Мемлекеттік экономикасының дамуын жоспарлау және болжау

Мемлекеттік экономикасының дамуын жоспарлау және болжау Реферат

Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету. » [11]

«Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:

Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуi;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесi;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;

ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;

б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды скере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi: »[12]

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
  • Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
  • мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;
  • банктерге және үкiметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.

Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде  пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек,  жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.

Қазақстандағы инфляциямен күресуiң тағы да маңызды факторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.

Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етедi.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi  және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды.

Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.

Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.

Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы” нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды.

Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын саөтап отыруға тиiстiлiгiн бiлдiредi.

Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.

Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:

  • мiндеттi резервтеу;
  • резервтеудiң баламалы тәртiбi.

Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады.  Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.

Несиенiң азаюы және ақшаның қымбатауы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақаша ұсынысы төмендейдi. Әдетте тiркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бiрақ Орталық банктен несие алу белгiлi әкiмшiлiк қиындақтарға тiреледi.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметiнiң алдағы уақыттарда классикалық қызметiне жақындауына байланысты тиiстi шаралар қолданады. Қазiргi уақытта екiншi деңгейдегi банктердi несиелеу тек қана олардың өтiмдiлiгiн сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

Бюджет тапшылығын жабу үшiн Үкiметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктiң республикалық бюджеттi несиелеуден бас тарту мақсатында жүргiзiледi. Жеңiлдiкпен несие беру және кәсiпорындардың несие алу үшiн тiкелей өтiнiш жасауы қарастырылған жоқ.

Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктiң айналыстағы ақша жиынының көлемiн реттеу мақсатында екiншi реттегi нарықта мемлекеттiң бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын бiлдiредi.

Бұл бiршама ақша жиынын,  коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгi және несиелiк жұмыстарды реттеудiң ыңғайлы әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Оның негiзгi мәнi ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердiң несиенi эмиссиялауын шектеудi бiлдiредi.

Ұлттық банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп, банктерге несие берудi және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да,  тиiстi соманы банктердiң резервтiк шотына қайта аударады.

Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi. » [13]

«Ақша-несие саясатының қазiргi кезеңдегi тиiмдiлiгi Орталық банктiң саясатына деген сенiмдiлiкпен тығыз байланысты.

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғида байланыста болады. Егерде Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi.

( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады.» [14]

Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығын және жиынтық сұраныс.

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

  • қаржы қатынастарының жиынтығы;
  • ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
  • басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.

Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады.

Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.

Рефераты:  ТЕХНИЧЕСКОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ ВОЗДУХОДУВОК. Макошь 8 (812) 274-11-41

Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.

Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.

Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

  1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
  2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

Оның негізгі қалыптасу көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;

Ә) бюджет субсидиялары;

Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

В) ерікті түрдегі жарналар.

Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады.

  1. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.

Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.

Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.

Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала. »[15]

«Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

  1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
  2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

 Оның негізгі қалыптасу көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;

Ә) бюджет субсидиялары;

Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

В) ерікті түрдегі жарналар.

Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады.

  1. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.

Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.

Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.

Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.

Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:

1) Нарықтық  экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің әдісі.

Коммерциялық есптің ерекшеліктері:

— шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;

— қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;

— қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;

— коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.

2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар.  Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды көздемейді.

Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:

— бюджеттік қаражаттар;

— бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;

— халықың қаражаттары;

— әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;

— келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар;

— өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан түскен табыс;

— мүлікті жалға беруден түскен табыс;

— мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс.

Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:

а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;

ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;

б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;

в) қайырымдылық қорлардың қаржылары.

Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.

Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:

— әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;

— қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы;

— мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық ұйымдардың ақшалай қатынасы;

— қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы ақшалай қатынастары;

— қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы ақшалай қатынастар.

Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі ақтау, сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.

Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары.

Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

 Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

  • мемлекеттің бюджет жүйесі;
  • арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
  • мемлекеттік несие;
  • жергілікті қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
  • халықтың қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

  • мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Рефераты:  Реферат: Основы здорового питания спортсменов. Скачать бесплатно и без регистрации

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді.

Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.

 Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі.

Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.

Қаржы жүйесінің қағидаттары.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр.

Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.

Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді).

Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет. »[16]

Қазақстан Республикасындағы салық және фискалды саясат.

«Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат.

Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

  1. реттеушілік
  2. фискалдық;
  3. қайта бөлу.

Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады.

Салықтық реттеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады.

Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады.

  1. егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
  2. егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
  3. егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр.

Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды.

Рефераты:  Казахские солдаты и их участие в движении Сопротивления

Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр.

Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы — 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз). Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Қазақстандағы салық жүйесі

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі.

«Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:

  • салық субъектісі
  • салық объектісі
  • салық көзі
  • салық мөлшері
  • салық жеңілдіктері
  • салық ставкасы
  • салық кезеңі
  • салықты есептеу тәртібі
  • салық есептілігі
  • салықты төлеу тәртібі

Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. Салықты төлеушілер:

  • қызметкерлер — өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілігін жасайтын, сонымен бірге белгілі бір тұсім алатындар, яғни жеке тұлғалар:
  • шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға. Тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді: жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекетінің азаматы, азаматтығы жоқ адам.

Салық тасымалдаушылар – іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы немесе шет мемелекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым немесе кәсіпорын.

Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. аталғандар салық төленеді.

Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және

қолданылатын ақша қаражаттары, бұл жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық кеден төленетіндігін анықтау.

Макроэкономикалық деңгейде салық төлеушінің негізгі көзі ретінде ұлттық табыс қатысады. Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:

  • табыс;
  • қор және жинақ;
  • өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;
  • қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
  • қарыз қаражаттары.

Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, көсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға тұсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар. Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды тұлғалардың салық төлеу көздерінің айырмашылықтары бар.

Салық төлеушінің табыстары, бұл кімнің табысы болып саналатынына байланысты болады және бірнеше нысандары бар;

  • тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
  • дивидендтер, рента;
  • сыйақы, ұтыстар, роялти;
  • жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері.

Салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын соның сомасын білдіреді және ол шекті жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

Салықтың шекті мөлшері – табыстың әр қосымша бірлігінен түскен үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.

Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп, заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

  1. Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер.
  2. Салық объектісі бойынша жеңілдіктер.
  3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер.
  4. Салық ставкасы бойыншажеңілдіктер.
  5. Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.
  6. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
  7. Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.

Проференциялар – үшінші елге қатысты емес бір жақты тәртіпті немесе өзара қатынас басында бір мемлекеттің екіншісіне беретін айрықша жеңілдіктер.Салық кезеңдері.

Салықты есептеу тәртібі.

Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

  • бірінші – салық салынатын объектісіне есепке алу
  • Екінші – салық салу объектісінен салық базасын есептеу
  • Үшінші – салық ставкаларын қолдану
  • Төртінші – салық жеңілдіктерін қолдану
  • Бесінші – салық сомасын есептеу

Салық есептілігі салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін емептеу туралы ақпараты бар құжаттама. Салық жіктелуі:

Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

«Салық ставкасы. Cалық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.

Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

Пропорционалдықтар – салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.

Прогрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді.Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады.

Регрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді. » [19]

«Салық есептілігі — салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.

Салықты төлеу тәртібі — салық төлеушінің мемлеетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.

Тікелей салық — тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерден алынады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Жанама салық — тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы.

Жеке жанама салықтар — бұл тауардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салық акциз деп аталады. 20 ғасырға дейіни күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келеді.

Қазыналық монополиялық салықтар — мұнда тауарлардан басым бөлігін мемлекет өндіреді. әрине, бұл тауарлардың бағасын да мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімін сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.

Кедендік баж — мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері.

Дербес салықтар деп- салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады. Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы, әлеуметтік салық.» [20]

Пайдаланған әдебиеттер

Оцените статью
Реферат Зона
Добавить комментарий