Ыдыстарға қойылатын гигиеналық талаптар | Скачать Реферат

Ыдыстарға қойылатын гигиеналық талаптар | Скачать Реферат Реферат

Аурухана ішілік гигиеналық талаптар

     Қуаттылығы
100 койкадан артық клиникалар мен арнайланған
клиникаларда науқастар уақытша болатын
палаталары бар (1-ден 4 тәулікке дейін)
алғашқы диагностикаға арналған қабылдау
бөлімдері жабдықталады.

         
Қабылдау бөлімінің құрамына 
кіреді: әжетханасы бар вестибюль, санитарлық өткізуші, байқау бөлмесі,
процедуралық, таңу бөлмесі, рентгендиагностикалық
кабинет және түскен науқастарға қызмет
көрсетумен байланысты қосымша бөлмелер.
Бөлменің жоспарлану олардың қолданылуының
функционалдық ретін қамтамасыз етуге
тиіс.

    Қабылдау бөлімінің барлық бөлмелері
науқасты ауруханадан жақсы әсер қалу
үшін кең, жарық, жақсы жабдықталған болуға
тиіс.

 Өте қатты науқастар 
қабылдау бөліміне соқпай реанимациялық 
бөлімшеге түсуі мүмкін. Егер 
реанимациялық бөлімше болмаса, 
онда қабылдау бөлімінде интинсивті терапия палаталары
құрылады.

      Аурухана 
бөлімшелері.Бүгінде ТМД елдерінде 
негізінен бір немесе екі жақты 
құрылысты бір коридорлы емдеу 
бөлімшелері қабылданған. Оның 
артықшылығы палаталар бағынының 
қолайлылығы, науқастардың қозғалыс графигінің кеңдігі. Кемшілігі бұндай
жағдайда емдеу бөлімшелері өтпелі болып,
санитарлық тәртіптің бұзылуына әкеледі.

   Шет елдік аурухана 
құрылысында Т-тәрізді формалы, 
гребень тәрізді, U-тәрізді, доға 
тәрізді, Н-тәрізді, крест тәрізді, 
дөңгелек, төртбұрышты, екі коридорлы ғимараттар жоспары
қолданылады. Отандық аурухана құрылысында
палаталар бағыты оңтүстік, оңтүстік шығысқа
бағытталған, тек 10% ғана бір орындық палаталарды
солтүстікке қаратып орналастыруға рұқсат
етіледі.

           
Жоспарлану жүйесіне байланыссыз ауруханалар
бөлімшелері келесі талаптарға жауап
беруге тиіс:

1)бөлімше бөлмелері 
құрамы ауру түрі мен науқастың 
жасын ескеру қажет;           

2)     Қызметкерлер 
мен науқастардың қоагғалу жолын 
барынша қысқару сақталуы және 
емдеу, қосымша қызметтердің науқас төсегіне жақындату
қажет;   

3)      науқастар  
болатын жерлерде комфортты микроклимат, 
жақсы желдетілу, жеткілікті жарық 
жағдайы жасалып, аурухананың 
қолайлы территориясымен байланыс 
ыңғайлы болу керек.  

    4)  бөлімшелердің 
жоспарлануы ауруханаішілік инфекцияның даму
мүмкіндігін азайтуға жағдай туғызуы
қажет.

  Аурухананың негізгі 
структуралық бірлігі- 30койкаға 
арналған палаталық секция. Бірдей 
мамандықтыекі секция аурухана 
бөлімшесін құрайды. Бөлімше құрамына 
кіреді: кезекші медбике посты, дәрігер кабинеті, процедуралық
бөлме, хирургиялық бөлімше болса таңу
бөлмесі, ас үйі бар буфет, іш киім мен
төсек жабдықтары сақталатын бөлме, санитарлық
бөлме. Жалпы бөлімшеде1 науқасқа палатадан
7 кв.м. аудан, 1 науқасқа көлемі 25-30 ауалық
кубты қамтамасыз ету үшін палата биіктігі
3-3,3 м болуы керек.

      Палата 
қабырғасы ақшыл түсті майлы 
бояумен боялып, тазалау мен дезинфекцияға 
ыңғайлы болған жөн. Қабырғалар 
мен төбенің беті тегіс болуы 
керек. Еден паркетті немесе 
линолиум төсеуге болады. Бөлменің жиһазы әдемі және орнынан
қозғаған кезде, палатаны жинаған кезде
ыңғайлы болған жөн. Кереуеттер металды,
арқалығы бар эмальды бояудың ақшыл түсімен
боялған, пружиналы болуға тиіс. Кереуеттердің
қойылуы терезе жақ сыртқы қабырғаға параллель,
одан 0,9 см қашықтықта тұру керек. Кереуеттер
арасы 80 см кем емес болуы тиіс. Ауыр науқастарды
дененің ыңғайлы жағдайын туғызатын конфигурациясын
өзгертетін «функционалды кереуеттермен»
жабдықтау қажет. Палатада кереуеттен
басқа әрбір кереует жанында орындық,
тумбочка және жалпы стол болуы керек.

         
Палаталар өзара ені 2,4м кем 
емес жарық, таза, жақсы желдетілетін 
коридормен байланысады. Бұл талаптарға 
бір жақты коридорлар жауап 
береді. Коридорда уақытша болса 
да кереуетті орналастыру рұқсат 
етілмейді.

    Табиғи жарық 
палаталарда жарық коэффицентін
51 немесе 61 жэне ТЖК 1% кем болатындай 
қамтамасыз ету керек. Палаталар 
тереңдігі бір жақты жарықтандыруда
6м аспауы керек. 

     Жасанды 
жарық үшін люминесцентті лампалар 
немесе қызу шамдарын пайдаланады. Люминецетті лампаларда жарықтандыру
100лк кем емес, ал қызу шамдарында 50лк кем
болмау керек. Палаталар түнгі жарықтандыру
есік жанында орналасқан арнайы свительниктермен
беріледі.

     Палаталарда 
ауа температурасы ересек соматикалық 
науқастар үшін 20 град. С кем емес, операциядан кейінгі, реанимациялық
босану, күйік және кейбір басқада науқастар
үшін 22град. С болуы керек. Жылыту үшін
радиоторларды орталық сумен жылыту қолданылады.
Салыстырмалы ылғалдылық палатада 30-50%
.

    Палаталардың 
желдетілуі форточкалармен фрамугалар арқылы табиғи
ауа алмасу есебімен және жасанды енгізу-шығару
желдетулері арқылы іске асырылады. Палатаға
таза ауаны беру нормативі бір науқасқа
сағатына 80 куб.м.

       Операциялық 
блок-хирургиялық стоционардың маңызды 
структуралық бірлігі. Бұл блок палаталардан бөлек
ғимараттың жеке қанатында орналасады.
Операциялық блокты жоғарғы қабатта орналастырған
жөн, өйткені бұлай орналастыру бөлменің
биіктігін 4-4,5 м-ге дейін жоғарлатуға мүмкіндік
береді.

Рефераты:  Учет расходов организации. Курсовая работа (т). Бухучет, управленч.учет. 2015-12-23

       Операциялық 
блоктар 1 операциялық столға, ал операциялық стол саны
30-40 хирургиялық саладағы койкаға 1 стол
есебімен есептелінеді. Аурухананың хирургиялық
бөлімшесінің қуаттылығына байланысты
операциялық блоктар орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған болуы мүмкін.
1) Орталықтандырылған жүйеде аурухананың
хирургиялық блогінің барлық бөлімшелеріне
арналған операциялық бөлме бір бөлмеде
болады; жалғыз операциялық блок горизанталь
бойынша орналасады. 2) Орталықтандырылмаған
жүйеде операциялық блок хирургиялық
саланың әрбір бөлімшесінде болады: операциялық
блоктар вертикаль бойынша орналасады.

          
Аурухананың саласы мен категориясына 
байланысты, операциялық блок бөлмелерінің 
жинағы мен олардың көлемі 
өзгеруі мүмкін. Бірақ, қандай 
жағдайда болса да екі операциялық 
бөлме орнатылады (таза және іріңді үшін) Әрбір операциялық
бөлмеде операцияға кірер бөлме, стерилизация
бөлмесі, наркоз беретін бөлме болу керек.
Операциялық бөлмені солтүстікке бағыттап
салады. Ең аз деген жарық коэффиценті
1 : 2-1 : 3 шамасында болуы керек. Операциялық
бөлмеде , реанимацияда, әйелдер босанатын
палаталарда люменецентті жарықты қолданғанда
200лк –тен кем болмау керек.

       Операциялық 
бөлмеде қалыпты, тұрақты температуралық-ылғалдылық 
тәртіпті жасау мен операциядан 
кейінгі іріңді асқынулардың 
профилактикасымен химиялық ластануларды жою
үшін ауа тазалығын қамтамасыз етудің
маңызы зор. Операциялық бөлменің ауасы
мен қабырғасын залалсыздандыру үшін
бактерицидті лампалар қолданылады. Ауаның
тазалығы 10-20 еселік алмасуды қамтамасыз
ететін жасанды енгізу (сору) –шығару
желдетумен іске асырылады, бұнда ауның
енуі оның шығарылуынан басым болуға тиіс.
Бұл аурухана бөлмелерінің ауасының операциялық
бөлмеге түсуін азайтады. Бөлмеге кіретін
ауа фильтрде тазалануға тиіс, ауаның
рециркуляциясы рұқсат етілмейді. Ауаның
температурасы 22град. С қабылданған. Кондиционерлерді
пайдаланған дұрыс.

        
Операциялық бөлменің ішкі өңделуі 
оны тазалауға ыңғайлы болуы 
керек. Қабырғаларын сұр-жасыл 
немесе жасыл-көгілдір түсті кафельмен 
қапталынады. Төбені ақ майлы 
бояумен бояйды. Операциялық блоктың барлық бөлмелерінің
еденіне метлахск плиткаларын төселінеді.
Су және канализация құбырларын қабырға
ішіне орнатады. Жылыту жүйесі сәулелік-панельді.

        
Жұқпалы аурулар ауруханасын 
(бөлімшелерін) жоспарлаудың өзіндік 
ерекшеліктері бар: қабырғалардың есіктер мен байқау
терезелерінің құрылысы инфекция қоздырғыштарының
коридорға және бір палатадан екіншісіне
түсуін болдырмауға тиіс. Бұған инфекцияларының
түрі бір науқастарға арналған бокстар
мен жартылай бокстарды орнату арқылы
қол жеткізуге болады. Бокста(жартылай
бокста) екі койкадан артық болмау керек,
бір орындық бокстың ауданы 22кв.м.-ді, екі
орындық бокс-27кв.м құрау керек. Боксталған
және жартылай боксталған палаталар бір
қабатты инфекциялық аурухананың әр түрлі
инфекциялы науқастарды госпитализациялауға
арналған қабылдау-оқшаулау корпусында
(павильондарда) госпиталданады.

       
Мельцер боксы- науқасты толығымен 
оқшаулайтын бөлмелер жинағынан 
тұрады. Оның құрамына кіреді: бір 
немесе екі орындық палата, жеке 
санузел, жуатын жер, боксты бөлімшенің жалпы коридормен
байланыстыратын тамбур және көшеге өздігінен
шығатын қосарлы тамбур. Жартылай бокс
санузел мен жуатын жерді екі біріккен
палатаның науқастарына бірге қолдануына
есептелген.

     Әр түрлі 
саладағы емдеу-профилактикалық мекемелерінде ағымды санитарлық бақылауды
ұйымдастыру.

   Ауруханалық тәртіп-бұл 
табысты емдеу мен науқастарға, 
медицина қызметкерлеріне және 
ауруханаға жақын тұратын халыққа 
қоршаған ортаның мүмкін болатын 
зиянды әсерінің алдын алуға 
бағытталған ұйымдастыру және санитарлық шаралар жиынтығы.
Стоционарда гигиеналық тәртіп ішкі тәртіп
ережелерімен іске асырылады, бұл: науқастардың
күн тәртібі, сергектену уақыты, ұйықтау,
тамақ ішу, емдеу процедуралары, таза ауада
болу, науқастардың мінез құлқы төсек
орын мен ішкі киімдерді ауыстырып монша
процедурасын қабылдау және т.б.

    Аурухана тәртібінде 
аурухана ішілік инфекцияны ескерту 
бойынша шаралардың маңызы зор. 
Алғашқы профилактикалық шара 
тускен науқастарды мұқият дәрігерлік 
байқау мен оларды санитарлық 
тазалаудан өткізу болып табылады. Аурухана ішілік
инфекцияның арнайы емес профилактикасы:

    -архитектуралық-
жоспарлау шаралары. Бұл шаралар 
емдеу корпусында палаталық секцияның, 
емдеу-диагностикалық бөлімшенің 
өзара дұрыс орналасуын және 
қосымша бөлмелердің, инфекцияның көзі болуы мүмкін немесе,
керісінше инфекциядан қорғауды талап
ететін (анестезиология мен реаниматология
бөлімшелері, операциялық бөлме, босану
залы және т.б.) арнайыланған бөлімшелердің
палаталарын барынша оқшаулауды іске
асырады.

Рефераты:  Спам. Методы борьбы со спамом (курсовая работа) | СтудЦентр

       -санитарлық-техникалық шаралар ауа ағымының
жеке онымен бірге бір палаталық секциядан
екіншісіне, коридордан палатаға және
палатадан коридорға ауруханаға аурухана
ішілік инфекцияның ету мүмкіндігін болдырмауды
қамтамасыз етеді. Бұл үшін палаталар
мен операциялық бөлмеде сору-шығару желдетілуін
орнатады.

       
-санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар 
қызметкер мен науқастардың санитарлық 
деңгейін көтеруге, «лас» және 
«таза» материалдарды білуге, бөлімшелердің 
санитарлық жағдайын бақылауға, 
науқастар мен қызметкерлер арасында бактерия тасымалдаушыларды
білу мен санациялауға бағытталған.

       
-дезинфекциялық-стерилизациялау шаралары 
аурухана ішілік инфекцияның 
мүмкін қозғыштарын жою үшін 
химиялық және физикалық әдістерді 
қолдануды қарастырады.

  Аурухана ішілік 
инфекцияның арнайы профилактикасы науқастар
мен қызметкерлерді жоспарлы және шұғыл,
белсенді немесе пассивті имунизациялауғада
қарастырады.

    Аурухананың 
барлық бөлмелері, ақна мен 
ас үй ыдыстары өте таза 
күйде болуға тиісті. Инфекциялық 
және туберкулез бөлімшелерінен шығатын іркінді суларды канализацияға
ағызар алдында залалсыздандыруға аса
көңіл бөледі. Қажет жағдайда қақырықты,
таза емес заттарды залалсыздандыруды
тікелей науқас төсегінде жүргізеді.

      Аурухананың 
көптеген қалдықтары, соның ішінде 
тану материалдары, кесілген дене бөліктері,
дәрі қалдықтары және т.б. залалсыздандырылып
уақытында жойылуға тиіс. Бұл үшін аурухананың
шаруашылық аймағында орналасқан қоқыс
жағатын пештер қолданылады.                 

                          
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, аурухана гигиенасының
маңызды міндеті науқасты емдеуде 
медицина қызметкерінің табысты 
еңбегін қамтамасыз ететін нормативтер 
мен талаптар жүйесін әзірлеу, науқастың 
стационарда болуын барынша оңтайландыру

                        Әдебиеттер

  • Румянцев Г.И. Гигиена.- М., Медицина, 2001
  • Большаков А.М., Новикова И.М. Общая гигиена. – М., Медицина, 2002.
  • Минх А.А. Гигиена.-М.:Медицина,1997
  • Неменко Б., У.Н. Кенесариев.  Коммунальная гигиена. – Алматы, Fылым, 2003,
  • СНиП II-69-78 «Лечебно-профилактические мероприятия»
  • Сборник санитарных правил и норм по коммунальной гигиене / гос. система санитарно- эпидемиологического нормирования РК. – Алматы, 1998. – 318с.
  • Харитонов А.Н., Салимов И.Ф. Ртутные загрязнения в лечебно-профилактических учреждениях //Гиг. и сан.-N 6.-1999.-С.25
  • МГСН 4.12.97 «Лечебно-профилактические учреждения»;
  • Санитарные  правила устройства,  оборудования,  эксплуатации   амбулаторно-поликлинических учреждений стоматологического профиля,   охраны труда и личной гигиены персонала N 2956а-83 от 28.12.83;

Наука и образование – 2021

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

Оқушыларды шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын арттыру жолдары. — тәрбие.kz

Баяндама

Оқушыларды шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын арттыру жолдары.

Бүгінгі таңдағы өзекті үлкен мәселе болып жүрген ығармашылық дегеніміз – адамдардың өздерін тануға ұмтылуы, жан – жақты ізденуі, қоршаған ортаның қыр – сырын білуі.

Бала өмірінде дұрыс жол таба білуі үшін дұрыс шешім қабылдай білуге, өздігінен ой түйіп, дәлелдей білуге, өз ойын нақты түрде айта білуге үйренуі тиіс. Қазіргі мектеп алдында осы үлкен міндет тұр. Баланың танымдық іс – әрекетін қалыптастыруда оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын қолдану тиімді. Мұғалім үнемі оқушыға нұсқау беріп отырса, балалар да неғұрлым ізденіп, талаптана түседі.

Баладағы қабілеттілік туа біткен қасиет емес, — дейді психологтар. Олай болса, қабілетсіз бала болмайды, олардың қабілетін тікелей пәндік әрекеттер арқылы ашып, дамытуға болады. Балаға жаңа білім беріліп, оны іс – әрекет арқылы яғни біліктілік пен іскерлік арқылы балаға қалыптастыру, іс жүзінде дәлелдеп көрсете білу.

Баланың бойына шығармашылық қасиет қалыптастыруда сөз өнері мол болу керек. Баланы бастауыш сыныптан бастап сөйлетіп, өз ойын қиналмай айтуға, тіпті дәлелдеп ьеруге ұмтылдыру қажет. Өз ойын ашық айтатын, сөйлеп тұрған, ашық баламен қандай да болса шығармашылық жұмыс жүргізуге мүмкіндік мол дер едім.

Рефераты:  Консультация для воспитателей «Роль воспитателя на музыкальных занятиях». Воспитателям детских садов, школьным учителям и педагогам - Маам.ру

Ең алдымен шығармашылыққа үйрету үшін мына жағдайларды ескеру қажет.

  • Сыныпта шығармашылық көңіл – күй тудыру үшін балалардың назарын бір нәрсеге бағыттау керек.
  • Берілген тапсырма сол балаға сәйкес, шамалы жететіндей, сол баланың ынтасын аударып, қызығушылығын арттыратындай болуы тиіс.
  • Оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне үйінде, сабақ үстінде қолайлы жағдайы болуы керек.
  • Баланың жүйелі жұмыс істеуін қадағалап, жүйелі, сапалы болуына мән беріп отыруы керек.

Сондықтан, баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, әрине, мұғалімнің сіңірер еңбегі мол. Баланың ойын, қиялын дамытуда түрлі пәндік логикалық жаттығудың көмегі көп. Соларды сабақ үстінде бірн сарынды өткізбей, түрлендіріп отырса оқушының да қызығушылығы оянып, пәнге деген ынтасы артады.

Сабақ үстінде әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланып, балалардың пікірлерін еркін айтқызып, сөйлетіп, ойларын емін – еркін ашық айта беруге мүмкіндік тудыру керек. Сонда ғана еркін сөйлеуге үйренеді, сол арқылы қабілеті жоғары оқушыны оңай тауып алуға болады, әрі қарай жүйелі жұмыс – мұғалімнің міндеті.

Әр мұғалімнің көкейінде мынадай сұрақтар туады.

  • Баланы жастайынан шығармашылыққа қалай баулу керек?
  • Оның қандай әдіс – тәсілдері, жолдары бар?

Психологтар әрбір баланың бойында өзіндік бейімділік пен қабілет барын анықтаған. Мұғалім балаға шығармашылық бағытқа түсіру үшін үнемі шығармашылық тапсырмалар, ойын жаттығулар, логикалық тапсырмалар т.б. түрлі әдіс – тәсілдер қолданып отыру керек. Оқушы сол бағытта жұмыс жасап кеткенше оны назардан тыс қалдырмай бағыт – бағдар беріп отыру керек.

Балаларды шығармашылыққа тежейтін үш нәрсе бар:

  1. Қолымнан ештеңе келмейді, орындай алмаймын.
  2. Өзіне – өзі сенбейді, риза болмайды.
  3. Жалқаулық.

Мұндай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын да табуға болады.

  • Балаға сенім артып, көмек беру
  • Қолайды жағдай туғызу
  • «сенен ештеңе шықпайды, қолыңнан дым да келмейді» — деп баланы орынсыз кіналамау.
  • «сен бәрін білесің, сенен керекмет адамшығады, сен істей аласың» — деген сенімді сөздер арқылы баланың белсенділігін көтеріп, қызығушылығын арттыру.
  • Жалқау баланы қадағалау, үнемі сұрап, қозғап отыру арқылы жаман әдеттен арылту. Бұл тәсілдерді сабақта да, сабақтан тыс тәрбиелік шараларда да үнемі қолданса мұғалім жетістікке жетеді деп ойлаймын. Мен мынадай әдіс – тәсілдерді қолданып жүрмін.
  • Тапсырманы баланың шамасына қарай беру.
  • Оқушылар арасында белгілі бір шараға байланысты пікір, ой, тұжырым туғызу.
  • Берілген тапсырмаларды түрлендіріп отыру.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргіземін.

  • Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс, интеллектуалдық сайыстар өткізіп, алған әсерлерін байқау.
  • Балаларға арналған «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек» журналдарын үнемі сабақтан тыс уақытта үзбей пайдаланып отыру.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, баланың өз бетімен ізденуіне зор ықпалын тигізеді.

Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылықпен дамуына жол ашу дегенді білдіреді.

Жүйелі түрде жүргізілген шығармашылық жұмыстар оқушыларджы ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенсіділікке ынталандырады.

Қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі.

Дайындаған: бірлестік жетекшісі Г.Б.Азанова

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий