Ана тілін білу әр азаматтың борышы
Ана тілін білу әр азаматтың борышы
Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметтің тірегі. Бүгінгі күні мемлекеттік қоғам өмірінің барлық тереңдете енгізуі мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалып жатыр.
Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы керек. Өйткені өркениеті құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оның терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша мүдделік танытып отыр. Бүгінгі күні тілдерді дамыту жан-жақты қарастырылуда. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымызбен қамқорлығымыз артуда. Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын мектептерге ана тілін жетік меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, «тамшыдан тама-тама дария болар» дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деген сенімдемін.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзі. Алдымен, ана тіліне деген үлкен құрметтің қалыптасуы маңызды. Өз тіліңді сыйламау, түп-тамырыңды білмей, басқаны бағындырам деу – бекершілік. Тұңғыш Елбасы Н. Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін баса айтқан болатын. Қазақ тілін меңгерту мақсатында сан түрлі жобалар мен бастамалардың қолға алынып жатқаны белгілі. Үштұғырлы тілдің негізгі тұғырында туған тіл тұруы тиіс!
Одан кейін, елімізде бірнеше тіл меңгерем деген адамға да мүмкіндік жоқ емес. Әртүрлі тілді білім көкжиегін кеңейту үшін меңгеру қазір заман талабына айналды.
Мемлекетіміздегі маңызды бағыттарының бірі – заман талабына сай бәсекеге қабілетті, бірнеше тіл білетін білікті мамандар даярлау. «Кез келген ата-ана түсінуі керек, әрі бала мықты болады анасының уызына жарыған, анасының сүтін емген бала ауырмайды. Сол сияқты қазақ ұлтының, қазақ мемлекетінің мықты болуы да осында өмір сүретін қазақтың негізгі тілі, бастапқы тілі ана тілінде жүруі.
Кез келген ел үшін біліммен қаруланған ұрпағының өз туған тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін жоймауы маңызды.
Қарағанды облысының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маман – сот отырысының хатшысы
А.Г. Абжанова