Емдік профилактикалық мекемелерде емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру — презентация онлайн

Реферат — тарау. емдеу – алдын алу мекемелерінің гигиенасы. — биология

Емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы (аурухана гигиенасы), аурухана ішілік орта факторларының науқастар мен медицина қызметкерлеріне әсерін зерттеп, науқастардың ауруханада болу жағдайын жақсартуға, емдеу үрдістерін нәтижелі жүргізуге, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған гигиеналық нормативтер, талаптар, ережелер дайындайды.

Емдеу-алдын алу мекемелері – бұл, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі.Атапайтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әр түрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психо-неврологиялық, т.б.). перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел жәрдем беретін емдеу мекемелері, шипажай-курорттық мекемелер және т.б. жатады.

Аурухана – денсаулық сақтау қызметінің негізгі емдеу-алдын алу мекемесі. Мүнда ауру түрін анықтау, емдеу, алдын алу және қалпына келтіру шаралары, сонымен қатар, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің мамандығын жоғарылату және халықты санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Науқастар үшін аурухана, тек қана ем қабылдайтын мекеме емес, сонымен қатар олардың уақытша болатын орны. Үйде қалыптасқан үйреншікті стереотиптің ауруханадағы басқа тәртіпке ауысуы, сырқатына байланысты хал-жағдайының нашар немесе ауыр болуы, әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің функционалдық жағдайының бұзылуы, гипоксия және гиподинамия жағдайлары науқастардың көптеген тітіркендіргіштерге сезімталдығының жоғары болуына ықпал етеді. Олардың қоршаған орта факторларының әсеріне, оның ішінде, жұқпалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмендейді, бұл аурухана ішілік инфекцияның дамуы мен аурулардың асқыну қаупін жоғарылатады.

Сондықтан, науқастарды стационарлық емдеудің жетістігі, көбінесе олардың ауруханада болу жағдайымен байланысты. Жарық, кең, таза палаталар, бөлмедегі таза ауа, тыныштық, құнды және дәмді тамақтану, жеткілікті ұйықтау, күнделікті душ және ванна қабылдау, ағаш, талдардың арасында серуендеу мүмкіншілігі емдеу үрдісінің өзінен емдік маңыздылығы кем емес факторлар болып табылады. Белгілі орыс терапевті В.А.Манассеин (1841-1901): «терапия –бұл, біріншіден, ауру адамның гигиенасы, егер науқасқа қажетті гигиеналық жағдайлар жасалмаса, онда ол дәрменсіз»-деген.

Аурухана мекемелерін жоспарлау, науқастарды орналастыру, ауруханаларды жабдықтау және күтіп ұстау жөніндегі гигиеналық талаптардың сақталуы да, қазіргі кездегі әлемнің көптеген елдеріндегі өзекті мәселе болып отырған аурухана ішілік инфекциялардың алдын алудың қажетті шарттары болып табылады. Және де бұл мәселе, бұрыннан емдеу үрдісімен қатар келе жатқан фактор ретінде, тек қана жұқпалы аурулар, хирургиялық және босану бөлімшелерінде ғана емес, басқа да барлық бөлімдерге қатысты.

Қазіргі кездегі аурухана ортасының және медицина қызметкелерінің кәсіби іс- әрекетін орындауымен байланысты факторлары медицина қызметкерлерінің денсаулығына да әсер етеді. Мұндай факторларға, мысалы, шамадан артық психоэмоционалдық жүктемелер, статикалық және динамикалық дене жұмысының жүктемелері, түнгі қызмет, инфекция жұқтыру мүмкіншілігі, иондаушы және иондаушы емес электромагниттік сәулеленулердің, ультрадыбыстың, қолайсыз микроклимат жағдайларының, ауаның ластануының, т.б. әсерлері жатады. Еңбек жағдайының жақсы, салауатты болуы, медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен қатар, өздерінің мамандығына байланысты міндеттерін нәтижелі атқаруы үшін де маңызды.

Медициналық көмек көрсету деңгейі медицинаға ғылымның жаңа жетістіктерін енгізумен түйіндес болып келеді. Бірақ, көптеген жаңа емдеу мен диагностика әдістері және оларды аспаптармен қамтамасыз ету, гигиеналық талаптарға сай келетін жағдайлар жасауды талап етеді. Мысалы, лазерлерді медицина практикасына енгізу, олармен жұмыс істеу үшін бөлек бөлмелердің болуын және қорғаныс шараларының сақталуын талап етті, магниттік-резонанстық диагностиканы қолдану – құрылыстық-жоспарлау шешімдерін және т.б. қажет етті.

Сонымен, ауруханаларды жоспарлау, құрылысын салу және жұмыс істеу кезінде, ауруханаларды гигиеналық тұрғыдан аббаттандыру сұрақтарын тиімді шешу үшін, келесі қағидаларды іске асырукерек:

1. Стационарда науқастардың болуына қолайлы жағдай туғызу, емдік-қорғаныс тәртібін қамтамасыз ету;

2. Аурухана ішілік инфекцияларды болдырмау;

3. Тиімді емдеу үрдістері мен алдын алу шараларын жүргізуге асыру үшін жағдай туғызу;

4. Медицина қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау;

5. Рационалды тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

6. Ауруханада жаңа емдеу, диагностика әдістерін, жаңа аспаптар мен жабдықтарды енгізу үшін жағдай қамтамасыз ету;

7. Ауруханада медицина кадрларын дайындауға мүмкіншілік туғызатын жағдайларды қамтамасыз ету;

8. Науқастар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау үшін жағдайлар туғызу.

Бұл қағидалардың бәрін орындау үшін, ауруханаларды жоспарлау мен салудың бірінші кезеңдерінде-ақнегіз қаланады: ауруханаларды орналастыратын жерін, жер телімін таңдау, құрылыс жүйелерін таңдау, аурухана мекемелерін жобалау кезеңдерінде. Қағидалардың жүзеге асырылуы келесі кезеңдерінде де жүргізіледі – бөлімшелерді орналастыруда, ішкі жоспарлау және қайта құру шешімдерінде, керек — жарақтармен жабдықтауда, санитарлық-техникалық безендірілуінде, ғимаратты жабдықтауда және жұмыс істеп тұрған аурухана мекемесін санитарлық жағынан күтіп ұстауда.

Тақырып 11. қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттер қала тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесін; қалалық медициналық мекемелердің құрылымы мен функцияларын білулері тиіс.

Денсаулық сақтау мекемелерінің номенклатурасына сәйкес:

1. Біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері (әрі қарай — БМСК):

— қалалық емхана (әрі қарай — ҚЕ) халқының саны 30 мыңнан аса қалаларда құрылады, құрылымында консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы практика және/немесе учаскелік қызмет бөлімі бар;

— дәрігерлік қалаларда 30 мыңға дейінгі халық саны бар ҚЕ құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.

2. Консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

— республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда консультативтік-диагностикалық орталық дербес заңды тұлға ретінде құрылады;

3. Жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

— 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы құрылады;

— 100 мыңнан төмен халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы емхананың құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері:

— республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы құрылады (әрі қарай – СӨСҚО);

5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

1) қалалық аурухана (әрі қарай — ҚА) көпмамандандырылған стационар ретінде құрылады, құрылымында балалар, босану, мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі бар;

2) қалалық балалар ауруханасы тұрғындар саны 100 мыңнана асатын қалаларда көпмамандандырылған стационар ретінде құрылады, құрылымында мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі бар;

100 мыңнан төмен халқы бар қалаларда ҚА жанынан балалар бөлімі құрылады.

3) перинаталды орталық..

6. Халықтың санитарно-эпидемиологиялық салауаттылығы аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері:

— санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы;

7. Дәріхана, дәріханалық пункттер, дәріханалық қоймалар.

8. Денсаулық сақтау аймағындағы ғылыми мекемелер (ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институты).

9. Денсаулық сақтау аймағындағы білім беру мекемелері (орта медициналық және фармацевтикалық білім беру мекемелері, жоғары және дипломнан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру мекемелері).

10. Қан қызметі, соттық медицина аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері: қан орталығы, соттық медицина орталығы.

11. ҚР заңдылықтарымен қарастырылған басқа денсаулық сақтау мекемелері: туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және т.б. диспансерлер.

Емхана – жоғары дамыған, арнайы мамандандырылған келген науқастарға және үй жағдайында науқастарға көмек көрсететін ЕПМ, аурулар мен олардың асқынуларын емдей бойынша емдеу-профилактикалық шаралар кешенін іске асырады.

Амбулаториялар мен емханаларда науқастардың 80%-ы емделуді бастап және аяқтайды, ал небәрі 20% науқастар ғана госпитализацияланады.

Емхана түрлері:

Аймақтық белгісі бойынша: қалалық және ауылдық; ұйымдастыру белгісі бойынша: стационармен біріккен және бірікпеген; мамандандырылуы бойынша: жалпы (ересектерге және балаларға арналған), балалар, ересектер, стоматологиялық, курорттық, физиотерапевтік орталықтар, диагностикалық орталықтар.

Емхананы бас дәрігер басқарады. Емхананың құрылымында: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімдер мен кабинеттер, емдеу-диагностикалық бөлімдер, әкімшілік-шаруашылық бөлім, қалпына келтіру емі бөлімі және т.б.

Емхананың негізгі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс принциптері болып участкелік (дәрігерлік қызметке нормативтік халық санының бекітілуі) және диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингент денсаулық жағдайын жүйелі түрде белсенді бақылау). Емхана жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштер:

— учаскелік нормативі (1 учаскелік терапевт қызметіне 2200-2500 адам);

— жүктеме нормасы (сағатына емханада қабылдауда – 4,3-4,7, пациенттерге үй жағдайында қызмет көрсету – 2);

— учаскелік терапевтің штаттық нормативі (14 жастан жоғары 10000 халық санына –4,0-4,5).

Амбулаторлық-емханалық мекеменің негізгі жұмыс бағыттары:

— профилактикалық жұмыс, диспансерлеу, халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеу, салауатты өмір салтын наихаттау;

— емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптаумен бірге);

— ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық тіркеу және есеп беру, жұмысты талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара қызметтестік, біліктілікті жоғарылату және т.б.);

— ұйымдастыру-массалық жұмыс.

The main activities of the outpatient department:

Prophylactic medical examination, hygienic training and education of the population, healthy lifestyle naïxattaw;

— Diagnostic and treatment work (together with the expertise of temporary disability);

— Organizational and methodical work (management, planning, statistical analysis of registration and reporting work, in collaboration with other health care institutions, training, etc.);

— Organizational and mass work.

Емхана жұмысын ұйымдастыру келесі көрсеткіштермен бағаланады:

— келу динамикасы (берілген жылы емханаға келгендер санының былтырғы жылғыға қатынасын 100-ге көбейтеміз);

— келу құрылымы – ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен (ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен келу санының барлық келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);

— дәрігер қызметінің жүктемесі (барлық дәрігерлерге келу санының жұмыстағы дәрігерлер қызметі санына қатынасы);

— дәрігерлердің үй жағдайндағы пациенттерге келу белсендігі (үй жағдайына белсенді келулер санының барлық үй жағдайына келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз).

Емхананың профилактикалық жұмысы бағаланады:

— медициналық байқаулармен қамту толықтығы (қаралғандар санының қаралуы тиіс халық санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);

— ауруды анықтау мақсатымен қаралған халық пайызы (қаралғандар санының халық санына қатынасы);

— анықталған аурулар жиілігі (анықталған аурулар санының қаралғандар санына қатынасы);

— диспансерлеу көрсеткіштері (қамту толықтығы, диспансерлік тіркеуге дер кезінде алу, байқауға қайта алынғандардың үлес салмағы, бір учаскедегі диспансерленушілердің орта саны, диспансерлеу нәтижелері мен тиімділігі).

Дәрігерлік диагностика сапасы науқасты госпитализациялауға бағыттаған кезде қойылған диагноз бен стационарда қайылған диагноздарды салыстыру негізінде анықталады.

Участкелік дәрігер-терапевтің функциялары: 1) “ішкі аурулар” мамандығы бойынша амбулаторлық қабылдау және үй жағдайында білікті дәрігерлік көмек көрсету; 2) профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс, диспансерлеу, гигиеналық насихаттау жүргізу; 3) белгіленген тәртіп бойынша науқастарды дер кезінде госпитализациялау; 4) басқа мамандық дәрігерлерімен науқастарға консультация жүргізуді ұйымдастыру; 5) амбулаторлық жағдайда емдеу және реабилитациялау шараларын жүргізу; 6) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптауды іске асыру және МӘСК-на бағыттау; 7) қызмет көрсететін халықтың денсаулық жағдайын талдау.

Стационарлық медициналық көмек түрлері.

Аурухана халық кешенді медициналық көмек (бір мезетте емдеу және профилактикалық) алатын медициналық мекеме ғана болып табылмайды, сонымен қатар медициналық қызметкерлерді оқыту орталығы және биоәлеуметтік зерттеулер орталығы болып табылады.

Халыққа стационарлық көмек көрсетудің ұйымдастыру формалары, ауруханалық мекемелердің құрылымы және олардың орналасуы халықтың жас-жыныстық құрамы мен аурушылдығының сипатына, қоныстану ерекшеліктеріне байланысты. Медициналық көмек ірі көпмамандандырылған ауруханалардың арнайы мамандандырылған бөлімдерінде, сонымен қатар арнайы мамандандырылған ауруханадарда (кардиологиялық, онкологиялық, психиатриялық және т.б.) көрсетілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда негізгі стационарлық мекемелер болып орталық, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық ауруханалар жатады. Халықтың госпитализациялану деңгейі 20%-ға жуық.

Біріккен аурухана басында бас дәрігер тұрады. Оның медициналық, емханалық және әкімшілік-шаруашылық бөлімдері бойынша орынбасарлары болады. Стационар құрылымына қабылдау бөлімі, дифференциалды диагностика, емдеу-диагно­стикалық бөлімдер (терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, физиотерапевтік, лабораторлық-диагностикалық және т.б.) кіреді. Арнайы мамандандырылған бөлімдер мен палаталар да болуы мүмкін. Қабылдау бөлімі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болуы мүмкін. Стационардың жұмыс көрсеткіштері: халықты стационарлық көмекпен қамтамасыз ету (төсектер санының халық санына қатынасын 10000-ға көбейту); медициналық персонал жүктемесі (ауысымдағы 1 дәрігер және орта медперсонал қызметіне келетін төсектер саны); материалдық-техникалық және медициналық қамтылу; төсек қорын пайдалану; емдеу-диагностикалық стационарлық көмектің сапасы және оның тиімділігі. United chief physician at the hospital. Medical, clinical and administrative sections will be deputy. The structure of the hospital’s reception desk, differential diagnosis, treatment dïagnostïkalıq sections (therapeutic, surgical, neurological, physical therapy, laboratory and diagnostic services, etc.). May have special departments and chambers. Reception can be centralized and decentralized. Performance of the hospital: inpatient care to ensure the population (number of beds ratio to increase to 10,000 the number of people); medical staff load (1 shift doctors and nurses of the number of beds); logistical and medical coverage; beds; diagnostic and treatment efficiency and the quality of patient care.

Үйлестіру материалы: «Power Point» бағдарламасында дайындалған 10 слайд.

Әдебиет:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

2. Девятко В.Н., Исаев Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 с.

3. Здоровье населения и деятельность учреждений здравоохранения (статистические материалы) Алматы, 2007.

4. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 2. Организация медицинской помощи. — М.: Медицина, 2003.- 456 с.

5. ҚР денсаулық сақтау мекемелері торабының мемлекеттік нормативін бекіту жөніндегі 9 сәуір 2009 жылғы № 494 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қала халқына емдеу-профилактикалық көмек түрлері.

2. Қалалық емхана құрылымы және жұмысын ұйымдастыру.

3. Қала халқына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жүйесіндегі амбулаторлық-емханалық мекемелердің ролі.

4. Халыққа емханалық көмекті ұйымдастырудағы учаскелік принциптің мәні.

5. Емхана жұмысының негізгі көрсеткіштері. First stage – rural medical place, including medical post (МР), doctor’s clinic and placing hospital.

There is rural population get paramedic and qualified medical care (therapeutic, surgical, obstetric and gynecologic, dentist’s care).

second stage –district medical organizations, where district hospital (DH) and central district hospital have the leadingorganizations

There is rural population get special medical care with its general types.

. third stage –regional hospital, dispensary, dentist polyclinic, regional center of state’s sanitary-epidemiologic observation and other.

There is rural population get the high qualified medical care at all specialities.

.– rural medical place is step of the first contact patients with system medical services. It basic task is provision to population accessible qualified iatric help and sanitary-epidemiologic measures.

the basic tasks of MP are provision paramedic help and conduct sanitation’s and anti-epidemiologic measures, direction on prevention diseases, lowering morbidity and traumas, increase the hygienic culture of the population

.Rural placing hospital, placing clinic is the main medical organization on the rural iatric place. It provides ambulance and stationary help to therapeutic and infectiouse patients, obstetric help, to children, emergencysurgical andtraumatological help.

7.Center district hospital is the main unit of rural medical services, which realizes special medical care on general its types and methodical leadership with all medical organization of the district.

8. the regional hospital provides special and high special treating help, and it is scientist-organizing, methodic and educational center of puplic health system.

Its main functions: provision with high qualified, specialized, consultative and stationary medical help; provision methodical help to TPO, emergency medical help, sanitary aviation, control of reports of TPO, analyses of the activity the TPO, and rates of morbidity,invalidity.

§

Мақсаты: Студенттер Қазақстанда ана мен баланы қорғау жүйесін білу керек.

Ана мен баланы қорғау деген – мемлекеттік, қоғамдық және медициналық мекемелер және медициналық шаралары, олар аналарды мадақтау, баланың дүниеге келуіне және тәрбиеленуіне жағдай жасау, ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз ету, жанұяның нығайтуға жан-жақты қолдау жасау.

Қазақстанда әйелдер саны жалпы халық санының жартысынан көп (52 %), сондай –ақ еңбек жасындағылар мен және жұмыс істейтіндердің тең жартысын құрайды.

Дәрігерлік қаралуға барғандар ішінде әйелдер 60% құрағанмен, іс жүзінде ерлерде аурулар көбірек таралған. Қазақстанда қатерлі ісікпен ауырғандар арасында әйелдер 48,2% құрайды; әйелдерде қан қысымы көтерілуі жиі кездеседі, бірақ аурудан айығу және келешекткгі салыстырмалы болжам жақсырақ; адамның қорғаныс тапшылық белгісі (АҚТБ) аурулары әйелдер арасында ерлерге қарағанда аздау; өлім-жітімнің он себебінің ішінде ерлерге қарағанда әйелдерде екеуінде ғана жоғары екені белгілі.

Ана мен баланың денсаулығы болашақта мемлекетіміздің демографиялық, экономикалық, еңбектік, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс қуат- кушін қалыптыстырады. Осыған орай, ана мен баланы қорғау мәселелері денсаулық сақтау жүйесі үшін жұмысының басымды бағыты болып есептелінеді.

Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешу жүйелі түрде күрделі шараларды қоғамның барлық деңгейлерінде құрылымдық арқылы іске асыруды көздейді: мемлекеттік (ұлттық) деңгей, салалық, аймақтық, жеке өндіріс, мекемелер, ұжымдар, қоғамдық (топтастық).

Жанұя және балалар қорғау мәселелерін Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген (27 бап).

Қазақстанда әйелдердің және жанұялық — демографиялық саясатының Ұлттық және аудандық комиссиядан туратын гендерлік институтциональды жүйесі құрылды. Қазақстан балалар құқығы және әйелдер барлық жағынан кемсітуді жою бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясының іске асыруына қол қойды. Республикада әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар және 2006-2021 жылдарға гендерлік теңдік Стратегиясы құрылды. Балалар құқығы бойынша, адамның репродукцияға байланысты құқығы, йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы, адамдарды сатуға қарсы әрекет мәселелері жөнінде заңдар қабылданды. Адамдарды тұрмыстық жағдайда жәбірлеуге қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша парламентке заңжобасы қарастырылуға берілді. Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау» заңында жүкті әйелдердің және аналардың құқығы, балалардың денсаулығын қорғау жөнінде нақты айтылған (12,13 баптар). 2005 жылы 28 маусым айында Қазақстан Республикасының «Балалы жанұяларға мемлекеттік жәрдем ақы беру жөнінде» заңы қабылданды, онда әлеуметтік жәрдем ақы берілуі бекітілді.

Әйелдерге және балаларға медициналық жәрдем көрсетудің ұйымдастырушылық ұстанымдары:

— бір педиатр дәрігер ұстанымы яғни бір дәрігер учаскеге тіркелген 0 ден 14 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларды бақылауы керек.

— учаскелік ұстаным: учаскелік педиатр-дәрігер 800-1000 – ға дейін тіркелген аумақтағы учаскіге қызмет көрсетеді, акушер-гинеколог – жасы 15 –тен асқан 3-3,5 мың әйелдерге қызмет көрсетеді.

Рефераты:  Реферат: Дальний Восток -

Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту және арудың алдын алу үшін педиатрия, терапия, акушерлік-гинекологиялық жүйелерінің бірегей қызметтестігі негізінде әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға медициналық жәрдем көрсету жүйесі жетілдірілуде бұл шара біріккен акушерлік-терапиялық- педиатриялық кешен (учаскесі) ұйымдастырылуымен қоса жүргізіледі.

— диспансерлік әдіс: барлық балалар жасына, денсаулық жағдайына, тұрақты жеріне, мектепке дейінгі және мектепке бару-бармасына қарамастан профилактикалық тексеруден міндетті түрде өту керек, және егу арқылы аурудың алдын алу ақысыз өткізіледі.

— біріктіру ұстанымы: яғни әйелдер консультациясы мен емхана, біріккен балалар емханасы мен стационарлардың (ауруханалардың) бірктірілуі.

— медициналық қызмет көрсетудің кезектесу ұстанымы: үй жағдайында және емханада. Емханаға амбулаторлық қабылдауға тек дені сау балалар немесе аурудан айығудағы балалар, науқастанған балалар үйде қаралады.

— мирасқорлық принципі: әйелдерге кеңес беру орны, перзентхана, балалар емханасы арасында келесі түрде қолданылады: босануға дейінгі патронаж, перзентханадан шыққан жаңа тұған баланы үш күн аралығында қарау, учаскелік педиатр — дәрігер профилактикалық тексеруді бір жасқа дейін -12 рет (ай сайын), екіден үш жасқа дейін — 4 рет (квартал сайын), үштен төрт жасқа дейін — 2 рет, төрт жастан жетіге келгенше -1 рет жылына қаралады.

— әлеуметтік-құқықтық ұстанымы.

Аналарды қорғау мекемелер: біріктірілген перзентхана, әйелдерге кеңес беру жекеленген мекеме, жалпы ауруханалардың акушерлік-гинекологиялық бөлімдері, көп салалы ауруханада қосалқы аурулары бар жүкті әйелдерге арналған арнайы бөлімшелер (палаталар), адамның репродукция орталығы, медициналық- генетикалық кеңес беру орны, «Неке және жанұя» кеңес беру орны, медициналық бөлімі, дәрігерлік амбулаториясы, санаторлық-курорттық мекемелер.

Әйелдерге кеңес беру мекемесі. Қызмет көрсетеді: ауданға бекітілген барлық әйелдерге, жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге, босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерге, гинекологиялық аурулары бар әйелдерге. Міндеттері: жүктілік кезіндегі асқынулар және босану және босанудан кейінгі кезеңде аурудың алдын алу, антенатальды кезеңдегі баланың денсаулығын қорғау, әйелдерге медициналық тексеру жүргізу, жүкті әйелдерді және созылмалы гинекологиялық аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау және диспансерлік тіркеуге алу, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс, санитарлық – гигиеналық тәрбие жұмысын және салауатты өмір салтын насихаттау. Әйелдерге кеңес беру мекемесінің құрылымы: басқару (бас дәрігер, меңгеруші), тіркеу орны, күту залы, акушер-гинеколог дәрігерлердің кабинеттері, басқа мамандар кабинеті (терапевт, онколог, тіс дәрігері және т.б.), балалар гинекологиясы кабинеті, бедеуліктің және етеккір тоқтаған кезеңіндегі ақаулар кабинеті, жүктіліктен сақтану кабинеті, жүкті әйелдерге арналған психотерапиялық дайындау кабинеті, әлеуметтік-құқықтық кабинеті, «Ана мен баланың мектебі» атты кабинеті, емдеу-диагностикалық бөлімдері мен кабинеттері: рентгенологиялық, физиотерапиялық, емдеу-егу кабинеті, функционалды диагностика, ультрадыбысты зерттеу, эндоскопиялық бөлімдері, зертханалар, шаруашылық бөлмелері.

Перзентхана – босанатын және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған стационарлық мекеме. Ол жеке және әйелдерге кеңес беру орнымен біріккен болады. Перзентхананың құрылымы: қабылдау-өткізу орны, ол санитарлық өткізу орны ретінде жұмыс істейді, физиологиялық акушерлік бөлімі, обсервациялық — акушерлік бөлімі, жүкті әйелдердің патология бөлімі, нәрестелерге арналған бөлім (палаталар), гинекология бөлімі, емдеу-диагностикалық бөлімдері мен кабинеттері.

Перзентхана мен әйелдерге кеңес беру орнының тіркеу құжаттары: жүкті және босанған әйелдердің жеке картасы (111/у), нақты диагнозды тіркеудің статистикалық талоны (025-2/у), перзентхананың алмасу картасы (113/у), жүкті әйелдерді, босанатын және бала туған әйелдерді тіркеу журналы (002/у), жүктілікті тоқтатудың медициналық картасы (003-1/у), туу тарихы (096/у), нәрестенің даму тарихы (097/у), стационардағы туу туралы жазу журналы (010/у), стационардан шығу статистикалық картасы (066/у), стационардың төсек қоры және науқастарды қабылдау мен шығаруын есепке алу парағы (007/у), туу туралы куәлігі (105/у), өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106/у), перинатальды өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106-2/у).

Бұл жүктілікке байланысты (баланың біткен жеріне және ұзақтығына қарамастан), жүктілік кезінде немесе одан кейін 42 күн өткеннен кейін, сәтсіз оқиғадан немесе кездейсоқ жағдайлардан тыс жүктілікке байланысты асқынулардан болған — аналар өлімі, ол денсаулық сақтау жүйесінің және туушылдық жасындағы әйелдердің денсаулығының интегральды көрсеткіші ретінде аналар өлімі көрсеткіші алынады. Аналар өлімі екі топқа бөлінеді: 1) тікелей акушерлік себептеріне байланысты; 2) жанама акушерлік себептеріне байланысты (әйелдердің жүктілік кезінде болған аурулары акушерлік себептеріне байланыссыз, бірақ жүктіліктің физиологиялық әсерінен болған асқыну). Аналар өлімінің себептері кешенді түрде қаралады. Қазақстанда аналар өлімінің ең маңызды себебтері: экстрагенитальды аурулар, акушерлік қан кету, гестоздар, түсік тастау.

Балаларды қорғау мекемелері: амбулаторлық-емханалық (балалар емханасы, балаларға арналған тіс емдеу емханасы, балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы, ересектерге арналған жалпы аурухананың құрамындағы балалар бөлімшесі, перинаталды және неонаталды орталықтар), мамандандырылған мекемелер (балалар үйі, балалар санаторийлері, балалар яслиі, физикалық дамуы тежелген балаларға сүт дайындайтын мекеме).

Балалар емханасының құрылымы: басқару, ауруларды және сау балаларды екі топқа бөлетін сүзгі (мейірбике орны), тіркеу орны, егу кабинеті, учаскелік педиатр дәрігерлерінің кабинеттері, дені сау баланы күту кабинеті, аналарды балаларды күтіге ұйретуге арналған кабинеті, мамандар кабинеттері: хирург, невропатолог, оториноларинголог, окулист, отоларинголог, логопед, дерматолог және т.б., бір немесе бірнеше бокстар, әлеуметтік — құқықтық кабинеті, қосалқы емдеу-диагностикалық бөлімшелері (кабинеттері): рентгенологиялық, зертхана, физиотерапиялық, ЭКГ, емдік дене шынықтыру, логопед кабинеті және т.б. Жұмыстың негізгі әдісі – балаларға диспансерлік бақылау жүргізу.

Үйлестіру материалы: “Power Point” бағдарламасында жасалған 10 слайд.

Әдебиет:

1. Белова А.П. Организация медицинской помощи детям в условиях крупного города. – Л.: Медицина, 1988. — 288 с.

2. Гребешева И.И. Организация лечебно-профилактической помощи детям. — М.: Медицина, 1977. — 200 с.

3. Девятко В.Н., Исав Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 с.

4. Исаев Д.С., Бейсембекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. — Алматы, 1995. — 129 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Ана мен баланы қорғау жөнінде анықтамасы.

2. Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешудің жүйелі әдісі.

3. Әйелдерге және балаларға медициналық көмек ұйымдастыру ұстанымдары.

4. Ана мен баланы қорғау мекемелері.

5. Аналар өлімінің себептері.

§

Мақсаты:Студенттер денсаулық сақтау экономикасы аспектілерінің негіздерін білулері тиіс.

Денсаулық сақтау экономикасы –Денсаулық сақтау жүйенің қоғамдағы орны мен мәнін, денсалық сақтаудың қоғамдық өндіріске әсерін, сонымен қатар денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін зерттейтін салалық экономикалық ғылым.

Қоғамның экономикалық құрылымында денсаулық сақтау қоғамдық өндірістің «өндірістік емес аясы деп аталатын» бөлігіне жатады. Денсаулық сақтау туралы бұл ұғым медицинаның қоғамдық пайдасын терістемейді, себебі денсаулық сақтаудың өнімі ретінде халық денсаулығы алынады. Денсаулық сақтау өндірістік сала болмағанымен еңбек қорларының қайта қалпына келтіріліп, еңбек өнімділігін арттыру, ұлттық табысты ұлғайту үшін күрделі үлес қосады.

Кез-келген қоғамдық-экономикалық құрылым өндірістік күштердің тұрақты түрде өсуін қарастырады. Оның себебі біріншіден еңбек ресурстарына деген қажеттіліктің артуы, екіншіден жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Халық денсаулығына мемлекеттік саясат ақылы қамқорлық, әлеуметтік басым шаралардың бірі болып табылады. Сондықтан денсаулық сақтау экономикалық және әлеуметтік дамудың және қоғамдық өндіріс тиімділігінің қарқынын арттыратын тікелей және шешуші факторлардың бірі болып табылады.

Денсаулық сақтаудың қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсер етуінің келесі жолдарын анықтауға болады: емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу нәтижесіндегі тікелей әсері; тікелей емес әсері (қоршаған ортаны, жеке тұлғаларды, еңбек және демалыс жағдайларын сауықтыру және т.б.).

Әрбір науқас адам қоғамға экономикалық зиян келтіреді. Аурушылдыққа байланысты қоғамға келетін экономикалық шығындар тікелей және тікелей емес болып бөлінеді.

Тікелей экономикалық шығындарға медициналық көмекке, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсетуге кететін қаражат, дәрі-дәрмектерге, құрылғыларға, жұмсақ және қатты құрал-жабдықтарға, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету және т.б. шығындар жатады. Тікелей емес экономикалық шығындарға өндірілген өніммен, еңбек өнімділігін төмендеуі, өндірілген еңбек көлемінің төмендеуі, құрылғылардың ескіруімен және т.б. байланысты шығындар жатады.

Денсаулық сақтау экономикасын екі аспектіде қарастырады:

1) ішкі тиімділік (немесе денсаулық сақтаудағы шаруашылық тиімділігі) – медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық формаларын, медициналық қызметкерлер еңбегін ұйымдастырудың ұтымды түрлерін, медициналық көмекке қажеттілік нормативтерін экономикалық негіздеу, қормен жабдықталу, қорды жабдықтау, қормен қамтамасыз етілу, материалдық-техникалық базаларды пайдалануға беру, қаржылық және маман қорларын пайдалану, медициналық көмек шығыны және т.б.

2) сыртқы тімділік – денсаулық сақтау жүйесінің қоғамдық өндіріске әсері: жұмыс күшінің, қоғамдық өнімнің, қоғамдық қатынастардың қайта өндірілуі.

Денсаулық сақтау тиімділігі: медициналық, әлеуметтік және экономикалық тиімділік.

Медициналық тиімділік дегеніміз сапа, тиімділік және нәтижелілік критерилерін ескере отырып аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу аймағындағы қойылған міндеттердің орындалу дәрежесі. Стационарға түскендегі және шыққандағы немесе амбулаторлық ем қабылдаудағы науқастың денсаулық жағдайындағы өзгерістермен бағаланады. Әлеуметтік тиімділік — халық арасында аурушылдықтың алдын алу, мүгедек болып қалу және ерте кезігетін өлім-жітім, сонымен қатар медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетінің өсуімен айқындалады. Алдын алған әлеуметтік шығынның көлемін есептеу жолдарымен және қоғамдық денсаулық көрсеткіштерінің динамикасымен өлшенеді: өлімді, аурушылдықты, мүгедектікті төмендету. Экономикалық тиімділік қоғамның материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын қойылған мақсаттарға жету үшін дұрыс пайдалану. Денсаулық сақтаудың экономикалық тиімділігін жоғарылату қорларды анағұрлым ұтымды пайдалану арқылы (үнемділік) нәтижелерді жақсартуды қарастырады.

Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау экономикасының кезгелген негізгі мақсаты медициналық қызметті өндіру және тұтыну арасында туындайтын экономикалық қатынастар кешенін зерттеу. Денсаулық сақтау экономикасында қолданатын жаңа қадамдар: қаражат жұмсауды ұтымды ету және азайту, тиімділікті жоғарылату; қорларды бөлу; екі жақтың арақатынастарын реттеу, денсаулықты қорғауға қатысты әр тараптың мәні мен орнын анықтау; қаржыландыру көздерін түрлендіру.

Экономикалық талдауда қолданылатын әдістер:

— құны (cost analysis) – денсаулық сақтау өнімі мен қызметін көрсету үрдісінде нақтылы түрде жұмсалған қаражат.

— ауру құны (cost of illness) – белгілі бір аурудың түрін анықтау мен емін жүргізудегі медициналық мекеменің шығынын тіркеу.

— құн — пайда (cost – benefit analysis) – ақшамен көрсетілген шығын мен пайда арақатынасын басқа нарық шешімдер бойынша тиімділігін бағалау әдісі.

— құн — тиімділік (cost – effectiviness analysis) – ақша түріндегі шығын мен ақшалай емес сандық денсаулықтағы өзгерістердің нәтижелерінің арақатынасы бойынша альтернативті шешімдер тиімділігін бағалау әдісі (мысалы, сақталынған өмірлер санындағы немесе ауру-сырқаусыз күндер санындағы).

— құн – пайдалық (cost – utility analysis) – ақша түріндегі шығын мен халыққа оның әлауқаты бірлігінде пайдаға асуын салыстыру негізінде альтернативті шешімдер тиімділігін салыстырмалы бағалау әдісі ( мысалы QALY).

— шығынды — азайту (cost – minimization analysis) – алдын-ала ұқсас нәтижелерге әкелуі мүмкін деп болжанған, айырмашылық факторы тек экономикалық қаражат көлемінде болатын екі және одан көп ем түрлеріне талдау жүргізілгенде шығындарды салыстырмалы зерттеу әдісі.

Үйлестіру материалы: «Рower Point» бағдарламасында жасалған 10 слайд.

Әдебиет:

1. Вялков А.И., Райзберг Б.А., Шиленко Ю.В. Управление и экономика здравоохранения. – М.: Издательский Дом «ГЭОТАР-МЕД», 2002. – 328 с.

2. Тасмагамбетов И.Н., Мухамеджанов У.Б., Аканов А.А. и др. Введение в медицинскую экономику. – Алматы, 1996. — 115 с.

3. Хайдарова Т.С. Финансирование и организация здравоохранения. – Шымкент, 2001. – 212 с.

4. Экономика здравоохранения: Курс лекций. – Бишкек-Алматы, 2001.– 272 с.

5. Экономика здравоохранения: Учебное пособие / Под общ. ред. А.В. Решетникова.- 2-е изд., исп. и доп.– М., 2004.– 272 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулық сақтау экономикасының анықтамасы.

2. Денсаулық сақтау экономикасының міндеттері.

3. Денсаулық сақтаудың қоғамдық өндіріске әсері.

4. Денсаулық сақтаудағы тиімділіктің түрлері.

5. Денсаулық сақтаудағы экономикалық шығынның анқтамасы.

§

Мақсаты: Студенттер заманауи жағдайдағы денсаулық сақтауды басқарудағы менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздерін білулері тиіс

Менеджмент- халықтың бірлескен еңбегі нәтижесінде пайдалы әрі тиімді болатын еңбекті басқарудың табиғатын, себебі мен салдарын, факторы мен жағдайын зерттейтін ғылым. Менеджмент тәжірибелік шығармашылықта қолдануға болатын көптеген ғылыми әдістері бар және халықтың басқару үрдісінде мақсатты түрде бағыталған шығармашылықтың заңы мен заңдылықтарына, теорияларына сүйенетін басқару ғылымы. Оның құрамына: сандық есептеулер, коммуникациялық жүйелер, әртүрлі технологиялық мәселелердің шешімі, талдау әдісі және тағы басқалары кіреді.

Жүйе – бұл әрқайсысы бір бүтінді сипаттауға өз үлесін қосатын, бір-бірімен үнемі байланыста болатын бөлімдерден тұратын тұтастық. Жүйенің басқаша анықтамасы — өзіне тән емес жаңа сапа түрлерінің (интегралдық, жүйелік) пайда болуына алып келетін әрекеттесулердің жиынтығы. Денсаулық сақтау жүйесін функциялау — басқару және ұйымдастыру үрдістерінде өзіндік көріністерін айқындайтын, екі жаққа да маңыздырақ болып келетін өзіндік динамикалық үрдіс: 1) элементтердің өзара әрекеттестігіне де байланысты болатын жүйені құру; 2) жүйенің мақсаттық функциясын орындауда жоғары нәтижеге жетуге көмектесетін тәсілдермен осы элементтерге әсер ету.

«Жүйе» деген ұғыммен қатар басқару тәжірибесінде «ұйымдастыру» деген ұғым да кеңінен таралған, мысалы, жүйені ұйымдастыру немесе ұйымдастырылған жүйе. Ұйымдастыруға қоғамның және әрбір адамның өзінің денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын, жоғары тиімді нақты бір жүйемен қамтамасыз ететін, медициналық және ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шараларының жоспарлы, ғылыми-дәлелденген кешені деп анықтама беруге болады.

Ұйымдастыру үрдісі олардың өзара байланыстылығын, жүйелілігін және қажетті іс-әрекеттерін көрсететін жеті бөлімнен тұрады:

1. Ұйымдастыру жүйесінің мақсатын қалыптастыру.

2. Ұйымдастыру жүйесінің құрамын анықтау және мақсатқа жету үрдісін талдау.

3. Жүйенің құрылымын және қызметін жасау.

4. Басқару іс-әрекетін және басқару технологиясын жасау.

5. Құжат айналымының ретін, мәліметтердің өту жолдарын және көлемін, байланысын анықтау.

6. Техникалық заттарды қолдануды ұйымдастыру және таңдау.

7. Басқару қызметкерін және жетекшісін оқыту және іріктеу.

Менеджменттің элементтері:

1. Мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекемелердің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің кепілді орындалуынан, ұжымдар мен жетекшілердің іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер.

2. Адам қорлары – жетекшілер мен орындаушылар және олардың қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы дайындығы мен жетістігінің, инттелектуалды потенциялының, дағдыларының, игеруінің, білімінің жиынтығы.

3. Материалдық қорлар – қаржылық мүмкіндіктер.

4. Медициналық-технологиялық қорлар – медициналық мекемелердегі мамандардың инновациялық, клиникалық, басқарушылық мүмкіндіктері.

5. Тиімді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесіне немесе медициналық мекемелерге максималды пайдалы медициналық-технологиялық және материалдық, адами қорларды пайдалану.

Менеджмент – денсаулық сақтауда өзара байланыстылықты, оның жеке элементтерін анықтауды игеру және оны бірегей бүтін деп түсіну өнері болып табылады.. Ол, медициналық қызмет нарығы жоғары деңгейде қажеттілікті сезінетін бағытпен айналысатын медициналық мекемелердің қозғалысына алып келетін механизмдерді құруды игерумен қорытындыланады. Менеджмент – медициналық мекемелердің мақсатын жүзеге асыруға және олардың кәсіпкерлік қабілеттіліктерін жеке өмірлерінде толығымен қолдануына жағдай жасайтын адамдарға бағытталады. Өте қарапайым түрде, денсаулық сақтаудағы менеджмент дегеніміз — денсаулық сақтау үрдісін басқаруда мақсатқа жету үшін адамдық, материалдық және медициналық-технологиялық қорларды тиімді пайдалану.

Файоль бойынша 14 басқару ұстанымы: 1) еңбекті дұрыс бөле білу; 2) жауапкершілік пен атақтың бөлшектенбеуі; 3) еңбек дисциплинасының қажеттілігі; 4) бағынудың бірыңғайлығы; 5) топтардың тұтастығы; 6) әрбір тұлғаға жалпы қызығушылықтың басымдылығы; 7) еңбекте марапаттаудың әділдігі; 8) орталықтындырудың және орталықтандырмаудың теңдігі; 9) басқарудағы субординация; 10) басқаруды құрылымдық реттеу; 11) мекемелердегі жұмыскерлердің тең құқықтылық жағдайы; 12) мамандардың тұрақсыздығы; 13) ынтаның еркіндігі; 14) мекемедегі үндестік және біртұтастық.

Жүйелік қатынас сыртқы ортаға шығатын элементтер(тауарлар және қызметтер) немесе нәтижеге әсер ететін құрылымдық тасымалданатын кіретін элементтері (қорлардың барлық түрлері) бар мекемелер басқаруда қарастырылады. Мекемелер қызмет пен тауарлардың орнына сыртқы ортадан айналымның қайталануына қажетті қорларды алады. Бұл айналым үздіксіз және тұрақты болады. Барлық мекемелер функцияланып және бірдей ережемен басқарылады

Жағдаяттық қатынас жүйелік қатынасқа қарама-қайшы болады. Әрбір мекеме шағын және өзінің басқару стилін жасап шығару керек. Бұл қатынас салыстырамлы түрде жаңа емес, бірақ қазіргі менеджерлердің арасында мойындалған, сонымен қатар онда басқарудың әмбебеп әдістері болмайды.

Сапалық қатынас мекемелердің іс-әрекеттерінің барлық жағынан сапалы ойлап шығарылуымен негізделеді. Бұл олардың нарықтағы бәсекелестікте басымдырақ болуына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи қорлардың азаюына байланысты нарықты аз шығындануды қалыптастыратын сапалық қатынас өзекті болып келеді

Қазіргі менеджменттің айырықша сипаттамасы, оның икемділігі, инновациялар мен өзгерулерге ұшырағыштығы және өзінің әдеті мен білімін жетілдіріп, болған жағдайларды жүйелі бақылауға талаптанатын менеджердің болуымен сипатталынады. Қазіргі таңда, 21 ғасырда нарықта озат (лидер) мекемелердің бейнесі нақты басым немесе аздау болып айқын көрініп тұрады:

— олар адамдардан хабардар;

— мұндай мекемелердің лидері және оның басқару стилі нақты көрініп тұрады;

— мұндай мекемелердің даму бағытындағы тұрақтылығы жоғары болады;

— мұндай мекемелер «Тұтынушы қашанда дұрыс» деген ұранмен жұмыс жасайды;

— мұндай мекемелер өзінің жетістігінде қашанда оптимист.

Медициналық мекемелерде менеджер әр түрлі жұмыстарға жауапты болатын басқарудың әртүрлі деңгейімен жұмыс жасайды.

Өзінің қызметін орындау барысында менеджер әртүрлі рөлдермен алға шығады. Көбінесе әртүрлі рөлдерге жоғарғы деңгейдегі басқару буынының өкілдері жататындықтан, осы деңгей өте күрделі болып табылады.

Осы кезде басқару рөлдерінің көпшілігі орташа және жоғары менеджерлердің жұмысына қатысты болады. Кішірек көрсеткішпен есептегенде типтік менеджердің жоғары буынының жұмысына әртүрлі оншақты рөл қатысты деп есептеуге болады. Көптеген басқарушылар адамда белгілі деңгейде дағды мен білім болмаса, жақсы менеджер бола алмайды деп түсінеді. Бұл минимум менеджменттің кілттік дағдылары деп аталып, білім мен дағдының үш категориясына бөлінеді. 1) техникалық білім/дағды; 2) адамдармен жұмыс істей алу дағдысы, 3) басқарудың концептуалдық дағдысы.

Менеджменттің функциялары:

1. Жоспарлау – алдыға мақсат қою және оған жетудің іс-әрекеттерін таңдау үрдісі. Жоспарлау келесі элементтерден тұрады: мақсат қою; қорлар мен мүмкіндіктерді талдау; шараларды жасау және тарату; нәтижесін бақылау және баға беру.

2. Ұйымдастыру – орындаушылар мен бөлімшелердің арасында ұсынылатын іс-әрекеттердің көлемін бөлу үрдісі; мақсатқа жетудегі іс-әрекеттердің үйлесімділігі және басқарудың иерархиялық инфрақұрылымын қалыптастыру.

3. Қызметкерлерді басқару – қойылған мақсатқа жету үшін орындаушыны анықтау, оқыту, іріктеу үрдісі.

4. Көшбасшылық – қойылған мақсатқа жету үшін бөлімшелерді және орындаушыларды қызықтыру және талаптандыру.

5. Бақылау – өзгерістерді тұрақты бақылау, іс-әрекеттерді өз уақытында коррекциялау, нәтижелерін бағалау арқылы және де мақсатқа жетуді көздеуде жұмыскерлердің сәйкесінше өз үлестерін қосуды ескере отырып орындаушылар мен мекемелердің мақсатын қамтамасыз ету үрдісі.

Шешімді қабылдау үрдісі жоғарыда келтірілген 5 қызмет түрімен жүзеге асырылатын басқарудың тұрақты құралы болып табылады.

Рефераты:  Такая понятная физиотерапия

Денсаулық сақтау жүйесінің тәжірибесінде барлық қызмет түрлері бір-бірімен байланысты болып және медициналық мекеме немесе жүйені басқарудың үздіксіз айналымы түрінде болады.

Ұйымдастырудың құрылымы – ұйымдастыру бөлімдерін құратын иерархиялық тәртіп: ұйымдастыру бөлімдерін құратындар: оның бөлімшелері, бөлімдері, адам топтары және сонымен қатар олардың өзара әрекеттесу түрі. Басқаша сөзбен айтқанда ұйымдастыру құрылымы дегеніміз — ұйымдастыру алдындағы міндеттерді орындауда адамдарды өзара байланыстыратын басқару мен бағынушылықтың коммуникациялық жүйесі. Құрылым ұйымдастыру жөніндегі келесідей мәліметтерді қамтитын, схема түрінде болады: 1) еңбекті бөлу, 2) орындалатын жұмыстың түрлері, 3) бөлімшелер арасындағы әрекеттестік және субординация; 4) коммуникациялық каналдардың айқындығы; 5) бөлімшелер; 6) басқару деңгейі. Ұйымдастырудың қарапайым және нәтижелі құрылымы ұйымдастырудағы кілттік артықшылығы болып табылады.

Ұйымдастыру ресми түрде емес ұйымдастырушылық құрылымының анықтағанындағыдай бейресми көшбасшылардың немесе адам топтарының бастапқы жоспарлаған іс-ірекеттерінің салдары ретінде жұмыс жасайды. Бейресми көшбасшылар мен адам топтары, әсіресе, адамдарға жаңа, ерекше міндеттер мен мәселелер кездесіп отыратын ішкі ұйымдастырушылық өзгерістер кезеңінде өте пайдалы болып келеді. Ресми емес құрылымдардың артықшылықтарымен қатар бірқатар кемшіліктері де болады. Сонымен қатар олар ресми түрде жұмыс жасамағандықтан, тіпті олардың іс-әрекеттері ұйымдастыру жұмысына зиянды және кедергі де болуы мүмкін. Олардың қызығушылығы ұйымдастырудың қызығушылығына қарама-қайшы келуі де мүмкін. Ресми емес құрылымдар жиі әртүрлі шиеліністер мен алып кашпа сөздердің көздері болады.

Реструктуризация немесе қайта құрастыру – бұл ұйымдастыру жұмысының тиімділігін жоғарлату мақсатында ұйымдастыру құрылымын өзгерту немесе қайта құру үрдісі. Ұйымдастыру құрылымының оны қайта құру туралы шешім қабылдау кезінде білуі қажет бірнеше түрлері бар: функционалдық, көп профильдік, гибридтік және қалыптық құрылымдар.

Жетекшінің тапсырманы табысты орындаудағы бақылау деңгейін қамтамасыз ететін қажетті бірнеше ұстанымдары бар: 1) еңбекті дұрыс бөле білу; 2) өкілдікті тасымалдау; 3) құқық; 4) жауапкершілік; 5) есептік; 6) бірегей басқару.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.

2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. – М.:»Дело ЛТД», 1994. – 702 с.

3. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 с.

4. Чен А.Н. Руководитель здравоохранения в Казахстане: теория, методология и практика обучения/ Под ред проф. М.К.Кульжанова. — Алматы, 2001.– 184 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Менеджменттің анықтамасы.

2. Басқарудағы «жүйе» және «ұйымдастыру» негізгі түсініктердің анықтамасы.

3. Басқарудың негізгі ұстанымдары.

4. Ұйымдастыру үрдісінің сатылары.

5. Менеджменттің қызметтері.

§

Мақсаты:Денсаулық сақтаудағы маркетинг негіздерін зерттеу.

«Маркетинг» (ағылшын тілінде — marketing) деген ұғымның негізінде «нарық» деген түсінік жатыр (ағылшын тілінде — market). Бұл түсінікті жалпы алғанда нарықтық іс-әрекеттерді жобалап пайымдайды.

Маркетинг – бұл өндірісті ұйымдастыру бойынша мамандардың халық қажеттілігін қанағаттандыруда алдын ала сұрастыру арқылы анықталған сұраныс және алдағы кірісті көздей отырып бағытталған, өнімді сату және қызметті жүзеге асыру бойынша жасалынатын кешенді іс-әрекеті. Маркетинг құрылымында ең маңызды элементі қажеттілік түсінігі болып табылады.

Маркетингтік іс-әрекет қамтамасыз етуі керек:

— белгілі бір сұраныс динамикасында және құрылымында сатып алушылардың таңдауы мен артық бағалайтын нарығы сенімді, қол жетімді, уақтылы, яғни фирмалардың қызмет жасауының сыртқа жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

— бәсекелестердің тауарларына қарағанда, нарық талаптарын толығымен қамтамасыз ететін тауар түрлерін өндіруді;

— жүзеге асыруды максималды мүмкін қадағалаумен қамтамасыз ететін нарыққа, сұранысқа және тұтынушыға қажетті іс-әрекетпен қамтамасыз ету.

Маркетингтің мәні қысқаша айтқанда: тұтынушыларға және сұранысқа сәйкес өндіру. Маркетингтің негізінде бастапқы болып адам сұранысы мен қажеттілігі алға қойылады.

Маркетингтің мәнінен келесі ұстанымдар туындайды:

— өндіру-сату жұмысында соңғы тәжірибелік нәтижеге жету көзделеді. Нарықта тауарларды тиімді өткізу кәсіпорынның көздеген ұзақ мерзімді мақсатынада белгілі бір бөлшегін игеру мәніне сәйкес болуы;

— маркетингтік іс-әрекеттердің бағыттарын шешуде өткізудің, өндірудің және зерттеудің шоғырлануы;

— кәсіпорынның маркетингтік жұмысының ұзақ уақыттық нәтижесіне бағыттау. Бұл тауар нәтижесінің негізін өңдеу арқылы болжамды зерттеуге ерекше зейін қоюды талап етеді.

Маркетинг тұжырымы — нарықта сұранысқа ұсынылған және медициналық қызмет пен тауарларға сәйкес міндеттер мен мақсаттар қоюды қарасытыру.

Сұраныс – бұл белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір бағамен, оның кірісін, бағасын, салыстырмалы түрде алынған бағасын ескере отырып тұтынушының сұранысына ие болатын тауарлар немесе қызметтердің саны. Сұраныс тұтынушының әр түрлі бағамен сатып алатын өнімнің бағасымен байланысты және өнімнің санын көрсетеді.

Бұл тауарға тұтынушының сұраныс көлемі мен тауар бағасы арасындағы байланыс, оны тұтыну деңгейі және тауар бағасы арасындағы кері байланыс болатындығын хабарлайтын сұраныс заңына әсер етеді. Бұл екі себепке байланысты туындайды: біріншіден, тұтынушы баға төмендеген кезде тауарға көп мөлшерде ие болғысы келеді ( кіріс әсері), екіншіден, бағаның төмендеуі нәтижесінде оның әсерінен салыстырмалы түрде басқа таураларлардың да бағасы арзандайды және оны қайтадан қалпына келтіру салыстырмалы түрде пайдалырақ болып келеді (орынын басу әсері)

Тұтынушыға тауарларды (қызметтер) қарастыру және таңдау кезінде арқашанда басқа да салыстырмалы варианттарының болатындығын ескеру қажет. Тұтынушы өзіне қажетті затты сатып алуды шешу кезінде, мысалы дәрі — дәрмектерді сатып алудан ол өзіне азық-түліктен түсетін пайданы қарастыруды шектейді Бұл баға құнын түсіру немесе жіберілген мүмкіндік шығыны деп аталынатын салыстырамылы шығын болып табылады. Тұтынушы күтілген игіліктен алынатын жоғары қанағат үшін басқа да бір маңызы төмен игілікті құрбан етуге даяр болады.

Тұтынушының негізгі мақсаты — қанағаттандыруды айқындайтын шартты экономикалық пайданы барынша жоғарлату. Ол тұтынушы таңдауының негізгі факторы болып табылады. Пайда ұғымын, өте-мөте жеке — дараланған түсінік деп қарастыру керек. Мысалы, бір адамға пайдалы нәрсе екінші бір адам үшін мүлдем пайдалы болмауы мүмкін.

Пайда табу тұтынылатын өнім санының жоғарлауына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да қызмет пен тауарлардың жалпы және шекті айырмашалаған білу қажет. Шекті пайда табу — өнімнің әрбір келесі бірлігін тұтынудан алынған қосымша пайда және ол тұтынушы тауардың қосымша бірлігін қолданудан қанша жеке кіріске ие болғанын көрсетеді.

Сұраныстың көлемі мен бағасына байланысты бағаның өзгеруіне сәйкес өзгертілген қажетті игілікті көрсететін қисық сұраныс көрініс табады.

Тауар бағасына сұраныс шамасының сезімталдығы икемділік сұраныс деп аталады және бағаның аз мөлшерде өзгеру нәтижесінен туындайтын сұраныс шамасының пайыздық өзгеруі түрінде көрініс табады. Сұраныстың бағалық икемділігі — бағаға әсер етуі мүмкін стратегиялық шешемдерді іске асыру салдарын болжамдауға көмектеседі. Мысалы, икемділік көрсеткішінің көмегімен, медициналық қызметке белгіленген бағаны көтеру нәтижесінде мекеме кірісінің қаншалықты өзгеретінін болжамдап айтуға болады. Икемділік сұранысында бағаның көтерілуі сатушы кірісінің азаюына алып келеді. Ал икемділікке жатпайтын сұраныста бағаның көтерілуі жалпы көмекті жоғарлатады және де бағаның төмендеуі кезінде де осы тәуелділік сақталынады.

Сұранысқа әсер ететін сыртқы орта факторларының ішінде тұтынушының пайдалану түріне көп мөлшерде, дәлелді тұтынушы сұранысы әсер етеді: 1) бір-бірімен байланысты тауарлар бағасы; 2) тұтынушы кірісі, 3) тұтынушы таңдауы, 4) болашақта күтілетін баға.

Ұсыныс— сатушының базарда қойылған таураларды сатудағы ниеті мен қабілеті. Ұсыныс көлемі— бұл сатушының белгілі бір уақыт аралығында сатуға ниеттенген тауар көлемі. Ұсыныстың көлемі тауардың бағасына және басқа да ұсыныс факторларына байланысты болады.

Егер, нарық сұранысы — барлық сатып алушылардың жалпы саны болса, ал нарық ұсынысы – жекеше ұсыныстардың қосынды саны, жалпы сатушылардың ұсыныстар жиынтығы болады.

Ұсыныстың құнсыз факторлары және детерминантами болып табылатындар:

1) қорларға бағаның өзгеруі; 2) технологияның өзгеруі, 3) басқа да тауарларға бағаның өзгеруі, 4) күтілетін баға өзгерісі.

Нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігі сатушы мен сатып алушының шығаратын жалпы кірісін жоғарлатады.

Тұтынушылық немесе тұтынушылық артық кірі с— сатушы, өздерінің есептеулері бойынша тауар мен сома үшін шыныменен төлейтін соманы алып тастағаннан кейінгі, кірісінің қаншалықты түсетінін анықтап қойған және төлеуге дайын, бағалар арасындағы айырмашылық, Бұл – экономикалық артудың жақсы көрсеткіші болып табылады.

Ал, енді нарықты басқа жағынан және сатушының нарықта қызмет істеуінен түсетін кірісін қарасытарамыз. Сатушының жақсы жағдайы сатып алушының жақсы тұрмысымен ұқсас.

Өндірістің артықшылығы — сатушының өндірісте ұстап қалғаннан артылған сомасы. (сатушының табысы нарықтың жұмысына байланысты).

Медициналық қызметте ұсыныс пен сұраныстың қалыптасуы, сонымен қатар бағаның туындауы көптеген факторларға байланысты болады. Осыған сәйкес халықтың денсаулығын сақтау нарықта медициналық қызметтің тиімді жұмыс жасауына байланысты, бірақ бірқатар бір-бірімен қарым-қатынастағы нарықтарға, әсіресе, қорлар нарығымен байланысты болады. (еңбек нарығы, медициналық құрал-жабдықтар нарығы, дәрі-дәрмектер нарығы және т.б.) Сонымен қатар, медициналық қызмет нарығында — сатушы ретінде, ал қорлар нарығында — сатып алушылар ретінде денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру.

Денсаулық сақтау – қызмет көрсету саласы. Қызмет көрсетуде материалдық және таза қызмет түрлерін дұрыс бөлу . Денсаулық сақтауда ұсынылатын қызметтердің негізгі бөлігі таза қызмет категориясына жатады (рентгендік бейнелер, электрокардиограммалар, дәрігер ойымен клиникалық диагноз қоюдағы тіркелген шипашақтарды есептемегенде). Денсаулық сақтауда кәсіптік іс-әрекеттердің нәтижесі тікелей адамның іске асыруына байланысты болып және арқашанда жеке сипатқа ие болады. Бұл, қажетті нәтиже (әсер) шектелген маман топтарының немесе бір ғана адамның іс-әрекетімен де көрініс табады. Сонымен қатар денсаулық сақтаудағы нәтижелілік, жұмсалған шығын шамасымен де байланысты емес. Мысалы, дәрі-дәрмектік пайдалануды аса жоғарлату мен процедураны көп қолданудан біз жазылып емделген «әсер» науқасты көреміз

Медицинада аса көп немесе аз сериялы өндіріс болмайды. Денсаулық сақтауда қызметті алдын ала және керегінен артық көрсетіп, кейінірек сұраныстың туындауы мен осы өзіндік тауардың іске асуын күту керек емес. Денсаулық сақтау қызметінің нарығында (бұл көптеген таза қызмет түрлеріне тән) осы қызметтің барлығы емес, тек науқасқа көрсетілген қызмет туралы ғана мәліметтер шығарылып отырады.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

2. Веснин В.Р. Основы менеджмента.— М., 1996.— 470 с.

3. Мескон М.Х. Основы менеджмента (перевод с английского).— М., 1997.

4. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 с.

5. Котлер Ф. Основы маркетинга.- М., 1992.

Бақылау сұрақтары:

1. Деснаулық сақтаудағы маркетингтің анықтамасы.

2. Сұранысқа әсер ететін факторлар.

3. Сұраныстың түрлері.

4. Медициналық қызмет таңдағандағы қажетті мәліметтер.

5. Медициналық қызмет ұсынысына әсәр ететін факторлар.

§

Мақсаты: Медициналық қызмет сапасын бақылаудың теориялық жағдайымен, денсаулық сақтау саласындағы сапаны бақылау жүйесімен және денсаулық сақтау саласындағы стандарт түрлерімен таныстыру.

Қазіргі уақытта, күрделі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың маңызды міндеттері мен мемлекеттік әлеуметтік саясаттың құрушы бөлігі — денсаулық сақтау және халықты қол жетімді, қауіпсіз және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Халық аралық тәжірибеде денсаулық сақтау саласында қолданылатын, медициналық көмек сапасы (МКС) деп — науқастың қажеттіліктеріне сәйкес, қазіргі медициналық ғылым және технология деңгейінде көрсетілетін медициналық көмек сапасын сипаттайтын жиынтықты айтамыз. Сонымен қатар медициналық көмек сапасына сапалы кәсіпке негізделген, дәрігердің науқасқа тиімді және білікті медициналық көмек көрсетудегі дәрігер мен науқастың өзара іс-әрекетін жатқызуға болады.

Дүнежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) Еуропалық аймақтық және медициналық көмек сапасымен (МКС) қамтамасыз ету және бақылауға сәйкес 4 негізгі қызмет түрлерін есепке алады: кәсіптік – емдеу-диагностикалық үрдістің технологиясын орындау; науқас үшін қауіпті жағдай, қорларды үйлесімді қолдану, науқастың талаптарын барлық медициналық қызмет түрлерімен қанағаттандыру.

Медициналық көмек сапасын бағалауда науқасқа көрсетілетін 4 бағыттағы медициналық қызмет түрлерін есепке алады: 1) медициналық қызметтің қол жетімділігі; 2) медициналық көмектің қауіпсіздігі; 3) медициналық қызметтің үйлесімділігі; 4) науқастың медициналық қызметке қанағаттанушылығы.

Медициналық қызмет сапасының кілттік критерилері: 1) тиімді және уақтылы көрсетілетін медициналық көмек; 2) қорларды тиімді пайдалану; 3) науқастың қажеттіліктерін қанағаттандыру; 4) емдеудің нәтижелі болуы.

Сапамен қамтамсыз етуді бағалаудың 3 жолына сәйкес ( Донабедиан триадасы)

медициналық көмек сапасының 3 компонентін ажыратады:

— құрылымдық сапа (құрылымдық тәсіл);

— технологиялық сапа (іс жүргізу тәсілі);

— нәтижелік сапасы (нәтижелік тәсіл ).

Құрылымдық сапа – бұл көрсетілетін медициналық көмек сапасын сипаттайтын құрам (компонент). «Жағдай» түсінігіне кіретіндер: білікті маман, жабдықтардың болуы мен жағдайы, жабдықтардың жүйелі қолданылуы, қоғам үйлері мен ғимараттың жағдайы, медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жұмсалған материалдарды толықтыру және т.б. Құрылымдық сапаға, сонымен қатар медициналық мекемелер және оның материалдық-техникалық базасы, мамандармен қамтамасыз етілуі, жұмысының ұйымдастырылуы, сервистік жағдайлары (бұл жағдайды емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) медициналық қызметті қажетті деңгейде көрсете алу мүмкіндігі деп түсінуге болады), және де әрбір медициналық қызметкердің жекеше іс-әрекетінің деңгейі де жатады. Тіпті соңғы жағдайда, оның нақты бір емдеу-диагностикалық амалдарды орындаудағы білімі, дағдылары және кәсіпкерлік сапасы да бағаланады.

Технологиялық сапа – бұл нақты бір науқасқа үйлесімді көрсетілген емдеу-диагностикалық шаралардың кешенін сипаттайтын медициналық көмек компоненті. Сапамен қамтамасыз етуді іске асырудың негізгі ұстанымы — медициналық технологияны орындауда үрдістің өздігінен ауытқуынан немесе нақты орындаушының жіберген қатесінен медициналық көмек нәтижесінің төмендеуін болдырмайтын жағдайды құру.

Нәтижелік сапа – бұл жоспарланған нәтижеге жетуді сипаттайтын медициналық көмек сапасының компоненті.(жоспарланған). Бағаланатын объектіге байланысты жоспарланатын нәтижені түсінуге болады: 1) нақты бір науқастың денсаулық жағдайының динамикасы; 2) есеп беру кезеңіндегі емдеу-профилактикалық мекемелердегі (ЕПМ) барлық науқастың емделу нәтижесі; 3) аймақтағы халық денсаулығының жағдайы.

Медициналық көмек сапасын бақылау жүйесіне қатынасатындар:

— медициналық қызмет көрсететін қызметкерлердің бақылауы (сапаны ішкі бақылау);

— медициналық қызметті тұтынушылардың бақылауы ( сапаны тұтынушылық бақылау);

— медициналық қызмет көрсететіндер мен тұтынатындарға байланыссыз мекеме бақылауы ( сапаны сыртқы бақылау).

Қазіргі таңда медициналық қызмет сапасын бақылау тәсілдеріне сәйкес бақылаудың негізгі құралдары:

1) медициналық стандарттар; 2) емдеу-профилактикалық мекеме (ЕПМ) жұмысының көрсеткіштері; 3) сараптамалық баға.

Стандарттар — бұл стандарттау туралы жұмыстарымен айналысатын органдарымен бекітілген және міндетті стандарттау объектілерінің талаптары, ережелері, белгіленген нормалары көрсетілген нормативтік-техникалық құжаттар.

Денсаулық сақтаудағы стандарттау – бұл денсаулық сақтау саласында талаптарды бекітіп және оны іске асыруда қолайлы деңгейге жетуге бағытталған, денсаулық сақтауда қолданылатын қызмет, жұмыс, технология, өнім, жағдай сипаты, ережелер және нормалар. Стандарттаудың мақсаты — халықты медициналық көмектің қолжетімділігімен қамтамасыз ету және сапасын басқаруда денсаулық сақтаудағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды қалыпты нормативті қадағалау жүйесін құру.

Медициналық стандарттаудың келесі түрлерін ажыратады:

1. Әкімшілік–аймақтық бөлімі бойынша: халық аралық, ұлттық/мемлекеттік, аймақтық және жергілікті/бірлескен.

2. Стандарттау объектілері бойынша: құрылымдық-ұйымдастырушылық, кәсіпкерлік, технологиялық (медициналық-экономикалық).

3. Қолданылу механихмі бойынша: жай және топтық.

ҚР медициналық қызмет сапасымен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы:

Басқару деңгейін шектеудегі мемлекет саясатына сәйкес, Қазақстан Республикасында экономикалық қайта құру, медициналық ғылым дамуының жоғары даму бағыты мен халық аралық тәжірибені есепке ала отырып, медициналық қызмет сапасын басқаруда жаңа жолдардың болу қажеттілігін айқындайды.

Медициналық көмек сапасын басқарудың міндеттерін іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 2005 жылы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің құрамында медициналық қызмет сапасын қадағалау бойынша Комитет (Комитет), яғни мемлекеттік орган құрылды. Комитеттің медициналық қызмет сапасын қадағалаудағы тапсырмасы, халықты сапалы, қол жетімді және қауіпсіз медициналық көмекпен кепілді түрде қамтамасыз ету мақсатында — республикада ұсынылатын медициналық көмек сапасын, денсаулық сақтаудағы стандарттардың сақталуын, медициналық көмекті жақсарту бойынша шараларды мемлекеттік қадағалаумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Комитеттің барлық жұмыс түрлерін шартты түрде екі категорияға бөлуге болады:

Бақылау жұмысына кіретіндер.

1) денсаулық сақтаудағы құзырлы органдармен бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;

2) лицензиясы бар көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің сәйкестігін анықтау;

3) медициналық салада бекітілген норматив талаптарына медициналық қызметкерлердің білім деңгейінің сәйкестігін, медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен толықтырылуын, бекітілген нормативтергк сәйкес тағайындалған медициналық өнімдерді бақылау;

Бақылау объектілеріне — түр ерекшелігі мен ведомствалық құрамына, географиялық орналасуына байланыссыз медициналық іс-әрекетті жүзеге асыратын физикалық және заңды тұлғалар жатады. Комитеттің вертикальді құрылымына медициналық пункттерден бастап ғылыми зерттеу институттарына дейін, медициналық көмектің барлық деңгейлерінде медициналық көмек сапасын тиімді бақылауды іске асыратын аймақтық бөлімшелер жүйесі кіреді.

Медициналық қызмет толықтылығы мен сапасын бақылау аймағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциялары:

1) тәуелсіз сараптамаға сәйкес профильді мамандардың қатарынан тәуелсіз сараптамаға жұмылдыру үшін мәліметтер қорын қалыптастыру;

2) медициналық қызметпен айналысатын және өзіндік түріне байланыссыз физикалық және заңды тұлғаларды аккредитациялау;

3) дәрігерлік және медициналық іс-әрекеттерді, сонымен қатар халық медицинасының емдеу әдістерін лициензиялау;

4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мекемелер жетекшілерінің біліктілігіне және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті органдар жетекшілерінің кәсіптік біліктілігіне аттестация жүргізу;

5) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ұйым қызметкерлерін қоспағанда, медициналық қызметкерлердің біліктілігіне сәйкес жоғары және бірінші квалификациялық категорияларын тағайындау;

6) көрсетілген сұрақтар бойынша азаматтардың шағымдарын қарастыра отырып, көрсетілген медициналық қызмет және медициналық көмек сапасы мен деңгейіне азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау.

Медициналық көмек сапасын бақылауға медициналық мекемелерде көрсетілетін медициналық көмек көлемін бақылау мен сапасына сараптама жасау кіреді. Медициналық мекемелердегі сапалық сараптама таңдамалы түрде жүргізіледі, тек кейбір жағдайларда міндетті сараптама (аурудың өліммен аяқталуы, аурухана ішілік жұқпалар, емдеудегі асқынулар, онкологиялық аурулардың, түберкулездің кездейсоқ жіберілген жағдайлары анықталғанда және т.б.) жүргізіледі. Медициналық қызметтің сараптамалық сапасының негізіне, дәлелденген және өз уақытындағы диагностикалық зерттеудің және емдеудің, емдеу-диагностикалық шаралардың емдеу және диагностикалау бойынша стандарттарға сәйкестігіне баға беру.

Медициналық көмек көлемінің орындалуына бақылау медициналық мекемелердегі есеп-реестріндегі тіркелген төлемдерге сараптама жасау арқылы жүргізіледі. Осы жүргізілген бақылаулардың нәтижелері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) экономикалық шаралары мен бюджеттен қаржыландырылуы қабылданады. Денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты жүзеге асырылатын бақылау жұмыстары бойынша министрлік ведомстваларының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және медициналық қызмет сапасына бақылау жасау бойынша фармация Комитетінің мамандарымен бірге медициналық мекеме біріккен тексеру жүргізу реті қабылданып, онда олар тексерулер санын қысқартып және бақылау қызметі қайталанбайтын болды.

Рефераты:  Стандарты оформления курсовой работы по ГОСТу 2021

Медициналық қызметкерлердің білім деңгейінің сәйкестігін бақылау.

Комитет жұмысының бір бағыты денсаулық сақтау мекемелерінің жетекшілерін аттестациядан өткізу және медициналық қызметкерлерге жоғары және бірінші біліктілік категориясын беру. Осы жұмыс түрін, яғни біліктілік категориясын беру үшін экзамен өткізуге арнайы комиссия құрылып және оның құрамы тағайындалды. Бірінші білім категориясы бойынша комиссия мүшелеріне жоғары медициналық білімі бар мамандардан таңдалып алынып, жоғары медициналық оқу орындары ғимараттарының базасында ұйымдастырылады, ал бірінші және жоғары біліктілік санатын беретін комиссия үміткерлеріне орташа медициналық білімі бар мамандардан таңдалып алынып, мемлекеттік медициналық колледждер базасында ұйымдастырылады.

Медициналық іс-әрекеттерді лицензиялау – бұл денсаулық сақтау аймағындағы сапаны басқару жүйесінің базалық компоненті және дәрігерлік, медициналық іс-әрекеттермен шұғылдану үшін физикалық және заңды тұлғаларға рұхсат беретін мемлекеттік органның қызметі. Сонымен қатар, лицензиялау – бұл аз мөлшердегі талаптармен медициналық іс-әрекеттерді орындауда денсаулық сақтау субъектілерінің сәйкестігін анықтау үрдісі. Комитеттің аймақтық бөлімшелері медициналық көмектің жекеленген түрлеріне лицензиялауды жүзеге асырады: акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық сараптама, иммунолологиялық, венерологиялық, бала емдеу, халық медицинасы. Жергілікті атқарушы органдар (денсаулық сақтаудың облыстық департаменті), жеке медициналық тәжірибемен, ұйымдастырумен, іс-әрекеті сол облыстың әкімшілік-аймақтық бірлігінің шегіне сәйкес келетін және акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық сараптамалық, иммунологиялық, венерологиялық, педиатриялық, наркологиялық қызмет түрлерін қоспағандағы медициналық іс-әрекеттердің қалған түрлерін лицензиялайды,

Денсаулық сақтаудағы аккредитациялау және лицензиялау – сапаны жоғарлатуға бағытталған екі бағдарлама, және де екі бағдарламаны құрушы негізгі құрамы — сыртқы баға және бекітілген стандарттар. Бірақта, аккредитациялау – бұл лицензиялау үрдісі, ал оның мақсаты – салыстырмалы аз көлемде көрсетілетін медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату. Аккредитация — әуелде жоғары стандартты меңзей отырып, ерікті түрде өткізіледі, ал лицензиялау барысы – медициналық қызмет көрсетушіге ең төменгі талаптарды қоя отырып, міндетті түрде жүргізіледі. Аккредитацияның негізгі міндеті — халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған медициналық мекемелерді ынталандыру. Медицина саласындағы аккредитациялаудың тиімді жүйесін құру нәтижесі, медициналық қызметкерлерге және денсаулық сақтау жүйесіне халықтың сенімділігін жоғарлату, медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату есебінен денсаулық сақтау саласындағы шығын көлемін төмендету болып есептелінеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардан, яғни әртүрлі сала өкілдерінен тұратын тәуелсіз сарапшылар шешім қабылдайтын, тәуелсіз сараптама жүйесі құрылуда. Тәуелсіз сарапшылар кең көлемде медициналық қызмет сапасының сараптамасына, денсаулық сақтау мекемелерін аккредитациялауға, медициналық мамандарды аттестациядан өткізуге және басқа да мемлекеттік бақылауға рұхсат ету жұмыстарын орындауға жұмылдырылады.

Емдеу үрдісінің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және науқастардың құқықтарын қорғау мақсатында денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде құрамына науқас және оның өкілдерінің бірі, клиницистер, мекеме жетекшілері, сақтандыру ұйымдарының қызметкерлері, кәсіптік біріккен одақ өкілдері кіретін қоғамдық комиссия құру жоспарлануда.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

2. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 с.

3. Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения: результаты социологического исследования/ под ред. Г.Нокиной, В.Гуревич. – Алматы: «Фонд XXI век», 2002. – 220 с.

4. Девятко В.Н., Куралбаев Б.С., Захаров И.С., Исаев Д.С., Чен А.Н. Ключевые аспекты развития региональных программ общественного здравоохранения. – Алматы, 2004. – 342 с.

5. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 3. Экономика и управление здравоохранением. – М.:Медицина, 2003. – 392 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық көмек сапасының анықтамасы.

2. Медициналық көмек сапасының компоненттері.

3. Денсаулық сақтаудағы стандарттаудың анықтамасы.

4. Аккредитация мен лицензиялаудың ерекшеліктері.

5. Медициналық көмек сапасын бақылаудың элементтері.

§

Мақсаты: Қазіргі жағдайда денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәселелері қосымша жауапкершілікті және денсаулық сақтау жүйесіне қосымша өкілеттілікті беруді талап етуіне байланысты жаңа қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырылды.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау бұрынғы «қоғамның бар күшімен ұйымдастырылған» және дәстүрлі қоғамдық денсаулық сақтаудың орнына емес оның одан әрі жалғасуы және дамуы болып саналады, ол саясаттың жетілдіруіне, денсаулықты сақтауға, аурулардың алдын алуға, экономикалық даму кезінде әлеуметтік тендікке жетуге бағытталған.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау санитария функцияларын, халық денсаулығын қорғау, қадағалау және реттеу, ұлғайтылған жаңа функциялары мен толықтыру дәстүрлерін сақтаған (WHO, Geneva, 1995).

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау – ұйымдастыру диапазоны кең шаралар жүйесі, оған алғашқы және дәрігерлік медициналық көмек, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұқпалы аурулармен күрес жүргізу, қоршаған ортаның гигиенасын жақсарту кіреді. Бұл жүйе, сектораралық және қоғамның жаңаруының негізі болып, халық денсаулығын қорғау мемлекеттік саясатының негізі болып табылады.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау қоғамның жеке адамдардың денсаулығын нығайтуға және қорғауға, санитарлық шараларды сәйкестеуге, қоршаған ортаны қорғауға, халық денсаулығын нығайтуға, жекешеленген және жалпы алдын алу бағдарламалары мен алдын алу, қайта қалпына келтіру қызметтерінің және ұзақмерзімді күту бөлімшелерінің ұйымдастыру жұмысын координациялауға кешенді тәсілдерді қолдануға негізделген (Т.Х. Тульчинский 1999).

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың ерекшеліктері:

1) жүйелі түрде мәселелерді шешу

2) сектораралық қарым — қатынас

3) барлық деңгейде мәселелерді шешу – мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тербеліс тобы, жеке меншік және мемлекеттік мекемелер, өнеркәсіп, спорт және ойын-сауық индустриясы, заңдылықтар, құқықтық органдар.

4) Әрқашан халық денсаулығы жағдайының экономикалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік аспектілеріне мониторинг жасау

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау келесі сұрақтарға жаңа тұрғыдан қарайды:

1. Экономика сұрақтарына. Шектелген қаржыны тарату мәселесін шешудегі негізгі бағыттардың бірі алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен мамандандырылған көмектің универсальды қарым-қатынасты анықтау және азаматтардың, жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігін анықтай келе денсаулық сақтаудың қаржыландыру жүйесін таңдау болып табылады. Шектелген қаржы жағдайында максимальды тиімділік талаптарына сәйкес минималды қосалқы тиімділік беретін үлгіні таңдау қажет.

2. Желілі формадағы медициналық информатика. Жаңа технологияларды тарату тиімді коммуникациялық жүйесіз мүмкін емес. Медициналық ақпаратты жүйелері, ақпаратты қолданушылардың енжарлары емес, серіктесті ынталандыратын үрдістің белсенді қатысушысы түрінде құрылуы тиіс.

3. Менеджмент. Кез келген заманауи денсаулық сақтау жүйесі жоғарғы қүрделі деңгейдегі ұйым болып саналады, онда таңдалып алынған жұмысқа берілген және жоғарғы білімді адамдар жұмыс істейді. Егер ол адамдар жоғары ынталандырылған, жақсы білім алған және бірлесе әрекеттесетін топта жұмыс істесе, онда емделуші қамы үшін шектелген ресурстарды тарататын денсаулық сақтау жүйесі құрылды деп есептеуге болады. Егерде олардың машықтары мен зерделері айтарлықтай себептермен, мысалға, нашар ұйымдастыру, бюрократтылық, тиімді тәртіпті қолдаудың жоқтығы, қажетті ақпараттың болмауынан аяғына дейін пайдаланылмаса онда, денсаулық сақтау жүйесі минимальды жылдамдықпен жұмыс істейтін болады. Ол өз кезегінде өте үлкен ауқымдағы ресурстарды пайдаланады және де халықтың денсаулық жағдайына ешқандай әсері болмайды. Сондықтанда, барлық деңгейде менеджмент — ол жаңа қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеу және оқыту аймағы болып табылады.

4. Денсаулық мүддесіндегі серіктестік. Жаһанданудың тереңдетілуі және кеңейуі денсаулық сақтау жүйелерінің әр-түрлі даму үлгілерінің алмасуын көрсетеді. Төмен табысты мемлекеттерде денсаулық сақтау жүйесі басқа жерден экономикалық ресурстардың кірісін талап ететін айта кету керек. Адам денсаулығына тиетін жаһанды қауіп-қәтерлермен жанжақты, бірлесіп күресуге болады. Қоғам денсаулығы жоғары дәлелденген жергілікті адамдар ресурстарына байланыстығының шынайлығын қолдаған серіктестік болуы керек.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың даму бағыттары.

1. Өкілеттіліктің кеңейуі — әкімшілік-саясаттық шаралар түрінде – халық денсаулығын қалыптастыруға байланысы бар министерстволар мен ведомство жұмысының мемлекеттік функциялары мен өкілеттілігін үйлестіретін жаңа мемлекеттік орган құру. Өз елінде немесе шет елдерінде сыйлы және атағы бар ұйымдастырушы, осы денсаулық сақтау мекемесінің басшысы болып жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай ведомстваның басшы жұмысында міндетті түрде жұртшылық, ашықтық, қол жетерлік болу қажет. Мысалы: облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы және әкім меңгерушісі бір адам болса, жаңадан қойылған мақсаттарға тиімді шешім табуға болады.

2. Денсаулық сақтауды басқарудағы бұқарашылдық. Әлемдегі дамушы елдерде денсаулық сақтауды дамыту ережесі, жетекшілерге есеппен бірге жариялылық арқылы таңдау жасауды алға қояды, мысалы, Финляндияда жергілікті деңгейде жақсы денсаулық сақтау жүйесін құру.

3. Өкіметтің жоғарғы деңгейлерінен бастап, денсаулық сақтаудағы менеджментті жақсарту. Көп салалы мамандар қатарынан команда құру өзекті мәселе болып келеді.Басты мақсат: денсаулық сақтау – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі және оған мемлекет жетекшісі мен оның басқару мүшелері жауапкершілік алады.

4. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын күшейту — осы сұрақты шешу барысында әртүрлі ведомствалар бірігуінің күшеюі. Осы мәселені шешуде халықты белсенді түрде тарту және медициналық-әлеуметтік қызмет жүйесін кеңейтіп және құруды ұйғарады.

5. Денсаулық сақтау мамандығы құрылымының өзгеруі дегеніміз – медициналық-психологиялық сипаттағы медициналық-экономикалық және медициналық-әлеуметтік саладағы «біріккен» мамандар саны.

Қоғамдық денсаулық сақтау дамуындағы әлемдік тәжірибе.

Жаңа XXI ғасыр жаһандануында әлемдік өркениет пен соғыстың болуы, жалпы адамдық жаңа мінез-құлық стандарттарының, мәдениетінің, қоғамдық өмірдің қалыптасып, енуі ақырында әртүрлі ауруларға алып келетін мынадай себептермен байланысты болуын шамалайды:

1) жаңа түзілістер, тынысалу жолдары мен жүрек қан тамыр жүйесі аурулары себепші болатын, өлім мен жоғары ауру деңгейіне алып келетін қолайсыз (темекі шегу, алкогольдік сусындарды шамадан артық пайдалану, ретсіз тамақтану) өмір сүру;

2) жастардың ойланбай қатерге бас тігетін мінез құлықтары (нашақорлық, маскүнемдік, қылмыс жасау), уланулар, жарақаттанулар, жыныстық қарым-қатынас арқылы берілетін аурулар, ЖИТС себепші болатын өлім мен аурушылдық;

3) туа біткен ақаудың дамуына және хромосомдық бұзылыстарға алып келетін экологиялық мәселелер;

4) әлеуметтік қолайсыз өмір сүру салты (кедейлік, жұмыссыздық, көшіп-қонулар және т.б.), аурудың туындауына себепші болатын қолайсыз жайттар (қан аздық, жұқпа, қарсы тұру қабілетінің бұзылуы және т.б.);

XXI ғасырда денсаулық сақтау жүйесінің дамуы халықтың денсаулығына ведомства аралық, сектор аралық жалпы жауапты, клиникалық медицинаның үздіксіздігі және бірігуі түрінде болатындығы шамаланады.

Қазақстандағы жаңа қоғамдық денсаулық сақтау дамуының келешегі мен мәселелері.

Сөзсіз, әлемдегі ең жақсы денсаулық сақтау жүйесінің жетістігіне бұрынғы негізін сақтап қалу жатады. Қазақстанда қазіргі таңда МПСЗ мен дәрігерлер саны және емдеу-профилактикалық мекемелердің құрылымы мен жүйесі жеткілікті мөлшерде. Денсаулық сақтау жүйесі толығымен республикадағы халықтың медициналық қызметке негізгі қажеттілігін қанағаттандырады.

ҚР денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктері – денсаулық сақтаудың өзіндік үлгілерін іздеуде үнемі ауысып отырушылық (медициналық жүйенің үш үлгісі – бюджеттік, бюджеттік-сақтандыру және бюджеттік-бағдарламалық) және де бүгінде ол Президент Н,Ә Назарбаев көрсеткендей «үш жүйенің қалдықтарынан тұрады».

1. Қазіргі денсаулық сақтаудың құрылымы мен жүйесіндегі жүзеге асқан, оның барлық мәселелері, міндеттері мен жетістіктері дәстүрлік клиникалық медицина (әртүрлі ақаулар мен аурулар кезінде денсаулық сақтау);

2. Қоғамдық денсаулық сақтау (денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу) – халықтың денсаулығын нығайту мен сақтауда сектор аралық жауапкершілікті, аурудың жаңа жағдайларын ескертуді қалыптастыруда жаңа міндеттерді шешу.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.С., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана-Алматы, 2006. – 232 с.

2. Аканов А.А., Нурманов К.Д., Арингазина А.М. и соавт. Общественное здравоохранение: основные подходы и принципы определения и удовлетворения потребностей человека. – Алматы, 2007. -136 с.

3. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 1. Общественное здоровье. – М.:Медицина, 2003. – 368 с.

4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. — Иерусалим, 1999. — 1049 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. — С.-Петербург, 2000.- 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың анықтамасы.

2. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың айырмашылық ерекшеліктері.

3. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа тұрғыдан қарастыратын сұрақтары.

4. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың даму бағыттары.

5. XXI ғасырдағы аурушылдық құрылымының өзгерістеріндегі қарқындары.

§

Мақсаты: Студенттер Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жаңаруының негізгі бағыттарын білуі қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 13 қыркүйек 2004 ж. № 1438 Жарлығымен 2005-2021 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты: Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту жолдарын жаңадан ойлап табу, адам мен мемлекет арасында денсаулық сақтауда ынтымақтас жауапкершілік ұстанымдары негізінде медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1. Адам мен мемлекет арасында денсаулық сақтауда жауапкершілікті бөлу;

2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ауыр түрлерін орталыққа тасымалдау арқылы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың халық аралық ұстанымдарына өту;

3.Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа үлгілерін және жүйенің ақпараттық бірегей саласын құру;

4. Ана мен баланың денсаулығын нығайту, медициналық-демографиялық жағдайды жақсарту;

5. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың деңгейін тұрақты төмендету.

6. Медициналық білімді реформалау.

Бағдарламаның іске асуындағы нәтижелер:

— мемлекет, сала және халық қажеттіліктерін қанағаттандыратын денсаулық сақтаудың оңтайлы үлгісі құрылады;

— денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату және адамдардың өз денсаулықтарын сақтауға жұмылдырылатын болады;

— медициналық көмекке азаматтардың тең құқылы қол жетімділігі қамтамасыз етіледі және денсаулық сақтауда азаматтар мен мемлекеттің ынтымақтас жауапкершілігінің ұстанымдары іске асырылады;

— алдын алу, сауықтыру шараларының көлемі ұлғаяды, ауруларды диспансерлік тіркеуге алудың сапасы мен тиімділігі жоғарлайды, АМСК деңгейінде кепілді тегін медицаналық көмек көлемінің кеңейтілуі есебінен тұрақты және уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейі төмендейді;

— алдын алу шараларын жүргізу есебінен халық аурушылдығы төмендейді, денсаулық жағдайына қауіпті факторлардың әсері туралы ақпарат беру деңгейінің жоғарлауынан госпитализациялаудың бірінші кезеңінде — 10-15 %, ал екінші кезеңінде — 25-30 % кезеңденіп төмендеуіне алып келеді;

— алғашқы медициналық санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде көмек көрсетілу деңгейінің кеңейтілуінен жедел медициналық көмек көрсету сапасы жоғарлайды және шақыртулар саны азаяды;

— 2021 жылы АМСК ұйымдары білімді дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар нормативтерге сәйкес қондарғылармен жабдықталады;

— стационар алмастырушы технологияны тиімді қолданудан, стационарлық сектордан амбулаторияға бөлім көлемін бөлу негізінде медициналық көмектегі үйлесімсіздіктер шектеледі;

— медициналық қызмет сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізіледі;

— медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастық, тиімділік және қол жетімділік көлемі ұлғаяды;

— қаржыландыру жүйесі жетіледі, кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекті қаржыландырудағы жеткіліксіздік жойылады, сала субъектілері арасындағы өзара есептесу механизмі енгізіледі;

— денсаулық сақтау саласында халыққа мемлекеттік бюджеттік заттарды тиімді қолдануды жоғарлату, осыған орай бейресми төлемдер көлемі төмендейді;

— денсаулық сақтаудың бірегей ақпараттық жүйесі құрылады;

— балалар мен репродуктивтік жастағы әйелдердің денсаулық индексін жоғарлату, сәбилер мен әйелдер өлім көрсеткішін тұрақты төмендету, 2021 жылға әйелдер өлім көрсеткішін 42,1 % төмендету, 2003 жылға 100 мың тірі туылғандарға 30,0 % дейін және сәбилер өлім көрсеткішін 1000 тірі туылғандар санына 15,3 % тен 10,0% дейін төмендету (есептеу әдістемесі бойынша);

— әлеуметтік маңызы бар аурулар жағдайын тұрақтандырылады, жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деңгейі төмендейді;

— туберкулез ауруын 2003 жылы 160,4 тен 2007 жылға 150,0 дейін, 2021 жылы 100 мың халық санына 135,0 дейін төмендетіледі;

— жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы ауруларды жыл сайын 10% дейін төмендейді;

— дәрі-дәрмектік заттар бойынша мемлекеттік реттеудің тиімділігі жоғарлайды;

— отандық бәсекеге қабілетті фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірісінің көлемі жоғарлайды;

— емдеудің халықаралық стандарттары мен заманауи диагностикалау әдістері енгізіледі;

— санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың халықаралық стандарттары мен мемлекеттік жүйе құжаттары үйлесімді болады;

— медициналық білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарады, медициналық мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы жетілдіріледі және медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқу талаптары жоғарлайды. Мемлекеттің тапсырыс бойынша медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледждерге қабылдау санын жоғарлатудан саланы мамандармен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі;

— медициналық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау сапасы жоғарлайды, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі жоғарлатылып, олардың жауапкершілігі артады және құқығы кеңейтіледі;

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 21 қаңтардағы № 1260 Қаулысымен «2008-2021 жылдарында салауатты өмір салты» атты мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жүйесі негізінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарлатып, сауықтыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1) салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жетілдіру;

2) салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұрақты және үздіксіз, бірегей кешенді жүйесін құру;

3) салауатты өмір салтын қалыптасыруда барлық Қазақстандық бірлестіктерді қызықтыру арқылы сектор аралық өзара әрекеттестікті күшейту;

4) денсаулықты сақтаумен нығайтуға қолайлы жағдай жасау; барлық Қазақстандықтардың «денсаулық мүмкіндігін» дамыту және толығымен іске асыруда салауатты өмір салтының қалыптасуына көмектесу;

5)салауатты өмір салтының дағдыларына оқыту;

6) салауатты қоғам парадигмасын енгізу және денсаулықты сақтауға қатысты түсініктерді қалыптастыру.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2021-2021 годы. – Астана, 2006. – 243 с.

2. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: Концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001. – 100 с.

3. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

4. Девятко В.Н., Куралбаев Б.С., Захаров И.С., Исаев Д.С., Чен А.Н. Ключевые аспекты развития региональных программ общественного здравоохранения. – Алматы, 2004. – 342 с.

5. 2005-2021 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарлама.

Бақылау сұрақтары:

1. 2005-2021 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты.

2. 2005-2021 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері.

3. АМСК деңгейінде жетілдірудің негізгі бағыттары.

4. Ана мен баланы қорғау аясында жетілдірудің негізгі бағыттары.

5. Медициналық білім беру жүйесін жетілдірудің негузгі бағыттары.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий