Қазақстан Республикасында заңсыз миграцияның пайда болуы және оның алдын алу жолдары

Қазақстан Республикасында заңсыз миграцияның пайда болуы және оның алдын алу жолдары Реферат

. Пирсонның χ2 – белгісі

Бұл белгі, егер түйіндес кестесінің

ұяшықтарында жиіліктер 5-тен жоғары

немесе

тең

болғанда

сапалық

сипаттамаларды

талдау

үшін

қолданылады.


Егер байқау саны аз болса және кесте

торындағы ұяшықтардың жиілігі 5-тен аз

болса,

онда

өлшемі

белгісі

қолданылмайды.


Оның

орнына

Фишердің нақты белгісі қолданылады.

Пирсонның χ2 – келісім белгісін

қолданудың тізбесі

1) Н0: белгілердің арасында байланыс жоқ.


Н1: белгілердің арасында байланыс бар.

2) р=0,05 – маңызыдылық деңгейі

есеп

i 1 j 1

* 2

мүндағы νij – бақыланатын жиіліктер, ν*ij – теориялық

жиіліктер

кесте ( р, f ) , мұндағы f =(r-1)(s-1) – еркіндік дәреже

саны (2 қосымшаны қара).

5) Егер есеп < кесте болса, онда «H0» қабылданады.

есеп > кесте болса, онда «H » қабылданбайды.


Егер

Пирсонның χ2 –белгісін қолданудың мысалы

Жедел іріңді өкпенің зақымдалуының төрт формасы үшін

бақыланған және қайтыс болғандар саны берілген.


Пирсонның χ2 –белгісі арқылы топтар арасындағы қайтыс

болғандар саны бойынша айырмашылықтың маңыздылығын

бағалау керек.


Топ

нөмері

Аурудың формасы


Ірінді абсцесс

Гангреналық абсцесс

Бөлікті гангрена

Жаппай гангрена


Оқиға саны

қайтыс

сауыққандар

болғандар

136


Ауырғандар

саны

141

Пирсонның χ2 –белгісін қолданудың мысалы


Шешуі.

1) Н0: белгілердің арасында байланыс жоқ.

Н1: белгілердің арасында байланыс бар.

2) р=0,05 – маңызыдылық деңгейі

. j

ij .i

3.1) Теориялық жиіліктерді есептеу


Барлығы

Барлығы

29*141/215=19

141

136

141

29*48/215=6,5

29*15/215=2

186*141/215=

=122

186*48/215=

=41,5

186*15/215=13

29*11/215=1,5

186*11/215=9,5


Барлы

186

215


Барлы

186

215

Пирсонның χ2 –белгісін қолданудың мысалы

Шешуі (жалғасы).

3.2) Шамасын есептеу

* 2

(5-19)2/19=10,3

(136-122)2/122=1,6

(11-6,5)2/6,5=3,1

(37-41,5)2/41,5=0,5

(7-2)2/2=12,5

(8-13)2/13=1,9

(6-1,5)2/1,5=13,5

(5-9,5)2/9,5=2,1

3.3) Есеп

есеп

i 1 j 1

10,3 3,1 12,5 13,5 1,6 0,5 2 2,1 45,5

Пирсонның χ2 –белгісін қолданудың мысалы

Шешуі (жалғасы).

4) кесте ( р, f ) , мұндағы f =(r-1)(s-1) =(4-1)(2-1)=3 –

еркіндік дәрежісі саны, (қосымша 2 қара).

кесте

(0,05;3) 7,8

есеп

5) Егер

> кесте болса, онда «H0» қабылданбайды,

яғни топтар арасындағы қайтыс болғандар саны бойынша

айырмашылық маңызды.

χ2 Пирсон белгісінің кестелік мәніні

Белгіні есептеу рәсімі өте күрделі, сондықтан

талдауды арнайы (мысалы, «STATISTICA»)

бағдарламасы арқылы орындау тиімді.

Қазақша реферат сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар оқу материалдары қазақ тілі

15 апреля, 2021 10:54

Сөз тіркесіне байланысты мәселені оқыту үшін, ең алдымен, сөз тіркесінің табиғатын, өзіндік мәнін ашып алу қажеттігі бірінші орында тұрады. Осындай кажеттілікті шешу үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан, атап айтқанда, сөйлемнен, атаулы сөйлемнен, атау мәнді тіркестерден, фразеологиялык тіркестерден, түйдекті тіркестерден, сондай-ак, күрделі сөздерден бөліп алып, өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету қажет болса, екіншіден, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларын тілдік материалдардың негізінде айқындап алу керек.

Сөз тіркесі және помипативті тіркестер. Сөз тіркесі де сөйлем сиякты синтаксистік единица екендігіне ешкім талас туғызбайды, бірақ сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында кандай айырмашылық бар деген сұрақ әлі де шешімін таба қойған жоқ. Бұл мэселе — тек түркі тіл білімінде гана емес, тіпті орыс тіл білімінің өзінде де талас туғызып жүрген жайттардың бірі.

В.В.Бабайцева, В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, К.Аханов, Н.А.Баскаков сөз тіркесіне номинативті қасиет тэн десе, Ю.В.Фоменко, А.Моисеев, М.Балакаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады.

В.В.Виноградов: “Сөйлем құрамына ғана жэне сөйлем арқылы сөз тіркестері коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті кұрылыс материалы ретінде каралатын сөз тіркестері сөздер тэрізді болады да, тілдің номинативті кұралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына ене алады”-дейді [19].

К.Аханов бұл пікірді қуаттайды. “Сөз тіркестері номинативті сипатка бұрыннан жасалып койған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдік грамматикалық зандары бойынша тіркесуі аркылы ие болады”[6].

Біздің ойымызша, екі номинативті мэнге ие сөздердің тіркесуінен үшінші бір номинативті мән пайда болады деу — дұрыс емес. Мысалға екі номинативті сөз алайык, ақылды қыз. Осы екеуінің тіркесінен үшінші бір номинативті мэн пайда болып тұрган жоқ, жаңа грамматикалык мағына жасалып тұр. Ол — анықтауыштық катынас.

М.Балакаев номинативтілік қасиет туралы өз еңбегінде анык көрсеткен [12]. Ол сөз тіркесінің бэріне номинативтілік мэн тэн емес екендігін, тек олардың жұмсалу орайында аткаратын кызметі тұрғысынан номинативті деп тануға болатындары бар деп, оган сөз тіркесі құрылысында пайда болған терминді к, тұракты атауларды (социалистік жарыс, қант қызылиіасы, темір жол т.б.) жатқызады. Сол сияқты газет, журнал, кеңсе атауларын да номинативті тіркестердің катарында карастырады. Ғалым, профессор С.Исаев мұндай тіркестерді атаулық тіркестер деп атауды ұсынады. Тіл білімінде тіркес атаулы екі үлкен топқа бөлініп қарастырылатынын (еркін сөз тіркестері жэне фразеологиялық тіркестер немесе идиомалық тіркестер) айта келіп, осы екі топтан да айырмашылығы бар тіркестерге тоқталады. Олардың бір-бірінен айырмашылығын мысалдар арқылы салыстыра отырып дәлелдейді де, “… атаулык тіркестердің басыңқы немесе тіркес кұрауға ұйткы болған діңгек сөзі көрініп тұрады… Беретін магынасы, негізінен, заттың я құбылыстың атауы болғандыктан, оларды атаулык тіркестер деп бөліп отырмыз” дей келіп, ашық хат, аяқ киім, кәмелеттік аттестат, балалар бақшасы т.б. тэрізді тіркестерді атаулық тіркестердің катарына жатқызады да, “… казак тіліндегі атаулык тіркестер жаңа сөз жасаудың да бір көрінісі болып есептелсе керек” деп тұжырымдайды [29].

Сонымен, номинативті тіркестер немесе атаулық тіркестер — еркін тіркестер мен біріккен, кіріккен, сондай-ак, күрделі сөздер аралығындағы, яғни белгілі бір атауға көшіп бара жатқан тіркестер. Мұндай тіркестерді тұрақталған атаулар деп те айтуға болады. Мысалы: Алматы қаласы, Арал теңізі, опера және балет театры т.б. Бұдан шығатын қорытынды — сөз тіркесіне номинативті қасиет тэн емес, ол күрделі сөздерге тэн касиет.

Сөз тіркесі және сөйлем. Жалпы сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында Кандай айырмашылық бар, ол неден байкалады деген сұрак — әлі де болса толық шешімін таба қоймаған мәселе.

Белгілі түркітанушы Н.К.Дмитриевтің сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану туралы айтқан пікірлері де тіл білімінде біраз талас тудырды. Әсіресе бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер табының бәрін сөз тіркесіне жатқызу, байымдауды (суждение) сөйлемнің сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тануы біраз дәлелдеуді кажет етеді [17. 202-203].

Байымдауды сөйлемді сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тану туралы көзқарастар Н.А.Баскаков еңбектерінде де кездеседі [17.50]. Ғалымның сонымен бірге аталған екі синтаксистік категорияны (сөз тіркесі мен сөйлем) ажыратуда басыңкы сыңардың грамматикалык формасын меже етіп алу керектігі туралы пікірі де бар. Автордың пікірінше, атқа мінді десек — сөйлем, ал, атқа мініп, атқа мінген десек — сөз тіркесі, дэлірек айтсак, сөз тіркесі болу үшін оның басыңкы сыңары есімше, көсемше түлғаларынан жасалуы керек.

Қазіргі казақ тіл білімінде предикаттык емес (бастауыш-баяндауыштык) катынаста тұрған тіркестердің барлығы бірдей сөз тіркесі бола алмайтындығы, байымдаудың грамматикаға емес, логика ғылымына тэн екендігі туралы пікірлер орнықкан.

Сөз тіркесін жан-жакты зерттеГен галымдардың бірі -Е.И.Убрятова якут тілі синтаксисіне катысты еңбегінде сөз тіркесінің негізгі түрлерін синтаксистік байланысқа негіздей қарастырады [63.38]. Ғалымның сөз тіркесін “предикативті”, “предикативті емес” деп карастыруы жэне т.б. пікірлері, бір жағынан, сөз тіркесін грамматикалық тұрғыдан зерделеуінен туған болса, екінші жағынан, өзіндік қыр-сыры мол тіркес табигатын тануда сол кезде үстемдік алған көзкарастардың ықпалынан екені айқын сезіледі. Ғалым ұсынган таптастыруды тек синтаксистік тіркестерге қатысты емес, жалпы бір- бірімен грамматикалык байланысқа түскен сөздер тобына қатысты алсақ дұрыс болар еді. Сөйтіп, тіліміздегі тіркеске түсуші сөздердің арасындағы синтаксистік катынастарды предикативті және предикативті емес деп топтастырсақ, бастауыш пен баяндауыштың катынасы — сөйлем предикативті қатынаска, ал сөз тіркесіне тән аныктауыштык, толықтауыштык, пысықтауыштық катынастар предикативті емес катынаска негіз болатынын аңғару киын емес.

Рефераты:  🚀 Курсовая работа на тему "Государственный образовательный стандарт" - готовая работа бесплатно

Сөйлем, оның ішінде жай сөйлем мен сөз тіркесі өзара ұқсас, бірак олардың елеулі айырмашылықтары бар. Сөйлем сөз тіркесінен коммуникативті кызметі жағынан ажыратылады. Мынадай мысалдар келтірейік: 1 ІМарат келді. Ол жазды. 2/ Ауылдан келді, қаламмен жазды. Біріншісі — сөйлем, екіншісі — сөз тіркесі.

Сөйлемнің өзіне тэн кұрылымдық үлгісі болады. Ол — бастауыш, баяндауыштык кұрылым. Сөйлемге мұнан баска мынадай белгілер тэн: коммуникативтілік, предикативтілік, интонация, модальділік. Сонымен, сөйлем сөз тіркесінен коммуникативтілік қызметімен, предикативтілік қасиетімен, интонациялық, модальділік белгілерімен ажыратылады. Ал, мұндай ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды.

Сөз тіркесін өзге кұбылыстардан ажыратуга негіз болатын бірнеше белгілер бар, соның ішінде ең негізгісі — бағыныңкы, басыңкылык касиет. Осы тұрғыдан предикативтілік қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба деген сұраққа тіл мамандары осы уақытка дейін эр түрлі жауап беріп келеді. Бұл жайында О.С.Ахманова былай дейді: “Байланыстың негізгі үш түрі — атрибутивті, комплективті және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әркашан да сөз тіркесін тудырады: байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз байланысты формаларында ғана сөз тіркесін туғызады, үшіншісі оны (сөз тіркесін) ешқашан да тудыра алмайды” [5. 454-455].

Мұндай пікірді жактаушылар предикативті қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің катарында карамай, предикативті конструкция немесе предикативті тізбек деп есептеп, бұларды сөз тіркесінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтаксисі деп тану керек дейді.

М.Балақаев мұндай көзкарасты кұптамайды: “Сөйлемді сөйлемдік касиеттеріне карап, сөз тіркестерін де өзіндік касиеттеріне карап танып, мысалы жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысак, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, эрі сөз тіркесі деп карау керек”, — дейді [12,94].

К.Аханов жоғарыда сөз болған белгілі түркітанушылардың көзқарасына сүйенген Балакаевтың пікірін теріске шығара келіп былай дейді: “…бір ғана кұбылысты (атқа мінді) эрі сөйлем, эрі сөз тіркесі деп карау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады” [6. 385].

Біздің ойымызша, атқа мінді деген — сөйлем емес, сөз тіркесі. Өйткені мұнда сөйлемге тэн бастауыш, баяндауыштық кұралымдык үлгі, предикативтілік, модальділік, интонациялык касиет жоқ, меңгерудің бағыныңқы байланысына тэн тәуелді септік тұлғасы бар.

Ал жоғарыдағы жазық дала тіркесі тек сөйлем ішінде ғана сөз тіркесі болады да, жеке тұрган кезде атаулы сөйлем болады. Мәселен, жазық дала типтес егіс даласы дегенді алалық. Егіс даласы. Жайқалган алқап көз тартады. Комбайндар егіс дапасында сап түзеп барады деп алсақ, осындағы бірінші сөйлемдегі “егіс даласы» атаулы сөйлем, ал екіншісі — сөз тіркесі. Себебі, атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шактағы болмысты, кұбылысты білдірумен байланысты болады. Атаулы сөйлем көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат кұбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі калпын айтуға арналады. Ал сөз тіркесі сөйлемнен тыс колданылмайды, ол тек сөйлем ішінде танылады.

Кез келген сөздер тіркесі атаулы сөйлем бола алмайды. Атаулы сөйлем болу үшін оның айтатын ойға катысы болу керек. Өзінен кейін келетін атаулы емес сөйлеммен мезгілдес, сабактас болуы шарт. Сондыктан газет-журналдың, мекеменің маңдайшасына жазылган атаулар атаулы сөйлем бола алмайды. Мұндай тіркестерді кейінгі кезде ғалымдар “атаулық тіркестер” деп атап жүргенін айттып кеттік.

Сөз тіркесі жәпе фразеологиялық тіркестер. Сол сиякты фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің катарына жатпайды, өйткені фразеологиялык тіркестер грамматикалык мағынаны емес, баска бір лексикалык мағынаны білдіреді, орны жағынан тұракты, бір гана сұракка жауап береді, өзге тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.

Еркін сөз тіркесі кұрамындагы сөздер бірігіп келіп, баска бір лексикалык магынаны емес, грамматикалық мағынаны, яғни анықтауыштық, пысықтауыштык, толықтауыштык катынасты білдіреді.

Сөз тіркесінің эрбір сыңарларының арасындағы байланыс анағұрлым еркіндеу болады. Бірак бұл еркіндіктің де шегі болады. Ал фразеологиялық тіркестің сыңарларының арасындагы байланыс бекем болады. Еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалса, фразеологиялық тіркестер бұрыннан даяр тұрған Қалпында қолданылады.

Сол сиякты фразеологиялык единицалардың бір катарының негізі еркін Сөз тіркестеріне келіп тіреледі, баскаша айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұракты тіркестердің жасалуына ұйткы болады. Мұны көптеген тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғандығы, әрі ондай кұбылыстың осы уақытқа дейін сакталғандығы қуаттайды. Салыстырып көрелік: етпетінен жату — етпетінен түсу, зат көру — қол көру (ойын); жіп жалгау — жүрек жалгау т.б. Осылардың алдыңғылары — еркін сөз тіркестері де, соңғылары — тұрақты тіркестер, яғни тұрақты тіркестер еркін сөз тіркестерінің кұрылымдық үлгілері негізінде жасалып тұр.

Күрделі сөздер тэрізді тұрақты сөз тіркестері де сөйлеу кезінде жасалмай, бұрыннан даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің кұрамына келіп енеді.

Тұракты тіркестердің бір ерекшелігі — олардың тұтасымен бір ғана лексикалық мағынаны білдіретіндігі. Ал еркін сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары дербес мағынаға ие.

Тұрақты тіркестердің тағы бір ерекшелігі — кұрамындағы сөздердің орны жағынан тұракты болып келуі. Сондықтан да тіркес сыңарларын басқа бір сөздермен ауыстыруга болмайды, ауыстырған жағдайда олар тұрақты тіркес болудан қалады. Ал еркін сөз тіркестерінің сыңарларын орны жағынан ауыстыруға болады, одан грамматикалық мағынаға нұқсан келмейді, мэселен, ақ қагаз тіркесін, сары қагаз, қара қагаз, жасыл қагаз т.б. деп алмастыра беруге болады, өйткені бұл тіркестердің барлығы анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Бірақ кез келген сөзбен ауыстыра беруге болмайды, бұл жерде ескеретін бір жайт — тіркес негізге алынады. Сонымен бірге лексикалык тұрғыдан да байланыс болуы кажет.

Синтаксистік сөз тіркесі болу үшін магына дербестігі міндетті болса, ал фразеологиялык тіркес үшін мұның қажеті жоқ, өйткені тұрақты тіркес кұрамындағы сөздер лексикалық магынасы жағынан не солғындап, не айырылып, сол тобымен өзге бір лексикалык мағынаны білдіретіндей болып қалылтасқан. Тұракты тіркестер тұтас қалпымен сөз тіркесінің бір сыңарынын кызметін атқармаса, өзі дербес тұрып сөз тіркесі бола алмайды.

Сөз тіркесі жәпе күрделі сөздер. Еркін сөз тіркестерінің сыңарлары белгілі бір сапаны, іс-әрекетті, белгіні, түрді, түсті білдіреді. Егер сөз тіркестерінің сыңарларының бірі сапаны немесе іс-эрекетті білдіру қасиетінен айырылып, лексикаланып, мағыналық тұргыдан өзгеріске түссе, мұндай тіркестер сөз тіркестері болудан қалып, фразеологиялық тіркестердің немесе күрделі сөздердің қатарына карай көшеді. Демек, бұл тіркестердің түпкі тегі — еркін сөз тіркестері. Мысалға бозторгай,_қараторгай деген сөздерді алайык. Бұлар тарихи тұрғыдан алғанда, еркін сөз тіркестері болған да, тілдің дамуы барысында лексикаланып, белгілі бір заттың атауына көшкен. Бірак бозторгай сөзін боз кілем тіркесімен шатастыруға болмайды, боз кілем тіркесіндегі боз сөзі заттың түрін, түсін білдіру мэнінде жұмсалып, өзінің лексикалык мағынасын сактап, соған орай кілем сөзін аныктап, аныктауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Сондықтан да боз кілем тіркесінің құрамындағы сөздер жеке- жеке сұрақка жауап береді, сөйлемнің белгілі бір мүшесінің кызметін атқарады. ретіне карай тіркес кұрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болады. Мэселен кілем сөзін боз сөзімен емес қызыл кілем деп айтсак, одан грамматикалык мағына өзгермейді, сол анықтауыштык қатынаста қала береді. Бозторгай тіркесінің бойынан мұндай қасиетті таба алмаймыз, ейткені боз сөзі лексикаланып, анықтауыштық қасиеттен айрылған.

Балқия Қасым өз еңбегінде:»… күрделі сөздің қай-қайсысы болмасын, онын көзінде-сөз тіркесі тұргандығы белгілі. Ең бастысы олардың тіл зандылығына қалай келіп, қалай жасалатындығында болса керек,-”дейді[38.21].

Рефераты:  Продовольственная безопасность. Реферат. Мировая экономика, МЭО. 2012-07-14

Сөз тіркесі жәпе сөздердіц салалас қатарлары. Тұрақты тіркестер сияқты салаласа байланыскан тіркестер де сөз тіркесі бола алмайды. Салаласа байланысқан тіркестер қатарына әке мен бала, бойжеткен мен бозбала, ақылды да айбатты тәрізді тіркестер жатады. Осы типтес тіркестер тіл білімінде салаласа байланысқан тіркестер немесе сөздердің салалас қатарлары деп аталып жүр. Мұндай тіркестердің ерекшеліктерін сөз тіркесінен ажырату үшін, оның кұрылымдық ерекшелігіне назар аударған жөн. Сөз тіркесі өзінің тұйықтылык қасиетімен сипатталады, сөз тіркесі сыңарларының бірінің басыңкы, екіншісінің бағыныңқы болып келу касиетінен көрінеді. Мысалы биік үй, мектепке келді тәрізділердің бірінші сыңарлары — тәуелді, бағыныңқы мүше де, екінші сыңарлары — ұйтқы, басыңқы мүше. Демек, сөз тіркесін жасауда ұйткы мүшенің рөлі зор. Сөз тіркесі сөйлем құрамындағы өзге сөздермен басыңқы сыңарлардың тұлғалық өзгерістерге түсуі аркылы байланысады, ал бағыныңқы сыңарлар өзінің бастапкы қалпын сақтап өзгеріске түспейді. Бұл қасиет түркі тілдеріне ғана тэн, ол оның артықшылығына емес, ерекшелігіне байланысты. Орыс тіл білімінде бағыныңкы сыңар басыңқы сыңардың ыңғайына қарай жекеше, көпше, септік жэне тек (род) тұлғасына карай түрленіп отырады. Ал салаласа байланысқан тіркестерде мұндай ерекшелік жоқ, олар бір-бірімен өзара тең дәрежеде байланысады. Салаласа байланысқан тіркестердің бір ерекшелігі — олардың орнын алмастырып айтуға көнеді, бірак бұдан салаластық қатар ыдырамайды, жойылып кетпейді. Мысалы, ұл мен қыз, қыз бен ұл — сөйтіп, бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелерін кұрайды. Ал сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарларының орнын бұлай алмастыруга болмайды, өйткені мұндай жагдайда сөз тіркесінің мазмұны мен грамматикалық табиғаты өзгеріп кетеді.

Сөз тіркесі жәпе толық магыналы сөздер мен көмекші сөздер тіркесі. Сөз тіркесінің кұрамындағы сөздер өзара сабактаса байланысуы керек, әрі Дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарайтын болсак, толык лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің (шылаулардың, көмекші етістіктердің, көмекші есімдердің) тіркесі сөз тіркесін кұрай алмайды, өйткені көмекші сөздер өзі тіркесіп тұрған сөздердің мағынасын толыктырады, жетілдіреді, бірак жаңа бір грамматикалық мағына тудыра алмайды, яғни толықтауыштык, анықтауыштық, пысықтауыштык катынасты білдірмейді, сонымен, сөз тіркесінің кұрамындағы сыңарларының әркайсысының дербес, толық лексикалык мағынасының болуы — сөз тіркесіне тэн басты шарттардың бірі.

Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің байланысы сөз тіркесін кұраған, өйткені казіргі ^езде көмекші сөздер деп жүргеніміз — ертеде өзінің лексикалық мағынасы болган сөздер. Олар тілдің дамуы барысында, кажеттілікке орай, көмекші сөздер катарына косылған. Осыган байланысты, олар сөз тіркесі болудан калғаң. бірак сөз тіркесіне тэн байланысу амал, тәсілін сақтап қалған. Мысалы: үйге дейін, концерттен соң (синтетикалық тэсіл арқылы, меңгеріле байланысқан), көпірдің үсті, үйдің маңы (синтетикалық тәсіл арқылы, матаса байланысқан). Осы тэрізді тіркестер казақ тіл білімінде түйдекті тіркестер деп аталып жүр.

Мүндай тіркестер сөз тіркесі болу үшін, баска бір лексикалық мағынасы бар сөздермен тіркесуі керек: үйдің маңын тазалау, көк майса, концерттен соң барды т.б.

Сөз тіркесі және сөздер тіркесімділігі. Біз ойымызды екінші біреуге жеткізу үшін тіліміздегі сөздерді пайдаланып, тіркестіріп, сөйлемдер құрап. кажетіне карай пайдаланамыз. Бірақ, мұнда ескеретін бір жайт — кез келген сөзді тіркестіре беруге болмайды. Мысалы, ақылды сөзін тек адамга байланысты ғана айта аламыз, ал ақылды сиыр, ақылды түйе деп айта алмаймыз. Демек, сөздер мағыналық тұрғыдан үйлесімін тапқанда ғана өзара тіркеседі. Мұндай ерекшелік қазақ тіл білімінде сездердің тіркесу қабілеті немесе сөздердің тіркесімділігі деп аталады.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан кез келген екі сөздің тіркесімділігі сөз тіркесін кұрай бермейтіндігін көреміз. Бұдан шығатын қорытынды, грамматикалык касиеті жагынан сөздер өзара тіркесе беруі мүмкін. Мысалы: ақылды жер, былтыр барады. Бірак бұлай қолдануға болмайды. Оның себебі — бұл сөздер лексикалык мағынасы жағынан үйлесімділігін таппаған сөздер. Сондықтан, сөздердің бір-бірімен тіркесе түсуінде лексикалық магынаның атқаратын кызметі зор.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгендегі айтар түйін — эрқайсысы дербес лексикалық мағынаға ие сөз таптарының синтаксистік карым-қатынасы негізінде сабақтаса байланысқан кем дегенде екі сөздің тіркескен тобы — сөз тіркесі деп аталады.

Осы анықтамаға сүйенсек, түйдекті тіркестер, фразеологиялық тіркестер, салаласа байланысқан тіркестер, терминдік тіркестер, бастауыш пен баяндауыштан тұратын тіркестер, тіркес ыңғайындагы атаулы сөйлемдер сөз тіркесінің қатарына жатпайды. Олардың сөз тіркесі катарына жатпайтындығы тіл фактілері негізінде жогарыда баяндалды.

5

Миграциялық үдерістер

Миграциялық үдерістер 
социологиялық зерттеудің бір саласы
ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық 
үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін,
миграцияға түрткі негізгі факторларды 
зерттейтін орта деңгейлі теория – 
миграция социологиясы  қалыптасып, одан
әрі дамып келеді.

Миграциялық үдерістердің
қарқыны жиырмасыншы ғасырда 
ғаламдық қарқын алып, барлық континеттерді,
әлеуметтік таптар мен қоғамдық өмірдің 
барлық салаларын қамтыды. Мигранттардың 
өзге мемлекеттерге кетуі өзекті
мәселеге айналды. Мигранттардың қатарында
еңбекке қабілетті экономикалық белсенді
халықтар, сапалы мамандар (ақыл ойдың
сытылуы), білімі, күш-қуаты мол жастар
еңді. Осындай факторлар мемлекеттің дамуына,
әлеуметтік жағдайдың оңтайлауына кері
әсерін тигізді. Яғни, миграция барысында
донор мемлекеттің басты ресурсы – адам
капиталын жоғалтты. Ал, қабылдаушы мемлекетке
мигранттар үлкен көлемдегі инвестицияға
айналды және айнала бермек. Донор мемлекет
кеткен мигранттарды кері қайтарып, мигранттың
жинаған тәжірибесін мемлекет мүддесі
үшін қолданған жағдайда ғана сол мигрантқа
кеткен шығынды қайтара алатындығы Азия
мемлекеттерінің тәжірибесінен белгілі.

Халықтың миграциясы
– латын тілінен аударғанда көшу,
орын ауыстыру деген мағына береді.
Ғылымда миграцияға байланысты 30-ға
жуық анықтама бар.

Миграцияға деген
қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда
ғылыми түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның
тарихы адамзаттың пайда болуымен басталады.
Миграцияның негізгі себептері ретінде
табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге ыңғайсыз
климаттық жағдайлардың болуы, өмір сүру
территориясына өзге қарсы топтардың
қысымынан болатын көшулер, жауланған
құлдарды еріксіз өзге жерге эксплуатациялау
секілді миграцияға түрткі факторларды
атауға болады. Әлем тарихындағы миграция
басым жағдайда мәжбүрлі түрде немесе
империялардың «саяси амбициясы» әсерінен
жүрген. Оның дәлелі, ХІХ-XX ғасырлардағы
Еуропалық империялардың колониялды саясатын
айтуға болады. Соның ішінде қазақтардың
арғы тегі Ғұндардың (Қыпшақтардың) Еуропаға
қоныс аударғандығы, Аттиланың Еуропаны
жаулаған сәтте өзге еуропалық халықтардың
қазіргі Ресей мен Шығыс Еуропа  жеріне
миграция жасағандығы тарих беттерінде
жазылған. Бұл көш – «Ұлы көш» деген атпен
белгілі [1].

Миграциялық үдерістердің
даму динамикасында бірнеше кезеңдерді
көрсетуге болады: алғашқы қоғамдық
дәуірдегі миграция, жаңа мыңжылдықтағы
миграция, орта ғасырлардағы миграция,
жаңа заманғы миграция, бірінші дүниежүзілік
соғыстан бұрын және кейін болған миграциялар,
екінші дүниежүзілік соғыс кезіңдегі
және соғыстан кейінгі миграциялар және
қазіргі заманғы миграция. Қарап тұрсақ,
әр заманның миграциялық үдерістерінде
өзіңдік ерекшеліктері болған. Сондықтан,
әлеуметтік жағынан қарағанда миграцияның
типтері қалыптасты деуге толық негіз
бар. Миграцияның типологиясын социологиялық
тұрғыдан Т.Н.Юдиннің «Миграция социологиясы»
кітабында толықтай көрсетілген.

Миграцияны 
келесі топтамаларға бөлсек болады:

Иммиграция (лат 
тілінен. emmigro – қоныстанамын) – 
шетел  азаматтарының мақсатты түрде
білгілі бір мемлекеттерге көшіп келуі
(ұзақ уақыт болуы мүмкін).  Егер қоныс аударушы
бір жылдан артық уақытқа қалса ол толығымен
«иммигрант» деп саналады.

БҰҰ-ның классификациясы 
бойынша халықаралық миграция субъектілеріне,
шетел студенттері, шетел азаматтары,
түрлі санаттағы еңбек етуші мигранттар,
отбасы құру мақсатымен келген мигранттар,
иммигранттар, қашқындар, саяси баспана
іздеуші тұлғалар жатады. 

БҰҰ-ның мамандары:
«Иммигрант – өзінің тұрғылықты мекенінің 
тастап өзге мемлекетке бір жылдан
артық келген адам» – деген анықтама
берген. 1970  жылдан бері барлық мемлекеттер
бұл терминді унификациялап жатқанымен,
БҰҰ-ның иммигранттарды тіркеу жобасы
әлемдік деңгейде қолданылмай отыр.

Иммиграцияның
әсерінен әлемде жаңа мемлекеттер құрылды
(АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль,
Канада, Аргентина т.б. мемлекеттер). Дәстүрлі
иммиграциялық мемлекеттерден бөлек жиырмасыншы
ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа
мен Солтүстік Еуропа иммигранттарды
көптеп қабылдаса, Оңтүстік Еуропа да
көп қабылдаған аймақтардың біріне жатады.
Сол уақыттағы мигранттарды көп қабылдаушы
мемлекеттердің қатарына Германия, Франция,
Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Швеция
және Голландия кіреді.

Рефераты:  Курсовая анализ финансовых результатов предприятия - Профессиональный педагог

Иммиграциялық
ағымдарды шартты үш топқа бөлуге
болады. Реэмиграция – титулды 
халықтың отанына оралуы (ҚР-да анықтама
бойынша оралман деп аталады). Иммиграция
негізгі екі катигорияға: транзитті және
заңсыз иммигранттар. Тұрақты және уақытша
экономикалық иммиграция. Уақытша жұмыс
күшінің экономикалық миграциясы секілді
түрлері бар (құрылыс, өнеркәсіп, транспорт
және ауылшараушылығы салалары кіреді).

Енді заңды 
миграцияны талдап көрелік. БҰҰ-ның 
эксперттері халықаралық миграцияның 
заңды қатысушыларын бес категорияға 
бөледі: білім алуға келген шетелдіктер;
жұмыс істеуге келген (кеткен) мигранттар;
отбасы құру, отбасын қайта біріктіру
линиясындағы мигранттар; тұрақты көшіп
бара жатқан мигранттар; мемлекетке арнайы
жіберілген адамдар (қашқындар, саяси
баспана іздеушілерге т.б.).

Эмиграция (лат 
тілінен. Emigro – көшіп барамын, орын
ауыстырамын ) – белгілі бір мемлекеттен
білгілі бір уақытқа өмір сүруге кетуі.
БҰҰ-ның эксперттері эмигранттар қатарына
бір мемлекеттен екінші мемлекетке бір
жылдан ұзақ уақытқа кеткен адамдарды
«эмигрант» санатына жатқызуға болатының
айтады.

Эмиграцияның 
себептеріне: экономикалық (жұмыссыздық,
табыстың аз болуы, өмір сапасының төмендігі
т.б.); әлеуметтік (қоныс аударатын аймақтың
өмір сапасының жақсы болуы, сапалы білімге
қол жетімділік, әлеуметтік статусының
жоғарылауы т.б.); әскери-саяси (соғыстың
болуы, қақтығыстар мен жаңа мемлекеттердің
пайда болуы); этникалық (ұлттардың өз
отанына қайта оралуы, этникалық дискриминация
мен қақтығыстар т.б.); демографиялық (шетелдік
азаматпен неке құру, отбасын қайта құру);
экологиялық және географиялық (табиғи-климаттық
жағдайдың нашарлығы, табиғи катаклизмалар,
техногенді катастрофалар мен апаттар);
діни және өзге де себептермен эмиграция
жасауы мүмкін.

Заңсыз миграция
– белгілі бір мемлекетке азаматтығы
жоқ адамдардың, шетелдіктердің қоныстанушы 
мемлекеттің заңнамаларын бұза отырып
шекараны кесіп өтуі.

Біз қашқындар 
мен саяси баспана іздеушілер
жайында ақпарат құралдары арқылы
естіп-біліп жатамыз. Бұл екі ұғым
өзара ұқсағанымен, мағынасында, қолдану 
аясында айырмашылықтар бар. Мәселен,
діни қысымның әсерінен, мемлекеттің 
дискриминациясынан қашқан адаммен, бір
бай немесе саяси тұлғаның өзге мемлекетке
баспана сұрап барғаның алсақ, алғашқысының
жағдайы әлдеқайда ауыр, қиын.  Бірақ, бұл
ұғымға БҰҰ-ның берген нақты анықтамасы
бар. 1951 жылғы қашқындардың статусы жөніңдегі
Конвенцияда: «Қашқын дегеніміз – белгілі
бір мемлекетте азаматтардың нәсіліне,
діни наным-сеніміне, азаматтығына, белгілі
бір әлеуметтік топқа мүше болуына немесе
саяси көзқарасына байланысты мемлекеттен
қауіп-қатер туған жағдайда, сол мемлекеттің
жеке басының бостандығын қорғауынан
бас тартуы немесе қаламауы» деп көрсетіледі.

Алғашқы рет 
«Баспана институты» 1948 жылы «Адам 
құқықтары» жөніңдегі  жалпыға ортақ декларацияда
анықталды.  Сол кезден бастап ресми түрде
адамдарға «қудаланудан пана іздеу» айтыла
басталды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қашқындарды
баспанамен қамтамаз етуге және баспана
қағидаттарын сақтауға шақырды. 1967 жылы
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы баспана беруді
гуманисттік және адамгершілік іс-әрекет
екендігін атап көрсетіп, мемлекеттер
бір мемлекеттің өзге мемлекеттің азаматына
баспана беруіне қарамастан достық қарым
қатынасын үзбеу керек деп кеңес беретін
«Территориялдық баспана» атты Декларация
қабылданды. Уақыт өте келе, бұл тек «Баспана
институты» ретінде ғана емес, сонымен
қатар, «қашқынды» келген мемлекеттің
заңынан қорғау мақсатында жұмыс істей
бастады [2].

Қалыптасқан тәжірибе
бойынша «қашқындар» өздерінің 
проблемаларын келесі үш бағыт бойынша 
шеше алады: өз еркімен өз отанына 
қайта оралу; баспана беруші мемлекетте
қалып, сол жерге сіңісу; өзге мемлекетке
көшу арқылы жаңа өмір бастау. Жиырмасыншы
ғасырда  екінші, үшінші шешу жолдары басым
болса, қазіргі уақытта қашқындардың проблемалары
өз отанына қайтумен шешіліп жүргенін
байқауға болады. Қазіргі заманғы бай
мемлекеттер мен қоса кедей мемлекеттер
өз жерінде көптеген «қашқын адамдардың
армиясына» баспана беруді қаламайды.

Экологиялық  мигранттар
– мемлекеттегі экологиялық апаттар мен
табиғи ортаның бұзылуынан адамдарды
мемлекет ішінде, өзге мемлекеттерге немесе
шекараға қоныстандыру. Аталған амал әрекет
аяқ астынан болуы мүмкін табиғи апаттар
мен белгілі бір территориядағы   ұзақтан
келе жатқан табиғи үдерістердің әсерінен
болуы мүмкін (экологиялық мәселелер,
елдің шөлденуі, жер деградациясы т.б.).

Еңбек миграциясы
– адамдардың жұмыс істеу мақсатында
мемлекет ішілік, мемлекет аралық көші-қонға
қатысуы. Бүгінгі күндері әлемде жасалатын
миграцияның басым көпшілігі еңбек миграциясы
екендігі барлық адамдарға белгілі. Себебі,
миграцияға түсетін әр адам өз әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартқысы келетіні дәлденіп
отыр.                   

 Халықаралық 
еңбек ұйымы өзінің шегінде 
мигранттарды бірнеше топтарға 
бөледі:

  1. Маусымдық
    жұмысшылар – белгілі бір уақытта өзінің
    отанынан тысқары мемлекетте жұмыс істейтін
    адамдар;
  2. Арнайы жобалардың
    аясында еңбектенуші мигранттар – белгілі
    бір жобаға мемлекеттің араласуымен келіп
    жұмыс істейтін адамдар;
  3. Арнайы шарт
    бойынша жұмыс істейтін мигранттар –
    мемлекеттің  өзінде жоқ кадрларға пайдаланылатын
    саясаты;
  4. Уақытша жұмыс
    істейтін мигранттар – өзге мемлекетке
    келіп жұмыс істейтін және өзінің қалауы
    бойынша жұмыс атқаратын еңбек күші;
  5. Жоғары квалификациялы
    кадрлар – өте жоғары квалификациялы
    мамандар (Бұл топ мемлекетке келгенде
    әлеуметтік жағдайлар жасалады (пәтер,
    жоғарғы жалақы, сапалы өмір), азаматтық
    берумен қатар, отбасы құруға да мүмкіншілік
    береді).

 

      Миграция 
ерекше әлеуметтік феномен ретінде 
әлеуметтік ғылымдардың зерттеу 
объектісіне айналып отыр. Олардың 
негізгі көзқарастарына, миграцияның 
екершеліктеріне қысқаша тоқталып 
өтсек.     

 Экономиканың
неокласикалық теориясына 
сәйкес халықаралық
миграция мемлекеттер арасындағы экономикалық
теңсіздік пен дамудың әр қилылығы және
жалақының әр түрлі болуымен бағалайды.
Осыдан жалақысы аз мемлекеттен жалақысы
жоғары мемлекетке еңбек күші ағыла бастайды,
бұл – еңбек нарығы. Еңбек күшін шығарушы
мемлекеттің экономикасының өсуі жалақының
диференциясының айырмасының төмендеуіне
әкеледі. Яғни, экспортер мемлекет ендігі
кезде импортер мемлекетке айналуы мүмкін.
Неокласикалық теория бойынша еңбек күшін
шығарушы мемлекетпен еңбек күшін қабылдаушы
мемлекеттің жағдайы бір-бірімен тығыз
байланысты.

Адам капиталының
теориясы
микроэкономикалық бағыт алады.
Адам ресурсының дамуы өзіндік тұрғыда
инвестиция екендігін түсіндіреді. Білім,
ғылым мемлекетті алға жылжытушы күш екендігі
белгілі. Сондықтан, теоретиктер сыртқы
мемлекетке кететін адамды тек материалдық
тұрғыдан ұтуды ғана қарастырмайды. Адамның
өзге мемлекеттерге көшуі, оның психологиялық
тұрғыдан өзгеретіні жайында жазады. Яғни,
мигранттардың туған-туыстарынан кетуі,
жора-жолдастарынан алыстауы, климаттық
жағдайдың өзгеруі т.б. секілді факторлар
адам психологиясына кері әсер беретіндігін
айтады.

Жаңа экономикалық
теориялар
өзінің
аясында  микро және
макро экономикалық аспектілерін синтездеуге
тырысады. Себебі, эмиграция жеке адамның
шешімі ғана емес, сонымен қатар отбасының
мәселесі, белгілі бір топпен ақылдаса
отырып шешетін амал-әрекет деп қарастырады.
Оған мемлекеттегі экономикалық жағдайдың
да үлкен ықпалы бар. Себебі, миграция
отбасылық жағдайды жақсартатын болса,
онда миграцияға деген стимул күшейеді.
Егер мемлекеттің экономикалық әлеуеті
жоғары болса онда эмиграция азаяды. Мұндай
жағдайда мемлекеттің ішкі нарығына инвестицияның
көбейетіні анық.

Қоғамдық капитал
теориясы
бойынша акцентті бұрынғы
реиммигрантарға қояды. Олардың жергілікті
еңбек нарығына әсері қандай екендігін
анықтайды. «Қоғамдық капитал» ретінде
түрлі мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық
институттар бола  алады. Яғни, олар  мигранттар
арасында «делдал» болуы шарт. Ол әр түрлі
бағыттағы жұмыс беруші, тапсырысты орындаушы
институт болуы мүмкін.  Осы іс-әрекеттің
барлығы потенциалды мигранттарға  жағдай
жасау болып табылады.

Сегментелген
еңбек нарығының теориясы

(екі жақты) индустриялдық және постиндустриялдық
мемлекеттердегі  халықаралық еңбек миграциясын
 қалыпты жағдай деп түсіндіреді. Еңбек
нарығының екі еселенуі де осы дамыған
елдерде жүреді. Мәселен, мемлекеттің
азаматтары жалақы жоғары бірінші салалы
еңбек нарығында жұмыс атқарады. Ал, жалақысы
төмен екінші деңгейлі еңбек нарығында
 шетелдің еңбек күші жұмыс істейді. Мұндай
үдерістер әлемдік деңгейдегі мегаполистерге
тән құбылыс деп атауға болады. Сауд-Арабия,
БАӘ, Малазия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада
және т.б. мемлекеттер сапалы және екінші
сортты жұмыс күшін белсенді пайдаланатын
мемлекеттер болып саналады.

Технологиялық
даму теориясын  
жақтаушылар экономика
мен демографияның дамуына мигранттардың
берер үлесі орасан екендігін айтады.
Келген иммигрант жергілікті халықпен
бәсекеге түсіп бәсекелестікті күшейтеді,
жалпы нарықтық бір бөлігі болады, мемлекеттің
қойған салығын төлеп, мемлекеттегі көптеген
нарық тұтынушыларының біріне айналатындығын
ескертеді.       

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий