ҚР СТ-1046-2008 «Бидай. Техникалық шарттар» — ПАРАГРАФ-WWW

Қр ст-1046-2008 «бидай. техникалық шарттар»

ҚР СТ-1046-2008

Бидай

Техникалық шарттар

Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)

Мазмұны

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер мен анықтамалар

4. Бидайды типі бойынша жіктеу

5. Техникалық талаптар

6. Негізгі астық және қоспаның құрамы

7. Қауіпсіздік талаптары

8. Қабылдау ережесі

9. Сынақ әдістері

10. Тасымалдау және сақтау

Қосымша (анықтамалық) Библиография

1. Қолданылу саласы

Осы стандарт өнеркәсіптік, өнеркәсіптік емес мақсаттар үшін жеткізілетін және халықаралық сауда объектісі болып табылатын, барлық меншік түрі субъектілері сақтауға беретін Triticum aestivum L. және Triticum durum Desf., бидай астығына таралады.

Осы стандарт терминдер мен анықтамаларды, бидай типін, техникалық талаптар, негізгі астық пен қоспа құрамын белгілейді.

Осы стандарт бидайдың тұқымдық дәнін бағалау үшін арналмаған.

2. Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:

ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында халықаралық, шет мемлекеттердің аймақтық және ұлттық стандарттарын, стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.

ҚР СТ ИСО 712-2006 Дәнді дақылдар және олардың өңделген өнімдері. Ылғалдылығын анықтау (практикалық әдіс).

ҚР СТ 1054-2002 Астық. Механикаландырылған құралдарды пайдаланып бидайдағы дән маңызының санын және сапасын анықтау әдісі.

ҚР СТ 1564-2006 Инфрақызыл талдағыштар кемегімен астық сапасының негізгі көрсеткіштерін анықтау.

ҚР СТ ИСО 6639-3-2006 Дәнді дақылдар және бұршақ тақымдастар. Құрт-құмырсқалардың жасырын зақымдануын анықтау.3-бөлім. Бақылау әдісі.

ҚР СТ ИСО 7970-2006 Бидай. Қоспаны анықтау әдісі.

ҚР СТ ИСО 13690-2006 Дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар және олардың өңделген өнімдері. Жылжымайтын топтамадан сынама іріктеу.

ҚР СТ ГОСТ Р 50436-2003 Дәнді дақылдар. Астық сынамасын іріктеу.

ГОСТ 10840-64 Астық. Натурасын анықтау әдісі.

Рефераты:  Електроенергія в медицині - презентация онлайн
Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий