Жер асты сулары

Жер асты сулары Реферат

Жер асты суларын қорғау

КСРО-да қоршаған ортаға, оның ішінде жер асты суларына адам еңбегінің ықпалын білу үшін жоспарлы гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық зерттеулер жүргізіледі. Су шаруа-Шылығы жүйесі ұзақ уақыт пайдаланудан қоршаған ортада өтетін өзгерістерді зерттейтін және гидрогеологияның жаңа бағыты болып саналатын техногендік гидрогеология қалыптасты. Жер асты суларын қорғау қазіргі кездің басты проблемасына айналды. ҚСРО-да табиғи ресурстарды қорғау, оныњ ішінде жер асты суларын ластану мен сарқылудан қорғау — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

Тұщы жер асты суларын қорғау мақсаттарында оларды ауыз суы мен шаруашылық мұқтажынан басқа мақсаттарға пайдалануға (ерекше жағдайды қоспағанда) тыйым салынады. Сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын іздеу және барлау, сонымен бірге суды алу үшін жеке пайдалану скважиналарын бұрғылау территориялық геологиялық басқармалардың (бірлестіктердің) р±қсатымен және санитарлық бақылау орындарымен келісу арқылы ғана жүргізіледі. Қазір жер асты суларын қорғаудың негізгі шараларына жер асты суларының сарқылуын жєне жер асты суларын ластанудан қорғау жатады.

Жер асты суларын сарқылудан қорғау. Алынған судың орнының толмауы жер асты сулары қорының сарқылуы болып табылады. Ірі суқабылдағыш жұмыс істеп түрған ауданда әдетте белгілі бір шамаға дейін жер асты суының деңгейі төмендейді. Әйтсе де су деңгейінің кез келген төмендеуі сулы горизонт сарқылуының белгісі бола бермейді. Алынған жер асты суы жұмыс істеп тұрған су қабылдағыш үшін пайдаланылатын қордың белгіленген шамасынан асып түскен жағдайларда сарқылу қаупі төнеді. Сондықтан сарқылуды болғызбас үшін дәл гидрогеологиялық зерттеулер мен жер асты суларының қорын бағалау негізінде жер асты суларын пайдалануды жобалау қажет. Алынатын су шамасы пайдаланылатын қордың шамасынан артпауы тиіс. Жер беті суларының жетіспеуі суармалы дақылдардың мүлде қурап қалуы мен түсімінің күрт төмендеуіне қауіп төндіретін қауырт құрғақшылық жылдары ғана төтенше шаралар қолданылуы мүмкін. Мұндай кездерде дәлелденген негіздерге сүйене және алынған судың кейін есесі толатынын ескере отырып, сулы горизонттың табиғи (сыйымдылық) қорларын уақытша пайдалануға болады. Жер асты суының шығыны болмас үшін фонтандаушы скважиналарға шүмек, жаппа, т. б. судың өздігінен құйылып, орынсыз ысырап болуын тежейтін қондырғылар орнатылуы қажет.

Соңғы жылдары жер асты суының сарқылуын болғызбас үшін оның қорын жасанды жолмен толықтыруды кеңінен қолданып келеді. Совет ғалымдарының пікірінше бүл тәсіл жер асты суларын пәрменді түрде алғанның өзінде де, геологиялық ресурстарды тиімдірек пайдалануға және төңіректегі ортаны қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жер асты суларын ластанудан қорғау. Жеке құрамды бөліктер шамасының мүмкін деп табылған шектен асып түсуінен және жалпы минералдануының жоғарылауынан пайда болған сапалық өзгерістер нәтижесінен жер асты суларының пайдалануға жарамсыз болуы, оның ластануы болып табылады. Жер асты сулары ластануының төмендегідей түрлері болады:

Бактериялық ластануды патогендік бактериялар тудырады. Бактериялық ластану эпидемиялық аурулардың тарауына себепші болады. Жер бетінде пәрменді жарықшақтанған аудандарда бактериялық ластану аса қауіпті. Егер аэрация зонасында қалыңдығы 3—5 м-дей сазды және құмды шөгінділер болса, әдетте жер асты сулары бактериялардан таза болады.

Химиялық ластану жиі ұшырайды және одан тазарту да қиын. Химиялық ластануға тұрмыста және өндірісте қолданылып ағызылған сулар, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар себепші болады. Бұлар жер асты суларына көбіне су ерітінділері түрінде аэрация зонасы арқылы түседі. Сондықтан, жер суаруға ағызылған сулар пайдаланылатын егістік далаларында, минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттар молынан қолданылатын суармалы жерлерде химиялық ластану қаупі туады. Әсіресе, грунт сулары мұндай ластануға көбірек шалынады. Аэрация зонасындағы құмды-сазды шөгінділердің қалыңдығы едәуір болғанның өзінде де, бұл сулар ластануға шалынады. Сулы пласт жұтпаған заттардан болған химиялық ластану жер асты суларында белгісіз ұзақ уақыт бойына сақталады. Химиялық ластанумен күресудің басты тәсілі — сақтық шараларын жүргізу.

Жер асты сулары

Механикалық ластану аз тараған. Өйткені карст суларынан өзге сулар механикалық қоспалардан жылдам тазарады.

Радиоактивтік ластану атом қондырғыларының жұмысы нәтижесінде уран кендері және радиоактивтік элементтердің коспалары бар өзге кендер пайдаланылатын аудандарда пайда болады. Радиоактивті қоспалар тау жыныстарына молынан сіңеді, сондықтан жер асты суының тасқынымен баяу тарайды. Ластанудың кейбір түрлері сулы жыныста ±зақ сақталады.

Шаруашылық пен ауыз суы ретінде пайдаланылатын жер асты суының әрбір суқабылдағышының төңірегінде санитарлық корғау зонасы немесе танабы болуы қажет. Бірінші зонаға қатаң режим қойылады. Артезиан суларын пайдаланғанда бұл зонаның радиусы 30—50 метрден, грунт суларын пайдаланғанда 50 метрден кем болмауы шарт. Шектеуші аталатын екінші зонаның радиусы гидрогеологиялық жағдайларға және суды алудың сипатына байланысты. Санитарлық қорғау зонасының жобасы суқабылдағыш жобасының құрамды бөлігі ретінде жасалады.

Жылулық ластану жер асты суларының жер бетіне жеткен біразы жылы сумен араласуы нәтижесінде немесе сіңіруші скважиналар арқылы ағызылған технологиялық суларды айдауға байланысты температураның жоғарылауы нәтижесінде пайда болады. Жер асты суларын пайдалану оларды сарқылу мен ластанудан сақтау жөніндегі мемлекеттік бақылауды КСРО Геология министрлігінің ұйымдары және мемлекеттік санитарлық қадағалау орындары жүзеге асырады.

41.Гидрологиялық сипаттамаларда модульдік коэффициентті анықтау

Жер асты сулары=Жер асты сулары

Жер асты суларыорташа өтім Жер асты сулары=Жер асты сулары

Жер асты сулары ағынның нормасы

42.Гидрология пәнінің негіізгі мақсаты

Планетамыздары су қабығын – гидросфераны, оның қасиеттерін, ондағы өтіп жатқан процестерді, онын атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттеумен айналысатын ғылым саласы гидрологиядеп аталады.

«Гидрология» сөзі екі грек сөзінің (гидро — су, логос — ғылым, ілім) қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.

Гидрология жердің және оның су қабығының физикалық, географиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады. Гидрология пәнінің көмегімен келесі су объектілері: мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты сулары зерттеледі.

Су — зат алмасу мен ағзалар дамуы өтетін негізі орта. Адамзаттың өмірі мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Су— физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының зерттеу объектісі.

43.Өзен суларының ластану көздері, тазалау әдістері

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

· биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар

· химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

· физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Өзендер тұщы судың ең басты көзі болып табьцды. Арналарының суға толы болуы оларға құятын лаларға, яғни кішігірім өзендерге тікелей байланые* Бұрынгы ТМД аумағында ұзындығы 10 км-ден ұдөзендер саны 150 мыңнан астам, ал одан кішіректерішамамен 2,6 млн. Олардың жалпы ұзындыры 10 & км-ге жуық.

Кішігірім ‘өзендер табиғи орта үшін үлкен маңы ие. Олар микроклиматты, ауамен топырақтың ЫЛР дылығын реттеп, жайылымдар мен ауыл шаруашыл егістіктерінің өнімділігін анықтайды жәйе ірі өзевд дің төменгі денгейдегі кезінде қоректенуін қамтам* етеді.

Адамдардын, табиғатқа көзсіз араласуы, ондағы,< лыптасқан тепе-теңдікті жояды. «Орман ағаштарын су, батпақтарды құрғату, иірімдерді кұрту және ар ларды түзеу жұмыстары алапқа ^үскен ылғалдьщ т лей өзендерге түсіп, кедергісіз тёңіздерге кетуіне әк« соғады. Көктемгі еріген’ қар суы мен жауын-шай «зен аңғарларынын,- беткейлері ^ен жағалаула| жуып-шайса, одан келіп түсетін тұнба тасындыларды шөгінділерге толтырып бастау, қайнарлардың көзін бітейді. Өзен аңғарларына орналасқаң бұталар-ды табу мен өзен арйасвн»ың жарқабағына дейһгжер жырту шаралары топырақ эрозиясының дамуына ық-пал етеді.

Адамдардын. осындай қызметінің арқасыңда әлем-дегі көптеген өзендер зардап шегуде, жекелеген өзенүлескілері толығымен немесе жартылай құрғап қалуы-ның арқасында олардың -халық шаруашылық жәнеәлеуметтік маңызы жойылды. Мысаяы, Белорусь рес-публикасында жүргізілген, негізінен ойланбай, астүсті
жасалған батпақтарды кұрғату жұмыстары рндағы ай-тарлықтай маңызы бар 19 өзен шаруашылық және эс-тетикалық бағасының жойылуына әкеліп соқты. Олар-дын, ішінде Морочь, Турая, Неманка және т. ,б. өзендербар. —

Ресей,- Украина, Белорусь, Прибалтика елдерінің кі-шігірім өзендері негізінен батпақтардан бастау алады және ондағы ылғалмен қоректенеді. Европаньің ең ірі өзендерінің бірі Еділ де батпақтан басталады. Батпақ-, тардың рөлі- тек өзендерді қоректендірумен ғана шек-теліп қоймайды, сонымен қатар көптеген құстар мен жануарлардың өсіп-өнетін орны, онда жидектер көп^еп өседі. Сондықтан да, кей жағдайларда батпақтарды Нұрғату науқаны кезіндегі шығындардың мөлшері, алы-натын болжамдық тиімділіктен әлдеқайда асып кетті. Нәтижеде тағы да қосымша қаржы жұмсап батпақтар-ды өзінің бастапқы қалпына қелтіруге тура келді.

Су көздерінің сарқылуы негізінен келесі себептердін ықпалымен жүзеге асады: өзен алаптары мен аңғарла^ .рындағы орман ағаштары мен бұталарды кесу; алапта-ғы батпақтарды құрғату; аңғар беткейлерін жырту; топырақтың • жел мен судың , ықпалымен * эрозияға’ ұшырауы; кішігірім өзендердегі тоғандардың бұзылуы; табиғат суларын бақылаусыз және шашып-төгіп пай-далану.

44.Өзен жүйесінің сипаттамалары

Өзендеп едәуір мөлшерде айқын калыптаскан тұрақты арнасы бар, өзінің су жинау алабына түсетін атмосфералық, жауын-шашындармен әрі жер асты суларымен қоректенетін ағынды суды атаймыз. Өзен арнасы әдетте, тұрақты ағынды суы бар болып келеді, ал кейбір кұрғақшылылық аудандарда суы уақытша тартылып қалуы мүмкін, климаты катаң, суық аудандарда арнадағы су қатып қалады.

Рефераты:  Реферат: по Английскому языку «История Реформации в Англии» -

ау шатқалдарының түкпір түбінен ағып шыққан бұлақтан су үнемі тынбай шығып жатқадықтан, одан тұрақты ағыс, яғни жылға пайда болады. Ол өзеннің бастауы болады. Сонымен бірге өзен көлден, батпақтан да басталады. Биік таулы жерлерде өзен басып қар мен мұздықтардың шетінен, еріген судан алады. Өзеннің басын алып шығатын жері оның бастауы деп аталады.

Өзен жер бетінең еңтінің еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады. Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады. Негізгі ірі өзенге басқа кішігірім өзендер де келіп құяды. Ол өзендерді негізгі ірі өзендердің салалары деп атайды. Ағыс бағытымен қарап тұрғанда, оң қол бағыттағы өзенді – оң жақ сала, сол қол бағыттағы өзенді – сол жақ сала деп атайды. Мысалы, Есіл өзені – Ертістің сол жақ саласы. Ал Арыс Сырдариясы – оң жақ саласы. Өзен көлге немесе теңізгі барып құяды. Өзен көлге немесе теңізгі барып құяр жерін оның сағасыдеп айтамыз. Яғни сол жерде атырау пайда болады. Өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша алқапты бойлап ағады. Бұл — өзеннің аңғыры. Аңгардың табанындағы өзен суы ағып жатқан ойыс арна деп аталады. Су тасыған кезде өзен арнасынан асып, аңғардың жайдақ бөлігін басады. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі жайылмадеп аталады.

Өзеннің ағысы ұзына бойымен алып қарағанда үш бөлікке бөлінеді. Бастауына жақын жатқан бөлігі – жоғарғы ағысы, сағасына жақын жатқан бөлігі – төменгі ағысы, екеуінің аралығы орта ағысқа жатқызылады. Өзен өзеннің барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады. Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін суайырықтар бөледі.

45.Құрлықтар гидрологиясының салалары

Зерттеу объектілері бойынша құрлықтар гидрологиясы мына салаларға тармақтанады:

1) өзендер гидрологиясы (потимология);

2) көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология);

3) батпақтар гидрологиясы (тельматология);

4) жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология);

5) мұздықтар гидрологиясы (гляциология);

46.Гидрография. Гидрография саласы туралы жалпы түсінік

жер беті суларының географиялық таралу заңдылықтарын, нақты су объектілерінің жазбаларын және олардың өзара байланыстарын, сонымен бірге географиялық жағдайын олардың режимі мен шаруашылықтағымаңызын қарастырумен айналысатын сала—гидрографиясаласы;

Гидрография[1]– (гидро… және …графия) – гидрологияның су объектілерінің (өзен, көл, бөген), т.б. орналасуын сипаттайтын, олардың геогрия таралу заңдылықтары мен морфолия ерекшеліктерін, режимін және шаруашылықтапайдалану жолдарын зерттейтін саласы.

Гидрография мұхиттар мен теңіздердің гидрометеорологиялық режимін, жағаларының түрлерін, теңіз түбі бедерінің өзгеруін зерттеумен де шұғылданады.

Гидрографиялық зерттеулер гидрографиялық атыраптың сандық және сапалық сипаттамаларын, судың физика-географияжағдайлары мен уақыт аралығында өзгеруін, ылғалдану дәрежесін, жылулық режимін, сондай-ақ өзен алабындағы эрозиялық процестер мен су объектілерінің ластануын анықтауға мүмкіндік береді. Гидрографиялық зерттеулер нәтижелері гидроэнергетикада, су көлігі саласында, өнеркәсіпті және елді мекендерді сумен қамтамасыз етуде, балық шаруашылығында, мелиорацияда қолданылады.

Гидрография[2]

1. өзен, көл, бөген және т.б. су объектілерінің физикалық-географиялық жағдайларының, жүргісі мен пайдаланылуының сапалық жөне сандық сипаты түрғысындагы жазбаларымен айналысатын құрлық гидрологиясының тарауы;

2. өзеңдердегі, көлдердегі, теңіздердегі және мұхиттардағы су көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жиынтығы;

3. су I объектілерін картаға түсіру мен сызу және олардың жазбаларын (мыс., лоциялар) құрастыру.

47.Гидрофизика ғылымы не қарастырады

Гидрофизика ілімі табиғаттағы сулардың физикалық қасиеттерін зерттесе, су кұрамының және оның химия:лық қасиеттерінің мерзімдік және кеңістікте өзгерулерімен гидрохимия айналысады.

Гидрофизика — 1) геофизиканың жердің су қабатындағы физикалық процестерін зерттейтін саласы. Қазақстандағы гидрофизиканың қалыптасуы мұздықтарды, мұз басудың физикалық-химиялық жағдайын зерттеуден басталды. Мұздың еруі, мұздық суының ағыны мен мұз суымен толысатын өзендердегі су шығынының арасындағы байланыс анықтадды. Мұздықтардағы мұз массасының балансы, мұздың еритін бетіндегі ылғал алмасу процестері және жалпы аймақ бойынша су балансы, таулы аймақтар мен жазық өңірлердегі жер асты суларының динамикасы және г.б. зерттелді. Ол құрлық гидрологиясы, мұхиттану және гидрогеологиямен тығыз байланысты. Гидрофизика судың сұйық, қатты, газ күйіндегі молек. құрылысын, судың, қардың, мұздың әр түрлі физ. қасиеттерін, тұйық сулардағы динамик., термик. процестерді, судан, қардан, мұздан жарықтың өтуін және оның осы ортада таралуын, шашыруын зерттейді. Гидрофизика теңіз физикасы (мұхит пен теңіздің термикасын, акустикасын, оптикасын, ағыстарының динамикасын, толқынын зерттейді) және құрлықтағы су физикасы (өзенде, көлде, бөгенде, жер асты суында болатын физ. процестермен шұғылданады) болып екіге бөлінеді.[1] Балқаш көлі өңіріндегі жер асты суының динамикасын, Қапшағай және Бұқтырма бөгендеріндегі, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналындағы мұз режімін, қар мен мұз ерігендегі буланудың жиынтық шамасын анықтауда елеулі нәтижелерге қол жетті; 2) ағыстарды, толқындарды, су объектілерінің атмосферамен әрекеттестігін, судың термиялық, акустикалық, оптикалық және басқа да физикалық қасиеттерін, су объектілерінде, сондай-ақ қар мен мұзда болатын физикалық процестерді зерттеу жұмыстарының кешені.

Гидрофизика — гидросферада болатын физикалық процестерді зерттеумен айналысатын геофизиканың саласы. Судың жиналған нақты бір пішініне қатысты Гидрофизиканы мұхиттанудың (мұхит физикасы) немесе құрлық гидрологиясының (құрлық суының физикасы) құрамды бөлігі деп санайды. Ағыстарды, толқындарды, су нысандарының атмосферамен өзара әрекеттерін, судың термиялық, акустикалық, оптикалық және тағы да басқалары физикалық қасиеттерін, су нысандарында, сондай-ақ кар мен мұзда жүретін физикалық процестерді зерттейді

48.Көлдердің морфологиясы мен морфометриясы

Су толған қазаншұңқырлар бір-біріиен мөлшері және сұлбасы арқылы ерекшеленеді. Бұл көрсеткіштердів сандық шамалары морфометриялық сипаттамалар деи аталады.

Морфометриялық сипаттамалар казаншұцқырлардыц тереңдіктері көрсетілген карталар мен пландардың ке мегімен анықталады және белгілі бір су денгейіне кестендіріледі. Қазаншұңқырдын кұрылымы күрдел^ болған жағдайда морфометриялық сипаттамалар көлдія барлық бөлігі үшін және оның жекелеген бөліктері үшіі де анықталады.

Су бетінің (айдын) ауданы, Ғ, км2 — аралдарсь және аралдармен қосқандағы аудандар көрсетіледі, пла ниметрдің немесе палетканың көмегімен анықталады.

Қазаншұңқырдың ұзындығы Ц км — жаға сызығы-] ның ең алыс нүктелерінің арасыныц тіке қашықтығы, бетімен өлшенеді.

Қазаншұңқырдың ені В, км: орташа ері Вауда-І нының (Р) ұзындырына қатынасына (В = Ғ/Ь) тең; мак4 симал ені В тахұзындырына жүргізілген перпендику-] ляр арқылы өлшенетін екі жағалаудың су деңгейімс өлшенгендегі ең алыс қашықтығы.

Жағалау сызығының үзындығы 5, км су кемеріме (нөлдік изобата) анықталады.

49.Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу

Планетамыздары су қабығын – гидросфераны, оның қасиеттерін, ондағы өтіп жатқан процестерді, онын атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттеумен айналысатын ғылым саласы гидрологиядеп аталады.

«Гидрология» сөзі екі грек сөзінің (гидро — су, логос — ғылым, ілім) қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.

Гидрология жердің және оның су қабығының физикалық, географиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады. Гидрология пәнінің көмегімен келесі су объектілері: мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты сулары зерттеледі.

Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында мынадай негізгі әдістерді пайдаланады, олар: 1) тұрақты бақылау (стационар); 2) экспедициялық, 3) тәжірибелік (эксперименттік), 4) теориялық.

Тұрақты бақылау әдісісу объектілерінің гидрологиялық режимі элементтерінің мерзімдік қозғалысын (динамикасын) зерттеу үшін қызмет етеді. Гидрологиялық режим дегеніміз — су объектілерінің жай-күйінің белгілі бір заңдылықпен құбылуын, яғни су денгейінің, су өтімінің, су температурасының, мұз қату кұбылыстарыньщ және т. б. Сипаттамаларының тәуліктік, маусымдық және көпжылдық құбылмалылығы. Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Бұл бақылаулар бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканың мақсатына сәйкестендірілген. Бақылау материалдары өңдеуден өткен соқ географиялық қорытыңдылар шығару үшін, анық-тамалар құрастыру үшін, атластар мен гидрологиялық сипаттамалардың картасын жасау, сонымен бірге теориялық және қолданбалық мақсаттар үшін кеңінен пайдааланылады.

Экспедициялық әдісқысқа мерзім ішінде су объектісінің физика-географиялық сипаттамалары жөнінде маңызды деректер алуға, далалық ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Экспедициялық зерттеулердің нәтижесіаде алынған деректер мамандарға гидрологиялық ұқсастық әдісін сенімді түрде пайдалануға жағдай туғызады.

Тәжірибелік (эксперименттік) әдісжалпы гидрологиялық құбылыстармен қатар процестердің жекелегеи жақтарын түпкілікті зерттеуге қызмет етеді. Зертханада немесе далалық жағдайда жасалатын тәжірибе көмегімен өзен арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұ қаату және еру, судың топырақка сіңуі мен беткейлерден ағып түсуі, су бетінен және жер бетінен булану және басқа да көптеген құбылыстар зерттеледі.

Зерттеудің теориялық әдісігидрологиялық мақсаттарды физиканың жалпы заңдары және математикалық тәсілдердің көмегімен шешуге негізделген. Теорияльгқ әдістің нәтижелері дәйекті материалдың көмегімен тексеріліп отырады.

Су объектілері және олардың режимі жөніндегі ең толық мәліметтер жоғарыда келтірілген төрт әдіс бірге пайдаланылған жағдайда алынатын болады.

50.Суды тазалау әдістері

Механикалық жолмен тазарту әдісі

Механикалық жолмен тазарту әдісі — ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың — 95%-ке дейін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.

Рефераты:  Історія появи праці І

§

Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса — олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал, химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі тәжірибеге енген жоқ.

51.Бөгендердің лайлануы

Лайлық— өзеннін, көлденең қимасында, ұзына бойы-на әрі мерзімдік аса құбылмалы көрсеткіш. Лайлықтың арнаның көлденең кимасында таралуы аса кұрделі си-патқа ие. Әдетте лайлықтың ең көп шоғырланатын жері судың түбі мен жағалаура жақын жерлер, тасындылар-дың қүрамында неғұрлым ірі бөлшектер көп болса олар-дың вертикал таралуы солғұрлым ретсіз келеді.

52.Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі агысы

Кез келген өзеннің басталатын жері, яр-ни бастауы болады. Өзеннің бастауы жер астынан қай-йап шығатын бұлақ, батпак, көл, мұзарт немесе екі саланың қосылатын орны болуы мүмкін.

Көлден басталатын өзендердің басталуының айқын көрінісі бар. Бүған Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немеее Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады.

Жазық аудандарда өзендер әдетте батпақтардан бастау алады. Оған Пин батпақтарынан ағып шығатын Днепр мен Висла өзендерінің салалары жатады. Екі өзеннің қосылу жағдайында бастау болып үлкен өзен, ал екі өзеннің ұзындығы тең болса, онда бастау ретінде сол жақ саласы кабылдануға тиіс. Әдетте ірі өзендерді жоғары, орта және төменгі ағыс үлескілеріне бөледі. Бұ.л бөлу ағын судың молдығына, жердің орографиялык, жағдайына, ағыс жылдамдығына, көліктік-шаруашылық пайдаланылуына және басқа да сипаттарына қатысты жүргізіледі.

Өзендердің жоғарғы ағысы ағынның үлкен еңістігімен және жылдамдығымен, тайыздығымен, айтарлықтай жуып-шаю және тасымалдау әрекетімен сипатталады.

Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді, сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.

Ал, төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағыста жуып-шаю шикізатының шөгіндегі.түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасының кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.

Өзеннін басқа өзенге: көлге (бөген) немесе теңізге құятын жерін өзенніқ сагасы деп атайды. Өзендердің сағаларында көл, теніздердің өзендермен өзара әсерінің нәтижесінде жер бедерінің күрделі формалары мен тарамдары (жеңдер), яғни атырау пайда болады.

53.Өзен жүйесінің ұзындығы, ауданы қалай анықталады

Өзенніңұзындығы деп оның карта бойынша өлшенген бастауы мен сағасының ара қашықтығын айтамыз. Өзеннің ұзындығын ірі масштабты карта бойынша немесе аэрофото түсірімдер арқылы өлшеу керек және өлшемді орын болғандықтан, сағасынан бастауына қарай жүргізу керек. Өзеннің ұзындығы төмендегі формула бойынша анықталады:

L = Lө ·Ки (2.2)

Мұндағы Lө —өзеннің өлшенген ұзындығы.

Өзеннің ұзындығы ағын су өзінің арнасы мен жағалауын жуып-шаюының арқасында үнемі өзгеріп тұрады.

Бұрынғы КСРО шекарасында ұзындығы 0,5 км-дең кіші өзендерді, бұлақтарды, уақытша ағын су жылғала-рын қосқанда 2963400-дей өзен бар

54.Еңістік дегеніміз не, қалай анықталады

Өзендер планда әрқашан иректі көріністі болып келеді. Өзендердің иректігі олар ағып өтетін жердің жағдайына – өзен арнасы мен аңғарын құрайтын тау жыныстарына, топыраққа және ағыстың динамикасына байланысты болады.

Өзеннің иректігі иректік коэффициентімен сипатталады, ол картадан анықталған өзеннің ұзындығының, L, онын бастауынан сағасына дейін (немесе үлескінің) жүргізілген түзудің ұзындығының l қатынасына тең:

Ки=L/l (2.1.)

Өзеннің ұзына бойына оның иректігі өзгеріп отырады. Сондықтан, алғашында иректік коэффициенттер өзеннің жеке үлескісі үшін анықталып, сонан соң жалпы иректік коэффициенті табылады.

Жер асты сулары

55.Эмпирикалық қамтамасыздық сызығы дегеніз не, қалай тұрғызады

Эмпирикалық қамтамасыздық қисығының ординаталары кесте түрінде жүргізіледі. Кему тәртібімен орналасқан орташа өтімдер мәні бойынша және орташа өтімдердің ықтималдық қамтамасыздығы мәндері бойынша эмпирикалық қамтамасыздық қисығы тұрғызылады. Эмпирикалық қамтамасыздық қисығының дұрыстығын бекіту үшін сонымен қатар теориялық қамтамасыздық қисығының элементтері енгізіледі. Ассиметриялық коэфициент теориялық және эмпирикалық қамтамасыздық қисықтарының сәйкестігіне байланысты табылады.

Жер асты суларыЖер асты сулары

Жер асты сулары

56.Өзен сағаларының типтері

Өзен сағалары пішіндерінің әр түрлі болып келуі оның өзімен бірге тасымалдайтын тасындылардың көлеміне, құятын бұғаздың пішініне, суының ағу жылдамдығына және жергілікті жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Кейбір өзендердің сағалық телімі болмайды. Мұндай өзендер негізнен карсты аймақтарға тән, яғни өзен тау жарықтары арқылы жердің астына ағып кетеді де жер асты суын толықтырады. Бірқатар жағдайларда қуаңшылық жылдары кейбір өзендер көлге не теңізге жетпей жолда тартылып қалады. Мыс., Қума өзені суының булануға жұмсалуы және бір бөлігінің құмға сіңуіне байланысты суын Каспийге жеткізе бермейді.

Соңғы кездерде сағалық телімнің болмауы көбінесе адамзаттың іс-әрекетімен байланысты болып отыр. Яғни, өзеннің барлық дерлік суын жерді суаруға және өнеркәсіпте пайдаланады. Оған мысал ретіндеТеджен, Мургаб т.б. Орталық Азияның және Қазақстанның көптеген өзендерін айтуға болады.

Көп кездесетін өзен сағаларының типтері төмендегідей:

1) біртармақты (Риони, Амур т.б.);

2) эстуарий (воронка тәрізді – Обь, Енисей, Хатанга, Мезень, Оңт.Буг, Днепр);

3) аралы (Дон, Печора, Солт.Двина, Индигарка, Яна, Колыма, Нева);

4) қалақша тәрізді (Кура, Орал);

5) көп тармақты (Еділ, Терек, Әмудария);

6) Қоршалған саға, көлтабандық (лимандық) саға ( Кубань, Днестр, Батыс Двина)

57.Су режимінің негізгі типтері және олардың қоректену көздерімен байланысы

Су режимі деп су объектілерінің уақытқа байланысты су деңгейінің су шығынының өзгеру ерекшеліктерінің бірлескен жағдайын айтамыз. Бұл анықтаманың кеңірек түсінігі-су объектілерінің гидрологиялық режимі.

Өзеннің-гидрологияық режимі көпжылдық маусымдық және тәуліктік құбылмалылығымен ерекшеленеді: 1) су деңгейі (су деңгейінің режимі), 2) сулылығының (ағынды режимі), 3) мұздық көрсеткіші (мұздық-режим), 4) судың температурасы (термикалық режим), 5) ағыспен тасылатын қатты заттардың мөлшері мен кұрамы (тасындылар режимі), 6) еріген заттардың шоғырлануы мен құрамы (гидрохимиялық режимі), 7) өзен арнасының өзгеруінің (арнадағы процестер режнмі).

Өзен арналарында оның гидрологиялық режимі әсер ететін, гидротехникалық ғимараттардың бар-жоғына қарай реттеліп, табиғи немесе тұрмыстық режимдерге жіктеледі.

58.Өзеннің типтік гидрографы

Өзен ағындысының жалпы теңдестігіндегі әр түрлі қоректену көздерінің үлесінің мөлшері гидрографты (су шығынының жылдық графигі) талдау арқылы бағаланады. Бұл мақсат үшін көпжылдық бақылау нәтижесінде тұрғызылған су шығынының кұбылмалылығының типтік гидрографы немесе жеке сипатты жылдар (көп сулы, орташа сулы және аз сулы) үшін сызылған гидрографтар қолданылады. Типтік гидрограф деп бірқатар жылдардағы гидрографтардың жалпы сипаттарына ие, сонымен бірге әр жылға тән кездейсоқ жағдайы жоқ гидрографты айтамыз.

Типтік гидрографты тұрғызу кезінде бірқатар жылдар үшін жеке өзендердің сипат ерекшеліктерінің ордината (су шығыны) және абцисса (уақыт) көрсеткіштері орташа мәнге келтіріледі (су тасудың басталуы, макси-мумының келуі, су тасудын, соңы және т. б.). Қалыпқа келтірілген тірек нүктелерімен бірқалыпты графикті саламьіз. Типтік гидрограф бойынша аныкталған ағындының көлемі, өлшенген ағындының көпжылдық орташа мөлшеріне тең болуы шарт (4.1а-сурет).

Типтік гидрографта су шығынының мөлшері мен уақыттың құбылмалылығының сипатты нүктелерінің шектері көрсетіледі.

Гидрографты қоректену көздері бойынша талдаудың бірнеше әдістері бар.

Жер асты су ағындысын бөлудің ең карапайым әдісі — ол гидрографтағы көктем басталардағы минимал нүктелерден басқа да минимал нүктелерді бірқалыпты сызықпен қосу аркылы іске асырылады

Гидрографты талдау кезінде мұздық суларымен қоректенетін өзендердің ерекшеліктерін естен шығармау керек, олар:

а) бұл өзендер кыс мезгілінде жер асты (грунт) суымен қоректенсе, ал жазда грунттық қоректену көзі қыс басындағы су өтіміне тең деп алынады;

ә) қар еру басталған уақыттан соңына дейін алаптың ойыс жерлеріне және аласа таулардан өзен қар суымен қоректенеді: қоректенудің бұл бөлігі, оны биік таулардағы қар және мұздық суларынан бөлгенде шамамен алаптың ойыс бөлігіндегі қар еру кезіндегі ағысқа тең бағалануы мүмкін;

б) жылдың жылы кезінде өзендер негізінен жазғы жаңбыр суымен және биік таулардағы қар мен мұздықтардың суымен қоректенеді; қоректенудің бұл бөлігі жекетасқындардың ойыстарын қоеу арқылы талданады.

Қар, жаңбыр, жер асты және мұздық қоректену көздерінің көлемі гидрографта бөлінген аудандардың мөлшерін есептеу арқылы анықталады.

59.Өзендегі термикалық және мұз режимі

Өзендердің термикалық режимі бір жағынан су массасы мен атмосфера аралық жылу алмасу әсерінен қалыптасса, екінші жағынан — өзен арнасының табаны мен жылу алмасу арқылы қалыптасады.

Күн радиациясының тура бағытталған сәулелері атмосфераның жағдайына және Күн мен Жер ара шықтығына байланысты. Сондықтаи таулы аймақтарда Күннің тура радиациясы жазыққа қарағанда әлдеқайда жорары болады. Күннің тура радиациясына бұлт едәуір кері әсер етеді. Осы факторларға тәуелді шашыраңкы радиация болатын болса, айқын тәуліктік зандылыққа бағынышты, әдетте шашыраңқы радиацияның максимумы талтүске тура келеді (жалпы радиацияның 10%-і).

Бұлтсыз күнгі жиынтық радиацияның мөлшері экваторалдық және субэкваторлық ендікте 2,60 …1,80, ал тропикте және субтропиктерде — 2,20 … 2,60, орташа ендікте— 1,50 … 2,20 және арктикалық ендіктерде 1,05— 1,50 кДж/см2 тең.

Жалпы радиация су көздеріндегі термикалық режимнің құбылмалылығын анықтаушы болып табылады және оны су көзінің жылу теңдестігі арқылы көрсетуге болады:

Рефераты:  Кеңес тарихшыларының қазақ тарихын кезеңдеуі | Скачать Дипломдық жұмыс

К = LЕ Р В, (6.5)

Мұндағы К — радиациялық теңдестік; LЕ — жылудың булануға және конденсацияға жұмсалуы; Р — су беті мен атмосфера аралык, жылу алмасу; В — су көзіндегі жылу жиынтығы.

Өзендердің мұздық-термикалық режимінің жылдық циклінде екі кезең айқын көрінеді: мұз қатқан мерзім мен мұздан ашық су бетінің кезеңдері. Судың мұздан бос,ашық кезінде өзендердегі судың температурасы ауаның температурасына сәйкес келеді. Жылдың жылы кезінің бірінші жартысында ауаның температурасы су бетінің температурасынан жоғары, ал екінші жартысында—төмен болады. Судың температурасының максимумы ауаның температурасының максимумынан кейін келеді.

Мәңгі қарлар мен мұздықтардың суымен қоректенетін тау өзендерінде судың температурасы жылдың барлық жылы мезгілінде ауаның температурасынан төмен болады. Ал, екінші, мұз қатқан кезде судың температурасы әдетте тұрақты және 0°С жақын болады.

Өзендегі судың турбулентті араласуының әсерінен судың «тірі» қимасында судың температурасы біртектес болады. Сонымен қатар, өзеннің ені мен тереңдігінде температураның құбылмалылығында бірқатар ерекшеліктер кездесетінін айтып өткен жөн. Қөптеген өзендерде көктемде жағалаудағы судың температурасы, оның ортасындағы судың температурасынан жоғары болса, ал күзде — керісінше. Жазда — күндіз су бетінің темпера-турасы түбіне қарағанда жылырақ болса, ал түнде су түбінде температура біршама жоғары болып келеді. Негізгі өзенге келіп құятын салалардың әсерінен, егер ондағы су басты өзенге карағанда жылырақ немесе суығырақ болып келген жағдайда, өзеннің көлденең қимасында айтарлықтай температуралық құбылмалылық (8—9°С-ға дейін) болады. Мысалы, Ангара өзенінің сол жақ саласы болып келетін Иркут өзенінің құятын жеріндегі температуралық айырмашылық Ангара өзенінің ортасындағыға қарағанда 9,3°С жетеді.

Судың температурасы өзеннің ұзына бойында біркелкі емес, ол қоректену жағдайына, кұятын салаларына, ағып өтетін табиғат белдемдерінің температуралық режиміне және т. б. көптеген жағдайларға тәуелді.

Оңүстіктен солтүстікке карай ағатын өзендерде (Сібір өзендері, Ертіс, Тобыл…) жоғарғы ағыстарында судың температурасы орта ағысымен салыстырғанда суығырак, орта ағысында температура көтеріледі де, ал төменгі ағысында судың температурасы (терістікте) қайтадан төмендейді. Ал, солтүстіктен оңтүстікке карай ағатын өзендерде, оның бастауынан сағасына дейін судың темпера-урасы үздіксіз көтеріліп отырады. Бұл заңдылық тек температуралық режимі өзгеше салалары құятын үлескілерде бұзылады. Ендік бағытта ағатын өзендерде температуралық режим әдетте аса өзгеріске ұшырамайды. Көлдерден бастау алатын өзендердің температура-лық режиміне көл суының үлкен әсері бар. Көл неғұрлым үлкен болса, бұл әсер солғұрльш алысқа кетеді. Мысалы, Байкал көлінің салқын суының Ангара өзеніне әсері (онда бөгендер салынғанға дейін) 1170 шакыръмға жететін.

Өзендердің жеке үлескілерінде термикалық режимі ондағы адамның шаруашылық әрекетіне тәуелді. Өзендерге құйылып жатқан өнеркәсіптің, тұрмыстық жылы сулар табиғи температуралық режимді бүзады.

Суды 0°С-ге дейін салқындатудың және одан кейінгі су бетіндегі жылуды атмосфераға берудің әсерінен өзенде мұз қату процесі — өзен кысқы режим фазасына өтеді. Өзеннің мұз қату процесімен байланысты өмірін негізгі үш сипатты кезеңге бөлуге болады: күзгі мұз жүру кезеңін қоса есептегендегі мұз қалыптасу, тұтас мүз және мұздың бұзылуы.

60.Өзен режимдеріне антропогендік әсерлер

Өзен алаптарының шегінде ағындыға аданың шаруашылық іс-әрекетінің көптеген факторлары ықпалын тигізеді, өзен ағындысының сандық сипаттамаларына әсер ету тұрғысынан келгенде, мыналар олардың ішіндегі бастылары болып табылады: арналық ретеу, суғармалау, ағындыны басқа алапқа әкету, өнеркәсіпті, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерді сумен қамту, батпақты және батпақтанған жерлерді құрғату, орманды отау және отырғызу, агроорманмелиоративтік шаралар, урбандалу, карьерлер қазу және шахталардан су әкету, өзендер арнасын үйме жалдау және түзету, өзен арналарынан топырақ қазып алу.

Су ресурстарына және гидрологиялық режиге әсер ету сипаты бойынша шаруашылық іс-әрекеттің барлық факторларын үлкен бес топқа біріктіруге болады.

1. Өзен желісінен (көлдерден, бөгендерден) тікелей су алумен, осы суларды су тұтынушылардың пайдалануына және пайдаланылған суларды қайтадан су объектілеріне жіберуге байланысты факторлар. Бұл топқа коммуналдық шаруашылықтың, өнеркәсіптің, жылу энергетикасының қажеттіліктерін өтеу үшін су тұтыну, ауылшаруашылығын сумен қамту, транспорт; ағындының бір бөлігін алаптан тыс жерге әкету және т.б. жатады. Аталған факторлардың гидрологиялық сипаттамаларға және судың сапасына тигізетін ықпалының ауқымы өзеннің табиғы ағындысына немесе көлдің табиғи көлеміне қатысты су тұтынудың негізгі сипаттамаларымен (су алу көлемі, қайтымсыз су тұтыну, ақаба сулардың немесе су әкету көлемімен) анықталады. Аталған қатынастың шамасына қарай шаруашылық іс-әрекеттің бұл факторлары кіші және орташа өзендерге, ал кейбір жекелеген жағдайларда үлкен өзендерге де айталықтай әсерін тигізеді. Бұл жағдайда алапта ағындының қалыптасу жағдайы өзгеріске ұшырамайды. Өзенге қайта жіберілген ақаба сулардың көлемі немесе су бұрып әкету көлемі табиғи сулардың ластануын және сапасының өзгеруін бағалау үшін аса қажетті маңызды сипаттамалар екендігін айта кету керек.

2. Өзен алабының арналық желісінде жүргізілген түрлендірулерге қатысты шаруашылық іс-әрекет факторлары: бөгендер мен тоғандар тұрғызу және пайдалану, судың жайылуын болдырмас үшін арнаны үйме жалдау, арнаны түзулеу, өзендер арналарынан топырақ қазып алу және т.с.с.

3. Өзен алабында жүретін булану процесін және алапта ағынды қалыптасу жағдайын өзгертетін өзеннің су жинау алабының жамылғы бетінің түрленуіне қатысты шаруашылық іс-әрекет факторлары. Оларға мыналар жатады:

— жер жырту, агротехникалық шаралар кешенін жүргізу, шалғынды жерлерді жайылымға пайдалану және т.с.с; әдетте кіші және орташа өзендердің гидрологиялық режиміне, ең аз және ең мол ағындыға, жылдық ағынды үлестіріміне әсерін тигізеді, жылдық ағындығы әсері соншалықты үлкен болмайды, тасындылар ағындысына және табиғи сулардың сапасына айтарлықтай ықпалын тигізеді;

— батпақты және батпақтанған жерлерді құрғату; негізінен кіші және орташа өзендердің гидрологиялық режимінің сандық сипаттамаларына, жылдық ағындыға әсерін тигізеді, өзен суларының сапасына әсері аздау болады;

— орманды отау және қалпына келтіру (табиғи және жасанды жолдармен); негізінен кіші және орташа өзендердің су теңдестігінің барлық негізгі құраушыларын, гидрологиялық режимді, судың сапасын өзгертеді; әсер ету дәрежесі орманның типіне, жасына тәуелді және аталған шаралар жүргізілгеннен кейін ондаған жылдар бойы осы шаралардың ықпалы жалғаса беруі мүмкін;

— урбандалу; өзендердің су теңдестігінің және ағындының, жер асты суларының барлық сипаттамаларын, судың сапасын өзгеріске ұшыратады; негізінен кіші өзендерге ықпалы үлкен болады, ал орташа өзендерге урбандалудың әсері соншалықты үлкен болмайды.

4. Өзен ағындысына арналық желіден су алудың, сонымен қатар, су жинау алабының жамылғы бетін түрлендірудің (суармалау, жер асты суларын пайдалану және т.б.) нәтижесінде әсер ететін шаруашылық іс-әрекет факторлары. Аридті және субаридті зоналарда кең таралған суармалау кіші, орташа және үлкен өзендердің ағындыларының барлық сипаттамаларына, суларының сапасына айтарлықтай үлкен әсерін тигізуі мүмкін.

Жер асты суларын пайдалану өзенге келетін жер асты суларына тікелей әсер етеді. Ыза суларының деңгейі төмендеген жағдайда су жинау алаптарында булану және ағындының қалыптасу жағдайы өзгеріске ұшырайды. Негізінен кіші және орташа өзендердің ағындысына ықпалын тигізеді.

5. Аумақтың су теңдестігіне, су ресурсына және гидрологиялық режиміне жалпы метеорологиялық және климаттық сипаттамалардың өзгеруі арқылы әсер ететін шаруашылық іс-әрекет факторлары. Бұл өзгерістер түрлі физикалық процестермен айқындалады, әсер ету қарқындылықтары бойынша және қамтитын аумағы бойынша әртүрлі және төмендегілерден тұрады:

— адамның өсімдік жамылғысына әсер етуінің, урбандалу көлемінің артуы, бөгендер тұрғызу, суармалы және құрғатылатын жерлердің ұлғаюы нәтижесінде аймақтық климаттың және метеорологиялық жай-күйдің өзгеруі; аталған шаралар жүргізілетін аудандарда жер бетінің шағылдыру қабілеті (альбедо), топырақтан булану және топырақтың ылғалдылығы, жер бетінің аэродинамикалық кедір-бұдырлығы және метеорологиялық режимнің басқа да сипаттамалары өзгеріске ұшырайды, бұл кіші және орташа өзендердің су теңдестігінің және гидрологиялық режимінің түрленуіне әкеліп соқтырады.

— тұшы суларды үлкен масштабта пайдаланудың нәтижесінде болуы мүмкін ғаламдық климат және ылғал айналымының өзгерісі; шаруашылық қажеттіліктерді өтеу үшін қайтымсыз пайдаланылған судың есебінен атмосфераға көтерілген қосымша ылғал қосымша жауын-шашынның түсуіне және қосымша су ресурстарының қалыптасуына мүмкіндік туғызады; бұл эффект аса үлкен аумақтың шегінде (континент шегінде) су теңдестігін қарастырған кезде орын алуы мүмкін;

— атмосфераға қосымша жылудың келіп түсуінің, СО2 шоғырлануының өсуі, кіші газ құраушыларының (фреон, азот тотықтары, метан және т.б.), атмосфералық аэрозолдің келіп түсу нәтижесінде адамның атмосфераның құрамына әсері; климаттың және су ресурстарының ғаламдық өзгеруіне атмосферада көмір қышқыл газының СО2 көбеюі үлкен рөл атқарады. Бұл әлемде күн санап ұлғайып отырған отын ресурстарын жағудың салдарынан болып отыр. Бұл процес ауаның төменгі қабатының жылынып, атмосфералық циркуляцияның өзгеруіне, жауын-шашынның түсуінің, булану және аймақтық және ғаламдық су ресурстарының өзгеруіне әкелмей қоймайды.

Үлкен өзендердің алаптарында бірмезгілде осы жоғарыда аталған, әртүрлі топтарға жататын және гидрометеорологиялық элементтердің табиғи айналымына қарай, суды пайдалану сипатына және аумақтың түрлендірілуіне, жергілікті жердің физикалық-географиялық жағдайына және жамылғы бет факторларына байланысты су режиміне әртүрлі әсерін тигізетін шаруашылық іс-әрекеттердің басым көпшілігі жүргізіледі.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий