Ұлы дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты презентация, доклад

Ұлы дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты презентация, доклад Реферат

Қазақстандағы тарихи сана қалыптастыру саясаты жоспар: ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты «халық тарих толқынында»

Қазақстандағы тарихи сана қалыптастыру саясаты
Жоспар:

1. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты

2. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи санаы қалыптастырудағы маңызы

3. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы

Әрбір мемлекет өзінің дамуы барысында ең алдымен мемлекеттің тарихына ерекше орын береді. Елімізде де тарих ғылымы қоғамдық-саяси өмірдің алдыңғы қатарына көтерілді. Өйткені Отан тарихы ұлттық сананың іргетасы болып табылады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының басым бағыттарының бірі болатын. Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан ірі саяси оқиғалар ел тарихында жаңа кезеңдерге негіз болды.

Бүгінгі таңда ұлт тарихын ұлықтаудың теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектердің тапшылығы тарих ғылымындағы кешенді ізденістерді зерделеуге бастайтын күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, аталған мәселелердің түйінін тарқату мақсатында Астана қаласында Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиынды ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті проблемаларына арналды. Бұл жиылыс Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Мемлекеттік хатшы М.М. Тажиннің: «…Соңғы жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаев қалыптасқан мемлекетіміздің тарихын бүгіннен бастап қағазға түсіру, оны жүйелеп, зерделеу міндетін алға шығарды. Сол арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсаты көзделді. Еліміздің тарихи санасын қалыптастыру, ең алдымен күнделікті маңызды оқиғаларды хатқа тізіп, елдікті насихаттаудан басталады. Сондықтан бізге түсінікті тілде жазылған ұлттық тарих керек…» – деуінің өзінде үлкен мән бар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді, осы тұжырымдаманың негізінде: «Тарихи білімнің негізгі басымдықтары», «Тарих ғылымының проблемалары», «Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі» сияқты басты бағыттар қамтылынды. Ата тарихымыздың бұрмаланған беттеріне қоғамдастық ғылым жолындағы ғылыми әлеуеттер өкілдері де айтарлықтай іргелі ізденістер жүргізді. Басталынған іргелі мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын алға тартты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айтпай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерттеулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақпараттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бәсеңдемейтіні айдан анық. Қазіргі кезде қазақ тарихын зерделеуде қандай проблемалар бар, болса оларды шешудің жолдары қандай деген келелі пікір-алмасуда ең алдымен Отан тарихын зерттеушілерді ғылыми танымның бұрын-соңды қол жетпеген биігіне бастайтын, яғни жаңа методологиялық негізді, тұжырымдар мен ұстанымдарды түзетін басымдықтарға жол ашқан жөн. Методология түзелмей, ғылыми нәтижелер жаңармайды. Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани, т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте, ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау.Екінші іргелі мәселе – тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе – ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. Әр уақытта да ғылым пікір алмасу арқылы дамиды. Сондықтан, бүгінгі егеменді еліміздің елдігін айқындауда сөз жоқ, ұлтқа тарих керек. Оны дәлелдеп отырудың қажеті жоқ. Бірақ, XXI ғасырға қандай тарих керек? Ол жан-жақты, жүйелі, шынайы, ғылымға негізделген тарих болуы қажет. Ұзақ уақыт бойы ауызша айтылған тарихқа қанағаттанып келдік. Ал, тарихтың ғылыми-деректік тұжырымға көшкеніне біраз болды. Осыған орай, қазіргі XXI ғасыр да, ұлт та бізден жазба тарихты талап етіп отыр. Екіншіден, ғылыми тарих та керек. Сөз жоқ, тарих барлық уақытта да мүмкіндігінше жазылды.

Елбасының ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына орай Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің ұлттық тарихты нақтылау, жаңғырту және дамыту туралы айтылған сөзі қазақтың тарихшы ғалымдарына бір серпіліс, рухани қуат беретіні ақиқат. Кез-келген ұлт пен ұлыстың өз тарихын білмеуі қатер, ол бейқамдық асқынса құрдымға бастайды. «Есі кірген ел ескісін іздейді» деген аталы сөз – шындық. Бұл Тәуелсіздіктің нәтижесі. Міне, осындай елдіктің арқасында алқалы топтың алдында мазмұнды баяндама жасаған Мемлекеттік хатшының халықтық дүниетанымды қалыптастыруды қозғауы, қазақ елінің қадір-қасиетін, төрткүл дүниеге түгел даңқы жеткен биік абыройын сөз етті.

Ұлттық сананы қалыптастыру тарихи білім беруге байланысты. 1995 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілген. Сонан бергі атқарылған ауқымды жұмыстардың ішінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар ұшан-теңіз. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану үдерісі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыруда уақыт күттірмейді, керісінше жалғастыруды талап етуде. Тарихтың терең зерттелуі – елдіктің, отаншылдықтың белгісі. Қазақ тарихы өркендеп өссе, ұлттың рухы өрлейді.

Рефераты:  Реферат: Статистический анализ структуры денежных доходов населения России -

Тарихтағы адам, ұлт және мемлекет факторын оң пайымдау өркениеттік ілгерілеу мен іркілістегі Қазақстан орнын лайықты анықтауға шылбыр ұстатады. Адамзат баласының тәжірибесі тарихи ахуалға қарай аз халықтан да әлемдік тұлға шығатынын, көп халықтың да жаңсақ басуға баратынын айғақтап отыр. Интеллектуалдық ізденісті серік еткен, бәсекеге қабілетті қоғамның тарихқа қосары да, тарихтан алары да мол болмақ. Кез- келген дамудың мазмұны мен нәтижесі жалғастық пен сабақтастықта жатыр. Бұл қағида бұзылған жерде ілгерілеу болмайды. Мыңдаған жылдар бойы желісі үзілмеген сабақтастық қара шаңырақты ұстап қалған қазақтарға ақыл мен қайратты, ыстық жүрек пен сабырды молынан дарытып, жүз жыл жоңғарлармен соғысқанда, 260 жыл отарлау мен тоталитаризмнің қыспағында қалғанда дұшпанына жер бетінен жойып жіберуге мүмкіндік бергізбеді. Қазақ мың өліп, мың тірілді, ХХІ ғасыр қарсаңында азаттыққа қол жеткізді. Ұрпақ сабақтастығын, яғни ұлы дала тарихына тән бірегейлікті сақтап қалған құдірет не десек, ол – ғасырлар бойы үздіксіз түзілген рухани-мәдени байлық, ол – қазақ әйелінің демографиялық тасқынды бәсеңдетпеген ерлігі. Бұлар қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің іргетасын қалады, қуатын арттырды. Тарих – бәсекеге, сұрапыл сынаққа төтеп бергендердің алатын еншісі. Отан тарихын зерттегенде әсте ұмытуға болмайтын методологиялық ұстаным адамдар іс-әрекетімен жасалатын тарихтың екі-ақ негізде өрбитініне қатысты. Бірі – табиғи-ырғақты тарихи үдеріс, екіншісі – отарлаған немесе өктем сырт күштің тегеурінімен жасалатын тарих. Ұлы дала екеуін де бастан кешті.ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жеріне келген қытай, араб, моңғол, жоңғар басқыншылары – бәрі сайын даланың табиғи-ырғақты тарихи үрдісін бұза алмады, қайта өздері қазақтанып кетті. Орыс отарлауы да табиғи-ырғақты дамуды шайқалтқанмен, тамырын қиюға ғұмыры жетпеді. Ұлттың табиғи-ырғақты дамуын күйреткен алапат кеңестік тоталитаризм саясатының негізінде қазақ жерінің біраз бөлігі талан-таражға түсті, елі үшін еңіреген зиялылар атылды, қуғындалды, қазақ тілі бейшара халге ұрынды, аштық миллиондаған қандастарымыздың басын жұтты, демография бұзылды. Ең ауыры – ұлттық жөргегінен жеріген, бөтеннің құндылықтарын қастерлеген, аты қазақ, заты бөлек ұрпақтар легінің өсіп шығуына жол ашты. Ұлттың тұтастығына, болашағына, мемлекет тағдырына төнген қатердің жиынтық көрінісінің куәгеріміз. Осы орайда, бүгінгі ұлттық тарихымызға дағдарыс пен іркілістен гөрі ізденіс, теориялық-методологиялық жаңару, қайта өрлеу қажет. Қазіргі уақыт аралығында ата тарихымызды қайтадан зерделеуде ежелгі дәуірден тартып, Астананың ауысуына дейінгі үдерістер жаңаша бағамдалып зерттелуде, бұрын-соңды қолға түспей келген дереккөздер жариялануда. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи таным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айтпай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерттеулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақпараттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бәсеңдемейтіні анық. Демек, Отан тарихынан, тарихнамасы мен деректанудан, археологиясы мен этнологиясынан жазылған, жазылатын еңбектердің методологиясын қарабайырлықтан, эклектикадан, еліктегіштіктен қорғап, басты назарды тарихи заңдылықтарды дәйектеуші өреге аударатын уақыт келді.

Ұлттық құндылықтарымыздың бірегей бағытындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі Қазақстан тарихындағы орнына баға беру. Қазақстан өлкелерінің тарихына барынша назар аудара отырып, осы бағытқа арналған оқулықтар, ғылыми шығармалар дайындауға аймақтағы тарихшылардың біліми – ғылыми потенциалдарын ұйымдастыруды қолға алу бағытында жұмыс жасау. Сонымен қатар, арнайы орта, жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқылатын «Өлкетану» пәнін енгізу арқылы ұлт тарихын ұлықтаудың ғылыми арнасын кеңейте түсері даусыз. Тарихтағы адам, ұлт және мемлекет факторын оң пайымдау өркениеттік ілгерілеу мен іркілістегі Қазақстан орнын лайықты анықтауға жағдай жасайды. Интеллектуалдық ізденісті серік еткен, бәсекеге қабілетті қоғамның тарихқа қосары да, тарихтан алары да мол болмақ.

2021 жылы 5 маусымда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы М. Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиын ҚР Мемлекеттік хатшы М.Тәжин көтерген Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне арналды және Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Тарихшылардың осы алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді.

Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы – бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің – саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді.

Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте – ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау. Екінші іргелі мәселе – тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе – ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеуші» емес. Ендігі жерде тарихшы «пайымдаушыға» – зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қой­майтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға айналуға тиіс.

Рефераты:  БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАРДЫ САБАҚТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді.«Халық тарих толқынында» бағдарламасының басты мақсаты – озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеуүшін жағдай жасауболып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Президент: «…Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең… Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді. Мұндай мемлекеттер жаңа заманға сай қоғамдық қатынастарды жетілдіре алмады.

Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында (11 қараша 2021 ж.) 2021 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіндігін мәлімдеді. Ал, 2021 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2021 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» (№ 1448) қаулысы қабылданды. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу – «батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін» жас ұрпақты мемлекетімізді құрметтеуде, отансүйгіштікке баулуда, «мемлекет» және «мен» деген ұғымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз.

1915 ж. 11-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді. Салтанатты жиынға ӘР-ның Президенті И. Әлиев, ҚР-ның Президенті А. Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері И. Йылмаз, ТР-ның Үкіметінің вице-премьері С. Тойлиев және т.б. қатысты. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Қытай, Иран, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдерден мыңнан аса қонақтар келді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. …Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын» дей келе, «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды», – деді. Ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек – Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйеніп, Елбасы 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғалар жөнінде: «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады» деп атап көрсетті. «Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді» деп тарихымыздың кезеңдеріне тоқталды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. … Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз». Айта кетер жайт, Президент Н. Назарбаев Ұлытау сұхбатында: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген еді. Салтанатты жиында сол сөзінің жалғасы ретінде: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» – деп түйіндеді Елбасы.

Рефераты:  Курсовая работа: Полномочия главы государства в системе государственного управления -

Достарыңызбен бөлісу:

Пайдаланылатын әдебиеттер – лекция №12 ұлы дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты

 

8.Пайдаланылатын әдебиеттер: 

Негізгі: 

1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2021  

2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: 

алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. 

– Алматы, Қазақ университеті, 2021 

4. Алан Барнард. Антропология тарихы мен теориясы [оқулық] / А. Барнард; ауд. Ж. 

Жұмашова, 2021. – 240 б. 

5. Шваб К. Төртінші индустриялық революция [монография] / К. Шваб; ауд.: Н. Б. Ақыш, 

Л. Ә. Бимендиева, К. І. Матыжанов, 2021. – 198 б.  

6. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2021 

7. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. А., 2021  

8. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 

2021. – 328 стр.  

10. Артыкбаев Ж.О., Раздыков С.З. История Казахстана: Учебник. – Астана: Фолиант, 

2021. – 344 с.  

11. Сандыбаева А. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Оқу құрал. Түркістан, ХҚТУ, 2021. 

-128 б. 

Достарыңызбен бөлісу:

Ұлы дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты презентация, доклад

Текст слайда:

Ресей Федерациясы екі мемлекеттің шектесетін шекарасы 7591 км.

Ресейда 1 млн қазақ тұрса, Қазақстанда 3 млн орыстар тұрады.
Қарым – қатынасының бағыттары: достық дипломатия, отын – энергетика, көлік комуникация, әскери – техникалық, өнеркәсіп, мәдени т.б.

Ортақ ұйымдары ТМД, ЕЭО, ШЫҰ, Ұжымдық қауіпсіздік.
– Ресейдің Қазақстанда 5 әскери полигоны бар:
– “Атырау – Тайсойған”, “Ақтөбе – Ембі ”, “Жамбыл – Сарышаған”, “Қарағанды – Бетбақдала”, “Орал – Капустина” және ең үлкен космодромы “Байқоңыр” 2050 жылға дейін жалға берілген.

Ұлы даланың жеті қыры: тарихи сананы жаңғырту

Тарихи сананы жаңғыртады

Менің ойымша, мақаланың тарихи-философиялық мәні – «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі» делінген терең тұжырымда жатыр. Бұл ретте Елбасы «уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғыс­қан кезде ұлт тарихының басталатынын» дөп айтқан. Осы байлам негізінде елдің тарихы дегеніміз әр кезеңде өмір сүрген кез келген адамның санасында уақыт пен кеңістіктің бейнеленуі болып шығады. Егер «Тарихты тұлғалар жасайды» деген қағидаға қол қойсақ, адами капиталдың маңыздылығы сүт бетіне шыққан қаймақтай айқын көрінеді. 

Мақаланың бірінші бөлігін­де Елбасы әлемдік өркениетке қо­мақ­ты үлес қосқан ұлт өр­кениетінің жеті қырына тоқ­талады. Осы арқылы тарих пен мәдениетіміздің тамырының тым тереңде жатқанын қолмен қойғандай көз алдымызға әкеледі. Бұған қоса, әлемдегі түркі тектес халықтардың түп Отаны – Қазақстан екенін байыппен баян­дайды. Әсілінде, мұрагерліктің бізге зор жауапкершілік жүктей­тінін әрқайсысымыз ұдайы сезі­ніп жүруге міндеттіміз.

Мақаланың екінші бөлімін­де тарихи сананы жаңғыртуға қатыс­ты тың жобалар ұсынған. Олар «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемнің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технология­лар музейі», «Дана фольклоры мен музейінің мың жылы», «Тарихтың кино өмірі мен теле­визиядағы көрінісі» деген атаулармен берілген.

Осы атауларға қарап-ақ, Елба­сының ұлт руханиятына деген шексіз қамқорлығын сезінуге болады. Аталған жобалар үздіксіз рухани дамуымыз арқылы жаңа мәдени сатыға көтерілуімізге баға жетпес тарихи мүмкіндіктер тудырып отыр.
Осы басым бағыттар мен дала өркениетінің қасиетті қырларын нақты жобалар арқылы іске асыру алдағы ортақ міндетіміз болмақ. Ұлт руханиятын кемелдендіре­тін, әр­кімнің өр рухын оятатын осын­­дай міндеттердің негізін­де хакім Абайдың «Толық адам», Шәкәрім қажының «Ар ілімі», Ж.Баласағұндай данамыз­дың «Жо­март­тық», Қ.А.Ясауи баба­мыз­­дың «Хал ілімдері» жатса құба-құп.
Мақалада көрсетілген бағыт­тар мен жобаларды іске асыру­дағы басты мақсат – бірнеше том кітаптар шығару ғана емес, алдымен ізденіс жұмыстарын кешен­ді жоспарлау, нақты қаражат көзін анықтау, алынған тарихи-ғылыми және көркем туындыларды заманауи сандық форматта халықтың рухани қажетіне ұсыну болса керек. Киноның көрермені, кітаптың оқырманы көп болғаны абзал.
Егер кез келген туынды әрқай­сысымыздың рухани қажетімізге жарап жатса танымымыз өсіп, тұғы­­рымыз нығая түсер еді. Бір­лігіміз күшейіп, тірлігіміздің ажары кірер еді деген сенімдемін.

Нұрлыбек МЫҢЖАС,

«Рухани жаңғыру» орталығының директоры

Қызылорда облысы

Қазақ халқы – мәдени қуаты бар халық

Әдетте, өркениет көшіне ілесе алмай, даму жолының күресі­нін­де қалған халықтар өздеріне қарағанда әлдеқайда озық елдерден үлгі алып, солардың соңынан ілесіп, тал қармағандай болады. Бірақ бұл модерндік үлгідегі даму жолының бүгінгі таңда ескіріп, іске жарамсыз жағ­­дайға жеткені күн өткен сайын айқындалып келеді. Суб­мә­дени нигилизмге бел­шесінен бат­қан Батыстың, діни фанатизм шең­берінен шыға алмаған Шы­ғыс­тың өзге түгілі, өзіне үлгі бола алмайтынын уақыт дәлелдеп берді. Ендігі кезекте әр халық өзінің мәдени мұрасына, ұлттық танымына, рухани қазынасына көңіл аударып, соны малданып, тар жолда қолына ұстаған шам­шыра­ғына айналдыруы – уақыт талабы, сондықтан әлемдік озық тәжірибелерді өз елімізде іс жүзінде пайдалануда халықтың ұлттық сана ерекшелігімен сана­суға тура келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тамыры тереңде жатқан қазақ халқының тарихын жаһандық тарихнамаға нақ­ты ғылыми дәйектермен ен­гізу­ді мақсат тұтады. Өрке­ниет көшін­де өзіндік позиция­сын бекі­те бастаған қазақ халқы­ның есебі түгел болып, бәсі төмен­­демесі рас, себебі қазақ хал­қы – ғасыр­­лар қойнауынан бас­тау ала­­тын мыңжылдық тари­хы, кеме­ліне жеткен бай тілі мен мәде­ни қуаты бар халық. Осы­ның барлығы қазақ халқы­ның жаһандану үрдісі өршіген заман­да қорған болар ұлттық иммуни­тетіне айналатынына сенім тудырады. 

«Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сы жарық көрген күннен бас­тап, Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейі де қызу жұмысқа кірісіп кетті, осы уақытқа дейін әдеби-мәдени мұраны жаңғырту, на­си­хаттау мақсатында талай іс-шараға мұрындық болып келді: өңіріміздегі бірқатар жас ақындарға шығармашылық қол­дау көсетіп, әдеби кештерін, қыл­­қалам шеберлері өнер туын­­ды­ларының көрмелерін өткізді, жыр мүшәйралары мен суретшілер бәйгелері сияқ­ты бірқатар көлем­ді шаралар­ды қолына алып, үлкен жауап­кер­шілікпен ұйым­дастырды. Музей қызметкер­лері бұдан әрі де қазақ халқының рухани әлемін байыту жолында қарқынды қызмет ете бермек. 

Нұрболат ӘЛМЕНОВ,

Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері 

Ақмола облысы

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий