Наука и образование – 2014

Наука и образование – 2014 Реферат

Тіл қызметінің когнитивтік негіздері

Тіл қызметінің когнитивтік негіздері

Лингвистика ғылымының даму тарихында бүгінгі күні дәстүрлі үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентірлік.

Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа ие болып барады. Мұның негізгі себебі лингвистикадағы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұтынушы ұлтты бірінші кезекке қояды. Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады. «Қабылдау», «ойлау», «тіл», «есте ұстау», «әрекет ету», «білім» тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар жалпы есім деңгейінен шығып, жалқы есім деңгейінде бір мақсат, бір міндет аясынды бір-бірімен тығыз байланыста қарала қойған жоқ.

«Қоршаған шындық өмірді саналы түрде тану мен адам тәжірибесін категориялау тілмен байланысты болып келеді, өйткені адамның когнитивтік қызметі барысында алынған мазмұндық ақпарат тіл мен тілдік формаларда көрініс тауып, сөйлеу арқылы білдіріледі. Диалектикалық формадағы когнитивтік процестер тілмен тығыз байланысты, оның себебі тіл адамдардың қоғамдық тәжірибесі мен дүние туралы білімдерін бекітіп отырады. Ал біздің сана құрылымы туралы білгендеріміз тек қана тілге байланысты, тіл осы құрылымдар туралы хабарлауға және оларды кез-келген табиғи тілде суреттеуге мүмкіндік береді» [1,21].

Осымен байланысты назар аударатын жағдай: тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Керісінше тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыстың негізінде тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді.

Дәлірек айтқанда, когнитивтік лингвистика дәстүрлі лингвистиканың тар аумақта шектелуін болдырмауды және тілдік «сыртқы» көріністері арқылы танылатын терең әрі жан-жақты заңдарын көріп білуді мүмкін етеді. Қазақ жалқы есімдерін зерттеуге арналған когнитивтік әдіс кезінде тілдік таңбаларда, жалқы есімдерде берілген білімдерді концептілеу мен категориялау процестері ескерілуі керек, суреттелуі тиіс. Дүние туралы ғаламның тілдік бейнесін ономастикалық тұрғыда концептілерін вербалдау тәсілдері тұрғысында карастыру керек.

Е.С.Кубрякованың пікірінше: «лингвист объективтік шындық туралы түсінік соңында жеке, лингвистикалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен қалай байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс» [2,37].??

Тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.

XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын имманентті зерттеу жеткіліксіз болып табылды да, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туып отыр. Осы қажеттілік лингвистика ғылымында жаңа ғылыми бағыттың және соның, негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигманың дамуын талап етті. Демек, бұл-тілді зерттеудің мүддесін обьектіден субьектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы -және керісінше тілді адам арқылы анықтау болып табылады.

XXI ғасырдағы тіл білімі құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастық, жалғастықпен және тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы деп емес, ұлттық рухани-мәдени коды ретінде қарастыратын антропоцентристік бағытпен сипатталады. Оның ірге тасы В.Гумбольдт, И.Гердер, Г.Штейнталь, А.Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектерімен қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сәйкес, адам өзінің парасаттық, рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы алады. Сол себептен де кез келген ұлт тілінің табиғатында сол ұлттың неше ғасырлық терең сырға толы қазынасы, тілі, мәдениетінің қайнар көзі жатады. Бірақ тіл жалпы шындықты емес, адамдардың белгілі бір ұжымы өмір сүретін ортаның шындығын жай көрсетіп емес, суреттеп береді. Және бұл арада тіл дүниені тікелей, тура суреттемейтінін атап өткен маңызды. Тілде адамның дүниені қалай қабылдайтыны, түсінетіні көрініс табады. Сондықтан да В. фон Гумбольдт: «Разные языки-это отнюдь не различные обозначение одной и той же вещи, a различные видения ее», деп тұжырымдайды (3). В.Гумбольдт, А.А.Потебня, М.Хайдеггер т.б. тілді рухпен, шығармашылық қызметпен байланыстырады. Яғни тіл-ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі (4). Сондықтан да жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес тілді зерттеуде негізгі назар тілдік түлғаға аударылды, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Атап айтқанда, антропоцентристік парадигма бірінші орынға адамды (тілдік тұлғаны) шығарады да, ал тіл адам танымын құрастырушы сипатта қарастырылады (Л.Леви-Брюль, Б.Малиновский, К.Леви-Стросс, Ю.Н.Карауылов, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян т.б.)

Жалпы адам баласына тән бұл әмбебап танымдық үлгілер (модельдер)-тілдің «терең құрылымдарында» туатын тілдің күрделі когнитивтік қызметінің жемісі. Бұл арада когнитивтік модельдер адамның ойы мен санасының арасындағы аралық бейнені көрсетеді. Яғни қабылданатын ақпарат когнитивті модельдерде «кодталады».

Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, «таза», тілдік жеке ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма-когнитивті лингвистика, онымен сабақтас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен т.б. байланысуы қажет. Осы байланыс адам санасы қалай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мәліметтер қалай танымға айналады, ментальдық кеңістіктер қалай жасалады деген сүрақтарға жауапты тілдің терең құрылымдарын зерттеу арқылы анықталады да бұл мэселелер этнолингвистикалық аспектіде — В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир, Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика тұрғыда-К.Юнг, А.Н.Леонтьев, А.Шахнарович т.б.; лингво мәдениет танымдық сипатта — Э.Тейлор, Э.Маркарян, Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б. ғылымдардың, ғылыми зерттеу еңбектерінде философиялық, психологиялық, этностық, лингвистикалық теорияларының жүйесі дүниені тұтас танудың теориясы шеңберінде тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайды. Қазақ тілінде когнитивтік лингвистика ғылымының ғылыми-теориялық негіздерімен бірге келелі тұжырымдамаларды айтып жүрген ғалым Ж. Манкееваның тұжырымдауынша мынадай негізгі үш ұстанымдардың негізінде қарастырылады:

1.Қоғамдық тәжірибеге негізделу, яғни дәстүр жалғастығы танымның қазыналық сипаты.

2.Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі — ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіндік жасау. Осыған қатысты мына пікірдің мәні ерекше: «Лексема, вопреки принятому мнению, не передет информаций как таковой, она лишь актуализирет, возбуждает в сознании слушающего уже имеющиеся у него лексические понятия и тем самым создает базу для передачи информации» (5).

Басқаша айтқанда — тіл арқылы бейнелілік пен дүниедегі обьективті шындықты субьективті түрде, яғни символдар арқылы беру.

З.Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол-таным моделінің құрылымдарының тұтасуынан түратынын сипаттайды.

Байқап отырғанымыздай, жоғарыда көрсетілген тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайтын үш сипатының да ортақ қасиеті-тұтастырушылық, тұтас күйдегі таным тудыру. Сондықтан осы қасиеттерге сүйенбей, адамның ментальдық қызметі мен тәжірибесінің қалыптасуы мен сақталуын, ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамассыз ету мүмкін емес. Таза тілдік тұрғыдан ол тілдің кумулятивтік қызметімен тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланыста болып, тұтас күйіндегі когнетивті парадигма құрайды — деген тұжырымдама жасайды (6,41)

Тіл білімі дамуының қазіргі деңгейіне сай когнитивті лингвистика тілдік семантика, жүмсалымдық (функционалды) лингвистика т.б. тілді жалпы когнитивті тетік ретінде қарастырады. Атап айтқанда, жұмсалымдық лингвистика тілдік құралдарды, когнитивтік модельдер мен тәсілдердің вербализациялануын (тілдік тұлға, «ғаламның тілдік бейнесі» т.б.) айқындайды.

Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты айтылатын «когнитология», «когнитив» терминдерін қазақ тілінде «таным» термині арқылы беріліп жүр. Танымды танымдық ғылым немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентристік бағыттағы тіл біліімінің үлкен бір саласы деп атауға болады. Танымдық ғылымның бастауы өте ертеден бастау алатындығына тіл философиясы мен жалпы тіл білімі пәндерінің негізінде көз жеткізуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі нысаны таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой, тіл мен сана болып табылады. Ғылымдардың атасы саналатын философия тарихын зерттеген Аристотель, Платон, әл-Фараби еңбектерінде тілдің таным құралы бола алатындығы жөнінде пікірлерді кездестіруге болады. Мәселен, ғұлама ойшыл Платон «Кратиль» атты философиялық еңбегінде: «белгілі бір затқа танылған атаулардың көмегімен қоршаған ортаны тану танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл жүйенің ең жоғарғы сатысы тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады» (7,56)-деп, тілдің таным құралы екендігіне ерекше көңіл бөлген. Тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының ауқымды екендігіне бүгінде шетелдік, отандық ғалымдар, зерттеушілер баса назар аударып келеді. Және де бүгінгі таңда лингвистердің зерттеу нысандарының негізгі көзіне айналды деуге де болады.

Рефераты:  бионика - Реферат Предмет биология Бионика это интересно Ловягин Георгий Дмитриевич Класс 11

Когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға мынадай анықтама беріледі: «Когнитивная лингвистика — это «лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнетивный механизм, как когнетивный инструмент-система знаков, играющих роль в репрезинтаций (кодировании) и трасформировании информации».

Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымның маңызын В.А.Маслова былайша анықтайды: «Когнитивная лингвистика доплняет анализ языка анализом речи, различных контекстов употробление соответствующих лексем, зафиксированных в текстах суждений о концепте, его определений в разных словарях и справочныках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок, афоризмов, в которых концепт репрезентирован» (9, 25). Демек, когнитивтік лингвистика когнитивтік жүйедегі лингвистикалық бағыт болғандықтан, тілдің танымдық сипатын тереңнен қарастыруға мүмкіндік береді. Тілдің когнитивтік бейнесін тілдегі кез-келген тілдік бірліктердің астарынан көруге болады. Мәселен қазақ тіліндегі мақал-мәтел, фразеолизимдер, қанатты сөздер қазақ халқының сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бірліктер болып табылады.

Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл білімінде қалыптасуы

Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды./10/ Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде К.Ә. Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» (Алматы: Ғылым, 1998,-1406.) монографиясын атауға болады [11]. Монография авторы алғы сөзде былай деп көрсетеді: «Зерттеу проблемаларын тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені психофизиологиялық (нақтырақ айтсақ, бұл психофизиологиялық эстетикаға жақындау), психологиялык, (негізгі психоаналитикалық теориялардан басталады), философиялық, тілдік әдебиеттану (соңғы үшеуі семиотикалық сипатта) тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз [11,5]. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарастырылған [11]. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда.

«Тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудын, тіл мен танымның ара қатынасы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатынасын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі» [11,3].??

Сондай-ақ ғалымның көрсетуінше, «ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни, сана сыртқы факторларға таңулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманын бойына жинақтау арқылы шешеді» [17,8].

Профессор Ж.Манкееваның «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу (экскурс) жасалды. Ж.Манкеева мұнда былай деп атап өтеді: «Тіл мен ойлау бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік және ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма — когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тұтасуы» [12,40]. Когнитивтік лингвистиканың дамуымен байланысты анықталуы тиіс бірнеше ұғым немесе мәселелер бар. Оның негізгісі — тілдің қызметіне қатысты. «Ғаламның тілдік бейнесі (языковая картина мира)» [12,14]. Ж.Манкеева «тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт т.б. мәселелер, сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы тұтастырушы тілдің табиғатын анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде жаңа бағыттардың айқындалып, қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз», — деген пікір айтады [12,43]. Профессор Ж.Манкеева аталған мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)»/13/ атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді./14 /

С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова /15 /, Ш. Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева/16 /, Н.Зайсанбаевалар /17 / метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.

Қазақ лингвистикасының когнитивтік мәселелеріне арналған келесі еңбек қазақ тілінің эпикалық фразеологизмдерінің когнитивтік негіздерін зерттейді.

Ш.К.Жарқынбекованың докторлық диссертациясында қазақ және орыс тілдерінің түр-түс концептілері когнитивтік және лингвистикалық мәдениеттану парадигмаларын біріктіретін дүниенің ұлттық бейнесін тілдік ретте іске асыру мәселесі шеңберінде талданады және әр этноста орын алған когнитивтік механизмдер мен лингвомәдениеттану факторлары тұрғысынан түр-түс концептілерінің қалыптасу ерекшелігі айқындалады [29].??

Қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу әзірлемелері белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені тілге деген когнитивтік әдіс «тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады» [30,3].

Ал когнитивті лингвистика ғылымының қазақ тіліндегі орны мен қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбегіндегі танымдық ғылымның орны мен олардың теориялық аспектілерін зерттеуші Э. Оразалиева мынадай ерекшеліктерін көрсетіп береді: XX ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралын» жоғары бағалай келе, ғалым «…тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық … Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нэрсе…түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы» (21,39) деген аса құнды қорытынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнын айғақтау үшін, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» «… өте алыс экскурстерге» барды. Әр пікірін халық санасында жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық «ұғымдарға», «көрініс қалыптарға», образдарға», «ұқсата атауларға» тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұрыптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар элеуметтік-мәдени тәжірибемізді «әуелі көзқарас» (21, 95) деп атады. Сөйтіп өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анатомииялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвитиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды — деген теориялық тұжырым айтады (22,11-12). Қазақ тілінде когнитивтік лингвистиканы біршама зерттеген ғалым А.Исламның пікірінше: «Танымдық (когнитивтік) ғылым» термині (ағылш. cognitive) алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір електен өткізіп, мида сақтай отырып, қажетті кезде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасып және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Бұл жалпы айтқанда, танымдық ғылым адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінщ пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамызда «жазылып», ментальды яғни, танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Ғалымдардың көпшілігі танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай «жазылу» жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасын қолданады (34,71).

Рефераты:  Зенкер и зенковка по металлу - суть процессов зенкерования и зенкования

Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің «Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» былайша: «Когнитивтік тіл білімі орыс.-когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік)-табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» — деген анықтама береді (19).

Когнитивті лингвистиканың негізгі категориялары

Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән негізі категориялары мен бірліктері болуы шарт. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер «білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді» когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы «әлемнің тілдік бейнесін» тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: «Концептуализация интерпретируется как «некоторый» «сквозной» для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц»-деген болатын (2, 93).

Қазіргі нейрохирургия мен кибернетика салаларының дамуы нәтижесінде когнитивтік моделге «фрейм» (М.Минский) және «гешальт» (Дж.Лакофф) ұғымдары енгізілді. «Человек, пытаясь познать новую для себя ситуацию или поновому взглянуть на уже привычные вещи, выбирает из своей памяти некоторую структуру данных (образ), называемую нами фреймом, с таким расчетом, чтобы путем изменения в ней отделных деталей сделать ее пригодной для понимания более широкого класса явлений и процессов» (38,49). М.Минский өзінің теориясында адамның ойлауы мен жасанды интеллект арасының ара-жігін ашпайды. Оның пайымдауынша, адамның ойлауы образдарды визуалды көре алатын, семантикалық фреймдер яғни, сөздердің мағынасын түсіне алатын, белгілі бір іс-қимылды қабылдай алатын (сценарийлі фрейм) т.б. ақпаратпен толыққан адам жадында сақталатын құрылымдар яғни, фреймдерге негізделген. Ал белгілі бір ойды түсіну жадында сақталған фреймнің белгілі бір жағдайға сәйкес процеске түсуімен түсіндіріледі. Ал, фреймдер арасында дәл өзіне сәйкес фрейм табылмаған жағдайда, сол ситуацияға мейлінше жақын келер фрейм таңдап алынады.

Т.А.ван Дейк пен В.Кинч гештальтты қолдана отырып белгілі бір мәтінді түсінудің танымдық моделін ұсынды (39). «Гештальт» термині (неміс. Gestalt «фигура, форма, құрылым») психологиялық теория-гештальттық психологиядан бастау алады. Дж.Лакофф белгілі бір құрылымдар арқылы құрылған ой, эмоция, таным процесі, тілді гештальт ұғымымен байланыстырады (40) Бұл ұғымды лингвистикада С.Д.Кацнельсон тілдік механизімдерінің сана механизімдерімен, белгілі бір адамның жеке тәжірибесін құрайтын біліммен тығыз байланыста екенін айтады (41).

Конитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл бөлінуде. Когниция-адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі деп танылады. Тіл білімінде «когниция» терминімен «интеллектуалдылық, менталдылылық» секілді атаулар балама ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан негізгі айырмашылығы когниция адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар негізінде көрініс табады. В.А.Маслова: «елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт» сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген. Когнитивтік лингвиситика «тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым» (9,85).

Когнитивті лингвистика ғылымының зерттелу барысында батыс еуропалық ғалымдардың зерттеулері көптеген жаңа ғылыми жолдарды қалыптастырды. Ал, когнитивті лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарына тоқталсақ ең алды мен когнитивті лингвистика — «… адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастырылатын лингвистика саласы» (Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігі) — деген анықтама берілсе, таным дегеніміз — дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі (20/Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 8-т.) болып шығады.

Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымына адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген (23; 53). Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында «когнитивті» деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келді, сондықтан когнитивті лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар да біркелкі болған жоқ. Кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа деректермен толықтырғанын мойындағанмен, бұл бағыттың лингвистикаға соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнитивті лингвистиканың орнықпағанын, ең алдымен, когнетивті емес лингвистиканың жоғымен түсіндіруге болатындығын ескертеді. Алайда, екінші топ ғалымдары құрылымдық тіл білімін танымдық лингвистикаға қарсы қоя отырып, когнитивті бағытты XX ғасырдың аяғында дүниеге келген «көтеріліс», «бетбұрыс» деп түсіндірді. Нәтижесінде тілшілер когнитивті лингвистиканы пәнаралық байланыстың көрсеткіші, тілдік ілімдер тоғысы деп бағалады. Сөйтіп, жалпы ғылыми дереккөздер негізінде когнитивті ғылымды немесе когнитологияны, когнитивті психологияны, мәдениеттануды қарастырса, лингвотанымды дамытушы алғышарттарға лингвистикалық семантика, лингвистикалық типология, этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі мәселелерін жатқызды (24,22). Ғалымдардың айтуына қарағанда, семасология ұстанымдары мен категориялары адамзат танымының нәтижесін құрайды (Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия), ал тілдік типология заңдылықтары тілдің универсалды құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді — деген теориялық байлам жасайды (25,17-19). В.В.Петров когнитивтік ғылымның түпкілікті идеясының негізін құрайтын бірліктер турасында мынадай ой айтады: «Мышление представляет собой манипулирование внуренними (ментальными) репрезентациями типа фреймов, планов, сценариев, моделей и других структур знания» (18, 95).

Орыс тіл біліміндегі когнитивтік бағыт.

Когнитивтік лингвистика ғылымның өзектілігі мен оның күрделі проблемаларын шешу мәселесі ресейлік ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистикасының өзекті мәселелері ЮА.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А.Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, Н.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көрініс табады. Аталған зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі, негізгі ұғымдары сөз етіледі. Бұл еңбектерден танымдық ғылымдар ішінде тілдің атқаратын функциясының жоғары екендігін көруге болады. Когнитивті лингвистика ғылымы бүгінгі таңда орыс тіл білімінде бір жүйеге түскен ғылым саласы болып табылады.

Рефераты:  Как это было 22 февраля 2014 года: Смена власти на Украине

Ресейлік зерттеулердің бастамасын 1985 жылы В.И.Герасимов ұсынған шолу, 1988 жылы баспадан шыққан, тілдің когнитивті аспектілеріне арналған «Шетел тіл біліміндегі жаңалық» атты жинақтың XXIII томын құрды. 1995 жылы жазылған орыс тіліндегі аудармалардың топтамасы да «Тіл және интеллект» деп атала отырып, тіларалық ғылыми байланыстың дамуына септігін тигізгендігіне де көз жеткізуге болады. Танымдық тіл білімінің дамуына ерекше үлес қосқан еңбектердің қатарында В.А.Маслова, Ю.С.Степановтың 1997 жылы шыққан «Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі» зерттеулері көпке үлгі болғандығын айтуға болады. «Бұл орыс мәдениетінің құндылықтарын жинақтаған алғашқы еңбек бола тұра, концепт, констант ұғымдарының да мәдени негіздерін талдауға бағытталған аса қажет зерттеулер қатарын құрады. Мұнда «Шындық», «Заң», «Махаббат», «Сөз», «Жан», «Ғылым»… константтарының сипаттамасы нақтыланып берілді» дей келе, автор маңызды лексикографиялық жұмыстарға 1996ж. Е.С.Кубрякованың редакциясымен жарық көрген «Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігін» жатқызады.

Сонымен қатар Ресейде «Новое в зарубежной лингвистике» журналының XXIII томында тілдің когнитивтік аспектісі туралы мақала жарық көрсе, 1995 жылы «Константы словарь русской культуры» атты еңбегінде орыс мәдениетіндегі правда, закон, любовь, слова, душа, грех, наука, интеллигенция, огонь, вода, хлеб, писменность, число, время, родная земля, дом, язык сияқты концептілер қамтылып, когнитологиялық негізде талдау жасалады. Адам іс-әрекеттерінің негізгі ерекшеліктерін түсінуде когнитивистер тілді кілт ретінде қолданады.

Тіл мен таным

Адамзат баласының бітім-болмысының универсалды сипатын айқындау тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін сұрыптауға көмектесті. Барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың қатарына жатады. Сол себептен де жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі-сыртқы сабақтастығын әрқайсысының динамикалы қозғалысынан өрбітуді, сол арқылы жеке мен жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды мақсат еткендігін де аңғаруға болады. Бүгінгі жербетіндегі қоғамдық құбылыстардағы интеграция процесі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса маңызды жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс жасауда, ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл мен оның құралдарын қарастыру қажеттігін дәйіктеп көрсетуде. Тіл адамның сыртқы ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден байқағандығын бүгінгі күні тарихи еңбектерден көруге болады. Негізінен олар сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін түсіндіруде тіл пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған болатын. Осы аталған проблемаларға қатысты Э. Оразалиева өз ойын былайша қорытындылайды. «Ат қою мен ұқсату арқылы да жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның танымдық қорына енген үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар саны көбейе түсетінін дәлелдеген. Демек, адам әрекетінің когнитивті аясы екі категорияға байланысты болады:

-интеллектуалы «жоғары» категорияларға немесе білім, сана, ойлау, ақыл, шығармашылық, қиял, арман, символ секілді ұғымдардың ерекше ұштасқан әлеміне;

— «күнделікті тіршілік» категорияларына, яғни практикалық әрекет, естелік, көңіл бөлу, тану, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алар іс қимылдар тізбегіне (Алефиренко, 196) — деген тоқтамға келе отырып когнитивті лингвистика ғылымының негізгі тұжырымдарын былайша көрсетіп береді: 1) когнитивті лингвистика-тіл білімінің маңызды саласы; 2) Тіл мен таным арақатынасы-танымдық лингвистика нысаны; 3) Тілдік заңдылықтар мен танымдық ұстанымдардың адам санасында, жадында көрініс табуы; 4) Когнитивті лингвистиканың өзге ғылымдармен байланысты — деген қорытындыға келеді (27, 22).

«Адам және тіл» мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие болуда, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгеңде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.

Әрине, тіл пайда болған күннен бастап адамзаттың өз ойын басқаға жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, қалыптасады. Осымен байланысты оған қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік, танымдық қызметі ерекше. Бұл — тілдік ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Яғни тіл — тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың белгілі бір кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді. Адам баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да «адам және тіл» аясына сыйғызады. Сондықтан да «адам және тіл» когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. «Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды» [26,9].??

Когнитивтік лингвистика, метафораның когнитивтік теориясы — ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Жеке бір сөздің толық концептісі оның семантикалық және ассоциациялық өрісі арқылы айқындалады. Сөздің семантикалық және ассоциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың құрамында когнитивтік және прагматикалық мағыналардың элементтері бейнеленеді. «Когнитивистикада адам когнициясына басты назар аударылады, көзге түскен іс-әрекеттер ғана емес, олардың ментальдік репрезентациялары, ішкі көріністері, модельдері, тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері, адамның стратегиялары да зерттеледі, олар білім негізінде іс-әрекеттерді туындатады, яғни адамның когнитивтік дүниесі, оның жүріс-түрысы мен қызметі бойынша белсенді түрде қатысуымен жүргізіледі, адам қызметінің мотивтері мен қондығырларын қалыптастырады, нәтижесін болжайды» [26,7].

Когнитивтік лингвистика дегеніміз — «тілдегі жалпы когнитивтік механизм ретіндегі когнитивтік құрал, яғни ақпаратты репрезентациялау, кодтау және трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалық бағыт» /22,53].

Когнитивизм туралы В.А.Маслова өз пікірін төмендегіше көрсетеді: «В когнитивистике главное внимание уделяется человеческой когниции, исследуются не просто наблюдаемые действия, а их ментальные репрезентации (внутренние представления, модели), символы, стратегии человека, которые и порождают действия на основе знаний; т.е. когнитивный мир человека изучается по его поведению и деятельности, которые протекают при активном участии языка, образующего речемыслительную основу любой человеческой деятельности — формируя ее мотивы и установки, прогнозируя результат» [26,7].?? Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны — адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), білімнің негізін қалыптастырған символдар мен адамның стратегиялық таңбаларын айқындау керек. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі — оның тілі. Себебі тіл — адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал.

Тілді когнитивтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, тіл объективтік дүниені танушы, оны тілдік формада бекітуші, оның репрезентациясын (ішкі танымын) көрсетуші және сонымен бір уақытта дүниені тану мен игерудің құндылық, тәжірибесін қабылдаушы ретінде қарастырылады. Тілдің осындай когнитивтік ерекшеліктері негізінде когнитивтік тізбектегі тәуелділік пен арақатынастарды орнату мәселелері «ақыл-ой (сана) — тіл — ішкі таным (репрезентация) — концептілеу (концептуализация) — категориялау – кабылдау» [28,31 түрінде танылады].??

Тіл когнитивтік құрылымдардың ментальдік көрінісі көмегімен дүние туралы білімдерді концептілеу мен категориялау процесінде дүниенің ғаламдық бейнесін көрсетіп, түсіңдіріп береді. Концептілер жүйесі немесе концептілік жүйе дүниенің концептілік, тілдік суретінің негізгі бөлігі, рубрикатор болып табылады. Тілдік таңбалар мен оның ішіндегі бейнеленген мәдени, әлеуметтік шындық құбылыстар арасындағы қатынас когнитивтік семантика мен вербалдану тәсілдерінің, мазмұнын құрайды. Сөйтіп тіл мен тілдік бірліктерді зерттеуден когнитивтік лингвистика тілдік шеңбер аумағынан шығып, жеке когнитивизмнің адам санасындағы ментальдік процестерді басқаратын жалпы принциптері туралы ғылымның мәселелерімен, сондай-ақ лингвонәдениеттану, этнолингвистика, психология, философия пәндерімен байланысады.

Достарыңызбен бөлісу:

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий