Әлеуметтік қатынастар

Әлеуметтік қатынастар Реферат

Леуметтік жұмыстың мақсатты дайындау технологиясы

Әлеуметтік жұмыс технологиясы процесс ретінде келесілерді қамтиды: дайындық, кезеңі, мақсатты жобалау, ақпаратты жинау мен талдау, іс-әрекет бағдарламасын дайындау, бағдарламаны жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер. Айта кету керек, мұнда мәселе толығымен шешілгенге дейін циклдер қайталанып отырады.

Басқа процедураларға қарағанда негізгісі болып мақсатты жобалау табылады. Мақсатты жобалау: Мақасатты жобалау — қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылатын ұғым.

Біріншіден, мақсатты жобалау бұл болашақтағы нақты іс-әрекет нәтижесін көрсететін, мақсатты анықтау мен талдау процесі. Осыған байланысты мақсатты жобалау әдістемелік және әдіснамалық қызметтерді де атқарады:

— «мақсат — жету құралы — нақты іс-әрекет түрінің нәтижесі» жүйесінде интегратор қызметін атқарады;

— іс-әрекет детерминациясының барлық факторларын белсенді іске қосуды білдіреді: қажеттіліктер, қызығушылықтар, стимулдар, мотивтер.

Мақсатты жобалаудың орталық мәселесі мақсатты нақтылау және оған жетудің тиімді құралын анықтау тағы басқаларды қамтиды. Жету құралы анықтамаған мақсат — бұл ойша құрылған жоба, арман ғана болып қалады.

Екіншіден, мақсатты жоба іс-әрекеттің нәтижесіне қойылатын негізгі талаптар мен тәртіпті анықтайтын алгоритмді білдіреді. Мақсат — іс-әрекет нәтижесін нақты көрсететін ұғым. Мақсатты нақтылауда келесілерді назарға алу қажет:

— мақсат негізделген болуы және ықпал ету обьектісінің даму заңдылықтарының талаптарын көрсетуі тиіс;

— мақсат түсінікті және жете алу мүмкіндігінің болуы;

— негізгі мақсат жоғарғы тәртіп мақсатымен сәйкес және байланысты болуы тиіс.

Мақсат адамдар арқылы құрылады, сондықтан да олар субьективтілік элементі болады. Маңыздысы мақсатты жобалау процесінде субьективті жағы басым болуы қажет.

Мақсатты құрудың негізгі кезеңдері:

— обьектінің жағдайы мен қажетті сипаттамасын бөліп көрсету және оларды нақты іс-әрекеттің мақсатты құрылымына енгізу;

— нақты іс-әрекеттің түрлерімен пайда болатын, мүмкін жағдайларды анықтау;

— мақсатты, обьективті түрде нәтижеге жете алмайтын іс-әрекеттерден шектеумен түсіндіріледі.

Мақсаттардың бірнеше типтерін бөлуге болады: нақты және абстрактілі; стратегиялық және тактикалық; индивидуалды, топтық, қоғамдық; іс-әрекет субьектісімен қойылған.

Нақты мақсат — тәуелсіз іс-әрекет өнімінің идеалды бейнесі.

Абстрактілі мақсат — бұл жетістікке жету үшін адамдардың іс-әрекеті жүзеге асырылатын белгілі-бір идеал туралы жалпы түсінік.

Стратегиялық және тактикалық мақсат – уақытша факторлармен олардың жүзеге асыруымен анықталып, негізделеді және біртұтас немесе бөліктер ретінде салыстырылады.

Іс-әрекет субьектісі арқылы қойылатын мақсат, оның жеке белсенділігінің ішкі дамуы, шығармашылық қатынасы мен тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауы нәтижесінде пайда болады.

Мақсатты жоспарлау әлеуметтік іс-әрекетті ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруда маңызды орынға ие болады. Әлеуметтік жұмыс технологиясы — субьектінің обьектіге әлеуметтік ықпалының мақсатты бағытталған процесі болып табылады.

Әлеуметтік жұмыста мақсатты жоспарлауды оның әдістемелік және ұйымдастырылуы тұрғысынан қарастырған жөн.

Мақсатты жоспарлаудың әдістемеліқ аспектісі әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын анықтаудағы жалпы және нақты міндеттермен қамтамасыз етуімен анықталады. Мақсатты жоспарлаудың ұйымдастырушылық аспектісі берілген мәселенің шешу құралдары мен нақты жолдарын жүзеге асырумен айқындалады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясында мақсатты жоспарлауды селекция процесі ретінде көруге болады: белгілі-бір нәтижені алу барысында мүмкін нәрсені мүмкін еместен, заңдылықты аяқ асты пайда болатын нәрседен бөлу.

Осылайша, мақсатты жобалау аналитикалық қызмет рөлін атқарады. Бұл қызметтің мақсатты жобалау субъектілері, яғни әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік жұмыс мамандары бола алады:

а) ситуацияны талдай алуы;

б) нақты мәселені шешудің құқықтық кеңістігін меңгеруі;

в) тәжірибелік жұмыс дағдыларын іс-жүзінде игеруі.

§

Диагностика, бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынастың әдістері мен әлеуметтік шынайылық туралы ақпаратты бірте-бірге өзгерте отырып, XIX ғ. соңы – XXғ. басында әлеуметтік тәжірибеде мойындау мен кең таралымға ие болды. Әлеуметтік диагностиканың қалыптасу кезеңінің ерекшілігі, ол әлеуметтік ақпарат күрделі емес және ерікті сипатқа ие болуында; оның шығу көзі ретінде формализмге негізделген және формализмге негізделмеген сұхбат әдісі, бақылау және басқа да зерттеу объектісі туралы ақпарат пен тәжірибе, әлеуметтік білімді жинақтаудың тәсілдері жатады. Сондықтан да, диагностиканың нәтижесі нақты емес болып келеді.

«Әлеуметтік диагностика» термині ХХ ғасырдың 20ж. басы – 30ж. соңында кең етек ала бастады. Қазіргі уақытта «әлеуметтік диагоностика» әлеуметтік жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі ретінде тұжырымдалды. «Диагностика» термині (грек тілінен аударғанда «диагноз» — анықтау, тану) медицина ғылымынан алынған.

Біз білетініміздей, медициналық диагноз науқасты жан-жақты зерттеу негізінде соматикалық немесе психикалық ауруының себебі мен сипатын анықтау болып табылады. Көптеген психикалық аурулар пациенттер, басқа адамдар мен ұйым арасындағы күрделі өзара байланыс нәтижесінен болады. Диагноздар, соның ішінде психикалық ауруларда пациентке қоршаған ортаның әсері мен әлеуметтік-мәдени аспектілер, сонымен бірге осы мәселенің пайда болуына ықпал ететін құбылыстар да есепке алынбайды. Сонымен қатар, диагноз адамға әрдайым өзгерістер мен даму процесі тән екендігі назардан тыс қалып отырады.

«Диагностика» (грек тілінен “diagnostikos” – тануға қабілетті) — зерттеліп отырған объект немесе процесс туралы жоққа шығаратын ақпаратты алудың жалпы тәсілі. Әлеуметтік қатынастар мен процестер саласында диагностиканың мәні медицинадағы ауруды анықтаумен бірдей десе де болады: егер ауруды дер кезінде және оның пайда болуының себептері мен белгілерін дұрыс анықтайтын болса, онда емдеудің сәттілігі мен жағымды нәтижеге қол жеткізуге болады. Дұрыс қойылмаған диагноз дәрігерлердің жұмысын жоққа шығарып қана қоймай, науқастың сауығу мүмкіндігін де жояды. Барлық соматикалық денсаулық саласында айтылғандардың барлығы психологиялық денсаулыққа, сонымен бірге білім деңгейін, интеллектіне де тән (пелагогикалық аспект), сондықтан да әлеуметтік жұмыстағы диагностика жоғары квалификация мен технологиялылықты қажет ететін маңызды қызмет болып табылады.

Кейбір ғалымдар әлеуметтік тәжірибеде бұл терминді «мәселелі талдау» ұғымымен ауыстыруды немесе бұл процесті әлеуметтік себепті анықтау үшін немесе эксперттік баға беру ретінде қолдануды ұсынады.

Ғылыми-тәжірибелік бағытта әлеуметтік қызметкерге кең шеңбердегі талаптарды анықтауға тура келеді, сондықтан да, әлеуметтік диагностиканың маңыздылығы зерттеліп отырған объекті немесе әлеуметтік процесс туралы нақты ақпарат алу болып табылады.

Әлеуметтік диагноздың мәні әлеуметтік қызмет көрсетудегі клиенттің өмір сүру жағдайында пайда болған себеп-салдарлық байланыстарды анықтау болып отыр. Әлеуметтік диагноз клиент жайлы ақпарат жинау мен өмір сүру жағдайын, сонымен бірге әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын дайындау үшін оны талдау болып табылады.

Диагностиканың мақсаты әлеуметтік объектінің жағдайы – ол туралы ақпараттың дәлдігін және оны қоршаған ортаны, мүмкін болатын өзгерістерді жобалау және басқа да объектілерге әсерін қалыптастыру, сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсетудегі ұйымдас-тырушылық шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау, іс-әрекетті әлеуметтік жобалауды дайындау.

Әлеуметтік диагнозды қою – бұл шығармашылық процесс, бірақ белгілі-бір іс-әрекет алгоритміне, мәселені шешу құралы мен процедураны пайдалануға ие болып келеді. Ғылымның әртүрлі саласында жұмыс жасаған көптеген ғұлама ғалымдардың шындықты анықтаудың және қоюдың өзіндік шығармашылық, индивидуалдық бағыттары бар. Әлеуметтік даму мәселесінің диагнозын және шығармашылық талдаудың технологиялылығын сипаттаған В.И. Вернадский болды. Ол келесі ережелерге бағынуды ұсынды:

— нақты талдау жүргізу;

— жекеліктен жалпыны көру;

— құбылысты суреттеумен шектелмей, оның мәні мен басқа құбылыстармен байланысын терең зерттеу;

— «неге?» деген сұрақтан қашпау;

— қағидалар тарихын есепке алу;

— түпнұсқаға жүгіне отырып, әдеби шығармалардан зерттеу пәні туралы барынша ақпарат жинау және т.б.

§

Әлеуметтік бейімделу адамның жағдайын ғана көрсетіп қоймай, әлеуметтік ортаның ықпалы мен әсеріне әлеуметтік организмнің тұрақтылық пен тепе-теңдікке ие болу процесін бейнелейді.

Әлеуметтік бейімделу адам өміріндегі өтпелі кезеңдерінде, радикалды экономикалық және әлеуметтік реформалар кезеңінде де көрініс табады.

Қазіргі уақытта бұл мәселені қарастырудағы баса назар аудару адамдардың өмірінің әртүрлі салаларындағы бейімделу процесінің тездетілуімен байланысты, тәжірибелік міндеттерді шешу қажеттілігімен айқындалып отыр, олар кәсіби, тұрмыстық, саяси-құқықтық және т.б.

Қазіргі ғылыми әдебиеттерде бейімделу мәселелері бірнеше бағытта қарастырылады: биологиялық, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтанулық, және кибернетикалық. Топтың әлеуметтік бейімделуінің философиялық-әдістемелік аспектісі В.Ю.Верещагиннің, И.Д.Калайковтың, П.И.Царегородцевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бейімделудің әлеуметтік-психологиялық аспектісін А.А.Бодалев, Г.А.Балл, Л.П.Гримак, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн сияқты психологтардың зерттеулерінде көрініс табады. Педагогикалық аспектілерін Н.Н.Березовин, О.Л.Берак, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызин және т.б. ғалымдар қарастырған. Жоғарыда көрсетілген бағыттарын ескере отырып, бейімделу процесінің көптеген анықтамасы мен сипаттамалары бар.

Жинала келе, бұл ғалымдардың еңбектері теориялық және әдістемелік тұрғыда маңызды болып отыр және әлеуметтік жұмыстағы индивид дамуының жетістіктерін көрсетеді. Сонымен бірге, айта кететін жайт халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік бейімделу мәселесін қарастыру әлеуметтік жұмысты технологизациялау контекстінде терең зерттеуді қажет етеді.

Әлеуметтік бейімделу деп адамның жаңа әлеуметтік орта өміріне белсенді түрде қалыптасу процесін айтамыз. Әлеуметтік бейімделу процесінде адам әлеуметтік ортаның ықпал ету объектісі және осы ортаның ықпалына жауап беретін субъектісі болып табылады. Бейімделу процесі бұл әлеуметтік құндылықтарды әлеуметтену арқылы игеру. Адам белсенді субъект ретінде өзінің өмір сүру барысында басқарушылық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық технологиялар мен әдістерді, яғни адамдық өркениет өнімдерін меңгереді және қолданады. Іс жүзінде адамдық мәдениеттің барлық элементтері бейімделу механизмі арқылы тұлғаның қалыптасуына қатысады. Әлеуметтілік – адамның мәнділік жағы, оның сапалық сипаттамасы. Оны басынан өткізбегендерге біз тек қана психологиялық ауруларды немесе бала кезінен бастап әлеуметтену процесінің кезеңдерін өтпегендерді («Маугли эффектсі») жатқызуымызға болады.

Бейімделудің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ оның ішінде бірінші орынға әлеуметтік шығады. Адамның толық әлеуметтік бейімделуі физиологиялық, басқарушылық, экономикалық, педагогикалық, психологиялық және кәсіби бейімделуді қамтиды.

Басқарушылық (ұйымдастырушылық) бейімделу. Басқарусыз — адамға жақсы жағдай жасау (жұмыста немесе тұрмыста), оның әлеуметтік рөлінің жоғарылауының алғышарттарын құру, оған ықпал ету, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтарына жауап беретін іс-әрекетпен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Әлеуметтік бейімделу басқарылатын процесс. Оны басқару тек өндірістік, өндірістіктен тыс, өндірістікке дейін, өндірістіктен кейінгі іс-әрекеттерін жүргізу барысында әлеуметтік институттардың тұлғаға ықпал етуімен ғана емес, өзін-өзі басқарумен де жүзеге асырылады. Яғни, адамның өзін-өзі сынауы, өзінің ойлары мен әрекеттеріне жауапты болуын талап етеді.

Экономикалық бейімделу. Субъектілердің, индивидтердің экономикалық қатынастарының принциптері мен жаңа әлеуметтік-экономикалық нормаларын игерудегі күрделі процесс болып табылады. Мұнда әлеуметтік жұмыс технологиясына маңыздысы жұмыссыздық жәрдемақысының көлемі, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы деңгейі сияқты нақты әлеуметтік шынайылыққа бейімделуді қамтитын «әлеуметтік блок»болып табылады. Олар адамның тек физиологиялық қажеттіліктеріне ғана емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктеріне де жауап беруі тиіс. Егер адам кедей немесе жоқшылықта, жұмыссыздықта өмір сүретін болса, онда толыққанды әлеуметтік бейімделу болады деп айта алмаймыз.

Рефераты:  Безопасность электронных платежей в сети Интернет. Протокол защиты электронных платежей SET, Информатика - Реферат

Педагогикалық бейімделу. Тұлғаның құндылықты бағдарының жүйесін қалыптастыратын оқу мен тәрбиелеу, білім жүйесіндегі бейімделуі. Айта кету керек, адамның бейімделуіне табиғи, мұрагерлік, географиялық факторлардың кешенді ықпал етуі әсер етеді, бірақ соңғысы оның әлеуметтенуінде шешуші рөл атқармайды.

§

Әлеуметтік-тұрмыстық ретсіздік, стрестік ситуация-лар адамның әлеуметтік, соматикалық және психологиялық көңіл-күйін төмендетеді. Бүгінгі күні адамдардың көпшілігі қоршаған орта арқылы көптеген жағымсыз жағдайлардың ықпалын тікелей және жанама түрде басынан өткізеді. Әлеуметтік терапиялық көмектің әртүрлі әдістері мен түрлерін қолданған әлеуметтік қызметкер, өз жұмысын, ең алдымен адамдардың жас ерекшелігіне, кәсіби және тұлғалық ерекшеліктерін сай құруы қажет.

«Терапия» сөзі грек тілінен аударғанда «қамқорлық, күтім, емдеу» деген мағынаны береді.

Біз білетіндей, медицина саласында терапиялық емдеудің көптеген түрлері қолданылады: дәрі-дәрмектік құрал, физиотерапия, фитотерапия, мануалды терапия және т.б. Дәстүрлі әдістерді қолданумен қатар, емдеудің басқа түрлерін табуға тырысуда, мысалы, ине терапиясы немесе емдеудің экзотикалық түрі «дельфинотерапия». Кейбір мамандардың айтуынша, балалардың дельфинмен сөйлесу арқылы қозғалу қабілеттері қайта қалпына келеді, қан айналымы жақсарып, ауру төмендейді. АҚШ-та бұл әдіс 30 жылдан аса қолданылып келеді.

Әлеуметтік терапия психикаға ықпал ету әдісін қолданатын психотерапиямен тығыз байланысты. Бұл ықпал ету пациенттің мазасыздығын тудыратын сезімдерін, ойларын, импульсін, қатынасын және психологиялық симптомын ретке келтіруге байланысты, адамға немесе топтарға көмек көрсетудің мақсатты бағытталған, жүйелі шараларды қамтиды және де психологиялық теориялар мен әдістерге негізделген болып табылады. Психотераевт-дәрігер негізінен жүйке жүйесі ауыратындармен және адамның басқа да жүйке-психологиялық патологияларымен жұмыс жасайды.

Психотерапияның негізгі 4 моделі белгілі:

— психотерапия, клиенттің соматикалық және психикалық жағдайына ықпал ететін емдеу әдісі ретінде (психотерапияның медициналық моделі);

— психотерапия, қоғамдық бақылау құралы және қызмет етуші сипатына сай жасалатын амалдар әдісі ретінде (әлеуметтанулық модель);

— психотерапия, тұлғаны зерттеу процесінің әдісі ретінде (психологиялық модель);

— психотерапия, адамдар арасындағы өзара байланыс барысында пайда болатын кешенді құбылыс ретінде (философиялық модель).

Әлеуметтік қызметкер индивидттермен немесе әлеуметтік топтармен жұмыс барысында психологиялық және соматикалық мәселелермен жиі кездесіп отырады, сондықтан да, психотерапияда қолданылатын негізгі терапевтік және тәжірибелік әдістерін игергені жөн. Бұл оған адамның ішкі факторларын, яғни оның мінез-құлқына түрткі болатын себептерін анықтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік қызметкердің клиентпен жұмысының бірінші сатысы терапевтік кеңес беру және әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Оған көмек беру үшін әлеуметтік қызметкер өзі терапевтік жұмысты жүргізуі тиіс немесе басқа мамандармен бірігіп ұйымдастыруы қажет. Егер пациенттің денсаулығында күрделі ауытқулар байқалатын болса, онда әлеуметтік қызметкер, оны толық қажетті ем алу үшін дәрігерге немесе психотерапевтке көрінуіне ұсыныс береді.

Алайда, клиникалық бағыттар біздің нақты өміріміздегі болып жатқан оқиғаларды, индивид өмірінің әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік жағдайларына назар аудармайды, сондықтан да, кей уақытта емдеу әдістері нәтижелі болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда, медициналық тұрғыдан шешімі табылуы қиын белгісіз асқазан ауруымен ауыратын адамға, «Сіздің үйіңіздегі жағдай қандай?» деген қарапайым сұрақ қою керек. Сол кезде оның бойынан нақты осы күрделі жағдайына себепші болған уайымды, эмоцияны және сезімдерді көруге болады. Жалпы, өмірдің өзі адамдардың денсаулығының жақсы болуына әсер ететін бірнеше «терапевтік» ситуациялар қатарынан тұрады, олар: өмірдің мәнін түсінуге көмектесетін бақытты балалық шақ, достық және сүйіспеншілік қарым-қатынас, жұмыстан алатын қанағаттану сезімі, сенім және наным және т.б.

Сонымен, «терапия» термині қазіргі уақытта кең әлеуметтік мағына және психотерапевт-дәрігерлердің қолданатын терапевтік әдістері салыстырмалы сипатқа ие болып отыр: яғни, адамның шешілмеген мәселелері бар немесе болатын болса, онда әлеуметтік жұмыс мамандарына белсенді түрде жұмыс жасау керек дегенді білдіреді.

Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман ғана қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқулардың шешімін түсіндіре алады. Адамды өзінің мәселелерімен, уайымдары мен қиындықтарымен бірге индивидуалды біртұтастық ретінде қабылдау арқылы, әлеуметтік қызметкер өз тәжірибесінде мақұлданған әдістерді пайдаланумен терапевтік көмекті әсерлі ете алады.

§

Әлеуметтік жұмыс ғылыми білім жүйесі ретінде екі негізгі бөлімдерден тұрады: 1) әдістемелер, заңдылықтар, принциптер, категориялық аппарат қарастырылатын теориялық-әдістемелік, іргелі бөлім және 2) тәжірбиелік әлеуметтік міндеттерді шешуге теориялық және эмпирикалық білімнің қолданбалы, теориялық және әлеуметтік-тәжіриелік, басқарушылық бөлімі.

Әлеуметтік жұмыс бұл ғылыми білім жүйесі ретінде көбінесе қолданбалы сипатқа ие болады. Біз білетініміздей, барлық ғылымдар іргелі және қолданбалы болып бөлінеді. Олар әлеуметтік шындықты әртүрлі әдістері мен пәні, әртүрлі бағыттары мен әртүрлі тұрғыдан зерттейді. Қолданбалы ғылым іргелі ғылымнан өзінің бағыттылығымен ерекшеленеді. Егер іргелі ғылым жаңа ілімді туындатумен, оны апробациялаумен айналысса, қолданбалы ғылым апробацияланған білімді әлеуметтік тәжірибеде қолдану мәселесімен шұғылданады.

Іргелі әлеуметтік білімдер технологизациялауға бағынбайтын табиғи және қоғамдық ғылымдардың теориялық жағдайларына негізделеді. Мұндай зерттеулер нақты әлеуметтік жобаны құруға бағытталмаған. Олардың нәтижелері қоғамның әлеуметтік дамуының ұзақ уақытты тенденциялары мен бағыттарын анықтайды. Іргелі ғылымдар теорияларда жаңа бағыттарды аша бастады, ал қолданбалы ғылым – шынайылықты жаппай технологиялылыққа айналдыру-дың жолдарын іздеумен айналысады.

Айта кету қажет, қазіргі әлеуметтік технология тек қана белгілі-бір іс-әрекет түрін ұйымдастырудағы тәжірибе мен дағдылар және білімдер жиынтығымен шектеліп қана қоймайды. Технология әлеуметтік дамыту процесі және олардың модернизациясы мен рационализациясын басқару туралы білімдер жүйесі болып қалыптасады. Әлеуметтік технология әлеуметтік процестер дамуындағы экономикалық жағдай, мәдениет туралы, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық салдарларын қамтиды. Ол барлық білімдерді техникалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-психологиялық білімдердің біріккен жүйесімен байланыстырады. Демек, технология ғылыммен қосылып қана қоймай, өз бетінше де ғылым бола алады.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технология мен білім жүйесінің саласы ретінде әдістемелік аппаратқа сәйкес теориялық тұжырымдарға (принциптер, заң, дәреже, зерттеулердің әдістері мен тәсілдері және т.б.), сонымен қатар тәжірибе мен эмпирикалық ақпаратқа сүйенеді.

Кез-келген ғылым үшін технологияларды қолданбалы зерттеу ауқымды іс-әрекетті қажет етеді. «Әлеуметтік технология» термині ғылыми салада 80-ші жылдардың басынан бастап нақты қолданыла бастады. Әлеуметтік технология әлеуметтік жұмыстың мәселелерін шешу үшін стандартты алгоритмдерді бірнеше рет қолдануға мүмкіндік берді. Әлеуметтік технологиялар инструментариді қолдануды жеңілдетеді, себебі оны дайындау өте күрделі болып келеді де, енгізу жолымен жүргізіледі.

Объективті шынайылықты тану тәсілдері, жолдары мен қайта өзгертуді — әдіс деп атаймыз. Әдістердің көмегімен әрбір ғылым өзінің зерттеу пәні туралы ақпарат алады, алынған мәліметтерді талдау мен өңдеу арқылы бізге белгілі білімдер қатарына қосып отырады. Алынған дәлелденген білімдер ғылыми теориялар құру мен тәжірибелік ұсыныстар дайындау үшін қолданылады. Ғылымның күші көп жағдайда әдістерге, олардың валидтілігі мен сенімділігі, осы ғылымның алдыңғы қатарлы, жаңа әдістерін тез және тиімді пайдалана білуіне тәуелді болып табылады. Оны орындай алған кезде сол жерде әлемді қайта құру мен тануда әлдеқайда алға жылжу процесі байқалады.

Әлеуметтік процестерді, әдісті дамыту мен қалыптастырудың әртүрлі аспектілерін тануда орталық рөлге алып келеді. Яғни, адам әртүрлі әдістерді игере отырып, ғылыми жетістіктер мен қоғамдық құндылықтарды жете меңгеру қабілетіне ие болады. Себебі, әлеуметтік даму процестері ерекше принциптер негізінде және арнайы әдістер көмегімен жүгезе асырылады.

Әдіс – грек тілінен «methodos» — қандай да бір мақсатқа қол жеткізу және нақты міндетті шешу тәсілі мен зерттеу жолы. Ол шынайылықты игерудің теориялық немесе тәжірибелік операциялар, тәсілдер, бағыттар жиынтығы ретінде көрінеді.

Әлеуметтік жұмыстағы әдіс екі жақты рөлді атқарады: 1) әлеуметтік тәжірибе мен адам өміріндегі әртүрлі аспектілерін зерттейтін және ғылым тудырған білімді қолдану мен таным жолдары, тәсілдері ретінде; 2) осыған дейін өмір сүріп келе жатқан обьектінің (субьектінің) сапалы өзгерісіне себепші болатын белгілі-бір нақты іс-әрекет ретінде.

Әлеуметтік қатынастар

Жаңа білімдер алуда ғылыми зерттеулер әдістері маңызды орынға ие болады. Әдістердің көмегімен ғылыми таным мен ақиқатты анықтау жолы айқындалады. И.П. Павловтың тұжырымдауы бойынша ғылымдағы әдіс – ең негізгі болып табылады, бастысы –әдістің дұрыс таңдалуы. Әдіс дұрыс таңдалатын болса, онда дарынды емес адам да жоғары нәтижеге қол жеткізе алады. Ал әдістің дұрыс таңдалмауынан данышпан адамның өзі де қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайтынын ескерген жөн. Әдістің дұрыс таңдалуының маңыздылығына тағы басқа да ғылымдар, философтар да тұжырымдама берген.

§

Әлеуметтік қызмет көрсету саласында басқару жүйелерінің әртүрлі ұстанымдары болады. Жеке алғанда, мемлекеттік басқару саласында жұмыс жасау үшін дайындықтан өткен басшы, әлеуметтік қызмет көрсету саласы үшін кәсіби дайындықтан өткен мамандарды толық алмастыра алады. Дегенмен, бұл жерде нақтылы дифференциацияны жоққа шығару дұрыс емес. Әлеуметтік жұмыс саласындағы басқарушы мамандары әлеуметтік-саяси сұрақтарды шешу, оның мазмұндық, этикалық аспектілеріне ене алу, қоғамдық құндылықтар және заңдарға сәйкес көрсетілетін қызметтің тиімділігін жоғарылату қабілетіне ие болуы керек.

ХХ ғасырдың басында Фридерик У. Тейлор, Франк Б. Гилберт, Генри Л. Ганнт, Х. Манстербург, Х. Эмерсон және т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері арқылы ғылыми менеджмент өркендей бастады. Басқару қатынастарының қалыптасуы және дамуы әлеуметтік технологияларды жетілдірумен қатар дамыды десек те болады.

Әкімшілік басқару мен менеджмент қатынасына байланысты әртүрлі көзқарастар (терминологиялық және мазмұндық аспектісінде) қалыптасқан. Мысалы, американдық мамандар әкімшілік басқару мен менеджментті бір деп санайды. Батыста, керісінше, менеджмент негізгі ұғым сияқты қолданылады, ал әкімшілік басқару ұйымның ішкі есептеріне жатады. Ең алғашында «менеджмент» термині АҚШ-та қолданылып, «жылқыдан оза білу» мағынасына ие болған. Ол «to manage» етістігінен шыққан (басқару), ал ол өз кезегінде латын тілінен «manus» (қол) деген мағынаны береді. Демек, нақты аудармасы – «адамдарды басқару» дегенді білдіреді. Менеджер деп кәсіпкерлікпен және заңмен бірлескен дүниенің міндетіне сәйкес тұлғаларды атайды. Бүгінгі таңда, АҚШ-та «менеджмент» терминін, алда тұрған мақсатқа жету үшін фирманың материалды және адамдық ресурстарын тиімді пайдалану мен ықпалдастығын қамтамасыз ету процесі арқылы түсіндіреді. Мәні жағынан менеджмент бұл нарықтық қатынас жағдайында фирманы немесе персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін білдіреді.

Қазіргі уақытта Батыста «адамдық ресурстар» концепциясына баса назар аударуда, себебі оларды тиімді басқару және мақсатты бағытталған қаржыландыру арқылы еңбекке қабілеттілік жағдайына мүмкіндік жасалады.

Компаниялар өздерінің қажеттіліктеріне сай білім беру бағдарламаларына қатысады, себебі ол болашақта өздерін білікті және техникалық дайындалған жұмыс күшімен қамтамсыз етеді.

Рефераты:  Реферат: Способы предотвращения и разрешения организационно-трудовых конфликтов -

Мұғалімдердің американдық федерациясында «Метрополитен лайф иншуренс компаниясының» президенті Д.Кирдон сөз сөйлеу барысында: «Бизнес, өзіне білікті қызметкерлер, клиенттер мен мамандар қажеттілігін мойындаудан басталады» деген болатын. Бизнес өзінің және қоғамның мүддесіне бірдей қызмет ететін болса, оған мысал ретінде денсаулық сақтау жүйесін келтіруге болады. Өмірді сақтандыру компаниялары жұмыс орнында шылым шегуге қарсы іс-шараларды қолдайды. Бұл медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды қысқартады және сақтандыру компанияларына жоғары кіріс алып келеді.

Жалпы, Батыс әлеуметтанушыларының айтуы бойынша, менеджментті кәсібилендіру кәсіпкерлер үшін жоғары кірісті қамтамасыз ету болса, ал ХХ ғасыр бизнесіне кәсіби менеджмент келді және ол қоғам алдындағы белгілі-бір әлеуметтік жауапкершілік сипатына ие болды.

Кәсіби менеджменттің дамуы менеджер іс-әрекетіндегі арнайы өзгерісіне алып келді. Яғни, менеджер бұл қызметке қарағанда кәсіби, басқарушылық, психологиялық, экономикалық және тұлғаның шығармашылық сапаларының жиынтығын талап ететін мамандық болып табылады.

Қазіргі уақытта басқарушылық қызмет өзінің мәні жағынан технологиялы болып табылады, себебі ол өз қызметі жайлы басшылардың білуі тиіс белгілі-бір стандарттар мен заңдылықтардан тұрады. Алайда әлеуметтік салада жұмыс жасайтын басшы бірінші кезекте тұлғаның өмірлік қызығушылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыру мен мәселелерін шешуге ықпал ететіндіктен оның арнайы білімі болуы қажет.

Жеке ұйымдастыру шеңберіндегі басқару келесі процестердің жиынтығын көрсетеді:

— әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен оны оперативті мақсат түрінде тұжырымдау;

— бағдарламаларды дайындау және оның жүзеге асырылуын басқару;

— материалдық және кадрлық ресурстарды қамтамасыз ету мен қаржыландыруды ұйымдастыру және т.б.

§

Психологияға баса назар аудару, тұлғаның әлеуметтенуінің дәстүрлі институтының тоқырауымен, қоғамдық құрылымның өзгеруімен және қоғам өмірінде тұлғалық факторлар рөлінің өсуімен сипатталатын адам алдындағы «технологиялық революция» кезеңімен негізделеді.

Әлеуметтік қызметкер — клиентке біздің Жер бетінде өмір сүруіміздің мәні туралы, соның ішінде адам өміріне маңызды болып табылатын сұрақтарына жауап беруіне жиі тура келеді. Ф.М. Достоевскийдің айтуы бойынша: «адамның өмір сүруінің мәні, оның өмір сүруінде ғана емес, оның не үшін өмір сүруінде» — деген болатын.

Психология дінде, өнерде, медицина салаларында және бұқараны басқарудағы әлеуметтік технологияда қолданылатын бұрыннан бар білімдерге сүйену арқылы пайда болған ғылым.

Осылайша, діни адамның барлық өмірі әртүрлі психотехнологиялық әдіс-тәсілдермен байланысты. Мысалы, белгілі-бір іс-әрекет немесе тіпті қылмыс жасаған адамға көмектесетін діни қызметкерге жүгіну; өткен күннің ауытпалықтарынан арылып, ұйықтау алдында қалыпты жағдайды орнату үшін оқылатын уақытша дұғалар; шоқындыру мен некелестіру, қайтыс болған адамға жасалатын ырымдар және т.б.

Іс жүзінде барлық тарихи кезеңдерде адамдық өркениеттің дамуында белгілі-бір билік пен білімге ие бола отырып, монархтар, президенттер, шіркеу қызметкерлері, шамандар және т.б. өз мақсаттарына жету үшін психотехникалық әдістерді қолданған.

Батыс елдерінде қолданылатын әртүрлі психология-лық теориялар, әлеуметтік қақтығыстарды ушығу деңгейіне жеткізбеуге тырысады және еңбек етушілерді «өз еркімен» көмектесуге итермелейді.

Көптеген мамандар мен емшілер клиентке ықпал ету тұрғысында, яғни әртүрлі өсімдік және минералды құралдарды, дәстүрлер мен ырымдарды, мысалы, көп адамдардың алдында өз қателігін мойындау сияқтылар-ды пайдалану арқылы, оның эмоционалды жағдайын жоғарылатады.

Психологиялық ықпал ету сиқырлық сипатқа ие. Бұл ықпал етудің тиімділігі – индивид өзіне қолданылатын әдістердің әсер ететіндігіне сенеді. Осы жағдайда адамдардың эмоционалдық тұрғыда және ақпаратты алудағы қажеттіліктері қанағаттандырылады.

Әлеуметтік жұмыстың технологиялық аспектілерінің ерекшелігі ол индивидтің әлеуметтік мәніне сүйене отырып және адам психикасын ескеру барысында мақсатты бағытталған әлеуметтік іс-әрекетті қарастырады.

Психологияның өз алдына қоятын негізгі міндеті – бұл адамға өмірін мәнді, мағыналы етуге өмірлік күштерді дамыту, көмекке мұқтаждарды қолдау болып табылады.

Адам – терең әлеуметтік тіршілік иесі және әлем мен қоршаған ортамен үндестікте өмір сүруге деген құштарлық психиканың қалыпты жұмыс жасауының сапасын құрайды. Кез-келген индивид үшін психология-лық қорғаныс физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік деңгейде жүзеге асады. Аталған деңгейлердің әрқайсысы өздігімен функционалдық жүйелерді көрсетеді.

Психологиялық қорғаныс белсенді психикалық феномен болып табылады және тұлғаның жеке мінез-құлқымен анықталады. Сондықтан, осы жеке мінез-құлыққа ықпал ете отырып, психологиялық қорғаныс механизмін мақсатты бағытталған жаттығулар арқылы күшейтуге болады.

Бүгінгі таңда психологияның дербес ғылым салалары бөлініп шығуда: инженерлік психология, медициналық психология, құқтық психология, психодиагностика, психотерапия және т.б. Іс жүзінде әрбір, кәсіби қызмет түрі психологиялық аспектіге ие. Әлеуметтік жұмыстың өзгешелігі, оның технологиялық көзқарастары, жалпы психологияның түйіскен жерінің дамуында, әлеуметтік психологияның, психодиагностиканың және тағы басқа, осылардың бәрі әлеуметтік кәсіптің мақсаттарын қарастыру болып табылады, адамның психикасының ерекшеліктерін қарастыра отырып, әлеуметтік және тұлғаның маңызына сүйенеді.

Психологияның алдына қойған ең маңызды мәселесі ол адамға деген өмірінің жақсырақ және маңызды болуына көмектесу болып табылады.

Бұл үшін психологияда әртүрлі ғылыми әдістер және олардың нұсқаулары қолданылады:

— Бақылау – сырттай (сырттан бақылау), іштей, еркін, стандартталған, енгізілген;

— Сауалнама – ауызша, жазбаша, еркін, стандарттал-ған;

— Тест – тест-сұрақнама, тест-тапсырма, жобалық тест;

— Үлгілеу – математикалық, логикалық, техникалық, кибернетикалық;

— Эксперимент – зертханалық, табиғи.

§

Қазіргі заманда адамдар қартаюы жаһандық мәселе болып отыр. БҰҰ эксперттерінің болжамы бойынша әрбір оныншы тұрғынның жасы 60 және одан жоғары болған.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдары классификациясына сәйкес, қарттық жас 60-тан 74 жасқа дейін, кәрі жасқа 75 пен 89 жас, көп жасаушыларға 90 және одан да көп жыл өмір сүргендер жатады. Әлеуметтанушылар адам өміріндегі мұндай жастарды «үшінші жас кезеңі»деп атаса, демографтар «үшінші» (60-75 ) және «төртінші» 75-тен жоғары жастарды есептейді.

Дамыған елдерде азаматтардың қартаю процесі аз дегенде үш онжылдықты қамтыса, қарт адамдардың үлесі 15-20%-ды құрайды. Дамушы елдерде туу күрт азайып, қартаю белсенді сипат алады деп болжанады.

Егер кез-келген елде 60-тан асқан адамдар саны жалпы халықтың 10%-ын құрайтын болса елдің қартаю процесі деп саналады. Ал бұл көрсеткіштер Қазақстандағы жасы 65-тен асқан адамдар 7-8% құрағандығын көрсетеді. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 2050 жылдары 60 жастан асқан адамдар саны жер бетіндегі халықтың жартысын құрайды деген болжам бар. Қазіргі уақытта Қазақстандағы ерлердің өмір сүру ұзақтығы 63,6 жасты, әйелдер жасы 73,6 жасты, ал жалпы орта жас 68,6 құрайды.

Қарт адамдардың орны мен рөліне Біріккен Ұлттар Ұйымының концептуалды көзқарастары 1991 жылы Бас Ассамблеяда қабылданған болатын. Бұл принциптер қарт азаматтарды қамтамасыз етуді қарастырады:

— азық-түлікпен қамтамасыз ету, баспана және киім, медициналық қызмет көрсету, пайда табуға мүмкіндік беретін жұмыспен айналысу, өзгермелі жағдайға сәйкес өмір сүру қауіпсіздігі, көбірек үй жағдайында болу, өз қозғалыстары мен бірлестіктерін құрып, оған белсенді араласуы;

— отбасы мен қауымдастық тарапынан қамқорлық көру, физикалық, психикалық және эмоциялық жағдайларын жақсарту және қалпына келтіру, аурудың алдын-алу мақсатында медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік және құқықтық қолдауға ие болу, қамқорлық ұйымдарының қызметі, адам құқықтары мен басты бостандықтары жөнінде әлеуметтік мекемелері, оның ішінде адамдардың мұқтаждықтары, көзқарастары мен өмір сүру сапасы тұрғысында шешім қабылдауы;

— өз мүмкіндігін жан-жақты жүзеге асыру мүмкіндігі, яғни білім, мәдениет, рухани өмір және демалыс саласындағы қоғамдық құндылықтарға қолжетімді болуы;

— басқалар тарапынан қанау, физикалық немесе психикалық зорлыққа ұшырамау, қауіпсіз өмір сүру, жас ерекшелігіне, жынысы, нәсілдік немесе этникалық ерекшеліктеріне, мүгедектік немесе басқа да жағдайларға байланысты әділдікке құқығы болу.

Әлемдік қауымдастық қарт адамдарды ауыртпалық ретінде емес, позитивтік (жағымды) фактор ретінде қарастырады. Қарт адамдар белсенді, шығармашылық және пайдалы рөл атқарып, өздері туралы қамқорлықты сезінсе, болашақта жас ұрпақтар өздерін не күтіп тұрғанын білетін болады. Сондықтан да, қарт адамдардың қоғамдық өмірде белсенділік танытуы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

БҰҰ-ның 2001 жылы қабылданған Қартаю туралы стратегиясы орын алып отырған құрылымдар мен процедураларды және ресурстарды тиімді қолдану жолдарын іздеуге бағытталған болатын. Бұл ұйымдардың құжаттарында тұрғындардың қартаюы мәселесіне, ұлттық мәдениет пен жағдайларды есепке ала отырып, ұлттық әрекеттердің басымдық рөлі атап көрсетілген.

Халықаралық қауымдастық стратегиясы қартаю мәселелері (1982ж.) бойынша Халықаралық жоспарында, Бүкіл әлемдік конференция материалдарында (1952ж.) және 1992 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған 2001 жылға дейінгі қартаю мәселелері бойынша Жаһандық мақсаттарда қарастырылған. Сонымен қатар, қарт адамдардың ерекше мүдделері Халықаралық Еңбек Ұйымдарының (ХЕҰ) конвенциялары мен ұсыныстарында көрініс тапқан:

· әлеуметтік қамтамасыз етудің минималды нормалары туралы және ең төмен күнкөріс минимумын қалыптастыру (1952 ж.);

· әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары және нормалары туралы (1962ж.);

· адамдар ресурстарының даму саласындағы кәсіби бағыт және кәсіби даярлық туралы (1975ж);

Әлеуметтік қатынастар

· еңбек етуші қарт адамдар (1975ж.).

1995 жылдың 6-12 наурызында Копенгагенде өткізілген әлеуметтік даму мүддесіндегі Бүкіләлемдік жоғары дәрежедегі кездесулер қорытынды құжаттарында (Декларациялар мен іс-әрекеттер Бағдарламасында) мемлекеттер мен үкімет Басшылары тұрақты әлеуметтік дамудың негізгі мақсаттарының бірі ретінде, қарт адамдардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына көңіл бөлу және тұрақты әлеуметтік дамуды қалыптастыру мақсатында жағымды жағдаймен қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алған болатын.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қарт адамдардың әлеуметтік мәртебесінің сипаты қандай?

2. Еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қорғау тұжырымдамасының негізгі мазмұны.

3. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс әдістеріне сипаттама беріңіз

§

Үй-жайы жоқ бапанасыз адамдар қайдан пайда болады? Мұндай адамдарды қала көшелерін кезуге, жер төлелерде, вагондарда немесе ашық аспан аясында тұруға не мәжбүр етеді? Азаматттардың осы категориясына төмендегідей топтарды жатқызамыз:

1. Психологиялық патологиясы бар, ішімдікке немесе есірткіге тәуелділер, емделгісі келмейтін, отбасынан қол үзген және кезуге мәжбүр адамдар; алаяқтардың құрбандары.

2. Әлеуметтік байланыстардан айрылған, үй алуға конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігіген айрылған сотталған адам: а) үйін туыстары сатып жіберуінен немесе туыстарының өлімінен соң үйден айрылуы; б) туыстарының бірге тұрудан бас тартуы (адам өздері тұратын үйден күшпен қуылады); в) баспананы бөлу мен есепке алу құрылымының дамымағандығы.

3. Сот үкімін орындаудан немесе қылмыс жасап жасырынып жүрген адамдар.

4. Баспана ұсынған мекемеден еңбек өтілі аяқталып жұмыс істеуін тоқтауының салдарынан сот үкімімен баспананы босатуы.

5. Босқындар, ҚР басқа мемлекеттерден заңсыз түрде қоныс аударған адамда.

6. Ата-аналарынан, тәрбие мекемелерінен және интернат үйінен қашқан балалар.

Баспанасыздық жалпы ұлттық сипаттағы әлеуметтік мәселелер қатарында алдыңғы орын алады. Баспанасыздық мәселесі қазақстан нарығындағы басты мәселе болып табылады.

Рефераты:  Преступления против общественной безопасности : Реферат : Право

Баспанасыз адамдардың ішінде әйелдерден қарағанда ер адамдар көп: орта есеппен алғанда олардың жасы отыздан елуге дейінгі аралықты қамтиды; олардың 90%-ы еңбекке жарамды. Осы категорияның өкілдерінің өмір сүру көздері: садақа беру, ұрлық, қайырымдылық қорларының көмектері мен мезгілдік табыстар (шынылар қорабын жинау және өткізу, тиеу және түсіру, вагондарды жуу және т.б.) болып табылады

Қайыршылар «тұрғылықты» және «басқа қалалық» болып бөлінеді. «Тұрғылықты қайыршылар» шатырдың астында, жертөлелерде, қараусыз қалған пәтерлер мен үйлерде тіпті жылу жолдары мен құбыр құдықтарында да өмір сүреді. «Басқа қаланың қайыршылары» көбінесе вокзалда және сол маңдағы территорияларында паналайды.

Қайыршылардың барлық өмірі өмір сүруге күреспен өтеді. Олар үнемі жылы киім үшін, метроның жанындағы жылы орын, ішімдік үшін, бір екі сағат тыныш ұйқы үшін күресуге тура келеді. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалардың негізгі ерекшеліктеріне: үйлерінің, тұрғылықты тіркелімінің, құжаттарының, туған-туысқандарының, ата-аналарының және өмірде алға қойған белгілі-бір мақсаттары мен жетістіктерінің болмауы жатады. Қайыршыны бір көзқарасынан табуға болады. Сыртқы келбеті (тозығы жеткен киім және т.б.) және өздеріне тән иістері арқылы бұл адамдарды осы категорияға жатқызуға мүмкіндік береді.

Тұрғылықты мекен-жайы жоқ қайыршылардың әрбір оныншысы балалар болып табылады. Бұлар қолайсыз отбасылардан (атааналары ішімдікке салынған немесе қатыгез аямай ұрып соғады) немесе тәрбиелу мекемелерінен, немесе ата-аналары да баспанасыз қайыршылар. Мұндай балалар баспанасыз қаңғып өмір сүру салтына үйреніп, дәстүрлі өмір салтын түсінбейді және олардың нормаларына бағынғысы келмейді. Әдетте, олар топталып вокзалдарда, ал кейбіреулері тәуекелге бел буып жалғыз өздері өмір сүреді.

Қайыршылардың көбеюі қоғамдағы басқа азаматтардың өміріне кері әсер етеді, ол ең алдымен санитарлық эпидемиологиялық және қалада, ауданда қылмыстық істердің өсуін байқатады. Қайыршылар туберкулез, педикулез, дифтерия, қотыр, іш ауру, тері, соз және т.б. жұқпалы аурулармен ауырады. Санитарлық эпидемиологиялық қауіп аймақтары қайыршылардың барған вокзалдар, базарлар, қоғамдық транспорттар және т.б. жерлер болып табылды. Қайыршылары көп үлкен қалаларда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі де жоғары болып келеді.

Егер қажетті шараларды қолданбаса онда ситуация түпкілікті бақылаудан шығып кетіп, туберкулез бен басқа да жұқпалы аурулардың тек қайыршылардың емес, мемлкеттің басқа тұрғындарының арасында кең етек алуы мүмкін.

Қайыршыларға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмектердің көрсетілу және халықты санитарлық эпидемиологиялық жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында елдегі қаңғыбастық пен қайыршылық үшін ұсталған тұлғаларды әлеуметтік қайта түзеу орталықтарында қайта бейімделу орталықтарында әлеуметтік көмек көрсету маңызды болып отыр.

Мұндай әлеуметтік бейімдеу орталықтары қаңғыбастық пен қайыр сұраумен айналысатын тұлғаларды анықтап, оларды әлеуметтік қайта түзеу орталықтарына жеткізіліп, тұлғаларын анықтау міндеті жатады.

§

Экономика тарихы шаруашылық жүргізудегі адамдардың өзара қатынастарын реттеудің көптеген мысалдарын, әдістері мен технологияларын беруде. Олардың арасында әміршілік-бұйрық беру, күш көрсету-мәжбүрлеу, жоспарлы, ұйымдық-әкімшілік, түсіндіру, әлеуметтік-психологиялық және т.б. әдістерді атауға болады. Алайда кез-келген экономика шаруашылық жүргізудің өзіне лайықты әдістері мен тәсілдерін қажет етеді.

Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде шаруашылық жүргізудің негізгі әдістері — нарықтық және жоспарлы әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы кейде ойдан шығарылған пікірталасы орын алып отырады. «Әкімшілік әдістер» мен «экономикалық әдістер» ұғымдарының мазмұнын әртүрлі түсіндіру, оларды бір-біріне қарсы қоюға әкеп соқтырады да, олардың арасына өте алмайтындай етіп «қытай қабырғасын» орнатады.

Алайда, біздің ойымызша, экономикалық әдістер тек қана экономикалық заңдарды қолдануға, ал әкімшілік әдістер бұйрықтар мен нұсқауларға бағытталған деп көрсетуге негіз жоқ. Мұндай тәсілге сүйенетін болсақ жоспарлауды экономикалық әдістер шеңберінен тыс қарастырамыз, себебі жоспарды жүзеге асыруға белгілі-бір деңгейде мәжбүрлеу арқылы қол жеткізіліп отырады. Әрине «басшылық етудің әкімшілік және экономикалық әдістері» ұғымдарының мазмұны одан әрі нақтылауды қажет етеді. Бұл ұғымдар өзара байланысқан және өзара негізделген болып саналады. Әкімшілік әдістері экономикалық заңдардың әсерін назарға алып отыруы қажет. Басқаша айтқанда, олар экономикалық тұрғыдан негізделген болуы тиіс. Өзінің болмысы бойынша экономикалық әдістер әкімшілік әдістерге ұқсас болғандықтан, көп жағдайда сол бейнеде көрініп отырады.

Қазіргі заманғы әлемдік экономикалық даму негізінен екі модель бойынша жүруде.

Қазіргі уақытта америкалық экономикаға тән болып келетін алғашқы моделі тікелей әкімшіліктік реттеуді күрт шектеумен байланысты, бұл жағдайда басты рөлге өздігінен реттелудің нарықтық механизмдері ие болады. Басты принцип – экономикалық және өзге түрдегі сұранымдарын өз қабілетіне, өз еңбегінің нәтижелеріне сүйенумен қанағаттандыру. Мемлекет тарапынан көмек аса шектелген түрде болып келеді, ол уақытша төтенше шара ретінде ғана қолданылады. Алайда өзінің дамуының белгілі кезеңдерінде АҚШ-та экономика саласында әкімшіліктік әдістерді белсенді түрде қолданып отырған. Мысалы, 1933 жылы АҚШ жаңа бағытты жүзеге асырған болатын, оның мәні мемлекеттік реттеуді экономикалық және әлеуметтік процестермен күшейтуге негізделген. Мемлекеттік реттеу әдістерін шебер қолданған жағдайда олар елдің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуі мүмкін деген идея басым болған. Айта кететіні, мұндай мемлекеттік саясат халықтың кең топтарының тарапынан қолдауға ие болды, адамдардың терең экономикалық дағдарыс жағдайларында бейімделуіне көмектесті.

Тағы бір моделі — халыққа көмек көрсету, мемлекеттің табиғи қызметі, қалыпты қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ретінде, ол адамдарды кемсітпейді, керісінше ол әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. ГФР, Жапония мен Швецияда кең өріс алған бұл модель мемлекеттің ұлттық нарықтық шаруашылығының қалыптасуына белсенді түрде әсер етумен, халықтың жағдайы төмен топтарын әлеуметтік қамту және әлеуметтік қолдаудың мықты жүйесімен, жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік бюджеттік шығындардың салыстырмалы түрдегі жоғары үлесімен, мемлекеттік меншіктің елеулі салмағымен сипатталады.

Мысалы, Л.Эрхард өзінің ГФР әлеуметтік-экономикалық жүйесі туралы тұжырымын, еркін нарық пен еркін бәсекелестік құрайтын «әлеуметтік нарықтық шаруашылық» ретінде белгілеуде. Алайда ГФР-дың «еркін» нарықтық шаруашылығы мемлекеттің аса белсенді түрде ат салысуымен құрылып отырған: атап айтқанда ауыл шаруашылығы, көмір өндіру өнеркәсібі, қара металлургия, көлік, тұрғын үй құрылысы бақыланбайтын нарықтық бәсекелестік саласынан шығарылып тасталып және мемлекетпен белсенді түрде реттеліп отырды. Сондай-ақ мемлекет коммуналдық инфрақұрылым мен мемлекеттік кәсіпкерліктің ауқымды саласын да реттеп отырды, сонымен қатар өндіріс көлемін, бағаларды бақылап, мемлекеттік бюджеттен демеу, қаржы мен несие ұсынып отырды.

Профессор Х.Ламперттің (ГФР) пікірінше, әлеуметтік нарықтық шаруашылық — бұл қоғам мен экономикадағы еркін, экономикалық тиімді, тұрақты тәртіпке әкелетін бірден-бір жол деп көрсетті.

§

Барлық халық, әсіресе жоғары тәуекел тобына жататын адамдар алдын-алу жұмыстарын қажет етеді, соның ішінде жас жеткіншектер, жасөспірімдер, қарт адамдар, сонымен қатар асоциалды өмір салтымен жүретін адамдар және т.б. Бірақ алдын-алу саласындағы әлеуметтік қызметтер бұл адамдар категориясына қажетті тәсілдер мен бағыттар жағымсыз жақтарға емес, жағымды потенциалға сүйене отырып, жұмыс жасауы қажет.

Бұл парадигманы өзгертуге, тек ауруларды емдеуге бағдарланған және халыққа көмек көрсететін бұрынғы медициналық моделден ауытқу тенденциясын білдіреді. Жаңа моделдің ең басты қызметі индивидтің бойындағы ауру себептерін, негативті салдар тудыратын психоло-гиялық және әлеуметтік жарақаттарды іздеуге назар аудару болып табылады.

Алдын-алу биологиялық немесе генетикалық факторларды жоққа шығармайды, бірақ оларды кең психологиялық және мәдени тұрғыда қарастырады.

Орын алып отырған өзгерістер тек емдеу процесінің алдын-алу іс-шараларына қайта бағдарлануға ғана негізделмейді, сонымен бірге, бұл жаңа модель алдын-алуды ұйымдастыруда да айтарлықтай маңызды болып табылады. «Алдын-алу» деген сөздің өзі қандай да бір жағымсыз жағдайды жоспарланған ескертумен, яғни қандай да бір жағымсыз салдарды тудыратын себептерді жоюмен сипатталады.

Алдын-алу іс-шаралары қажетті нәтижеге жетуге бағытталған, жоспарланған әрекеттер түрінде болуы, сонымен қатар, орын алуы мүмкін негативті құбылыстарды жою барысында жүргізілуі керек.

Алдын-алу іс-шараларын келесілерге бағытталған ғылыми негізделген және уақытында қабылданған әрекеттер арқылы түсіндіруге болады:

— жекелеген мүгедектер мен тәуекел топтарында мүмкін болатын физикалық, психологиялық, әлеуметтік-мәдени қақтығыстардың алдын-алу;

— адамдардың қалыпты денсаулығы мен өмір деңгейін сақтау, қорғау және қолдау;

— алға қойған мақсаттарына жету мен ішкі мүмкіндіктерін жетілдіруге көмектесу.

Көп жағдайда бастапқы алдын-алу іс-шаралары кешенді әдістерді қажет етеді, яғни ол мүмкін болатын мәселелерді жоюға немесе қойылған міндеттерді шешуге қабілетті құрылым мен жүйелерді іске қосуы қажет.

Әлеуметтік жұмыстың маңызды принциптерінің бірі, адамдарға көрсетілетін көмек олардың әлеуметтік және физикалық жағдайын басты назарға алуы болып табылады. Алдын-алу іс-шаралары да осы принцип негізінде қалыптасуы қажет.

Алдын-алу іс-шараларының тәжірибесі үнемі даму үстінде болады, сонымен бірге оның мазмұндық бөлігін қамтитын кейбір негізгі элементтерді бөліп қарастыруға болады.

1. Бүгін немесе ертең орын алатын жағдайды түсіну үшін адамның отбасына, достарына, көршілеріне, тұрғылықты жеріне, жұмысы немесе оқуына, табиғи ортасына қатысты кез-келген маңызды мәселелер.

Күнделікті өмір стрестік факторларға толы, олар байқалмай жинала отырып, кумулятивті (шоғырландырылған) әсерге ие болғанмен, олардың әрқайсысы күрделі әлеуметтік мәселелерге себеп бола алмайды.

Сондықтан да алдын-алу әдістері жүйелі сипатқа ие, яғни, олар адам бойындағы, әлеуметтік және табиғи ортадағы стрестердің шығу көзін түптамырымен жоюға бағытталған.

2. Алдын-алу шаралары — бұл мәселелерге жауап беру емес, олардың пайда болуын жоюға тырысады. Олар өмірлік күйзеліс сәтінде немесе күтпеген оқиғалар нәтижесінде пайда болатын мәселелерді (ата-аналары ажырасқаннан кейін пайда болатын мәселелер) басынан өткізбеген азаматтарға бағытталған.

Клиент пен әлеуметтік қызметкер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластық негізінде құрылып, олардың әрқайсысы аталған мәселені шешуге өз үлесін қосуы тиіс.

3. Алдын-алу әдістері адамдарды алға қойылған мақсаттарға жету мен денсаулығын сақтауға көмектесетін жаңа дағдыларға үйретуді қамтиды. Сонымен қатар, аталған қызметтер адамның қалыпты өмірлік іс-әрекеттерін қолдап, ынталандырып отыратындай әлеуметтік ортаны өзгертуге бағытталған. Жүйелік бағыт бұл өзара байланысқан факторларды есепке алады. Көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері көп жағдайда алдын-алу жұмыстары үшін де қолданылуы мүмкін. Мысалы, позитивті өмірлік дағды тренингі терапевтік мақсаттар үшін дайындалған, бірақ олар пайдалы әлеуметтік дағдыларды қолдау үшін де кеңінен қолданылады.

4. Алдын-алу іс-шаралары әлі пайда болмаған мәселелерді шешуді көздейді. Сондықтан да, кейбір алдын-алу іс-шаралары мәселелердің пайда болуынан көп бұрын, ал кейбіреулері пайда болу алдында ғана қабылданады.

5. Соңғысы, алдын-алу іс-шаралары қойылған мақсаттарға жетудің қолайлы жолдарын табу, болжанатын мәселелерді жою үшін арналған және бұл алдын-алу іс-шараларының құндылығы мен маңыздылығын көрсетеді.

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий