Болашақ педагогикалық мамандарды дайындау мәселесінің ғылыми теориялық еңбектерде талдануы
В статье рассматриваются проблемы подготовки будущих специалистов и дается научно-педагогический анализ работ по данной проблеме. Использован систематический анализ при акмеологической подготовке будущих специалистов.
The article deals the problem of training of future specialists given the scientific and pedagogical analysis work on this problem. Used systematic analysis akmeologicheskoj at preparing future professionals.
Маман дайындау маңызы – «жәрдем»
Медицинаның дамуы үшін жоғары технологиялық құрал-жабдықтар, сапалы материалдық база қажет. Алайда бұл құрал-жабдықта жұмыс істейтін адам болмаса оның барынан да пайда болмайтыны анық. Медицинаның басты байлығы ол –маман. Дәрігер болмаса, мейіргер болмаса күніміз не болмақ. Сол себептенде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында да медициналық және мейіргерлік білім беруді дамыту бағытына ерекше көңіл бөлінеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу медцина қызметкерлерін сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бөлу мақсатымен адами ресурстарды басқару жөніндегі бірыңғай саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бүгінгі уақытта аса маңызды.
«Медициналық және мейіргерлік білім беруді дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім беру және ғылыми қызметтің ұштұғырлығын қарастырады. Аталған мақсатта медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаторлық ұйымдарды біріктіру негізінде интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды (университеттік емханаларды) дамыту тұжырымдамасы жасалды. Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру жетекші халықаралық медициналық университеттер және ұйымдармен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Академиялық үрдістерге жетекші шетел мамандары, басшыларды (менеджерлерді), ғалымдар мен оқытушыларды тарту тәжірибесі кең көлемде қолданылатын болады», – деп хабарлаған еді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов.
Кеңінен тарқатсақ, Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық ресурстарын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесінің негізі Ұлттық біліктіліктер шеңбері болмақ. Ол біріншіден, халықаралық тәжірибеге сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар тізбесін оңтайландыру және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары бойынша статистиканы қалыптастыру қағидалары мен тетіктерін қайта қарауды көздейді. Екіншіден, азаматтарды медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарына іріктеу және қабылдау саясатын жетілдіру, соның ішінде талапкерлерді психометриялық тестілеуді енгізу негізінде қарастырады. Үшіншіден, медициналық және фармацевтикалық білім берудің барлық деңгейлерінде мемлекеттік стандарттарды жаңарту. Төртіншіден, түлектер мен жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілік деңгейлерін регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттарды әзірленеді.
Сондай-ақ, теориялық білім алу барысында тәжірибелік қажеттіліктерді енгізу әрі жетілдіру қолға алынады. Медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын жетілдіру практикалық денсаулық сақтау ұйымының, дәрігерлер қауымдастығының, ғылыми ұйымдардың тікелей қатысуымен әзірленген кәсіби стандарттарға негізделетін болады.
Түлектердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін бағалау үшін кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзыреттерді тәуелсіз бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады.
Медициналық және мейіргерлік білім беруді одан әрі дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үштұғырында құрылуы тиіс. Бұл өз кезегінде стратегиялық міндеттер мен мақсаттардың біртұтастығы негізінде академиялық және өндірістік үдерістерді тиімді басқаруға негізделеді. Заманауи білім мен шынайы практикалық дағдылар алудың негізінде сапалы медициналық білім беруді, озық технологиялар мен ғылыми әзірленімдерге қолжетімділік негізінде медициналық көмек сапасын тұрақты көтеруді көздейді. Нәтижелерін дереу тәжрибелік денсаулық сақтауға транферттеумен өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кең клиникалық және зертханалық базаларды және ресурстарды интеграциялау мен бірлесіп пайдаланудың негізінде жүйелердің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Сапалы медициналық және фармацевтикалық, мейіргерлік білім беру және ғылыми ізденістер үдерістеріне уәждемелі түрде практиканың үздік мамандары тартылып, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар практикалық жұмыс жасау және клиникалық зерттеулер жүргізу мүмкіндік берілмек. Бұл дәрігерлік кадрларды (дәрігер, оқытушы, ғалым- бәрі бір тұлғада) ұтымды пайдалануға, кадрларды жоғары материалдық және кәсіби уәждеуді қамтамасыз етуге және мүмкіндік береді және қазіргі күні әлемдік денсаулық сақтаудағы кәсіби дамудың үздік стандарты болып табылатын медициналық кадрларды ғылыми-педагогикалық карьералық ламыту үлгісін қалыптастырады.
Тағы да айта кететін жайт, еліміздің өңірлерінде тәжірибелік медицина мен ғылыми зерттеулерді дамыту ынталандыру қолға алынып, ол елімізде іске асырылған, облыстық медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту жөніндегі инвестициялық бағдарламалардың қисынды жалғасы болатыны сөзсіз. .
Медициналық білім беруді әрі қарай дамытудың міндетті шарты – ақпараттандырудың электеронды жүйелерін жетілдіру. Оның ішінде он-лайн сервистер, кітапханалар, дәрісханалар, студенттер мен оқытушы құрамның жеке электрондық аккаунттарын құрумен толық ақпараттандыру болады.
Қайта даярлау және біліктілік арттру үшін ЖОО орналасқан жерлерде ұзақ уақыт болу мүмкіндігі жоқ, сондықтан өңілердегі мамандар үшін білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологиялары ендірілсе көптеген мәселелер шешімін табатыны анық.
Жалпы алғанда медициналық белім беруді жетілдіру жұмысы бағдарламада көрсетілгендей жүйелі түрде жүзеге асса өз жемісін берері сөзсіз. 2020 жылға қарай медициналық білім беру стандарттары, соның ішінде студенттердің ғылыми және клиникалық тәжірибеде білім мен дағдылар алу және ұстап тұруға қажетті деңгейде жаппай міндетті түрде ағылшын тілін меңгеруі мақсатымен, қайта қаралады және жаңартылатын болады.
Ал профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін арттыру үшін, Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің тәжірибесін пайдаланудың негізінде, медициналық және фармацевтикалық ЖОО оқытушыларының құзыреттерінің үлгісі және біліктілік арттыру бағдарламасы негізге алынды.
Сондай-ақ, білім беру үдерісіне шетелдік оқытушыларды тарту тәжірибесі жалғасын табады.
Медициналық ЖОО автономдығын кеңейту, университет инфрақұрылымын салу және қайта жаңғырту кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, корпоративтік басқарудың үздік қағидаларын енгізу жөніндегі шаралар білім берудегі басқарудың тиімділігін арттырудың негізіне айналады.
үздік халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары 2021 жылға қарай, техникалық және кәсіби, жоғары оқу орындарынан кейінгі 2020 жылға қарай медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары мен бағдарламаларын аккредиттеу жүргізіледі.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағыттарының барлығы жүйелі түрде айқын көрсетілген. Тек осы бағыттар іс жүзінде жүйелілік тапса, әр нәрсе өз орнында болары сөзсіз.
Кез-келген салада дамудың негізгі күші ол сапалы адами ресурс. Медицина саласында бұл ресурс –мамандар. Яғни, дәрігер, мейіргер, фельдшер, фармацевт. Тұрақты негізде саланың адами ресурстармен сандық және сапалық қамтамасыз етілуіне талдау, саладағы еңбек нарығын талдау және бағалау жүргізу қоғам сұранысына және талабына сай туындаған. Сондықтан да медицианадағы мамандардың рөлі, оның қызметінің маңыздылығы және біліктілігі мен білімі әрқашан өзекті мәселе болып қала бермек.
Соңғы жылдарда елімізде денсаулық сақтау саласы күрт өзгеріске енді. Аймақтарда,қала¬ларда, аудан орталықтары және ауылдарда ауруханалар мен емханалар, амбулаториялар пайда болып, тұрғындар арасында сырқат¬тардың алдын алу және емдеудің осы заманғы қызметі қалып¬тасты. Мұндай жағымды құбы¬лысты мойындамауға болмайды. Алайда медициналық мекемелер жаңа жабдықтармен барынша жасақталса да, жұмыс істейтін маман тапшылығы өткенде де, бүгін де шешімін табуы қиын мәселе. Еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарын жыл сайын мыңдаған түлек бітіріп шығуда. Ресми статистикалық деректерге жүгінсек, бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде 65 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді екен. Десе де 5000 маманның жетіспеушілігі қалған мамандардың жүктемесін арт¬тырып, жұмыс барысында айтарлықтай қиындықтар тудырып отырғаны жасырын емес.






