарастырылады. Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бір бөлімі болып табылады. Ұлттық экономика дегеніміз – халық тұтынуын қанағаттандыруға бағытталған мемлекет деңгейіндегі шаруашылық субъектілерінің экономикалық іс-әрекеті.
Ұлттық экономика деңгейінде зерттелетін негізгі мәселелер:
– ұлттық өнім және ұлттық табыс мөлшері мен құрылымын анықтау;
– ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
– инфляция деңгейі;
– экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
– экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюктуралық өзгерістердің себептерін анықтау;
– ұлттық экономиканың сыртқы экономикамен байланысы;
– мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Ұлттық экономика дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі болып табылады. Дүниежүзілік шаруашылықтың бөлігі болу үшін ол әрқашан да ашық экономика болу керек.
Ашық экономика дегеніміз – мемлекеттер арасындғы экономикалық қатынастарға қатысатын экономика, яғни экспорт пен импорт экономикасы.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен байланысы мыналардан көрінеді:
– сауда – ұлттық өнімнің бір бөлігі экспортқа кетеді, ал табыстың бір бөлігі импортқа кетеді;
– ұлттық экономикаға дүниежүзілік нарық бағасы да әсер етеді;
– қаржы, корпорация немесе банк сияқты ірі инвесторлар халықаралық деңгейде қызмет жасайды;
– ғылыми техникалық ақпаратпен және технологиялық жетісіктермен айырбас;
– жұмыс күшін орналастыру.
Бұлардың ішінде ең негізгісі сауда мен қаржы болып табылады.
§
Экономикалық циклдар теориясы – экономикалық өсу теориясымен қатар, халықшаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады.
Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең. Ол экономикады кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бастапқы циклы – құлдырау. Құлдырау құбылысының болуы сұраныс төлем қаблеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі. Құлдырау кезеңінің негізгі белгілері:
– тауардың артық өндірілуі;
– бағаның құлдырауы;
– өндіріс мөлшерінің қысқаруы, кәсіпорындардың, банктердің жаппай банкротқа ұшырауы;
– жұмыссыздықтың өсуі, жалақының төмендеуі;
– акция бағасының құлдырауы және т.б. Құлдырау толқыны тоқыраумен ұштасады. Яғни, экономикалық циклдың екінші фазасы тоқырау (депрессия). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқтайды. Жаппай жұмыссыздық пайда болады, төмен жалақы төленеді және пайыз нормасы барынша төмендейді. Бірте-бірте жандану фазасы басталады. Жандану кезеңінде тауар өндіруші кәсіпорындар пайда бола бастайды, жұмыссыздық аздап азаяды, пайда, қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. Өрлеу кезеңі өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және бұл кезде өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауар сұранысы артады, бағалар, пайыз нормасы өседі және несиеге сұраныс та артады. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан аса бастайды, нарық тауарлар мен қызметтермен толтырылады және жаңа өнеркәсіптік цикл басталады.
цикл




өрлеу
жандану
құлдырау

дағдарыс (тоқырау)
§
Циклдық дамудың өзіндік ерекшелігі болады. Құрлымы жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Құрлымдық дағдарыстар салыстырмалы жағынан өндіру, кем немесе артық болу түрінде көрінеді. Олар жалпы өнеркәсіптік дағдарыспен қатар жүреді немесе онымен сәйкес келмейді.
Аграрлық дағдарыстар әдетте табиғи факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін. Олардың болуына еңбекті ұйымдастырудың кемшіліктері, техникалық артта қалу, жерді пайдалану мен оны иемдену жүйелерінің кемшіліктері жатады.
Негізгі капиталдың дүркін – дүркін жаңартылуы дағдарыстардың жиі-жиі болуының материалдық негізі болып табылады. Әрбір дағдарыс негізгі капиталдың жаппай сапалық жағынан тозуына әкеп соғады, өйткені баға күрт кеміген кезде ескі жабдықтар өзін ақтай алмайды. Ауылшаруашылығы өнеркәсіп циклдерінің ықпалын бастан кешіріп қана қоймайды, сондай-ақ ерекше аграрлық дағдарыстарға душар болады. Өнеркәсіп дағдарысы сияқты, аграрлық дағдарыстың да себебі – өндіріс әдісіне байланысты.
Аграрлық дағдарыстың пайда болуы экономикадағы құрлымдық өзгерістермен тығыз байланысты. Аграрлық дағдарыстар өнеркәсіп дағдарысынан өзгеше болады. Аграрлық дағдарыстардың бірінші ерекшелігі, олардың қамтитын сферасы тек ауылшаруашылығы болып табылатындығында, аграрлық дағдарыс кезінде өнеркәсіп циклінің түрліше фазаларында, оның ішінде өрлеу фазасында да болуы мүмкін. Ал, екінші ерекшелігі – олар циклдық емес сипатта болады. Аграрлық дағдарыстар уақытылы емес анда – санда болып тұрады. Аграрлық дағдарыстардың үшінші ерекшелігі олардың ұзақ уақытқа созылатындығында. Әдетте әрқайсысы 1-2 жылға созылатын өнеркәсіп дағдарысына қарағанда, аграрлық дағдарыстар созылыңқы келеді. 20 немесе одан да көп жылға созылады. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығының маңызды себебі – жерге жеке меншік монополиясы болып табылады.
Экономикалық дағдарыстар өндіріс әдісінің өрісі тарылғанын көрсетеді. Дағдарыстар ең алдымен ұсақ кәсіпорындарға қатты зардап тигізеді, олардың көпшілігі жойылып кетеді. Ал ірі кәсіпорындарда дағдарыс кезінде :
– жұмыссыздық елеулі түрде күшейеді;
– жұмыс күшіне деген сұраныс қысқарады және сонымен қатар оны ұсынудың ұлғаюы салдарынан жұмысшының жалақысы кемиді;
– жұмыссыздықтың өсуін пайдаланып жұмысшының бір бөлігін жұмыстан шығара отырып, қалған жұмысшының еңбек интенсивтілігін арттыруға күш алады.
Семинар сабағының жоспары
1. Экономикалық цикл және оның түрлері (қысқа, орта, ұзақ мерзімді циклдар).
2. Аграрлық дағдарыстар, олардың өнеркәсіптік дағдарыстан ерекшелігі. Құрылымдық дағдарыстар.
3. Дағдарысқа қарсы саясат және Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсудің бағдарламалары
§
Жұмыссыздық – еңбек нарығының құрамдас элементі болып табылады. Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге жарамды адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын – нарықтық емесе құрылымда істейтіндер (мемлекеттің әскері органдарда, милицияда, мемлекеттік аппаратта), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдар саны сияқты көрсеткіштер сипаттайды.
Макроэкономикада осы көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы бірнеше факторларға: демографиялық, жыныстық, жастық этникалық, халықтың әлеуметтік құрамына, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді болады.
Жұмыссыздықдегеніміз – бұл еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Нарықтық экономикада жұмыссыздық негізінде дағдарыстар кезінде көбейеді. Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мынадай типтерге бөлінеді:
· Фрикциондық жұмыссыздық– бұл адамдардың бір орнынан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіптен екінші кәсіпке ауысуымен байланысты болатын уақытша жұмыссыздық. Фрикциондық жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді.
· Құрылымдық жұмыссыздық –экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Бос жұмыс орындарының арасындағы кәсіби біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістерді тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады, капиталдар нарығындағы сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер пайда болады – бұл жұмыс күшінің тұрақты түрде аумақтық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Фрикциондық жұмыссыздықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан 6 айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе мамандығы ескірген жұмысшылар ұшырайды және мұның өзі экономикалық жағынан артта қалған аудандар халықтарын қамтиды.
· Маусымдық жұмыссыздық –өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс, т.с.с. Мұнда еңбекке сұраныс жыл бойында елеулі түрде өзгеріп отырады.
· Циклдық жұмыссыздық –бұлнегізінде экономикалық құлдырау мен дағдарыс кезінде орын алатын жұмыссыздық түрі. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
· Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, яғни бұл біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді;
Құрылымдық және функциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықтың «табиғи» деңгейін жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та ХХғ. 90 жылдары 6-7% болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.
Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ, оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе экономикаға залалын келтіреді. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Шамадан тыс жұмыссыздықтың кері әсерлері: біріншіден – әлеуметтік,яғни, жұмысшылардың ешқандай жұмыс істемеуі, олардың мамандығының жойылуына, тұлғалық азғындалуына, әлеуметтік және саяси шиеленіске әкеледі. Екіншіден, экономикалық – яғни, өнім шығарылмайды.
Кез-келген жұмыссыздық деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға артса, онда ЖҰӨ көлемі 2,5%-ға төмендейді. Мысалы, табиғи жұмыссыздық – 6%, нақты жұмыссыздық – 9% болса, онда Ж ҰӨ 7,5%-ға төмендейді
(9-6) *2,5 =7,5.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегі формуламен анықталады:
ЖД ═ ЖС * 100%
ЖК
Мұндағы: ЖД– жұмыссыздық деңгейі;
ЖС– жұмыссыздар саны;
ЖК– жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатында ерекше орын алады.
Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Соның ішіндегі аса маңызды бағыты қоғамдық өндірісте мемлекеттік бюджет есебінен қосымша жұмыс орныдарын ашу, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет адамдарға өзін-өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасайды. Осы саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру. Сондай-ақ, кооперативтерді, акционерлік кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау. Осы шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі міндеті тиісті құқықтық база құруды, кәсіпкерлерге салық жағынан жеңілдік жасауды, несие жағынан да жеңілдіктер беруді көздейді.






